арылу шаралары
Керектi жабдықтар. Бруцеллездi дауалау және одан арылу шараларына
арналған нұсқау, штамм 82, Рев-1 вакциналары, малдәрiгерлiк заң кiтаптары,
бруцеллезден сау емес пункттi iндеттанулық зерттеу нұсқауы, көрнектi
құралдар.
Орны және жүргiзу тәртiбi. Сабақ кафедра дәрiсханасында жүргiзiледi.
Студенттер биологиялық препараттармен танысып, әр түрлi жануарлар
фермаларында бруцеллезге қарсы жүргiзiлетiн күрес шараларын талқылап,
бруцеллездiң түрлi iндеттiк жағдайына байланысты құралған арнайы
тапсырмаларды орындайды.
Бруцеллезге қарсы күрес шараларын жүргізу үшін алдымен аумақ-
тың, жануарлардың бруцеллезден статусы анықталады. Аумақтар бруцел-
лездiң статусына байланысты кластарға (таза, А, В, С) бөлiнедi.
«Таза класс»: аудандық әкiмшiлiк аумағында соңғы 12 ай бойы жануар-
лардың 90%-ын ресми диагностикалық тестiлермен тексергенде оң нәтиже
бермесе.
125
Класс «А»: аудандық әкiмшiлiк аумағында соңғы 12 ай бойы жануар-
лардың 90 %-ын ресми диагностикалық тестiлермен тексергенде оң нәтиже
берген мал 0,25 проценттен аспаса;
Класс «В»: аудандық әкiмшiлiк аумағында соңғы 12 ай бойы жануар-
лардың 90 %-ын ресми диагностикалық тестiлермен тексергенде оң нәтиже
берген мал 1,5 проценттен аспаса;
Класс «С»: аудандық әкiмшiлiк аумағында соңғы 12 ай бойы жануар-
лардың 90 %-ын ресми диагностикалық тестiлермен тексергенде оң нәтиже
берген мал 1,5 проценттен асып кетсе.
Жануарлар статусына байланысты сау, шартты түрде сау, ауру және
ауруға күдiктi тудыратын болып бөлiнедi:
1)
сау жануарлар: бруцеллезге ресми тестiлер бойынша терiс нәтиже
берген және аумақтың таза класында немесе аумақтың «А» және «В» клас-
тарында бруцеллезден таза табындарда орналасқан:
2)
Шартты түрде сау жануарлар: бруцеллезге ресми тестiлер
бойынша терiс нәтиже; бiрақ соңғы екi айда ауру малдармен жанасқан немесе
аумақтың «А» және «В» кластары аумағында бруцеллезден таза емес
табында орналасқан немесе аумақтың «С» класындағы барлық табындарда
орналасқан.
3)
Бруцелезге күдiктi жануарлар: бруцеллезге ресми диагностикалық
тестлер бойынша күдiктi нәтиже немесе басқа диагностикалық әдiстерге оң
нәтиже берген.
4)
Бруцеллезбен ауырған жануарлар: ресми тестiлер боынша оң нәтиже
бергендері. «А» класы аумағында иммунологиялық тестiлерге оң нәтиже
берген жағдайда, вакцинамен егiлгендiгi ескерiлмеу керек, ал бактериоло-
гиялық зерттеулер оң нәтиже бергенде, бруцелланың эпизоотологиялық және
вакциналық штамдарын жiктеу қажет.
Бруцеллез ауруы бойынша табынды таза, таза емес және күдiктiге
жатқызады:
1)
таза табын – ресми тесттер бойынша соңғы 12 айда және басқа
тесттер бойынша соңғы екi айда бруцеллезге оң нәтиже бермеген табын;
2)
зақымданған табын – ресми тесттер бойынша бруцеллезге оң нәтиже
берген мал бар немесе эпидемиологиялық жағдай онда инфекция қоздыру-
шысының бастауы барлығын дәлелдеген табын;
3)
күдiктi табын – ресми тесттер бойынша бруцеллезге күдiктi нәтиже
берген мал бар немесе басқа тестпен оң нәтиже берген табын.
Індеттік жағдайға байланысты профилактикалық (дауалық ), аралық
және сауықтыру шараларының жоспарлары жасалынады:
1)
Профилактикалық iс шаралар жоспары - бруцеллезден таза ауылдық
округтегi шаруашылық субъектiсiне дайындалады.
2)
Аралық iс шаралар жоспары – ауру шыға қалған жағдайда, уақытша
iс шаралар жоспары жасалынады, бiрiншi рет диагноз қойылатындықтан, бiр
жетiден – бiр ай аралығы есептелiнедi, онда малдың барлық басына аурудың
126
шыққан санын есепке алады, бұл жоспар бойынша, бруцеллездiң нақты
статусын анықтайды.
3)
Сауықтыру iс шараларының жоспары. Т аза класс – iндет ошағы
аумағында бруцеллез шыққанда барлық мал басын ауыстыру жолымен
сауықтыру жоспары дайындалады. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау
органдары жүйелi диагностикалық тексерулер жолымен сауықтыруға рұқсат
берулерi мүмкiн.
Дауалау шаралары. Бруцеллездің алдын алу үшін бақылаулық зерттеу-
лер жүргізіліп отырылуы қажет. Бруцеллезге бейім жануарларды (оның
ішінде асыл тұқымды малды) сатып алғанда оларды бекітілген нұсқауға
сәйкес 30 күн бойы басқа малдардан оқшаулап ұстап, 2 рет бруцеллезге
тексереді, ал қошқардың қан сарысуын сонымен қатар инфекциялық
эпидидимитке зерттейді. Осы мерзімде теріс нәтижелер алынғанда ғана басқа
малдарға қосылады. Алайда бруцеллез ауруында қолданылуы арнайы нұсқау-
мен бекiтiлген АР, КБР, КҰБР, РБС әдістері, кешенді түрде қолданылғанның
өзінде 30 күндік карантиндік мерзімде бруцеллездің жасырын түрін әркез
толық анықтай алмайды, сонымен бірге басқа инфекциялық ауруларға
қарағанда, бруцеллезге мал жас кезінде төзімді болып, оның бейімділігі
жыныс органдарының жетіліп, қалыптасуына байланысты арта береді.
Бруцеллезге ең жоғарғы бейімділік деңгейі буаздық кезеңнің екінші жарты-
сына келеді. Бруцеллезден сау шаруашылықтарда инфекцияның жаңадан
байқалуына сырттан әкелінген мал себеп болатыны практикада жиі кездеседі.
Практикада қолдануға бекітілген дауалық карантиндеу тәсілінің
олқылықтарын жан-жақты талдау арқылы, оны жетілдіру мақсатында, сиыр
бруцеллезінің алдын алу үшiн сырттан әкелiнген малды дауалық карантин-
деудiң жаңа тәсiлi (алдын ала патент №12050, 2002) практикада
апробацияланды. Автордың (Е.И.Қасымов, 2002) ғылыми деректерiне
қарағанда өнертабыстың тиімділігі – сырттан әкелінген мал арасынан
бруцеллездің латентті түріндегілерін толық анықтау арқылы, індеттің дер
уақытында алдын алумен кепілденеді.
Жаңа тәсіл бойынша шаруашылыққа сырттан әкелінген асыл тұқымды
аналық мал, бақылаудағыдай 30 күн емес, бірінші туытқа дейін дауалық
карантинде ұсталады. Бұл мерзімде мал оқшауланып ұсталып, 2 рет
шаруашылыққа әкелінген кезінде, 2 рет ұрықтандырылғаннан кейінгі
буаздық кезеңнің екінші жартысында және бұзаулағаннан кейін қатарынан
екі рет (әр 15 күн ішінде) серологиялық реакциялармен бруцеллезге зерт-
теледі. Белгіленген мерзімде жеке және мал тобы бойынша, бруцеллезге теріс
нәтижелер алынғанда ғана (барлық зерттеулерде), олар жалпы сиыр
табындарына қосылады.
Бруцеллездің шығуына аналық мал табынын толықтыру мақсатында
сырттан әкелiнген асыл тұқымды тайыншалар мен құнажындар себеп бола-
тыны індеттанудың жалпы бөлімінде (дауалық карантиндеу тақырыбында)
көрсетіліп, талданған.
127
Сонымен, шаруашылыққа сырттан әкелінген аналық малды дауалық
карантинде 30 күн ұстап, алынған – бруцеллезге теріс нәтижелер бойынша
жалпы табындарға қоспай, дауалық карантин мерзімін бірінші туытқа дейін
ұзартып, бұл аралықта қатарынан 2 рет (буаздық кезеңнің екінші жарты-
сында және туыттан кейін әр 15 күн сайын) СР-мен зерттеу арқылы індеттен
сау шаруашылықты бруцеллезден тиімді дауалауға болады.
Дауалау мақсатында вакциналардың қолданылуы. ҚР аумағында
бруцеллезге қарсы вакциналарды қолдану індеттік жағдайларға байланысты
ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органдардың рұқсатымен ғана
жүргізілуі қажет. Қажет болған жағдайда штамм 82 және Рев-1 вакциналары
нұсқауларына сәйкес тек қана жас малдарда (тайынша, тоқтыларда) қолда-
нылады. Аумақтың және жануарлардың бруцеллезден статусына байланысты
вакциналарды қолдану схемасы арнайы нұсқауларда көрсетілген (Астана,
2004). Соңғы жылдары вакцина қолдану тоқтатылды.
А р а л ы қ і с – ш а р а л а р . Егер, бруцеллезден таза мал табынында
жоспарлы маусымдық зерттеулерде бруцеллез мал анықталса, онда табын
уақытша күдікті саналып, індеттанулық мониторинг жүргізу арқылы аумақ-
тың, табынның статусы анықталады. Зерттеу нәтижелері негізінде табын
бруцеллезден сау (таза) немесе сау емес статусына ие болады.
Бруцеллезден сауықтыру шаралары. Бруцеллездің таралу механиз-
міне қарсы дезинфекция жүргізгенде ауру қоздырушысының негізгі таралу
жолдарына мән берілуі керек. Көптеген басылымдарда бруцеллез
қоздырушысының құстар, жәндіктер арқылы таралатыны ескеріліп,
инфекция негізінен сиыр бұзаулағанда: қағанақ су, шу немесе тастанды түсік
арқылы сыртқы ортаға алиментарлы жолмен таралатыны баса назарға
алынбаған.
Арнайы тәжiрибеде, бруцеллезден жабық деп саналатын “Ұлытау”
шаруашылығының изолятор сүт фермасы мен “Дружба” шаруашылығының
(Қарағанды облысы) оқшауханаларынан, бұзаулайтын және суалған сиыр
қораларының едендерiнен, қабырғаларынан, сұйық қи ағатын арықшалардан,
қидан, мал серуендеу алаңдарынан алынған сынамалар бруцеллез қоздыру-
шысына бактериологиялық әдiспен зерттелдi. Аталған объектiлерiнен
алынған 160 сынаманың 7-уiнен бруцеллез қоздырушысы анықталды. Бұл 7
сынаманың 5-i “Ұлытау” шаруашылығының бруцеллезден жабық изолятор
фермасының екi сиыр қорасының едендерiнен, ал екеуi “Дружба” шаруашы-
лығының оқшауханасынан алынған сынамалардан бөлiндi. Изолятор фермада
малдың iш тастауы, әсiресе, құнажындар арасынан жиi байқалды. Бұл
фермадағы мал сауын сиыр қораларында бұзаулайтын.
Бөлініп алынған 7 өсін де төсеніш шыныда S бруцеллез сарысуымен оң,
ал R сарысуымен теріс нәтиже көрсетті. Пробиркада антиабортус сары-
суымен өсіндер 1:40-1:160 титрлерде оң, ал мелитензис сарысуымен теріс
реакция берді. «Тб» бактериофагпен барлық жағдайда да өсіндер лизистенді.
Олар өсіндік-морфологиялық, тинкториальдық қасиеттері бойынша B.abortus
S бруцелла формасына жатқызылды.
Арнайы зерттеулерде алынған нәтижелер негiзiнде «бруцеллездің індет
ошағының ядросы» ұғымы ұсынылып (авторлық куәлiк №399, 1996), ҚР
128
АШМ ғылыми-техникалық кеңесiнiң шешiмiмен практикаға енгiзiлдi
(17.06.1997 ж, хаттама №1). Территориясы кең ауқымды бруцеллезден сау
емес шаруашылықтарда індет ошағының ядросы ретінде – ауру қоздыру-
шысы ең көп шоғырланған телім, әдетте, бруцеллез мал тұратын оқшаухана,
бруцеллез себебінен мал іш тастаған қора-жайдағы телім, төлдету қора, ал
жеке секторларда ауру мал анықталған қорайжай – «iндет ошағының ядросы»
деп белгiленiп (21-сурет), бұл объектiлерде дезинфекция және басқа да
ветеринариялық-санитариялық шаралар қатаң орындалады. Мал iш тастаған
немесе төлдеген телiм әркез жергiлiктi дезинфекцияланып, шу, қағанақ су
жиналып, зарарсыздандырылады. Бруцеллезде індет ошағының ядросын,
яғни ауру қоздырушысы ең көп шоғырланған шағын телімді тиімді
дезинфекциялау арқылы індет процесінің негізгі буындарының бұғауын туыт
қорада тиімді үзіп, нәтижесінде сыртқы ортада бруцеллалардың таралуын
тежеуге болады.
Бруцеллезден сау емес пункт
Қатер төнген аймақ
Бруцеллездің індет ошағы
Я-1 – оқшаухана; Я-2 – төлдету қорасы; Я-3 – бруцеллездің себебінен
мал іш тастаған телім.
21-сурет. бруцеллезден сау емес пункттің құрамы.
Бруцеллезден сау емес пункт құрамының індет ошағы ядросымен
толықтырылуы індет ошағы ауқымының тарылуына, шоғырлануына, ауру
қоздырушысының індет ошағы ішінде айналымының шектелуіне ықпалын
тигізеді және зардапты микробтың малға, күтуші адамға жұғу қаупін
төмендетеді. Індет ошағының ядросын жоюға қаражат аз жұмсалады және
індет ошағының ядросын (ауру қоздырушысы ең көп шоғырланған объек-
тілерді) тиімді дезинфекциялау арқылы бруцеллалардың сыртқы ортада
таралуын тежеуге болады.
Мал бруцеллезiмен күресу, жүргiзiлген iндеттанулық талдау нәтижелерi
бойынша бруцеллезден таза немесе таза емес (сау емес, ада емес) пункттерге
Я-1
Я-2
Я-3
129
жатқызылған жануарлар табынының (отарының) белгiленген аумағында
жүргiзiледi. Соңғысының құрамына iндет ошағы және қатер төнген аймақ
кiредi. Бруцеллезден сау емес пункттiң жетiлдiрiлген толық құрамы 21-
суретте көрсетiлген.
Індеттанулық категория ретінде – «бруцеллездің індет ошағы» деге-
німіз – малдың ауруға шалдығу мүмкіндігі сақталған инфекция қоздыру-
шысының бастауы мен оның берілу тетіктері бар территория. Індет ошағына
инфекция қоздырушысының бастауы (ауырған және микроб алып жүретін),
тасымалдаушылар (кемірушілер, ит, мысық, т.б.) және берілу факторлары
(тастанды төл, қағанақ су, шу, т.б.) арқылы зарарланған территория жатады.
Індет ошағының шекарасы ауру қоздырушысының бастауы мен берілу
механизмінің орналасуына байланысты анықталуы қажет.
Қатер төнген аймақ дегенiмiз – бруцеллезден сау емес пункттегi iндет
ошағының сыртындағы территорияда орналасқан, соңғысымен шаруашылық
және экономикалық қатынасы бар алқап.
Iндет ошағында карантин, ал қатер төнген аймақта шектеу шараларын
жүргізу арқылы бруцеллезден сау емес табынды жедел сауықтыруға болады.
Әртүрлi жануарлар фермаларында бруцеллезге қарсы жүргiзiлетiн
шаралар жүйесi 22, 23, 24-суреттерде көрсетiлген.
«Бруцеллезден сау емес пунктті жедел сауықтыру» тәсілі
Сиыр бруцеллезінен сау емес пункттi (iндет ошағы анықталған сиыр
шаруашылығы, ауылдық округ) тиімділігі жоғары ИФТ немесе СР-ді қолдану
арқылы (үш айға қысқартылған бақылаулық мерзiмдi қосып есептегенде) бұл
iндеттен 1 жыл аралығында сауықтыруға болады (Е.И.Қасымов,2003). Автор
ұсынған жедел сауықтыру тәсілі төмендегідей схемамен iске асырылады.
Нозологиялық балау қойылғаннан кейiн, бруцеллезден сау емес пункт
арнайы дайындалған iндеттанулық зерттеу әдiстемелері (кітаптың 3-ші
бөлімінде көрсетілген) бойынша талданып, бруцеллезге iндеттанулық балау
қойылады. Нәтижесiнде, инфекцияның шығу, таралу механизмi, ауру
қоздырушысының бастауы, сау емес пункттiң құрамы, шекаралары
анықталып, ауруға бейiм малдың жағдайы сипатталады. Iндеттен сау емес
пункт шекарасы iндет ошағы анықталған шаруашылықтың немесе ауылдық
округтiң әкiмшiлiк территориясы бойынша емес, бруцеллез мал анықталған
табынның орналасуына байланысты нақтыланып, iрi сиыр шаруашылығының
(ферманың) iндет ошағының iшiнде, оның ядросы белгiленедi. Бруцеллездiң
iндет ошағында – карантиндік, ал сау емес пункттiң ауқымды террито-
риясында (қатер төнген аймақта) шектеу шаралары жүргiзiледi. Әр
табынға жеке мал топтарына арнайы сауықтыру жоспары құрылады. 4-6
айлық және ұрықтандыру жасындағы тайыншалар, бруцеллездiң жұғу қаупi
бар – қатер төнген аймақтағы сауын сиыр мемлекеттік ветеринария ісін
қадағалау инспекторының рұқсатымен B. abortus 82 SR вакцинасымен
130
(Қазақстанда өндірілетін) егіледі. Iндет ошағында сауықтыру шаралары жеке
табын бойынша жүргiзiледi. Ауру қоздырушысының бастауын қысқа
мерзiмде толық анықтауға тиiмдiлiгi жоғары СР немесе ИФТ пайда-
ланылады. Ең қатаң карантиндiк вет.санитариялық шаралар шағын терри-
торияда – iндет ошағының ядросында орындалады. Кезектi зерттеулерде
табындағы мал екi рет терiс нәтиже берсе, 3 айға бақылау қойылады. Бұл
мерзiмде табын бойынша ауруға 2 рет (әр 1,5 айда) серологиялық терiс
нәтиже алынса, қорытынды вет.санитариялық шаралар жүргiзiлiп,
бруцеллезден сау емес пункт сауықтырылды деп саналады. Ұсынылған
тәсілмен 6 сиыр шаруашылығы, 2 ауылдық аймақ сиыр бруцеллезінен 1 жыл
аралығында толық сауықтырылды.
Оң нәтижелi Сауықтандыру шара- Барлық доңыз әр ай
реакция бер- лары сиыр табында- жемделiп етке сайын те-
гендерi сойы- рындағыдай немесе сойылады. рiс нәтиже-
лады. вакцинаны қолдану Буаз шошқалар лi реакцияға
Сиыр ферма- арқылы. төлдегенннен дейiн зертте-
сын сауықтан- кейiн төлдерiнен ледi.
дырылғанға ажыратылып, ет-
дейiн зерттеу ке сойылады.
22-сурет. Жылқы, түйе, шошқа, терiсi бағалы аң шаруашылықтарында
бруцеллезге қарсы күрес шаралары.
Жылқы
Түйе, қодас
Доңыз
Терiсi
бағалы
аңдар
131
1.Мал жасына, жынысына, вакци- 1.Бруцеллез мал табыны 1 ай
наның қолданылуына байланысты iшiнде етке сойылады.
белгiлi бiр мерзiмдерде арнайы 2.Сүт қайнатылады немесе
әдiстермен зерттелiп отырылады. майға айналдырылады.
2.Бруцеллезге оң реакция берген- 3.Ұрықтандыру тоқтатылады.
дерi “Б” әрпiмен таңбаланып етке 4.Ауру малмен қатысты адам-
сойылады. дар инфекциядан сақтану ша-
3.Сүт пастеризацияланады. раларын қатаң орындаулары
4.Мал тек қана қолдан ұрықтанды- шарт.
рылады. 5.Ауру мал табыны толық етке
5.Туыт қораларда ветсанитариялық сойылғаннан кейiн қора-жай
шарлар қатаң түрде орындалады. тазаланып, күрделi жөндеулер
6.Жаз айларында мал лагерге шы- жүргiзiлiп, санацияланады.
ғарылып, қора-жай тазалынып са- 6.Қорытынды дезинфекция
нацияланады. жасалынады.
7.Табын екi рет терiс нәтижекөрсет- 7.Көң залалсыздандырылады.
се, үш айлық бақылауға қойылып, ару мал
анықталмаса, шектеу алынады.
23-сурет. Сиыр фермасында (табында) бруцеллезден арылу мақсатымен
жүргiзiлетiн шаралар жүйесi
Бруцеллезге шықан сиыр
саны бiрiншi рет
тексергенде 5,
екiншiсiнде 3%-дан
аспаса
Бруцеллезге шыққан
сиырдың саны 5%-дан
жоғары немесе 12 айда
сауықтыру шаралары
нәтиже бермесе
Шектеу
132
1. Iндет ошағында шектеу 1. Шектеу қойылып барлық
қойылып, бруцеллез анық- қошқар ҚҰБР-мен қатарынан
талған отардағы қой мен еш- екi рет ауруға терiс нәтижелi
кi төлiмен бiрге етке сойылады. реакция бергенге дейiн тексерi
Қора-жай тазаланып, ветсани ледi. Оң нәтижелi реакция
тарлық шаралар жүргiзiледi. бергендерi және енi iскен, ен
2. Қатер төнген аймақтағы қой шылауы қабынған қошқарлар
мен ешкi арнайы әдiстермен қа- етке сойылады.
тарынан екi рет терiс нәтижелi 2. Шектеудi алу тәртiбi бруцел-
реакция бергенге дейiн тексерi- лездегiдей.
ледi. 3.Саулық отарлары туыттан ке-
3.Қырықтықта бруцеллезден ада йiн және ұрықтандырудан бiр
емес отар ең соңынан қырқыла- ай
бұрын қатарынан екi рет
лады. тексерiледi. Оң нәтижелi реак-
4. Туыт науқанынан бiр-екi ай ция бергендерi етке сойылады.
өткеннен кейiн фермадағы бар- Қалғандары ұрықтандырылып,
лық ит бруцеллезге тексерiледi. келесi туытқа дейiн бақылауда
5. Бруцеллез малмен қатысты болады.
адамдар зооантрпонозды ауру- 4.Туытттан кейiн саулық отар-
лардан сақтану ережелерiн қатаң лары қайталанып 3-шi тармақ-
түрде орындаулары шарт. тағыдай тәртiппен тексерiледi.
6. Бруцеллез орын алған отарлар 5. Бақылау мерзiмiнде және
толық етке сойылып, басқа отар- туыттан кейiнгi зерттеулерде,
лардан мал анықталмаса шаруа- отардан ауру мал анықталмай,
шылықтан шектеу алынады. сол отардың өткен жылғы ер-
7.Шалғайдағы қой отарлары кек тоқтылары ҚҰБР-мен ауру-
Рев-1 штамынан дайындалған ға терiс нәтижелi реакция көр-
вакцинамен егiледi. сетсе, отар жұқпалы эпидиди-
миттен ада деп жарияланады.
24-сурет. Қой фермасында (отарда) бруцеллезден және
жұқпалы эпидидимиттен арылу мақсатында жүргiзiлетiн
шаралар жүйесi.
13-зертханалық сабақ. Лептоспирозды балау, дауалау және індет
ошағынан арылу шаралары
Керектi жабдықтар. Материал алуға қажеттi стерильденген тығыны
бар шыны ыдыстар, пробиркалар. Лептоспирлер өсiрiлген қоректiк орта,
биологиялық микроскоптар, күңгiрт сәуле түсiретiн конденсорлар, жарық
Бруцеллез
Жұқпалы эпидидимит
133
сәуле түсiретiн арнайы электр шамдары, жағынды алуға арналған жұқа
төсенiш шынылар, жабынды шынылар, биопрепараттар, көрнектi құралдар,
малдәрiгерлiк заң кiтаптары.
Достарыңызбен бөлісу: |