ШЫҢҒЫРЛАУ
АУДАНЫ
187
ШЫҢҒЫРЛАУ
АУДАНЫ
188
«Жүйрікке қалудан
да озу оңай»
ТОП БӘЙГЕ
Ортаға 9 шақырымдық жарысқа түсетін сәйгүліктер шақырыла бастады.
Жүйріктер бірінен-бірі өтеді. «Ақ қасқа», «Бақторы», «Қызыл күрең», «Қарлығаш»....Осылай жалғаса береді.
Міне, белгі де берілді.
Үш айналымнан тұратын жарыс зыр етіп өте шықты. Нәтижесінде Атырау облысының Индер ауданы Өрлік ау-
ылынан келген Сұлтан Нигымов-тың бағы жанды. Бас бәйгеге жылқы берілсе, екінші орын шыңғырлаулық Мирас
Темірболатовқа, үшінші орын Қарағаштан келген Болат Макимовқа беріліп, оларға қомақты қаржы ұсынылды.
Биылғы тұлпар жарысы топ бәйге, аламан бәйге болып бөлінді. Облысымыздың бірнеше
аудандарынан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының сәйгүліктер келді. Бұл шараның
қамтылу ауқы-мының кеңейгенін та-нытса керек. Әйгілі абыз Асан қайғының аталы
сөзі қалған, Баһадүр Бөкенбай бабамыздың тұлпарының ізі қалған, аяулы Қалампыр
Рахимованың бұлбұлдай үні қалған Шыңғырлау жеріндегі бәйгені көпшілік асыға күтті.
Автокөліктен бастап, жылқы, қомақты қаржының тігілуі де ұлттық өнеріміздің мәртебесін
көтергені мәлім. Тіркеуден өткен бәйге аттары тықыршып белгі күтуде.
189
Батыс Қазақстан облысы
АЛАМАН БӘЙГЕ
Бабы мен бағы келіскен тұлпарлар бірінен соң бірі төрешінің жанынан сап түзеп, белгі күтуде.
Белгі берілер- берілместен арғымақтар ата жөнелді. Басталған бәйгені көруден артық не бар екен?!
Қиқу салып, қошеметке басқан жерлестеріміз қандай десеңізші.
8 айналым. Аттың аты ғана шыдайтын қашықтық бұл. Алға бірден суырылып, төрт ат бөлініп
шықты. Бірінші болып, ақтөбелік шабандоз «Қозы күреңмен» ағызып келеді. Құйрық тістескен
жылқылар да қалар емес. Бұл басы ғана.
Шыңғырлаулық атбегі Нұрболат Ақпанов бауырымыз соңғы жылдары аудандағы ат спортын
өркендетуге көп күш салып жүрген елжанды азамат. «Буран» атты торы айғырының тілеуін тілеп,
«мазасыздануда».
«Жүйрікке қалудан да озу оңай» деген бар. Әр айналым сайын тұлпарлар арасы ашылып,
мықтылар ерекшелене бастады. Әуеде атақты қазақ барды Табылды Досымовтың «Сәйгүліктер
шабысы» күйі күмбірлеуде. Осыны үйлестіріп тұрушы Елдар Бижановқа да ел риза.
Соңғы айналым. Бәйгі кімдікі?
Бас бәйге – Нұрболат Ақпановта! «Буран» бірінші келді, екінші болып, ақтөбелік Дәулет
Ермағамбетовтың сәйгүлігі, үшінші болып белогорлық Тыныштық Иманғалиевтың күрең айғыры
мәре сызығын кесіп өтті.
Торатыбасымен тұғырлы Аққұ-мымен арайлы, Сарқырамасымен сәнді, Елегімен еңселі Шоқай-
терегімен шырайлы елдегі аудан күніне арналған той аяқталды.
Шараны қорытындылаған аудан әкімі бәйге жеңімпаздарын марапаттады.
Бас бәйге иегері Нұрболат Ақпановқа Алдияр Сансызбайұлы автокөлік кілтін табыс етті.
Жаңа машина халықтың көзайымына айналып, алаңға жарқ етіп шыға келді! Қуанышың көп бол-
сын ағайын! Той тойға ұлассын!
190
А
удан күніне арналған
той қазақтың ұлттық
ойындарының кең
түрде көрініс
табуына сеп болғаны рас.
Сайысқа келіп ауыздарына
қамшыларын тістеп, төстерін
ұрып, ат үстінде аударыспаққа
қатысқан жігіттердің жігіттері
бір-бірінен асып түсіп жатты.
Сонымен бір уақытта көк
кілемнің үстінде күш сынасқан
түйе палуандар да тіресіп-ақ
бақты. Сайыс соңында әділ
төреші түйе палуандарды
ортаға шығарып, 1-орынды
Шыңғыс Шоқпытов (Ақтөбе), 2
орынды - Нұрсұлтан Абдраман,
3 орынды - Сұңғат Махамбетке
(Орал) тиесілі деп шешіп, ал
гір көтеруден Д.Галиев 1-орын,
Ж.Түймешов - 2 орын, Г.Ажғалиев
- 3 орынды иемденді.
Тойға келген
шыңғырлаулықтар мен
қонақтардың назарын жаула-
ған ұлттық ойындардың бірі -ат
үстіндегі аударыспақ болды.
Бел-діктерін буа тартып,
аттарының жалын құшып
бір-бірімен ат үстінде күш
сынасқан «күштілер» ептілік
пен ыждағаттылық қасиеттерін
көрсете білді. Жүрек жұтқан
жігіттердің ішінде әсіресе,
Орал қаласынан арнайы келген
А.Сарсекенов өзгелерден
шоқтығы биік болып, 1-орынға
шықса, одан қалыспаған
бөрлілік А.Балпанов 2-орынды
қанжы-ғасына байлады. Ал
екінші бөрлілік Б.Мукашев 3-ші
орынға шықты.
Бір кезде дала төсін
көкпаршылар дүбірлетіп,
Ұлттық ойындар көрініс
тапқан той
оларды көрермен қауым қиқу сала көтермелеп мерекенің
сәнін келтірді.
ЕКІ КҮНГЕ СОЗЫЛҒАН АУДАНЫМЫЗ-ДЫҢ МЕРЕКЕ
КҮНДЕРІНДЕ АУА РАЙЫ ДА ОҢ ҚАБАҒЫН ТАНЫТЫП,
МИЗАМ ШУА-ҒЫНДАЙ НҰРЫН ТӨГІП ТҰРДЫ.
А ДАМДАРДЫҢ ЖҮЗДЕРІНДЕ ДЕ БІР-БІРІНЕ ДЕГЕН
ЖЫЛЫ ҚАБАҚ, МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ, ӨЗ ЕЛІНЕ,
ЖЕРІНЕ ДЕГЕН РИЗАШЫЛЫҚ СЕЗІМДЕРІ ТҰНЫП
ТҰРДЫ.
Айта кету жөн, мерекені ұйымдас-тырушы-лардың, демеу-
шілердің де еңбектері ерекше, оған қоса мәдениет саласы
қызметкерлерінің оны ән-жырмен көркемдеуі одан сайын
сәндеп берді.
СПОРТ
191
Батыс Қазақстан облысы
192
Т
ұрмыстық зорлық-зомбылық көріністерінен
біздің қоғам да ада емес екені баршамызға
белгілі.Отбасындағы зорлық-зомбылық
бұл қоғам үшін қауіпті, әрі өзекті де өткір
мәселелердің бірі. Ең өкініштісі, көп жағдайда әйелдер
мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбанына
айналады. Өйткені ашуға бой алдырған қара күштің
алдында әйел- әлсіз, бала қорғансыз.
ЕЛБАСЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ
ҚА ЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТТІҢ Ж АҢА САЯСИ
БАҒЫТЫ» АТТЫ ЖОЛДАУЫНДА «БІЗ АНАНЫ
ҚОРҒАП-ҚОЛДАУЫМЫЗ КЕРЕК. МЕНІ ОТБАСЫНДА
ӘЙЕЛДЕР МЕН БА ЛА ЛАРҒА ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-
ЗОМБЫЛЫҚ КӨРСЕТУ Ж АЙТТАРЫНЫҢ КӨБЕЮІ
А ЛАҢДАТА ДЫ. Бірден айтайын, ондай зорлық-
зомбылықтың жолы қатаң түрде кесілуі керек»- деп
нықтап айтқан болатын. Елбасы бұл мәселені тектен-
текке қозғап отырған жоқ. Статистикалық мәліметтерге
ЖАБЫРҚАУ
ТАРТҚАН
ЖАН СЫРЫ
сүйінсек, әлемде нәзік жандардың 20-дан 50 пайызға
дейіні өз отбасында зорлық-зомбылықпен бетпе-бет келеді
екен, біздің елімізде 500 әйел төл шаңырағында зорлық-
зомбылық құрбаны болатын боп шықты.
Міне, осы зорлық-зомбылық жағдайларының алдын
алу, ал дәл осындай жағдаяттар орын алған кезде,
психологиялық, құқықтық, әлеуметтік, медициналық
көмектер беру мақсатында бүгінде елімізде дағдарыс
орталықтары құрылып, жұмыстануда.
Орал қаласында 2012 жылдың маусым айында белгілі
тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу
орталығы жанынан тұңғыш рет тұрмыстық зорлық-
зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесі
ашылған болатын. Кейін бөлімше қызметінің ауқымы
кеңейіп, «Орал қалалық әйелдерге арналған оңалту және
бейімделу орталығы» болып қайта құрылды. Орталықтың
негізгі мақсаты: Зорлық – зомбылық көрген және қиын
әлеуметтік жағдайларға түскен әйелдер мен балаларға тегін
тәуліктік көмек көрсету, әйелдер мен балаларға жалпы
жанұяларға әлеуметтік – құқықтық, психологиялық және
Т ҰРМЫС
193
Батыс Қазақстан облысы
т.б. көмек түрлерін көрсету. Орталықтың
негізгі қызметі: Мемлекеттік мекемесіне бір
ай мерзімі аралығында тағдыр тәлкегіне
және зорлық-зомбылыққа ұшыраған
18 жастан асқан және кәмелетке
толмаған балалары бар әйел адамдар өз
өтініштері бойынша уәкілетті органдардың
жолдамасымен қабылданады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа
ұшыраған әйелдерге әлеуметтік көмек
көрсету орталығының қызметі үш
бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Бірінші бағыты- орталық мамандары
заңгер, психолог әр түрлі сұрақтар бойынша әйелдерге
кеңестер және көмектер береді. Мамандардың барлық
кеңестері тегін және жасырын. Екінші бағыт тұрмыстық
зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге және басқа
да дағдарыстық мәселелерді шешуге Орал қаласы
тұрғындарына Сенім телефоны арқылы психологиялық,
заңды тұрғыдан кеңестер беріледі.
Үшінші бағыт – бұқаралық ақпарат құралдарымен,
қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелермен
бірлесе семинар-тренингтер, түрлі шаралар ұйымдастыру.
Орталықтағы орын саны 10. Орталықта болу уақыты 30
күнге дейін. Штаттық кестеге сай 15 қызметкер жұмыс
жасайды.
Екі жыл жарым жыл ішінде орталыққа 500–ге
жуық әйел адам көмекке жүгініп, оларға психологиялық
және құқықтық кеңестер берілді. Психологтың көмегіне
жүгінушілер 52 пайызды құраса, 42 пайызы заңгердің
көмегіне жүгінушілер. Уақытша паналағандар саны - 165,
онын ішінде 63 әйел және 102 бала. 2015 жылдың жеті
айы ішінде 80 әйелге психологиялық, құқықтық кеңестер
берілді. Өз отбасында зорлық зомбылықтың құрбанына
ұшыраған 19 әйел балаларымен орталықты паналады.
Бүгінгі күні орталықта 3 әйел балаларымен паналауда.
41 әйел ішкі істер басқармасының жолдамасымен, 22 әйел
қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің жолдамасымен келді.
Жалпы орталыққа келіп көмек алушылардың
психологтың кеңесінен кейін әйелдердің өз-өздеріне
келуі, өздерін бағалау деңгейінің артуы, отбасылардың
қайта қосылуы сияқты оң өзгерістерді байқауға болады.
Көп жағдайда әйелдерде кездесетін әлеуметтік
проблемалар: жұмыссыздық, жалақының төмендігі,
отбасындағы әлеуметтік жағдайдың төмен болуы,
тиісті құжаттарының болмауы, құқықтық сауатсыздық,
баспананың жоқтығы.
Осындай дағдарыс орталықтарын құру – елімізде
өркен жайған гендірлік теңдік саясат шеңберінде қолға
алынып отыр. Қоғамға аса қажет. Орталыққа келген әйел
адамдардың ешкіммен бөлісе алмайтын, жүрек түкпірінде
шемен боп қатқан мұң-шерлерін тыңдап, оларға ақыл-
кеңесімізді береміз.
ОРТА ЛЫҚҚА ЖҮГІНГЕН ӘЙЕЛДЕР МЕН
БА ЛА ЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ
МЕДИЦИНА ЛЫҚ ПРОБЛЕМА ЛАРДЫ ШЕШУДЕ
ОБЛЫС ӘКІМІ Ж АНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ
ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ
ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ
САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ
САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ
ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ, ҚА ЛА ЛЫҚ ІШКІ ІСТЕР
БАСҚАРМАСЫ, ҚА ЛА ЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМА ЛАР БӨЛІМІ
ЖӘНЕ «Ж АЙЫҚ ДАУЫСЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ,
«ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» Т.Б. ТЫҒЫЗ
БАЙЛАНЫСТА ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ.
«НұрОтан» партиясының республикалық «Бақытты
отбасы» жобасы аясында бірнеше іс-шаралар атқарылды.
Атқарылған жұмыстар аз емес. Алдағы уақытта
әйелдің әлеуметтік мәртебесін қолдау, отбасы
құндылығын бағалау, ана мен баланы қорғауда зорлық-
зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, күйзелістік
жағдайлардан шығу үшін психологиялық көмек көрсетуге
барлық жағдайларды жасау, жекетұлғалық дау-жанжалдың
алдын-алу, сонымен қатар құқықтық кеңестер беру,
олардың құқықтарын қорғаудың механизмдерін жүзеге
асыру бойынша жұмыстар атқарылады.
Г. Шамкелова,
Орал қалалық әйелдерге арналған әлеуметтік оңалту
және бейімделу орталығының директоры
194
ОТБАСЫ – ҚОҒАМНЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ
Қ
азақстан Республикасының Президенті күніне орай,
елбасы жолдауында айқындалған міндеттерді жү-
зеге асыру, отбасы құндылығын, ұлттық салт-дәстүрлерді
сақтау, отбасы тәрбиесінің үздік тәжірибесін насихаттау
мақсатында Назарбаев зияткерлік мектебі және Қазақ
драма театрында «Алтын ұя» отбасылар байқауы өтті.
Байқауға Ақжайық ауданының Гумаровтар отба-
сы, Бөкейорда ауданының Садықовтар отбасы, Бөрлі
ауданының Тасимовтар отбасы, Жаңақала ауданының
Тілегеновтер отбасы, Жәнібек ауданының Нуфтагалиев-
тер отбасы, Зеленов ауданының Қалиевтер отбасы, Казта-
лов ауданының Қабиевтер отбасы, Қаратөбе ауданың Ны-
санбаевтар отбасы, Сырым ауданының Шүйіншқалиевтер
БІЛІМ
«Алтын ұя» отбасылар байқауы
отбасы, Тасқала ауданының Есбулаевтар отбасы,
Теректі ауданының Хамидуллиндер отбасы, Шыңғырлау
ауданының Сулеймановтар отбасы, Орал қаласының
Жақсыгереевтер отбасы (барлығы 74) қатысты.
Назарбаев зияткерлік мектебінде «ЭКСПО - 2017
Біздің үлес» байқауы көрме түрінде өткізілсе, «Біздің
отбасымыздың ерекшеліктері» кезеңінде әр отбасы
шығармашылық жоба қорғады. «Ұлттық өрнек киім сәні»
отбасы мүшелері өздері дайындаған қазіргі заманға
лайықталған ұлттық нақыштағы балалар киімінің үлгісін
көрсетіп, «Отбасы таланттары» байқауында өз өнерлерін
ортаға салды.
195
Батыс Қазақстан облысы
«БҚО АТА-АНАЛАР КЛУБЫ» ИНТЕРНЕТ-
ЖОБАСЫ
Облыстағы үздік отбасылар тәрбиесін наси-
хаттау, бала тәрбиелеудегі іс-тәжірибе бөлісу ата-
аналардың сұрақтарына жауаптар іздеу, өнерлі, ұлттық
құндылықтарымызды дәріптейтін отбасыларды наси-
хаттау, қолдау көрсету, ата-аналар жөнінде пікір алма-
су мақсатында www.facebook.com әлеуметтік желісінде
«БҚО ата-аналар клубы» жұмыс жасап келеді. Аталмыш
топта 435 қатысушы тіркеліп, белсенділік танытуда. Әр
түрлі байқаулармен, шеберлік сыныптарымен, жазбала-
рымен көрініп жүрген топтың қатысушылары күн санап
өсіп келеді.
«МӨЛДІР БҰЛАҚТАН...» ОТБАСЫЛЫҚ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ
«Дарын» қосымша білім беру орталығы базасын-
да Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы және
облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығының
ұйымдастыруымен «Мөлдір бұлақтан...» отбасылық
шығармашылық фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты:
отбасын белсенді қоғамдық және мәдени қызметке тарту,
отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді, салауатты өмір
салтын арттыру, отбасылық көркем шығармашылықты
дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, өскелең ұрпаққа
эстетикалық және адамгершілік тәрбие беруде отбасы
шығармашылығының рөлін арттыру. Шараға аудандық
және қалалық жалпы білім беретін мектептердің
оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты.
Бағдарламаға сай отбасы көрмесі ұйымдастырылды.
Фестивальдің номинациялары бойынша Гала – концертте
отбасылар өздері таңдаған номинация бойынша дәстүрлі
халық өнері, оның ішінде, ұлттық; хореография; вокалдық
орындау; цирк, эстрада, өзіндік жанр; сәндік-қолданбалы
шығармашылық өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар,
фестиваль аясында отбасылармен «Сен, мен және бәріміз,
тату-тәтті жанұя» акциясы, «Ойындар фабрикасы»,
«Татулық
формуласы»,
«Тимбилдинг»
курсы
ұйымдастырылды.
«ӨНЕРЛІ ҚЫЗ, ӨНЕГЕЛІ ЖЕҢГЕ»
ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Іс-шараның мақсаты - халықтың үлкен мәдени мұрасын,
салт-дәстүрлерін, қазақ қоғамында ғасырлар бойы
қалыптасқан отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарға не-
гізделген отбасы мәртебесін нығайту, оқушылардың бой-
ына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сайысқа Ақжайық, Бөрлі, Бөкейорда, Жаңақала,
Жәнібек, Зеленов, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала,
Теректі, Шыңғырлау аудандары және Орал қаласының
оқушылары мен жеңгелері, барлығы 26 адам қатысты.
Байқаудың шарты бойынша қатысушылар «Татулықтың
паш етеміз үлгісін», «Сырласайық жеңеше», «Білгенге мар-
жан» және «Өнерлі өрге жүзер» атты байқаулар бойынша
сыңға түсті.
Сайыс нәтижесінде, І орынға Бөкейорда ауданы
Б.Жәнекешев атындағы ОЖББМ-нің оқушысы Пахманова
Назгүл (жеңгесі Ашенова Индира) иеленсе, ІІ орынды - Каз-
талов ауданы К.Мендалиев атындағы ОЖББМ-нің оқушысы
Капсикова Әсел (жеңгесі Амангельдиева Гүлжанат) және
Сырым ауданы Талдыбұлақ ОЖББМ-нің оқушысы Ауганова
Аида (жеңгесі Абугалиева Асыл) өзара бөлісті. ІІІ орынға
– Жаңақала ауданы ОЖББМ-нің оқушысы Әміржанова
Ақторғын (жеңгесі Жангалиева Гүлжан), Жәнібек ауданы
Х.Халиуллин атындағы ОЖББМ-нің оқушысы Мұхтарова
Жанерке (жеңгесі Бисекова Ляззат) және Қаратөбе ау-
даны Қаракөл ОЖБББМ-нің оқушысы Балабаева Айнагүл
(жеңгесі Жұбанова Балсұлу) иеленді.
196
М
емлекетіміздің 2050 жылға дейінгі ұзақмерзімді стратегиялық
саясатынан туындайтын дені сау ұлт қалыптастыру, тұрғындардың
өмір жасын 80 жасқа дейін ұзарту, халықтың 30%-ын дене
шынықтыру және спорт қызметіне тарту міндеттерді орындау
мақсатында өңірімізде бұқаралық спорт түрлерін дамытуға, барлық тұрғындарға
спорт нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге, халықтың спорттық
белсенділігін арттыруға, спорттық секциялардың желісін кеңейтуге, спорт клубтары
мен аула клубтарының қызметін жандандыруға, дене шынықтыру ұжымдарының
қозғалысын ұйымдастыруға бағытталған ауқымды жұмыс жүргізіліп келеді.
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында облысымызда 2015 жылдың
6 айы ішінде 60 217 адамның қатысуымен 1 043 спорттық-бұқаралық іс-шаралар
өткізілді, сның ішінде кешенді республикалық және халықаралық жарыстар:
*ІІ қысқы Жастар ойындарының облыстық кезеңі;
*Дзюдо күресінен 1998-1999 ж.т. жасөспірімдер мен қыздар арасында ҚР
чемпионаты;
*Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығын мерекелеу аясында әртүрлі
ұжым қызметкерлерінің қатысуымен шаңғы спортынан көпшілік жүгіру;
*Панкратион және грепплингтен балалар, кадеттер және жастар арасында ҚР
чемпионаты;
*ММА аралас жекпе-жектен ересектер арасында ҚР чемпионаты;
*Каратэ-додан жасөспірімдер мен жастар арасында ҚР чемпионаты;
ШЫНЫҚСАҢ
БОЛАРСЫҢ
ШЫМЫР
197
*Ұлы Жеңістің 70-жылдығына
Дзюдо күресінен ерлер мен әйелдер
арасында Кеңес Одағының Батыры
М.Мәметованы еске алуға арналған
VІ Халықаралық турнир;
*Самбо күресінен спорт
шеберлері арасында ҚР чемпионаты.
*Қазақ хандығының
550-жылдығына орайластырылған
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
жүлдесі үшін қазақ күресінен
ересектер арасында «Қазақстан
Барысы» атты облыстық іріктеу
турнирі *Мемлекеттік қызметшілер
күніне орайластырылған мемлекеттік
мекемелер қызметкерлері
арасында облыстық спартакиада
*Волейболдан 1998-99, 2000-01 және
2002-03 ж.т. жасөспірімдер арасында
Қазақстан Республикасының
чемпионаты (23-30 маусым) *Ұлттық
ат спорты түрлерінен (көкпар,
аударыспақ, теңге ілу, жамбы
ату) Қазақстан Республикасының
чемпионаты.
Тұрғындар арасында
белсенді жүргізілген жұмыстың
нәтижесінде облыс бойынша дене
шынықтыру және спортпен жүйелі
айналысушылар саны едәуір өсті.
Бүгінгі күні спортпен тұрақты
шұғылданушылардың жалпы саны
150287 адамды немесе облыс
халқының 23,9% құрайды (2012 ж. -
132 837 адам немесе 21,5%, 2013 ж.
– 138 242 адам немесе 22,2%).
Облыстың спорт ұйымдарында
(БЖСМ) шұғылданушылар саны
11 072 адамды құрайды.
Тұрғындардың спортпен
шұғылдануына қолжетімді жағдай
жасау үшін спорт инфрақұрылымын
дамытуға, қарапайым спорт
құрылғыларын іске қосуға үлкен
көңіл бөлінеді. 2014 жылы облыс
аумағында 3 бірлік хоккей корты (2 -
Ақжайық ауданы, 1 - Теректі ауданы),
9 бірлік жазық ғимараттар (6 - Бөрлі
ауданы, 1 - Казталов ауданы, 2 - Орал
қаласы), 3 бірлік теннис корты (1 -
Қаратөбе ауданы, 1 - Сырым ауданы,
Тұрғындардың
спортпен
шұғылдануына
қолжетімді жағдай
жасау үшін спорт
инфрақұрылымын
дамытуға,
қарапайым спорт
құрылғыларын іске
қосуға үлкен көңіл
бөлінеді
198
1 - Теректі ауданы), 1 қосып салынған спорт залы (Бөкей
Ордасы ауданы) қолданысқа берілді. Сырым ауданының
Қосарал ауылында, Казталов ауданының Жалпақтал
ауылында демеушілердің есебінен салынған спорт
алаңдары іске қосылды.
ӨРКЕНИЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰРУҒА БАҒЫТ А ЛҒАН
МЕМЛЕКЕТІМІЗДЕ ДЕНСАУЛЫҚ Ж АҒДАЙЛАРЫ
БОЙЫНША МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ Ж АНДАРҒА
Ж АН-Ж АҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛІП, РУХЫ БИІК
ТҰЛҒА ЛАРДЫҢ ТОЛЫҚҚАНДЫ ӨМІР СҮРУІ ЖӘНЕ
ЕҢБЕККЕ АРА ЛАСУЫ, СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУЫ,
ДЕНСАУЛЫҚТАРЫН НЫҒАЙТУЫ, ҚОҒАМ ӨМІРІНЕ
БЕЛСЕНДІ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСУЫ ҮШІН ҚА ЖЕТТІ
Ж АҒДАЙЛАР Ж АСА ЛЫП Ж АТЫР.
Өңірімізде мүгедектер спортын дамытуға үлкен көңіл
бөлініп, мүмкіндіктері шектеулі жандардың спорттық
белсенділігін арттыруға, олардың мемлекетіміздің
спорттық рейтингін бекітуге қосар үлесін қамтамасыз
ететін шаралар алынды. Күнтізбелік жоспарға сай
мүгедек-спортшылар отырып ойнайтын волейбол, жүзу,
пауэрлифтинг, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және басқа да
спорт түрлерінен түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып,
жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, спорт шыңын
игеруге шабыттандыру және өңір спортының беделін
бекіту ісіне елеулі үлестерін қосып келеді.
Биылғы жылы Астана күніне орай Сырым ауданы,
Жымпиты ауылында және Қаратөбе ауданы, Қаратөбе
ауылында 160 көрермендік орынға дене шынықтыру-
сауықтыру кешендері іске қосылса, Орал қаласының
Зашаған кентінде 320 орынға дене шынықтыру-сауықтыру
кешені қолданысқа тапсырылды. Бұл объектілер 70%
республикалық, 30% облыстық бюджет қаражаты есебінен
салынды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында
«Облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі» МКҚК
күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Халықтың спорттық қызметке сұранысын
қанағаттандыру мақсатында көпшілік сырғанау, көпшілік
суға шомылу бойынша ақылы қызмет көрсететін
объектілерде (Су спорты БЖСМ, Мұз спорт сарайы,
«Ақжайық» СК стадионы) қолжетімді бағамен тұрғындарға
спорттық қызмет көрсетіледі.
Аудандарда спорттық-бұқаралық жұмыстың ұйтқысы
болып табылатын спорт клубтары. Аудандардағы спорт
клубтарының саны 5 бірлікті құрайды (Бөрлі ауданы -
«Сарыарқа» СК, Зеленов ауданы - «Жігер» СК, Сырым
ауданы - «Қайсар» СК, Ақжайық ауданы - «Жігер» СК,
Қаратөбе ауданы - «Қаратөбе» СК).
199
2014 жылы облыста 4 ҚР еңбек сіңірген
жаттықтырушысы, 1 ҚР еңбек сіңірген спорт
шебері, 4 халықаралық дәрежедегі спорт шебері,
33 спорт шебері дайындалып, 2 төрешіге ұлттық
санаттағы спорт төрешісі атағы тағайындалды.
Бүгінгі таңда облыстың 236 спортшысы ҚР-ның
ұлттық, жасөспірімдер және жастар құрама
командаларының мүшелері болып табылады.
ХХІІ ҚЫСҚЫ ОЛИМПИА ДА
ОЙЫНДАРЫНДА (СОЧИ Қ/СЫ, 07-
23.02.2014 Ж.) ШОРТ-ТРЕКТЕН ҚР ҰЛТТЫҚ
ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ САПЫНДА
БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР
ФИНА ЛҒА ШЫҒЫП, 5-ШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ.
ХVІІ жазғы Азия ойындарында (Инчеон
қаласы, Оңтүстік Корея, 19.09-04.10.2014ж) байдарка
мен каноэ есуден Алексей Дергунов 1000м қашықтықта
жұптасып есуде алтын, 200м қашықтықта жұптасып есуде
күміс жүлде иеленді, Андрей Ергучев 1000м қашықтықта
«төрттік» есуде алтын, дзюдошы Азамат Мұқанов
командалық сында күміс, жеке өз салмағында 66 келі қола
медаль иеленді. Паразиялық ойындарда суға жүзуден
Руслан Өтебалиев қола медаль иеленді.
IV АЗИЯ Ж АҒА Ж АЙ ОЙЫНДАРЫНДА (ПХУКЕТ
ҚА ЛАСЫ, ТАИЛАНД, 14-21.11.2014Ж) САМБО
КҮРЕСІНЕН БАҒДАТ Ж АРЫЛҒАСОВ КОМАНДА ЛЫҚ
СЫНДА А ЛТЫН, ЖЕКЕ ӨЗ СА ЛМАҒЫНДА 68 КЕЛІ
ҚОЛА МЕДА ЛЬ ИЕЛЕНДІ.
2015 жылы Сайын Жанат - шахматтан Әлем чемпионы,
Смирнов Андрей - ММА Аралас жекпе-жектен Азия
чемпионы, Тимралиев Дархан - каратэ-додан кадеттер
мен кіші жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының
қола жүлдегері, Мұқашев Мәлік - паратаэквондодан
Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, Бапиева
Елизавета, Давлетова
Анель, Жоламанова Балауса,
Мирам Адильхан - дойбыдан
Азия чемпиондары,
Мадеев Бейбіт - дзюдодан
Еуропа Кубогының
қола жүлдегері, Әлем
біріншілігінің қатысушысы,
Оразбаев Тайман - бокстан
Халықарарық турнирдің
жеңімпазы, Молдашев Сагындық - бокстан Қазақстан
Республикасының эксперименталдық команда мүшесі,
бокстан ҚР чемпионы, Георгий Шейко - спорттық жүрістен
Халықаралық турнирдің жүлдегері, 2016 жылғы Рио-
де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарына
жолдама иегері.
Облыста 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
(соның ішінде 12-сі аудандарда), о? Достарыңызбен бөлісу: |