ЛИМАНДАУ Лиманда етістігінің
қимыл атауы.
ЛИМАНДЫ с ы н. Лиманы бар, лиман
жасалған (жер). Л и м а н д ы жерлер-
ге неғұрлым құнды дəнді-дақылдарды
егуге пайдалану мүмкіндіктерін анықтау
мəселесі қойылды (Қазақст. ауыл шаруаш.
1960, №12, 65). Ол көп жылдық шөптерден:
беде, еркекшөп, изен, л и ма н д ы жерлерге
арпабас бидайық егуді ұсынып отыр (Бұл
да, 1965, №2, 29).
ЛИМАНДЫҚ с ы н. Лиман боларлық,
лимандап суаруға жарарлық (жер). Егер
республикада л и м а н д ы қ (көлдетіп
суарылатын) жер көлемі 1940 жылы 142
мың гектар болса, 1969 жылы 707,8 мың
гектарға жетті (С.Тұрғынбаев, Қой шару-
аш., 65).
ЛИНОТИПИСТ з а т. т и п о г р. с ө й л.
Линотиписші. Линотип Газет редакция-
сында əдебиетші Төлеутай, л и н о т и п
и с т жəне метранпаж Забира мен Таңсық
бар екен, мен жетінші болдым (Қаз. əдеб.,
13.04.1973, 4).
ЛИНОТИПИСШІ з а т. т и п о г р.
Линотип машинасында жұмыс істейтін,
əріп теретін адам. Осы №2 кəсіптік-
техникалық училище л и н о т и п и с ш і
л е р м е н бірге радиофикаторларды, поч-
та байланысының операторларын жəне
телеграфистерді дайындайды (Лен.жас,
04.04.1973, 4).
ЛИРИКАШЫЛ с ы н. Лириканы
жақсы көретін, лириканы ұнататын. –
Лирика нашар, - дедім күліп, л и р и к а ш
ы л ақынды поэзия туралы сөзге шақырғым
келіп (Ə.Тəжібаев, Жаданов əңгім., 135).
ЛОБОГРЕЙКА з а т. к ө н е. Орылған
астықты айырмен беріп тұрса, оны
бастырып шығаратын қарапайым ауыл
шаруашылық машинасы. Шөп машина,
л о б о г р е й к а орған астық бауларын бізге
жеткізіп беріп үлгере алмайтын болды.
Арбамен, сүйреткімен келгенін , со келген
сəтінде бастырып тастаймыз да, аттарды
доғарып қойып қарап отырамыз (Жұлдыз,
№4, 1972, 39).
ЛОБОГРЕЙКАШЫ з а т. Лобогрейка-
да жұмыс істейтін адам. Л о б о г р е й к а
ш ы л а р əлі кете қоймаған екен (Ə.Нəбиев,
Бейтаныс., 128). Осы кезде л о б о г р е й к а
ш ы л а р мен орақшылардан келе жатқан
есепші Дəуренбек те жетті (Жалын, 1973,
№6, 18).
ЛОГОГРИФ з а т. Логогриф –
шараданың бір түрі, көбінесе өлеңмен
жазылады. Əуелі жұмбақтаған сөзді жазу
керек. Содан соң əлгі табылған сөзге бір
не, екі əріп қосып, немесе алып тастау
арқылы жаңа сөздер құрауға болады.
Л о г о г р и ф ерте замандардан белгілі.
Мыс., Бойыңдағы нəріңмін, Анық айтсаң
жаныңмын. Қоссаң дауыссыз дыбыс, да-
старханнан табылдым (қан+т) (Білім жəне
еңбек, 1973, №1, 32)
ЛОКОМОТИВШІ з а т. Локомотив
жүргізуші, локомотив айдаушы. Л о к о м о
т и в ш і л е р д і ң еңбегін есептеудің басқа
өлшемдері қажет болатын сияқты (Алматы
ақшамы, 20.11.1990, 2).
ЛОҚ: Лоқ етпе. Еш нəрсесін жасыр-
майтын, бүкпесі жоқ. – Тоқанжан баладай
л о қ е т п е, аңқаулау да адал жігіт қой
(Қ.Мұханбетқалиев, Қайдасың сен.,47).
ЛОҢҚА з а т. м е д. Суық тиіп ауыр-
ғанда қыздырып алып, денеге төңкеріп
қою арқылы суықты сорғызатын банкі.
Суық тиіп ауырғанда арқаға л о ң қ а
(банкі) төңкеру де тиімді. Сол қолмен л о ң
қ а н ы, оң қолымен жанған мақтаны
қысқашпен ұстап, əрқайсысының ішін
қыздырып, бір-бірлеп төңкере береді
(Мəдениет жəне тұрмыс, 1984, №121, 17).
Ауырған жеріне бір аптада екі рет л о ң
қ а төңкереді (Денсаулық, 1990, №3, 30).
Жас əйелдің жауырын ортасына төңкер-
ген л о ң қ а с ы н босатып алғанда қалың
ет бұртиып шыға келді (М.Разданұлы,
Алтай., 150).
ЛУПА з а т. Көзбен нашар ажыраты-
латын ұсақ нəрселерді үлкейтуге арналған
құрал. Л у п а нəрсенің үлкейген кескінін
береді (ҚСЭ, 335).
ЛҰҒАТСЫЗ с ы н. с ө й л. Ұлағатсыз.
Уезіңізде болған жүгенсіз, көргенсіз адам-
дардың, сіздің қарамағыңыздағы тəртіпсіз,
л ұ ғ а т с ы з жандардың найсаптығын айта
келдік (С.Жүнісов, Ақан сері, 2, 68).
ЛҰҒАТШЫЛ з а т. Сөз зерттеуші,
сөздік жасаушы. Кейін л ұ ғ а т ш ы л а р
401
Байынқол Қалиев
олардың тіл ерекшеліктерін диктафонға
түсіреді (Қаз. əдеб., 16.08.1974,4).
ЛҰҚПАН: Лұқпан шапан. Шапанның
ықшамды, қысқа, жеңіл түрі. Киімдері де
ықшамды. Құндыз жағалы, қысқа л ұ қ п а н
ш а п а н, бастарында қазақы қимаш бөрік
(І.Есенберлин, Алмас., 25).
ЛЫҚЫЛДА е т. Екі шекесі лық-лық ету,
солқылдау. Л ы қ ы л д а ғ а н самайын қос
қолдап қысып, көз шарасы ұлғая жанары
бұлдырады (Д.Рамаданов, Тастүлек, 43).
ЛЫҚСЫҢҚЫРА е т. Аздап лықсу,
лықси түсу, ілгері (артқа) қарай сырғу.
Бір кезде тоқымы алға л ы қ с ы ң қ ы р а п,
астындағы атының алдына түсе бастағанын
байқады (Қаз.əдеб., 18.03.1983, 3).
ЛЫҚСЫҢҚЫРАУ Лықсыңқыра
етістігінің қимыл атауы.
ЛЫҚЫС Лықы етістігінен жасалған
ортақ етіс. Ишандар күндегі қалыпта ақ
майға л ы қ ы с ы п, тағы бірсыпыра ауыз-
дарын қисаңдатысып, тасбиқ алып отырған
болып, ұйықтады (С.Торайғыров, Таңд.
шығ., 267).
ЛЫПАСЫЗ с ы н. Үстінде ешқандай
киім жоқ. Күйеуіндей емес, оңай шешінді.
Мүлде л ы п а с ы з қалды (М.Мағауин, Екі
томд., 2, 326).
ЛЯ з а т. Музыкалық жеті нотаның
алтыншысы. Ол əуелі Нартай əуенде-
ріне тəн домбыраны жоғарғы л я нотасы-
нан бастап желпіндіре қағып алды (Қаз.
əдеб., 12.12.1975, 4). Енді ол сыбызғыға до,
ре, ми, фа, соль, л я, си – үш бұрыштаған
жеті тесік жасап жатыр (Ғ.Мүсірепов,
Ұлпан, 64).
М
МАГАЗИНДЕТ е т. Магазин аралау, бір
магазиннен кейін, екінші магазинге бар. –
Содан кейін Ескі Семей, Жаңа Семейі бар,
Ертістің екі жағын қабат шарлап, ресторан-
дата ма, м а г а з и н д е т е м е, кім білсін,
- деп бір қойды (Дала дауылпаздары, 22).
М А ГА З И Н Д Е Т У М а г а з и н д е т
етістігінің қимыл атауы.
МАГИСТРЛІК … М а г и с т р л і к дис-
сертацияны сəтті қорғағандарға, мəселен,
физика ғылымының магистрі атағы беріледі
(Егем. Қазақс., 15.05.1992, 2).
МАГНЕТИТ з а т. Құрамында мыс
жəне темір бар минерал. Тауларда
құрамында мыс жəне темір бар жыныстар:
халькопирит, азурит, м а г н е т и т жиі
кездеседі (Қарқаралы, 40).
МАГНИТТІ: Магнитті құйын. а с
т р. Аспан əлемінде болатын магнитке
қатысты табиғи құбылыс. Кейінгі жыл-
дары ғана дəстүрге енген м а г н и т т і
қ ұ й ы н күндерін хабарлауды ғұлама ғалым
қырқыншы жылдары парызы санаған
(Қ.Олжай, Қанат байла, 12). Ғалым күннің
белсенділігі басталғанда жерге м аг н и т т і
қ ұ й ы н д а р көптеп жететінін, инфаркт
мен басқа аурулар қозатынын, еш себепсіз
өзіне-өзі қол салушылар шығатынын
дəлелдеген (Бұл да).
МАҒАН: Маған [саған, оған] салса.
Менің (сенің, оның) еркіме қойса. Оның
бер жағында м а ғ а н с а л с а, құм
аузындағы шабырда біраз күн аялдар едім
(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 11)
МАҒЛҰМДАУ ... Министрлердің мүлкі
мен кірісін м а ғ л ұ м д а у – қоғамның
социалистік сəнін келтірер іс (Ана тілі,
23.10.2008).
МАҒРИБ з а т. д і н и. Кешкі намаз. «На-
маз тағылымында» тəулігіне бес рет оқы-
латын намаздың аттары: таң намазы
(һамдап), түскі намаз, бесін (түстен кейінгі)
намазы, кешкі намаз (м а ғ р и б), түнгі
намаз да келтірілген (Егем. Қазақст.,
14.02.1991, 6).
МАДА з а т. Есектің ұрғашысы. Есектің
кішкентай баласын көдек, қодық, тақай деп,
ол одан үлкенін тайқар, есектің ұрғашысын
м а д а, еркегін əңгі деп атайды (Қаз. этно-
графия., 2, 86).
МАДАҚ-ҚОШ з а т . Мадақтау, қош-
тау, көтермелеу əрекеті. Мұнысын бас
жылқышы байқағанмен сырт шешіле м а
д а қ-қ о ш білдірмейтін-ді (Лен. жас,
29.01.72, 2).
МАДАҚШЫЛДЫҚ з а т. Мадақ-
тағандық, мақтағандық, дəріптеушілік.
Жанжалшылдық та, түптеп келгенде,
м а д а қ ш ы л д ы қ сияқты уақытша ғана
атақ шығаратын баянсыз құбылыс
(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 449).
402
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
МАДДА з а т. а р. Араб əріптерінің
үстіне қойылатын белгілердің бірі. Оспан
дəуірінен сақталған құранның əріптері
үстінде һамза, таштид, сукун, м а д д а, уас-
ла; қысқа дыбыстылар: фатха, кесра, дамма
белгілері жоқ (Қаз. əдеб., 25.08.1989, 14).
МАДЬЯР ... М а д и я р л а р д ы ң қайсібір
сөздері өздерінің бірінші мағыналарын
жоғалтып бара жатқан секілді (Қаз. əдеб.,
01.04.1983, 3). М а д и я р тілінде құлаққа
өте жиі жəне жылы естілетін тіркестерінің
бірі – кеует кезек (келет кезек) (Бұл да).
МАДЬЯРША ү с т. Мадьяр тілінде
сөйлеу. Жуəрмек деген венгрше, яғни м а
д ь я р ш а «қыршын», «уыздай жас» деген
сөз (Қаз. əдеб., 20.09.1985, 9).
МАЖАЛДА … Қолда өскен ұғылан-
ның осындай тұрпатты боларын кім м а
ж а л д а ғ а н (Соц.Қазақст. 16.02.1991, 4).
МАЖАР¹ з а т. Қазіргі венгр халқы;
мадьяр. Бүгінгі Дунай ғұнарғудың бірнеше
ғасыр бойы малын, əсіресе жылқысын
суарған бас арна болып келгені м а ж
а р халқының тарихына үңіле бастасаң
айқындала түседі (А.Сатаев, Бəрі де., 37).
– Біздің күн түбіндегі м а ж а р д а (ма-
дьяр, венгр), жер түбіндегі алманда (неміс)
кеткен еншіміз жоқ (М.Мағауин, Аласапы-
ран, 2, 240).
МАЖАР² з а т. Төрт доңғалақты,
шарбақты (қалқанды) үлкен арба. Есік
алдында м а ж а р ма, ырадуан ба, əйтеуір
бір жақ доңғалақсыз шоңқиған арба
(С.Жүнісов, Ақан сері, 2, 298). Пішен ша-
батын 36 ат машина, үш трактор машина,
жиырма ат арба, 60 м а ж а р, 10 автома-
шина сапалы жөндеуден өтіп дайын болды
(Оңт. Қазақст., 21.05.1963, 3).
Мажар арба. Шанағы үлкен арба. Тың
тынысы ашылып, м а ж а р а р б а ғ а
мағұрлана артып жататын сəттерін еске
түсірді (М.Байғұт, Бұла бұла, 12). Үш ай
демалыста м а ж а р арба айдап, пішен
таситынбыз (Шамшырақ., 20.11.1971, 2).
МАЖЫҚ е т. ж е р г. Қайғыру, қапалану.
Мұхтар мен Қаныш кейде сөз қағыстырып
отыратын. Сөзден ұтылғаны м а ж ы ғ ы п,
ұялып жүретін (М.Əуезов тур. ест. 21).
МАЖЫРАСЫН с ы н. ж е р г. Мажыра-
жай. – Дəурендер келе жатыр, - деді. Сосын
əлгідегі жиырылған денесі босаңсып, бір
м а ж ы р а с ы н қалыпқа енді (А.Мекебаев,
Жадыра, 15).
МАЖЫРАСЫНДЫҚ з а т. ж е р г.
Мажыражайлық. Байқаймын бұрынғы-
дай емес Тұрлыбайдың қабағы жазылып,
жүзінен тоқмейіл жанның м а ж ы р а с
ы н д ы ғ ы орнаған тəрізді (А.Мекебаев,
Аңызақ, 125).
МАЗАҚИЯ з а т. с ө й л. Мазақтама. –
Мұның атын махаббат м а з а қ и я с ы дейді,
Зəружан! Қош! (О.Сəрсенбай, Шығ., 4, 26).
МАЗАҚҚОРЛЫҚ з а т. с ө й л. Мазақ
пен қорлық; келеке, келемеж. Шелденген
көздері, былқ-сылқ еткен мойын-басы,
ұзын тұра кеудесі өткен-кеткен м а з
а қ қ о р л ы қ бəрін топтап тұрғандай
(Ұ.Доспанбетов, Шығ., 4, 173).
МАЗАЛЫЛЫҚ з а т. Мазалы болған-
дық, жайлылық. Ол м а з а л ы қ т а н
д а , ма з а с ы зд ы қ т а н д а а д а б ол д ы
(Қ.Құрманғалиева, Атырау., 163).
МАЗМҰНДАЛ Мазмұнда етістігінен
жасалған ырықсыз етіс.
МАЗМҰНДАЛУ Мазмұндал етіс-
тігінің қимыл атауы. Батырларға жеке-
жеке тақырыпшалар арналыпты. Əрі м а з
м ұ н д а л у ы да ойдағыдай (Қаз. əдеб.,
08.05.1987, 7).
МАЗҰТ з а т. с ө й л. Мазут. – Біз көбіне
м а з ұ т п е н бір сүйкейміз де бұрай береміз
(Р.Өтесінов, Айтылмаған., 76).
МАЗЫ ... Белгілі м а з ы Бұзаубайдың
Исатай деген жалғыз ұлы болады (Ел ау-
зынан, 142)
МАЙ: Май бүлкіл. Майда, жұмсақ
бүлкіл. Батырлар тегіс аттарына қонып,
Надырқұлды ортаға алып, м а й б ү л к і л
м е н қаңырдаңды қуалай жүріп кетті (Қаз.
əдеб., 15.11.1974, 4).
Май жеді. т е х н. Майды көп пайдалан-
ды (жұмсады). – Тракторым м а й ж е п
жүр, - деп күбірледі жігіт (Ж.Түменбаев,
Қардағы із., 26).
Май зауыт. Май өндіретін зауыт. Шай
зауыт па, м а й з а у ы т па, əйтеуір сон-
дай зауыттың бірінде істейтін (Қаз. əдеб.,
09.09.1988, 14).
Май сасыр. б о т . Малға жұғымдылығына
қарай сасыр өсімдігі кейде осылай да ата-
лынады. Бетегесі бырдай боп , М а й с а с ы
р ы дырдай боп, Тарлаулары балдайын, Бал-
дауы жая-жалдайын... (Дулат Бабатайұлы:
Нар заман., 215).
Май топырақ. Майда, жұмсақ то-
пырақ. Ала жаздай машина дөңгелегі
403
Байынқол Қалиев
тоздырған айдау жолдың қопсып жататын
м а й т о п ы р а ғ ы н құтырма жел əй-шəйға
қаратпай суыра жөнелді (К.Ахметбеков,
Ақдала, 2, 60).
Майын шақ. Түсін, ұқ; дəмін тат.
«Ақылды бол, балам» деп Атам берді
бір кітап, «Айтарсың жайын маған деп,
Əуелі оқып м а й ы н ш а қ!» (Лен. жас,
17.05.1972, 4).
Майын ішкен. Қыр-сырына қаныққан,
əбден меңгерген. Оның үстіне, бізде бұл
саланың м а й ы н і ш к е н мамандар жоқ-
тың қасы (Алаш айнасы, 2010, №90, 5).
Май ішкендей болды. Көңілі күпті бол-
ды; алаңдады, қобалжыды. Көк арғымақ
ер-тұрманын бауырына алып, бос келген
соң, онсыз да м а й і ш к е н д е й б о л ы п
отырған ауыл бір сұмдықтың болғанын бі-
ле қойды (Ə.Кекілбаев, Дала баллада., 28).
Кешкі автобуста бірде ұйықтап, енді бірде
оянып, м а з а с ы м а й і ш к е н д е й б о л ғ а н
Назарбек таң ата көздеген қаласына жетті
(Т. Əлқанұлы, Тірліктен., 105). Немересі
үшін мазасы м а й і ш к е н д е й б о л ы п,
қыл үстінде жүрді (Жетісу, 10.06.2009).
МАЙБАС з а т. и х т и о л. Балықтың
бір түрі. Арал теңізінен əкелінген бекіре,
Чехославакиядан əкелінген ханбалық, ақ
амур, м а й б а с т.б. балықтар да өсіп-өнуде
(Қаз. əдеб., 12.09.1980, 10).
МАЙБӨКСЕ с ы н. Бөксесі жұмыр,
семіз. От үстіне төнген м а й б ө к с е, қысық
көз, жаужүрек жауынгерлер қандыкөбік
боршаны қара қанжарға түйреп, қызыл
көмекейге таласа тастап жатты (Е.Тұрысов,
Темірлан, 146).
МАЙБҰРШАҚ з а т. б о т. Соя кейде
осылай да аталынады. Былтыр м а й б ұ р ш
а қ себілген аумақ көлемі 50 мың гектарды
құраған (Жетісу, 29.10.09). Кейде қарыз м а й
б ұ р ш а қ п е н де есептелінеді (Бұл да).
МАЙДАМ .. ? Сегіз түмен лек-легімен
ұлы дарияға тоғысқан айдынды өзендей
əлгі м а й д а м жазыққа келіп жатты,
ағылып жатты (Е.Тұрысов, Темірлан, 17).
МАЙДАМСОҚ с ы н. ж е р г. Қара-
пайым, жеңіл-желпі. «Алматы жақ қалай?»,
«қашан шығып едіңіз», «онда да қар жауған
шығар?» деген азандағы м а й д а м с о қ
жайбарақат əңгімеге ойысты (Жұлдыз,
1975, №4 162).
МАЙДАН: Майдан берді. Соғыс сал-
ды, төбелесті. Тарзанның төбелесті көруі
жалғыз бұл емес еді. Тұра қалып м а й д
а н б е р д і (С.Елубаев, Ойсыл қара., 6).
Анталап тұрған ашқарақ ауыздар ортадағы
өлексеге м а й д а н б е р д і (Бұл да).
МАЙДАШЫЛ с ы н. Тым майда,
ұсақшыл (адам). Тым м а й д а ш ы л
болмасаң қайтеді! – деп зекіп тастады
(М.Қаназов, Арна., 78).
МАЙҚАН з а т. и х т и о л . Сібір өзен-
дерінде көп тараған балықтардың бір
түрі. Оның басты байлығы халық ускуч
деп атайтын қызыл балық – м а й қ а н
(Ертіс өңірі, 28). Солардың бірі – албырттар
(лососовые) тұқымына жататын м а й қ а н
(Лен. жас, 30.03.1977, 3).
Майқан балық ... Марқакөл аққайраны
сияқты м а й қ а н б а л ы қ жер жүзінде еш
жерде жоқ (Марқакөл, 47).
Майқан шекті. ж е р г. Жетісті,
рақат көрді. – Күйеуің бар, м а й қ а н
ш е г і п жатырсың ғой. – М а й қ а н ш е г і п
жүргенімді қайдан білесің? Əлде байы бар
қатындардың бəрі м а й қ а н ш е г і п жүр
ме екен? (Ұ.Доспамбетов, Ел есінде., 102).
МАЙҚАП з а т. и х т и о л. Оңтүстікғ
Алтай өзендері мен Марқакөл көлін
мекендейтін, қара қоңыр түсті, ірі
жыртқыш балық. М а й қ а п көктемде
қ ұ м д ы , ұ с а қ т а с т ы т а я з с ул а р д а
уылдырықтарын шашады (Қазақст. жану-
ар., 63).
МАЙҚАРАҒАЙ ... 2. Майқарағайдың
сүрегі, ағашы. М а й қ а р а ғ а й д ы ң түтіні
сіңген бес қанат қоңыр үйді жел селкілдетіп
əкете жаздады (Т.Оразов, Қаныштың
жастық., 36). Ошақ басында маздай жанған
оттар көңілге ғажайыптай ыстық танылады.
Тезек, м а й қ а р а ғ а й түтінінің аралас
иісі келеді (Ə.Əзиев, Шапақ, 83).
МАЙҚОҢЫЗ з а т. Май (мамыр)
айында шығатын қоңыз. - Əйтпесе бұл
не, тезек домалатқан м а й қ о ң ы з ғұсап
(Ə.Əлімжанов, Отырардан., 281).
М А Й Қ Ұ Й Р Ы Қ з а т. з о о л .
Қосаяқтардың жуан құйрықты түрі.
Бұлар – үлкен жəне кіші қосаяқтар, секіргіш
қосаяқ жəне м а й қ ұ й р ы қ (Қазақст. жа-
нуар., 39).
МАЙҚҰМАРЛАУ с ы н. Майды
ұнататын, май жегенді жақсы көретін.
М а й қ ұ м а р л а у біреуі күрең тайдың
жуан елі қазысын дəріптеп, елдің сілекейін
шұбыртты (Ə.Əбішев, Найзағай, 62)
404
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
МАЙЛА: Майлаған бидайдай. Жыл-
тырап тұрған; жып-жылтыр. Колдиев-
тің м а й л а ғ а н б и д а й д а й жып-жыл-
тыр қызыл күрең өңі бұзылып, беті оқыс
жыбырлап кетті (С.Бақбергенов, Қарға
там., 77).
МАЙЛАҚЫ с ы н. ж е р г. Алабажақ,
кір-қожалақ; қарала-торала. Мойыннан
жоғары жақтың бəрі қап-қара, баттасқан
м а й л а қ ы күйе (Ə.Кекілбаев, Елең-алаң,
161). Үйлерді, көшелерді баттасқан м а й
л а қ ы мұнар көлегейлеп апты (Ə.Кекілбаев,
Құсқанат, 214).
МАЙЛАҚЫЛАН е т. ж е р г. Ала-
бажақтану, қарақошқылдану. Алдындағы..
қолтиді м а й л а қ ы л а н ы п қалған
жиде тастары ию-қию араласып кетіпті
(Ə.Кекілбаев, Үркер).
МАЙЛЫҚ з а т. з о о л. ж е р г. Ала-
тауда кездесетін торғайлардың бір түрі.
Албандар атын атап түстейтұғын, Мінеки,
Алатауға біткен торғай: қара, боз, суық,
бұқпас, сипті, шымшық, шапшақай, м а
й л ы қ, маубасбұқа, шөже (І.Жансүгіров,
Шығ.,163).
МАЙМАҚ з а т. с ө й л. Аю. Тоят берген
м а й м а қ т ы көріп, қитар көзі шарасынан
шыға жаздады да, құлағын жымыра бұғып,
бұта-бүргенді паналап зытып отырды
(М.Құмарбекұлы, Жер иесі, 322).
МАЙМАНА з а т. к ө н е. Əскердің
оң қанаты. Сол қанатты (майсара) Ілияс-
Қожа-хан мен Əмір Хамит, оң қанатты (м а й
м а н а) Əмір Тоқтемір мен Əмір Бекшік
басқарды (ҚазССР тарихы, 2, 199).
Достарыңызбен бөлісу: |