ӨТКЕННІҢ
ӨШПЕС
ІЗДЕРІ
МҰРАҒАТ
77
Батыс Қазақстан облысы
Ауданды қоныстанған
халықтардың тарихы бөлігінде
қазақ халқының XlX ғасырдағы
Исатай бастаған халық
көтерілісінің бастаушысының
бірі, жауға қалам мен найзаны
бірдей сілтеген әрі ақын, әрі батыр
Махамбет Өтемісұлының 1829-
1831 жж. Калмыковта отырған
түрмесінің қақпасы мұражай
үшін құны жоқ-тарихи экспонат
болып табылады. Сол тұстағы
қолданыста болған қарулардың
түрі, үкілі домбыра, қамшы және
фотоматериалдар қойылған.
ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗ
– КЕЛІНШЕКТЕРІНІҢ
А Ж АРЛАНДЫРУ ӘШЕКЕЙЛІ
ЖӘНЕ ТҰРМЫСТЫҚ
БҰЙЫМДАРЫ, СОНЫҢ ІШІНДЕ:
ХІХ-ҒАСЫРДА КИГЕН ТАЗА
БЫЛҒАРЫ ТЕРІДЕН ТІГІЛГЕН
ӘЙЕЛДЕР ЕТІГІ, КҮМІСТЕН
Ж АСА ЛҒАН БҰЙЫМДАР
ҚҰДАҒИ- ЖҮЗІК, ТҰМАРША,
А ЛҚА, СЫРҒА, БІЛЕЗІК, ӨҢІР
ЖИЕК ЖӘНЕ ШАШБАУ. Зергерлік
өнер- ерте заманнан келе жатқан,
әрі халыққа көп тараған сәндік
және қосалқы өнердің бір түрі.
2010 жылы жерлес ақын
ағамыз қазақтын көрнекті ақыны
78
Ж.Молдағалиевтың туғанына 90-жыл толу толуына
орай «Мен қазақпын...» деген тақырыппен экспо-
зиция және ақынның «жұмыс бөлмесі» жасақталды.
Экспозицияға қойылған экспонаттардың ішінде 1980
жылдары ақынның өзі пайдаланған жазу құралдар
жиынтығы, киген киімдері, марапат қағаздары,
құжаттары, фотосуреттерімен қатар ақынның өзі ар-
найы тапсырыспен жасатқан домбыра мен анасының
портреті орталық орынды алған.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай жаңа
экспозиция жасақталып, Кеңес Одағының батыры
М.Абдоловтың жеке құжаттары мен бұйымдары
мұражайға алынды, Отан соғысы тарихына лекциялар
оқылып, көрмелер ұйымдастырылып, ауылымыздың
жастары мен мектеп оқушыларының Отан Соғысы
ардагерлерімен кездесулер циклі өтті.
Қазіргі таңда музей экспозициясы 7 бөлімнен
тұрады: табиғат, археология, аудан тарихы, Отан
соғысы тарихы, Жұбан мен егемендік залдары,
Чапаев дивизиясы тарихы. Музей қорында барлығы
8097 жәдігерлер бар, оның ішінде ғылыми негізгі қор
саны 3700 нан астам жәдігерден тұрады.
МҰРАҒАТ
79
Батыс Қазақстан облысы
МҰРА Ж АЙДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ
ЖИНАҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ НЕГІЗІНЕН МӘДЕНИ-
АҒАРТУ, Ж АСТАРДЫ ЕЛІМІЗДІҢ Ж АРҚЫН
БОЛАШАҒЫ ДЕП ТӘРБИЕЛЕУ, ҰЛТТЫҚ ӨНЕРІМІЗДІ,
СА ЛТ-ДӘСТҮРІМІЗДІ НАСИХАТТАУ БАҒЫТЫНДА
ЖҮРГІЗІЛЕДІ. АУДАН ТАРИХЫ, АТАҚТЫ А ДАМДАРЫ
ТУРА ЛЫ ӘҢГІМЕ ЛЕКЦИЯЛАР ОҚЫЛЫП, КӨПШІЛІК
ШАРА ЛАР ӨТЕДІ. АУДАНҒА КЕЛГЕН ҚҰРМЕТТІ
ҚОНАҚТАРДЫҢ ТАМАША ЛАЙТЫН БІРДЕН-БІР
ОРНЫ МУЗЕЙ.
80
Ақжайық ауданы 1997 жылы бұрынғы Чапаев және
Тайпақ аудандарының біріктірілуі негізінде құрылған
облыстағы ірі аудандардың бірі. Аудан Батыс Қазақстан
облысының орталық бөлігін алып жатыр. Аумағы – 25,7
мың шаршы км. Тұрғыны – 42360 адам. Орташа қоныстану
тығыздығы – 1 шаршы км-ге 1,7 адам. 52 елді мекеннің
басым бөлігі Жайық өзенін жағалай орналасқан. Орталығы
– Чапаев ауылы. Аудан құрамына 18 әкімшілік – аумақтық
бөлініс – Ақжол, Ақсуат, Алмалы, Алғабас, Базартөбе,
Жайықтың жағасында
Базаршолан, Бударин, Есенсай, Жаңабұлақ, Жамбыл,
Қабыршақты, Қарауылтөбе, Қурайлысай, Көнеккеткен,
Мерген, Сарытоғай, Тайпақ, Чапаев ауылдық округтері
кіреді. 21 ұлт өкілі тұрады.
Аудан облыстың 7 ауданымен және Атырау облысымен
шектеседі. Аудан жерімен Орал – Атырау, Чапаев –
Жалпақтал, Чапаев – Жаңақала күре жолдары өтеді.
Аудан аумағында елдімекендердің басым бөлігі табиғи
газ отынын пайдалануда. «Таза су», «Ақбұлақ» мемлекеттік
81
Батыс Қазақстан облысы
бағдарламаларына сәйкес 19 елдімекен ауыз сумен
қамтылған. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты
жаңғырту-2020»
бағдарламасы
аясында
бөлінген
көпқабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтуде.
1931 жылдан аудандық «Жайық таңы» қоғамдық-саяси
газеті шығарылып келеді.
Аудан жері жазық, күнгей бағытта еңістей береді.
Жайық өзені аудан жерін Еуропалық және Азиялық бөлікке
қақ жарып ағады.
Өсімдіктер дүниесі – ақ жусан, қара жусан, мия,
бидайық, еркек шөп,теріскен, шытыр, сүттіген, тобылғы,
қоңырбас т.б. Тоғайлықтарда – қараағаш, көктерек,
үйенкі, емен (сирек), қайың (өте сирек), жыңғыл т.б.
Орал педагогикалық институтының оқытушылары,
есімдері Одаққа жақсы танымал ғалымдар В.В.Иванов,
Е.А.Ағелеуов, А.Ю. Богданов, А.З.Петренко ұзақ жыл аудан
аумағында геоботаникалық ауқымды зерттеулер жүргізіп,
мұндағы табиғи ландшафты қорғау, жекелеген өсімдік
түрлерінің таралу ареалы, экосистема тепе-тендігін сақтау
т.б. көкейтесті проблемаларға қатысты аса құнды ғылыми-
практикалық еңбектер жазды. Жануарлары – қасқыр,
түлкі, сарышұнақ, қосаяқ, қоян, күзен т.б. Құстары – боз
торғай, қыстау қарлығашы, безгелдек, дуадақ, қарақұс,
қырғи, тырна (сирек), аққу (өте сирек) т.б.
Ауданның тұңғыш тарихи-танымдық анықтамалығы
жарық көрді.
Дене тәрбиесі және спорт шараларының бұқаралық
сипат алуына барынша жағдай жасалған. Аудан бойынша
«Жігер» спорт клубы, 2 Балалар және жасөспірімдер спорт
мектебі, 45 спорт алаңы бар.
Аудан жері мал шаруашылығы үшін өте қолайлы.
Шаруалар түлік тұқымын асылдандыруға бет бұруда,
мұның көш басында «Сәбит» және «Дөңгелек» шаруа
қожалықтары тұр. Ауданда бау-бақша өсіру де кең қанат
жайып отыр. Қарбыз өсіруді негізгі кәсібіне айналдырған
бақшашыларымыз аз емес. Ел аузында «Тайпақ қарбызы»
атымен тараған қарбыздар жыл сайын аудан және Орал
қаласы мен облыс аумағына таратылады. Қарбызбен
қатар қауын, басқа да бау-бақша өнімдері шығарылады.
82
Аудан бойынша мүйізді ірі қара саны - 76242,
жылқы - 24987, қой-ешкі - 253828, түйе - 227. «Сыбаға»
бағдарламасы бойынша 14 шаруа қожалығы 162,8 млн.
теңге несие алып, 21 бас асыл тұқымды бұқа мен 489 бас
аналық мал сатып алды.
«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясындағы шебер
жоспарлар бойынша 28 жоба бекітілді. Биылғы жылға
оның 18-і қолға алынып, бүгінгі таңда 10 жоба орындалды.
6 жоба жыл аяғына дейін жүзеге асады деп күтілуде.
2 жобаның іске асырылуы 2015 жылы аяқталады деп
күтілуде.
«Ақжайық Агро» несие серіктестігі арқылы 7 шаруа
қожалығына 37,7 млн., «Егінжай» бағдарламасы арқылы
3 шаруа қожалығына 8,4 млн., «Мурабаха» бағдарламасы
бойынша 14 шаруа қожалығына 51,8 млн., «Кәсіпкер»
бағдарламасы бойынша 6 кәсіпкерге 19,0 млн., «Орал»
шағын несие ұйымы арқылы 2 кәсіпкерге 5,8 млн. теңге
несие берілді.
Ауданда кәсіпкерліктің өрістеуіне жол ашылып, жаңа
сауда, басқа да қызмет орындары көбейіп келеді. Жуырда
Чапаев ауылы іргесінде Орал-Атырау күре жолының
бойында «Әулет» кемпингі ашылды. Аудан бойынша ресми
тіркелген 31 заңды, 841 жеке кәсіпкерлер (2015 жылдың 1
қыркүйегіне) 3 млрд. 421316 мың теңгенің өнімін өндіріп,
аудан бюджетіне 44,6 млн. теңге қаржы түсірді. 2880 адам
жұмыспен қамтылды.
83
Батыс Қазақстан облысы
4 наубайхана, 3 пластикалық терезе жасау, 10 тігін, 7
ағаш өңдеу, 2 металл бұйымдарын өндіру, 1 токарлық, 1
зергерлік цехтар сонымен қатар, 9 автокөлік жөндеу орны,
9 шаштараз, 2 монша, 1 кірпіш зауыты, 1 ет өңдеу кешені, 9
жанар-жағар май құю бекеттері, 5 дәріхана, 23 тойхана, 28
дәмхана, 160 дүкен, 33 дүңгіршек, 1 коммуналдық базар
халыққа қызмет етуде.
2014 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының
екінші бағыты бойынша 57 адам 133,0млн. теңгеге қол
жеткізді. Олардың 44-і мал бағуды мақсат етсе, 13-і әр
түрлі салаларда қызмет көрсетуге несие алды.
Мұның барлығы – аудан халқының игілігі үшін
жүргізілген жұмыстар.
84
«Шебердің қол-алтын»,-дейді атам қазақ. Сөзге
де шебер, іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті
мен өнерін паш ететін құндылықтарының бірі –
оның қолөнері. Ағаштан, темірден түрін түтеп,
жүннен көз жауын алатындай Бұйым жасаған,
асыл тастардан сән бұйымдарын соққан, сүйек
пен мүйізді, шиді қиыннан қиыстырған халық
шеберлерінің ісі – мақтауға тұратын өнер.
Бүгінде сирек болса да сондай жандардың бірі –
Аманғали Қайсағалиев ақсақал. Ол өзі жасаған
дүниесін фальклормен, ауыз әдебиетімен байла-
ныстырып отырады екен.
Қазақтың фольклоры, өлең жыры да тұрмыста
қолданылатын құрал-жабдықтары молынан орын
алған.
Мысалы, ел-жұртымыздың мәдени-тұрмысы
мен рухани зердесінде кәдімгі қамшының ерекше
мәні бар.
Қазақ өнері мен тұрмысында қамшы-өнер
туындыс, қамшы-рухани күш-қуат, қамшы-сый-
сияпат, қамшы-жігіт пен қыздың сән-салтанаты,
қамшы-азамат айбыны, қамшы-шебер қолдың
айғағы, қамшы-алса-қару, қалса-мұра екені
айқын.
Қамшыны ауызға алмай өлең, жыр айтылмаған:
Қолымда бір қамшым бар алты таспа,
Сұлудың керегі жоқ сенен басқа - деп жырлауы
да содан. Қамшының жиырмадан астам түрі бар.
Сондай-ақ мал айдауға, ұрыста, соғыста қару ор-
нына да жүретін қамшылар да(дыр, дырау, дойыр)
болған.
Қай қамшы мынау қамшы?-дырау қамшы,
Сабына өрнек салған құрау қамшы.
Атты да жылдам жүргізіп қана қоймай,
Батырға айбат берген дырау қамшы.
Ағамыздың алты өрме-бұзау тіс, сегіз өрме-
жылан бауыр, он өрме-қанат қияр, он екі өрме-
дойыр қамшылары осының айғағындай.
Қараойдың қамшым қалды қабағында,
Шырыны қымыздықтың сабағында, - деп ән
шырқаған дала қазағымның өміріндегі қасиетті
ҚАЗЫНАҒА ТОЛЫ
ҚАРТТАРЫМ-АЙ
МҰРАҒАТ
85
Батыс Қазақстан облысы
қамшының қадір-қасиеті осы дойырларды көргенде сезіне
түсесің.
Ер-салт мінетін ат тұрманының жалпы атауы, әбзелдің
негізгі ағаш тұғыры. Ол екі қастан, он қапталдан,
арқалығынан (белағаштан) тұрады.
Көшкенде жылқы айдаймын жиыстырып,
Ер шаптым бес ағаштан қиыстырып,
-деген құранды ер, шошақ бас ер, қазақы ер, үйрек
бас ер, қарын бас ерлердің түрін жасаған. Ағамыздың
да бес ағаштан құрап қиыстырып шапқан еріне қызыға
қарамасқа амлың жоқ.
Ал, біздің ауыл Ақсайдың қақпасында,
Күміс жүген жарқылдар ат басында, -
деп шырқаған, сондай-ақ
Аспанда ұшып жүрген көгілдірік,
Жарасар жүйрік атқа өмілдірік.
Жаным-ау неге келдің, неге кеттің,
Бір жағын қабырғамның сөгілдіріп?, -
деп әнге қосқан.
Жүген жалпақ өріммен немесе түйген жүген түрінде
жасалыпты. Ол-ат басына кигізілетін негізгі әбзелдің бірі.
Олекі жақтаудан, желкеліктен, кекілдіктен, кеңсіріктен,
сулықтан, ауыздықтан, сағалдырықтан, шығылдырықтан
және тіріннен тұрады.
Ал өмілдірік – ер кейін кетпес үшін аттың омырауына
шеттік арқылы тағылатын, әсемделген, шекетулеген өте
сәнді әбзел екен.
ДОМБЫРА-ҚАЗАҚ ХА ЛҚЫНЫҢ ЕҢ КЕҢ ТАРАҒАН ЕКІ
ШЕКТІ, КӨП ПЕРНЕЛІ МУЗЫКА ЛЫҚ АСПАБЫ. А ЛҒАШ
ЭПИКА ЛЫҚ ДӘСТҮР ШЕҢБЕРІНДЕ ЖЫР, ТОЛҒАУ,
ТЕРМЕЛЕРДІ СҮЙМЕЛДЕУГЕ ҚОЛДАНЫЛҒАН
ДОМБЫРА КЕЙІН АСПАПТЫҚ ШЫҒАРМА-КҮЙ
Ж АНЫРЫНЫҢ ҚА ЛЫПТАСУЫНА ЫҚПА Л ЕТКЕН.
Қолымда домбырам бар қозы құйрық,
Жасаған без қайыңнан терең ойып, - деген дей өзі де
күйші Аманғали ағамыздың шебер қолымен ойып жасаған
домбырасы сыңғырлап-ақ тұр. Тұтас ағаштан шанақтың
қуысы тостағанша дөңгеленіп ойылған, ал мұның өзі
аспаптың дауысы жақсы шығуына мүмкіндік береді екен.
Шебердің мұнан басқа да жасаған дүниелеріне қызықпай
қарау мүмкін емес.
Белбеу - (алқа белбеу, қансарма белбеу, кемер белбеу)
негізі былғарыдан тігіліп, түрлі әшекейлермен шекетулен-
ген.
Пышақ - (кездік, бұйда пышақ, лөкет, бәкі) аңға неме-
се жолға щыққанда міндетті түрде алып жүретін қажетті
дүние деп есептеледі.
Тоғызқұмалақ-әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен
бой теңестіре алатын зияткерлік ойын, логикалық ой-
лау өнері. Ағамыз тоғызқұмалақ тақтасын ескі үлгідегі
ерекшелікті сақтап (2 қазаны бар) жасапты.
Ал өзі ойлап тапқан тақтада ойналатын «Бес асық» ту-
ралы бұрын да жазылып, айтылып жүр.
Ыдыс-аяқ, ағаш ожау, қасық т.б құралдары да
ыңғайлылығымен, өзіндікшешімімен ерекшеленеді.
Ал ауласында табиғаттың өзі ұқсатып жаратқан
дүниелерді сәл-пәл өңдеп түрлі аң-құстың бейнесіне ай-
налдырып шебердің ой-қиялына таңданбасқа шараң жоқ.
Күйші, музыкант, сазгер, шешен, спортшы, зергер,
қолөнер шебері, тілші, атбегі Аманғали ағамыздың салау-
атты сәнді өмірін жас ұрпаққа үлгі өнеге ету мақсатында
жазылды бұл мақала.
Мәлік Берді Әлі,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
86
Е
сеналиев Мираш Науқанұлының отба-
сы 1998 жылдан бері Чапаев ауылын-
да тұрады. Отағасы Есеналиев Мираш
Ақжайық аудандық сотының бас маманы
болып қызмет етуде. Отанасы Есеналиева Қалампыр
М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін
мектептің ұстазы.
Мираш пен Қалампырдың жанұясы ата-анасы
Науқан ағай мен Надежда апайдан алған тәлім-
тәрбиесін, ұлағатын, жалпы отбасылық өнегені өз ба-
лаларына үлгі етіп отырған ауылымыздың мақтан
тұтар жапырағы жайылған отбасының бірі. Атадан
қалған атбегілік өнерді кейінгі ұрпаққа насихат-
тап жүрген бұл жанұяда кәмелет жасқа толмаған
адалдық пен адамгершілікті ту еткен 3 ұл мен 3
қыз өсіп келеді. Ата – әже тәрбиесін бойларына
сіңірген балалар өз орталарында да беделді.
«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ, КІШІГЕ – ІЗЕТ» ҮРДІСІН
ҰСТАНҒАН ҮЙЕЛМЕНДЕ ҰЛТТЫҚ МИРАС,
ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БА ЛА ЛАРҒА Ж АН-
Ж АҚТЫ ҰҒЫНДЫРЫЛЫП, НАСИХАТТА ЛУДА.
Отағасы Есеналив Мираш және отанасы
Қалампыр еңбегі көпке еленген жандар. Мираш
Науқанұлы 2012 жылы өз қызметін мінсіз
атқарғаны үшін Батыс Қазақстан облыстық
сотының «Құрмет грамотасымен» марапатталса,
«АСЫЛ АТАДАН ЖАСЫҚ БАЛА ТУМАЙДЫ»
ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ
87
Батыс Қазақстан облысы
«АСЫЛ АТАДАН ЖАСЫҚ БАЛА ТУМАЙДЫ»
жұбайы Қалампыр жас ұрпаққа білім мен
тәрбие берудегі еңбегі үшін Ұлттық ғылым
академиясының «Алғыс хатымен», облыстық
білім басқармасының «Құрмет грамотасымен»
марапатталды.
Атбегілік өнерді кеңінен насихаттап, ұл-
қыздарына халқымыздың осы бағалы өнерін бойына
сіңіріп жүрген отбасының бағындырған биігі аз
емес. 1991 жылы Мұхит Мерәліұлының 150 жылдық
мерейтойында аламан бәйгеде Науқан қарт
баптаған «Торыалаяқ» атты сәйгүлік бас жүлдені
жеңіп алып, барша жерлестерін қуанышқа
бөледі. 2012 жылы Ұлы Жеңістің 67 жылдығына
арналған аламан бәйгеде Мираш Науқанұлының
«Поборник» атты сәйгүлігі ( шабандоз ұлы
Арафат) аламанның алды болып, мерейі тағы
үстем болды. Атағы Ақжайыққа танымал атбегі
Науқан ағамыз тұлпардың бабы, оны жарыстарға
сай баптау жайын түсіндіруді ұлы Мирашпен ғана
шектемей, немерелерін де бұл қасиетті өнерге
үйірсек етіп тәрбиеледі.Мираш Науқанұлы бүгінде
аудандық, облыстық деңгейдегі түрлі бәйгелерге
әділ төрағалық етсе, немересі, кешегі жеңімпаз
шабандоз Арафат қазір өзі ат жаратып, бәйгеге
талпынуда. 10-сынып оқушысы Арафаттың баптаған
сәйгүліктері ірілі-кішілі бәйгелерде бақ сынап жүр.
Ж АС ЖЕТКІНШЕК БҮГІННЕН БАСТАП,
ЕРДІҢ ҚАНАТЫ – ТҰЛПАР ЕКЕНДІГІН МЫҚТАП
ТҮЙСІНГЕН. «АСЫЛ АТА ДАН Ж АСЫҚ БА ЛА
ТУМАЙДЫ» ДЕГЕН ХА ЛЫҚ ДАНА ЛЫҒЫ
НАУҚАН ҚАРТТЫҢ ҰРПАҒЫНА АРНА ЛЫП
АЙТЫЛҒАНДАЙ.
2014 жылды жаңа жыл мерекесі қарсаңында
Қазақстан- Орал телеарнасының «Жұрт мақтаса»
атты бағдарламасында Науқан ағамыздың
атбегілік өнері, отбасы туралы бейнефильм
түсіріліп, көрсетілді. Есеналиевтер отбасы
ауданымыздың абыройы зор, көпшілік үлгі- өнеге
алатын сыйлы отбасының бірі, ел-жұртының
мақтанышы.
88
БӨКЕЙ
ОРДАСЫ
89
90
МҰРА
БӨК
ЕЙ
ОР
Д
А
«Қазынашылық»
мекемесі ғимараты.
Бөкей ордасындағы сауда
саласының дамуына,
тұрақты ақша капиталының
қалыптасуына байланысты
1867 жылы 1 шілдеде
Ордада тұңғыш рет
қазынашылық ашылып,
ол 1952 жылға дейін
қызмет етті. 1969 жылы
қазынашылық ғимараты
Орда тарихи-революциялық
музейіне берілді.
Орда тарихи-
революциялық музейі 1962
жылы 15 желтоқсанда Кеңес
үкіметінің 45 жылдығына
орай қоғамдық негізде
ашылған. 1997 жылы
Орда тарихи музейі болып
өзгертілген. 2002 жылдан бастап музейдің негізінде Бөкей Ордасы тарихи-мұражай кешені ашылған. Осыған орай музей қайта
жасақталып, ол өлкенің 200 жылдық тарихын баяндайтын Бөкей Ордасы тарихы музейі деп аталды.
Х
ан сарайы – қазақ даласында бүгінге дейін сақталған бірден-бір Хан ставкасы, Хан ордасы ауылының солтүстік-
батыс беткейінде орналасқан ХІХ ғасырдың тарихи-архитектуралық ескерткіші. Қазақтарды жерге бекітіп
отырықшылыққа бейімдеуді мақсат тұтқан Бөкей ордасы ханы Жәңгір 1824 жылы үй салдыру жоспарын қолға алады.
1826 жылы Үкімет тарапынан қолдау тапқан құрылыс жұмысына 36102 сом 73 тиын күміс ақша бөлініп, осы кезден
бастап құрылыс арнайы Орынбор жеке корпусының инженер-поручигі Тафаевтың жобасымен және бақылауымен жүзеге
асырылады.
Хан үйі 23 бөлмеден тұрады. Негізгі үй, оның екі жағынан батыс және шығыс флигельдері салынып, негізгі үй екі
қабатты етіп және мезонинасымен салынады. Хан үйінің терезесінің алды ағаштан әдеміленіп, үлкен шарбақпен қоршалған.
Айналасында қызметшілеріне арналған бірнеше үйлер, құдығы, ат қорасы, жеміс-жидек бағы болған.
Х
АН
С
АР
АЙ
Ы
91
1828 жылы Жәңгір өз үйінің бір бөлмесінен ашқан «Қару-жарақ палатасы» Қазақстандағы тұңғыш сән және қосалқы
өнер музейі болды. Мұнда Жәңгір хан әулеттік-династиялық, этнографиялық заттар мен қару-жарақ түрлерін, тарихи құнды
құжаттарды жинақтаған.
1988 жылдан бастап Хан сарайының сақталған шығыс бөлігі тарихи ескерткіштер қатарына алынып, Орда тарихи-
революциялық музейінің қарамағына берілді. Кейін мұнда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, 2002 жылы Бөкей ордасы
тарихи-мұражай кешені құрамындағы «Хан сарайының қару-жарақ палатасы» музейі жасақталды.
Х
ан мешіті.
1835 жылы Ішкі
Қазақ ордасының
ханы Жәңгірдің
жобасымен жергілікті
халықтың ғибадат ететін орны
мешіт салынады. Ғимарат
биік күмбезді мұнарасы бар
қызыл кірпіштен қаланған,
үш жағынан кіретін есіктердің
әр қайсысында 6-дан Иоанн
ордені үлгісіндегі колонналар
орнатылған. Ел ішінде «Хан
мешіті» деп аталған бұл
қасиетті орын Жәңгір қайтыс
болғаннан кейін өртеніп
кеткен.
2001 жылы Бөкей
ордасының 200 жылдығына
орай мешіт ғимараты қайта
жаңғыртылып ішіне Бөкей
ордасы тарихи мұражай
кешені құрамындағы
тәуелсіздіктің 10 жылдығына
арналған «Тәуелсіздік музейі»
жасақталды. 2011 жылы
Қазақстан тәуелсіздігінің
20 жылдығына орай
музей экспозициясы қайта
жаңғыртылды. Ғимарат
екі залдан тұрады. Бірінші
залында Қазақстанның
егемендік алған 20 жыл
ішіндегі жетістіктері туралы
баяндалса, екінші залында
осы кезеңдегі Батыс Қазақстан
облысы, Бөкей ордасы ауданы,
Хан ордасы ауылы туралы
материалдар қамтылған.
Х
АН
М
ЕШ
ІТІ
92
МҰРА
Қ
Ы
ЗД
А
Р
У
ЧИ
ЛИЩ
ЕС
І
Қ
ыздар училищесі Қыздар училищесі ғимараты 1883
жылы жергілікті қыз балаларға арнаулы орта білім беру
мақсатында ашылған оқу орнына арнайы салынған. Бұл
білім ұясында белгілі қоғам қайраткерлері А.Оразбаева мен қазақ
қыздарынан шыққан тұңғыш инженер-металлург М.Бегалиева
және т.б. танымал тұлғалар білім алған.
Көп жылдар бойы жергілікті мектепке қызмет жасап
келген ғимаратта 1997 жылы Бөкей ордасы тарихи музейінің
«Халыққа білім беру» бөлімі орналастырылды. 2002 жылдан
бастап Бөкей Ордасы тарихи-мұражай кешені құрамына енді.
2007 жылы қарағайлы үлкен ғимарат Мемлекеттік «Мәдени
мұра» бағдарламасы бойынша қалпына келтіріліп, мұнда кешен
құрамындағы «Бөкей ордасында халыққа білім беру музейі»
ашылды.
О
рда баспаханасы. Хан ордасының Ғ.Әзербаев және Ғ.Зарипов көшелерінің қиылысқан жерінде орналасқан ғимаратта
Бөкей ордасын басқару жөніндегі Уақытша Кеңес қызмет жасаған. Кейін 1873 жылы мұнда дәріхана орналастырылған
болса, 1918 жылдың жазында осында тұңғыш қазақтың Кеңестік баспаханасы ашылды. Мұнда Х.Есенбаев, Е.Бұйрин,
Ғ.Қараш, Б.Қаратаев, М.Шомбалов, С.Меңдешев сынды қазақ зиялылары жұмыс жасап «Хабар» (Известия), «Қазақ дұрыстығы»,
«Дұрыстық жолы» сынды газеттер шығарып тұрды.
Кезінде қазақ кеңестік баспасөзінің бастауы болған бұл үйдің көшірмесі бүгінгі күні Бөкей ордасы тарихи-мұражай кешені
ауласында салынып, 2013 жылы музейлендірілді.
«Тұңғыш қазақ Кеңестік баспахана» мұражайы үш залдан тұрады.
О
РД
Достарыңызбен бөлісу: |