глава-III, стр. - 288
4. «Доктрина интеграции» пәні бойынша лекция материалдарынан
5. Геро, У., Германо-французский тандем, Internationale Politik
2002-1, стр. 38
6. Beiküfner J., Berater des Sonderbeauftragten der Europäischen Union
für Zentralasien, „Brücke zwischen China und Europa. Zentralasiens
Bedeutung für die EU“, Tagungsdokumentation von Bundeszentrale
für politische Bildung, Bensberger Gespräche 28-30 Januar 2008 in
Bensberg
7. BMZ – Zentralasien-Konzept vom 18.12.2001, Bonn:
Bundesministerium für wirtschaftliche Zusammenarbeit und
Entwicklung, 2001, S-7
8. Zentralasienkonzept der Bundesregierung vom 18. März 2002,
Berlin 2002
9. Das Grundgesetz für die Bundesrepublik Deutschland, von
23.05.1949
10. Strategy Paper 2002–2006 & Indicative Programme 2002–2004 for
Central Asia, Brussels, 10 October, 2002
11. Zukunftsregion Kaspisches Meer, Positionspapier der SPD-
Bundestagsfraktion, Bonn 1998
18
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIК
12. Warkotsch A., Die Zentralasienpolitik der Europäischen Union:
Interessen, Strukturen und Reformoptionen Frankfurt am Main,
2006. - XVII, 253 S.
13. Rat der Europaischen Union: „Die EU und Zentralasien: Strategie für
eine neue Partnerschaft“, Dokument 10113/07, www.auswaertiges-
amt.de Zentralasien-strategie-Text-D.pdf
14. Выступдение штатс министра иностранных дел Герма-
нии Г.Эрлера на международной конференции „Das Image
Kasachstans: Bekenntnisse und Erkenntnisse“ /из личной видео-
записи автора, 24.11.2008 г. Берлин/
19
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIК
Халықаралық
қауіпсіздікті қамтамасыз
етудің теориялық-
әдістемелік аспектілері
дәулет баЙҒаРа
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
докторанты
Қ
азіргі таңда халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету кез-келген мемлекет қызметінің және ғылыми
зерттеулердің бірден-бір маңызды мәселесі болып табы-
лады. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету адам-
зат баласы тарихымен қатар келе жатқан мәселелердің
бірі. Ол тек XX ғасырдың басында дүние жүзілік соғыс туындауының
нақты қауіп-қатеріне байланысты осындай ерекше атауға ие болды.
Осы кезден бастап халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету соғысты
болдырмау түсінігімен бара-бар келеді. Бірінші дүние жүзілік
соғыстан кейін осы мәселені жүзеге асыру мақсатында Ұлттар Лигасы
құрылды. Дегенмен соғысты болдырмау бағытында жасалған мұндай
іс-тәжірибелік қадам мәселені шеше алған жоқ. Екінші дүние жүзілік
соғыс, одан кейін «қырғи қабақ соғыс» көрініс тапты. Енді осы кезден
бастап қазіргі жағдайда халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
соғысты болдырмау және қарусыздандыру түсінігімен кеңейтілген
түрде қолданылып келеді.
Мемлекеттің қауіпсіздік мәселесі өзінің өткені мен бүгіні, қызметі
мен заңдылығы бар тұрақты дамудағы біртұтас процесс болып табыла-
ды. Мемлекет сонау өзінің пайда болуынан бастап егеменділігін, яғни
біріншіден сыртқы қысымды болдырмаумен түсіндірілетін ұлттық
қауіпсіздігін сақтап қалудың қамын ойлаған. Қазіргі таңда бұл ұғым
ішкі тұрақсыздық қауіпімен байланысты мәселелерді қарастырады.
Сондай-ақ қоғамдық-саяси жағдайлардың өзгеруіне байланы-
сты мемлекет бұрынғыдағыдай ішкі және сыртқы аумағындағы
20
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIК
қызметін ғана қамтамасыз етіп қоймай, аймақтық және халықаралық
қауіпсіздік мәселесіне де зор мән беруін уақыт талабы көрсетіп отыр.
Бұрын іштей тұрақты мемлекет халықаралық аренада сенімді пози-
цияны иеленген болса, қазір, бір жағынан, халықаралық фактор кез
келген сыртқы қысымдылықты көрсетпесе де, іштей тұрақты мем-
лекетке түбегейлі әсер ете алады. Бір жағынан, халықаралық сала
мемлекеттің қандай да бір басқа амалдардың себептерімен жете ал-
май жүрген ішкі қауіпсіздігінің күшті факторы болуы да мүмкін. Ре-
сей зерттеушісі Т.В. Юрьев көрсеткендей, «мемлекеттердің ұлттық
мүдделерінің келісу жолдарының көрінісі – аймақтық, халықаралық,
жаһандық қауіпсіздік тұжырымдамаларының мәні, дегенмен тек
мемлекеттердің ұлттық мүдделерінің келісуімен бұл мәселелер
шешіліп қоймайды. Мемлекеттердің ұлттық мүдделерінің сәйкес
келуі тағы да келісу жолдары туралы белгілі тұжырымдамалармен
басқарылатын және өздерінің топтық мүдделерін өзара, сонымен
қатар үшінші мемлекеттермен де талап ететін әр түрлі аймақтық
және халықаралық одақтарды тудырады» [1].
Халықаралық қауіпсіздік сөзінің мәнін ашу үшін «соғыс» және
«бейбітшілік» терминдері қолданылып келген. «Қауіпсіздік»
терминінің соғысты болдырмау – халықаралық мәнге ие бо-
луы Ұлттар Лигасының құжаттарында қолданылған. Мұнда
қауіпсіздікті қамтамасыз ету – бейбітшілік немесе соғыстың бол-
мауы сияқты дәстүрлі түсініктермен қарастырылған. Бұл міндет
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін барынша маңызды мәнге
ие бола бастады. Жалпы қазіргі халықаралық қауіпсіздік түсінігі
БҰҰ-ның құрылуымен қалыптасты. Бұл ұйымның Жарғыcының
бірінші бабында оның ең басты міндеті нақтыланған:
«Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ұстап тұру және
осы мақсатпен әлемге қауіптерді болдырмау мен жоқ қылу үшін
тиімді ұжымдық шараларды қолдану және қысым актілерін не-
месе әлемді бұзатын басқада іс-әрекеттерді басу, әлемді бұзуға
алып келетін халықаралық талас пен жағдайларды шешу неме-
се реттеу, әділдік пен халықаралық құқық принциптеріне сәйкес
бейбітшілік амалдарды жүргізу» [2].
Қазақстандық саяси энциклопедияда халықаралық қауіпсіздік
ұғымы былай түсіндіріледі: «Халықаралық қауіпсіздік дегеніміз – бұл
дүниежүзі елдерінің халықаралық құқықтың жалпымен мойындалған
принциптері мен ережелерін, сонымен қатар олар арасындағы
келіспеушілікті күш көмегімен немесе күш қатерімен шешуді, жал-
пы әлемді бұзуға және оған қауіптер тудыруды жақтамайтын БҰҰ-
21
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIК
ның Жарғысын сақтайтын әлемдегі тұжырымдама, халықаралық
қатынастар жүйесінің жағдайы».
Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің шынайы мүмкіндігі
әлемді үдемелі өзгертудің, бәрінін бұрын фашизмнің күйретуінің
нәтижесінен туындаған. Үлкен мәнге бейбітшілік пен халықаралық
қауіпсіздікті ұстап тұру мақсатында құрылған, нығайтылған
және кеңейтілген БҰҰ ие болды. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі
халықаралық әлемді және қауіпсіздікті ұстап тұруға жауапты ең ба-
сты орган болып табылады. Ол (қандай да бір субъектіге заңсыз са-
яси күш көрсететін) қысым көрсетушілерге әр түрлі әдістермен әсер
ететін санкцияға (құқыққа) ие [3].
Халықаралық қауіпсіздік соғысты болдырмау түсінігімен
шектеліп қана қоймай, әлемді қырып-жоюдың бірден-бір қатал түрі
«қырғи қабақ соғыстың» жалғас табуы – бұл мәселені ары қарай
қиындатып жіберді. «Қырғи қабақ соғыстың» салдары халықаралық
қатынастар жүйесіне айтарлықтар өзгерістер тудырды. Сонымен
қатар мемлекетшілік және аймақтық дау-жанжал, қылмыс пен
ланкестік транснационализациясы, мемлекеттер арасындағы бұрын
соңды болмаған экономикалық байланыстардың өсуі, миграция
ағымының едәуір өсуі – мемлекеттер арасындағы стратегиялық
әскери тепе-теңдікті ұстауды білдіретін дәстүрлі «халықаралық
қауіпсіздік» тұжырымдамасын қайта қарауды талап етті.
«Халықаралық қауіпсіздік» термині тікелей мағынада қауіпсіздік
немесе қатердің жоқ болуын, ең бастысы, физикалық қырып-жоюға
алып келетін ұлттар, мемлекеттер арасындағы әскери сипаттың бол-
мауын білдіреді. Ресей зерттеушісі Н.А. Косолапов көрсеткендей,
««қырғи қабақ соғыс кезінде халықаралық қауіпсіздік олардың толық
егеменділігін, саяси және экономикалық тәуелсіздігін, саяси-әскери
басып алу мен қысым көрсетуге тойтарыс беру мүмкіндіктерін,
олардың басқа мемлекеттермен тең құқықты қарым-қатынастарын
қамтамасыз етуде мемлекеттің өмір сүруіне және жұмыс істеуіне
қажетті жағдайлар жасайтын халықаралық қатынастар жағдайымен»
бара-бар келген [4].
Жақында шыққан сөздіктердің бірінде халықаралық қауіпсіздік
«мемлекеттердің тіршілік әрекетін, ынтымақтастығын, өзара
әсер етуін, олардың одақтарын, бірлестіктерін және әлемдік
қауымдастықтарды тұтастай әр түрлі қауіптерден олардың өмірлік
қажетті мүдделерін кепілді қорғау жағдайында қамтамасыз ететін
халықаралық қатынастардың жағдайы. Сонымен қатар халықаралық
қауіпсіздік абайсыз және қасақана жасалған экологиялық апат-
22
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIК
тардан, сондай-ақ ланкестік актілерден сақтап қалудың шаралар
жүйесін қамтиды» деп қарастырылған [5].
Сонымен бірге, «халықаралық қауіпсіздік» терминінің қазіргі
мазмұны мемлекетаралық әрекеттестік шеңберінен шығып,
әскеримен бірдей көптеген жаңа аспектілерді қамтиды. Халықаралық
қатынастар теориясында «халықаралық қауіпсіздік» «ұжымдық
қауіпсіздік», сонымен қатар «жалпы», «дүниежүзілік», «жаһандық»
және «жалпы көлемдік» қауіпсіздік тұжырымдамаларымен қаланып
келген. Халықаралық қауіпсіздіктің әскери, саяси, экономикалық,
әлеуметтік, экологиялық, ақпараттық және индивидтік сияқты
әр түрлі аспектілері көптеген ғылыми зерттеулердің талдау
объектілеріне айналып отыр.
Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету халықаралық
акторлардың белгілі іс-әрекеттерін, немесе саяси процесс ретінде
қатысып, «бейбітшіліктің тиімді кепілдігін құруға әсер ететін сая-
сат» ретінде сипатталуын білдіреді [4, 6].
Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясаты «халықаралық
қатынастар» шеңберінде қоғамдық әрекеттестік пен территориялық
құрылымдар шеңберіне кірмейтін қоғамдық қарым-қатынастардың
ерекше түрін» білдіреді.
Сәйкесінше,
мұндай
қарым-
қатынастардың негізгі қатысушылары ретінде халықаралық қатынас
және қауіпсіздік жағдайына маңызды әсер етуге қабілетті мемлекет,
халықаралық үкіметтік, үкіметтік емес және трансұлттық ұйымдар,
жеке аймақтар, сонымен қатар кейбір қоғамдық-саяси партиялар
мен ұйымдар қатыса алады.
Халықаралық қауіпсіздік зерттеуінің жеткілікті ұзақ тарихына
қарамастан халықаралық қатынастар теориясында не қауіпсіздік
анықтамасына, не оны қамтамасыз ету амалдарына бірыңғай
әдіс өңделмеген. Халықаралық қатынастар ғылымының әр түрлі
теориялық бағыттары мен мектептері бұл құбылыстың баламалық,
сондай-ақ қарама-қарсылық түсіндірмесін ұсынады.
Халықаралық қауіпсіздік теориясының ақиқаттығын айқындау –
бұл тек ғылыми міндеттің шешімі емес. Мемлекеттердің, мемлекеттік
емес қатысушылардың көшбасшылары және қоғамы сонда болып
жатқан үрдістерді қауіпсіздік саласын қалай қабылдаса, соған бай-
ланысты осы салада да өзіндік іс-әрекетін көрсетеді. Сол сияқты
халықаралық қауіпсіздік саласын әр түрлі қырынан қарастыратын
бірнеше негізгі теориялық мектептер бар. Олар: «шынайы саясат-
шылар (реалполитики)», «либералды саясатшылар (либералполити-
ки)» және «демократиялық әлем» теориясының мектептері.
23
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIК
«шынайы саясатшылар (реалполитики)» мектебінің өкілдері
Фукидид, Н. Макиавелли, Т. Гоббс еңбектері негізінде, сонымен
қатар Ратцель, Маккиндер, Спайкман, Г. Моргентау, К.Уолтц және
т.б. болып табылады. Бұл мектептің түсіндіруінше, халықаралық
қауіпсіздік формуласы «Қолыңнан келсе, бәрін басқару» ережесімен
сипатталады. «шынайы саясатшылар» халықаралық қатынастардың
негізі «жоғары саясаттың» саласы болып күш, ең алдымен әскери
категорияны білдіретін мемлекет мүддесі, соғыс пен бейбітшілік
мәселесі табылады деп көрсетеді. Принцип бойынша бұл «нөлдік
нәтиже ойынын» – бір жақтың жеңісі басқа жақтың жеңілісіне тең
екендігін білдіреді [2, 21].
«Либералды саясатшылар (либералполитики)» мектебі. Бұл
мектептің мәні жаһандану процесінде әлемдік әрекеттестіктің өсуі
халықаралық қауіпсіздік саласынының логикасын да ауыстыруға
алып келгендігінде жатыр. Ең алдымен бұл мектеп Джозеф Най
мен Роберт Кохэннің еңбектерімен сипатталады. Сонымен қатар
мемлекетүстілік институттар желісі – үкіметаралық және қоғамдық
халықаралық ұйымдар, тәртіптер дамуда. Бұған трансұлттық
өндірістер, сауда-саттық, қаржы, технологиялық, миграциялық
ағымдардың идентификациясының нәтижесінде тез экономикалық
өзара әрекеттестіктің күшеюі әсер етуде. Бұл мектептің негізгі иде-
ясы мемлекетаралық әрекеттестіктер тек «нөлдік нәтиже ойыны»
болуын тоқтатады.
Әлем әрекеттестігі және жаһандық үрдіс мүмкіндігінің
жоғарылауы ұлттық шекара арқылы қандай да бір елдің немесе
аймақтың ішінде ертеден қалыптасқан жаһандық қауіптің тара-
тылмауын жеңілдету арқылы шындығына жету. Бірақ сонымен
қатар жаһандық қауіптің деңгейінің өсуі олармен күресу үшін
мемлекеттердің бірігуіне алып келеді. Бұл мектептің жақтастарының
ойынша жаһандық әріптестікте ядролық қарудың өсуіне сәйкес
халықаралық қауіпсіздік саласында дәстүрлі дау шектеледі [2, 24].
Соңғы мектеп бұл «демократиялық әлем» теориясының мектебі.
Бұл мектептің негізгі қалаушылары болып И. Кант, Д. Бабст, М.
Дойл, Б. Рассел және т.б. зерттеушілер табылады. Бұл мектеп
өкілдерінің ойынша демократиялық көшбасшылар бір-бірімен
ортақ құндылықтарының, жүйелерінің болуына байланысты
соғыспайды екен. Мұның себебін шешім қабылдау процедурасының
ашықтылығынан деп түсіндіреді. Дегенмен демократия дегеніміз
пацифизм дегенді білдірмейді. Олар тек автократиямен соғысады,
бірақ ешуақытта бір-бірімен емес. Коалициялық соғыстарға олар
24
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIК
автократиялықтармен уақытша одақтастықпен шығуы мүмкін,
бірақ әрқашан соғысқа қатысушы басқа демократиялықтармен
бір жақта болады. Демократиялықтар арасында бір-бірімен соғыс
мақсатына немесе басқа автократиялық режимдерге қатысты
үлкен келіспеушіліктер әбден болуы мүмкін, бірақ олар өз
демократиялықтары арасында қарулық қақтығыстар жүргізбейді.
Жаһандық демократизацияның «үшінші толқынына» көтерілуде
демократиялық мемлекеттер саны бойынша авторитарлық режим-
дер үстінен, экономикалық потенциалдың, адам өмірінің сапа,
техникалық деңгей, әскери мүмкіншіліктердің сапалы жоғарылауына
жеткендігін «демократияаралық әлем» теориясының жақтастары
айтады [2, 23].
Халықаралық қауіпсіздік саласына теориялық соңғы үлес
қосқандардың қатарына Самуэл Хантингтонның «Өркениеттер
қақтығысы» тұжырымдамасын жатқызуға болады. Мұның мәні
қысқаша айтқанда мынада жатыр: мемлекет-ұлт арасындағы
дау-жанжалдардың орнына дін, ортақ тарих, этникалықтық, мо-
ральды құндылықтар, өмір сүру тәсілі сияқты туыстық мәдени
сипаттамаларға ие мемлекеттер мен халық топтарын анықтайтын
өркениеттер арасындағы дау-жанжалдар келеді. Хантингтон қазіргі
өркениеттің жеті немесе сегіз түрін сөз қылады. Олар: батыстық,
конфуциандық, жапондық, исламдық, үнділік, славян-прославтық, ла-
тын американдық және «мүмкін африкандық» өркениеттер. Көптеген
ғалымдар өркениеттік ерекшеліктер мемлекеттердің және мемлекет-
тер тобының халықаралық мінез-құлықтарына әсер етеді, бірақ олар
ең басты анықтаушылар болып табылмайды деп санайды [6].
Осылай қай мектеп бағытын алып қарастырсақ та, халықаралық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрбір акторға тиесілі екенін көруге
болады. Кез-келген мемлекеттің халықаралық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудегі үлесі зор. Барлық акторлар халықаралық
қауіпсіздіктің негізгі принциптерін сақтап, яғни күштер немесе
күш қатерлерін қолданбау, халықаралық келіспеушіліктерді бейбіт
амалдармен шешу, елдер арасында әріптестік қарым-қатынастарды
және халықаралық ынтымақтастықты дамыту, халықтардың тепе-
теңдігі мен таңдауларын сыйлау, қысым актілерін шектеу мен олар-
ды болдырмауға ұжымдық шараларды қолдана отырып, ұжымдық
қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз. Менің ойымша, ұжымдық
қауіпсіз өмір әрбір мемлекеттің бейбітшілігі мен гүлденуінің бірден-
бір кепілі болып табылады.
25
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIК
әдебиеттеР:
1. Лебедева М.М. Мировая политика: Учебник для вузов/ М.М.
Лебедева. – М.:Аспект Пресс, 2004. – С. 164.
2. Кулагин В.М. Международная безопасность: Учебное пособие
для студентов вузов. –М.:Аспект Пресс, 2006. – С. 13.
3. Казахстанская политологическая энциклопедия. – Алматы: Ка-
захстан даму институты, КазГУ, 1998. – С. 34.
4. Косолапов Н. А., Сила, насилие, безопасность: современная диа-
лектика взаимосвязей // Мировая экономика и международные
отношения, – 1992.-№11. – С. 6.
5. Война и мир в терминах и определениях /Под ред. Рогозина Д.
О. –М., 2004. – С. 21.
6. Человек и общество: Основы современной цивилизации. – М.:
Геликон, 1992. – С. 92.
26
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
Саяси жүйелердің
ауыспалы кезеңінде
Қазақстан мен Ресейде
партиялық құрылыстың
пайда болу жолдары мен
кезеңдері
лидия каРМазина,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың теориялық
және қолданбалы саясаттану кафедрасының
оқытушысы,саяси ғылымдарының кандидаты
Қ
азақстан мен Ресей XVIII ғасырдан бастап XIX
ғасырдың аяғына дейін біртұтас мемлекет болды, ол
бұрынғы, капитализмнің «екінші эшолонды» дамыған
елі ретінде, өзінің саяси дамуын XIX–XX ғасырлар
тоғысында бастады. Сондықтан, мұндағы саяси партия-
лар Батысқа қарағанда әлдеқайда кеш туды. Әрине, олардың пайда бо-
луы мен дамуына Батыстың айқын ықпалы тиді, қайталаған жерлеріде
болды, сонымен қатар оның ерекше ұлттық сипаттарыда болды.
Ресей империясындағы көппартиялық «жарылыс» 1905–1907
жылдары болды. Бірақ партиялар қазіргідей емес, анау айтқан
әлеуметтік-саяси рөлі жоқ еді: олар негізінен үкіметті табалағаны
болмаса, мемлекеттің дамуына аса әсер еткені жоқ. 1917 жылғы ре-
волюция партиялар жұмысын жандандырды және басқалары пай-
да бола бастады. Бұған тек партиялық тізім бойынша қатыса ала-
тын, Құрылтай жиналысына сайлау өткізуді күзге тағайындау әсер
берді, ол барлық партиялардың үгіт-насихат және ұйымдастыру
жұмыстарына қосымша сын болды.
Барлығы 1882 жылдан 1925 жылға дейін Ресей империясында
60 жалпыресейлік және 228-231 ұлттық партиялар мен қозғалыстар
жұмыс істеді [1]. Соңғылар қатарына Орта Азия, Қазақстан және
ұлттық партиялар Федерациясынан құрылған (топтар – ағылшын, че-
27
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
хословак, неміс, румын т.б.) париялар кірді. XX ғасырдың басындағы
қазақ қоғамдығын құру кезінде сол кездегі саяси жағдайларға едәуір
әсер ететін әртүрлі ұйымдар пайда болды. Соның ішінде бәсекелес
саяси партиялар ерекше орын алды: «Алаш» қазақ Ұлттық партия-
сы, «Үш жүз» қазақ Социалистік партиясы.
1918 жылдың қазан айында билікке қол жеткізген большевиктер
Ресей саяси партиясының өмірін күрт өзгертті, 1918 жылдың екінші
жартыжылдығында елде көп жылдарға созылған, идеологиялық
бақылауы күшті және саяси плюрализм жоқ бірпартиялық саяси
жүйе қалыптасты.
Қысқаша айтып өткен тарихи шолудан түсінуге болатыны, Ресей
мен Қазақстан XIX–XX ғасырлар белесінде көппартиялы жүйеге
түсуге бет алды, мұны плюрализм жағдайындағы алған алғашқы
тәжірибенің салдарынан деседе болады. Бірақ, бұл тәжірибе бірнеше
онжылдықтан кейін қайтадан, дамыған саяси партия институтына
оралып, оны қысқа мерзімде оны аяққа қою үшін жеткіліксіз болды.
Соңғы 20 жылда Қазақстанда да, Ресейде де, дербес мемлекеттер
ретінде, қайта ойландырып баға беретіндей партиялық құрылыстың
мол тәжірибесі жиналды. Бұл саяси құбылыстардың тарих
уақытымен өлшемі өте үлкен, қаралып отырған мемлекеттердегі
партияның даму алаңын бірнеше жеке кезең мен сатыға бөлуге бо-
лады (кестені қара ).
Кесте. Көппартиялы даму жағдайының кезеңдері және Ресей
Федерациясы мен Қазақстан Республикасы партияларының
қалыптасуы.
Фазалары
Кезеңдер
Сатылары
Ресей
Қазақстан
1. Партия
мен партия
жүйесінің
пайда болуына
ұйымдық,
деологиялық
және басқа да
ағдайлардың
құрылуы.
1)1985-1990
қоғамдық-саяси
бірлестіктер
мен саяси
партиялардың
пайда болуы
а) бірпартиялық жүйе
бойында саяси партия-
лардың құрылуына
мүмкіндіктің бола
бастауы
1986-1987
1986-1987
б) халықтар қақтығысы
әрекеттері және арғы-
партия құрылымын құру
1987-1980
1987-1990
2) дамыған
партиялық
плюрализм
Р – 1991-1993
Қ – 1991-1995
а) көппартиялықтың
құқықтық база негізін
ресімдеу
1990-1991
1990-1993
б-1) «тамыз
республикасының»
партиялық жүйесі
1991-1993
-
б-2) парламенттік-
президенттік республиканың
саяси жүйесі
-
1993-1995
28
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
2. Партия
жүйесінің
белгілі
бір түрінің
қалыптасуы
3) полярланған
партиялық
плюрализм
Р – 1993-2001
К – 1995-2002
а) саяси партиялардың
даму рөлі
19930-1995
1998-2002
б-1) көппартиялықтың
арнайы құқықтық
базасын қалыптастыру
-
1995-1998
б) белсенді
партияларды ресімдеу
1995-2001
-
4) қазіргі партия
жүйесін
қалыптастыру
а) көппартиялықтың
құқықтық базасын
жетілдіру
2001
2002-2007
б) «билікті партия»
институттарын құру
2001-2003
2002-2004
в) жетекші партияның
партиялық жүйесінің
түрін қалыптастыру
2003
жылдан
2004
жылдан
Салыстырмалы талдау көрсетілгендей: қайта құру ұрандары
және декларациялар толқынында, бұрынғы КПКО-ға (КПСС) ба-
лама түрде күшті «қалыпсыз қозғалыстар» пайда болды. КПКО-
дан тәуелсіз азғана құрылымда, мемлекеттік құру, ұлтаралық
қатынас, өнім өндірудегі сапаны көтеру, әлеуметтік саясат т.с.с.,
бюрократияға қарсы біріккен, бірыңғай өз көзқарастары бар,
көптеген саясиландырылған топтар, клубтар, қоғамдық бірлестіктер
т.б. құрыла бастады.
1987 жылы КПКО Орталық Комитетінің қаңтар пленумы
қоғамды демократизациялау жөнінде жаңа бағытын жариялады
және қоғамда нағыз оппозициялық бағытта белгіленген қалыпсыз
қозғалыстар пайда бола бастады: Ресейде «Память», Қазақстанда
«Форум», «Желтоқсан». Одан басқа, Ресей өзара тәуелсіз республи-
ка боламыз деген қалыпсыз ұйымдасқан бірлестіктер мен «халықтық
көтерілістері» аймағында қалды. Сонымен қатар, бірпартиялық са-
яси жүйе өзгеріссіз қалды. Бұл кездегі бірлестіктер әлі көпшілікке
таныс емес, ұйымдасқан түрде қалыптаспаған және азаматтар тара-
пынан қолдауы төмен болды.
1988 жылдан бастап КПКО-ға баламалы басқада саяси партия-
лар құрыла бастады. Бұған себеп, 1990 жылғы қаңтардағы КСРО
Конституциясының коммунистік партияның басқарушы рөлі тура-
лы 6 бабына өзгерістің енгізілуі, сондай-ақ 1990 жылғы одақтық
және автономиялық республикалардың «егемендік шеруі» бол-
ды. Бірпартиялық жүйенің көппартиялыққа көшу кезеңі басталды.
Осы кезеңдегі саяси партиялар Ресейдегі де, Қазақстандағы да,
ешбір партияның белгісі жоқ, бұрынғы партия орнына келе салған
29
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
ұйымдар болды [2]. Нақты идеологиясы, құрылымы белгісіз және
әлеуметтік базасы жоқ болған олар, ешбір ойлаусыз, кейбір саяси
тұлғалар айналасында солардың шашбауын көтерумен, не мемле-
кетке, не қоғамға пайдасы жоқ болды.
Белгілі Дж.Сарторидің саяси партиялар жүйесін жіктеуіне
бағынсақ [3, 122-179], осы кезеңдегі ресей мен қазақстандық пар-
тия жүйелері, 1990-1995 жж. жарамсыз деп табылады, яғни ол жүйе
ешбір қозғалыссыз және мардымсыз. Саяси партиялар бұрынғы
партияға ұқсап құрыла берді, қоғамдық өмір түрлі түстенді және
қарсылықтар бола бастады. Бұл жағдай демократияның енді
қалыптасып келе жатқан елдерге ұқсас болды [4].
Ең маңызды сатысы осы кезеңде көппартиялық кезеңнің негізі
қалана бастады. 1991 жылы КСРО Жоғары Кеңесінің «Қоғамдық
ұйымдар туралы» заңы күшіне енді, саяси партиялар Әділет
Министрлігінен арнайы тіркеуден өтіп, заңды жұмыс істеуге және
тіркелуге құқық алды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан мен Ре-
сей өз Конституцияларында идеологиялық және саяси әр алуандық
туралы постулатты бекітті.
1991 жылғы тамызда болған белгілі оқиға КОКП-ны таратты, ал
оның мемлекетқалыптастырушы міндеті болғандықтан, соңынан
КСРО-да тарады.
«Тамыз республикасы» (1991-1993) партия жүйесінің кезекті са-
тысында Ресейде жаппай демократиялық қозғалыстар дамып, олар
Ресейде жаңадан пайда болған тәуелсіз, саясатқа қатысы жоқ эли-
талардан басқа, қолданыстағы бар билікті тек саясатты өзгертудің
құралы ретінде санады [4]. Әр алуандық партиялар өздеріне одақтас
партиялармен бірігіп, саяси блоктар ұйымдастыра бастады, соңында
коалициялар құрылып, олар Ресейдің барлық саяси көрінісін берді:
демократ-рефоматорлар, орталықшылдар, патриоттар.
Ресейдегіден айырмашылығы, Қазақстандағы саяси плюрализмнің
дамуы 1995 жылға дейін созылды. Ресейде 1993 жылдың өзінде-
ақ конституциялық және сайлау реформалары өтіп, саяси парти-
ялар қоғамдық бірлестіктер қатарынан шықты, ал Қазақстанда
партиялардың статусы әлі бұлыңғыр, түсініксіз күйінде болды.
Осы кезеңдерде ҚР мен РФ саяси көзқарастарын бекітіп, соңында
партия секторында бірнеше идеологиялық бағыттар қалыптасты:
либерал-демократиялық, социал-демократиялық, социалистік,
коммунистік және ұлттық-патриоттық.
Сол кездегі ресейлік және қазақстандық саяси партиялар бұрынғы
партияның құрылымындай жұмыс атқарды, іс әрекеттерінің заңмен
30
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
бекітілмегендіктігінен, олардың қоғамдағы саяси процестерге ара-
ласатындай мүмкіндіктері жоқ еді. Олардың құрылымы әлсіз бол-
ды, ауқымды әлеуметтік және электоралдық базасы болмады, тек
бастамашыларының белсенділігімен ғана танылып жүрді. Сондай-
ақ бәсекелесуге мазасы жоқ саяси партиялар болды, олардың
аймақтарда бөлімшелері болмады.
Одан кейінгі партияның дамуы Қазақстанда (1993-2001) және
Ресейде (1995-2002) қиын жағдайда, партиялық плюрализмнің
шегінде өтеді [3, 122-179]. Былай айтқанда Қазақстан мен Ресей-
ге осы кезеңдер біріншіден, партияның авторитарлық демократия
кезеңіндегі дамуы және, екіншіден, жаппай саяси партиялардың
құрылуы болды. Соңында мінез құлықтарының және партиялық
құрылуының әртүрлілігіне қарай, ол күштердің әрдайым
бөлектеніп майдалануына әкеп соқты. Бірақ республикалардағы
партқұрылыстар дамуы ұлттық-мемлекеттік сипатта болды.
Қазақстандағы күшейген партиялық плюрализмнің ерекшелігі
– көппартиялық базаның арнайы қалыптасуы: 1996 жылы «Са-
яси партиялар туралы» ҚР заңы қадылданды. Сонымен қатар
қазақстандық партиялардың заңды базасы шектеулі ғана еді, шет
елдердің тәжірибесін пайдаланды, ол демократияның сұранысын
қанағаттандырмады, бірақ қазақстандық қоғамның авторитарлық
мінез-құлығына сай болды, солай бола тұра жаңа Конституцияға
айналды. 1995 жылы Ресейде «Қоғамдық бірлестіктер жөнінде»
Федералдық заң қабылданып, содан 1998 жылға дейін өзгерту
енгізгенше оның құрамында не саяси қоғамдық бірлестіктер тура-
лы, не саяси партиялар туралы ережелер болмаған. Ресейдің саяси
партиялар жөніндегі, олардың қызметін толыққанды бақылайтын
арнайы заңы тек 2001 жылы ғана қабылданды [6].
1993 жылы ресейлік партиялар және 1994 жылы қазақстандық пар-
тиялар ұлттық заң қабылдау органдарына «құрылтайшы» депутаттар
сайлауында алғашқы тәжірибеге ие болды, соңынан 1995 жылы екі
республикада өткен сайлауларда одан әрі бекіді. Бірақ Ресейде 1993
жылы аралас электоратты формуласы енгізіліп, онда парламенттің
төменгі палата депутаттарының бір жартысы бірмандатты округ-
тардан басым дауыс бойынша өтсе, ал келесісі жалпыұлттық бір
округтен партия және коалиция тізімі бойынша сайланатын болып
[7], партия жүйесіндегі парияның дамуы мен рөлін жоғарылатуда
шешуші орын алды.
1995 жылғы сайлау қорытындысы бойынша, көппартиялы Ресей-
де саяси процеске қатысушы бастамашы-партиялар [8, 13-14] пай-
31
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
да болды: Ресей Федерациясының Коммунистік париясы, Ресейдің
либерал-демократиялық партиясы, Ресейдің «Яблоко» бірлескен
демократиялық партиясы және Бүкілресейлік «Наш дом - Россия»
қоғамдық-саяси қозғалысы. Олардың бәрі Мемлекеттік Думаның
Федералды жиналысына өтті, депутаттар фракциясын құрды. РФКП,
РЛДП және «Яблоко» 1999 жылғы сайлауда өздерінің мықтылығын
танытты.
Қазақстан Республикасында 1994 жылы XIII шақырылымдағы
бірпалаталы Жоғары Кеңесіне, кейін 1995 жылғы ҚР Парламенті
Мәжілісіне сайлауларында мажоритарлық жүйеде партиялар мен
қоғамдық бірлестіктердің депутаттыққа ұсынған кандидаттары бой-
ынша, таза жеңіске жеткен партиялар шықты, бұл саяси реформа-
лау кезеңіндегі Қазақстанның Ресейден әлдеқайда артта қалғанын
көрсетті. Ресейден айырмашылығы, сайлау науқанында тікелей
партияаралық күрес болған жоқ, соңында электораттардың парти-
яны қолдауы. 1998 жылы бірінші конституциялық реформа және
осыған байланысты 1999 жылғы Қазақстандағы Мәжіліске сайлауда
электораттар формуласы өзгеріп, саяси партиялардың аралас жүйеде
бәсекелестікте өтті: округтардан басқа партиялық тізім бойынша
өткізіліп, Парламенттің төменгі палатасына 67 мандатқа тағада
10 мандат қосылды [10]. Мәжілістен мына партиялар орын алды:
Коммунистік, Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы,
Возрождение партиясы, Халық Конгресі партиясы, Республикалық
«Отан» саяси партиясы, Азаматтық, Аграрлық, Республикалық
Халықтық және Республикалық Қазақстан саяси партиясы, ондағы
орындарды өзара «Отан», Азаматтық және Коммунистік партиялары
бөлісті.
Партиялық плюрализм кезеңінде партияның жалпы дамуын атап
айтар болсақ, Қазақстан мен Ресейде толыққанды көппартиялы
институттың бекітілгенін, оның күнделікті өмірге енгізілгенін
байқаймыз. Саяси партиялар мемлекеттегі ерікті демократиялық
институттарға айналды, әрдайым өз көзқарастарын айтып тұрады
және елдегі саяси құбылыстарға араласады. Этникааралық про-
блемалар екінші орынға шығып, мақтангершілік демократиядан
алшақтау басталады, радикалдар азайғаны сезіледі. Партияның ішкі
құрылысы дамып, аймақтық жүйелері дамыды, бағдарламалары
пысықталды. Билікпен бірігіп жұмыс жасауға ұмтылыс пайда бол-
ды. Азаматтардың саяси құрылымдарға деген көзқарасы оң болып,
партия ға деген ұмтылыстар пайда болды. Қорытындысында саяси
партиялар нақты әлеуметтік қолдау базасына ие болды.
32
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
Қазіргі уақытта көппартиялық дамудың төртінші кезеңіне Ре-
сей – 2001 жылы, ал, Қазақстан – 2002 жылы кірді. Нақты нүктесі
болып бірінші кезекте «Саяси партиялар туралы» (2001, маусым),
арнайы Федералдық заңды,, екінші кезекте – «Саяси партиялар
туралы» ҚР жаңа заңын (2002, шілде), қабылдау болып табыла-
ды. Екі заң да партиялар санына, өңірлік құрылымдар болуына,
тіркеу мүмкіндіктеріне талапты күшейтеді. Партияларды қайта
тіркеу әрекеті саяси партиялардың үлкеюіне, тіркелмеген партия
құрылымдарының саяси ареналардан кетуіне, жұмыс істеп тұрған
партиялардың саяси күшінің артуына, күштірек оппозициялық пар-
тиялар ұйымыдары пайда болуына, қоғамдық-саяси қозғалыстардың
саяси өмірге ықпалының әлсіреуіне әкеп соқты. Қазақстандағы істеп
тұрған 19 партиялардың жаңа заң қабылдаған кезде, жаңа талаптарға
сай 7 партия ғана өтті, (бүгін елде – 10 партия), Ресейде партия
көлемі 199-дан 15- ке дейін қысқартылды, қазіргі кезде [11].
Сонымен қатар, жаңа ереже саяси партиялардың құқықтық ре-
гламент көлемін шектеу мен олардың мемлекетпен іс-әрекеттерін,
қатынастарын басымырақ бақылауды белгілеу жағына өзгертті.
Мұндай механизмдер келешекте партиялардың табиғи дамуына
кедергі болады және жаңа ұйымдардың пайда болуына қиындық
туғызады, орыннан қоғалмаушылық қалыптастырады [8, 10-11].
Мұны билік те түсінеді: Қазақстанның Президенті Н. Ә. Назарба-
ев жақын арадағы өзінің сөз сөйлеуінде «саяси партияларды тіркеу
үшін ыңгайлы жағдай жасау қажеттігін» атап көрсетті [12].
Қарастырылып жатқан кезеңдегі мінездемелік жағы – элек-
торалды кеңістікте басқа партиялармен қарсы тұра алатын,
ғылыми әдебиетте партия формасындағы биліктің саяси бірігуі
деген ұғымдағы «билік партияларының» қалыптасуы [13, 24-25].
Ресейдегідей, Қазақстандағы саяси аренадағы мұндай құрылымның
пайда болуы екі республикадағы авторитарлық демократия
жағдайындағы ең мықты президенттік басқару формасының толық
дұрыс деп есептейді.
Әртүрлі жылдары Ресей Федерациясында «билік партияларының
қалыптасуы орындары болды. : «Демократиялық Ресей қозғалысы»
(1990), Ресейдің бірлік және келісім париясы (1993), «Ресейдің
демократиялық сайлау» партиясы (РДС, 1994), ХДР (1995) [13,
26]. Әрбір жаңа құрылым алдындағылармен генетикалық байланы-
ста болды, солай немесе олардың базасында құрылды. Бірақ, сая-
си тәжірибе көрсеткендей, 2001 жылғы желтоқсандағы «Біртұтас
Ресей» (БР) Бүкілресейлік саяси партия құрылуы сәт тәуекел бол-
33
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
ды. 1999 жылғы Мемлекетік Думадағы сайлауда құрылған «Бірлік»
және Отан – бүкіл Ресей» сайлау блоктарындағы Партия тамыры –
Президент В.В.Путин бағытын қолдаушылар болып табылады.
Атап айтқанда, өз кезегінде 2005 және 2007 жж. жаңа парти-
яны сайлауда қолдау көрсеткен Путиннің көп жердегі даңқының
арқасында, сондай-ақ, өз билігін нығайту арқылы (президенттің
айналасына бетке ұстар қаймақтардың бірігіп, билік вертикалі
құрылды) [14] ЕР көрсетілген сайлау нәтижесі бойынша Мемлекеттік
думада конституциялық көпшілікті және Ресейдің Федералдық
Жиналысының «өміршеңдерінен» РФКП және РЛДП –ден әлде
қайда озып, Ресейдің қазіргі кезеңдегі тарихында ең күшті саяси
партия ретінде «билік партиясы» болды.
Қазақсан Республикасында құрылған 1993 жылғыы «жоғарыдан»
және Президент Н.Н. Назарбаевтың қолдауымен «Қазақстанның
Халықтық бірлігі одағы» қоғамдық-саяси қозғалысы 1995 жылы
Қазақстан халқының бірлігі болып қайта құрылған, 1999 жылы
«Отан» партиясының құрамына еніп, биліктік парияның қоңырауы
болған [15, 79]
Бірақ, алғыпрезиденттік күшінің қайта құрылғандығы және
Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақсанның Либерал-
ды қозғалысы және «Қазақстан – 2030 үшін» қозғалыстарының
бірігіп, ҚХБП (ПНЕК) болып, онан кейін «Отан» партиясы-
нан ҚР Президентіне кандидаттыққа Н.Н.Назарбаевты қолдауға
Республикалық қоғамдық штаб базасын құру Қазақстан үшін даңқты
да, келешектегі жүйе болды. Ұйымдастырушылық, материалдық,
кадрлық, интеллектуалдық, ақпараттық және басқа да ресурсты
әуелбастағы артықшылықтарымен, сондай-ақ, «Отанның» мүшесі
және төрағасы болған Н.Н. Назарбаевтың қолдауымен келешегі мен
болашағы айқын «билік партиясы» болып тазарды.
1999 жылғы сайлауда басқа партиялардан Парламент Мәжілісіне
мандатта саны жағынан алға шықты, ал, 2004 жылғы сайлауда:
мемлекеттің тұрақты дамуы, елдің Президентті қолдауы және сай-
лау алдындағы штабтың сапалы іс-әрекеттерінің жеткіліктілігі бо-
лып табылатын үш фактордағы негізде политологтардың бағасы
бойынша өзінің бірінші жетістігін атақты жеңіспен шегеледі [16].
«Отан» партиясының (2003) Азаматтық және Аграрлық
партияларының Республикалық «Асар» партиясымен бірігуі; Н.Ә. На-
зарбаев шілде-желтоқсандағы президентті жақтаушы блок күштерін
біріктіруге басшылық жасауы, 2006 жылы «Отан» партиясының
перманенттік қолдауы билікті оңаша қолдаумен ауысып отырды.
34
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
Жаңартылған партия «Нұр Отан» Халықтық демократиялық пар-
тия болды, (санақ кезінде елдің саны 15 миллионды құрады),мұнда
1 миллион адамы бар нағыз «гиганттық» партия болды. Партияға
біріккен депутаттардың парламенттік фракцияларымен «Нұр Отан»,
Единая Россия сияқты, Парламенте конституциялық көпшілікке ие
болды. 2007 жылы Мәжілісте кезектен тыс сайлау қорытындылары
бойынша Парламенттен өткен жалғыз партия болды және төменгі
палатаның барлық 98 орнын алды.
Қазақстанда және Ресейде биліктің күшеюі жалпыхалықтық
қолдау мен партияның барлық қажетті ресурстарын меңгерумен,
жалпы бірізді құрылуы бойынша 2003–2004 жылдардан бастап екі
республикада да көппартиялы жүйе қалыптасты, ол саяси жүйеге
сәйкес, (жартылайпартиялы) партияларымен көппартиялы жүйенің
құрылуымен көзделеді.
Қазақстан мен Ресейде көппартиялы жүйенің дамуы Парламенттің
төменгі Палатасына депутаттарды тек қана барабар өкілдік
жүйесі бойынша сайлауға көшуден басталды. Бұл жаңа бастама
Қазақстанда 2007 жылғы Конституциялық реформаға байланысты
жүзеге асты. Ал Ресейде барабар өкілдік жүйесі бойынша сайлауға
көшу сәл ертерек, 2005 жылы «Ресей Федерациясы Федеральдық
Жиналысы Мемлекеттік Думасына депутаттарды сайлау туралы»
заңға түзетулер енгізген кезден басталды. Алайда, сайлаудың осы
жүйесін қолдану 2007 жылы жүзеге асты. Қазақстан мен Ресейде
Сайлау туралы заңдарға түзету енгізілгенде бір ерекшелігі сайлау-
да партиялардың дауыс алуы үшін 7 пайыз көлемінде дауыс жина-
уы қажеттігі бірдей белгіленді. Сонымен қатар екі елдің заңында да
сайлау блоктарында жиналған дауыстары бойынша партиялардың
бірігіп кетуіне тыйым салынған [17].
Бірақ 2007 жылғы Қазақстан мен Ресейдегі Парламент сайлауы
тек заңдық негізде ғана ұқсас емес, сонымен қатар сайлау өткізудің
ережесі және қорытынды нәтижесі бойынша да сәйкес болып шықты.
Барабар өкілдік жүйесі билік партиясы – «Нұр Отан» мен «Единая
Россия» (ЕР) партияларына осы елдердің ұлттық заң шығарушы ор-
гандарында өте көп орынды иеленуіне мүмкіндік туғызды. Тағы да
конституциялық көпшілікке ие болып, партиялық жүйеде екі елде де
бірдей уақытта қалыптасқан жетекші партияның айқын басымдығын
көрсетті.
Осы кезде саяси партияларға қатысты Қазақстан заңы тағы да алға
қадам жасағанын атап өтуіміз керек. 2007 жылғы Конституциялық
реформа Қазақстанда Президент елдің Премьер-Министрін саяси
35
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
партиялардың фракцияларымен кеңескеннен кейін және Мәжіліс
депутаттарының басым бөлігі келіскен соң, тағайындайтыны тура-
лы жаңа норма енгізді. Саяси партияларға Үкіметті қалыптастыру
құқығы берілді. Енді қазақстандық партия жүйесінде «билік пар-
тиясы» деген ұғым қолданылатын болды, ал саяси партиялар осы
институттың классикалық рөлі ретінде демократиясы дамыған ел-
дерге жауап береді. Премьер-Министр Парламенттегі көпшілік
дауысқа ие болған партияның «сөзін» сөйлейді. Үкімет сайлауда
жеңіске жеткен партияның бағдарламасын жүзеге асыруға тиіс.
Осындай заңнамалық норма Ресейде жоқ. 2008 жылы сәуір ай-
ында өткен «Единая Россияның» съезінде партияның жарғысына
партияның жоғарғы лауазымды қызметі партия төрағасына түзетулер
енгізілді. Осы түзетулерге сәйкес сол кезге дейін Борис Грызлов
бірге атқарып келген екі лауазым – партия төрағасы мен партияның
жоғарғы кеңесінің төрағасы қызметтері бөлінді. Соған байланысты
партия төрағасы қызметіне партияда жоқ адам тағайындалуы мүмкін
деген шешім шығарылды, бұл лауазымға кейін елдің Премьер-
Министрі болған В.В. Путин сайланды(18). Бұл өзгерістер ЕР-ның
тек қана «билік партиясы» емес, билік жүргізетін партия екендігін
көрсетті.
Сондықтан Қазақстан Республикасында да, Ресей Федерациясын-
да да сайлау заңнамасын реформалаудың қорытындысы бойынша
Парламенттің төменгі Палатасына барабар өкілдік жүйесі бойынша
өткен сайлауда бірінші рет жетекші саяси партиялар үлкен нәтижемен
жеңіске жетті. Беделді партиялар Ресейде өз қарсыластарын көш
соңында қалдырса, Қазақстанда оппозициялық партияларды билік
басына жіберген жоқ.
2007 жылғы қараша айындағы Мәжілістің шешімімен мемлекеттік
органдардың жүйесінде «Нұр Отан» партиясының басымдығы
жөнінде түзету енгізу үшін үнқатысу алаңы ретінде, мемлекеттің
экономикалық және саяси дамуына және оларды шешуге қатысты
мәселелер жөнінде барлық ынталы тараптардың өз көзқарастарын
білдіруіне мүмкіндік жасайтын Қоғамдық Палата құрылды. Пре-
зидент Н. Назарбаев Парламенттің төртінші шақырылымының
екінші сессиясын ашқанда тіпті екінші партия сайлауда 7 пайыздық
деңгейден аса алмаса да, алдағы уақытта кем дегенде екі партияның
қатысуымен Парламентті жасақтау үшін құқықтық негіз жасау
жөнінде ұсыныс жасады [12].
Жоғарыда келтірілген мысалдарды ескере келіп, Қазақстан Респу-
бликасы мен Ресей Федерациясындағы көппартиялық жүйенің дамуы
36
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
бір-бірімен ұқсастығын айта кеткен жөн. Бұл осы елдердің ХVІІ–
ХХ ғасырлар аралығында бір мемлекеттік жүйеде болғандығымен
және ХХ–ХХІ ғасырда жаңа құрылымға бір кезде ауысуымен де
ерекшеленеді. Сонымен қатар ұлттық-мемлекеттік құрылымның
айырмашылықтары да бар екенін ескергеніміз дұрыс. Айталық,
саяси-экономикалық дамуда, ұлттық мәдени және менталитеттік,
елдердің геосаяси орналасуында өзіндік басымдықтар мен
ерекшеліктер сақталып отыр.
Қазір ресми түрде Ресейде 15, Қазақстанда 10 саяси партия бар, олар
қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылатын мемлекеттің
біртұтас саяси институтын құрайды. Бұл елді саяси жетілдірудің
маңызды бағыты екені анық.Сондықтан да ол әлеуметтік-саяси
тұрғыда ресейліктер мен қазақстандықтардың сана-сезіміне әсер
ете білді. Сондай-ақ бүгінгі таңда саяси партиялардың дамуы әлі
де бастапқы кезеңде деуге болады. Оның негізгі себептері ретінде
қоғамның қалыптасуының аяқталмауын, саяси мақсаттардың әлі де
анықтала түсуін, мемлекет бір жүйеден екінші кезеңге өтуі қарама-
қайшылықтарға ұшырағанын айтар едік.
Қазақстан мен Ресейдегі саяси реформасының қарқыны
Қазақстанның бірінші кезеңдегі партия алаңының дамуы артта
екендігін көрсетті. Ресейдің алға шығып кетуіне себеп, 1993 жылғы
төменгі палата сайлауында электоралды формуланың тепе-теңдігі
болды, ал Қазақстан бұған тек 1998 жылы ғана жетті. Бірақ Қазақстан
көппартиялықтың құқықтық базасын қалыптастыруда алда келеді.
Ол, партиялар туралы заңын Ресейден ертерек қабылдады, ал 2007
жылғы конституциялық реформа саяси партиялардың деңгейін
классикалық деңгейге дейін көтерді, ал мұндай Ресейде жоқ.
2002 жылдан бастап, тәуелсіз алғаннан кейінгі кезге қарағанда екі
елдің партия жүйелерінің ұқсастығы анық байқала бастады. Респу-
бликаларда басқарушы партия жүйесінің моделі қолданылып, азия
және латынамерикасы елдері сияқты жерледе қолданысқа алынды.
Басқарушы «биліктік партия» болып «Единая Россия» мен «Нұр
Отан» шықты, оларға бәсекеге шақ келетін серік жоқ, қазіргі уақытта
екі елде де заңдастырылып нағыз билікке ие болуда.
Болашақта айқын болатыны, аталған партиялар бастамашы пар-
тия ретінде, зерттеуші елдердің партия жүйесіне еніп, президенттік
басқарушылықты сақтап қалу, қажеттілікке қарай қоғамда өз билігін
жүргізеді.
37
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
Достарыңызбен бөлісу: |