Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет159/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   168

ШЕШЕН з а т. Қапқаз халықтарының 

бірі.  Мұнда  қазақты,  орысты,  өзбекті, 

балқарды,  армянды,  татарды,  корейді, 

немісті, гректі, ингушты, ш е ш е н д і жиі 

кездестіресің  (Т.Нұртазин,  Ауыл., 126). 

Бұл  маңға  сонау  соғыс  жылдары  үкімет 

шешімімен  қоныс  аударып  келген  ш  е-



ш е н д е р екі көшенің бойына ұйлығыса 

орналасқан  еді  (Ұ.Доспанбетов,  Шығ., 

4, 105). 

ШЕШЕНШЕ ү с т. Шешен тілінде. ≈ 

Ол ш е ш е н ш е сөйледі. 



ШЕШІМДЕЛ  е  т.  Шешім  шығарылу. 

Боранқұлға  халық  істер  мекемесінің 

қарауында  тұрақты  көмек  қаражаты-

мен  қамдалатындығы,  сол  мекеменің 

т а р а п ы н а н   қ а л а   і ш і н е н   қ о л а й л ы 

үй  берілетіндігі  ш  е  ш  і  м  д  е  л  і  п  т  і 

(Ғ.Білəл, Ғасырлық., 261). 

ШЕШІМТАЛ  с  ы  н.  Біржолата 

шешілген,  шешімді.  Бердібек  екінші  рет 

қолтықтамақ болғанда тағы сөйтті. Ызалы, 



ш е ш і м т а л қарсылық емес (М.Мағауин, 

Таңд. шығ., 398). 



ШЕШІМТАЛДЫҚ  з  а  т.  Шешім 

шығара  білетіндік,  шешімгер.  Серігінің 

қысылғанда  жол  таба  білетін  ш  е  ш  і  м 



т  а  л  д  ы  ғ  ы  н  а,  қиындықты  қайыспай 

көтеретін төзімділігіне тəнті (Лен. жас, 13. 

03. 1985, 3). 

Ши аршу. Ши тоқу үшін ши сабағын 

қабығынан  тазалау.  Ш  и    а  р  ш  у  деп 

тоқудың  алдында  ши  сабағының  қабы-

ғын  аршуды  айтады  (Ə.Тəжімұратов, 

Шебер., 59). 



Ши  аяқ.  Жіп-жіңішке,  қылдырықтай 

аяқ. Жиынға келетін кілең жарлылар, ш и

а  я  қ  балалар  жиналған  (Б.Майлин,  Таң. 

шығ., 308). 



Ши есік. Шым шиді киізге тігу арқылы 

жасалған  киіз  үй  есігі  (Ə.Тəжімұратов, 

Шебер., 59). 



Ши  жүгіртті.  Екі  араға  от  тастап, 

істі асқындырды, шиеленістірді. Болар іс 

болыпты, енді ш и  ж ү г і р т і п, сөзден 

сөз  балалатып,  елді  дүрліктірер  жөн  жоқ 

(Ж.Əлмашұлы, Тар дүние, 5). 



Ши  қалпақ...  Жігіт  есік  алдында 

жанындағы аласа орындыққа отырды. Ш и 



қ а л п а ғ ы н алып, тізесінің үстіне қойды 

(М.Сүндетов, Үзеңгі жолдас, 92). 



Ши тарту. Ши тоқу үшін шиді түбінен 

суырып  (тартып)  алу  (Ə.Тəжімұратов, 

Шебер., 58). 



ШИБАУ  з  а  т.  э  т  н.  Ұсталған  шидің 

екі шетіндегі керегеге байланатын жіпті 

шибау дейді (Ə.Тəжімұратов, Шебер., 59). 

ШИДЕМ:  Шидем  шекпен.  Жүннен 

əдемілеп  тоқылып  істелген  шекпен. 

Шекпеннің ең əдемі түрін «ш и д е м  ш е к 



п е н» дейді (Шаңырақ, 327). 

ШИЕ:  Шие  ерін.  Қып-қызыл  ерін. 

Бозғыл таңмен қара торы жүзі сəл ақшыл 



Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

665

тартып, ш и е  е р н і сəл ашылып, дем алған 

тынысы сəл естілер-естілмес боп білініп, 

тəтті  ұйқыда  жатыр  екен  (І.Есенберлин, 

Алмас., 257). Бəрін бағып тұрыпты. Қарыс 

маңдайы жарқырап, ш и е е р і н г е күлкі 

үйірілген (Ə.Кекілбаев, Бір шөкім., 91). 

ШИЕБӨРІШЕ ү с т. Шиебөрі сияқты, 

шиебөрі  тəрізді.  Əлдебіреу  бұрынғыға 

ұқсамайтын  бір  жаңа  пікір  айта  қалса, 

көп  сандағы  əдебиетшілеріміз  ш  и  е  б  ө 

р і ш е шулап шыға келеді (Т.Əлімқұлов, 

Тірліктен., 149). 



ШИЕЛЕ:  Шиелеп  байлау.  Шеше  ал-

мастай  етіп  шандып  байлау.  Байлаудың 

күрмеп байлау, қазықбау, тұзақтап байлау, 



ш и е л е п  б а й л а у, ілмектеп байлау деген 

түрлері бар (Пионер, 1984, №4, 30). 



ШИКІ:  Шикі  кесек.  Иі  қанбаған, 

күйдірілмеген,  қам  кесек;  саман.  Асау 

бір  өзеннің  көркі  тамаша,  көлемі  шағын 

бір қойнауындағы ш и к і  к е с е к т е н 

домбайланған  құба  там  (М.Разданұлы, 

Алтай., 5). 

Шикі  қайыс.  Иленбеген  теріден 

тілінген  қайыс.  Ердің  белағашын  ор-

нына  қойғанда  оны  желімдемейді  де, 

шегелемейді де. Белағашты тек ш и к і  қ а 

й ы с таспамен жан-жағына көктеп бекітеді 

(Ер қанаты, 261). 



ШИКІЛДЕН  е  т.  Сарғыш  тарту, 

сарғаю.  Неге  екені  белгісіз,  беті  сарғыш 

тартып,  нұры  таралып ш и к і л д е н і п 

кетіпті (Д.Досжанов, Жолбарыс, 37). 

ШИКІЛДЕНУ  Шикілден  етістігінің 

қимыл атауы. 

ШИЛАН  з  а  т.  Жол  жүргенде  алып 

шығатын  қалта  (дорба).  Тұскиіз,  сыр-

мақ, ш и л а н, керме, аяққап, кереге сал-

ма – қос керегенің жапсарындағы таңғыш 

сияқты  толып  жатқан  өнімдерге  əлі  де 

болса  сұраныстар  көп  (Лен.  жас, 14. 05. 

1976, 3). 



ШИЛАНДАЙ  с  ы  н.  Қалың,  мол, 

қайнаған;  шимандай.  Темір  жол  бойы-

на  ана  жерден  де,  мына  жерден  де  ауыл 

қоныстанып, бұрынғы иесіз жатқан жапан 

дүз ш и л а н д а й елге айналған (Б.Шаханов, 

Қаратау., 133). 

ШИЛІ:  Шилі  жауыр.  Мүлде  жазыл-

май, жыл сайын қайталанып отыратын 

жауыр.  Жауырдың  жыл  сайын  өршитін, 

«ойнамалы  (созылмалы)  түрі – ш  и  л  і 



ж  а  у  ы  р  д  ы  емшілер  қанның  бұзылуы 

салдарынан  болады  деп  есептейді  (Қаз. 

этнография., 2, 258). 

ШИМАЙ з а т. э т н. Зергерлік өнерде 

қолданылатын ою-өрнектің бір түрі. 

Шимай  салғыш.  Шимай  өрнегін 

салатын  құрал;  шимайбіз,  жорғабіз 

(Ə.Тəжімұратов, Шебер., 78). 



ШИМАЙБІЗ э т н. с ө й л. Жорғабіз. 

Ұсталар  мен  зергерлердің  пайдаланатын 

құрал-саймандары: қысқаш, төс, қадаубас, 

кескіш,  жыланкөз,  жорғабіз.  Соңғысын 

кейде  ш  и  м  а  й  б  і  з  деп  те  атайды 

(Ə.Тəжімұратов, Шебер., 78).



ШИМАЙТЕМІР  з  а  т.  Шаңырақ 

тоғынына  шимай  салатын  құралды  

шимайтемір деп атайды (Ə.Тəжімұратов, 

Шебер., 28). 



ШИМАЙТОРСЫҚ з а т. э т н. Бетіне 

арнаулы  мүйіз  шапқымен  əртүрлі  өрнек 

салынған əшекейлі торсық. Торсықтардың 

ішіндегі ең сəндісі ш и м а й т о р с ы қ

пен  мүйізторсық.  Шимайторсықтың 

бүйірі табақ сияқты дөп-дөңгелек болады 

(Шаңырақ, 190). 

Ш И М А Л Ы . . ?   « М ұ р ы н д ы ғ ы м 

түзгеннен болсын, төсегім күлден болсын, 

бұйдам алалы болсын, жабуым ш и м а л ы 

болсын - өспегенде немене» дегенді түйе 

айтыпты дейтін де сөз бар (А.Сейдімбеков, 

Серпер, 81). 



ШИМАТА з а т. ж е р г. Тоқылған жай 

ши;  шыпта.  Онан  да  апам  ш  и  м  а  т  а 

тоқысын.  Ш  и  м  а  т  а  н  ы  ағаштардың 

(үйдің  төбесіне  салған)  астынан  қарсы 

қағады да жұқалап сылайды (Т.Тобағылов, 

Түсінсең еді., 36). 

ШИНЕШ з а т. Бір жасқа толған ешкі, 

шыбыш. Əр кезде риза емеспін, Барлығың 

да  бас  изеп,  Айтқаныма  «Е»  деспей! 

Көріңдер,  қалқам,  бұл  сөзді  Қызылсырап 

келгенде, Сойдырып жеген ш и н е ш т е й 

(Жеті ғасыр., 2, 417). 

ШИП  з  а  т.  и  х  т  и  о  л.  Балықтың 

ірірек келген бір түрі. Көлге (Балқаш) бас-

қа  жақтан  əкелінген  балықтар  мыналар: 

қари, аққайран, ш и п, көксерке, қаяз т.б. 

(ҚСЭ, 2, 133). 



ШИПА:  Шипасы  бітті.  ж  е  р  г. 

Құрыды, өлді, саудасы бітті. – Жаңа кіріп 

кеткеніңізде ғой, ш и п а ң ы з  б і т е р м е е д і!

– деді Қанат жанталаса су шашып жатып. 

– Көрер жарығыңыз бар екен! (Д.Рамазан, 

Жылап  аққан., 61). Басын  төмен  сала,

Байынқол Қалиев


666

жиырыла  түскен  кəрі  қасқыр  «ш  и  п  а  м



б і т т і» дегендей, сол жағына қарай сылқ 

етіп  құлады  да,  қимылсыз  қалды  (Бұл

да, 83). 

ШИПАНЗЕ з а т. Даму деңгейі жағынан 

адамдарға ең жақын маймыл. Ш и п а н з е л 

е р тек қана адамдардың ауруымен ауырып, 

қолынан келетін қарапайым еңбек құралын 

жасай алады (Тірі табиғат, 45). 

ШИПАҢДА... Мезгіл-мезгіл ш и п а ң 

д а ғ а н д а ғана құйрықтарының сарықұла 

шашақтары күн көзінде жылт-жылт шалы-

нады (Ж.Нəжімеденов, Кішкентай, 186). 

ШИПАХАНА...  Базарбек  ақсақалдың 

ем  қонбас  жаман  ауруға  шалдығып,  ш  и 



п а х а н а д а сар төсек болып, сарғайып 

жатқанына  да  үш  айдан  асып  барады 

(Т.Əлқанұлы, Тіршіліктен, 64). 

ШИРАЗ... Совхоз малшылары қаракөл 

елтірілерінің  сапасын  арттыру  үшін  де 

ойдағыдай күреседі, көк елтірі (ш и р а з ы)

өндіруді көбейтуге ұмтылуда (Қазақст. ауыл 

шаруаш., 1957, №11, 53). 

ШИРАТПА з а т. қ. ө н е р. Алтын не 

күміс талшықтарынан ширатып, болмаса 

бұрап  жасалған  əшекей.  Ол  темірлерге 

қақтаған күміс шабылады. Сыздықтар, ш 



и р а т п а л а р жүргізіледі. Үзбелер, шы-

тыралар қағылады. Маржан тасты қозалар 

орнатылады  (Ж.Бабалықұлы:  Ер  қанаты, 

260). Пыстан, өмілдірік, құйысқан, жүген, 

тебінгі беттеріне қағылатын – үзбе, кеспе, 

құйма,  шытыра,  сыздық,  ш  и  р  а  т  п  а

бүркеншік шегеге дейін түгел күміс шабы-

лады (Бұл да, 264). 



ШИСАБАҚ з а т. б о т. Шөптің сабағы 

ши сияқты бір түрі. Шөп аттары: күреңсе, 

тарақбоз,  раң,  күшəла,  ш  и  с  а  б  а  қ

сиырқұйрық, түлкіқурай, ұйғақ, тау пияз, 

атқұлақ... (А.Сатов, Бəрі де., 308). 



ШИТ  з  а  т.  Мақта  тұқымы,  ұрығы. 

Тіпті  өздері  егіп  отырған  мақтасының



ш  и  т  і  н  е  ой  бөлсе  өмір  құбылысын 

байқаған  да  болар  еді  (Қ.Абдықадыров, 

Келес  қызы, 29). Біріншісінде – ш  и  т 

с е б і л е р   а л д ы н д а   м и к р о б а кт е р и я -

мен  дəріленеді  (С.Орынбаев..,  Өсімдік., 

27).  Облыстағы  егіс  танаптарында  қоза-

ның  қандай  түрлері  мен  сорттарының 

ш  и  т  і  себіліп  жүргені  де  белгісіз 

(Ақ алтын., 145). 



ШИТТІ:  Шитті  мақта...  Дүние 

жүзіндегі  мақтаның  орташа  өнімділігі – 

гектарына 16-17 центнер ш и т т і  м а қ т а

(Ақ алтын., 173). 



ШИФОН  з  а  т.  Жұқа,  жібек  мата. 

Басындағы ш и ф о н жаулығын ерекше бір 

қырмен түзетін қайта тартты (Қ.Жұмаділов, 

Соңғы көш, 2, 149). – Рас, жаным, əлі жас 

емеспіз  бе, - деп  жеңешем  ағама  жұтына 

қарап қойып, ш и ф о н жаулығын сəндей 

тартты (Т.Жақыпбайұлы, Лашын, 25). 

ШИШАҚПАҚ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Сіріңке-

нің  қорабы.  Əділ  енді  жанқалтасынан

ш  и  ш  а  қ  п  а  қ  алып,  екі  шидің  басын 

жараның аузына қысып ұстап тұрып, келе-

сі шиді тұтатты (Ш.Мұртазаев, Қара мар-

жан, 61). 



ШИШАСЫЗ  с  ы  н.  Шишасы  жоқ, 

шиша  салынбаған.  Арсыздықтан  ұялып, 

сөнейінші  дегендей  қайта-қайта  жалпыл-

дай берген ш и ш а с ы з шамды бұрышқа 

қоя салды (Қарақат тер., 54). 



ШИЫРЛЫ з а т. к ө н е. Құтсыз, ырыс-

сыз, қырсық шалған адам д.м. Ораздының 

кəрісі Қартайғанда қазына болады, Ш и ы р 



л ы н ы ң кəрісі Қартайғанда қазымыр болар 

(Ел аузынан, 46).



ШЛЯПА з а т. Жазда киетін баскиім. 

ШЛЯПАЛЫ  с  ы  н.  Басына  шляпа 

киген,  шляпасы  бар.  Əнеугі  тымақшаң, 

күпішең кеткендер пальтолы, ш л я п а л ы 

болып қалыпты (Алматы ақшамы, 21. 06. 

1990, 4).



ШНАПС  з  а  т.  Еуропа  арақтарының 

бір  түрі. – Орыс  жаман...  Өте  жаман 

дала.  Қыс.  Қатты  тоңған.  Жылынады... 

Жол  алыс.  Арақ  бар  ма?  Мен  сұрайды... 

Ішеді... Арақ бар ма? Арақ! Арақ! Ш н а п с

(І.Есенберлин, Шығ. жин., 10, 43). 

ШОБА з а т. к ө н е. Ұсақ бірлестіктердің 

бір  түрі.  Кейде  бір  автордың  өзі  белгілі 

бір  топты  «ел»  немесе  «ұлыс» (яғни  ірі 

бірлестік),  сондай-ақ  «қабила», «ұрық», 

«ш о б а» (яғни ұсақ бірлестіктер) деп жиі 

атайды (ҚазССР тарихы, 2, 196). 

ШОБЫР: Шобыр ат. Мініспен қатар 

күш-көлікке жарамды ат. Ш о б ы р  а т, 

тұғыр ат, мес ат, шабан ат дегендер жұмыс 

аттары  болғандықтан  қой  жаюға,  мал 

қайыруға, күш-көлікке т.б. пайдаланылады 

(Ана тілі, 16. 05. 2013, 5). 

ШОБЫРТҚЫ з а т. ж е р г. Төрт өрім 

қамшы. Таспадан өретін қамшы екі түрлі: 

атты  демеп  қана  отыратын 3-4 таспадан 

өретін 4 өрім  қамшыны  «ш  о  б  ы  р  т

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі


667

қ ы», əлденеше таспадан өретін қамшыны 

«дойыр»  дейді  (С.Мұқанов,  Таңд.  шығ., 

15, 127). 

ШОҒАЛ  з  а  т.  Еркек  балықтың  түсі

ақ  ұрығы.  Балықтың  ш  о  ғ  а  л  ы  н  адам 

жемейді. Бұл кейде шоғалдырық тұлғасында 

да айтылады (Қаз. тілі. мəселелері, 154). 

ШОҒАЯҚ // ШОҚАЯҚ з а т. 1. Үстіне 

шəйнек аққұман қою үшін, ішіне шоқ салып 

қоятын  сабы  бар  жайпақ  ыдыс.  Бега-

лы  қазандықтың  аузынан  ш  о  ғ  а  я  қ  қ  а

шоқ  салып,  ақ  құманды  демдеп  жатқан 

əйеліне қарады (М.Айымбетов, Құмөзек., 

78).  Қып-қызыл  шоғымен  əкелінген  екі

ш о қ а я қ т ы ң үстіне екі аққұман қойыл-

ды  (М.Мəжитов,  Аманғали, 20). 2. Бір 



үйден екінші үйге шоқ таситын, сабы бар, 

үсті жабық темір ыдыс (Қаз. этнография., 

2, 34). 


ШОҒЫРЛАНДЫРУШЫ  з  а  т.  Бір 

нəрсені бір жерге жинаушы, топтасты-

рушы адам. Халық өз басшыларын халық-

тың  күш-қуаты  мен  ақыл-парасатын  ш  о 



ғ ы р л а н д ы р у ш ы, бақыт-байлыққа жете-

леуші  деп  қарап,  оларды  қадірлеп, 

құрметтеген (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 

1, 126). 



ШОҒЫРМАҚ з а т. Қарағайдың шор-

ланып, бұжырланып біткен жері. Қарағай 

сағызын  ағаш  қалақшамен  ғана  сыпы-

рып  алған  дұрыс.  Пышақпен  сыдырсаң 

сағызбен бірге қарағайдың ш о ғ ы р м а ғ ы

да сойылып кетеді, сағызды ш о ғ ы р м а қ 

п е н бірге қалай шайнасын (Ғ.Мүсірепов, 

Жат қолында, 418). 



ШОЙБАЛТА  з  а  т.  Жуан  шөркелерді 

жаруға арналған, басы салмақты, шойын-

нан жасалған үлкен балта; шойын балта 

(Қаз. этнография., 1, 397). 



ШОЙҚАРА  з  а  т.  Дөңкиген  шойын-

дай, түсі қара адам. Төр алдында жаюлы 

жатқан текеметтің үстінде шөккен түйедей 

болып жантайып жатқан ш о й қ а р а жай 

ғана  басын  көтерді  (К.Сегізбаев,  Жап-

жасыл., 432). 

ШОЙТЫМ з а т. ж е р г. Зауал, сазай, 

жаза.  Аласапыран  отарлаушыға  да  бір 

кезде ш о й т ы м келер. Сондай оқыста 

қапы  қалмау  керек  (Қ.Тоқмырзин,  Керза-

ман, 3, 258). 



ШОЙЫН:  Шойын  балта.  Шөркені 

қарс-қарс  айыратын,  басы  ауыр  балта; 

шойбалта. Сосын ш о й ы н  б а л т а м 

е н жаңқалап жарып, текшелеп жинаумен 

болады (Б.Соқпақбаев, Балалық., 72). 



Шойын бас шоқпар. Басы шойындай 

ауыр  шоқпар.  Кейбіреулері  қарсыласпақ 

болды, бірақ бұрынырақ сілтеген ш о й ы н



б а с  ш о қ п а р д а н құтыла алмай, бас 

сүйектері мылжа-мылжа боп жерге құлады 

(І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 178). 

Шойын қара. Денесі ірі, салмағы ауыр, 

қара түсті адам; шойқара. Табалдырыққа 

ілінсе, арғы жағын ш о й ы н  қ а р а əйелі-

ақ реттеп жіберетін еді (Ж.Əлмашұлы, Тар 

дүние, 467). 



ШОЙЫРЫЛМА... 2. Жылқының 

беломыртқасы  шойырылып,  жүре  алмай 

қалатын ауруы. Жылқының беломыртқасы 

киреңдеп, жүре алмай, шойырылып қалады. 

Мұны халық кирең немесе ш о й ы р ы л

м а деп атайды (Х.Арғынбаев, Қаз. этногр., 

144).  Əсіресе,  оларды  (жылқыны)  маңқа, 

жамандат, қарақаптал, ш о й ы р ы л м а

қараөкпе, күс, жем түсу сияқты аурулардан 

сақтау керек (Ер қанаты, 199). 

ШОҚАЙНА з а т. Оттың қып-қызыл 

шоғы.  Мұнан  əрі  қойшы  саптаяқ  толы 

сүтін алып отбасына келгенде ш о қ а й н а

ортасындағы  манағы  тастардың  əбден 

қызып,  бал-бұл  жанып  жатқанын  көрер 

еді  (А.Сейдімбеков,  Күңгір-күңгір., 117). 

Сексеуілдің күлмен көмілген ш о қ а й н 



а с ы 4-5 күнге дейін сөнбей жатады (Ана 

тілі, 21. 12. 1995, 7). 



ШОҚАЛДЫ с ы н. Шоқалы бар, шо-

қалы көп; төбешікті. Ш о қ а л д ы, бұта-

нақты алқаптан арқа, сауырлары қызарады 

(Ж.Нəжімеденов, Кішкентай, 186). 

ШОҚАТТАН  е  т.  Шоқат  пайда  болу. 

Осы сəтте бозаң дала енді ш о қ а т т а 



н ы п, бөртек төбешіктеге ұласа бастаған 

(О.Бөкеев, Өз отыңды., 104). 



ШОҚАТТАНУ Шоқаттан етістігінің 

қимыл атауы. 

ШОҚАТТЫ  с  ы  н.  Шоқаты  мол, 

шоқаты  бар.  Содан  соң  солға  бұры-

лып,  төмендегі  ш  о  қ  а  т  т  ы  жазық-

пен өзенді құлдай қыдырдық (Ə.Асқаров, 

Таңд., 363).



ШОҚЖҰЛДЫЗ з а т. а с т р. 1. Топ-топқа 

бөлінген  аспан  жұлдыздарының  жалпы 

атауы.  Халықаралық  астрономиялық 

одақтың  бекітуі  бойынша (1970), бүкіл 

аспан 88 ш  о  қ  ж  ұ  л  д  ы  з  ғ  а  бөлінген 

(ҚСҒ, 12, 262). Астрономиялық еңбектерде 



Байынқол Қалиев

668

Ақжұлдыз   (Шолпан),  Қо сжұлдыз , 

Қызылжұлдыз,  Сарыжұлдыз,  Ш  о  қ

ж ұ л д ы з деген сияқты жұлдыз аттары 

кездеседі (С.Сəрсенова, Қаз. тіл. астроно-

мия. термин., 85). 2. а у ы с. Бетке ұстар, 

таңдаулы,  іріктелген  адамдар.  Төлеген 

Тəжібаев – Ж.Шаяхметов,  Д.Қонаев, 

Ж.Ташенов сынды саяси, қоғам, мемлекет 

қайраткерлері  ш  о  қ  ж  ұ  л  д  ы  з  д  а  р  ы

тобында  келген  халқымыздың  біртуар 

перзенті (Ə.Ыдырысов, Тұлға., 3). 



ШОҚПАРБАСГҮЛ з а т. Гүлдің басы 

шоқпарланып  тұратын  түрі.  Шоғыр 

гүлдердің түрлері: шашақгүл, шатыршагүл, 



ш о қ п а р б а с г ү л, масақгүл, қалқаншагүл, 

себетгүл (Ботаника, 82). 



ШОҚПАРЛАСУ...  Сол  жақтың  не-

лер  кереметтерін,  əсіресе  ұрыс-төбелес-

тің, қылыштасу, найзаласу, ш о қ п а р л а

с  у  д  ы  ң  алуан  түрлерін  үйреніп  қайт-

қан  жау  жүрек  азаматтар  (А.Сатаев,  Бəрі 

де., 304). 

ШОҚТАЛАН  е  т.  Шоқ-шоқ  болу, 

шоғырлану. Құйрығы тірсегіне дари алмай, 

Екпінмен  көтерілген  кейін  қарай.  Кекілі



ш о қ т а л а н ы п кейін серпкен, Тұңғыштың 

тоғыздығы  тұлымындай  (И.Байзақов, 

Құралай., 154). 

ШОҚТАЛАНУ  Шоқталан  етістігі-

нің қимыл атауы. 

ШОҚТОҒАЙ  з  а  т.  Бөлектеніп, 

шоқтанып  өскен  тоғай  (роша).  Реликті 

ерен ағашы шағын ш о қ т о ғ а й болып 

өседі  (Р.Сəтімбеков:  Класс Time, 10. 04. 

2013, 16). 



ШОҚЫНДЫРУШЫ  з  а  т.  Біреуді 

шоқындырған  адам,  шоқындыру  ісін  іс-

теуші (Ж.Молдағалиев, Алғ. қоңырау, 126). 

ШОҚЫНДЫРУШЫЛЫҚ  з  а  т.  Шо-

қындыру ісін істеушілік, шоқындырғандық. 

Біреуі тіпті, патша заманында, ш о қ ы н д ы 



р у ш ы л ы қ күшейіп тұрған шақта, Бағлан 

қаласында мал бағып жүріп христиан дінін 

қабылдайды (Жұлдыз, 1973, №7, 12). 

ШОЛА:  Шоласы  тиді.  ж  е  р  г.  Қолы 

тиді,  уақыты  болды.  Кейін  келген  жас 

жігіттермен жөн сұрасуға енді ш о л а м ы з



т и е т і н шығар (Ж.Тұрлыбай, Райымбек 

батыр, 2, 345). 



ШОЛАҚ:  Шолақ  есеп.  Жеңіл-желпі 

қулық, қысқа ақыл. Алыстан орағытар айла-

дан гөрі ш о л а қ  е с е п, дүмшелігі басым 

(Б.Соқпақбаев, Таңд., 39). 

Шолақ пəлте. Етегі қысқа пəлте. Киі-

мі де бұл елде жоқ, су жаңа жағалы ш о л а қ



п ə л т е (Т.Мəмесейіт, Таудан., 80). 

ШОЛАҚЕТЕК с ы н. ж е р г. Оқыған, 

білімді,  сауатты.  Кеңсе  болғанда  біздікі 

соғыстың алдында «а» деп, «б» деп алған 

ескі  оқу  ғой.  Əйтпесе  ш  о  л  а  қ  е  т  е  к 

деп  айдар  тағатындай  көп  біліміміз  жоқ 

(Ұ.Доспанбенбетов, Шығ., 4, 58). Бір күні 

əлгі келіншек Талдықорған жақтан келген 

хром етікті, оқығаны бар «ш о л а қ е т е к» 

біреумен қашты да кетті (Бұл да, 73). 



ШОЛАҚЖЕҢ...  Төсегіне  барып  бар 

салмағымен гүрс етіп отыра кеткенде тар 

сидам етіп тігілген ш о л а қ ж е ң г е кеудесі 

симағандай алқынып, жарылып бара жатты 

(Ұ.Доспамбетов, Ел есінде, 6). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет