Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Көпсалалы



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата21.01.2017
өлшемі0,83 Mb.
#2336
1   2   3   4   5   6   7   8
ішінде беделі күннен күнге өсіп, білімі, іскерлік 
қабілеті  мойындала  бастаған  жас  Мұхтардың 
күш алып, тізгінге жармасуынан Мұсабай алдын 
ала  күдіктеніп,  тосқауыл  қойды.  Шен  мен 
байлықтың  буына  ісініп-кебініп,  «ала  қойды 
бөле 
қырыққан» 
қаныпезер 
Мұсабайдың 
сарқытын ішкен Ағзам ежелден құда-құдандалы, 
іргелері  бөлінбеген  ру  мен  руларды  жер  дауы, 
 
128
қаламгер  əдетте  ауыр  қоғалатын  романистер 
емес,  шалқымалы  дастангерлер  сияқты  керекті 
тұста  шұғыл  жалтарыс  жасап,  оқиғаға  өзі 
араласады  да,  кейіпкерлердің  жан-дүниесімен 
сырласады». 
«Жалын»  романының  құрылымы  өзгеше. 
Автор  бірден  қаһарманның  жеткен  биігін 
көрсетіп  алады  да,  бірыңғай  шегіністер  арқылы 
оқырманын  өзімен  бірге  жетектей  отырып, 
шумақтың əр сабағында өрілген оқиғаны баппен 
баяндай 
бастайды. 
Алғысөз 
бірнеше 
көріністерден  құралады.  Ең  соңғы  көріністе: 
«Тоқта!  Осы  жалын  неден  тұтанды,  мынау 
ғаламат  қайдан  басталды?»  -  деп,  сұрақ  қояды 
да,  шегіністердің  бірінің  соңында:  «Бəрі  сол 
түннен  басталды»,  -  деп  жауап  береді.  Бір 
көріністе  бір-ақ  сөйлем.жазушы  ең  қысқа  жазу, 
шұғыл  шегінісі  жасау  əдісін  қолданады.  Келесі 
көріністе  бірден  бас  қаһарманға  кездесеміз. 
Оқиғалар  құпия  сұраққа  берілген  жауаптай 
сетінеген  тор  сияқты  ағытыла  бастайды.  Автор 
шегініс  ішінде  тағы  да  шегініс  жасап  отырады. 
Сондықтан 
«Жалын» 
романының 
оқиғасы 
айнамалы-қаусармалы 
құрылымды 
болып 
шығады. 

 
129
Жазушы  шеберлігін  танытатын  құбылыс  – 
сөз  қолданысы.  «Өрт  түрі  жан  шошырлық 
қатерлі,  əрі  ертегідей  ғажайып  сұлу.  Қырмызы 
тудай  желбіреген  күрең  жалынды  тура  бұлттан 
төгілгендей  булықсып  буырқана  құлап  түсіп 
жатқан  жал-жал  бұйра  толқын  кейде  қара 
мақпал  көрпедей  жаба  қалады,  қызыл  жалын 
қызыл  шүберектей  дал-дұл  жыртылады.  Жалын 
ессіз  құмарлықпен  толқынды  аймалап,  толқын 
асау 
еркелікпен 
жалынды 
сабалағандай... 
ұйқыдан  шошып  оянған  дала  төсінде  от  пен 
судан  адам  айтьқысыз  арқан  есіліп,  өріліп 
жатқан секілденеді». 
Осылай  жазушы  көркемдегіш  құралдар 
күшімен  бұрын  болмаған  өрт  ғимаратын  салып 
шықты.  Ол  қолданған  ауыспалы  мағыналы 
сөздер,  мақалдар  сонылығымен  есте  қалады. 
«Арманов  аңдамай  ащы  іркіт  ұрттап  алып,  енді 
оны  төгетін  жер  таппағандай  аузы-мұрнын 
кіржитіп, 
қайта-қайта 
қозғалақтай 
берді». 
Жазушы  əзіл  сөз,  əжуа  тілге  де  шебер. 
Христофордың 
келбеті, 
Марғаудың 
жүріс-
тұрысы,  Мусиннің  тұлғасы  мен  портфелі, 
Қоңызмұрттың  қылықтары  –  асқан  шеберліктен 
туған  образдар.  Мақал-мəтел,  ақыл-нақылдық 
 
134
албастыша  басып  түрған  алапат»  -  қызыл 
империя,  оның  тоталитарлық  əзəзіл  саясаты 
екенін түсінесің. 
Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны  ілесің.  Бұл 
жағынан  Мұхтардың  тағдырына  өкпесі  жоқ. 
Атасы  Əуез,  əкесі  Омархан,  ағалары  Қасымбек, 
Разақ  образдары  роман-эсседе  асқан  жылылық, 
ыстық  махаббатпен  əдіптелген.  Бүұралаңы 
шетсіз,  шырғалаңы  шексіз,  ащысы  мен  тəттісі 
ию-қию  араласқан  өмірінде  сол  ұядан  бойына 
сіңірген  уыз  сүті  аштықта  жүрегін  қарайтпай, 
тоқтықта 
секіртпей, 
нəмəрттіктен 
сақтап, 
мəрттікке  жеткізген.  Оның  үстіне,  «дүниеге 
Абайша,  Абай  дүрбісімен  қарауы»,  «ұлы  болып 
туылғанмен,  ұлы  болып  өмір  сүрмек  тым 
қиындығын» ол ерекше сезеді. Халқының жоғын 
жоқтап,  жыртығын  жамап,  ауыртпалығын  алып 
иығымен  көтерумен  өмірден  өтеді...  «Менің 
Əуезовім» сол өнегелі өмірдің ғибратты сабағын 
жүрегіңе  терең  сіңіреді.  Бұл  тақырыпқа  тек 
З.Қабдолов  қана  барған  жоқ.  Талайлар  бағын 
сынаған еді. 
К.Оразалиннің 
алпысыншы 
жылдары 
жарық  көрген  «Абайдан  соң»  романынан  біз 
оның  Құнанбай  дəуірінен  бастап  Мұхтар  өткен 

 
133
Өмірдің  күнгейі  мен  көлеңкесін  қатпарын 
жаза,  сүлулығы  мен  сұмпайлығын  шарпыстыра 
толғай  жазатын  қаламгер  ешкімге  қылдай 
қиянат  жасамайтын  пенделерінің  де  тіршілік 
жолы кейде бұралаң, «тағдыр торы - шырғалаң» 
болатынын  айтады.  Ұлы  пенде  Əуезов  те 
«тағдыр 
шырғалаңынан» 
қашып 
құтыла 
алмаған.  Сонау  отызыншы  жылдардың  басынан 
алпысыншы  жылдарға  дейін  «буржуазияшыл 
ұлтшыл»,  «алашшыл»  деген  айып  тағылып, 
туындыларының  көркемдігін  көрер  көз  болмай, 
таным 
мен 
талғам 
таразысы 
əлсіреген. 
Таразышылары 
идеялық 
талап-өлшем 
тұрғысынан  келіп,  əдебиеттің  ең  биік  мұраты  - 
халықтық  қасиетті,  сұлулығы  мен  ұлылығын 
көрсе  де,  көрмеген  болыпты.  Ұрдажық  сынның 
таяғынан  қаламгер  тартқан  азапты  дұшпаныңа 
да  тілемейсің...  «Менің  Əуезовімде»  Сəмсүгір 
Сұраншин, қарабұжыр  хатшы  сияқты  жауһарды 
табанымен  таптап,  оны  мұрнын  шүйірер  өлеңге 
балап,  періштеден  періні  іздеген  əумесерлердің 
қылығы  сыналып  суреттеледі.  Сан  құрулы 
қақпанның  тілін  абайлап  басқан  əккілердің  өзі 
ара 
түсуге 
жарамайды. 
Жүрегінің 
жігері 
барлардың  тілін  байлаған  күш,  «есінен  тандыра 
 
130
сөздер  де  жетерлік.  «Қойдың  ізін  қоянға 
бастыру»,  «жылан  інге  қарай  қашады,  қыран 
көкке парлап асады», «құс ұшу үшін, адам бақыт 
үшін туады», «біреудің жоғын біреу өлең айтып 
жүріп іздейді». 
Миллиондарды  тамсантқан  таңғажайып 
кемеңгерлер  де  қойны-қонышы,  қолтық-қолаты, 
құзы мен шатқалаңы, жықпылы мен түкпірі мол 
айбарлы алып таудай. Мұхтар Əуезов те сондай 
талант-дарыны, пенделігімен ұлылығы тең тұлға 
еді.  Кемеңгер  көз  жұмғаннан  кейін  оның 
суреткерлік  портретін  мүсіндеу  арманы  талай 
дарынның  көкірегін  тескені  даусыз.  Əуезовтің 
балалық, 
бозбалалық 
шағын 
суреттеген 
К.Оразалиннен  кейін  жазушының  толысқан 
кезеңдеріндегі болмыс-бітімін, тамырын төрткүл 
дүниеге  таратып,  бұтағын  жайып  жіберіп,  алып 
самұрықтай 
əлемді 
құшақтай 
көтерілген 
түлғасын,  энциклопедиялық  ақыл-парасатын, 
эстетикалық, 
философиялық 
талап-тілек 
деңгейінде  бейнелеу  оның  шəкірті,  рухани 
перзенті,  сенім  артқан  іні-серігі  Зейнолла 
Қабдоловтың  еншісіне  тиді.  Оның  «Менің 
Əуезовім»  (1997)  атты  роман-эссесі  халықтың 
алыс  сапарға  кеткен  ұлы  перзентін  қайта 

 
131
оралтып, 
ел 
сезіміне 
бөлеп, 
тебірене 
табыстырады.  Шебер  жаққан  бояуы  ғана  емес, 
қаққан  шегесі  де  өз  орнына  қағылатын,  не 
нəрсеге де көңіл көзімен, көкірек көзімен үңіліп, 
ойға  алғанын  қаламын  жүрек  қанына  малып 
жазуға 
машықтанған 
Қабдоловтың 
Əуезов 
материгін  игерудегі  стилі  түбірімен  өзгеше, 
соны.  Сөзіне  сөзі  сəулесін  түсіріп,  сурет,  образ 
жасалып жатады. 
«Менің  Əуезовімнің»  басты  табысы  - 
Əуезовтің  кемеңгер  қалам  иесі  екеніне,  өз 
тілімен  айтқанда,  «дүниеге  Абайша,  Абай 
Дүрбісімен»  қараған  рухани  баласы  немесе 
егізінің  сыңары  болғандығына  бізді  риясыз 
сендіре  алуында.  Мұхтардың  ең  басты  қасиеті, 
Қабдоловша  айтсақ,  ұстаз  бола  білуінде.  Яғни 
саналы  ғұмырының  елу  жылын  ұстаздықпен 
өткізген 
Зейноллаға 
институтта 
сабақ 
бергендердің  бəрі  ұстаз  емес.  Бір  институтта 
«мың  оқытушы  болса,  сен  үшін  оның  мыңы 
емес,  мыңның  бірі  ғана  ұстаз».  Əуезов  сол 
«мыңның  бірі»,  екінші  сөзбен  айтсақ,  мыңның 
білгенін жұмыр басына сидырып, мыңның жүгін 
арқалаған мифтік тұлға. 
 
132
Ұлылықтың 
екінші 
аты 

кеңдік, 
жомарттық, 
дарқандық. 
Жақсылығы 
қара 
басынан аспайтын мысық тілеудің - сырты абыз, 
іші  -  залым.  Оның  жасаған  жақсылығы  өз 
отбасынан  асса  төңірегін  қоршап,  шашбауын 
көтерген 
жағымпаздардан, 
жылпостардан 
аспайды.  Оның  ұлтын  сүйгені  өзінің  құлқынын 
сүюден əріге ұзамайды. Ұлы адам ұлтын сүйеді, 
онда да жалпақ шешей емес, ұлтының көсегесін 
көгертетін 
серкесін, 
ұйытқысын 
сүйеді. 
Солармен  қосылып,  жалпақ  жұртының  қамын 
жеп,  арманын  арқалап,  бұлт  шалса  қарақан 
басын  оққа  тігуге  бар.  З.Қабдолов  кейіпкері  - 
Əуезовтің  қалың  қазақ  интеллигенциясынан 
артықшылығы:  кім  талантты,  еңбекке  еміреніп 
түрса,  соған  құшағы  ашық,  алақаны  аялы. 
Талабына өгейлік көрсету, талантына тұсау салу 

оған 
жат. 
Тек 
«шалағай 
Шекспир», 
«толыспаған  Толстойлар»  ғана  оның  көңіл 
қақпасынан  сығалай  алмаған.  Əсілі,  оның  қатал 
талабы «географияға» ендемей, «биографиядан» 
іздегенін 
тауып, 
қанағаттанған 
сыңайлы. 
Қабдолов  осылайша  роман-эссесінде  атаның 
баласы  болмай,  адамның  баласы  бола  білген 
ғұламаның қайталанбас қырларын ашқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет