Жауапты редакторлар


АЙҒЫР: Айғырдың жалын майлау



Pdf көрінісі
бет4/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168

АЙҒЫР: Айғырдың жалын майлау. 

Бие  байлау  тойында  ақсақалдардың  бірі 

«Айғырдың  күш-қуаты  артып,  құлын 

көбейсін!»  деген  тілек-бата  айтып, 

айғырдың жалына май жағу ғұрпы (Қаз. 

этнография., 1, 85). 



Айғыр  стакан.  250  грамдық  үлкен 

стақан.  Екеуі  «тағы  тайганың»  мінезіне 

басып,  а  й  ғ  ы  р    с  т  а  к  а  н  м  е  н  бір-

бірден тастап-тастап жіберді (Қ. Ысқақов, 

Қараорман, 85). 



Айғыр топ. ж е р г. Бір топ, ірі топ. 

–  Мен  келгенше  қайтып  кетпейтіндей 

болсын,-деді де, а й ғ ы р  т о п нөкер ертіп 

аңға шығып кетті (Ə.Кекілбаев, Үркер, 112). 

Ертеңіне сиыр сəскеде а й ғ ы р  т о п адам 

кеп дүрс етіп түсе қалды (Бұл да, 472). 



Айғыр тіс. п о э т. Арсиған, ірі тіс. – 

Хош келіпсіздер! – деп а й ғ ы р  т і с т е 



р і н ақситып тұр. Шахта бастығы сол екен 

(Ə. Тарази, Тасжарған, 27). 



АЙҒЫРАҒЫС  з  а  т.  Қартайған 

айғырдың  ең  соңғы  рет  биеге  артылуы 

(Ө. Қырғызбаев, Қырда., 277). 



АЙҒЫРЖАП з а т. Үлкен жап (арық). 

Суарма егіспен күн көрген елдің а й ғ ы р



ж  а  п  жасаудан  бастап,  егінді  орып,  жи-

нап  алғанша  қолынан  кетпені  түспейді

(Ғ.  Мұстафин,  Шығанақ, 117). Ол  кісіге 

бару үшін анау а й ғ ы р ж а п п е н жағалап 

жүріңіз. Ат жапқа жетіп, оңға бұрылсаңыз 

сол жерден кездесіп қалар. Жаңа сол жерде 

жүрген (Окт. өрендері, 178). 

АЙҒЫРСЫЗ с ы н. Айғыры жоқ, айғыр 

қосылмаған. 

АЙҒЫРСЫЗДЫҚ  з  а  т.  Айғыры 

болмағандық, айғыры жоқтық. 

АЙҒЫРСЫРА е т. Айғырды қажетсіну, 

айғырды керексіну. 

АЙҒЫРСЫРАУ Айғырсыра етістігінің 

қимыл атауы. 

АЙҒЫРШЫЛ  с  ы  н.  Айғыр  құмар, 

айғыр жанды. 

АЙДАМА:  Айдама  бəйге.  Бəйге  ат-

тарын  алысқа  айдап  барып,  жіберетін 

ат жарысы. Алысқа а й д а м а  б ə й г е 

д е н озып келіп, мерт болған жүйріктің бас 

терісін сақтаған кəрі шал осы күнге шейін 

тірі (Жұлдыз, 1974, 6, 160). 

АЙДАМАЛ  с  ы  н.  1.  Көп  айдалған, 

қуғынға ұшыраған (мал). Пəлен күнгі ала 

шабуылдан ашығып қалған а й д а м а л мал 

шырын  көк  құрақты  көре  тұрып,  қайдан 

көздері  қиып  кете  алсын  (Ə.  Кекілбаев, 

Елең-алаң, 299). 2. Ары-бері (айдалып) көп 

жүретін,  барып  келетін.  Бригада  тоғыз 

адам бармыз. Бұрын а й д а м а л едік. Енді 

қораның жанынан қалқайтылған баспанада 

жатамыз ( Қ. Қараманұлы, Ай куə, 34). 



АЙДАҢҚЫРА е т. Тағы да айдай түсу. 

– Қонағы жететін жер алыс, а й д а ң қ ы р а

деді (Н. Баяндин.., Дала., 14).

АЙДАҢҚЫРАУ Айдаңқыра етістігінің 

қимыл атауы. 

АЙДАПСАЛ  с  ы  н.  Барып  кел,  алып 

келдің  адамы;  ылдым-жылдым.  Осын-


18

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

да  шенқұмар,  а  й  д  а  п  с  а  л,  белсенді 

болайын  деп  тұрған  балаң  жігіт  дəлме-

дəл  көз  алдыңа  келеді  (Қаз.  əдеб.,

21.07.1989, 14). 

АЙДАРБЕЛГІ з а т. ж а ң а. Эмблема. 

А й д а р б е л г і с і əзір болды (Егем. Қаз., 

25.04.2009).



АЙДАРГҮЛ з а т. б о т. Құлқайырлар 

тұқымдасына  жататын  екі  немесе 

көпжылдық шөптесін өсімдік. А й д а р г ү 

л Қазақстанда далалық, шалғындық, тасты, 

құмды жерлерде өседі (Қаз. табиғ., 1, 62).



АЙДАРЛЫҚ  з  а  т.  Адам  баласының 

айдар қоятын жері; төбесі. Бұрын енесін 

жиі-жиі идіріп сауатын а й д а р л ы ғ ы 

таз  ақсақ  шал  қазір  сараң  (Ж.  Кəрменов, 

Ғашық., 3). 



АЙДАРСЫЗ с ы н. Айдары жоқ, айдар 

қойылмаған. 

АЙДАРСЫЗДЫҚ  з  а  т.  Айдары 

жоқтық, айдар қойылмағандық. 

АЙДАРСЫМАҚ с ы н. Айдар тəрізді, 

айдарға ұқсас. 

АЙДАРША  з  а  т.  з  о  о  л.  Теңіз  су-

ында  тіршілік  ететін  қос  жақтаулы 

жəндіктердің бір түрі. Адамдар устрица-

ларды, мидияларды, а й д а р ш а л а р д ы 

жəне  басқа  қос  жақтаулы  моллюскілерді 

ежелден  тамаққа  пайдаланып  келді  (Су 

асты. тіршілік, 21). 

АЙДАУ:  Айдау  жел.  Қатты  жел, 

құйын. Бір парықсыз тірлік. А й д а у  ж е л д 

і ң алдына түсіп, қанкөбелек айналып, дедек 

қаққан тағдыр-ай (С.Елубай, Ақ боз., 70). 



АЙДАУЫШ з а т. т е х н. Бір затты 

(суды, газды т.б. ) айдайтын нəрсе. Үнемі 

фонтан атып тұрмайтын болғандықтан оған 

(мұнайға) қолдан а й д а у ы ш (качалка) 

орнату керек (Лен. жас, 09.04.1974, 2). 



АЙДАҺАР  з  а  т.  а  с  т  р.  Аспан 

шоқжұлдыздарының  бірі.  Астрономия 

атауларының көпшілігі қазақша: Қарақұрт, 

Таразы,  Суқұюшы,  Жетекші,  Сиыршы, 

Бөрі,  Бикеш,  А  й  д  а  һ  а  р,  Торпақ  т.б. 

(С.Сəрсенова,  Астр.  атау., 64). Кіші  аю 

Керік жəне А й д а һ а р шоқжұлдыздарының 

аралығында жатады (ҚСЭ, 6, 191). 

АЙДАҺАРЛЫ  с  ы  н.  Айдаһары  бар, 

айдаһары көп. 

АЙДАҺАРЛЫҚ з а т. Айдаһарға тəн 

қасиет, айдаһарға қатысты ерекшелік. 

АЙДАҺАРСЫЗ с ы н. Айдаһары жоқ, 

айдаһары болмаған. 

АЙДАҺАРСЫЗДЫҚ з а т. Айдаһары 

жоқтық, айдаһары болмағандық. 

АЙДАҺАРСЫМАҚ  з  а  т.  Айдаһар 

тəрізді, айдаһар сияқты жəндік. 

АЙДЫНДЫРУ Айдындыр етістігінің 

қимыл атауы. 

АЙДЫНПАЗ  с  ы  н.  Айдынды  жақсы 

көретін, айдынға шомылғыш. 

АЙДЫНСЫМАҚ з а т. Айдынға ұқсас, 

айдын сияқты су. 

АЙЖОН з а т. Теп-тегіс жер (жон), ми-

дай жазық. Самолетті қара-құра құрылыс 

ештемесі  жоқ  а  й  ж  о  н  ғ  а  түсірген 

(Р.Əутəліпов, Той тарқар, 14). 

АЙКЕЗБЕЛІК з а т. м е д. Айкезбе ау-

руына тəн іс-əрекет. Негізінен, а й к е з б е 

л і к ұйқыға жатқан соң, 2-3 сағаттан кейін 

басталады (Ана тілі, 24.01.2010). 



АЙГЕРЕК з а т. с ө й л. о й ы н. Айгөлек. 

Туған  ел  сағынышы,  жер  сағынышы 

қысталап «алтыбақан», «а й г е р е к т і» 

аңсайтын жастар да бар еді (Ғ. Мүсірепов, 

Ұлпан, 201). 

АЙКӨРІКТЕН е т. Əдемілену, сұлулану. 

Жылқы желкектер ақбөріктеніп, а й к ө р і 



к т е н і п үлгерген екен (М. Байғұт, Бұла 

бұлақ, 357).



А Й К Ө Р І К Т Е Н У   А й к ө р і к т е н 

етістігінің қимыл атауы

АЙҚАБАҚ

1

 з а т. к ө н е. 1. Туған ай 

пішіндес етіп құйылған сом алтын немесе 

күміс;  алтынқабақ.  Нысанаға  тайтұяқ, 

жамбы, а й қ а б а қ ілінеді (Ө. Жолымбетов, 

Айгөлек, 67). А й қ а б а қ т ы жігіттер бір 

орында  тұрып  атады  (Ер  қанаты, 211). 2. 



Ағаш  басына  ілініп  қойылған  айқабақты 

садақпен атып түсіру сайысы; спорт түрі 

(Қаз. этнография., 1, 87). А й қ а б ақ – жыл 

сайын өткізіліп тұратын үлкен ру-тайпалық 

деңгейдегі садақ ату сайысының ең жоғарғы 

түрі (Бұл да, 88). 

АЙҚАБАҚ

2

 з а т. з о о л. Су маңындағы 

қамыстарда  тіршілік  ететін,  көріксіз 

қауырсынды, ұсақ (салмағы 10-30 г.) құс. 

А й қ а б а қ т а р – жыл құсы. Сəуірде ұшып 

келіп,  қыркүйекте  ұшып  кетеді  (Қазақст. 

жануар., 79). 

АЙҚАЙ:  Айқай  жазық.  ж  е  р  г.  Ми-

дай жазық, кең дала. Баптарына енді кел-

ді-ау деген кезде ауыл сыртындағы а й қ а й



ж а з ы қ қ а алып шығады (Ə. Кекілбаев, 

Үркер, 148). А й қ а й  ж а з ы қ қ а оңа-

ша  біткен  оқшау  таудың  тұла  бойы 


19

Байынқол Қалиев

сылдыраған судың үніне... бөгіп тұр (Бұл 

да, 285). 

АЙҚАЙСУ Айқайсы етістігінің қимыл 

атауы. 

АЙҚАЙСЫ е т. Аздап асаулық жасау, 

мөңку. Шапшып, а й қ а й с ы ғ а н тепсінді 

толқын сыздап ала жөнелді (Жұлдыз, 1975, 

4, 166). 

АЙҚАЛЫП з а т. Жарты ай бейнесін 

түсіретін құйма қалып (Қаз. этнография., 

1, 88). А й қ а л ы п т ы көбінесе сырға, 

шытыра дайындауға қолданған (Бұл да). 

АЙҚАНАТ з а т. з о о л. Орманда қыста 

да тіршілік ете беретін торғайдың (зим-

няк) бір түрі (Ана тілі, 21.08.2008). 

АЙҚАРУ  Айқар  етістігінің  қимыл 

атауы. «А й қ а р у» деген біздіңше, «шар-

шылау»  немесе  «үшбұрыштау»  сөзімен 

мағыналас (Қаз. əдеб., 23.12.1977, 2). 

АЙҚАРЫЛУ  Айқарыл  етістігінің 

қимыл атауы. 

АЙҚАС:  Айқас  тігу.  Бір  жіптің 

үстінен екінші жіпті айқастыра басты-

рып тігетін тігіс түрі (Қаз. этнография., 

1, 88). А й қ а с  т і г у м е н (тігіспен) орамал 

шаршының шетін əшекейлейді (Бұл да). 

Айқас тігіс. Айқастыра тігілген тігіс. 

А й қ а с  т і г і с кестенің ең көп тараған 

түрі.  Оны  селдір  матаға  түсірген  дұрыс 

(Шаңырақ, 396). 

АЙҚҰЛАҚ¹ з а т. з о о л. Үлкендігі бір 

қарыстай,  құлағы  жарты  ай  сияқты, 

сарғыш кесіртке. – Балам, бұл а й қ ұ л а қ

қой.  Жібер,  жанды  жануарды  жəбірлеме 

дегесін жіберіп едім, ол үйдің көлеңкесінен 

кетпей қойды. Оның құлағы «айқұлақ» де-

ген атына сəйкес қызарған жарты ай сияқты 

екен (Қаз. пионері, 29.09.1971, 3). 



АЙҚҰЛАҚ² з а т. з о о л. Суда тіршілік 

ететін  ұлулардың  бір  түрі.  Басы  бол-

майтын  ұлуға  қосжақтаулылар  класына 

топтастырылған,  тұщы  су  мен  теңіздерді 

мекендейтін – а й қ ұ л а қ, мидия, устрица-

лар жатады (Р. Сəтімбеков.., Қызықты био-

логия, 39). Қосжақтаулыларға жататындар: 



а й қ ұ л а қ, мидия, устрица т.б. (Бұл да, 40). 

АЙҚҰЛАҚ³ з а тБалықтың желбезегін 

жауып  тұратын,  жарты  ай  тəріздес 

сүйек.  Балық  дем  алғанда  а  й  қ  ұ  л  а  қ 

бір  көтеріліп,  қайта  жабылып  тұрады 

(Аймақтық сөзд., 27). 

АЙҚҰЛАҚ

4

  з  а  т.  Эл ектрондық 

пошта  арқылы  хабар  жібергенде  пай-

даланылатын,  дөңгелек  сызық  ішіне  «а» 

əрпі  жазылған  шартты  таңба  (Бекіт. 

термин., 7). 



АЙҚҰЛАҚТАН  е  т.  Бұлттың  күнді 

жартылай жабуы. Жердің беті ақ көрпе, 

аспан ашық, күн а й қ ұ л а қ т а н ы п, ма-

наурап, қызара бөртіп ұясына қонған шақ 

(Ж. Жұмаханов, Шұбартау., 124). Алыстан 

күн а й қ ұ л а қ т а н ы п көрінеді (Егемен 

Қазақст. 18.09.2003, 6). 



АЙҚҰЛАҚТАНДЫР  Айқұлақтан 

етістігінен  жасалған  өзгелік  етіс. 

Білетіндер «үлкен ағасының əруағы қонды, 

жарықтық  бұл  тұқым  қуалайтын  кие 

ғой» деп а й қ ұ л а қ т а н д ы р а т ы н 

(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 379). Осы сары 

ат  Шабырбайдың  буырылының  алдында 

келіп қажыны бір а й қ ұ л а қ т а н д ы р

ғ а н (М. Разданұлы, Алтай., 253).

АЙҚҰЛАҚТАНДЫРУ Айқұлақтандыр 

етістігінің қимыл атауы. 

А Й Қ Ұ Л А Қ ТА Н У   А й қ ұ л а қ т а н 

етістігінің қимыл атауы. «Қажекең аман-

есен  елге  қайтып  оралды»  деп,  Байғара 

тағы да айқұлақтана қалды, бірақ олардың 

а  й  қ  ұ  л  а  қ  т  а  н  у  ы  тым  ертерек  еді

(М. Разданұлы, Алтай., 350).



АЙҚҰШАҚ: Айқұшақ қапты. Айқара 

құшақтады  д.м.  Əлде  қыздың  емешесі 

құрып  өзі  а  й  қ  ұ  ш  а  қ    қ  а  п  т  ы  ма?

(А. Мекебаев, Алапат, 165). Қайта көптен 

кездеспеген  аяулы  досына  ұшырасқан 

адамдай а й қ ұ ш а қ  қ а у ы п амандасып 

жатыр менімен (Бұл да, 171). 



АЙҚЫНДАЛУШЫ  з  а  т.  л  и  н  г  в. 

Айқындайтын сөз. Қосалқы айқындауыш

пен а й қ ы н д а л у ш ы н ы ң арасына 

ешқандай  тыныс  белгісі  қойылмайды

(Р. Сыздықова, Қаз. орфог., 14). 



АЙҚЫНДАУШЫ з а т. Айқындайтын, 

н а қ т ы л а й т ы н .   П а вл од а р   т р а кто р 

заводының коллективі а й қ ы н д а у ш ы 

жылдың  бірінші  тоқсанының  өндірістік 

тапсырмасын ойдағыдай игерді (Соц. Қаз., 

01.05.1974, 2). 

АЙЛАЛЫҚ з а т. Айлакерлік, қулық. ≈ 

Оның а й л а л ы ғ ы н а жан жетпейді. 



АЙЛАНПАС з а т. с ө й л. Айналпас

(Ш.Сарыбаев.., Қаз. тіл. айм. лексика.). 



АЙЛАНЫШ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Ермек. – 

Шырағым, а й л а н ы ш іздеп жүрген жан 

едім, қасыңа ерсем қайтеді? – деді (Туған 

тіл, 2010, 2, 113). 



20

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

АЙЛЫҚ з а т. с ө й л. ЕтеккірҚазақ 

əйелдері  көбінесе  ері  қайтыс  болған-

нан кейін намаз оқуды үйренеді. Онда да

«а  й  л  ы  ғ  ы»  біржола  тоқтаған  болса

(Ғ. Мүсірепов, Жат қолында, 208). 

АЙЛЫҚ: Айлық есептік көрсеткіш. 

Бір  айғы  мөлшер  бойынша  есептегендегі 

нəтиже.  Егер  бір  жыл  ішінде  о сы

заң  бұзушылық  қайталанса,  айыппұл 

10  а  й  л  ы  қ    е  с  е  п  т  і  к    к  ө  р  с  е  т

к  і  ш  мөлшерін  құрайтын  болады  (Егем. 

Қаз., 14.11.2008). 



АЙМАҚСЫЗ  с  ы  н.  Аймағы  жоқ, 

аймағы айқындалмаған. 

АЙМАҚСЫЗДЫҚ  з  а  т.  Аймағы 

жоқтық, аймағы болмағандық.

АЙМАҚТЫЛЫҚ з а т. Аймағы молдық, 

көлемділік. 

АЙМАҚЫ с ы н. ж е р г. Көлемді, үлкен. 

Үйдің  көлеңкесіне  барсам,  текеметтің 

үстінде, а й м а қ ы сəтен көрпенің астында 

бір  уыс  бірдеңе  томпияды  (Ə.  Кекілбаев, 

Құсқанат, 236). Ар  жақтан  əдеттегісінше

а  й  м  а  қ  ы  қызыл  халат  киген  Райхан 

көрінді (Бұл да, 348). 



АЙНАБАЛЫҚ з а т. з о о л. Теңіздерде 

тіршілік  ететін  сарғыш  түсті  балық. 

Əдеттегі  скумбрияның,  кеоральдың, 

ставриданың жəне Қаратеңізде мекендейтін 

басқа  да  балықтардың  орнына  торда 

сарғыш а й н а б а л ы қ, күміс түсті табан 

жəне  тиран  шоршып  жатты  (Орал  өңірі, 

05.02.1970, 4). 

АЙНАҚАП  з  а  т.  к  ө  н  е.  Айна,  опа 

тəрізді  сəнденуге  қажетті  бұйымдарды 

салып,  іліп  қоятын  қалта  (Қаз.  этногра-

фия., 1, 90). А й н а қ а п төртбұрыш пішінді, 

тұмарша тəрізді қақпағы жабылатын етіп, 

ақ киізден жасалады (Бұл да). Т.Жайлауова 

жасаған сырмақ пен тұскиізді, нанқап пен 

а й н а қ а п т ы, шашқап пен тұсқаптарды 

көргенде қатты қайран қалдым (Қаз. əдеб., 

08.06.1990, 12). 

АЙНАҚҰМАР с ы н. Айнаға қарағанды 

жақсы көретін, айнашыл. 

АЙНАЛМА:  Айналма  жарыс.  Ат 

шабысы  кезінде  көрермендердің  көруіне 

ыңғайлы болу үшін бəйге аттарын айнала 

шабатындай етіп жіберу. Ат шабыс – а й 

н а л м а  ж а р ы с жəне түзу жарыс болып 

екіге  бөлінеді.  Өздеріңіздің  ипподромнан 

көріп жүргендерің а й н а л м а  ж а р ы с

қ а жатады (Н. Қазыбеков, Дала., 21). 

АЙНАЛПАС  з  а  т.  в  е  т . Қойдың 

жайылмай,  бір  орнында  айнала  беретін 

ауруы;  тентек  (О.  Нақысбеков,  Ауысп. 

говор., 102). 



АЙНАЛШЫҚТАУ...  Тапжылмай,  бір 

төңіректі а й н а л ш ы қ т а у м е н жүр бəрі 

(Х. Рахимов, Бетпе-бет, 180).

АЙНАСЫЗ с ы н. Айнасы жоқ, айнасы 

болмаған. 

АЙНАСЫЗДЫҚ з а т. Айнасы жоқтық, 

айнасы болмағандық. 

АЙНАШЫЛ с ы н. Айнаға қарағанды 

ұнататын, айнақұмар. 

АЙНЫ е т. а у ы с. Есінен адасу, жын-

дану. Екі естінің сөзі сияқты. Бұ да а й н ы 

п , ауыс болып қалған ғой (Ш. Мұртазаев, 

Қара маржан, 210). 



АЙПАРА¹  з  а  т.  к  ө  н  е.  Айдың  жүзі, 

айдың беті. А й п а р а – дұрысы айдың 

парасы, яғни айдың беті. Көбіне қазақ əйелі 

сұлулығын  ай  нұрына,  ай  бетіне  теңейді 

(Соц. Қаз., 29.03.1991, 4). 



АЙПАРА²  с  ы  н.  Адуынды,  айбарлы, 

қаһарлы. Көбі төрт арыстың а й п а р а с ы

атанған  Құнанбайдың  немересінің  көзі-

не  түскісі  келеді  (Ж.  Кəрменов.  Ғашық.,

5). «Енді  Заманайдың  ұлын  адастырар 

жайым жоқ» деп, а й п а р а мінезіне басты

(С. Жүнісов, Заманай, 125). 



АЙПЕРЕН с ы н. с ө й л. Айпара². За-

манында айналасын тітіреткен а й п е р е н 

əмірші (Қаз. əдеб., 31.12.08). 

АЙРАНДЫҚ:  Айрандығы  бар.  Сүт 

берерлік, айран боларлық малы бар. Қыза 

келе жоғарыдан келген тізім жайына қалып, 

азын-аулақ а й р а н д ы ғ ы  б а р л а р д ы ң 

бəрі-ақ науқанға ілініп кетті (Қ. Жұмаділов, 

Атамекен, 108). 

АЙРАНҚОР с ы н. с ө й л. Айранқұмар. 

АЙРАНҚҰМАР с ы н. Айран ішкенді 

жақсы көретін, айранға жаны құмар. 

АЙРАНСЫЗ с ы н. Айраны жоқ, айра-

ны болмаған. 

АЙРАНСЫЗДЫҚ  з  а  т.  Айраны 

жоқтық, айраны болмағандық. 

АЙРАНСЫМАҚ  з  а  т.  Нағыз  айран 

емес; айран тəрізді. 

АЙРАНША ү с т. Айран тəрізді, айран 

сияқты. 

АЙРАНШЫЛ с ы н. с ө й л. Айранқұмар. 

АЙРАП-ЖАЙРАП ү с т. 1. Апыр-топы-

ры шығып, қирап. Апасы Нəбирамен екеуі 

тойдан кейінгі а й р а п-ж а й р а п қалған 



21

Байынқол Қалиев

үй  ішін  жиыстырып  жүр  екен  (Жұлдыз, 

1973, 2, 53). 2.  Бар  мəзірін  көрсетіп, 

ашық-шашық. Тылтиған лыпасы төсі мен 

мықынын  ғана  жапқан  ұзын  бойлы  бой-

жеткен бар денесімен а й р а п-ж а й р а п,

мəшине   жарығына   то сыла   қа лған

(Ж. Қорғасбек, Жынды қайың, 41). 

АЙСОҚТЫ ү с т. Есінен айрылғандай, 

жын  ұрғандай.  Абылай  табалдырықтан 

ішкері  аттағанда...  əйтеуір,  алай-түлей 



а й с о қ т ы болып еніп еді (Д. Досжанов, 

Жолбарыс, 427). 



АЙТА-АЙТА  ү  с  т.  Қайта-қайта 

айтып, көп айтып. ≈ Ол а й т а-а й т а 

шаршады. 



АЙТАҒАСЫН  ү  с  т.  Айтарлықтай, 

күшті. – Қайным-ау, қимылымыз кем бол-

мап еді, бүгінгі суық а й т а ғ а с ы н екен 

(К. Мұқажанұлы. Ортеке, 153). 

АЙТАҚТАС  Айтақта  етістігінен 

жасалған  ортақ  етіс.  Сол  үшін  қырсық 

қылғандай  жан-жақтан  а  й  т  а  қ  т  а  с



қ а н дауыстар шыға берді (Т. Əлімқұлов, 

Көмек., 49). 



АЙТАҚТАСУ  Айтақтас  етістігінің 

қимыл атауы. 

АЙТАҚШЫ с ы н. Біреуді біреуге ай-

дап салушы, шағыстырушы. Ана а й т а қ 

ш ы л а р ы н а айта бар, мен енді оларға 

қарсы жаңа шабуыл бастаймын (Д. Рама-

зан, Жылап аққан., 95). Екі түйе үйкелсе, 

арасындағы  шыбын  өлмек,  қашанғы 

соғыста да қырылатын халықтар, қыратын 

жəне халықтар, а й т а қ ш ы с ы көсемдер 

(О. Бөкеев, Мұзтау, 33). 

АЙТАЛЫҚ «Мəселенің басын ашалық» 

деген мағынадағы қыстырма сөз. А й т а л 

ы қ, Аякөз ауданы бойынша тұқым тазалау 

негізінен аяқтала тұрса да бірінші класты 

тұқым өте аз (Лен. жас, 25.04.1973, 6). 

АЙТҚАНДЫҚ  з  а  т.  Бір  нəрсені 

айтушылық, айтуды жүзеге асырғандық. 

Кемелбайдың қайысты неге бермегендігін, 

қатынының не а й т қ а н д ы ғ ы н Айранбай 

Раушаннан бейнелеп сұрамады (Б. Майлин, 

Таңд., 382). 

АЙТҚЫРЛЫҚ  з  а  т.  Айта  білушілік, 

шешендік.  Байқаймын,  атасының  а  й  т 

қ  ы  р  л  ы  ғ  ы  н  жас  жігіт  те  енді  аңғара 

бастаған (Ə. Тəжібаев, Жаданов əңгім., 7). 

Ал ақын-жыраудың а й т қ ы р л ы ғ ы өз 

алдына поэзиялық талдауды қажет ететін 

еңбек (Қаз. əдеб., 11.01.1991, 7). 

АЙТОЛҒАҚ  з  а  т.  Екіқабат  əйелдің 

анда-санда ішінің ауырып кетуі. – Мұның 

атын «а й т о л ғ а қ» дейді. Тыпырламай 

жат, қазір сылап кетіреміз, - деді де, қуатты 

қолдарымен Қалдыгүлдің ішін сылап баста-

ды (Қаз. əдеб., 16.09.1977, 4). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет