Семинар өз деңгейінде өтті аудандық МӘслихатта м. МашайықҰЛЫ. 22 шілде, 2014 жыл. Аудандық



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата21.01.2017
өлшемі8,67 Mb.
#2387
түріСеминар
1   2   3   4   5

ген заңды сұрақ туын дайды.

–  Діни  бірлестіктермен  қа тар,  ел  ау-

мағындағы барлық діни оқу орын дары ның 

қызметі  жүйе ге  келтірілді.  2011  жылдың 

1  қыр күйегіндегі  есеп  бо йын ша,  еліміз-

де  діни  бірлестік  ныса нын  дағы  29  діни 

білім беру мекемесі тір кел  ген еді. Дербес 

мәліметтер базасы жа сақ талмағандықтан, 

ола р дың  саны  туралы  көрсет кіш тер де 

ауытқушылықтар  көп  кез дес ті.  Сонымен 

қатар,  тір кеу ден  өт  кені мен,  нақты  қыз-

мет  ат қар майтын  діни  оқу  орын дары ның 

болғаны да жасырын емес.

Енді жаңа заң талаптарына сәйкес, діни 

білім беру ұйымдарын тек республикалық 

немесе өңірлік діни бірлестіктер ғана құра 

алады.  Сондықтан  2012  жылы  жүргізіл-

ген  қайта  тіркеу  кезінде  бұған  дейін  діни 

бірлестік  ретінде  қызмет  атқарып  келген 

діни  оқу  орындары  таратылды.  Олардың 

бір  бөлігі  республикалық  діни  бірлестік-

тер құрамындағы оқу мекемелері ретінде 

қайта  құрылды.  Қазір  елі мізде  исламдық 

бағыттағы – 13, христиандық бағыттағы 2 

діни оқу орны қызмет атқарады. Олардың 

барлығы  дәстүрлі  діндерге  тиесілі.  Жаңа 

діни  қозғалыстардың  оқу  орындары  тір-

келмеген.

Осы  орайда  діни  білім  алғысы  келе-

тіндер  үшін  айта  кететін  жайт  –  мұндай 

білімді  тек  діни  бірлес тіктер  жанынан 

құрылған арнайы мекемелерде ғана алуға 

болады.  Жоғарыда  айтылған  қоғамдық 

бірлестіктер, оқу орталықтары немесе тіл 

үйрету  курстары  секілді  мекемелер  діни 

білім бере алмайды. Мұндай заңсыз әре-

кетке  барғандар  заң  алдында  жауап  бе-

реді. Осыны халық білуі тиіс…



–  Сөзіңіз  аузыңызда,  бұрна ғы 

жылдары «діни білім бере тін жаз дық 

лагерь лер ұйым дас ты ры лады» деген 

хабар лан ды ру лар ды  көзіміз  шалып 

қалу шы еді.

– Діни білім беретін жаздық лагерьлер-

ге  қазір  шектеу  қойылды.  Діни  бірлестік-

тердің  діни  білім  бере тін  лагерь  де,  мек-

теп те ұйым дастыруға құқығы жоқ. Мектеп 

жасындағы  балалар  діни  білім  алғысы 

келсе, ата-анасының келі сімімен діни бір-

лестік  жанындағы  сауат  ашу  курс тарына 

бара алады.

Еліміздегі  білім  беру  жүйесі  зайырлы 

сипатқа  ие.  Сондықтан  мек тептерде  діни 

рәсімдер жасалмауы және діни атрибути-

ка қолданылмауы тиіс.

Тағы бір назар аударатын нәр се – же-

келеген  мектеп  оқу шы  лары  ата-анасы-

ның діни көзқарасына байланыс ты кейбір 

пәндерге  қатыспауы  сирек  те  бол са  бай-

қалып  қалып  жүр.  Бұл,  бірін шіден,  білім 

туралы  заңды  бұзу  деген  сөз.  Екіншіден, 

мектеп  бағдарламасына  қажетсіз,  кез-

дейсоқ пәндер кіргізілмейді және баланың 

қалыптасуы мен дамуы на кері әсер ететін 

бірде-бір  пән  оқы  тыл майды.  Ата-ананың 

осын дай  қара пайым  заңдылықты  түсін-

бей, қате көзқа рас тардың жетегінде кетуін 

заңсыз  әрі  зиянды  әрекет  деп  қабылдау 

қажет.

–  Осы  орайда  «халал  бала бақ ша» 

мәселесін айқындай кету де сұранып 

тұрған сияқты.

–  Бұл  –  заң  түгілі,  ақылға  сыймайтын 

нәрсе.  «Халал  балабақша»  деген  стан-

дарт еш жерде жоқ, бұ ған қатысты ешбір 

заңнамалық  тетік  те  қарастырылмаған. 

Сон ды қ тан  мұндай  мекемелер  ұйым-

дастырылған  жағдайда,  олар  заңдық 

тұрғыдан тексеріледі.



–  Ата­аналардың  қате  көз қарасы 

де мек ші,  қазір  діни  ұста ным дарына 

бай ланысты  баласына  екпе  жасату-

дан бас тарту оқиғалары да кездесіп 

қалып жүр. Осы мәселеге қатысты не 

айтуға болар еді?.

–  Бұл  енді  шын  мәнінде  білім сіздіктің 

сал дары.  Ешбір  дінде  ден саулықты  сақ-

тауға,  күтуге,  ауру дың  алдын  алуға  шек  -

теу  қойыл майды.  Керісінше,  әрбір  өрке -

ниетті дін өз сенушілерінің тән сау лығы на 

үлкен  жауапкершілікпен  қарайды.  Ислам 

ұстанымдарына  келсек,  Мұхаммед  пай-

ғамбардың:  «Аурудан  емде лің дер.  Алла 

тағала әрбір аурудың емін қоса жарат қан» 

деген  хадисі  бар.  Қаншама  ауру л ардың 

емін Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) өзі көр-

сеткен.

Барлық  ислам  мемлекеттерінде  ауру-



дың  алдын  алу  құралы  ретін де  вакци-

наның  көптеген  түрлері  қолданылады. 

Басқаны былай қойғанда, Сауд Арабиясы 

Ко роль  дігінің  өзінде  белгілі  бір  ауру лар-

дың  алдын  алатын  екпе-вакцина  қабыл-

дамағандарға  қажылық  жасауға  рұқсат 

берілмейді.

Біле білсек, небір жұқпалы жә не қа тер-

лі аурулардың алдын алып, азамат тардың 

өмірін сақ тап қалу үшін мемлекетіміз рес-

пуб ликалық  бюджеттен  жылына  бірнеше 

ондаған  миллиард  теңге  қаржы  бөледі. 

Мұндай игілік ке қолы жетпей, азаматтары, 

әсіре се, жас балалары мың-мыңдап жұқ-

палы аурулардың құрбаны болып отырған 

экономикасы  нашар  қаншама  мемлекет-

тер бар.

«Ауырып  ем  іздегенше,  ауырмайтын 

жол  ізде»  деген  даналықты  халқымыз 

бекер  айтқан  жоқ.  Ал  әрбір  саналы  аза-

мат өзінің денсаулығын сақтаумен қатар, 

өзгенің  денсаулығына  қатер  төндірмеуді 

де  ойлауы  тиіс.  Заң  тұрғысынан  да,  дін 

тұрғысынан да солай.



– Әлеуметтік­діни тұрғыдағы мәсе­

ле лерді бір қайырып тастау үшін енді 

неке  мәселесінің  де  басын  ашып  ал­

сақ. Әңгімені әркімнің көкейінде жүр­

ген  сауалдан  бастағым  келеді.  Өзі­

ңізге белгілі, қазір мешіттерде неке ні 

АХАЖ бөлімі берген заңды неке куәлі-

гін  көрсеткеннен  кейін  ғана  қию  қа­

лыптаса бастады. Мұның сыры неде?

–  Мешіттерде  некені  АХАЖ  бөлімінде 

ресми тіркеліп, заңды неке куәлігін алған-

нан  кейін  қию  мәселесі  азаматтардың 

тағдыры  мен  құқықтарының  қорғалуына 

деген  алаңдаушылықтан  туындап  отыр. 

Өйткені, қазіргі кезде өкінішке қарай, неке 

жиі  бұзылатын  болды.  Ресми  тіркелген 

некелердің жылына үштен бірі бұзылады 

екен. Ал ресми тіркелмеген күйі бұзылып 

жатқандары қаншама! Олардың салдарын 

жалғызбасты ана мен жетім бала құқығын 

ешбір  заңдық  құжаты  болмағандықтан, 

қорғау да қиын.

Заңдастырылмаған некенің ең сорақы-

сы – қазір жекелеген теріс діни топ тар дың 

арасында белең алып отырған ата-анасы-

ның  келісімінсіз  үйлену,  әйелін  жаратпай 

қалса,  ешқандай  жауапкершіліксіз  бір 

ауыз  сөзбен  талақ  етіп  тастап  кету,  көп 

ұза май  екінші  біреуге,  оп-оңай  үйлене 

салу,  көңілі  қаламай  қалса,  тастап  жүре 

беру секілді ойсыз әрі арсыз құбылыстар. 

Бұл  –  нағыз  діни  надандық  пен  шектен 

шығушылықтың  көрінісі.  Ислам  атын  жа-

мылған  теріс  діни  ағымдар  өкілдері  ара-

сында  көптеп  кездесетін  бұл  құбылыс 

–  ислам  тұрғысынан  қатаң  айыпталатын 

іс-әрекет.  Исламда  отбасы  институты-

на  ерекше  мән  берілетіні,  неке  бұзылған 

жағдайдағы ана мен бала күнкөрісінің әке 

тарапына толық жүктелетіні әрбір мұсыл-

ман  азаматқа  мәлім  жайт.  Әйел-ана  тағ-

дырын  тәлкекке  салып,  оны  нәпсіқұмар-

лықтың  нысанасы  етуге  ислам  түбегейлі 

қарсы.


Азаматтарының  құқығы  мен  бостан-

ды ғына нұқсан келтіретін мұндай әрекет-

терді мемлекет те қолдамайды. Мемлекет 

–  заңдық  институт,  кез  келген  азаматты 

қандай да бір жауапкершілікке тарту үшін 

іс-әрекеттердің  заңдас тырылуы  қажет. 

Сол  себептен  мешіттерде  некені  АХАЖ 

бөлі мін де  ресми  тіркеліп,  заң ды  неке 

куәлігін алғаннан кейін қию қажет тілігі күн 

тәртібіне қо йы  лып отыр. Бұған Қазақстан 

мұсыл мандары  діни  басқар масы  да  бел-

сенді  қолдау  білдіруде.  Неке нің  АХАЖ 

бөлімінде  ресми  тіркеліп  ба рып,  мешіт-

терде шариғат жолымен қиылуы – зайыр-

лы құқық пен діни құқық үйлесуінің көрінісі.

– Орта мектептерге «Дінтану негіз­

дері»  пәні  енгізілгелі  бері  біршама 

уақыт өтті. Қандай өзгерістер күтілу-

де?

– Ел азаматтарының дін туралы білімі-

нің  дұрыс  қалыптасуы  мектеп  қабыр-

ғасынан  басталуы  тиіс.  Сондықтан  қазір 

осы бағытқа да күш салынуда.

Орта  мектептердің  9-сыныбында  оқы-

тылатын  «Дінтану  негіздері»  пәнінде 

әлемдік  және  дәстүрлі  дін дер,  жаңа  діни 

қозғалыстар,  те ріс  пиғылды  және  ради-

калды  діни  ағымдар  жөнінде  негізгі  түсі-

ніктер  берілетіні  белгілі.  Қазіргі  таңда 

Дін істері агенттігі мен Білім және ғылым 

министрлігі  тарапы нан  аталған  пәнді  за-

ман  талабына  сай  жетілдіру  мақсатында 

ке шенді  шаралар  атқарылуда.  Пән нің 

қоғамтанулық мазмұнын күшейте отырып, 

білім  алушыларға  зайырлы  мемлекет 

қағидаттары  мен  қазақстандық  қоғамның 

дәс түр лі  құндылықтарын  таныту  мақ -

сатында «Дінтану негіздері» пәнінің атын 

«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері» 

деп өзгертуге шешім қабылданды. Пәннің 

жаңа  бағдарламасы  жасақталып,  маз мұ-

нына өзекті толықтырулар енгізілді.

Таяу  мерзімде  аталмыш  пән нің  оқу-

лық,  хрестоматия,  оқушы  дәптері  және 

мұғалімге  арналған  құралдан  тұратын 

оқу-әдістемелік  кешенін  жасау  қолға 

алынбақ.  «Зайырлылық  және  дінтану 

негіз дері»  пәнінен  сабақ  беретін  мұға-

лімдердің  біліктілігін  арттыру  мақса-

тында  1  айлық  мерзімді  қам титын  білім 

жетілдіру  курсы ның  жүйелі,  толыққанды 

бағдарламасын жасау және жүзеге асыру 

жоспарланып отыр. Жалпыға бірдей білім 

беретін  орта  мектептерді  білікті  маман-

мен  толық  қамтамасыз  ету  мақсатында 

жоғары  оқу  орындарында  «Тарихшы,  қо-

сымша мамандығы бойынша дінтанушы» 

педагог кадрларын даярлау мүм кін діктері  

қарастырылып жатыр.

–  Дінді,  жалпы  халық  тұты натын 

болғандықтан, діни әде биеттер мәсе-

лесіне де кез келген азамат бейтарап 

қарамасы анық. Осы орайда бір бай-

қалатыны  –  бұрынғыдай  көше  бой-

лап, есік қа ғып, діни әдебиеттерді кез 

кел  ген жерде кедергісіз тарату үде ріс­

тері саябырлаған сияқты көрінеді.

–  Иә,  бұл  да  жаңа  заңның  жа ғым ды 

нәтижелерінің бірі. Діни әде биеттер мәсе-

лесі  толығымен  дер лік  жолға  қойылды 

деуге  негіз  бар.  Ең  маңыздысы  –  тиісті 

заң на малық  актілерге  сәйкес  дінтану  са-

раптамасы  мемлекеттік  деңгейде  жүр-

гізілуде.  Агенттік  қызмет  ат қар ған  3  жыл 

ішінде  еліміздегі  діни  кітаптар  айналымы 

толық  бақылаудан  өтіп,  25  000-ға  жуық 

әдебиетке  сараптама  жасалды.  300-ге 

жуық әдебиетке теріс қорытынды беріліп, 

олардың  ел  аумағында  таратылуына 

тосқауыл қойылды.

Түзеу  мекемелеріндегі  діни  кі  тап тар 

толық  сараптамадан  өт  кізілді.  Мәдени-

ет  және  бі лім  мекемелеріндегі,  діни  оқу 

орын дарындағы  кітаптар  да  тек сері ліп, 

ретке  келтірілді.  Агент тік тің  ұсынуымен 

радикалды  және  теріс  пиғылды  ағымдар 

идео  ло гиясының  алдын  алуға  ба ғыт-

талған  ағартушылық  маз мұндағы  әде-

биеттер  мүдделі  мем ле кет тік  мекемелер 

арқылы көптеп шығарылуда.

Сараптама жүргізумен қатар, діни әде-

биеттердің  таратылуына  да  бақылау  ор-

натылды. Қазір олар республика бойын ша 

арнайы стационарлық үй-жайлар ре тін де 

бекітілген 235 кітап дүкенінде және заңмен 

белгіленген орындарда таратылуда.

Дегенмен,  азаматтар  тарапынан  заң 

нор маларын білмегендіктен немесе заңға 

мойынұсынбаушылықтан  туындаған  заң-

сыз  діни  әдебиеттер  тарату  фактілері 

де  жоқ  емес.  Мұн  дайда  тиісті  органдар 

тара пы нан нақты әкімшілік шаралар қол-

данылады. Өткен жылы осындай 78 фак-

ті  анықталып,  айыпты  тұлғалар  әкімшілік 

жауап кершілікке тартылды.

– Дін тарату дегенде миссио нерлік 

тура лы  сұрақ  ойға  орала  кетеді. 

Бай қауымызша,  елімізде  миссио­

нерлердің қара сы аз емес. Олар жай-

лы заңнама не дейді?

–  Заңнама  бойынша  Қазақстан  Рес-

публикасы  азаматтарының,  шетел  діктер 

мен азаматтығы жоқ адам  дардың мисси-

онерлiк  қыз  мет пен  айналысуына  тыйым 

са лынбаған.  Мұндай  тәжірибе  әлем дік 

қоғамдастықтағы діни сенім бос тандығын 

қамтамасыз  ететін  мем лекеттердің  бар-

лығына дерлік тән.

Бірақ,  бұл  миссионерлік  қызмет ке 

шектеусіз құқық берілген деген сөз емес. 

Біріншіден, миссионерлік қызметті жүзеге 

асырушы  тұлға  мін  детті  түрде  тіркелуге 

және  жыл  са йын  қайта  тiркеуден  өтуге 

тиіс.  Ол  миссионерлік  қызметпен  тиіс ті 

құ жаты  болған  жағдайда  ғана  ай налыса 

алады. Екіншіден, мис сио нерлік қызметтің 

заң ая сын да ғы өзіндік талаптары бар, ол 

та лап тарға сәйкес келмеген тұл ға  ны мис-

сионер ретінде тір кеу ден бас тартылаты-

ны да заңна ма да көрсетілген. Үшіншіден, 

мис сио нер дің ел аумағындағы қыз меті де 

нақ ты  өңірлермен  шек теледі.  Ол  тек  өзі 

тіркелген өңірде, өз діни бір лестігіне мүше 

азаматтар  ара сын да  ғана  діни  қызмет 

атқара алады.

Осындай бақылау шараларының нәти-

жесінде  соңғы  жылдары  елі міз дегі  мис-

сионерлер  саны  300-400  ара лығын дағы 

тұрақты көр сеткіштен артып отырған жоқ. 

Миссионерлердің  басым  бөлі гі  елімізде-

гі  католиктік  және  право славиелік  діни 

бірлестіктердің  өкіл дері  болып  келеді. 

Заңсыз  миссионерлік  қызметті  жүзеге 

асыру әкімшілік құқық бұзушылық ретінде 

заңмен қадағаланады. Өт кен жылы осын-

дай ниеттегі 70 адамға айыппұл салынып, 

тиісті әкімшілік шара қолданылды.



(Жалғасы бар).

М. Әзілханов, Дін істері агенттігінің төрағасы:

4

26 шілде, 2014 жыл 

№30 (5950)

ҰЛЫТАУ ӨҢІРІ

«Сапарымның басты міндеті, 

- деп жазады Н.П.Рычков, - 

қазақ халқының иелігіндегі 

жақсы жерлерді зерттеу, осы 

елден табылатын өнімдердің 

үлгілерін жинап әкелу болды». 

Ол осы сапарында Ұлытау 

төңірегі, Қараторғай, Терісаққан 

өзендерінің бойындағы елдің 

әдет-салты, шаруашылығы, 

кәсібі жөнінде де мағлұматтар 

жинайды. Әсіресе, қазақтардың 

мергендігі, мылтықты 

орыстардан кем атпайтындығы 

орыс натуралисін таңқалдырды. 

Жабайы деп жүрген халықтың 

әр сарбазы жауға үш-төрт атпен 

шығады. Күніне 80 шақырым 

жол жүру олар үшін бұйым 

емес. «Ал оқ-дәріні бірсыпыра 

қазақ өз ұлыстарында өздері 

жасап алады... Алайда ол 

өнерін жұрттан жасырып

ешкімге айтпайды», - деп 

жазады күнделігінде капитан. 

Қазақтарға сый-сыяпат жасап 

іш тартқанмен олар жателдікке 

құпиясын ашпайды. Бар болғаны 

«Сіздің жақтағыдай әдіспен 

жасаймыз, асып түсіп жатқан 

ештеңе жоқ, ал бұған қажет 

керекті өз жерімізден аламыз» 

деген жауаппен шектеледі. 

Иә, қазақтар оқ-дәріге қажетті 

қорғасынды өз жерінде 

керегінше өндіріп, пайдаланған. 

Ерте дәуірлерден қорғасын-күміс 

өндірілген ежелгі кеніштердің 

бірі – Қорғасын. ХVІІ- ХVІІІ ғ.ғ. 

жергілікті халық өте қарапайым 

әдіспен қорғасынды балқытып 

қажетті мөлшерде саудаға 

шығарып отырған. 

Қорғасын кенішінің ресми 

түрде тіркеліп, ашылғанына 

үстіміздегі жылы 200 жыл 

толып отыр. 1813 ж. Орынбор  

әскери генерал-губернаторы 

қазақ даласында, Троицкіден 

650 верста (1 верста – 1,06 км) 

қашықтықта Ұлытау бекінісінің 

Қараторғай өзенінің жағасында 

қорғасынның мол қоры бар 

екендігі жөнінде мәлімет алады. 

Князь Г.С.Волконский шұғыл 

түрде Троицк қамалының 

коменданты, подполковник 

И.Фиофилатьевті, қамал 

кеденінің бастығы Чекаловты 

Ұлытауға барлауға жібереді. 

Олар Қорғасынтаудың 

галениті баға жетпес байлық 

екенін өз көздерімен көреді. 

Орыс шенеуліктеріне ауыл 

старшинасы (құжаттарда 

А.Миняшев) Қорғасынтаудың 

көлемді бір кесек кенін 

көрсетеді. Зертхана нәтижесі 

кен құрамындағы қорғасын 

(алтын, күміс белгілерін 

қоса есептегенде) мөлшері 

54 пайыз екенін көрсетеді. 

Г.С.Волконскийдін бұйрығымен 

1814 ж. мамыр айында өте 

жедел түрде әскери экспедиция 

жасақталып, Ұлытауға 

аттанады. Кен мамандары 

бұл жерден қорғасын ерте 

дәуірлерден бастап үздіксіз 

игеріліп келгендігіне көз 

жеткізеді. Өйткені қазылып, 

бір жерге үйілген, сұрыпталып 

жиналған кен тастары

аршылған орындар мен топырақ 

үйінділері, шашылып жатқан 

кен қалдықтары кездеседі. 

Экспедиция жетекшісі, инженер 

Генстің анықтауы бойынша 

«Қорғасын кені биіктігі 42, 

ұзындығы 500 сажен таудан 

шығады, ол Троицкіден 680 

верста жерде тұр». Кен 

барлаушылар Орынборға ежелгі 

үйінділерден жиналған 100 пуд 

галенит  жеткізеді. Сараптама 

қорытындысы кендегі қорғасын 

мөлшері – 60 пайыз, сол сияқты 

едәуір мөлшерде алтын мен 

күміс бар екендігін көрсетеді.

Экспедиция жұмысының 

қорытындысын Г.С.Волконский   

І Александр патшаға хабарлауға 

асықты. 

1814 жылы қазақ дала-

сында ашылған кен байлықта-

рының құрметіне Санкт-Пе-

тербургте арнайы бедерленген 

медаль құйылды. Ескерткіш 

медаль бетіне таудан асып 

шығып келе жатқан күн, ортада 

салтанат бағаны, төгіліп жатқан 

алтын ақшалар мен аттылы, 

жаяу орыс солдаттары және 

түйе мінген қазақ бедерленген. 

Жоғарғы жағында «Европа 

венчает Россию славой. Азия 

отверзает ей сокровища» 

(«Европа Ресейді даңққа 

бөлейді, Азия оған байлығын 

ашады») деген, төменгі жағына 

«Благословенный рудник в 

Киргизской степи открыт в 1814 

году» деген сөздер жазылған. 

Медаль құйылған күміс Ұлытау 

жерінен жеткізілген кеннен 

алынған. Дәл осы мерзімде 

Қазақстан аумағында басқа да 

мыс, қорғасын, алтын, күміс 

кен орындары белгілі болып, 

тіркеле бастады. Алайда 

медаль Ұлытау аймағын 

зерттеген Орынбор әскери 

экспедициясының мәліметтеріне 

сәйкес шығарылды. Батыс-Сібір 

әскери экспедициясы еліміздің 

басқа аймақтарын зерттеуге 

аттанды. Қорғасын кеніші 

белгілі болғаннан кейін 1815 

жылы патша үкіметінің арнайы 

тапсырмасымен Орынбор 

экспедициясы өте көп құрамда 

екінші рет Ұлытауға аттанды. 

Оған жүктелген негізгі тапсырма: 

Қорғасынтау қорғасын кен 

орнын тиянақты зерттеу; оған 

апаратын барлық жолдарды 

зерттеп, географиялық карта 

түзу; экспедиция шығынын 

жабу үшін 6000 пуд қорғасын 

жеткізіп Миасс зауытында 

қорыту. Байқап отырғанымыздай 

экспедиция Ұлытау етегіндегі 

қорғасын, мыс кен орындарын 

зерттеу мақсатын ғана көздеп 

аттанған. Оның құрамы 

және жабдықталуы жөніндегі 

деректер ерекше атап өтуді 

қажет етеді. Қорғасынтауға 

беттеген экспедиция құрамы 

1617 адамды қамтыған үш 

корпустан тұрды. Маркшейдер 

Герман жетекшілік еткен тау-кен 

корпусы 31 шен-шекпендіден 

тұрды; инженер штабс-

капитан Генс қарамағындағы 

инженерлік корпус 7 адамнан 

құралды; мұның сыртында 

1550 адам әскери қауіпсіздікті 

(1416 – атты әскер, 111 – жаяу 

әскер) қамтамасыз етті; ат 

айдаушылар, жалшылар мен 

аудармашы, жолбасшылар – 29 

адам. Экспедицияға Троицк 

қамалының коменданты 

И.Фиофилатьев жетекшілік 

жасады, 4 айға жететін азық-

түлікпен жабдықталды. 

Барлық жабдық 549 арбаға 

(күймелі) тиеліп, 2987 ат көлігі 

пайдаланылған. Орынбор 

экспедициясы жайлы кейін, 1830 

жылдары  географ Ф.И.Левшин 

мынадай қорытынды жасайды: 

«екі кен желісі зерттеліп, одан 

Троицке 6086 пұт қорғасын 

жеткізілді. Оның ішінде салмағы 

15 пұт тартатын таза галенит 

кесектері де болған. Барлық 

кеннен 2500 пұт таза қорғасын 

қорытылды. Қорғасынтау өз 

атауына шын мәнінде сәйкес 

келеді» (Е.Б.Бекмухамбетов. 

«Цветная металлургия... 

Казахстана». 308 бет). 

1814-1815 ж.ж. экспеди- 

циялардан кейін 100 жыл өткен 

соң ғана (1890 ж.) бұл жерде 

алғашқы тәжірибелік, сынама 

балқымалар алынды. 1838 ж. 

қабылданған Сібір мен Қазақ 

даласындағы алтын өндірісі 

жөніндегі Ережеге сәйкес алтын 

және түсті металдар өндіруге 

дворян тектілер мен құрметті 

азаматтарға, І және ІІ гильдиялы 

көпестерге рұқсат берілді. Осы 

заңға сәйкес 1890 ж. Қорғасын 

кен орны екатеринбургтік 

Железнев пен Суриндердің 

меншігіне көшті. Тау-кен 

инженері Вортовтың мәліметі 

бойынша 1890-97 ж.ж. – 600 пұт 

қорғасын, 1911-15 ж.ж. – 2549 

пұт қорғасын өндірілген. Отын 

ретінде Сандықтау орманының 

ағаш көмірі пайдаланылды. 1915 

ж. Железнев зауыт құрылысына 

американ инженер Дреннерді 

шақырады. Осылайша зауыт 

тұрғызылып, кеншілер кенті 

өмірге келеді. Зауыт шағын 

ағаш өңдеу шеберханасы , 

ұстахана, оқ-дәрі қоймасы, екі 

дүкен, әкімшілік үйі, бірнеше 

барактар, атқорадан тұрды. 

Прф. Е.Б.Бекмұханбетовтің 

мәліметі бойынша зауыт 1916 

ж. бастап 1918 ж. дейін жұмыс 

істеген. Дегенмен өндіріс уақыт-

ша, маусымдық сипатта болды. 

Өндіріс пен кеніште шамамен 40 

адам еңбек еткен (Қ.И.Сәтбаев). 

Зауыт бухгалтериясының 

есебі бойынша 1916 ж. 1 пұт 

қорғасынның өзіндік құны 

– 8 руб. 40 тиынды құрады, 

бұл нарықтағы бағадан 3 

есе жоғары еді. Өндірістің 

жол қатынасынан шалғайда 

жатуы, отынның алыстан 

тасылуы, балқыту процесіндегі 

сапасыздық өнім құнына әсер 

етті. 1919 ж. Қорғасын зауыты 

өңірдегі өндірістермен бірге 

национализацияланды. Негізгі 

жабдықтар мен қондырғылар 

Атбасарға тасып жеткізілді.

 ХVІІІ ғ. орыс патшасының 

ақша сарайында арнайы 

медаль соғылуына себеп болған 

Қорғасын кен орны – өлкедегі 

алғашқы өндірістердің бірі 

екендігі сөзсіз. Ондағы шағын 

зауытта негізінен жергілікті қазақ 

жұмысшылары еңбек етті. Кейін 

геолог Қ.И.Сәтбаев Қорғасын 

төңірегінде зерттеулер жүргізді. 

Қ.И.Сәтбаев бұл шағын өндіріс 

болашақта жеке кәсіпкерлердің 

қызығушылығын тудыруы 

мүмкін екенін атап көрсетеді.

(Қ.И.Сәтбаев. 1925 г. КП-13291) 

Қорғасын кеніші аймағы бүгінгі 

күнге дейін геологиялық тұрғыда 

толық зерттеліп болған жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет