Қазақстан республикасы президентінің жанындағЫ Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата19.01.2017
өлшемі17,75 Mb.
#2200
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

КӘСІПКЕР ӘЛІБЕК АҒА АУДАННЫҢ 
ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ ӨМІРІНЕ ДЕ 
БЕЛСЕНЕ АРА ЛАСА ДЫ. ҚАЙЫРЫМДЫ 
Ж АН АУДАНДЫҚ БІРТА ЛАЙ ІС-ШАРАҒА 
МҰРЫНДЫҚ БОЛЫП, ДЕМЕУШІЛІК 
Ж АСАП КЕЛЕДІ. ЕРІНБЕГЕН ЕҢБЕГІНІҢ 
АРҚАСЫНДА ЕЛБАСЫ Н.НАЗАРБАЕВАТЫҢ 
А ЛҒЫСХАТЫМЕН МАРАПАТТА ЛЫП, 
«АСТАНАҒА 10 ЖЫЛ», «ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНА 
ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» МЕДА ЛЬДАРЫНА ИЕ 
БОЛДЫ. 
Әке тәлімін бойына сіңіріп өскен Әлібек аға 
бүгінде өзі де өнегелі әке, ардақты ата.  Замир 
мен Гүлмирадай ұл мен қызды өмірге әкеліп, 
тәрбиеледі. Бүгінде олардан Нұралы, Рауана, 
Аружан, Ажар мен Райымбек атты немере-
жиендер сүйіп отыр. 

174
Б
үгінде Қазақстандағы экономикалық 
реформалардың ішінде кәсіпкерліктің 
басымдылыққа ие болуы мемлекеттің 
экономикалық саясатының бір бағыты болып 
табылады. Кәсіпкерліктің дамуы нарықтық экономиканың 
бұлжымас заңдылығы. Өз кәсібінің білгірі, Тасқала 
қаласындағы үздік кәсіпкерлердің бірі,  «Тасқала-
Аққу» ЖШС жетекшісінің  Қуан Тасқалиевтің пікірінше, 
бүгінгі таңда елімізде кәсіпкерліктің дамуына барлық 
жағдай жасалынған. Шағын және орта кәсіпкерліктің 
ел экономикасындағы үлкен маңызын ескерсек, бұл 
КӘСІПКЕРЛІККЕ ЖОЛ АШЫҚ!
КӘСІПКЕРЛІК
мемлекеттің қуатын арттыратын бірден бір фактор 
болмақ. 
«Қазіргі таңда өз кәсібін ашамын деген адамға 
ешқандай да кедергінің жоқ екенін айта аламын. Мен 
Елбасының бастамасымен қолға алынып жатқан салық 
жүйесін қысқарту, тұрақты тексерістерді азайту секілді 
орта және шағын кәсіпкерліктің дамуына серпін беретін 
экономикалық реформаларды қос қолдап қолдаймын. 
Елбасының стратегиялық жоспарлары мен идеялары 
еліміздегі кәсіпкерліктің дамуына түрткі болып отыр. ҚР 
Президентінің стратегиялық жобаларының арқасында 

175
Батыс Қазақстан облысы
әкімшілік кедергілер азайтылып, салық жүйесі 
айтарлықтай ретке келтірілді. Заман өзгерген сайын бізге 
барлығы оңайға түсуде», - дейді кәсіпкер Қуан аға. 
КӘСІПКЕРДІҢ АЙТУЫНША БІРНЕШЕ  ЖЫЛДАН 
БЕРІ ӨЗ ІСІН ЖҮРГІЗІП КЕЛЕДІ. ОСЫ УАҚЫТ 
АРА ЛЫҒЫНДА ОЛ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ 
ЖЕТКЕН. БҮГІНДЕ ҚУАН АҒАНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН 
ЖҰМЫС Ж АСАП ОТЫРҒАН БІРНЕШЕ ДҮКЕНДЕР 
ЖЕЛІСІ МЕН МЕЙРАМХАНА  ҚА ЛА ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА 
ҚА ЛТҚЫСЫЗ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ. 
Әр істің табысқа жетуі ұжым еңбеккерлеріне 
байланысты. Қуан Тасқалиевтің иелігіндегі  «Тасқала-
Аққу» ЖШС ұжымында  әр ұлттың өкілінен құралған 
50-ден астам адам - бір шаңырақтың адамындай 
жемісті еңбек етуде. Әрине, бұл ұжымдағы татулық пен 
ынтымақты, бірлікті көрсетеді. Қандай кезде болмасын 
кез-келген тапсырманы дер кезінде орындап, алдыңғы 
шептен көрінетін осындай қызметкерлерінің барына Қуан 
Бақтығалиұлы да дән риза. 
Былтырғы жылы  «Тасқала-Аққу» ЖШС-і  жыл 
қорытындысының рейтингі бойынша облыста  екінші 
орыннан көрініп, Ұлттық бизнес -  рейтингтер Одағының 
«Сала көшбасшысы - 2014» Ұлттық сертификатымен 
және «Даңқ» жұлдызымен марапатталды. 
Бұл Қуан ағаның алғашқы наградасы емес. Бұған 
дейін 2013 жылы  «Парыз-2012» бизнестің әлеуметтік 
жауапкершілігі жөніндегі республикалық конкурсқа 
қатысып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 
министрі С.Әбденовтың  қолынан дипломға ие болса, 
2014 жылы кәсіпкерлік салада қол жеткізген табыстары 
мен ел экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін 
Республикалық «Қолдау көрсету және ынталандыру» 
орталығы қоғамдық бірлестігінің «Ұлт Даңқы» орденімен 
марапатталған болатын. 
ҚУАН АҒА ТУҒАН АУЫЛЫНЫҢ ТАБИҒАТЫН 
ӨРКЕНДЕТУГЕ ДЕ БІР КІСІДЕЙ ҮЛЕСІН ҚОСУДА. 
НАРЫҚ ҚЫСПАҚҚА АЛЫП ТҰРҒАН КЕЗЕҢДЕ ӨЗ 
ҚАРАЖАТЫНА  ҚҰРЫП БАРА ЖАТҚАН АЛМА БАҒЫН 
КӨРКЕЙТІП, АУЫЛДАСТАРЫНЫҢ АЛҒЫСЫНА ИЕ 
БОЛЫП ОТЫР. ӘР КӘСІПКЕР ТУҒАН ЕЛІНЕ, ЖЕРІНЕ, 
АУЫЛЫНА ОСЫНДАЙ ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТІП 
ОТЫРСА НҰР ҮСТІНЕ НҰР БОЛАР ЕДІ. 
Қиындығы мен қызығы мол кәсіпкерлік жолында 
Қуан ағаға табыс кілті тұғырыңыздан таймасын дегіміз 
келеді!

176
Биыл 
тоқсанның 
үшеуіне 
аяқ 
басқалы 
отырған  ардагер  ананың  
туылған күні де тоғызыншы  
мамыр  екенін  айта  кет-
кен 
жөн 
болар. 
Біз 
сұхбаттаса  келді  дегенде 
төргі  бөлмеге  өз  аяғымен 
келді. 
Амандық-саулық 
сұрасып 
жатырмыз. 
Бөлменің  кіреберісіндегі 
диванның  бір  бұрышына 
келіп  жайғасқан  кезде, 
«былқ» ете қалған жұмсақ 
жиһаз  кейуананы  белуарға  дейін  батырып  алды  да,  он-
сыз  да  кәрілік  салдарынан  бір  уыс  болып  шөгіп  отырған 
тұлғасын мүлдем кішкентай қылып көрсетті. Сәл жымиып, 
қуақылана  жауап  беріп  отыратын  аққұба  өңді  әжейдің 
мейірімді  жанарына  қарап  отырып,  қанды  қырғынның 
қақ ортасынан аман оралған деп айтуға ауыз бармайды. 
Құдды  бір  бейбітшілік  сөзінің  тірі  баламасындай.  Өткені 
туралы  әңгімесін  бастаған  кезде  басқаны  қайдам  менің 
жаным қырық екінің қан майданына апарып тастағандай 
күй кешті. Байыппен айтылған әңгіме көз алдыма киноның 
лентасындай көлбеңдеген оқиғалар тізбегін әкеле берді...    
Қиыр  шығыстан  әскери  борышын  өтеп  келген  жары 
Ізімді қарсылап алғаны да күні кеше еді. Аяқ астынан сұм 
соғыс басталды да отасқандарына жыл толып жарымаған 
жұбайларды  тағы  да  екі  айырды.  Ел  басына  күн  туғанда 
ер ойланып тұрсын ба Ізім де кете барды. Өзі әскери бо-
рышын  өтеген  жаққа  қайта  шақырылған  ол  атты  әскер 
құрамында елін жаудан қорғап жатты. Бұл 1941 жыл бола-
БАТЫРЛЫҚ Т УРА ЛЫ Т ҮРЛІ ӘДЕБИЕТ ТЕН ТАНЫП ӨСТІК. Ж А ЛПЫ ТАРИХСЫЗ ЕЛ БОЛМАЙТЫН БОЛС А, 
БАТЫРСЫЗ  ТАРИХ  БОЛМАЙТЫНЫ  Д А  РАС.  БАС  А ЯҒЫ  ОН-ЖИЫРМА  ЖЫЛДЫҢ  ІШІНДЕ  ӘСКЕРДЕН 
Ж А ЛТАРУДЫ  ДӘРЕЖЕ  С АНАЙТЫН  ҰРПАҚ  ТӘРБИЕЛЕП  ҮЛГЕРГЕН  БІЗДІҢ  ҚОҒАМҒА  КЕШЕГІ  ӨТКЕН 
СОҒЫС ҰЛД АРЫНЫҢ ӘР Қ А Д АМЫН ҮЛГІ РЕТІНДЕ ҰСТАНАТЫН УАҚЫТ БА ЯҒЫД А ЖЕТКЕН СИЯҚТЫ. 
А Л,  БАТЫРЛЫҚТЫҢ  БІЛЕКТЕ  ЕМЕС  Ж ҮРЕКТЕ  ЕКЕНІН  ТІПТІ  ЕРЛІК  ҚЫЛУ  ҮШІН  ЕРКЕК  БОЛЫП 
Т УЫЛУДЫҢ  Д А  Қ А ЖЕТ  ЕМЕС  ЕКЕНДІГІН  ІСІМЕН  ДӘЛЕЛДЕГЕН  Ж АНМЕН  Ж ҮЗДЕСКЕННЕН  КЕЙІН 
БАСҚ АНЫ  Қ АЙД АМ,  ӨЗ  БАСЫМ  БІРАЗҒА  ДЕЙІН  БӨЛЕК  БІР  СЕЗІМНІҢ  ЖЕТЕГІНДЕ  Ж ҮРДІМ.  БҰҒАН 
ДЕЙІН  ДЕ  БІРНЕШЕ  МАҚ А ЛА  МЕН  БЕЙНЕ  СЮЖЕТ ТІҢ  КЕЙІПКЕРІ  БОЛЫП  ҮЛГЕРГЕН  КЕЙУАНАНЫҢ 
ӨМІР  ЖОЛЫНАН  ШАҒЫН  МАҚ А ЛА  ЕМЕС  ТОЛЫҚ  МЕТРА Ж ДЫ  ФИЛЬМ  Т ҮСІРСЕ  ДЕ  БОЛҒАНД АЙ. 
ЖИЫРМАСЫНД А Ж АУҒА АТ ТАНҒАНД АР ОЛ КЕЗДЕ КӨП БОЛҒАН ШЫҒАР, БІРАҚ Ж АРЫНЫҢ АРТЫНАН 
БАТЫСҚ А БЕТ БҰРҒАН АНА ЛАР ІЛУДЕ БІРЕУ. СОЛАРДЫҢ БІРІ РАБИҒА ӘЖЕ ЗАЙНУЛИНА.
ОТТАН АМАН ОРАЛҒАН 
Ж АУЫНГЕР ЖҰП
ҰЛЫ ЖЕНІС
тын. Майдан шебіне маңдай тіреген кейбір азаматтардың 
артынан қаралы хабар да келіп үлгерген еді. Ел іші ес жия 
алмай  азан-қазан  болып,  қайғыдан  қан  жұтты.  Осындай 
күндердің  бірінде  көрші  үйге  де  қара  қағаз  жетті.  Қара 
жамылып  отырған  үйдің  қайғысына  ортақтаспай  бола 
ма, шешесіне еріп Рабиға да келді. Қайғыдан жүрелеген 
күйі жербауырлап, маңдайымен еден сүзе ебіл-дебіл бо-
лып  отырған  көрші  әйелге  анасы  да  қосыла  аңырап  қоя 
берді.  Шекесі  дыңылдап,  алқымына  лоқсық  келгендей 
күйде  отырған  Рабиғаны  көрші  әйелдің  үні  селт  еткізді. 
Көрші әйел мұның анасына қарады да: «Апа, сіз неге жы-
лайсыз? Сіз, құдай берген адамсыз. Күйеуіңіз соғыс жасы-
нан  асып  кетті.  Ұлыңыз  әлі  кішкентай.  Үш  қызыңыз  бар» 
- , деді. Анасы болса «Бұл соғыс деген күллі адамзат ба-
ласына  ортақ  қасірет.  Айналайын-ай  бір  сен  ғана  емес 
соғыстың  зардабын  шегіп  отырған.  Бір  аяғынан  айыры-
лып інім келіп отыр. Бір інімнен хабар жоқ. Қайнілерімде 
әлі хабарсыз» деді. Көрші апасының айтқан бір ауыз сөзі 
қайсар  келіншектің  жүрегіне  шаншудай  қадалды.  Бұған 
дейінгі  жүрек  түкпіріндегі  сан  толқулардың  ширығып 
шегіне  жеткен  жері  де  осы  ара  болды.  Еңсесін  тіктеп 
алды  да:  «Осы  үйде  соғысқа  жарайтын  ұл  болмаса  мен 
барамын майданға» - , деді қабағы қатуланып. Қызының 
осы сөзінен ана жүрек секем алса керек үйге келген соң 
әкесіне  айтып  берді.  Алғашқылардың  бірі  болып  сүйген 
жарын соғысқа аттандырған қызының бұл қылығын әкесі 
әрине қолдамасы белгілі. Қай әке тірі тұрып, әлпештеген 
қызын  қырғынға  жіберіп  тыныш  отыра  алсын.  Әйтеуір 
әкесі  қызының  сөзін  шындап  қабылдамапты.  «Бұл  қыз 
ашуланған  соң  айтады  да.  Уайымдама  әлі  басылады»  -  , 
деді шешесіне. Дей тұрғанмен іргеге таяп қалған соғыстың 
салмағы  әлі  де  ауыр  болатынын,  біртіндеп  қарттар  мен 

177
Батыс Қазақстан облысы
қыздар  да  соғысқа  аттанатынын  әке  жүрек  сезген  бола-
тын. 
Рабиға болса «орталыққа шаруаммен барып келемін» 
деген сылтаумен әскери комиссариатқа келіп өз еркімен 
майданға  жіберулерін  сұрап  арыз  берді.  Арыз  жазған 
кезінде  күйеуі  бойынша  Зайнуллина  болса  да  Шафие-
ва  деп  әкесінің  тегін  жаздырып  кетті.  Осы  ауыр  жолда 
қаза болсам ата жолын қуып отан қорғаған ұрпақ біздің 
әулетте  де  болғанының  айғағы  болсын  деп  іштей  бекіді. 
Сөйтіп үй ішіне айтпастан Орал облысынан аттанған 100 
қыздың  қатарында  ұрыс  даласына  бет  бұрды.  Оралдан 
аттанғанда қасында болған жалғыз қазақ қыздан да жолай 
көз жазып қалды. Ал ауданнан бірге аттанған 17 қыздың 
көбісін Астраханьнан Жапониямен шекараласатын шығыс 
аймаққа аттандырды. 
Рабиға  болса  алғашқы  соғыс  таңын  Сталинград  май-
данынан  қарсылады.  1942  жылы  қоршауда  тұрған  Ста-
линград  қаласының  маңындағы  Михайлов  ауданына 
келіп  жеткен  кезде  соғыс  даусы  құлағының  дәл  қасынан 
естілгендей  болды.  Бұлар  келіп  қосылған  әскери  бөлім 
де осыған дейін болған ауыр соғыстың зардабын тартқан 
екен.  Барлық  жерде  іші  сыз  жертөлелер.  Алыстан  көзге 
ұрмас  үшін  палаткалармен  бүркемеленген  санитарлық 
бөлімдер.  Темір  бөшкеден  жасалған  пештің  болмашы 
жылуынан басқа түсі жұмсақ нәрсе жоқ. Бәрі де соғысша 
жабдықталған.  Қоршаудағы  қаланың  сыртында  тұрған 
бұларға  өз  беттерінше  шабуыл  жасамауға  бұйрық 
берілгендіктен дымдарын ішіне сақтап отырған жайлары 
бар.  Бірақ  бәрібір  арқаны  кеңге  салған  кез  болған  емес. 
Себебі  бейсеуіт  бас  көтерген  біреу  болса  қоршаудағы 
неміс мергендері қағып түсіретін. Осылай жарақат алған 
бірен-саран  жауынгердің  жарақатын  таңып  жүріп  жат-
ты.  Соғысқа  дейін  үш  ай  бойына  алғашқы  медициналық 
жәрдем  көрсету  төңірегінде  алған  білімі 
алғаш осы жерде пайдаға асты. 
Бір  күні  Михайловка  ауылына  бара-
тындары  туралы  бұйрық  түсті  де  жаяу-
латып  жолға  шықты.  Қыстың  беті  қайтып 
жіпсілеңдетіп  жатқан  мезгіл.  Жолай  қара 
жолдың қары еріген тұстарынан өлген адам 
мүрделері  көзге  түседі.  Қанды  қасапқа  тап 
келіп, қанша жан қарға-құзғынға жем болды 
десеңші. Жолай қараңғы түсіп, өткелден өту 
қауіпті болған соң теміржолдың үстіне түнеп 
шығуларына тура келді. Жаяу жүрістен шар-
шап  еріндері  кеуіп  барады.  Айналадағы 
қардан алып ерітіп ішу мүмкін емес. Түртіп 
қалса  астынан  өлген  адамның  денесі  шыға 
келеді. Әйтеуір қардың бет жағынан шымқып 
алып  кателоктарына  ерітіп  шөл  қандырып, 
құрғақ  тамақпен  қарын  жұбатқан  болып 
жатыр.  Осы  жерде  отырып  таңды  атырды.  Таң  атқаннан 
кейінгі көрініс әлі күнге көз алдынан кетпейді. Қараңғыда 
байқалмапты. Бұлар түнеп шыққан темір жолдың екі жақ 
беті де толған адам өлігі екен. Бір жағы өзідерінің әскері 
қарама-қарсы жақ неміс әскері. Бірін-бірі баса құлап өлім 
құшқан  жауынгерлердің  көптігі  сондай  бос  жатқан  жер 
көрінбейді.  Көкіректі  аяныш  сезімі  билеп,  жанарға  жас 
ұялатты. Әр жерден Гитлерге лағнет айтқан жігіттердің үні 
естіледі.
Осылай  жантүршігерлік  көріністердің  бел  ортасында 
жүріп,  жаныңа  жылу  іздейтін  еді.  Оңашаланған  сәттерде 
жарының жауынгер формасындағы суретін қолына алатын. 
Әскери құрбылары қоршап алып: «Бұл кім? Ұлты қандай?» 
деп,  сұрақтың  астына  алатын.  «Бұл  менің  күйеуім.  Есімі 
Ізім. Ұлты қазақ» деп, жымия жауап беретін. Кейбіреулер 
қырғызбен  немесе  орыс  казактарымен  жаңылыстырса, 
кейбіреулер  осындай  ұлттың  бар  екенін  тұңғыш  естіп 
тұрғандарын айтып таңғалыстарын жасырмайтын. Ал ба-
тыр келіншек болса, соғыстың бітетіне жеңіспен оралып, 
жарымен  қайта  қауышатынына  сенімді  еді.  Тіпті  медби-
ке,  зенитші,  байланысшы  лауазымдарында  Сталинград-
ттан бастап, Қырым, Керчь бұғазын азат етуге атсалысып, 
ауыр жарақат алып әл үстінде жатқанда да осы сенім алға 
жетеледі. Әрбір орын ауыстырған жерінен бірінші кезекте 
жарына  хат  жазатын.  Тіпті  ең  алғаш  әйелдерге  арналып 
тігілген  әскери  киім  алған  кезде  суретке  түсіп,  біреуін 
хатқа салып жарына жіберген болатын. Жарға, Отанға де-
ген  махаббаттың  арқасында  жауды  жеңіп,  елге  оралды. 
Араға бір жыл салып 1946 жылы жары Ізім де келді туған 
жерге. Сөйтіп отбасылық өмірлерінің 5 жылын Отан қорғау 
жолында сарп еткен жауынгер жұп әрі қарай ел дамуына 
айтарлықтай үлес қосты. Әсіресе жары Ізім колхоздардың 
еңсесін көтеріп, тың игеруге айтарлықтай үлес қосты.  

178
ТЕРЕКТІ

179

180
Ш
ағатай  -  табиғаты  әсем,  қойнауы  тарихқа  толы,  
шежіреге  бай, киелі  өлке.  Топырағынан  небір  
атақты  адамдар  шыққан  құтты  мекенде  тарих-
та аты қалған  хан мен төре ұрпақтары да мәңгілік орын  
тапқан екен. 
Әңгімеге  арқау  болып  отырған  оқиға  соңғы  күндері 
Шағатай  селолық  округіне  қатысты  Қызылжар  елді 
мекенінде орын алды.
Қызылжар  ауылының  тұрғындары    «Хан  мейіті»  деп 
атап кеткен ескі зират бар. Көнекөз қариялардың айтуы-
на  қарағанда,  бұнда  бір  кездері  қазақ  хандарының  бірі 
жерленген көрінеді-мыс. Бірақ, нақты қай обада, қай хан 
жерленгені  белгісіз  болған.  Себебі,  обаларға  қойылған 
құлпытастардағы жазулар араб тілінде екен. Оны оқитын, 
анықтайтын көне араб тілін білетін адамдар бұл күндері 
ауылда жоқ.
Содан,  осы  зират  туралы  әңгімені  естіп,  анық-
қанығын зерттеуге жақын арада арнайы Орал қаласынан 
«Дана»  журналының  бас  редакторы,  белгілі  журналист 
Қазбек  Құттымұрат  пен  тарих  пәнінің  жоғарғы  санатты 
мұғалімі,тарих магистры  Айболат Құрымбаев келді.
Алдымен  ауылдың  ақсақалдарымен кездескен олар 
Қойнауы тұнған тарих Шағатайым
ТАРИХ
Қызылжардың    өткен  тарихына  қанығып  алды.  Кезінде 
ауылды  басқарған  Избасов  Құрмантай  қария  мен  оның 
зайыбы  Ақыл  шешейдің  әңгімелерін  тыңдап,қызықты 
деректерді  қойын  дәптеріне  түртіп  алған  олар  енді  көп 
жылын  ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагер-ұстаз Салахиев 
Хамит қариямен зиратты аралауға кірісті. Араб тілін жақсы 
білетін Қазбек Құттымұрат зираттағы әрбір құлпытастағы 
араб жазуларын оқып, қазақшаға аударып берді. Тастағы 
жазулар  негізінен  араб,  шағатай  және  түрік  тілінде 
жазылған  екен.  Көне  тастағы  ру  таңбалары  бұл  жерде 
жатқан  адамдардың  негізінен  Кердері,  содан  кейінгісі 
Табын,  Тана  руларына  жататынын  анықтайды.  Сонымен 
қатар  бірнеше  Төре  тұқымының  да,  Байбақтылардың  да 
таңбалары бар құлпытастар кездесті.
Зиратты аралауды орталай бергенде зерттеушілердің  
іздегендері табылды.
Екі  ғасырдың  үстінде  уақыт  өтсе  де  жазулары  анық 
көрінетін тас бір кездері кіші жүздің ханы болған атақты 
Әбілхайыр ханның немересі, Айшуақ ханның ұлы Жантөре 
ханның басына  қойылған белгі болып шықты. Тастағы жа-
зулар Жантөре ханның мәңгілік мекенін 1809 жылы 49 жа-
сында тапқанын куәландырып тұр.

181
Батыс Қазақстан облысы
Жалпы зиратта мұндай құлпытастардың  138-і табыл-
ды,  бәрі  1800-1900  жылдар  аралығына  жатады.  Оларды 
зерттеушілер  дереу  суретке  түсіріп,  тарихи  құнды  нәрсе 
ретінде номер салып та үлгерді.
Ендігі  кезек  арнайы  осы  іспен  айналысатын 
ғалымдарда.
Олар  тастардағы  таңба  мен  жазулардың  нақтылығын  
ғылыми тұрғыдан нақтылап берсе, Қазақ хандығының 550 
жылдығын атап жатырған еліміздің тарихына жаңа дерек 
қосылары даусыз.
БІЗДІҢ, 
ЖЕРГІЛІКТІ 
 
ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ, 
ПЕДАГОГТАРДЫҢ  МІНДЕТІ –  СОЛ  ТАРИХТЫ  КЕЛЕР 
ҰРПАҚҚА ЖЕТКІЗУ, ҰЛЫЛАР ТАҒЫЛЫМЫН  ТАРАТУ.
С.С.  Төл  тарихымызға  жаңа  деректер  қосылуы 
мүмкін  деген  болжам  шындыққа  айналып,  ашылған 
жаңалық 
ғалымдардың 
қызуғушылығын 
тудырды. 
Аталған  қабірлерді  зерттеуге  арнайы  Астана  және  Ал-
маты  қаласының  іргелі  оқу  орындарының  ғалымдары  , 
Евразиялық  ұттық  университетінің    тарихи  ғылым  док-
торы   Муминов Аширбек , ҚР БҒМ Ғ ҒК Р.Б. Сүлейменов 
атындағы  Шығыстану институтының ғылыми қызыметкері 
Дюсенов Бағдат Даниярұлы  келді. Оларға көмектесу үшін 
белгілі журналист Қазбек Құттымұрат пен тарих магистрі, 
РФ өлкетанушылар одағының мүшесі Айболат Құрымбаев, 
Жаңақала ауданының имамы Жахатов Мұратбек Каспие-
вич  келді.  Зерттеушілер  тобына  Ы.Алтынсарин  атындағы 
ЖОББМ-ң  тарихи  өлкетану  үйірмесінің  мүшелеріде 
қосылды. Сөйтіп құрамында ғалым мен имамы, мұғалім мен 
оқушылар  бар  топ  екі  күн 
таң  атқаннан  күн  батқанға 
дейін  тынбай  жұмыс  істеді. 
Тек Жантөре Хан ғана емес 
айналасынан, 
табылған 
138  құлпытастың  өлшемін, 
түрін,  пішінін,  таңбаларын, 
жазуларын, 
бір-бірінен 
ара  қашықтығын  зерттеді. 
Таңбалы  тастардың  схе-
ма-картасын 
жасаумен 
айналысты. 
Зерттеулер 
нәтижесінде 
Жантөре 
ханның  жанына  ұрпақтары 
жерленгені, 
сонымен 
қатар  басқа  да  батырлар 
мен  бектердің  жерленгені 
анықталды. 
Бұрынғы 
кездері 
ауыл-аймақты 
басқарған 
старшиндар 
да  бар  болып  шықты. 
Тастардың  төрт  қырына 
да жазулар жазылған  және ол жазулар тек өлген кісінің 
аты  жөні  мен  туған-қайтқан  жылы  ғана  емес,  атқарған 
қызыметі  мен  істеген  істерінен  хабар  береді.  Кейбір 
құлпытастарда Құран сүрелерінен үзінділер жазылған.
БҰЛ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕ ЕҢ БАСТЫСЫ – ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ҚАТЫСУЫ  БОЛДЫ  ДЕП  ОЙЛАЙМЫН.  «ТАРИХЫН 
БІЛМЕГЕН    ЕЛДІҢ  БОЛАШАҒЫ  БОЛМАЙДЫ»  ДЕЙДІ 
ДАНА  ХА ЛҚЫМЫЗ.  ЕНДЕШЕ  ӨТКЕНДІ  ЗЕРТТЕУГЕ 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ҚЫЗЫҒ УШЫЛЫҚПЕН  ҚАТЫСУЫ 
КӨҢІЛГЕ ҮМІТ ҰЯЛАТА ДЫ.
Әсіресе,  келген  ғалым  қонақтар    Орынбаев  Еркеғали 
деген  оқушының    зеректігін    ерекше  атап  кетті.  Оқушы 
ғалымдармен    бір  күн  жүргенде  арапша  цифрларды 
танып,тасқа  жазылған  жылдарды  оқуға    үйреніп  алды. 
Екінші  қүні  тастағы  жылдарды    өз  бетімен  оқып,  ай-
тып  отыратын  жағдайға    жетті.  Азат  Мұратқалиев,  Ера-
сыл  Шағатай,  Марғұлан  Уахитов  сияқты  оқушылар 
да  құлпытастардың  өлшемін  алуға,  ара  қашықтарын 
анықтауға, нөмерлерін салуға белсенді көмектесті. Ғалым 
ағаларынан естіген әңгімелері, бірлесіп істеген әрекеттері 
балалардың  естерінде  ұзаққа  сақталып,  кейбіреулеріне 
мамандық таңдауға түрткі болар деп үміттенеміз.  
Берік Каюпов,  
Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология 
орталығының қосымша білім   беру педагогы
Ы.Алтынсарин  атындағы ЖОББМ   тарихи-өлкетану  
мұражайының   меңгерушісі

182
ТЕРЕКТІ – ӨҢІРДЕГІ МА Л МЕН ЕГІНДІ 
ҚАТАР ҰСТАП ОТЫРҒАН ІРІ АУДАНДАРДЫҢ 
БІРІ. ЭКОНОМИКА СОҒАН БЕЙІМДЕЛГЕН. 
ҚОС СА ЛАНЫ ДА ТАРАЗЫНЫҢ БАСЫНДАЙ 
ТЕҢ ҰСТАП, ТЕҢ ДАМЫТА ДЫ. БҰЛ 
ОРАЙДА МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН АУЫЛ 
ШАРУАШЫЛЫҒЫНА МОЛ ҚҰЙЫЛЫП 
ОТЫРҒАН ҚАРЖЫ МЕН ҚОЛДАУДЫҢ 
КӨМЕГІ МЫҚТЫ. БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ 
ӨЗІНДЕ  ШАРУАШЫЛЫҚТАРДЫҢ КӨКТЕМГІ-
ДА ЛА ЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА РЕСПУБЛИКА 
БЮДЖЕТІНЕН  112,1 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ. 
ОНЫҢ  3,8 МЛН. ТЕҢГЕСІ КАРТОПҚА,  36,4 
МЛН. ТЕҢГЕ МА Л АЗЫҒЫНА, 3,4 МЛН. ТЕҢГЕ 
– ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРҒА ТӨЛЕНДІ. 
ҚОС САЛАДАН 
ТЕҢ ЕМГЕН ТЕРЕКТІ
Жалпы биыл 52,7 
мың гектар жерге 
дән салынды. Соның 
ішінде 37,412 мың 
гектарға жаздық 
бидай, 12,942 мың га – арпа, 0,655 мың  га – тары, 1,6 мың 
га – сұлы, 0,148 мың гектарға ноқат, 0,042 мың гектар 
жерге сорго себілді. 11,147 мың гектарға майлы дақылдар 
салдық. Бақша, көкөніс салуға қолайлы жерлерді тиімді 
пайдаланып, 354 га алқапқа картоп, 458,14 га жерге түрлі 
көкөніс, 158,6 га жерге бақша дақылдары салынды. 
«Мал-жаның аман ба» деп, жаннан бұрын мал халін 
сұрайтын қазақпыз ғой. Мал басын қыстан қоңды 
шығарып, өз төлі есебінен өсім алу үшін қысқыға мал 
азығы құнарлы, санымен қатар сапалы болуы қажет. 
Сондықтан да, 44,3 мың га жерге мал ащығына жарамды 
дақылдар салдық.
Мал өсіруде табыссыз емеспіз. Өткен қыстан аман 
шығып, көктемде төл есебінен көтерілген мал жазғы 
жайлауда,  тұрақты түрде өсіп  келеді. 
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, ірі қара 
3,4, оның ішінде сиыр – 9, жылқы – 11,2, қой мен ешкі 
– 3,7, түйе – 66,6, шошқа – 16,8, құстар – 0,4 пайызға 

183
көбейіп, тиісінше ірі қара саны 41 962, 
оның ішінде, сиыр – 17 017, түйе – 40 
басқа, қой – ешкі 71 692, жылқы - 9 281, 
шошқа - 2 560, құстар 45 740 басқа жетті. 
Мал негізінен шаруа қожалықтарында 
ұсталады. Сонымен, ірі қараның 14 
289 басы, 18 231 бас қой-ешкі, 4 008 
жылқы  қожалықтар бағымында. Малдан 
сапалы өнім алу мақсатында мал 
басын асылдандыру шаралары кешенді 
жүргізіледі. Осы бағытта шаруашылықтар 
«Сыбаға», «Құлан» мемлекеттік бағдарламалары 
бойынша 533 бас асыл тұқымды мал сатып алып отыр. 
«СЫБАҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 
«АЛАША» ШАРУАШЫЛЫҒЫ 8 МЛН. 500 МЫҢ 
ТЕҢГЕ НЕСИЕЛІК ҚАРЖЫҒА 2 БАС АСЫЛ 
ТҰҚЫМДЫ БҰҚА МЕН 44 БАС АНА ЛЫҚ МА Л 
САТЫП А ЛДЫ. «МҰҚАС» ЖӘНЕ «БЕЙБАРС» 
ШАРУА ҚОЖ А ЛЫҚТАРЫНЫҢ ӘР ҚАЙСЫСЫ 
8,5 МЛН. ТЕҢГЕ НЕСИЕГЕ ҚҰЖ АТТАРЫН 
ТАПСЫРЫП, НӘТИЖЕСІН КҮТІП ЖҮР.
«Ибрагим» қожалығы «Құлан» бағдарламасы  
бойынша  10 млн.  теңге  несие  алып, «мінсең 
– көлік, ішсең – қымыз, жесең – ет» болатын, 
қазақтың жеті қазынасының бірі - жылқы малын 
көбейтіп отыр. 
Бұл жұмыс «Агробизнес – 2020» бағдарламасы 
аясында да іске асырылуда. Жыл басында мал 
және өсімдік шаруашылығын ауылшаруашылық 
техникасымен, кешенді қондырғылармен жабдықтау 
мақсатындағы 7 бағытта 21 жобаны іске асыру 
жоспарланған болатын. Соның тең жартысы, 99 млн. 
568 мың теңге тұратын 10 жоба іске асырылды. 
Етті мал шаруашылығын дамыту үшін – 4 жоба, 
сомасы 25 млн. 208 мың теңге;
Етті бағытындағы мал өсіруші шаруашылықтарын 
құру үшін  – 1 жоба, сомасы 10 млн. 180 мың теңге; 
қой шаруашылығын дамыту үшін – 1 жоба, сомасы 7 
млн. 130 мың теңге. Шындығына келсек, мал өсірген 
қожалықтарға көмек мол. Өткен жылы мал алуға, 
ет-сүт сияқты өнім өндіруге 204,6 млн. теңге демеу 
қаржы берілген еді, ал биыл 283,0 млн. теңге төлеуге  
мүмкіндігіміз  бар, соның 70,6 млн. теңгесі төленді.
Жеміс-көкөніс шаруашылығын жабдықтау үшін – 2 
жоба, сомасы 50 млн. 030 мың теңге.Жайылымдық 
жерлерді суландыру үшін – 2 жоба, сомасы 7 млн. 020 
мың теңге; 
Көктемнің әр күнін тиімді пайдаланып, жерге 
дән салып тастаған қожалық шаруалары жаздың 
да әр күнін тынымсыз еңбекпен өткізуде. Қыстақ 
басына үйілген мая-мая шөп пен жөндеуден өткізіліп, 
сақадай сай тұрған қора-жайлар – соның дәлелі. 

184
В ожидании
 хорошего урожая

185
Вот уже  четвертый год КХ «Балакирев» профилируется на производстве картофеля. В нынешнем году поля, 
занятые под данный вид овощеводства, составляют 140 га.
- Хозяйство  выращивает элитные сорта картофеля, стабильно  дающие рекордный урожай от 350 и более 
центнеров с гектара, - говорит заместитель главы  крестьянского хозяйства «Балакирев» Александр Марычев. 
– Семенной закуп производится в России. Однако в  прошлом году был заложен уже свой семенной элитный 
сорт в количестве 600 тонн. Наш продукт славится отменным вкусом и пользуется большим спросом на мест-
ном рынке.
По словам Александра Петровича, такого урожая хозяйство достигает благодаря высокому уровню техни-
ческой оснащенности. Хозяйство имеет всю необходимую технику для возделывания картофеля. Здесь приме-
няется, так сказать «нулевая технология», т.е. весь процесс, от посадки до сбора и хранения урожая, полностью 
механизирован. В КХ «Балакирев» в наличии вся необходимая техника. Особо следует сказать об американ-
ской дождевальной установке T-L  с круговым действием с охватом 70 гектаров площадей. Как говорят специ-
алисты, данная система имеет гидравлический привод колес  и сама может увеличивать давление воды, если 
это необходимо. Есть здесь и дождевальная установка российского производства. 
Ранее районная писала о пуске в строй данным хозяйством  овощехранилища  голландского производства 
с холодильным оборудованием. Общая вместимость его составляет 2600 тонн картофеля. Напомним, что здесь  
в перспективе строительство еще одного такого овощехранилища. На сегодня в хозяйстве трудятся стабильно 
10 человек. В сезон число рабочих мест значительно увеличится.
- Государство дает возможность всем желающим начать свое дело. Поэтому нужно не лениться, а принимать 
эту помощь и работать, работать, - уверяет глава КХ «Балакирев» Вячеслав Балакирев. - Не нужно ждать, что 
кто-то придет и создать тебе благостные условия. Такого не будет никогда. Нужно отходить от иждивенческого 
настроения. Поэтому в этом плане мне импонирует идея Главы государства о создании общества всеобщего 
труда. Ведь только ежедневным кропотливым трудом можно чего-то добиться в этой жизни. 
К этим словам Вячеслав Анатольевича трудно что-либо добавить. Пожелаем же ему хорошего урожая. 

186

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет