Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет157/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   168

ШАТПА

2

 е т. Жөнсіз сөйлеме, оттама 



д. м. – Ой, жаман Қазыбайдың тұқымы, ш а 

т п а й отыр. Таяқты ешкімге де бермеймін 

(Т.Əбдіков, Көкжиек, 14). 



ШАТПАУ  Шатпа  етістігінің  қимыл 

атауы.

ШАТТАУЫҚША  ү  с  т.  Шаттауық 

тəрізді, қысқашша. Аузын арандай ашқан 

бақалар  көз  ілеспес  шапшаңдықпен  лып-

лып ырғып, қарсыласының оңтайлы жерін 

ш а т т а у ы қ ш а қысуды нысана еткен 

(А.Сейдімбеков, Тауға біткен., 80). 



ШАТТЫҚСЫЗ  с  ы  н.  Шаттығы 

жоқ,  қуанышсыз.  Жастық  пен  шаттық 

қана таласады, Тек жастық - ш а т т ы қ с 



ы з да гүл ашады. Кəріге көрген өмір бар 

қызығын, Тұнжырай ойға кету – жарасады 

(І.Есенберлин, Шығ. жин., 10, 184). 

ШАТТЫҚТЫ  с  ы  н.  Шаттығы  мол, 

қуанышты. Ш а т т ы қ т ы өмір ұзаққа 

бармай, кілт үзілді (Жетісу, 12. 09. 2001). 



ШАТУАР  з  а  т.  Мата  (кездеме)  аты. 

Əйелдер ш а т у а р д а н көйлек тігер, Те-

бендеп күнін күтті түйрейтұғын. Сонда да 

көңіл шіркін алабұртты, Үмітпен қайғыға 

бас имейтұғын (Қ.Толыбаев, Əсет, 244). 

ШАТЫНАУЫҚ... Шаһарбектің ш а т 

ы н а у ы қ көздері дем арасында қанталап 

шыға келді (Р.Тоқтаров, Ғасыр наны, 441). 



ШАТЫРАШ з а т. 1. Шахмат, шахмат 

ойыны. Əрине, ш а т ы р а ш т а ғ ы аттың 

жүрісі. Петрдің басына қатер төнген тəрізді

(М.Мағауин,  Аласапыран, 2, 442). Тек 

карта қарап ш а т ы р а ш қ а үңілгенде 

ғана  жүзі  күреңітіп  сала  беретін  (Қаз. 

əдеб., 15. 04. 1988, 12). 2. Шахмат-



тың,  дойбының  төртбұрышты,  бірі  ақ, 

бірі  қараға  боялған  тақтасы.  Оның  бір 

чемоданы үстіндегі көйлегі түстес ш а т ы 



р а ш екен (Ш.Мұртазаев, 41-ші жыл., 183). 

ШАТЫРЛЫҚ  с  ы  н.  Шатырға 

жарарлық,  шатыр  боларлық.  Бір  ма-

шина  ш  а  т  ы  р  л  ы  қ,  кəрниздік  ағаш-

тар түсті, цемент, құм жеткізілді (Ə.Тарази, 

Тасжарған, 327). Шипыр, шеге, ш а т ы р л 



ы қ қаңылтыр дегенді тіпті сұрауды қойдық 

(Қ.Тоқмырзин, Үш кие, 157). 



ШАТЫРСЫЗ  с  ы  н.  Шатыры  жоқ, 

төбесі  шатырланбаған.  Облыстық 

басқарма  бастығы  мен  оның  көмекшісі 

түс əлетінде төбесі ш а т ы р с ы з, тоқал 

тамның алдында кір жуып отырған əйелдің 

қасына  жақындап  келіп,  екеуі  де  сəлем 

берді (О.Сəрсенбай, Шығ., 5, 41). 



ШАТЫРШАГҮЛ...  Шоғыр  гүлдердің 

түрлері:  шашақгүл,  ш  а  т  ы  р  ш  а  г  ү  л

шоқпарбасгүл,  масақгүл,  қалқаншагүл, 

себетгүл (Ботаника, 82). 



ШАТЫРШАЛАН е т. Шатыр сияқты 

болу,  дөңгелену.  Қысшылшөптің  гүлі – 

қызғылт, сабағының басына ш а т ы р ш 



а л а н ы п бітеді (С.Арыстанғалиев, Қаз. 

өсімдіктері, 172). Аңшы  балапан  шырша 



ш а т ы р ш а л а ұйысып өскен жынысқа 

қарай атының басын бұрды (Асқар Алтай, 

Қызыл бөлтірік, 32). 

ШАТЫСТЫ с ы н. с ө й л. Бүлікшіл, 

шатақ  (сөз).  Енді  таныды:  бұл  былтыр 

Шерəліні жерлеу үстінде ш а т ы с т ы сөз 

айтып,  шатақ  шығарған  шалдың  өзі  екен 

(О.Сəрсенбай, Шығ., 5, 247).



ШАУЖАЙ з а т. Ауыздық пен сулық ара-

сына бекітілген, ұзындығы сынық сүйемдей 

темір. Ат басына жүген салынғанда ш а у 

ж а й екі езуге кесе көлденең түсіп, сулық 

пен  ауыздық  арасын  жарып  өтеді  (Ата 

салты., 107). 

ШАУЖАЙЛЫ с ы н. Шаужайы бар, шау-

жай жасалынған. Жүгеннің ш а у ж а й л ы

түрі де, шаужайсыз түрі де болады (Ата сал-

ты., 108). Ш а у ж а й л ы жүген мініс атын 

тежеп басқаруға оңтайлы (Ер қанаты, 270). 



ШАУЖАЙСЫЗ с ы н. Шаужайы жоқ, 

шаужай  жасалмаған  (жүген).  Тізгінсіз, 

сағалдырықсыз, кеңсіріксіз, ш а у ж а й с 



ы з жүген болуы мүмкін, бірақ ауыздықсыз 

жүген болмайды (Ата салты., 107). Ш а у ж 



а й с ы з жүгеннің тізгінін бұра тартқанда 

сулық  аттың  езуінен  ауызға  кіріп,  тіске 

соғылады (Бұл да, 108). 

ШАУМ-ШАУМ о д. Сиыр малын суға 

шақырғанда айтылатын ишарат сөз (Кир. 

- рус. словарь, 1903). 



Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

657

ШАУҺАТ//ШАҺУАТ з а т. Ер адамның, 

еркек  малдың  ұрығы.  Етеккір  тоқтаған 

күннен  бастап  жатырдың  ш  а  у  һ  а  т 

қабылдайтын  бөлігі 12 күн  бойы  ашық 

тұрады (Денсаулық, 1990, №5, 26). Еркектің 

бойындағы ш а һ у а т өзін-өзі тежей білген 

адамның қуатын күшейтіп, ақылын молай-

тады (И.Қарақұлов, Қырық сұрақ, 158). 

Ш А Х А Р   з   а   т.   Қ ы т а й   е л і н і ң 

құрамындағы  тайпа  атауы.  Іле  мен 

Тарбағатайға  шөншігін  қазынаның  ақ 

күмісіне толтырып, «исі шүршіт еді» деп 

мəнжу мен ш а х а р д ы, сібе мен солаңды 

əкеліп төкті (М.Разданұлы, Алтай., 11). 

ШАХИЗАДАЛЫҚ  з  а  т.  Шаһизада 

болғандық. – Қарағым,  айналайын,  ей, 

Ибраһим,  Сізді  бізге  қойсаңшы  бір 

құдайым.  Мұратыңа  жетпедің  ш  а  һ  и  з 

а  д  а  л  ы  қ,  Сен  үшін  пəрмен  болса,  мен 

барайын (Бабалар сөзі, 79 т., 369). 



ШАХМАТШЫЛ  с  ы  н.  Шахмат 

ойнағанды жақсы көретін, шахматқұмар. 

Карташыл,  ш  а  х  м  а  т  ш  ы  л,  дойбы-

шыл, кроссвордшыл хирург досы айтады 

(Д.Досжанов, Жолбарыс, 231). 



ШАХРИСТАН  з  а  т.  к  ө  н  е.  Орта 

Азия  қал ал арындағы  аристократ-

тар  (билеушілер)  тұратын  орталық 

бөлігі.  Қалада  мұнаралы  қабырғалармен 

қоршалған ш а х р и с т а н, рабад, қамал 

болған  (ҚазССР  тарихы, 2, 76). Орталық 

орда – цитадель, цитадельді орай – ш а х р и 



с т а н. Шахристанды орай – рабат орнайды 

екен (Қаз. əдеб., 28. 06. 1985, 12). 



ШАҺАРБАСЫ  з  а  т.  Шаһардың 

бастығы,  шаһарды  билеуші.  Монғолдар 

сайлаған ш а һ а р б а с ы Тайыр хан қаланың 

үлкен  мешітіне  орналасты  (Шыңғыс  хан, 

199). 


ШАҺАРЛЫ с ы н. Шаһары бар, қалалы 

(жер). Ол дəрі үлкен ш а һ а р л ы жерде, 

татар, өзбек сəудегерлерінен ғана табыла-

ды.  Əрі  удай  қымбат  (З.Шүкіров,  Сарша 

тамыз, 26). 



ШАҺИҚАТ  з  а  т.  э  к  с  п  р.  Жалған, 

өтірік  д.м.  Тұрекең  маған  бұрылып: - 

Көңілдеріңе  келмесін,  біздің  жігіттердің 

тарихи  шығармалары  əлі  де  ақиқатынан 

гөрі ш а һ и қ а т ы молдау болып, шикі 

шығып жүр, - деді (А.Сатаев, Бəрі де., 307). 

ШАШАҚ:  Шашақ  тамыр.  б  и  о  л. 

Жан-жағына шашыра шығатын майда əрі 

көп тамыр. Пиязшықтың түбіршігінен ш а 

ш а қ  т а м ы р өседі (Биология, 68). Кей 

өсімдікте көп майда тамыр болады. Олар 

шоқ құрайды. Мұндай тамырды ш а ш а қ 

т а м ы р деп атайды (Ботаника, 53). 

ШАШАҚТЫ:  Шашақты  сырға. 

Шашағы бар сырға. Салпыншақты сырға, 

сабақты сырға, ш а ш а қ т ы  с ы р ғ а түрлі 

формадағы кейде екі қатар болып келетін 

сəндік қозаларымен ерекшеленеді (Қазақст. 

əйелдері, 1983, №9, 26). 

ШАШКЕРМЕ з а т. Əйелдердің шашын 

бастырып əрі керіп қоятын тарақ сияқты 

сəндік  зат.  Əдемі  өрнекті  етіп  жасалып, 

шүйдеге  бекітілетін  желкелік  пен  ш  а  ш



к е р м е қыздар тағуға арналған əшекейдің 

арнайы бір түріне жатады (Қаз. əйелдері, 

1983, №9, 26). 

ШАШПА: Шашпа палауКүріш дəні 

жеке-жеке шашырап тұратын, етсіз па-

лау. Ең сүйікті немересі табақ толмас ш а ш 

п а  п а л а у жасап əкелді де, артынан сұй-

қылтымдау демдеген көк шəймен суарып 

шықты (О.Сəрсенбай, Шығ., 4, 28). Мұның 

сараңдығы ш а ш п а  п а л а у бастырып бер-

ген Қалмен Əжіден өтеді екен (Бұл да, 4, 34).

ШАШПАЛЫҚ з а т. с ө й л. Ақшасын 

қалай  болса  солай  жұмсаушылық,  қолы 

ашықтық,  мырзалық.  Байшыкештер 

атақ  шығаруды  мирас  етіп,  Ақбілектің 

қымызханасында едəуір ш а ш п а л ы қ жа-

саушы еді (Қ.Тоқмырзин, Керзаман, 3, 161). 



ШАШТЕҢГЕ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Күміс 

теңгелермен  əрлеген,  сəндеген  шашбау. 

Қалдаяқ білезік, жүзік, сырға, ш а ш т е ң 



г е, шолпы, құдағи жүзік, кемер белдік т.б. 

зергерлік əшекейлер жасаған (А.Жұмашев, 

Қалдаяқ ұста., 11). Ал қоңыраулы шолпы, 

қозалы шолып, ш а ш т е ң г е, шашқап, 

бұрама  түйреуіш  сияқты  əшекей  заттар 

қазақ  əйелдерінің  шашына  көрік  беретін 

(Білім жəне еңбек, 1986, №7, 40). Шолпы 

мен ш а ш т е ң г е бұрымның ұшына ілінеді. 

Бұлар көбіне қос тоғыз теңгенің тізбегінен 

құралады. Теңгелер бір-біріне жоғарыдан 

төмен қарай жалғанады (Қазақст. əйелдері, 

1983, №9, 26). 



ШАШТҰТҚЫШ з а т. ж а ң а. Шашты 

қобыратпай  ұстап  тұратын,  жіңішке 

зымнан жасалған жұмыр темір (заколка). 

(Өркен, 24. 02. 1990, 12). 



ШАШЫЛЫҢҚЫ  с  ы  н.  Шашылып 

жатқан,  жиналмаған.  Елден  шеттеп 

шығып  кеп,  Шыққан  екен  құм  қыстай, 



Байынқол Қалиев

658

Ш а ш ы л ы ң қ ы үй екен, Жиылмаған бір 

қыстай (А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 463). 



ШАШЫРАТҚЫ... Ш а ш ы р а т қ ы

–  мал  шаруашылығындағы  ең  маңызды 

істің  бірі.  Қошқардан  күйек  аларда  мал 

иесі күйек алуға жиналған əйелдерге ас-су 

беруді «ш а ш ы р а т қ ы беру» деп атайды 

(Ата салты., 129). Ал кешке қарай жаңағы 

тілеуқор  анамыз  малшыларға  «ш  а  ш  ы

р  а  т  қ  ы»  деп  аталатын  тағам  таратады 

(Білім жəне еңбек, 1986, №7, 42). 



ШАЯН  з  а  т.  а  с  т  р.  Аспан  шоқ-

жұлдыздарының бірі. Сөздікте қамтылмай 

қалған кейбір астрономиялық атаулар бар. 

Олар: Мерген, Қос жұлдыз, Қозы, Тоқты, 

Босаға, Ш а я н, Балықтар, Су құюшы, т.б. 

(С.Сəрсенов, Қаз. астр. термин., 66). 

ШАЯНБУНАҚ з а т. б о т. Шөптің бір 

түрі; шаянмойын. Торлау, құм сорасы, май-

сасыр мен ш а я н б у н а қ т а н кеспір кетіп, 

сарғайып солып қурап беткен (О.Бөкеев, Өз 

отыңды., 11). 



ШƏБЕТІ с ы н. Кішірек келген, арықша. 

Анасының  алпамсадай  тұлғасына  қарап, 

баласы  да  палуан  екен  деп  ойламаңыз. 

Сары – ш  ə  б  е  т  і  ғана,  қағылез  азамат 

(Ə.Көшімов, Жас аңшы, 29). 

ШƏБІ з а т. ж е р г. Кепілдік үшін бо-

данда  ұсталып  қалатын  кісі.  Ұстады 

«ш  ə  б  і»  бер  деп  Арсалаңды,  «Ш  ə  б  і» 

деп құл қып алмақ талап жанды. Өзге би 

қорыққаннан «ш ə б і» бермек, Бұқара ақыл 

таппай бек сандалды (А.Үлімжіұлы, Шығ. 

жин., 2, 247). 

ШƏЙНЕК

1 

з  а  т.  Шай  шығаратын 



ыдыс; аққұман.

ШƏЙНЕК

2 

з  а  т.  с  ө  й  л.  Шəугім. 

Шаяхмет  отын  жинап  əкелген  екен,  от 

жағып,  үшаяққа  ш  ə  й  н  е  к  асып  жатыр 

(Ғ.Мүсірепов, Жат қолында, 258). 

ШƏКІЛ  з  а  т.  Өлшеуіш  құралдардың 

цифрлы  сызықтары;  шкала  (Қаз.  орф. 

сөзд., 266).



ШƏКІРТАҚЫ... Оның 60 мыңдайы ш ə 

к і р т қ ы болса, қалғаны басқа қажеттеріне 

жұмсалады (Кентавр, 06. 06. 2008). 



ШƏЛКЕМ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Орылып, 

бауланған  егін.  Əр  мөлтектің  маңында 

баулығымен үйілген ш ə л к е м д е р көрініп 

қалады  (Е.Тұрысов,  Құралай  жолы, 7). – 

Енді қайтейін, үлгере алмадым. Ш ə л к е м 



д і байлағанша, алып кетті. Көптік жасады, 

- деп ақталды (Ə.Сараев, Тосқауыл, 74). 



ШƏЛПИ з а т. б о т. Биіктігі 30-70 см-

дей, көпжылдық, дəрілік шөп. Бүгін де си-

ырларды көлдің жағасына əкеп жусатқанан 

кейін, ш ə л п и д е н қайнатқан шəйді ішіп 

отырып, Қайырке манағы доғарған кеңесін 

қайтадан  көңірсітті  (С.Мұқанов,  Менің 

мектеб., 329). 



ШƏЛПИЛІ с ы н. Шəлпи өскен, шəлпиі 

бар.  Енесінен  айырған  қозыны  балауса 

шөпті:  қарашағыр,  жусан,  ш  ə  л  п  и  л  і 

жайылыста жаямыз (Индер, 09. 07. 1970, 3). 

ШƏЛІК...  Қылта  біреу  емес,  екеу. 

Біріншісі  анау  Құмық  елі  тұсында. 

Қарақамыс деген ш ə л і к т е н үш ауда-

рымдай (Ə.Сарай, Атырау, 427). 



ШƏМБЕ з а т. ж е р г. Сама. Саябанда, 

түскі  əлет,  Отыр  еді  шай  ішіп.  Кесесіне 

түсті кенет Екі ш ə м б е жарысып (Жұлдыз, 

1972, №1, 137). 



ШƏККІ... Қыбырайдың сапары ш ə к к і 

бола қойған жоқ (М.Байғұт, Бұла бұлақ, 64).



ШƏҢГЕК з а т. к ө н е. Топырақ таси-

тын  құрал;  зембіл.  Қаған  мен  Үгедейдің 

арасында  болған  сол  сөзден  кейін,  он 

төрт  таңатқанда,  қолына  кескір,  қазғыр, 

ш  ə  ң  г  е  к  алған  құлдар  жеті  биіктің 

үстіне  айдап  шығарылған  (Е.Тұрысов, 

Темірлан, 133). 

ШƏҢГІШ  с  ы  н.  Шəңгіш  ағашының 

сүрегінен істелген. Əсіресе ш ə ң г і ш т е н

нақыстап істеген сыбызғы тіпті үнді болу-

шы еді (С.Бегалин, Бақыт, 118). Қария ш ə ң

г і ш таяғына сүйене орнынан тұрып, айна-

ласына  көзін  жағалатты  (К.Мұқажанұлы, 

Ортеке, 13). Кейде белі сырқырайды. Бірақ 

оны елеп жүрген Берекең жоқ. Ш ə ң г і ш 

таяғын  беліне  көлденең  салып  алады  да, 

екі басына қарын арта тастап жүре береді 

(Ертіс, 09. 08. 1963). 

ШƏҢКІЛДЕКТЕУ с ы н. Даусы аздап 

шəңкілдеп  қалған. – Жоғары  мəртебелі 

судья,  менің  сұрағым  бар, - деп  даусы



ш ə ң к і л д е к т е у, шашы тікірейген про-

курор қолын көтерді (Ш.Мұртазаев, Қызыл 

жебе, 202). 

ШƏҢКІЛДЕС  Шəңкілде  етістігінен 

жасалған ортақ етіс. Біреулердің ш ə ң к і 

л д е с і п ұрсысып, бейбақтанып жатқанын 

байқаса,  анасы  бұларды  ол  маңнан 

дереу  шақырып  алады  (К.Ахметбеков, 

Қасірет, 1, 46). 



ШƏҢКІЛДЕСУ Шəңкілдес етістігінің 

қимыл атауы. 

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

659

ШƏПЕТТЕ е т. с ө й л. Шапалақта. Тү-

сетін емес, ол алақанын ш ə п е т т е й, қол

бұлғап шақырады (Жұлдыз, 1970, №11, 119).

ШƏПКІ з а т. Ер адамдардың күнқағары 

бар, жаздық баскиімі (шапка). Бекбосын 

жоғарыға  көз  салып,  Жеңісбектің  ш  ə  п



к і с і қалған жартастан əжептəуір төмендеп 

кеткенін  аңғарды  (Т.Мəмесейіт,  Таудан., 

175). Гүлнұр ойнақы мінезіне басып, оның 

басындағы  ш  ə  п  к  і  с  і  н  күнқағарынан 

ұстап,  тартып,  көзінің  үстіне  түсіріп 

жіберді (Н.Исабаев, Өмір., 41). 



ШƏРІ з а т. с ө й л. Шаһар. Шөлдеп-

шаршап бұл ғаріп дүние кезіп, Ақыры бір 



ш ə р і г е кез келеді (Бабалар сөзі, 79, 278). 

ШƏТ-ШƏЛЕКЕЙ:  Шəт-шəлекей 

болды.  Мазасы  кетті,  əбігерге  түсті. 

Қоңсы болған соң əжік-күжік той-томалақ, 

туған күн көп, сондайда бас қосып қалсақ, 

еркегінің көзін бағып, жұртқа айтқан сөзін 

бағып, ш ə т-ш ə л е к е й болатын (Қаз. 

əдеб., 21. 02. 1975, 4). 



ШƏУГЕН: Шəуген доп. к ө н е. Атқа 

мініп, таяқпен ұрып ойнайтын доп ойыны. 

Дегенмен ол түрікше ш ə у г е н  д о п ойы-

нына  шебер  еді  (Т.Зəкенұлы,  Мəңгітас, 

166). Бұл да ш ə у г е н  д о п ойынына өте 

құштар, доп десе ішкен асын жерге қояды 

(Бұл да). 



ШƏУЕТ...  Жоспар  бойынша  олар  бес 

қошқардың ш ə у е т і м е н ұрықтандырылуға 

тиіс  еді,  ал  шынында 22 қошқардың 

шəуетімен  ұрықтандырылады  (Қазақст. 

ауыл шаруаш., 1962, №8, 41). 

ШƏУЕТСІЗДІК з а т. Шəуеті жоқтық, 

шəуеті болмағандық. ≈ Ш ə у е т с і з д і к 

т і трагедияға айналдырудың қажеті жоқ. 

ШƏШКЕЛЕП... Жұрт айран, сүт, қаймақ

сықылды тағамдарды ш ə ш к е л е п, стакан-

дап сатады (Ж.Нəжімеденов, Ақ шағыл, 53).

ШƏШІНШЕ з а т. к ө н е. Мата аты. 

Абайдың үстінде ақ ш ə ш і н ш е бешпет, 

шалбар, басында ақ қалпақ (Ə.Кəкітайұлы: 

Жұлдыз, №6, 42). 



ШЕГЕ  с  ы  н.  а  у  ы  с.  Қатып  қалған. 

Ауыл  сыртында,  теңіз  қашқан  беткейде 

жал-жал  ш  е  г  е  құм  жоталанып  жатады 

(Б.Омарұлы, Қаратерең., 11). 



ШЕГЕ: Шеге шапан... А.Дулатовтың 

айтуынша  көбінесе  (жолаушыға)  шапан 

кигізетін,  оны  қазақ  арасында  «ш  е  г  е

ш а п а н» деп атаған (Х.Арғынбаев, Қаз. 

халқы., 183). 



ШЕГЕЛДЕК з а т. ж е р г. Кеуіп кеткен, 

қатып-семген  зат.  Шөлдеген  қоза  ш  е  г 

е л д е к болып сарғайып кетеді. Ал суды 

ғана ішкен қоза ыстыққа шыдамды келеді 

(Қазақст. ауыл шаруаш., 1961, №10, 89). 

ШЕГЕН... 2. с ы н. Талдан тоқылған, 

шегенделген.  Шонай  қарт  оны  қысқы 

тебінге жібермей, биік ш е г е н ауланың 

ішіне бос қойды (М.Мəжитов, Құлынды., 

77). Ал ш е г е н құдық сексеуілдің жігерінен 

өріп жасалады (Қаз. əдеб., 10. 11. 1972, 4). 

ШЕГЕНДЕЛУ  Шегендел  етісті-

гінің  қимыл  атауы.  Сондықтан  респу-

бликамыздың далалық жағдайында мұндай 

құдықтар ш е г е н д е л у і тиісті (Қазақст. 

ауыл шаруаш., 1960, №3, 87). 



ШЕГЕНДЕУЛІ... Жолай ш е г е н д е 

у л і құдықтарды көрді (Лен. жас, 28. 11. 

1972, 1). 



ШЕГЕНЕ  з  а  т.  Ағаштан  ойылып 

жасалған  кішірек  табақ.  Байларда  бар 

тегене,  Жарлыда  бар  ш  е  г  е  н  е.  Байзақ 

датқа түсіпті Бұл жауаптың тегіне (Мəшһүр 

Жүсіп. Шығ., 9, 190). 



ШЕГЕШЕ  ү  с  т.  Шеге  сияқты,  шеге 

тəрізді.  Оларға  қашан  қарасаң  да  шық-

қан  биігіне  мықтап  бекітілген  алтын  ш  е



г   е   ш   е   ж а р қ ы р а й д ы   д а   т ұ р а д ы 

(А.Сейдімбеков, 22). 



ШЕГІНЕРЛІК  с  ы  н.  Шегінуге  бо-

латын,  шегінетін  (жер).  Мүмкін,  арт 

жағымызда ш е г і н е р л і к жер болса, тап 

осы күйде шабуыл жасауға бармас та едік 

(Ғ.Мүсірепов, Қаз. солдаты, 276). 



Ш Е Г І Н Ш Е К Т Е Н   Ш е г і н ш е кт е 

етістігінен  жасалған  ырықсыз  етіс.

Ш е г і н ш е к т е н г е н қыз жалт бұрылып 

қашуға ыңғайланған, сөйтсе бір топ қалың 

тобылғыға  келіп  кептелген  екен,  шыға 

алмай қалды (Б.Шаханұлы, Таңд., 1, 371). 



ШЕГІНШЕКТЕНУ  Шегіншектен 

етістігінің қимыл атауы.

ШЕГІР: Шегір Баян. э т н. Құс атасы. 

Ұлбике,  жақын  отыр,  бері  таян,  Тəңірдің 

жаратқаны  маған  аян.  Кем  ақыл  сен 

білмесең мен айтатын, Құс атасы болады 



Ш е г і р  Б а я н (Ел аузынан, 245). 

ШЕГІРЛЕН...  Тұп-тұтас  аққа  тұм-

шаланған кəрі хирургтің көзі ш е г і р л е



н і п кетті (Р.Отарбаев, Біздің ауыл., 45). 

ШЕГІРПАЯ з а т. Қыранның бір нəсілі. 

Қырандар нəсіліне қарай: көкшегір, ш е г 



і  р  п  а  я,  қандыкөз,  мұзбалақ,  шұбартөс, 

Байынқол Қалиев

660

ішжарғыш,  ақиық  деп  аталады  (Ана  тілі, 

14. 02. 2008). 

ШЕГІРТКЕ: Шегірткенің айғырын-

дай... «От басы, ошақ қасында ш е г і р т

к е н і ң  а й ғ ы р ы н д а й кідіңдеп қайтесің» 

- деді іштегі бір саналы ой (Лен. жас, 19. 

06. 1976, 4). 

ШЕГІРШІН с ы н. Шегіршін ағашынан 

(сүрегінен) істелген. Артынан қуып зорға 

жеттік,  ш  е  г  і  р  ш  і  н  сойылмен  мен  де 

беріп келемін, бірақ менің сойылым оған 

төтеп берер емес (Х.Есенжанов, Ақ Жайық, 

1, 230). Əкесі  Лазарь  шалдың  күндіз  кө-

леңкеде отырып жонып əзірлеп қойған үш 



ш е г і р ш і н айырсаптың оның қолына ең 

ұзыны ілінді (Х.Есенжанов, Шыңдалу, 23). 



ШЕГІРШІНДІ с ы н. Шегіршін өскен, 

шегіршіні  мол.  Аяғымды  асықпай  басып,

ш е г і р ш і н д і аллея арқылы баққа жете 

берген кезімде гүл жұлып жүрген Миссик 

Медоузға  көзім  түсті  (Қаз.  əдеб., 13. 13. 

1968). 


ШЕДІРЕН  з  а  т.  Мата  атауы.  Биік 

терезелеріне  ұзын  шашақты  қалың  ш  е



д і р е н перделер ұстаған (С.Жүнісов, Ақан 

сері, 2, 77). Ыбан кең астаудағы таза судан 



ш е д і р е н м е н тыстаған қалың көрпені 

шығарып отыр (Бұл да, 355). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет