Жауапты редакторлар


ЛИМАНДАУ  Лиманда  етістігінің  қимыл атауы. ЛИМАНДЫ



Pdf көрінісі
бет96/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   168

ЛИМАНДАУ  Лиманда  етістігінің 

қимыл атауы.

ЛИМАНДЫ с ы н. Лиманы бар, лиман 

жасалған  (жер).  Л  и  м  а  н  д  ы  жерлер-

ге  неғұрлым  құнды  дəнді-дақылдарды 

егуге  пайдалану  мүмкіндіктерін  анықтау 

мəселесі қойылды (Қазақст. ауыл шаруаш. 

1960, №12, 65). Ол көп жылдық шөптерден: 

беде, еркекшөп, изен, л и ма н д ы жерлерге 

арпабас бидайық егуді ұсынып отыр (Бұл 

да, 1965, №2, 29).



ЛИМАНДЫҚ с ы н. Лиман боларлық, 

лимандап  суаруға  жарарлық  (жер).  Егер 

республикада  л  и  м  а  н  д  ы  қ  (көлдетіп 

суарылатын)  жер  көлемі 1940 жылы 142 

мың  гектар  болса, 1969 жылы 707,8 мың 

гектарға жетті (С.Тұрғынбаев, Қой шару-

аш., 65).



ЛИНОТИПИСТ з а т. т и п о г р. с ө й л.

Линотиписші.  Линотип  Газет  редакция-

сында əдебиетші Төлеутай, л и н о т и п 



и с т жəне метранпаж Забира мен Таңсық 

бар екен, мен жетінші болдым (Қаз. əдеб., 

13.04.1973, 4).

ЛИНОТИПИСШІ  з  а  т.  т  и  п  о  г  р. 

Линотип машинасында жұмыс істейтін, 

əріп  теретін  адам.  Осы  №2  кəсіптік-

техникалық училище л и н о т и п и с ш і 



л е р м е н бірге радиофикаторларды, поч-

та  байланысының  операторларын  жəне 

телеграфистерді  дайындайды  (Лен.жас, 

04.04.1973, 4). 



ЛИРИКАШЫЛ  с  ы  н.  Лириканы 

жақсы  көретін,  лириканы  ұнататын. – 

Лирика нашар, - дедім күліп, л и р и к а ш 



ы л ақынды поэзия туралы сөзге шақырғым 

келіп (Ə.Тəжібаев, Жаданов əңгім., 135).



ЛОБОГРЕЙКА з а т. к ө н е. Орылған 

астықты  айырмен  беріп  тұрса,  оны 

бастырып  шығаратын  қарапайым  ауыл 

шаруашылық  машинасы.  Шөп  машина,

л о б о г р е й к а орған астық бауларын бізге 

жеткізіп  беріп  үлгере  алмайтын  болды. 

Арбамен, сүйреткімен келгенін , со келген 

сəтінде  бастырып  тастаймыз  да,  аттарды 

доғарып қойып қарап отырамыз (Жұлдыз, 

№4, 1972, 39).



ЛОБОГРЕЙКАШЫ з а т. Лобогрейка-

да жұмыс істейтін адам. Л о б о г р е й к а 

ш ы л а р əлі кете қоймаған екен (Ə.Нəбиев, 

Бейтаныс., 128). Осы кезде л о б о г р е й к а



ш ы л а р мен орақшылардан келе жатқан 

есепші Дəуренбек те жетті (Жалын, 1973, 

№6, 18).

ЛОГОГРИФ  з  а  т.  Логогриф – 

шараданың  бір  түрі,  көбінесе  өлеңмен 

жазылады. Əуелі жұмбақтаған сөзді жазу 

керек. Содан соң əлгі табылған сөзге бір 

не,  екі  əріп  қосып,  немесе  алып  тастау 

арқылы  жаңа  сөздер  құрауға  болады. 

Л о г о г р и ф ерте замандардан белгілі. 

Мыс., Бойыңдағы нəріңмін, Анық айтсаң 

жаныңмын.  Қоссаң  дауыссыз  дыбыс,  да-

старханнан табылдым (қан+т) (Білім жəне 

еңбек, 1973, №1, 32)

ЛОКОМОТИВШІ  з  а  т.  Локомотив 

жүргізуші, локомотив айдаушы. Л о к о м о 

т и в ш і л е р д і ң еңбегін есептеудің басқа 

өлшемдері қажет болатын сияқты (Алматы 

ақшамы, 20.11.1990, 2).

ЛОҚ:  Лоқ  етпе.  Еш  нəрсесін  жасыр-

майтын, бүкпесі жоқ. – Тоқанжан баладай 

л о қ  е т п е, аңқаулау да адал жігіт қой 

(Қ.Мұханбетқалиев, Қайдасың сен.,47).



ЛОҢҚА з а т. м е д. Суық тиіп ауыр-

ғанда  қыздырып  алып,  денеге  төңкеріп 

қою  арқылы  суықты  сорғызатын  банкі. 

Суық  тиіп  ауырғанда  арқаға  л  о  ң  қ  а 

(банкі) төңкеру де тиімді. Сол қолмен л о ң

қ  а  н  ы,  оң  қолымен  жанған  мақтаны 

қысқашпен  ұстап,  əрқайсысының  ішін 

қыздырып,  бір-бірлеп  төңкере  береді 

(Мəдениет жəне тұрмыс, 1984, №121, 17). 

Ауырған  жеріне  бір  аптада  екі  рет  л  о  ң 

қ  а  төңкереді  (Денсаулық, 1990, №3, 30). 

Жас  əйелдің  жауырын  ортасына  төңкер-

ген л о ң қ а с ы н босатып алғанда қалың 

ет  бұртиып  шыға  келді  (М.Разданұлы, 

Алтай., 150).

ЛУПА з а т. Көзбен нашар ажыраты-

латын ұсақ нəрселерді үлкейтуге арналған 

құрал. Л у п а нəрсенің үлкейген кескінін 

береді (ҚСЭ, 335).



ЛҰҒАТСЫЗ с ы н. с ө й л. Ұлағатсыз

Уезіңізде болған жүгенсіз, көргенсіз адам-

дардың, сіздің қарамағыңыздағы тəртіпсіз, 

л ұ ғ а т с ы з жандардың найсаптығын айта 

келдік (С.Жүнісов, Ақан сері, 2, 68). 



ЛҰҒАТШЫЛ  з  а  т.  Сөз  зерттеуші, 

сөздік жасаушы. Кейін л ұ ғ а т ш ы л а р

401

Байынқол Қалиев

олардың  тіл  ерекшеліктерін  диктафонға 

түсіреді (Қаз. əдеб., 16.08.1974,4).

ЛҰҚПАН: Лұқпан шапан. Шапанның 

ықшамды, қысқа, жеңіл түрі. Киімдері де 

ықшамды. Құндыз жағалы, қысқа л ұ қ п а н



ш а п а н, бастарында қазақы қимаш бөрік 

(І.Есенберлин, Алмас., 25). 



ЛЫҚЫЛДА е т. Екі шекесі лық-лық ету, 

солқылдау. Л ы қ ы л д а ғ а н самайын қос 

қолдап қысып, көз шарасы ұлғая жанары 

бұлдырады (Д.Рамаданов, Тастүлек, 43).

ЛЫҚСЫҢҚЫРА  е  т.  Аздап  лықсу, 

лықси  түсу,  ілгері  (артқа)  қарай  сырғу. 

Бір кезде тоқымы алға л ы қ с ы ң қ ы р а п, 

астындағы атының алдына түсе бастағанын 

байқады (Қаз.əдеб., 18.03.1983, 3).



ЛЫҚСЫҢҚЫРАУ  Лықсыңқыра 

етістігінің қимыл атауы.

ЛЫҚЫС Лықы етістігінен жасалған 

ортақ етіс. Ишандар күндегі қалыпта ақ 

майға л ы қ ы с ы п, тағы бірсыпыра ауыз-

дарын қисаңдатысып, тасбиқ алып отырған 

болып,  ұйықтады  (С.Торайғыров,  Таңд. 

шығ., 267).

ЛЫПАСЫЗ с ы н. Үстінде ешқандай 

киім жоқ. Күйеуіндей емес, оңай шешінді. 

Мүлде л ы п а с ы з қалды (М.Мағауин, Екі 

томд., 2, 326).

ЛЯ  з  а  т.  Музыкалық  жеті  нотаның 

алтыншысы.  Ол  əуелі  Нартай  əуенде-

ріне тəн домбыраны жоғарғы л я нотасы-

нан  бастап  желпіндіре  қағып  алды  (Қаз. 

əдеб., 12.12.1975, 4). Енді ол сыбызғыға до, 

ре, ми, фа, соль, л я, си – үш бұрыштаған 

жеті  тесік  жасап  жатыр  (Ғ.Мүсірепов, 

Ұлпан, 64). 

М

МАГАЗИНДЕТ е т. Магазин аралау, бір 

магазиннен кейін, екінші магазинге бар. – 

Содан кейін Ескі Семей, Жаңа Семейі бар, 

Ертістің екі жағын қабат шарлап, ресторан-

дата ма, м а г а з и н д е т е м е, кім білсін, 

- деп бір қойды (Дала дауылпаздары, 22).

М А ГА З И Н Д Е Т У   М а г а з и н д е т 

етістігінің қимыл атауы. 

МАГИСТРЛІК … М а г и с т р л і к дис-

сертацияны сəтті қорғағандарға, мəселен, 

физика ғылымының магистрі атағы беріледі 

(Егем. Қазақс., 15.05.1992, 2). 



МАГНЕТИТ  з  а  т.  Құрамында  мыс 

жəне  темір  бар  минерал.  Тауларда 

құрамында мыс жəне темір бар жыныстар: 

халькопирит, азурит, м а г н е т и т жиі 

кездеседі (Қарқаралы, 40).



МАГНИТТІ:  Магнитті  құйын.  а  с 

т  р.  Аспан  əлемінде  болатын  магнитке 



қатысты табиғи құбылыс. Кейінгі жыл-

дары ғана дəстүрге енген м а г н и т т і



қ ұ й ы н күндерін хабарлауды ғұлама ғалым 

қырқыншы  жылдары  парызы  санаған 

(Қ.Олжай, Қанат байла, 12). Ғалым күннің 

белсенділігі басталғанда жерге м аг н и т т і



қ ұ й ы н д а р көптеп жететінін, инфаркт 

мен басқа аурулар қозатынын, еш себепсіз 

өзіне-өзі  қол  салушылар  шығатынын 

дəлелдеген (Бұл да).



МАҒАН: Маған [саған, оған] салса. 

Менің  (сенің,  оның)  еркіме  қойса.  Оның 

бер  жағында  м  а  ғ  а  н    с  а  л  с  а,  құм 

аузындағы шабырда біраз күн аялдар едім 

(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 11) 



МАҒЛҰМДАУ ... Министрлердің мүлкі 

мен  кірісін  м  а  ғ  л  ұ  м  д  а  у  –  қоғамның 

социалистік  сəнін  келтірер  іс  (Ана  тілі, 

23.10.2008).



МАҒРИБ з а т. д і н и. Кешкі намаз. «На-

маз тағылымында» тəулігіне бес рет оқы-

латын  намаздың  аттары:  таң  намазы 

(һамдап), түскі намаз, бесін (түстен кейінгі) 

намазы,  кешкі  намаз  (м  а  ғ  р  и  б),  түнгі 

намаз  да  келтірілген  (Егем.  Қазақст., 

14.02.1991, 6). 

МАДА з а т. Есектің ұрғашысы. Есектің 

кішкентай баласын көдек, қодық, тақай деп, 

ол одан үлкенін тайқар, есектің ұрғашысын 

м а д а, еркегін əңгі деп атайды (Қаз. этно-

графия., 2, 86).



МАДАҚ-ҚОШ з а т. Мадақтау, қош-

тау,  көтермелеу  əрекеті.  Мұнысын  бас 

жылқышы байқағанмен сырт шешіле м а



д  а  қ-қ  о  ш  білдірмейтін-ді  (Лен.  жас, 

29.01.72, 2).



МАДАҚШЫЛДЫҚ  з  а  т.  Мадақ-

тағандық,  мақтағандық,  дəріптеушілік. 

Жанжалшылдық  та,  түптеп  келгенде, 



м а д а қ ш ы л д ы қ сияқты уақытша ғана

атақ  шығаратын  баянсыз  құбылыс 

(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 449).


402

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

МАДДА  з  а  т.  а  р.  Араб  əріптерінің 

үстіне қойылатын белгілердің бірі. Оспан 

дəуірінен  сақталған  құранның  əріптері 

үстінде һамза, таштид, сукун, м а д д а, уас-

ла; қысқа дыбыстылар: фатха, кесра, дамма 

белгілері жоқ (Қаз. əдеб., 25.08.1989, 14).

МАДЬЯР ... М а д и я р л а р д ы ң қайсібір 

сөздері  өздерінің  бірінші  мағыналарын 

жоғалтып бара жатқан секілді (Қаз. əдеб., 

01.04.1983, 3). М а д и я р тілінде құлаққа 

өте жиі жəне жылы естілетін тіркестерінің 

бірі – кеует кезек (келет кезек) (Бұл да).



МАДЬЯРША  ү  с  т.  Мадьяр  тілінде 

сөйлеу. Жуəрмек деген венгрше, яғни м а 

д ь я р ш а «қыршын», «уыздай жас» деген 

сөз (Қаз. əдеб., 20.09.1985, 9).



МАЖАЛДА  …  Қолда  өскен  ұғылан-

ның  осындай  тұрпатты  боларын  кім  м  а



ж а л д а ғ а н (Соц.Қазақст. 16.02.1991, 4).

МАЖАР¹  з  а  т.  Қазіргі  венгр  халқы; 

мадьяр. Бүгінгі Дунай ғұнарғудың бірнеше 

ғасыр  бойы  малын,  əсіресе  жылқысын 

суарған  бас  арна  болып  келгені  м  а  ж 

а  р  халқының  тарихына  үңіле  бастасаң 

айқындала түседі (А.Сатаев, Бəрі де., 37). 

– Біздің күн түбіндегі м а ж а р д а (ма-

дьяр, венгр), жер түбіндегі алманда (неміс) 

кеткен еншіміз жоқ (М.Мағауин, Аласапы-

ран, 2, 240).



МАЖАР²  з  а  т.  Төрт  доңғалақты, 

шарбақты  (қалқанды)  үлкен  арба.  Есік 

алдында м а ж а р ма, ырадуан ба, əйтеуір 

бір  жақ  доңғалақсыз  шоңқиған  арба 

(С.Жүнісов, Ақан сері, 2, 298). Пішен ша-

батын 36 ат машина, үш трактор машина, 

жиырма ат арба, 60 м а ж а р, 10 автома-

шина сапалы жөндеуден өтіп дайын болды 

(Оңт. Қазақст., 21.05.1963, 3). 



Мажар арбаШанағы үлкен арба. Тың 

тынысы  ашылып,  м  а  ж  а  р    а  р  б  а  ғ  а

мағұрлана  артып  жататын  сəттерін  еске 

түсірді  (М.Байғұт,  Бұла  бұла, 12). Үш  ай 

демалыста  м  а  ж  а  р  арба  айдап,  пішен 

таситынбыз (Шамшырақ., 20.11.1971, 2).



МАЖЫҚ е т. ж е р г. Қайғыру, қапалану. 

Мұхтар мен Қаныш кейде сөз қағыстырып 

отыратын. Сөзден ұтылғаны м а ж ы ғ ы п,

ұялып жүретін (М.Əуезов тур. ест. 21).



МАЖЫРАСЫН с ы н. ж е р г. Мажыра-

жай. – Дəурендер келе жатыр, - деді. Сосын 

əлгідегі  жиырылған  денесі  босаңсып,  бір



м а ж ы р а с ы н қалыпқа енді (А.Мекебаев, 

Жадыра, 15).



МАЖЫРАСЫНДЫҚ  з  а  т.  ж  е  р  г. 

Мажыражайлық.  Байқаймын  бұрынғы-

дай  емес  Тұрлыбайдың  қабағы  жазылып, 

жүзінен тоқмейіл жанның м а ж ы р а с 

ы н д ы ғ ы орнаған тəрізді (А.Мекебаев, 

Аңызақ, 125).



МАЗАҚИЯ з а т. с ө й л. Мазақтама. – 

Мұның атын махаббат м а з а қ и я с ы дейді, 

Зəружан! Қош! (О.Сəрсенбай, Шығ., 4, 26).

МАЗАҚҚОРЛЫҚ з а т. с ө й л. Мазақ 

пен  қорлық;  келеке,  келемеж.  Шелденген 

көздері,  былқ-сылқ  еткен  мойын-басы, 

ұзын  тұра  кеудесі  өткен-кеткен  м  а  з 

а  қ  қ  о  р  л  ы  қ  бəрін  топтап  тұрғандай 

(Ұ.Доспанбетов, Шығ., 4, 173). 



МАЗАЛЫЛЫҚ з а т. Мазалы болған-

дық,  жайлылық.  Ол  м  а  з  а  л  ы  қ  т  а  н

д а ,   ма з а с ы зд ы қ т а н   д а   а д а   б ол д ы 

(Қ.Құрманғалиева, Атырау., 163).

МАЗМҰНДАЛ Мазмұнда етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс.

МАЗМҰНДАЛУ  Мазмұндал  етіс-

тігінің  қимыл  атауы.  Батырларға  жеке-

жеке тақырыпшалар арналыпты. Əрі м а з



м ұ н д а л у ы да ойдағыдай (Қаз. əдеб., 

08.05.1987, 7).



МАЗҰТ з а т. с ө й л. Мазут. – Біз көбіне 

м а з ұ т п е н бір сүйкейміз де бұрай береміз 

(Р.Өтесінов, Айтылмаған., 76).



МАЗЫ ... Белгілі м а з ы Бұзаубайдың 

Исатай деген жалғыз ұлы болады (Ел ау-

зынан, 142)

МАЙ:  Май  бүлкіл.  Майда,  жұмсақ 

бүлкіл.  Батырлар  тегіс  аттарына  қонып, 

Надырқұлды ортаға алып, м а й  б ү л к і л 



м е н қаңырдаңды қуалай жүріп кетті (Қаз. 

əдеб., 15.11.1974, 4).



Май жеді. т е х н. Майды көп пайдалан-

ды (жұмсады). – Тракторым м а й  ж е п 

жүр, - деп  күбірледі  жігіт  (Ж.Түменбаев, 

Қардағы із., 26).

Май зауыт. Май өндіретін зауыт. Шай 

зауыт па, м а й  з а у ы т па, əйтеуір сон-

дай зауыттың бірінде істейтін (Қаз. əдеб., 

09.09.1988, 14).



Май сасыр. б о т. Малға жұғымдылығына 

қарай сасыр өсімдігі кейде осылай да ата-

лынады. Бетегесі бырдай боп, М а й  с а с ы 

р ы дырдай боп, Тарлаулары балдайын, Бал-

дауы жая-жалдайын... (Дулат Бабатайұлы: 

Нар заман., 215).

Май  топырақ.  Майда,  жұмсақ  то-

пырақ.  Ала  жаздай  машина  дөңгелегі 


403

Байынқол Қалиев

тоздырған айдау жолдың қопсып жататын



м а й  т о п ы р а ғ ы н құтырма жел əй-шəйға 

қаратпай  суыра  жөнелді  (К.Ахметбеков, 

Ақдала, 2, 60).

Майын  шақ.  Түсін,  ұқ;  дəмін  тат. 

«Ақылды  бол,  балам»  деп  Атам  берді 

бір  кітап, «Айтарсың  жайын  маған  деп, 

Əуелі оқып м а й ы н  ш а қ!» (Лен. жас, 

17.05.1972, 4).

Майын ішкен. Қыр-сырына қаныққан, 

əбден  меңгерген.  Оның  үстіне,  бізде  бұл 

саланың м а й ы н  і ш к е н мамандар жоқ-

тың қасы (Алаш айнасы, 2010, №90, 5).

Май ішкендей болды. Көңілі күпті бол-

ды;  алаңдады,  қобалжыды.  Көк  арғымақ 

ер-тұрманын  бауырына  алып,  бос  келген 

соң, онсыз да м а й  і ш к е н д е й  б о л ы п

отырған ауыл бір сұмдықтың болғанын бі-

ле қойды (Ə.Кекілбаев, Дала баллада., 28).

Кешкі автобуста бірде ұйықтап, енді бірде 

оянып, м а з а с ы м а й  і ш к е н д е й  б о л ғ а н

Назарбек таң ата көздеген қаласына жетті 

(Т.  Əлқанұлы,  Тірліктен., 105). Немересі 

үшін мазасы м а й  і ш к е н д е й  б о л ы п,

қыл үстінде жүрді (Жетісу, 10.06.2009).

МАЙБАС з а т. и х т и о л. Балықтың 

бір түрі. Арал теңізінен əкелінген бекіре, 

Чехославакиядан  əкелінген  ханбалық,  ақ 

амур, м а й б а с т.б. балықтар да өсіп-өнуде 

(Қаз. əдеб., 12.09.1980, 10).



МАЙБӨКСЕ  с  ы  н.  Бөксесі  жұмыр, 

семіз. От үстіне төнген м а й б ө к с е, қысық 

көз,  жаужүрек  жауынгерлер  қандыкөбік 

боршаны  қара  қанжарға  түйреп,  қызыл 

көмекейге таласа тастап жатты (Е.Тұрысов, 

Темірлан, 146).

МАЙБҰРШАҚ з а т. б о т. Соя кейде 

осылай да аталынады. Былтыр м а й б ұ р ш 

а қ себілген аумақ көлемі 50 мың гектарды 

құраған (Жетісу, 29.10.09). Кейде қарыз м а й



б ұ р ш а қ п е н де есептелінеді (Бұл да).

МАЙДАМ .. ? Сегіз түмен лек-легімен 

ұлы  дарияға  тоғысқан  айдынды  өзендей 

əлгі  м  а  й  д  а  м  жазыққа  келіп  жатты, 

ағылып жатты (Е.Тұрысов, Темірлан, 17).



МАЙДАМСОҚ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Қара-

пайым, жеңіл-желпі. «Алматы жақ қалай?», 

«қашан шығып едіңіз», «онда да қар жауған 

шығар?» деген азандағы м а й д а м с о қ 

жайбарақат  əңгімеге  ойысты  (Жұлдыз, 

1975, №4 162).

МАЙДАН: Майдан берді. Соғыс сал-

ды, төбелесті. Тарзанның төбелесті көруі 

жалғыз бұл емес еді. Тұра қалып м а й д 



а н  б е р д і (С.Елубаев, Ойсыл қара., 6). 

Анталап тұрған ашқарақ ауыздар ортадағы 

өлексеге м а й д а н  б е р д і (Бұл да).

МАЙДАШЫЛ  с  ы  н.  Тым  майда, 

ұсақшыл  (адам).  Тым  м  а  й  д  а  ш  ы  л 

болмасаң  қайтеді! – деп  зекіп  тастады 

(М.Қаназов, Арна., 78).

МАЙҚАН з а т. и х т и о л . Сібір өзен-

дерінде  көп  тараған  балықтардың  бір 

түрі.  Оның  басты  байлығы  халық  ускуч 

деп  атайтын  қызыл  балық  –  м  а  й  қ  а  н 

(Ертіс өңірі, 28). Солардың бірі – албырттар 

(лососовые) тұқымына жататын м а й қ а н 

(Лен. жас, 30.03.1977, 3).

Майқан балық ... Марқакөл аққайраны 

сияқты м а й қ а н  б а л ы қ жер жүзінде еш 

жерде жоқ (Марқакөл, 47).

Майқан  шекті.  ж  е  р  г.  Жетісті, 

рақат  көрді. – Күйеуің  бар,  м  а  й  қ  а  н

ш е г і п жатырсың ғой. – М а й қ а н  ш е г і п 

жүргенімді қайдан білесің? Əлде байы бар 

қатындардың бəрі м а й қ а н  ш е г і п жүр 

ме екен? (Ұ.Доспамбетов, Ел есінде., 102).



МАЙҚАП з а т. и х т и о л. Оңтүстікғ 

Алтай  өзендері  мен  Марқакөл  көлін 

мекендейтін,  қара  қоңыр  түсті,  ірі 

жыртқыш  балық.  М  а  й  қ  а  п  көктемде 

қ ұ м д ы ,   ұ с а қ   т а с т ы   т а я з   с ул а р д а 

уылдырықтарын шашады (Қазақст. жану-

ар., 63).



МАЙҚАРАҒАЙ ... 2. Майқарағайдың 

сүрегі, ағашы. М а й қ а р а ғ а й д ы ң түтіні 

сіңген бес қанат қоңыр үйді жел селкілдетіп 

əкете  жаздады  (Т.Оразов,  Қаныштың 

жастық., 36). Ошақ басында маздай жанған 

оттар көңілге ғажайыптай ыстық танылады. 

Тезек, м а й қ а р а ғ а й түтінінің аралас 

иісі келеді (Ə.Əзиев, Шапақ, 83).

МАЙҚОҢЫЗ  з  а  т.  Май  (мамыр) 

айында  шығатын  қоңыз. - Əйтпесе  бұл 

не, тезек домалатқан м а й қ о ң ы з ғұсап 

(Ə.Əлімжанов, Отырардан., 281).

М А Й Қ Ұ Й Р Ы Қ   з   а   т.   з   о   о   л . 

Қосаяқтардың  жуан  құйрықты  түрі. 

Бұлар – үлкен жəне кіші қосаяқтар, секіргіш 

қосаяқ жəне м а й қ ұ й р ы қ (Қазақст. жа-

нуар., 39).



МАЙҚҰМАРЛАУ  с  ы  н.  Майды 

ұнататын, май жегенді жақсы көретін. 

М а й қ ұ м а р л а у біреуі күрең тайдың 

жуан елі қазысын дəріптеп, елдің сілекейін 

шұбыртты (Ə.Əбішев, Найзағай, 62)


404

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

МАЙЛА: Майлаған бидайдай. Жыл-

тырап  тұрған;  жып-жылтыр.  Колдиев-

тің м а й л а ғ а н  б и д а й д а й жып-жыл-

тыр қызыл күрең өңі бұзылып, беті оқыс 

жыбырлап  кетті  (С.Бақбергенов,  Қарға 

там., 77).

МАЙЛАҚЫ с ы н. ж е р г. Алабажақ, 

кір-қожалақ;  қарала-торала.  Мойыннан 

жоғары  жақтың  бəрі  қап-қара,  баттасқан



м а й л а қ ы күйе (Ə.Кекілбаев, Елең-алаң, 

161). Үйлерді, көшелерді баттасқан м а й



л а қ ы мұнар көлегейлеп апты (Ə.Кекілбаев, 

Құсқанат, 214).



МАЙЛАҚЫЛАН  е  т.  ж  е  р  г.  Ала-

бажақтану, қарақошқылдану. Алдындағы.. 

қолтиді  м  а  й  л  а  қ  ы  л  а  н  ы  п  қалған 

жиде  тастары  ию-қию  араласып  кетіпті 

(Ə.Кекілбаев, Үркер).



МАЙЛЫҚ з а т. з о о л. ж е р г. Ала-

тауда кездесетін торғайлардың бір түрі. 

Албандар атын атап түстейтұғын, Мінеки, 

Алатауға  біткен  торғай:  қара,  боз,  суық, 

бұқпас,  сипті,  шымшық,  шапшақай,  м  а 



й л ы қ, маубасбұқа, шөже (І.Жансүгіров, 

Шығ.,163).



МАЙМАҚ з а т. с ө й л. Аю. Тоят берген 

м а й м а қ т ы көріп, қитар көзі шарасынан 

шыға жаздады да, құлағын жымыра бұғып, 

бұта-бүргенді  паналап  зытып  отырды 

(М.Құмарбекұлы, Жер иесі, 322).



МАЙМАНА  з  а  т.  к  ө  н  е.  Əскердің 

оң қанаты. Сол қанатты (майсара) Ілияс-

Қожа-хан мен Əмір Хамит, оң қанатты (м а й



м а н а) Əмір Тоқтемір мен Əмір Бекшік 

басқарды (ҚазССР тарихы, 2, 199).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет