тынымсыз қимылына жас əйел көз алмай
қарайды. Ал олардың жинаған балын адамдар
алып кетеді. Бірақ аралар күнде гүлден-гүлге
қонып, еңбегін еш тоқтатпайды. Не үшін?
Ағаштың бұтағынан-бұтағына секіріп, жоғары
өрмелеп бара жатқан үлпек құйрықты сары
тиінге көзі түседі. Тиін де тынымсыз еңбек етіп,
азық жинап, қысқа дайындық жасап жүр. Не
үшін? Өзінің өлмеуі үшін ғана ма? Жоқ,
тіршіліктің мағынасы бұдан гөрі тереңірек. Əйел
көңілі толқиды. Дүниеде тіршіліктен артық
нəрсе жоқ екен. Тек оны көрікті ету үшін күресе
білу керек. Бірақ қалай? Айнаны енді осы
толқынды ойлар ілгері жетелейді.
Табиғат
адамды
ойлайды.
Табиғатқа
қиянат жасаушының жүрегінде мейірім аз
болады. Ондай адам рақымсыз келеді деп
санайды.
Оралханның
«Кербұғы»
əңгімесіндегі
Кербұғының өлімі аянышты. Кербұғы орманда
емін-еркін жайылып жүрген табиғаттың ерке
тағысы болатын. Адамдар қаумалап, қуып
251
дейді «Бəрі де майдан» əңгімесінің қаһарманы
Ақан шал.
Бұл - өз өмірінен қорыққан адамның пікірі.
Осы жасқа келгенше талай ауыртпалықты
арқалаған. Талай қиыншылықтарды басынан
кешірген, төсек тартып ауырып, өлім аузынан да
қалған. Жəбір көрген, қайғырған кездер аз
болмаған.
Шаршаған
немесе
бір
нəрсеге
күйінген
сəттерінде
табиғат
өзінің
əсем
көріністерімен
оның
көңілін
жадыратып
жіберетін.
Тіпті жас əйел Айна («Атаукере») басынан
кешкен азаптан күйзеліп жүргенде оған табиғат
сүйеу, демеу болады. Айнаның ері тек баюды,
мансапты,
мастықты
ойлайды.
Сол
үшін
жұрттан бөлініп, оңаша жерде жеке тұрады. Ал,
Айнаның арқасына ауыр салмақ түседі. Күнде
қайталанатын, ертеден қара кешке дейін бір
бітпейтін жəне зейнетінен бейнеті көп жұмыстан
ешбір рахат көрмейді.
«Ертеден кешке дейін бір тыным таппай не
үшін жанталасамын? Не мұратқа жетем, мұндай
азапты тірліктің не керегі бар?» - деп,
үмітсіздікке салынады.
12
жатты.
Шахмет
Құсайыновтың
«Ертіс
жағасында», «Кеше мен бүгін», «Рабиға»,
І.Есенберлиннің «Таудағы тартыс» пьесасы,
Ə.Тəжібаевтың «Майра» пьесасы жазылды.
Алайда, жалпылай алғанда, демократиялық
элементтер драматургияда көріне бастағанымен,
оның негізгі тізгіні партия комитеттерінің
қолында болды. Пьесаны жариялау, оны театрда
қою саясаттың қолында еді.Бұл драматургтердің
қолын байлады. Осы себептен де драма
саласының еркін дамуына мүмкіндік болмады.
ХХ ғасырдың соңғы жылдарындағы қазақ
əдебиеті өзгеше қарқынмен дамыды. Кеңестік
жүйедегі əдебиеттің дамуын айқындағанда
оның көркемдік, ұлттық сипаттарын ашудан
гөрі,
көбінесе
тақырып
өзектілігіне,
шығармалардың идеологиялық бағыт-бағдарына
мəн
берілді.Ұлттық
əдебиетіміз
бен
мəдениетіміз
М.Жұмабаев,
М.Дулатов,
А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов
сынды
ақын-жазушылардың
суреткерлік
шеберлік мектебінен, дəстүрінен қол үзіп
қалғандықтан,
көркем
туындылар
саяси-
идеологиялық арнаға бағытталған тақырыптық
сапасымен өлшенді. Бүкіл əдеби процесс,
13
жекелеген
шығармалар
осы
өлшеммен
бағаланды.Қазақ
тарихының
трагедиялы
тұстары көркем əдебиетте өзінің объективті
көрінісін таба алмады. Социалистік реализмнің
принциптерімен жазылған туындыларда қазақ
тарихының қаралы беттері, халық басынан
кешкен
азаптың
зардаптары,
күштеу,
ашаршылық, саяси науқан, геноцид зұлматтары
тасада қалды. Сөйтіп ұлтымыздың көркем
тарихына қиянат жасалды.
Өмір, қоғам, тарих шындығын суреттеу
көпшілік
жағдайда
саясаттың
шылауында
болды. Өмір шындығының күнгей мен теріскейі
қатар суреттелмей, оның орнына «жетістіктерді
жылтырата суреттеген» сыңаржақтылық басым
болды.
Бүгінгі əдебиет адамға бет бұрған қоғам
мен адам санасының өзгеруіне орай жаңаша
бағытта даму үстінде. Көркем сөз шеберлері
тақырып қазығына байланбай, мүмкіндігінше
қоғам, өмір, адам, уақыт шындығын бар
болмысымен
танытуда.
Əсіресе
көркем
əдебиетке
деген
талап
деңгейі
жоғары.
Тоталитарлық жүйеде аяқ асты етілген адам
факторы
бүгінгі
қоғамда
басты
рухани
250
жатқанын біледі. Тырмысып жоғары шықпақ
болады. Бірақ аяғы тайғанап жығыла береді. Таң
атып, үңгірде азырақ жарық түскенде Ақтан
шұңқырда өліп жатқан адамның денесін көріп
қатты шошиды. Өліктің киімінің сыртынан
буылған жалпақ күміс белдігі, аяғында ұзын
қонышты саптама етігі бар. Өліп жатқан адам -
өзінің əкесі екеніне көзін жеткізген осы заттар.
Əкесінің де үңгірде тығылған қазынаны аламын
деп жасырынып жалғыз келіп, құлап өлгенін
түсінеді. Үңгірден шыға алмаса Ақтан да осылай
өледі. Қараңғы үңгірден əзер шыққан Ақтанның
көзіне кең аспан жарқырап көрінгенде, бетіне
жұмсақ желдің лебі тигенде ол өзінің тірі
екендігіне қуанады. Тірі болмаса, табиғаттың
осы жылылығын сезе ме? Табиғат қандай
мейірімді! Ақтан осы уақытқа дейін табиғаттың
жомарттығынан дұрыс сабақ алмағанын түсініп,
өзінің қисайған тағдыры үшін табиғаттың
алдында қысылады.
«...қысылтаяң шақта табиғатпен сырлассаң,
жүдеген жүрегіңе серік болады. Шаршаған
сəттеріңде
бойыңдағы
ауыр
азаптардан
арылтып, майда қоңыр мұңға жетелейді. Ал мұң
өмір бақи менің жан жолдасым болып келеді»
249
болып көрінеді. Енді ол осы өлшемді ғана
таразы етеді».
Міне, оның Əулиекөлдің тымық күнгі
майда толқынына қарап тұрып тебіренген
сəтіндегі ішкі ойы: «Енді менің санам туған
жерімнің
атар
таңындай
таза,
жарықтық
Əулиекөл де майда ғана еркелей толқиды.
Əулиекөлдің бетіне ұсақ толқыншалар төсеген
жұп-жұмсақ қылықты желемік болса, мүмкін
менің
де
қоқыр-соқыр
жинала
бастаған
сезімімдегі ласты айдап əкетіп жатқандай».
Табиғаттың тазалығын өлшемге алған жігіт
өз
бойынан
мінін
де
табады.
Өзінің
кемшіліктерін
көреді.
Алдағы
өмірінде
табиғаттай таза болуды өмірінің мақсаты етеді.
Шығармада
өрбитін
кейінгі
оқиғаларда
қаһарман осы қасиетімен жақсы көрінеді.
«Мұзтау» повесінде табиғаттың адасқан
адамға сүйеу болғаны бейнеленеді. Бір үңгірде
тығылған қазына бар екен дегенді естіген
дүниеқор Ақтан сол байлықты иемденбек
болып, сол түнде жасырынып барып үңгірге
түседі. Үңгірдің қабырғалары мұздақ екен.
Ақтан аяғы тайғанап құлайды, талықсып біраз
жатады. Есі кіргенде мұздай терең шұңқырда
14
құндылыққа
айналды.
Қаламгерлердің
жалпыадамзаттық мəселелерге ұлттық тұлғалар,
ұлттық характер, сана, психология арқылы,
тарихи кезеңдердің шындығына жеке тұлға
проблемасы арқылы үңілуі – бүгінгі көркемдік
танымның басты мұраты. Əдебиетке сөз өнері
ретінде баға берілуде.
Осы ретте əдебиеттегі психологизмге, адам
концепциясының көркемдік шешіміне, яғни
адамның рухани болмысы арқылы уақыт, заман,
қоғам табиғатын көркем тануға ерекше мəн
берілуде.
Шығарманың
көркемдік
сипаты
суреткердің адамды рухани құндылық ретінде
тануымен өлшенеді.
Бүл
кезеңде
тарихи
проза
дамыды.
Суреткерлердің тарихтың əр кезеңіне арнап
жазған шығармаларының ұлтымыздың тарихи
санасының дамуында өзіндік үлесі болды.
Бұрын бұрмаланған тарих негізінде танылып
келген тарихи тұлғаларға жаңаша ұлттық
пайыммен
үңілуге
мүмкіншілік
туды.
Ə.Кекілбаевтың, М.Мағауиннің, Ш.Мұртазаның,
С.Жүнісовтің,
Ə.Əлімжановтың
тарихи
романдары жарық көрді.
15
Адамның ішкі жан диалектикасын, жан
арпалысын, қайшылығын, сезім иірімдерін,
драматизмін, ішкі тартысын айшықтаған əңгіме-
повестер дүниеге келді. О.Бөкей, Ə.Кекілбаев,
Д.Исабеков,
М.Мағауин
шығармаларында
адамның ішкі драматизміне құрылған өмір
шындығы,
адам
рухының
жанышталуы,
рухсыздану проблемалары көтерілді. Қоғамның,
адамның əділетсіз қыспағына түскен адамдар
тағдырына үңілуде сəтті көркемдік ізденістер
байқалды. Адамның жан тазалығын, сұлулығын,
сезім мөлдірлігін суреттеген лирикалық проза
бой көтерді. С.Мұратбеков, Т.Нұрмағамбетов
шығармаларындағы лиризм ұлттық болмыстан
өрбиді.
Қазақ лирикасы адамды тану, оның ой-
сезімін, рухани тіршілігін бейнелеуде көркемдік
ізденістерге қол жеткізді. Туған жер, табиғат пен
адам,
махаббат
мəселесі
лирикалық
шығармалардың арқауына айналды. Лириканың
ішкі жанрлары (махаббат, көңіл-күй, табиғат т.б)
дамып, тұтас күйінде адамның көңіл-күйін,
сезімінің алуан түрлілігін ашты. Адам мен
табиғаттың тұтастығын, адамдық құштарлық,
сүю сезімдерінің шындығын жырлады. Саяси
248
Жазушының қай шығармасын алсақ та,
табиғат көрінісі шығармада көтерілген мəселеге,
тартыстың сипатына, кейіпкердің адамшылық
қалыптарына қатысты бейнеленеді. Пейзаж
шығарманың идеясын ашуға, образдардың
сипатын
толықтыруға
қызмет
етеді.
Бұл
суреттерден жазушының ой толғанысының
тереңдігін көреміз. Осы сияқты сапалар –
Оралхан
Бөкеевтің
адам
мен
табиғат
мəселелерін бейнелеудегі ірі көркемдік табысы.
Табиғат адамның характерін қалыптастыруға
күшті əсер етеді. Оралхан табиғаттың тылсым
құдіретін осылай түсіндіреді.
«Жазғы
демалысын
Алтай
тауының
бауырында өткізген жас жігіт Орал («Қайдасың
қасқа құлыным») осы өлкенің сұлу келбетіне
көзі тоймай сүйсіне қарайды. Аспанмен астасқан
заңғар тау, басына ақ бұлт оралған биік шыңдар,
таудың иығына өрмелеген қарағайлар, етектегі
қалың ну, жайқалған құрақ пен гүлдер,
сылдырап аққан мөлдір бұлақтар, самал жел жас
жігітті өте тебірентеді, қиялын биіктетеді,
арманын
ұлғайтады.
Оралға
табиғаттың
қасиеттері тазалықтың, пəктіктің ең биік өлшемі
247
ерекшелігін айқындайтын сипаттың бірі – адам
мен
табиғат
қарым-қатынасы
мəселесін
бейнелеудегі шеберлік тəсілдері.
Табиғат суреті – пейзаж көркем шығармада
маңызды роль атқарады. Көркем əдебиет
мысалдарына қарасақ, табиғатты суреттеуде
ежелден келе жатқан, орнықты болған бір
үлгілерді байқаймыз. Мəселен, бір үлгіде
табиғат суреті оқиғаның қандай жерде болғанын
көрсету мақсатында ғана беріледі. Екінші бір
үлгіде табиғат көріністері қаһарманның көңіл-
күйіне
үндестіріліп
суреттелген.
Мысалы,
қаһарман
көңілді,
қуанышты
жағдайда
болғанында табиғат та əсем бейнеде көрсетіледі.
Үшінші бір үлгіде қаһарманды алдынан –
қуанышты ма, қатерлі ме қандай оқиға
жолықтыратынын аңғарту үшін беріледі.
Оралхан
Бөкеев
табиғат
əлемін
кең
көлемде
бейнелейді.
Оқиғаларды
дамыту,
шығарманың мəнін ашу, айтылатын ойды
өткірлеу, қаһармандардың тағдырын таразылау,
эмоциялық əсер-қуатын арттыру мақсатында
табиғат көріністерін жанды етіп суреттеуге,
сөйтіп табиғаттың эстетикалық образын жасауға
ұмтылып отырады.
16
науқаншылдықтың ауруынан арылды. Лирика
адам толғанысына аяқ тіреді. Сезім мен ой, сөз
бен ой қатар өріліп, поэзияның философиялық
мəн-мағынасы
тереңдеді.
Ф.Оңғарсынова,
М.Шаханов, Т.Айбергенов, Қ.Мырзалиев т.б.
ақындардың
шығармаларында
адамның
болмысы, жан иірімдері жырланды.
Драматургия да көркемдік даму жағынан
айтарлықтай жетістіктерге ие. Өмір шындығын
терең тартыс арқылы бейнелеуде, сол арқылы
адам бойындағы сыр мен мінезді ашуда
табыстарға
жетті.
Қ.Мұхаметжанов
пен
Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесу» пьесасы,
Т.Ахтановтың «Боран», «Ант», С.Жүнісовтің
«Өліара», «Ажар мен ажал», Ш.Мұртазаның
«Бесеудің хаты», Ə.Таразидің «Індет» пьесалары
шынайы тартысқа құрылу арқылы, характерлер
психологиялық жағынан шыңдалған.
1960-жылдар
тарих,
қоғам,
адам
шындығын ашуда жаңа поэтикалық түрлер мен
бейнелеу
құралдарын
əкелді.Жазушылар
гуманизмді көркем характер жасаудың негізгі
өлшеміне айналдырды. Сыңаржақты авторлық
баяндаудан бас тартып, кейіпкердің «өзін-өзі
тануына»,
«өзін-өзі
əшкерелеуіне»,
өзінің
17
рухани
болмысына
бойлап,
ақ-қарасын
ажыратуына жол ашты. Осыған орай көркем
характерге
рухани-эстетикалық
категория
ретінде ерекше мəн беріліп, ұлттық характер
концепциясын қалыптастыруға басты назар
аударылды.
60-жылдардағы
роман
жанрындағы
көркемдік ізденістер қазақ əдебиеті дамуының
негізгі тенденцияларын айқындайды. Бұл ретте
М.Əуезовтің
«Өскен
өркен»
(1962),
Т.Ахтановтың «Боран» (1963), Т.Əлімқұловтың
«Ақ боз ат» (1962) романдарынан өзгеше ізденіс,
өзгеше көркемдік сипат танылады.
Т.
Ахтановтың
«Қаһарлы
күндер»,
«Боран» романдары бар. Повестері: «Махаббат
мұңы», «Дала сыры». «Сəуле», «Боран», «Ант»,
«Махаббат мұңы» драмалары жазылды.
Алғашқы шығармашылығын өлең жазудан
бастаған
Т.Ахтанов
кейіннен
əдеби-сын
жанрында да қалам тербейді. 1942 жылы
майданға өзі сұранып аттанады. 1948 жылы
майданнан елге оралып, «Күй аңызы» атты
тырнақалды əңгімесімен елге танылған. Осыдан
соң 1956 жылы «Қаһарлы күндер» романның,
бұдан сəл кейінірек «Дала сыры» повесін
246
қазақтың ең соңғы қамшыгері де сол Садақбай
шығар.
О.Бөкеев – суреткер. Табиғат пен адам
жанын ақындық көзбен жіті танып, екінің бірі
байқай
бермейтін
тылсым
құпияларды
өрнектейді. Жəне де сол суреттері өзі көргендей
тылсым күйінде, жұмбақ қалпында тұңғиығына
сыр бүгіп тұрады. Жазушыда жансыз бейне,
қансыз сурет жоқ, табиғат пен адам жаны
астасып, бітісіп кететіні соншалық, кейде
табиғаттың салқын қабағынан-ақ кейіпкердің
мұңлы күйін, жан айқайын аңғарып отырасыз.
Адамның адамгершілік қасиеттерінің өзін оның
тірі табиғатқа деген қарым-қатынасы арқылы
ашып отырады. Табиғатқа деген аяушылық
сезімі жоқ адамның бойында адамға деген
мейірімінің таяз болатынына көзімізді жеткізеді.
Шынында адам мен табиғат - бір-бірімен біте
қайнасқан құбылыс. Ендеше адамның адамдығы
өзінің өмір сүріп отырған ортасына деген
қарым-қатынасымен өлшенбек. Осы тұрғыдан
алғанда Оралхан Бөкеев шығармашылығының
маңыздылығы өзгеше.
3.
О.Бөкейдің əңгімелеріндегі адам жəне
табиғат. Оралхан Бөкеевтің көркемдік əлемінің
245
əңгіменің өн бойына шебер өрілген. Бақсақ, біз
кие тұтатын сағыныш та, арман да, тіпті
махаббат та өтпелі, алдамшы баянсыз екен.
Адам үшін, тіршілік үшін баладан артық,
ұрпақтан асыл, нəрестеден ыстық ештеңе жоғын
байқаймыз. Осынау опасы жоқ сұм жалғаннан
ертең аһ ұрып аттанар кезінде артында ұрпағым
бар-ау деп тəуба ете алмаудың қаншалықты
қасірет екенін топшылаймыз. Нəресте қалпында
шейіт болған баласының басынан алған «бір уыс
топырақ бұйырсын» деп таусыла өсиет айтуы
əншейін
сары
уайымға
салынушылықтан
туындап тұрған жоқ, оның жүрегіндегі балаға,
өмірге, адамдарға деген шексіз махаббаттан
маздаған оттың шарпуы деп түсінген абзал.
«Қамшыгердегі» Садақбай да тап осы
Жеңісхан сияқты мұңды жүректі жігіт. Сырттай
екеуі екі басқа ортада өмір сүрген жандар
болғанымен,
бейнелері,
мінездері,
дүниетанымдары əртүрлі болса да екеуінде
іштей бір ұқсастық бар. Ол ұқсастық – тағы да
сол
жалғыздықтары.
Садақбайдың
көрге
қамшысын бірге ала кетуінде үлкен сыр жатыр.
Ол өзімен бірге өнерін, қамшыгерлік қасиетін,
қамшыгерлік
дəстүрді
ала
кетті.
Бəлкім,
18
жазады. 1962 жылы бұл повесін қайтадан өңдеп
«Боран» романына айналдырған. Авторға осы
романы үшін 1966 жылы Қазақ ССР-ның Абай
атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген. 1980
жылы «Шырағың сөнбесін» романы дүниеге
келді. Кейін драматургия саласында да жемісті
еңбек етіп, «Сəуле», «Ант» т.б. драмаларын
жазған.
Соңғы
жылдары
А.Толстойдың,
М.Горкийдің
шығармаларын
қазақ
тіліне
аударып, таныстыруымен де өнімді еңбек етіп
келеді.
«Боран» романында еңбек адамы – шопан
Қоспанның
бейнесі
психологиялық
талдау
арқылы астарласа ашылады. Қоспанның ішкі
дүниесіндегі алай түлей сезім мен табиғат
құбылысы параллельді түрде суреттеле келе,
тұтастықта танылады. Романның өе бойында
адамдар өмірі мен осы құбылыс қатар өріліп
отырады. Жетімдіктің тауқыметін тартқан жас
қыз Жаңылдың трагедияға толы өмірі оның еске
түсіруі арқылы көрінеді. Өң мен түстің арасында
өз ойымен өзі арпалысқа түскен Жаңылдың
күйін бейнелеуде автор «айқайлаған еміс-еміс
дауыс», «түнде шырылдаған бозторғайдың ащы
үні» сияқты көркем детальдарды пайдаланады.
19
Оның
бойын
билеген
суық
қорқыныш
аласапыран боранда отар қойымен адасқан
Қоспанның
(Жаңылдың
күйеуі)
жай-күйін
сездіргендей. Осы қорқыныш сезім оның көз
алдына өткен өмір жолдарын əкеледі. Əке-
шешесінен ерте айырылып, ағайынның үйінде
жүргенде Ұштап пен оның қызы Ибаштан
көрген
тепкісі,
«буыны
бекіп,
бұғанасы
қатпаған» сəби сезімін жаралаған жетімдіктің
тауқыметі, күйеуі Қоспан соғысқа кеткенде
еркегі жоқ үйге басына келген, ауылдың шолақ
белсендісі Жаппасбайдың арам пиғылынан
тартқан жан азабы, жалғыз ұлы Мараттың өлімі,
одан кейін бала көтермеуі – Жаңыл тағдырының
тəлкекті тұстары».
Автор Қоспан бейнесін жасауда көбінесе,
оның ішкі жан дүниесін, күш-қайратын үнемі
жанама мінездеу арқылы беруге тырысады.
Романда Қоспан алғаш көрінгеннен-ақ,
адам
жүрегіне
жылылық
ұялататын,
зор
адамгершілігімен, ақкөңілдігімен айқындалып
отырады. Автор, соғыс жылдарында Қоспанға
командир болған «Қосболаттың» оны өзімсініп
«Үлкен
қара»
деп
атайтындығын,
əйелі
Жаңылдың соғыста жүрген Қоспанның үйдегі
244
жоқ, сен бəрібір, қашанда менің қасымда жүрер
едің: жалғыз-ақ өкінішім, мына өзің туралы
новелланы өз бетіңмен оқи алмайтының. Сен қу
мекен далада өскен ақ қайың ең, желіккен жел
жұп-жұқа
қабығыңды
сыпырып,
қалтырап
тұрсың-ау жазған; сол мұңды сол менің құлағым
еміс-еміс естігендей болады; сол сай сүйегіңді
сырқыратар жетім əуен тым жалғыздығыңның
жаршысы, адамдар, тіпті бүкіл əлем алдында
əппақ ар-ожданыңның арашасы сықылданатын».
Осы шағын үзіндіден-ақ жазушының жан
сырын аңғаруға болады. Кез-келген қаламгер өз
жүрегінде барын ғана ақтарады. Ақынжанды
жазушы «қабағы сыдырылған қайыңдай» өзі де
қалтырауық, өзі де болмашы нəрсені көре
қоятын аңғарымпаз; болмашыны жүрегіне алып
қалар сезімтал келеді.
Аса
сезімтал,
аса
мұңды
көңілмен
жазылған
«Ұйқым
келмейді»
əңгімесі
–
Оралханның керемет туындыларының бірі. Осы
бір шағын əңгімеде бүкіл тіршілік трагедиясы
тұр. Адам сезімінің ішкі қайшылығы, өте нəзік
психологиялық өрнек – аһ ұра күрсіну, шексіз
ынтығу, сағыну, жеру, қайта аңсау, жаның
құлдырауға түскендей ышқыну бəрі-бəрі шағын
243
«Ха-ха күліңдер» деген бір-ақ ауыз сөз
осынау тіл жеткізе алмас ауыр трагедиясының
тобықтай түйіні. Осы бір-ақ ауыз сөзден, əрі
тосын, əрі тұтқиылдан айтылғандықтан да,
əлгінде ғана терең тебіреністе отырған оқырман
үстінен мұздай суды құйып жібергендей селк
ете түседі. Сезім селк етпейінше қиялға қамшы
басылмайды.
Төлеген Айбергеновтің: «Адамның заңғар
ұлылығын сен заңғар сағынышымен есепте» -
деуі тегін емес. Сағынышсыз дүние қапас, тірлік
– қараң. Жазушы шығармаларының өн бойынан
сағыныш пен жалғыздықтың мұңлы əуені бебеу
қағып сыңсып тұрады. «Ұйқым келмейді»,
«Жылымықты», «Жесірлерді», «Кербұғыны»,
«Ардақты» - қайсысын алып қарасақ та,
солардың барлығынан өзек өртер мұңды, өзің де
түсінбейтін жұмбақты дүниеге деген шексіз
сағыныштың
табын
аңдайсыз.
Мысалы,
«Жылымықтан» үзінді келтірсек: «Мен осы бір
суретті көрген сайын сені есіме алатынмын, сені
есіме алған сайын осы суретті көретінмін. Қазір
қайда, не істеп жүргеніңді білмеймін. Мүмкін,
аузым бармайды, ондай жамандыққа. Мүмкін
бұл дүниелік емес шығарсың. Оған өкінішім
Достарыңызбен бөлісу: |