ШАҢҚАНДАНУ... Күннің ш а ң қ а н д
а н у ы кімге болса да ұнап тұрмаған сияқты
(Ө.Қанахин, Құдірет, 182).
ШАҢҚЫЛДАҚ: Шаңқылдақ сары.
«Шаңқылдақ» деп аталатын қыран құс
түсінің сарылығына қарай кейде осылай
да аталынады. Қасқыр, суыр, борсықтар,
ш а ң қ ы л д а қ с а р ы, тазқара, ала қарға,
құзғындар сияқты аспан мен жер тағысы
түгел мерекеде (М.Əуезов, Қилы заман, 65).
ШАҢЛАҚ з а т. Шаң жер, шаңдақ.
Ыстыққа шыдамаған ш а ң л а қ т а ғ ы
қой-ешкілер бұталардың аласа көлеңкесіне
Байынқол Қалиев
652
ұйлығып, бүйірлерін соғады (А.Мекебаев,
Жадыра, 29). Малды ш а ң л а қ қ а иіріп
тастап, атын суыту үшін қаңтара салған да,
үйге беттеген (А.Мекебаев, Жезтырнақ, 62).
ШАҢШЕЛЕК з а т. Төрт дөңгелектің
үстіне орнатылған, су таситын үлкен
ағаш бөшке. Ол төрт дөңгелектің үстіне
орнатылған үлкен ақ ш а ң ш е л е к т і,
қасында сол ш а ң ш е л е к т і ң қай жағынан
тұрарға білмей бірінің қолында кастрюль,
бірінің қолында шелек, жүгіріп жүрген
жандарды көрді (Жұлдыз, 1975, №4, 94).
ШАҢЫРАҚКӨТЕРЕР э т н. Қыз
отауының шаңырағын көтерер кезінде
берілетін (алынатын) кəде. Үй тігіскен
əйелдер күйеуден «отау жабар», «ш а ң
ы р а қ к ө т е р е р» кəделеріне малдай,
ақшадай немесе тігулі киімдей сыйлықтар
алады (Х.Арғынбаев, Қаз. халқы., 2013). –
Отауды тіккен мен. «Ш а ң ы р а қ к ө т е
р е р д і» өзім ғана алам (С.Сматаев, Елім-
ай, 2, 344). Бұрынғы кезде ұрын барған
күйеудің беретін түрлі кəделерінің аты да
аз болмаған: ентікпе, отаужабар, ш а ң ы р
а қ к ө т е р е р, шымылдықбайлар, күйеу
шақырар т.б. (Жалын, 1974, №3, 146).
ШАҢЫРАҚТЫҚ с ы н. Шаңырақ
жасауға болатын, шаңыраққа жарамды.
Қатты ағаштан жасалатын кереге, уықтық,
ш а ң ы р а қ т ы қ ағаштарын белгілі
қалыпқа келтіретін құрал - ысқаурын деп
аталады (Қаз. тіл. жерг. ерек, 189).
ШАҢЫРАҚШАЛА е т. с ө й л.
Шаңырақ сияқты ету, күмбездеу. Төбесін
ш а ң ы р а қ ш а л а п, талдан өрген дөңгелек
шошаланың сырт жағынан бір малдың
құйрығы көрінгендей болды (С.Жүнісов,
Ақан сері, 33).
ШАҢЫРАҚШАЛАУ Шаңырақшала
етістігінің қимыл атауы.
ШАҢЫТТЫ ... Барлық дүниені
ұмытқан жолаушы күн астында майлы
бүйректей болып ш а ң ы т т ы сағымға
оранып жатқан Бозтөбеге қадала қарап
қалған (Е.Рахимов, Тентек, 8).
ШАҢЫТЫҢҚЫРА е т. Аздап шаңыту,
шаңыта түсу. Тымырсықтау аязды ауа
райы, күн еңкейе ш а ң ы т ы ң қ ы р а п
тұр (С.Мұқанов, Мөлдір., 251).
ШАҢЫТЫҢҚЫРАУ Шаңытыңқыра
етістігінің қимыл атауы.
ШАП: Шап тартпа. қ. Шап айыл.
Аттың шабын орай тартылса, шап айыл,
ш а п т а р т п а, артқы айыл, кер айыл деп
аталады (Ата салты., 102).
ШАП
1
е т. Айғырдың биеге артылуы.
Көк ат оны көкірекпен соғып, омақастырды
да, сол бетімен тоқталмай биеге ш а п т ы
(Ер қанаты, 220).
ШАП
2
е т. қ - ө н е р. Алтын не күміс
əшекейді бір нəрсеге (темірге, ағашқа,
былғарыға т.б.) ойып, тесіп немесе жап-
сыра орналастыру. ≈ Ердің қасына күміс
ш а п т ы.
ШАПАҚҚҰС з а т. з о о л. Орманда
тіршілік ететін əнші құстардың бірі.
Ш а п а қ қ ұ с – өлшемі жағынан торғайдай
кішкене құс. Оның денесі зəйтүн түстес
сұр, қарны ақ, ал тамағы мен кеудесі
сарғыш келеді (Құстар, 87).
Ш А П А Н - Ш А Қ П Ы Т. . . – Ж е ң -
гелерімізге, қарындастарымызға ш а п а н-ш
а қ п ы т лайық еді (Жұлдыз, 1973, №3, 41).
ШАПАТЫЛАУ с ы н. Шағындау,
кішілеу, нəзіктеу. Михаил Александрович-
тің дене бітімі менен де ш а п а т ы л а у
(М.Əлімбаев, Көңіл күнд., 170).
ШАПҚЫЗДЫР Шапқыз етістігінен
жасалған өзгелік етіс (Ж.Бектұров, Жол
жоралғысы, 5).
ШАПҚЫЗДЫРУ Шапқыздыр етіс-
тігінің қимыл атауы.
Ш А П Қ Ы Л АТ Қ Ы З Ш а п қ ы л а т
етістігінен жасалған өзгелік етіс.
ШАПҚЫЛАТҚЫЗУ Шапқылатқыз
етістігінің қимыл атауы.
ШАППА з а т. с ө й л. Қақпан. Абағына,
аранына, ауына, қодасына (аң аулайтын
шарбақ), торына, ш а п п а с ы н а түспеді
деген сөз (Ер қанаты, 274). Тау етегіндегі
сай-саланың ш а п п а с ы н балалары-
на қорытып, түн асып, Ақшолағы күтіп
жатқан үңгірді бетке алды (К.Сегізбаев,
Жап-жасыл., 7).
ШАППА: Шаппа шөп. Шабуға бола-
тын, шалғын шөп. Ш а п п а ш ө п, иен қора
кездесті (Халифа Алтай, Алтайдан., 163).
ШАПТЫР
1
Шап етістігінен жасал-
ған өзгелік етіс. Бірде Сегізбай деген
кісі өтініп жүріп, тұқым алмаққа биесіне
ш а п т ы р м а қ ш ы болды (Ер қана-
ты, 219).
ШАПТЫР
2
... Немене, сенің Аршалы
көшіп кетті деп тортаңдағаныңнан жұрттың
ш а п т ы р ғ а н зəрі түзелді деп жүрсің бе?
(О.Бөкеев, Мұзтау, 75).
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
653
ШАПШАҚ з а т. Үлкендігі темір ше-
лектей ағаш ыдыс. Шелектен аласалау.
Жуантық келеді. Оған айран, ашыған
көже, қатық құяды.
ШАПШАҚТАЙ с ы н. Шапшақ тəріз-
ді, шапшақ сияқты. Шарадай басы ш а п
ш а қ т а й болды (Мақал).
ШАПШАҢҚОЙ с ы н. Шапшаң
істейтін, тез қимылдайтын. Кішкене ғана
сары шал жасы жетпісті алқымдаса да, бала
қимылды, ш а п ш а ң қ о й кісі (З.Иманбаев,
Қос қайың, 39).
ШАПШУЫРЛА е т. Тұсаулы аттың
секіріп тез-тез жүруі. Тұсаулы ат
ш а п ш у ы р л а п келіп қатарына таяды
(Қ.Жұмаділов, Көкейкесті, 176).
Ш А П Ш У Ы РЛ АУ Ш а п ш у ы р л а
етістігінің қимыл атауы.
ШАПШЫНАЙ з а т. Қаракөл елтірісінің
ең қымбат, бағалы сорты; қаракөлше.
Əсіресе елтірінің ең қымбат, бағалы сорты
– ш а п ш ы н а й (қаракөлше) өндірудің
пайдасы айрықша мол (Еңбек туы, 17. 04.
1968). Ш а п ш ы н а й д ы ң бұйрасы өте
əдемі, майда, жылтыраған əрі өте жеңіл.
Елтірінің бұл сорты халықаралық аукцион-
дарда елтірінің басқа сорттарына қарағанда
75-80 процент қымбат бағаланады (Бұл
да). Соңғы жылдары қолға алған тағы бір
игілікті іс – қаракөлше (ш а п ш ы н а й)
(Қаз. əдеб., 05. 02. 1982, 3).
ШАРАНЗЫ з а т . Қазақстанда
өсірілетін қой тұқымдарының бірі. Бұл
күндері Қазақстанда əрқайсысының өз ал-
дына ерекше қасиеттері бар архар меринос,
дегерес, кавказ мериносы, қаракөл, еділбай,
ш а р а н з ы, қисар сияқты қойдың бірнеше
түрлері өсіріледі (Ш.Ерманов, Мəңгі., 31).
ШАРАСЫЗДАУ ү с т. Шарасы жоқтау,
амалсыздау. Өзімнің де ойымда біраздан
бері жүрген мəселеге бетпе-бет ұшыраса
кеткен соң ба, даусым тым бəсеңдеу, ш а
р а с ы з д а у естілді (К.Сегізбаев, Жап-
жасыл., 418).
ШАРБАЛЫҚ з а т. и х т и о л. Шар
сияқты домал анып келген балық .
Жапондықтар сүйсініп жейтін ш а р б а л
ы қ денесінде аз да болса у бар екен. Сол
удан ракка қарсы дəрі жасапты (Қазақ елі,
11. 04. 1997, 6).
ШАРБАС з а т. Бидайдың қауызынан
ажыратылмай қалған басы; шар. Қырман
соғу кезінде ш а р б а с қ а араластырып
белгісіз бұрышқа сабанмен жаба салған жар-
ты қаптай бидай бар еді (К.Мұқажанқұлы,
Ортеке, 37).
ШАРБАЯҚТА е т. Төрт аяғын төрт
жаққа жіберіп жүгіру, тырағайлау.
Қалайша қыз шақырған кинодан ш а р б а
я қ т а й қашты? (А.Мекебаев, Алапат, 270).
ШАРБАЯҚТАУ Шарбаяқта етіс-
тігінің қимыл атауы.
ШАРБОЛАТТАЙ с ы н. Шарболат
сияқты, шарболат тəрізді. Сонда ғана
махаббат ш а р б о л а т т а й шыңдалады,
қара тастай қатаяды (Ə.Асқаров, Таңд., 85).
ШАРБЫЛАН... Дəл осы шақты күтіп
тұрғандай ш а р б ы л а н ғ а н шағын ақша
бұлттың ай жүзіне тап келе кетуі ғажап еді
(Қаз. əдеб., 06. 07. 1973, 4).
ШАРБЫМАЙ з а т. Малдың қарнын
орап тұратын жұқа май. ≈ Сойған
қойының ш а р б ы м а й ы н сыпырып-
жиырып жинап алды.
ШАРҒЫ з а т. ж е р г. Төңірек, айнала,
аумақ; Өз тұрғылары секілді бұл да ауыл
үйдің ш а р ғ ы с ы н а н ұзамай, қарттыққа,
қариялыққа таман жантайып, соның
келесіне көшкен (К.Ахметбеков, Ақдала,
2, 225).
ШАРҒЫ: Шарғы болды. Күнəһар
болды, жазалы болды. Бұдабай өзге сөзден
өлеңге ұста, Елуден асып жасым келді
алпысқа. Қорқамын қылап, ш а р ғ ы б о л а
ма деп, Тастар ем бір-екі ауыз жазып нұсқа
(Ел аузынан, 161).
ШАРҒЫЛЫҚ з а т. 1. Бойының
қысқалығы, аласалық. Итті шалдың
ұнатпайтын себебі бойының ш а р ғ ы л
ы ғ ы (С.Мұқанов, Бақташы., 189). 2. а у
ы с. Аздық, шамалылық, таяздық. Бірақ
оның білім ш а р ғ ы л ы ғ ы н байқады
(С.Сауытбеков, Өртенген., 6).
ШАРҒЫСЫЗ с ы н. Баянсыз, тұрақсыз.
Адасып Алласынан молдекеңдер, Ш а р ғ
ы с ы з даулы сөзге болды шебер. Елінен
садақа мен зекет өнбей, Түрі бар шап
беретін шендессе егер (Ел аузынан, 249).
ШАРДƏРІЛЕП ү с т. Шардəрі жасап,
шардəрі етіп. Кеше Еркін семіздіктен
мамырлап қалған бір қаз бен үйректі атып
əкеп, Баршагүл олардың ішіне таужуа мен
буылдырық толтырып, ш а р д ə р і л е п пі-
сіріп берген еді (С.Мұқанов, Мөлдір, 336).
ШАРКЕЗДІК з а т. ж е р г. Қысастық,
қастық. Əлде қысастықпен жасап келе
Байынқол Қалиев
654
жатқан ш а р к е з д і г і ме, əйтеуір,
Қажымұрат сыздаған аяқтың солқылын
бірте-бірте ұмытты (Қ.Ысқақ, Тұйық, 129).
ШАРКІТАП з а т. Шариғат туралы
жазылған кітап. Ақан əптиек, құран-
ның немесе сопалдияр, ш а р к і т а п
т ы ң ережесін жаттамай Хафиздің
бəйіттерін жаттады (Т.Əлімқұлов, Сырлы
наз, 54).
ШАРҚАЯ... - Əбден ш а р қ а я болып
алдың. Бетіңе шыбын қонса да, «менің
бетімнен не көрініп тұр!» деп, шыбынмен
соғысып өз бетіңді өзің шапалақтайсың...
(А.Жүнісов, Өмір ізі, 60). Қор қылған
еркегінің бар еңбегін, Көп көрдім күтім-
сізін əйелдердің. Кейбір əйел ш а р қ а я
мінезінен, Қор санап құл көреді тəуелді ерін
(А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 57).
ШАРҚАЯЛЫҚ з а т. ж е р г. Ашушаңдық,
долылық, ұрысқақтық. Малшылар ашуы
келген жерде ш а р қ а я л ы қ т ы ң сан түрін
істеп, бəз-баяғы көші-қонын бастап, қазан-
ошағын салдырлата жөнелді (М.Разданұлы,
Алтай., 344).
ШАРЛА... Шайланып қайтқан қарауыл
қолына шеңгел сыпырғысын алып,
қызылдың етегіндегі қиқым-сиқымды ш а
р л а п жүр (Жұлдыз, 1972, №1, 120).
ШАРЛАН... Қабылдау пунктіне шөп-
шаламынан арылмаған, əбден ш а р л а н
б а ғ а н күріш жөнелтпейді (Қаз. əдеб., 23.
08. 1974, 1).
ШАРМАЙ... Бұрын жыл сайын 30
мыңнан 59 мың центнерге дейін ш а р
м а й мен алабұға ауланатын еді (Жетісу,
14. 12. 1983, 4-б.).
ШАРМАЯҚТА е т. Аяғы аяғына
шалынысып, əрең жүру (А.Мекебаев,
Жезтырнақ, 209).
ШАРМАЯҚТАС е т. ж е р г. Жанжалда-
су, ұрысу, араздасу. – Ат құрып қалғандай,
осы пəлелерге қайдан ш а р м а я қ т а с
т ы қ десеңші... Əбден зықымызды шы-
ғарды (Т.Мəмəсейіт, Таңжарық, 2, 7).
ШАРМАЯҚТАСУ Шармаяқт ас
етістігінің қимыл атауы. Келіннің
бақырып-шақырып баласын төмпештеуі,
күйеуі жəне басқа отбасы мүшелерімен ш а
р м а я қ т а с у ы сияқты т.б. қылықтардың
барлығы көргенсіздік, тəрбиесіздік,
тексіздік есептеледі (А.Нүсіпоқасұлы, 2,
127). Сонда ғана: «Бұл қалай, Ораздың осы
ш а р м а я қ т а с у ы тегін бе?» - деген күдік
кеудемнен сенімді қимылмен өзіне орын
қаза бастаған-ды (Лен. жас, 19. 07. 1973, 4).
ШАРМАЯҚТАУ Шармаяқта етіс-
тігінің қимыл атауы.
ШАРМЫҚШЫЛАР з а т. Орта
ғасырдағы мұсылман елдеріне соғыс
ашушы Батыс Еуропа феодалдары мен
католик шіркеуінің өкілдері; крестшілер.
Бұл жайттар маған орта ғасырдағы ислам-
ды түп-тамырымен құртуды мұрат тұтқан
ш а р м ы қ ш ы л а р жорығын елестете-
тіндей болады да тұрады (Əдеб. айдыны,
06. 11. 2008).
ШАРМЫЛАН е т. ж е р г. Шыр айналу,
зыр қағу. Арлана ер ары үшін арынданып,
Кəрлене қырқар күші қабынданып. Шам-
данып, шар қайрақтай ш а р м ы л а н ы п
Жалданып, жанған оттай жалынданып
(Т.Жароков, Шығ. 83).
ШАРМЫЛАНУ Шармылан етістігінің
қимыл атауы.
ШАРНИР з а т. т е х н. Өз өсінен ай-
налып тұруды қамтамасыз ететін меха-
низм бөлшектерінің арасын біріктіретін
қозғалмалы тетік. Дөңгелектердің ш а р
н и р і желінсе, оның түбіне қаңылтыр
орап салуды жатқа білдім (М.Мəжитов,
Аманғали, 231).
ШАРПЫЛЫС Шарпыл етістігінен
жасалған ортақ етіс. Демдері жалындай
боп ш а р п ы л ы с т ы, Көк орман тыңдай
қалды жан тынысты. Махаббат оты тамған
көздерінен, Аспанның жұлдызындай
жарқыл ұшты (Бабалар сөзі, 89, 347).
ШАРПЫЛЫСУ Шарпылыс етістігінің
қимыл атауы.
ШАРТАҚ... Əлгі даяшы бастаған олар
(бəйгіге шабатын балалар) ə дегенше ш а р
т а қ т а н алыстай берді (Қаз. əдеб., 25.
08. 1989, 11).
ШАРТАҢДА е т. Қарнын шартитып
жүру, шартию.
ШАРТАҢДАТ е т. Қампиған қарнын
шартаң-шартаң еткізіп желу, жүгіру.
Мес торысын ш а р т а ң д а т ы п желе
жөнелді (Қ.Ысқақ, Тұйық, 13).
Ш А Р Т А Ң Д АТ У Ш а р т а ң д а т
етістігінің қимыл атауы.
ШАРТАҢДАУ Шартаңда етістігінің
қимыл атауы.
ШАРТБЕЛГІ з а т. ж а ң а. Құпиялап
жазылған жазуды оқудың кілті (расшиф-
рования) (Телекоммуникация. сөзд.).
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
655
ШАРТЫҚ... Бір-бірінің шоқтығына
иегін артып, үйездеген тай-жабағылардың,
төрт тағандай мүлгіген ш а р т ы қ
биелердің сүлдері қарауытады (Қ.Ысқақов,
Қараорман, 140).
Шартық қарын. Шермиген үлкен
қарын. Сөйтсек əлгі неменің боқтап
тұрғаны маңқ-маңқ үрген кəрі төбеттің ба-
уырына тығылып ойнап отырған бес-алты
жастардағы ш а р т ы қ қ а р ы н інісі екен
(Ж.Қорғасбек, Жынды қайың, 95).
ШАРУА: Шаруа қожалығы. Шаруа-
ның айналысатын жеке шаруашылығы.
Өкініштісі сол, ш а р у а қ о ж а л ы
ғ ы н қолдауға бөлінген үкімет қаржысы-
ның бірнеше миллионы оңай олжа көзде-
гендердің қалталарына кеткен (Айқын, 25.
10. 2008).
ШАРУАЛАУ Шаруала етістігінің
қимыл атауы. – Балам, шаруаңды ш а р
у а л а у д ы ұмытпағайсың (Лен. жас, 30.
10. 1998, 4).
ШАРУАТОРЫ с ы н. с ө й л. Шаруақор,
шаруагер, шаруакеш. Бұл жиынға келген-
дер Нұртайдай ш а р у а т о р ы, алымды
жастан озуға бармын деген лебізіне таңдай
қағысты (Жұлдыз, 1974, №6, 155).
ШАРУАХАНА з а т. с ө й л. Тұрмысхана.
Қыздар тамақ пісіретін, жалпы жұрт
шайға су алатын кухня да осы, студенттер
қауымының киім үтіктеп, бой түзейтін
ш а р у а х а н а с ы да осы (М.Мағауин,
Таңд. шығ., 1, 319).
ШАРШАҒАНДЫҚ з а т. Болдырғандық,
титықтағандық, қалжырағандық. Жал-
пы өзінің болмыс-бітімінде сырт көз
бірден аңғаратындай ш а р ш а ғ а н д ы қ
т ы ң, болмаса қажығандықтың табы
мұндалап тұр (К.Ахметбеков, Ақдала, 2,
256). Оның түрінде ш а р ш а ғ а н д ы қ
т ы ң, жүдегендіктің ізі бар (А.Мекебаев,
Алапат. 18).
ШАРШАҢҚЫ с ы н. Аздап шаршаған,
шаршап қалған. Шашы қудай аппақ, ш а
р ш а ң қ ы, еті қаша бастаған тозыңқы
сұп-сұр жүзіне əжім іздері терең түскен
(М.Айымбетов, Құмөзек., 54). Мен өзімді
ылғи алыс сапардан жолаушылап келе
жатқандай үнемі ш а р ш а ң қ ы сезінетінмін
(Лен. жас, 21. 0. 1974, 3).
ШАРШАС з а т. с ө й л. Шаршағандық,
титықтағандық. Қанша кердеңдегенімен
жол соқты ш а р ш а с т ы ң табын өзге
болмаса да Айпара сезетін (О.Бөкеев,
Үркер, 78).
ШАРШАУ... Сүйек төсектің алдына
кестелі ш а р ш а у керілген (Қ.Толыбаев,
Əсет, 105). Оң жақта ш а р ш а у ы н а үкі
таққан қызыл күрең патсайы шымылдық
керулі тұр (Қ.Жұмаділов, Тағдыр., 267).
ШАРШАУЛЫ с ы н. Шаршаған,
титықтаған. Шөмелерін шошайта тиеп,
қыр үстіндегі тақтақ жолмен қалтылдай
жүзіп ауылға мимырт, ш а р ш а у л ы бей-
жай жүріс салып бара жатқандар да бар
(Жалын, 1974, №1, 66).
ШАРШЫ с ы н. Дене бітімі бір-біріне
сəйкес, үйлесімді, ықшам. Денесі шымыр
біткен ш а р ш ы ғана, Ұқсайды құс ішінде
қаршығаға. Жалт етіп қарағаны – зердең
болса, Дегендей сөзге құлақ салшы, бала
(Н.Айтұлы, Ту, 110).
ШАРЫН е т. ж е р г. Басына салу,
байлау. Жұқалау, қоңыр ала орамалды
ш а р ы н ы п алған екен, қоңырқай сөмкесін
қолтығына қысқан күйі қолын ұсынды
(М.Байғұт, Бұла бұлақ, 72).
ШАРЫНУ Шарын етістігінің қимыл
атауы.
ШАРЫП з а т. с ө й л. Мойынорағыш
(шарф). Түлкі тұмақ, сырты пай Мойында
бар ақ ш а р ы п. Қымбат ішік, қыл шапан
Папирос тартатын баптанып (Шəкəрім,
Шығ., 57.
ШАТАҚҚОЙЛАУ с ы н. Аздап
шатаққұмар, шатақшыл. Ол маңайын-
дағы балаларға өктемдік жасап үйренген
ш а т а қ қ о й л а у (Б.Соқпақбаев, Бала-
лық., 33).
ШАТАЛЫҚ з а т. Некесіз туғандық,
тексіздік. Оның мұндай кішіктігін «Арқар»
ұрандылар əуелден сабы төре, қабы қара
ш а т а л ы ғ ы н а н көреді (Ə.Кекілбаев,
Үркер, 142).
ШАТАУАТ з а т. с ө й л. Есепші, бұғал-
тыр. – Мен ш а т а у а т п ы н. Басқарма
онда... Ол бүйірдегі есікті иегімен
нұсқады (Н.Ғабдуллин, Жігер, 54). Ана
Мейрамбектің қарапұшпақ қызы құрлы жоқ
па, ш а т а у а т боп шіркеніп, шырт-шырт
шот қағып жағасына кіршік жұқтырмай
отыратын? (Ш.Құмарова, Сəуірдің., 193).
ШАТҚАЛАҢ... Шатқал жолы ш а т қ
а л а ң, сазбатпақты, шағыл тасты, аттарға
да, өзімізге де ауырлау тиді (Ə.Асқаров,
Таңд., 256).
Байынқол Қалиев
656
ШАТҚАЯҚТА... – Ана жуан мойын
байыңды байытқалы жүрсің сен, - деп
қызыл келіншек одан сайын ш а т қ а я қ
т а д ы (Қаз. əдеб., 19. 10. 1973, 4).
ШАТПА
1
з а т. ж е р г. Төрт қанатты,
кішкентай ескі киіз үй. Өзінің төрт қанат
ш а т п а с ы болғанда ғой, əлдеқашан
айнадай боп шыға келер еді (Ə.Кекілбаев,
Құсқанаты, 61). Малшыларға ш а т п а
тігіліп берілді (Қ.Исабаев, Шоң би, 176).
Біз мезгілге ш а т п а н ы ң бір үзігі түріліп,
саңылаудан əлдекімнің тұрғанын көреді
(Жас алаш, 01. 12. 2009).
Достарыңызбен бөлісу: |