Қазақстан республикасы президентінің жанындағЫ Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия


-  Вы  очень  тепло  отзываетесь  о  родных  краях



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата19.01.2017
өлшемі17,75 Mb.
#2200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

-  Вы  очень  тепло  отзываетесь  о  родных  краях, 
Западно-Казахстанской области. Как часто Вы бываете на 
Родине?
-  С  переездом  в  Астану  для  меня  было  важно  не  по-
терять связь с родным регионом. И в любой момент, ког-
да есть возможность, всегда стараюсь оказаться в своем 
городе  рядом  с  теми,  кому  нужна  моя  помощь.  Помимо 
этого  мы  всеми  силами  стараемся  помогать  в  вопросах 
строительства жизненно важных объектов. Посодейство-
вали в строительстве школ и детских садов, и последним 
объектом,  которому  мы  помогли  появиться  на  свет,  стал 
физкультурного-оздоровительный комплекс в поселке За-
гачанск. Всегда радуюсь и горжусь успехами своего род-
ного края. Желаю моим землякам процветания.
- Глядя на Вас, сложно представить, как в такой хруп-
кой женщине может умещаться столько силы воли, терпе-
ния и упорства. Перечитывая Вашу биографию, становится 
понятным, что все сегодняшнее достигнуто колоссальным 
трудом, но все же, если отодвинуть в сторону «железную 
леди» и взглянуть на Вас, как на простую женщину, какая 
Вы?
- Я очень люблю свою семью и стараюсь успевать де-
лать все сама. Приготовить еду, убрать, погладить, стирать 
и,  конечно  же,  дарить  любовь  своим  родным  и  близким. 
Мне  несказанно  повезло  быть  женой,  матерью,  бабуш-
кой, и это, пожалуй, мое главное предназначение. Я очень 
благодарна своему супругу за его поддержку. Но в семье 
очень многое зависит от женщины. Важно, приходя домой, 
оставлять за дверью маску большого начальника и оста-
ваться дома простой, земной женщиной.
- Елена Ивановна, очень хочется узнать Ваши основ-
ные  принципы  и  правила  жизни,  которым  Вы  безогово-
рочно следуете изо дня в день.
- Однажды в юности мне попались слова: «самая кра-
сивая одежда - это скромность». Эти строки я записала 
в  маленький  блокнот,  который  по  сей  день  со  мной,  и 
эта фраза стала для меня одним из главных принципов. 
Сейчас молодежь уже другая, но я стараюсь воспитывать 
свою дочь и внука именно на этих правилах. Следующий 
принцип - это ответственность за все слова и поступки. 
Также для меня очень важны преемственность, порядоч-
ность и последовательность действий, когда ты берешь-
ся за любое дело и непременно стараешься довести его 
до конца.
- Что для Вас счастье и о чем Вы сегодня мечтаете?
-  Самое  большое  счастье  для  меня  и  моей  семьи  это 
то, что мы родились и живем в Казахстане, потому что тот 
мир и спокойствие, которые нас окружают, - благодаря на-
шему Президенту. Пользуясь случаем, хочу сказать Главе 
государства Н.А. Назарбаеву огромное спасибо за мудрую 
политику,  за  межнациональное  согласие,  за  Астану,  и  за 
все то замечательное, что происходит в нашей стране. 
Больше всего на свете я мечтаю о здоровье и благо-
получии моей семьи, это главное. Мир сегодня настолько 
хрупок, поэтому очень хочется, чтобы Казахстан и дальше 
процветал, шагал по пути мира и согласия, процветания и 
дружбы. Пусть у наших потомков будут все возможности 
для счастливой жизни и все наши мечты сбываются! 

12
Осы    стратегияны  жүзеге  асыру  нәтижесінде  бүгінде 
елімізде көптеген әйел отбасы тіршілігімен шектеліп қана 
қоймай,  саясат  пен  экономикада  ер  азаматтармен  қатар 
жүр.  Солардың  бірі  –  Батыс  Қазақстан  облысы  әкімінің 
орынбасары  Бибігүл  Қонысбаева.  Қиын  да  күрделі 
жұмысты бір кісідей атқарып жүрген ханыммен кездесіп, 
сұхбаттасудың сәті түсті.
–  Бибігүл  Тишанқызы,  әйел  адамның  облыс  әкімінің 
орынбасары  қызметіне  дейін  көтерілуі  өте  сирек 
кездесетін жағдай. Мұндай аса жауапты жұмысты атқару 
әйел адам үшін қиын емес пе? 
–  Жалпы,  мен  жұмысты  ауыр  немесе  жеңіл  деп 
бөлмеймін.  Қандай  жұмыс  берілсе  де,  барымды  салып, 
мұқият  орындап  шығуға  тырысамын.  Адам  баласының 
өміріне  қоршаған  ортасы  көп  әсер  етеді  ғой.  Бақытыма 
қарай,  өмір  жолымда  ылғи  жақсы  адамдар  кездесті. 
Жұмыста да, тұрмыста да ниеттері таза, жақсы адамдардың 
ортасына  түстім.  Қандай  жетістікке  қол  жеткізсем  де, 
қоршаған ортамның ықпалы мол болды.
Бұл қызметке келуімнің еш құпиясы жоқ. Мені қызмет 
баспалдақтарына  көтерген  жұмысыма  деген  адалдығым 
шығар.  Қай  жұмысты  да  үлкен  жауапкершілікпен 
орындауға  мені  қызметтестерім,  басшыларым  үйретті. 
Осы  облыстың  Шыңғырлау  ауданына  қарасты  Лубен 
совхозындағы  орта  мектептің  9-сыныбын  бітірген  соң 
нағашы  ағамның  ықпалымен  Ақмола  қаласындағы 
қаржы–экономикалық колледжіне оқуға түстім. Сол жылы 
нағашым  аталған  оқу  орнын  бітіріп  келіп  жатқан  бола-
тын,  жаспын  ғой,  оның  осы  оқу  орны,  болашақ  қызметі 
жайлы айтқан әңгімелеріне елтіген болуым керек. Негізі, 
мен  журналист  немесе  тарихшы  боламын  деп  ойлағам. 
Бірақ, бұған менің ата-анам қарсы болды. Осы оқу орнын 
1994 жылы бітіріп, Шыңғырлау аудандық қаржы бөліміне 
жұмысқа кірдім. Сол жерде 1996 жылға дейін жұмыс істеп, 
тәжірибе  жинақтадым.  Содан  кейін  облыстық  қаржы 
басқармасына  қызметке  ауыстым.  Осы  жерде  жұмыс 
істеп жүріп, жергілікті жоғары оқу орындарының бірінде 
білімімді толықтырдым. Облыстық қаржы басқармасында 
Баршамызға белгілі, Елбасының Жарлығымен 2005 жылдың 29 қарашасында 
«2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы бекітілді.
«Жұмыста басшы болғаныммен, 
үйде қосшымын...»
ГЕНДЕРНАЯ ПОЛИТИКА

13
Батыс Қазақстан облысы
2011  жылға  дейін  жұмыс  істеп,  бөлім  басшылығына 
дейін  көтерілдім.  2011  жылы  облыстық  экономика  және 
бюджетті  жоспарлау  басқармасына  келдім.  Бұл  меке-
меде  әуелі  бөлім  басшысы,  сосын  басқарма  басшысы 
қызметін атқардым. Облыс әкімінің орынбасары қызметін 
биылғы сәуір айынан бастап атқарудамын. Бұл жұмыс та 
бұрынғы  атқарып  жүрген  қызметімнің  жалғасы  іспетті, 
қаржыға,  экономикаға  байланысты.  Өзіме  жақсы  таныс 
болғандықтан, әзірге бұл жұмыс маған аса қиынға соғып 
жүрген жоқ. 
– Басшылық қызметте жүрген лауазымды тұлғалардың 
жұмысы қауырт, іссапарларға жиі шығатын кездер де бо-
лады.  Бұл  жағдайлар  сіздің  отбасылық  өміріңізге  кері 
әсерін тигізбей ме? 
–  Түсіндім.  «Екі  қайықтың  басын  ұстаған  суға  кет-
пей  ме?»  дегіңіз  келіп  отыр  ғой.    Жалпы,  уақытты  тиімді 
пайдаланған адам барлығын да үлгере алады. Басшылық 
қызметте  жүргеніммен,  менің  өмірімнің  өзгелерден  көп 
айырмашылығы  жоқ.  Мен  де  өзгелер  секілді,  бос  уақыт 
тауып,  бала-шағаммен  бірге  болғанды  ұнатамын.  Кеш-
ке  жұмыстан  келіп,  барлық  басқа  әйелдер  сияқты  мен 
де  ас  үйге  кіріп,  бала-шағама  ас  дайындаймын,  содан 
кейін  балаларымның  қасына  отырып,  олардың  ертеңгі 
сабаққа дайындығын тексеремін. Демалыс күндерін бала-
шағамның ортасында өткізгенді жақсы көремін. Мен үшін 
ана болу өмірдегі ең үлкен бақыт.  
– Сіз гендерлік саясатты қалай түсінесіз? 
– Гендерлiк саясат дегеніміз – бұл қоғамдық өмiрдiң 
барлық  салаларында  ерлер  мен  әйелдердiң  теңдiгiне 
қол  жеткiзуге  бағытталған  мемлекеттiк  және  қоғамдық 
қызмет.  Гендерлiк  саясаттың  негiзгi  қағидаттары 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясымен  кепiлдiк 
берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн 
белгiлейдi.  Ерте  заманның  өзінде  біздің  ата-бабамыз 
әйелдің  ақылын,  қабілетін  жоғары  бағалап,  оларды  ер 
азаматтардан кем қабылдамаған. Мысалы, ханға әдiлдiгiн 
айтқан  Қарашаштан  бастап,  ел  тұтқасы  болған  Айғаным 
мен  Фатима  ханшалар,  Әбілқайыр  ханның  зайыбы,  ел 
басқару  ісіне  араласқан  Бопай  ханым  және  ағасымен 
бірге жауға қарсы шапқан ержүрек Бопайдың  ерлік істері 
халықтың  мәңгі жадында. Қазақ әйелдерінің рухы қашан 
да мықты болған. Ұлы Отан соғысы жылдарында Жеңіске 
жетіп, одан кейін күйреген шаруашылықтың тез қалпына 
келуіне  себепкер  болған  осы  әйел-аналардың  өлшеусіз 
еңбегі.  Күні  кешегі  тоқсаныншы  жылдардың  қиындығы 
кезінде де әйел адамдар тез ес жиып, ақылдылық көрсетті. 
Сондықтан,  қазақ  әйелдері  қашан  да  жақсы  істің  басын-
да жүрген дер едім. Бүгінгі таңда тек мемлекеттік қызмет 
қана емес, кәсіпорын басқарып, үлкен бизнеспен айналы-
сып жүрген іскер қазақ әйелдері өте көп. 
–  Сіздерді  жұрт  «Жұптары  жарасқан  жанұя»  дейді. 
Құпия болмаса, бұл жарасымдылықтың сыры неде?   
– Жоғарыда айтқанымдай, «Менің өмір жолымда ылғи 
жақсы жандар кездесті» деп. Солардың қатарында өзімнің 
Құдай қосқан қосағым да бар. Ол кісі балаларымның тек 
әкесі  ғана  емес,  менің  нағыз  жанашыр  досыма  айналды. 
Күйеуім  мені  барлық  жағынан  қолдап,  көмектесіп  оты-
рады. Ол да мен секілді  қарапайым отбасыдан шыққан, 
өте  еңбекқор  жан.  Үйде  менің-бар-жоғымды  білдірмей, 
бәрін  өзі  реттеп  отырады.  Оның  да,  менің  де  ата-ана-
ларымыз  қарапайым  еңбек  адамдары  болды,  қазіргі 
кезде  олар  зейнеткер,  ауылда  тұрады.  Еңбекте  үлкен 
табыстарға  жетуім  біріншіден,  маған  ақыл-кеңесін 
беріп,  жауапкершілікке  тәрбиелеген  тәлімгерлерімнің 
арқасы, екіншіден, үйде мені қолдап отырған осы өмірлік 
серігімнің ықпалы. Өзімнің осындай салауатты, парасаты 
мол жанға кездестіргенімді өлшеусіз бақыт деп санаймын. 
Әйтпесе,  қаншама  әйел  парықсыз  еркектердің  кесірінен 
бақытсыз болып жүр?! 
Меніңше,  отбасындағы  береке-бірлік    әйел  адамға 
байланысты болады. Үйде береке болу үшін әйел адам ер-
азаматпен еш уақытта «тақ» таластырмауы керек. Берекелі 
тіршіліктің, жұрт айтатын жұп жарасымдылығының барлық 
сыры осында! Мысалы мен жұмыста басшы болғаныммен, 
үйде қосшымын. 
–  Қазіргі  таңда  бүкіл  әлем  қаржылық  дағдарыста. 
Бұл жағдай біздің елімізді де айналып өтпей тұр. Осыған 
орай,  жұмыс  орындары  жабылып  қалып,  кейбір  адам-
дар  уақытша  болса  да  қиыншылық  жағдайда  қалуда. 
Жұмысын  жоғалтып,  қиналып  қалған  адамдарға  қандай 
кеңес берер едіңіз? 
–  Бұл  бағытта  Елбасының  тапсырмасымен  бірқатар 
бағдарламалар  жасақталып,  олар  табысты  жүзеге  асы-
рылуда. Ол үшін осындай  бағдарламаларды түсіндіретін 
арнайы  мекемелер  бар,  соларға  барып,  кеңес  алу  керек.  
«Жұмыспен  қамту-2020»  бағдарламасының  өзі  қаншама 
адамға  өз  көмегін  тигізді.  Қазіргі  уақытта  қала  адамда-
рына да, ауыл адамдарына да жеке кәсіппен айналысуға 
мүмкіндік  мол. Осы мүмкіндікті пайдаланып, жеке кәсібін 
дамытып келе жатқан адамдар көп. 
–  Әңгімеңізге  көп-көп  рахмет.  Жұмысыңыз  жемісті 
болсын!
Айша ӨТЕБӘЛІ,
Батыс Қазақстан облысы 

14
Б
атыс  Қазақстан    облысы  бүгінде  –  аса 
зор  экономикалық,    мәдени  және  ғылыми 
әлеуеті  бар    Қазақстан  Республикасының 
өнеркәсіптік  және  мәдени  аймақтарының  бірі.  Аймақтың  
табиғаты  мен  жер  қойнауы  қаншалықты  бай  болса, 
оның  тарихы    да  соншалықты  қызықты,  географиялық 
орналасуы  да  бірегей.  Республикалық  шекара  бекінісі 
Қазақстан-Ресей  шекарасындағы  біздің  мемлекетіміздің 
батыс қақпасы ретінде қызмет атқарады.  Еуразиялық жол 
қиылысында ол бүгінде екі ұлы өркениеттің, Еуропа мен 
Азияның түйісу нүктесінде сақшы ретінде тұр. 
Облыс орталығы-Орал қаласының төрт ғасырдан астам 
тарихы бар. Кең пейілді ашық және қонақжай қала Жайық 
өзенінің  бойында  орналасқан.  Әр  түрлі  құрлықтардың 
ерекшеліктерін  өзіне  табиғи  дарыта  алған  батыс 
қазақстандықтардың  уақыт  тізбегін  байланыстыратын, 
өткенге деген құрметі ерекше. Тарихи мұралар деректер 
мен  аңыздар  арқылы    ұрпақтан-ұрпаққа    ұқыптылықпен 
беріліп отырады.  
Орал қаласында  Қазақстандағы ең көне музейлердің 
бірі,  175  жылдан  астам  тарихы  бар    Батыс  Қазақстан 
облыстық  тарихи-өлкетану  музейі  жұмыс  жасайды. 
Тәуелсіздік алғаннан  кейінгі жылдары ұлттық мұрамызды 
зерттеп,  жинап,  сала-сала  бойынша  толықтыруға  жол 
ашылғаны мәлім. Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облыстық 
тарихи-өлкетану  музейінің  қорында  археологиялық 
жәдігерлердің,  зергерлік  бұйымдардың,  этнографиялық 
бұйымдардың    мол  коллекциясы  жинақталғанын  зор 
мақтанышпен айтуға болады.    
ТАРИХ
  Батыс  Қазақстан  облысының  территориясы 
қайталанбас ерекше тарихи және мәдени ескерткіштерге 
бай  аймақ.  Соңғы  жеті  жыл  ішінде  бұл  ескерткіштерді 
зерттеу  ерекше  қарқынмен  жүргізілді.  Нәтижесінде  об-
лыс  териториясында  6  мыңнан  астам  қорғандар  мен 
қоныстар,  қала  орындары  мен  қорымдар  кешені  есепке 
алынды.  Олардың  200-дейі  тас  ғасырына,4  мыңнан  аста-
мы  сақтар  мен  сармат-савромат  дәуірін  қамтитын  қола 
және  ерте  темір  ғасырына,  2  мыңға  тарта  ескерткіштер 
түркі кезеңінен бастап XV-XVI ғасырларға дейінгі кезеңге 
тиесілі.  Осы  ескерткіштердің  ішінде  «Жайық  қалашығы» 
деген шартты атауға қала орнының шоқтығы биік.  Шығыс 
пен Батысты жалғастырар ең қысқа жолдың нақ түйіскен 
жерінде  орналасқан  Орал  қаласы    Жайық  өзенінің  оң 
жақ  жағасы  мен  Шаған  өзені  құйылысының  сағасында 
негізі қаланған. Қала  Жайық қалашығы деп аталған. Му-
зей  қорында  ежелгі  қала  орнынан  табылған  заттар:  тас 
кірпіштер,  шығыр  құмыралар  бар.    Бұл  заттарды  зерде-
лей келе, ғалымдар шартты түрде «Жайық қалашығы» деп 
аталатын  көне  қорымда  орта  ғасырларда  шамаман  2,5-3 
мың  адам  өмір  сүргенін  айтып  отыр.  Қала  Алтын  Орда 
мемлекетінің  тұсында  әкімшілік  және  сауда  орталығы 
болған.  Қалада  монша,  базар  және  некрополь  салынған. 
Әсіресе, керемет кесене болғаны анықталып отыр. 
Ол  өзінің  сәулеті  жөнінен  Ұлытау  аймағындағы  аты 
әйгілі Жошы ханның кесенесіне ұқсас болса керек. Алтын 
Орда  құлағаннан  кейін    Жайық  қалашығының  да    қуаты 
кеми бастаған.  Батыс Қазақстан облыстық тарих және ар-
хеология орталығының археологтары Теректі ауданындағы  

15
Батыс Қазақстан облысы
Долинное  елді  мекенінің  маңында  археологиялық  қазба 
жұмыстарын  жүргізді.  Бұл  қазба  жұмыстары  кездейсоқ 
жүргізілмеген болатын. ХХғасырдың 1965жылы  жер жыр-
ту  жұмыстары  кезінде  осы  елді  мекен  маңынан  бірнеше 
жәдігер табылғаны белгілі. Мамандар оны сармат кезеңіне 
жататындығын анықтаған еді. Соның ішінде «Күміс ритон» 
ғылыми ортада кеңінен белгілі болды.  Арада 37жыл өткен 
соң,  2012жылы  кездейсоқ  табылған  жәдігер  орындары 
зерттеліп, бұл жерде 4 оба кешені бар екені анықталды. 
Сөйтіп «Таксай оба кешені»-деген шартты атауға ие болған  
археологиялық қазба жұмыстары басталады.  
 Ғалымдардың пайымдауынша Тақсай1 оба кешенінен 
табылған  «Алтын  әйел»  қабірін  шамамен  б.д.д  ІҮғ. 
соңы  мен  Үғ.ортасы  деп  жорамалдап,  ежелгі  сармат 
кезеңіне  жатқызуға  болады.  Оған  жерлену  тәсілі,  жер-
леу  элементінің  құрылымдары,  сары  металдан  жасалған 
көптеген  бұйымдары  мен  салт-жоралғы  заттары  
дәлел.    Тақсай  оба  кешенінен  табылған  сармат  әйелінің 
әшекейлеріне қарап оның ақсүйек тұқымынан  екені тура-
лы тұжырым жасалуда. Қабірден табылған заттар әйелдің  
қоғамда ерекше статусқа ие болғанын көрсетеді.  Соны-
мен  қатар  жерлеу  орнынан  табылған  алтын  әшекейлер, 
айна,  ыдыстардағы  зооморфтық  бейнелерді  Оңтүстік 
Орал аймағындағы ежелгі көшпенділер өнерінің бір бөлігі 
ретінде қарастыруға болады, тұтастай алғанда ежелгі Ба-
тыс пен Шығыс көшпенділерінің өнеріне жақындығы және 
Ахеменидтік Иранның әсері айқын байқалады.  
Осы  қайталанбас  ғажайып  ғылыми  жәдігерлерді 
ғалымдарға,  мамандарға,  қызығушылық  тудыратын 
ҚОЙНАУЫ 
ҚАЗЫНАЛЫ 
ЖАЙЫҚ ЕЛІ!!!
адамдарға  таныстыру  мақсатында  Таксай    обасынан 
табылған құндылықтар Ел ордаға жеткізіліп, жуықта Аста-
на қаласында  ашылған Ұлттық музей  мен БҚОМ экспо-
зициясында «Алтын ханшайым» атауымен  көпшілік наза-
рына ұсынылды.
Киелі  Ақ  Жайық  өңірі,  қасиетті  Нарын  құмы  –  дала 
кемеңгері  Сырым  батырдың,  сұңғыла  реформатор  хан 
Жәңгірдің,  құдіретті  композитор  Құрманғазының,  күйші 
Динаның, небір дүлей күйлердің авторы Дәулеткерейдің, 
семсер  жырдың  шебері  Махамбеттің,  сахнаның  қас 
шебері  Қ.Бөкееваның,  қазақ  әндерін  орындаушылардың 
ішінде  өзіндік  стилін  қалыптастырған,  құдіретті  әнші 
Ғарифолланың  елі.  Бұл  жер    –ХIХ  ғасырдың  басы  Бөкей 
хан, ХХ ғасырдың басы Батыс Алашорда ту тіккен жер! Ақ 
Жайық өңірі -  қазақтың ұлттық эпостарының бірі – сұлу 
Жібектің елі.  
Батыс Қазақстан облысы

16
Жаңа  экономикалық  саясат  туралы  Елбасының  Жол-
дауында  сыртқы  нарықтағы  конъюктураның  нашарлауы 
жағдайында  жаңа  жұмыс  орындарын  құру  және  барын 
сақтап қалу, экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету 
үшін жағдайлар құру жолдары белгіленген.
Облыстың  әлеуметтік-экономикалық  дамыту  бой-
ынша  жұмыстар  Мемлекет  басшысының  нақтылаған 
басымдықтарына  және  «Бес  институционалды  реформа-
ларды  іске  асыру  бойынша  100  қадам»  Ұлт  жоспарына 
сәйкес жүзеге асырылуда.
  Облыстың  жан  басына  шаққандағы  жалпы  аймақты 
өнімі орташа республикалық деңгейінен 1,2 есеге көбейді 
және 585,2 мың теңге құрады. Ағымдағы жылдың жеті ай-
ында    өнеркәсіп  өнімдері  679,3  млрд.  теңгеге  өндірілді. 
Тау-кен өнеркәсібінде табиғи газ өндіру 1,3%-ға өсті. Өңдеу 
өнеркәсібінің  кәсіпорындарымен  51,6  млрд.теңгеге  өнім 
өндірілді. Оңды өсу қарқыны құрылыс индустриясы (1%-ға), 
дайын металл бұйымдары өндірісінде (31,9%-ға), химиялық 
БОЛАШАҚҚА 
НЫҚ 
ҚАДАММЕН 

17
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысы
өнеркәсіп өнімдерін өндіру (4,3%-ға), резеңке және пласт-
масса бұйымдарын өндіру (18,3%-ға) саласында байқалады.
Индустрияландыру  картасы  аясында  облыста  2279 
тұрақты жұмыс орны құрылуымен 308,7 млрд. теңгеге 40 
инвестициялық жоба іске асырылуда. 
  Облыста  индустриялық  аймақ  құру  жөніндегі 
жұмыстар  жүргізілуде.  Күні  бүгін  индустриалды  аймақ 
жобаларына  қатысушылар  мен  әлеуетті  инвесторлар 
өкілдерімен  келіссөздер  жүргізілді.  Құрылыс  қызметтері 
саласындағы  және  құрылыс  материалдарын,  құрал-
жабдықтар, электр жабдықтар, тұрмыстық химия, тоқыма 
және  былғары  бұйымдарын  шығаратын  5  түрік  компа-
ниясы  индустриялық  аймақ  ұйымдастыруға  қатысуға 
қызығушылық 
танытты. 
Техникалық-экономикалық 
негіздемені даярлау жұмыстары жүргізілуде.
Облыста 
іскери 
белсенділіктің, 
ең 
алдымен 
кәсіпкерліктің  өсуіне  «Бизнестің  жол  картасы-2020» 
бағдарламасын  іске  асыру  септігін  тигізуде.  Осы 

18

19
Батыс Қазақстан облысы
бағдарлама  шеңберінде  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық 
Қоры  қаражаты  есебімен  республикалық  бюджеттен  2,2 
млрд.теңге қарастырылды, оның ішінде жеке кәсіпкерлікті 
қолдауға  –  1,7  млрд.  теңге,  инфрақұрылымды  дамытуға 
– 0,5 млрд.теңге. Бағдарлама іске асырылғаннан бері не-
сиелер  мен  жеткізілген  инфрақұрылымның  жалпы  сома-
сы 50,9 млрд. теңгенің 450 жобасына мемлекеттік қолдау 
көрсетілді,  оның  ішінде  ағымдағы  жылы  –  1,9  млрд.
теңгеге 54 жоба. 39 кәсіпорынға өндірістік инфрақұрылым 
жеткізілді. 
 Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 11,9%-ға 
көбейіп,    37,7 млрд. теңге құрады. 113 мың шаршы метр 
тұрғын үй пайдалануға берілді.
  Халықты  таза  ауыз  сумен  қамтамасыз  ету  мәселесі 
шешілуде.
Облыс  халқының  сумен  қамтылуы  86,8%-ға  жетті, 
соның ішінде ауыл тұрғындарын – 75,1%. 
  Облыстың  ауылдық  елді  мекендерін  газдандыру 
жалғасуда.  Облыс  тұрғындарын  табиғи  газбен  қамтылуы 
91,2%-ды  құрайды,  оның  ішінде  ауыл  тұрғындарын  -  
83,6%.
  Облыстың  автомобиль  жолдарының  жай-күйін 
жақсарту  жөніндегі  проблемалық  мәселелер  кезең-

20

21
Батыс Қазақстан облысы
кезеңімен  шешілуде.  Ағымдағы  жылы  автомобиль  жол-
дарын қайта жаңарту, күрделі және орташа жөндеуге 5,8 
млрд.теңге бөлінді.
 Сонымен қатар, 2015 жылы Орал қаласы халықаралық 
әуежайының  ұшу-қону  жолағын  қайта  жаңғырту 
жұмыстары жүргізілді.
  Халықты  жұмыспен  қамтуды  ұйымдастыру  үшін 
ағымдағы  жылы  «Жұмыспен  қамту  2020  жол  картасы» 
бағдарламасын  іске  асыруға  республикалық  бюджет-
тен  1434,8  млн.  теңге,  оның  ішінде  инфрақұрылымдық 
жобаларға – 489,9 млн. теңге, шағын несие беруге және 
кәсіпкерлік  негіздеріне  оқытуға  –  477,5  млн.  теңге, 
жұмысқа  орналасуға  жәрдемдесуге  –  216,8  млн.  теңге 
бағытталды.  Жастар  тәжірибесіне  972  адам  жолдан-
ды,  соның  ішінде  Жұмыспен  қамту  2020  жол  картасы 
бағдарламасы аясында – 649 адам. 
Уақыт  алдымызға  жаңа  міндеттер  қоюда.  Біраз 
жұмыстар атқарылды, бірақ орындалатын жұмыстар одан 
да  көп.  Міне,  сондықтан  да  көздеген  мақсаттарымызды 
жүзеге  асыру  үшін  біз  «жұмылған  жұдырықтай»  бірлесе 
әрекет етуіміз керек. 

22
23 сентября, в малом зале городского акимата города 
Уральск  состоялся  семинар-совещание  с  участием  заме-
стителя  председателя  Национальной  комиссии  по  делам 
женщин  и  семейно-демографической  политике  при  Пре-
зиденте Республики Казахстан Тарасенко Елены Иванов-
ны, Председателя Ассоциации деловых женщин Казахста-
на (АДЖК) Сарсембаевой Раушан Биргебаевны и ректора 
Казахского  Государственного  Женского  Педагогического 
Университета Нукетаевой Динары Жусупалиевны.
На  встречу  приглашены  члены  ассоциации  деловых 
женщин по Запажно-Казахстанской области, члены клуба 
женщин-политиков ЗКО, женщины-депутаты городского и 
областного маслихатов.
Деловые женщины 
в Уральске
На  семинаре-совещании  Председателем  АДЖК  Рау-
шан Сарсембаевой была представлена презентация «На-
правление  деятельности  Ассоциации  деловых  женщин 
Казахстана»  и  презентация  по  деятельности  Клуба  жен-
щин-политиков.
Организатором мероприятия является Ассоциация де-
ловых  женщин  по  ЗКО  под  руководством  Председателя 
АДЖ по ЗКО Рысбековой Ляззат Туякбаевны.
Ассоциация  деловых  женщин  Казахстана  –  Обще-
ственная  неправительственная  организация  с  республи-
канским статусом была создана в 1995 году, целями и за-
дачами которой являются:
- формирование высокого статуса и имиджа деловой 
КӨШБАСШЫ

23
Батыс Қазақстан облысы
женщины, независимо от сферы деятельности и социаль-
ной направленности;
-  консолидация  усилий  деловых  женщин,  направлен-
ных  на  развитие  инициативы,  предприимчивости,  нова-
торства;
-  содействие  женщинам  в  социальной  и  жизненной 
ориентации  в  условиях  построения  гражданского  обще-
ства и развития демократии.
Направление деятельности Ассоциации деловых жен-
щин Казахстана:
1) Женщина и бизнес;
2) Женщина и политика;
3) Женщина и занятость;
4) Женщина, дети, семья;
4) Гендер и развитие.
Справка: 
Ассоциация Деловых Женщин Казахстана - это Респу-
бликанская  общественная  неправительственная  органи-
зация, объединяющая женщин, занятых в деловой сфере 
общества:  политика,  государственное  управление,  биз-
нес, наука, образование, здравоохранение, культура и др. 
Насчитывает в своих рядах более 15000 человек и име-
ет  разветвленную  сеть  региональных  филиалов  по  всей 
стране.
Анэль Кайнеденова

24
Е 
лбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 
бастамасымен 2015 жылы Қазақ 
хандығының 550 жылдығы аталып өтті. 
Бұл мерейтой күллі Алаш жұрты үшін 
үлкен маңызға ие. Осыған орай, қазақ хандығы 
мен қазақ халқының тарихын, еліміздің 
өркендеп, нығаюына саналы ғұмырын арнаған 
ұлы тұлғалардың еңбегі мен есімін елге жеткізу, 
азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру 
мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайту 
бағытында іс-шаралар жоспары құрылды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет