Қр президенті н назаРбаевтың Жолдауы ЖолдаРынан алмас арзықұлов



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата21.01.2017
өлшемі0,93 Mb.
#2402
1   2   3   4   5   6   7   8   9

әдебиеттеР:
1.   ҚР Парламентінің жаршысы. № 7-8, Астана 2003 ж.
2.   Каштанов С. М. Русская дипломатика. М.: Высшая школа, 1988, 
-  229 с.
3.  Илюшенко М. П. К понятию “документ” (Эвалюция термина) // 
Советские архивы. 1986, -№ 1. сс. -38-45.
4.   Источниковедение: Теория. История. Метод. Источники росси-
ской истории: Учеб. Пособие. М.: РГГУ, 1998. -702 с.
5.   Вернадскй  Г.  В.    Обзор  истории  права  Русского  государство 
ХҮІІІ-ХІХ вв. –Прага: , 1924. -250 с.
6.   Владимрский-Буданов М. Ф. Обзор истории русского права. – 
Ростов на Дону: Феникс, 1995. -640 с.
7.   Кочаков Б. М. Русский законодателбный документ ХІХ-ХХ веков. 
В  кн.:  Вспомогательные  исторические  дисциплины.  Сборник 
статей. М.-Л.: Изд-во АН СССР, 1939, -435 с.
8.   Табанов  С.  А.  Заңдарды  жүйелеудің  теориясы,  тарихы  және 
тәірибесі. – Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 176 б.

84
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
Оңтүстік Қазақстан 
жеріне көшірілген 
халықтар
(1926-1959 жж.)
Мырзабай  МеЙіРбеков,
«Сырдария» университетінің 
«Отан тарихы және шетел тарихы»
кафедрасының аға оқытушысы 
К
еңес Одағы тұсында Қазақстанға түрлі ұлт өкілдерінің 
көшірілуі нәтижесінде халық құрамында айтарлықтай 
өзгерістер  байқалды.  Мәселен,  өзге  ұлт  өкілдері  ре-
прессия, депортация, Ұлы Отан соғысы және кеңестік 
биліктің  жүргізген  әлеуметтік-саяси  науқандарының 
салдарынан  шымкент,  Жамбыл,  Қызылорда  өңірлеріне  де  көптеп 
қоныстанды.  Олардың  өзі  бір  күнде  немесе  бір  жылда  көшіріліп 
келген  жоқ.  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарына  көшірілгендер  басқа 
облыстарға қоныстандырылғандар сияқты кеңестік үкіметтің қаулы-
қарарлары, ұлт саясатын жүргізудегі өктем әрекеттер негізінде жүзеге 
асырылды. 
1926–1939 жылдарда Оңтүстік Қазақстан халқының құрамы мы-
нандай көрсеткіште болды: 1926 жылы қазақтар – 69,6 %, орыстар 
– 11,1 %,  украиндар – 5,9 %,  немістер – 0,2 %,  өзбектер – 6,4 %,  
басқалары – 6,8 %, болса, 1939 жылы қазақтар – 38,6 %, орыстар – 37,3 
%  украиндар – 7,1 %, немістер – 0,7 %  өзбектер – 4,8 %  басқалары 
– 11,5 %  болған. Демек, жыл сайын халық құрамы өзгеіп, өзге ұлт 
өкілдерінің үлес салмағы артып отырған.
1934  жылы  Оңтүстік  Қазақстанға  кулактық  жер  аударуда  74  %, 
болса,  1935  жылы  1004  адам,  1936  жылы  780  адам,  21  %    құрады 
[1]. Бұл сандық көрсеткіштер ресей ғалымының зерттеуде кездескен 
Қазақстанға қатысты мұрағаттан кездестірген мәліметі.
1938 жылы 19 қаңтарда Саяси бюро шешімі бойынша (№ 56/308) 
Халық шекаралық 1938 жылы Кеңес Одағының Халком Кеңесі мен 

85
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
ХКІІ  басшылары  Әзірбайжан  мемлекетіне  құпия  құжат  жолдаған. 
Ондағы  бұйрық  бойынша  Әзірбайжан  территориясының  шекаралы 
аймағында  тұратын  иран  ұлтының  өкілдері  Қазақстанға  көшірілуі 
тиіс  болды.  Мәселен,  оған  мынандай  аса  құпия  құжаттағы  бұйрық 
дәлел бола алады. «Аймақтарында тұратын 2000 отбасын, яғни 600 
мың  адамды    (Комиссарлар  Кеңесінің  төрағасы  В.  Молотов  жолда-
стан) Әзірбайжан территориясынан Қазақстанға көшіруді 1938 жылы 
қазанның 15-нен бастау туралы жобаны бекітуіңізді сұраймыз» – деп, 
ұсынысты сол кездегі Одақтың Ішкі Істер жөніндегі Халық Комис-
сары Н. Ежов пен Мемлекеттік қауіпсіздік басқармасының басшысы 
Л. Берия жолдаған [2]. Одан кейін, 1938 жылы қазан айының 8-інде 
Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  арнайы  №  1084-269  бұйрығымен: 
«Әзірбайжан шекаралық аймағында тұратын ирандықтар Қазақстанға 
көшірілсін»  деген  арнайы  құпия  құжат  дайындалған.  Ол  құжатты 
бекіткен сол кездегі Одақтың Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы 
В. Молотов болды. Бұл нұсқау құпия құжат Әзірбайжанның Халық 
Комиссарлар Кеңесіне жолданған. Соған сәйкес Әзірбайжан жеріндегі 
ирандықтарды Қазақстанға көшіру басталған.
1938 жылдың қараша-желтоқсан айларында Әзірбайжаннан – 1621 
ирандық отбасы Қазақстанға қоныс аударылған. Олар Қазақстанның 
Оңтүстік  облыстары  мен  Алматы  облысы  аудандарына  орналасты-
рылуы керек болды. Сол тұста қазақ жеріне қоныс аударылып келген 
иран ұлты өкілдерінің Кеңес өкіметі басшыларына деген наразылығы 
өрши түскен. Мәселен, күштеп көшіріліп келген ирандық жекелеген 
азаматтар  мен  әртүрлі  топтар  үкімет  басшыларына  түрлі  мазмұнда 
арыздар  жазған.  Ондағы  арыздардан  Кеңестік  басшыларға  деген 
наразылықтары  байқалды  [3].  Демек,  1938  жылы  ирандықтарды 
Әзірбайжан жерінен күшпен қоныс аудартқан ХКІІ-нің адамдары мен 
ХКК-ның басшылары, олардың бұрынғы тұрған жерлеріндегі дүние-
мүліктерін  сатуға  немесе  бірге  ала  кетуге  мүмкіндік  бермей,  тіпті 
өздерінің  меншікті  үй-жайларын,  мал-мүліктерін  сатып,  ақшасын 
алуға да үлгертпей қуғындаған. Міне, осындай Кеңес өкіметінің оз-
быр саясатының нәтижесінде иран ұлтының өкілдері Қазақстанға жер 
аударылған. 
1937  жылы  Армения  мен  Әзірбайжан  территориясында  тұратын 
тұрғылықты  халықпен  қоса  күрдтерді  де  депортациялау  жоспар-
ланып,  оларды  1938–1939  жылдары  Қазақстан  мен  Орта  Азия 
мемлекеттеріне  жер  аударған.  Олардың  көпшілігі  Қазақстан  жеріне 
жеткенше қолайсыз жағдайларда қырылған. Қоныс аударушыларды 
Орта Азия мен Қазақстанның 14 облысы мен 110 ауданына орнала-

86
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
стыру жоспарланып, олардан 20-25 отбасы әр ауылға шашыратылып, 
қоныстандырылуы тиіс болды. Соның ішінде, 1937 жылдың соңында 
Қазақстанға бөлінген шаруашылықтың 1121-і Оңтүстік Қазақстан мен 
Алматы облысының аудандарына орналастырылды [4]. Демек, күрд 
және армян ұлты өкілдеріне де кеңестік жүйе басшылары «сенімсіз 
ұлттар» ретінде қараған және оларды ешбір негізсіз қуғын-сүргінге 
ұшыратқан. 
1938–1939 жылдары қоныс аударылып келген ирандықтар негізінен 
Әзірбайжан КСР-ның Алибайрам, Астрахан – Базар, Ярдумлин, Ак-
жебедин,  Массалы,  Кориягин,  зайгилан,  Ленкоран  аудандарынан 
келгендігіне мұрағат деректері дәлел [5].  
1938  жылы  11  қазанда  ХКК  мен  БК(б)П-ның  №  33  қаулысында 
ирандық  2000  отбасы  Қазақстан  жеріне  қоныстандырылсын  де-
ген шешім шығарылып, ол нұсқау жарлық 1938 жылы 6  қарашада 
Алматыға жолданған. Соған сәйкес Қазақстанның ХКК–нің басшы-
лары  Алматы  обылысы  мен  Оңтүстік  Қазақстан  обылысының  ау-
дандарына  орналастырған.  Ол  кезде  Алматы  обылысының  Қордай 
ауданы, Қарақұндыз совхозына – 80, Қаракемерге – 25, Успеновкаға 
–  30,  Белоговощенкаға  –  40,  Георгивский  совхозына  –  60,  Чустрой 
совхозына  –  50  отбасы  орналастырылды.  Ал,  Оңтүстік  Қазақстан 
обылысының Мерке ауданына және колхоздарына – 70, Жамбыл ау-
даны мен колхоздарына – 90, Түлкібас ауданы мен оның колхоздары-
на – 100, Сайрам ауданы мен колхоздарына – 120, Ленгір ауданы мен 
колхоздарына – 72, Арыс ауданы мен колхоздарына – 40, шәуілдір 
ауданы мен колхоздарына – 50, Түркістан және оның колхоздарына 
– 200, Қаратас ауданына – 33, Келес ауданына – 100, Дарбаза совхо-
зына – 30, Бостандық ауданына – 90, Мақта – Арал совхозына – 300, 
Каучукпромхозға – 100 отбасы бөлінген [3, 285].     
Ұлы Отан соғысы кезінде Қызылорда облысының өзіне немістер 
басып  алған  алты  аймақтан  адамдар  көшіріле  бастады.  Олардың 
ішінде Солтүстік Кавказдан – шешендер мен ингуштар, Грузиядан – 
түріктер, қалмақтар және немістер бар. Ал Молдавиядан бұрынғы ку-
лактар және басқа да 22338 адам, яғни 6665 отбасы келіп қоныстанды. 
Сондай-ақ Солтүстік Кавказдан келген 4416 отбасы барлық аудандарға 
таратылып орналастырылды. Егер 1941 жылғы мәлімет осылай бол-
са,  НКВД-ның  1945  жылғы  материалдарындағы  көрсеткіш  бұдан 
біршама жоғары. 1945 жылғы есеп бойынша арнайы қоныстанушы 
83348 отбасы, 30266 адам, оның ішінде 16 жастан жоғарысы 14158 
адамға жетті. Осылардың ішінде шешендер мен ингуштар – 5528 от-
басы, 2207 адам, қалмақтар – 737 отбасы, 2115 адам, месхет түріктері 

87
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
–  370,  1798  адам.  Молдавиядан  келген  бай-кулактар  –  461  отбасы, 
1286  адам.  Мұндай  көші-қон  жергілікті  халыққа  да  оңай  болма-
ды.  Тұрғындардың  тұрмысы  күйзелісте  отырған  жұртқа  олардың 
көшіріліп  келуі  жағдайды  одан  әрі  күрделендірді.  1941  жылдың  29 
шілдесінде облыстық партия комитеті мен атқару комитеті қоныс ау-
дарушыларды  қабылдау,  орналастыру  жөнінде  қаулы  шығарып,  ол 
жұмыспен айналысатын арнайы бөлім құрылды. Оларды баспанамен, 
тамақпен қамтамасыз ету тұрақты бақылауға алынды. Сондай-ақ 1942 
жылы 20 қаңтардағы облыстық атқару комитетінің шешімімен қоныс 
аударушыларға арнап тұрғын үй және тұрмыстық орындар салу үшін 
1465500 сом қаржы бөлінді [6]. 
1943–1944  жылдары  кеңестік  биліктің  депортациялық  саясатына  
Солтүстік Кавказ халықтары ұшырады. Оларды күштеп көшіруге негіз 
болған Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943 жылдың 14 қазанындағы 
№ 342-і аса құпия қаулысы еді. Ондағы нұсқау бойынша Жамбыл және 
Оңтүстік Қазақстан облыстарына 11 мың қарашай және балқар отба-
сы қоныстандырылды. Ал, 1944 жылы 31 шілде күні үкіметтің № 6279 
шешімімен  Талдықорған,  Алматы,  Жамбыл,  Қызылорда,  Оңтүстік 
Қазақстан облыстарына 40 мың арнайы қоныс аударылғандар Грузия 
жерінен қуғындалып келді [7].
1943  жылы  12  қазанда  Кеңес  Одағының  Жоғары  Төралқасы 
шешімімен Қарашай Автономиялық облысы таратылып, 14 қазанда 
Саяси бюроның жасырын шешімімен қарашайларды көшіру керектігі 
атап  өтілді.  Автономиялы  облыстан  14774  отбасы  (69267  адам) 
қуғындалып, олардан Жамбыл жєне Оңтүстік Қазақстан облыстары-
на 11711 отбасы (45529 адам) қоныстанса, Қырғызстан – 5790 отбасы 
(23300 адам), Өзбекстан – 95 отбасы (353 адам) қоныс тепті [8]. 
1944  жылы  наурыздың  ортасына  қарай  Кеңес  Одағы  бойынша 
НКВД 3-і бөлімінің орынбасары Д.А. Аркадьев үкімет басшылары-
на  берген  мәліметіне  қарағанда  Жамбыл  облысына  –  16565  адам, 
Оңтүстік  Қазақстан  облысына  –  20808  адам  қоныстандырылды. 
Негізінде Қазақстан мен Қырғызстан жеріне 180 эшелон жіберілсе, 
соның 152 эшелоны жеткен. Олардың 147 эшелоны Қазақстанға кел-
се, онда 124 (344 589 адам), Қырғызстанға 33 эшелонда 28 (75 342 
адам) болды [9]. Бұлар шешен-ингуш ұлтының өкілдері болатын. 
Соғыс жылдарындағы көші-қон жайында А. Есимованың «Влия-
ние миграционных процессов на этнографическую структуру населе-
ния Казахстана (1941–1945 гг.)» деп аталатын мақаласында Қазақстан 
демографиялық  жағдайы  баяндалады.  Автор  соғыс  жағдайында 
эвакуацияланғандардың  40%  4  облысқа  бөлінді  дейді.  Олар:  «Ал-

88
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
маты,  Қызылорда,  Жамбыл,  Оңтүстік  Қазақстан  облыстары  еді. 
Ғалымның  зерттеуі  бойынша  республикаға  келген  шешен,  ингуш, 
татар, қарашай, балқар, еврей, әзірбайжан, түрік тағы басқаларының 
үлес  салмағының  көбеюіне  байланысты  жергілікті  жерлерде  қазақ 
халқының үлес салмағы азая түскендігін атаған. зерттеушінің мұрағат 
қорларынан келтірген деректеріне қарағанда бұрын Кеңес Одағының 
ХКІІ начальнигі М.В. Кузнецов 1944 жылы 5 қыркүйекте арнайы қоныс 
аударылғандар саны Қазақстанда – 930000 адам, – деген мәліметтерін 
кездестірген. Ал, 1945 жылы 1 қаңтарда республикада 224226 неміс, 
380397 шешен және ингуш, 41125 қарашай, 2320 қалмақ, 19790 балқар, 
4259 адам Қырымнан, 9642 адам Балтық жағалауы мен Молдавиядан 
болды.  Сондай-ақ,  депортацияланған  халықтар  облыстар  бойынша 
шашыратылып былай орналасты деген мәлімет келтірді: қарашайлар 
Жамбыл  және  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарына  қоныстандырылса, 
Қырымнан қоныс аударылғандар – Атырауда, Грузиядан келгендер – 
Жамбыл, Қызылорда, Талдықорған және Оңтүстік Қазақстан облы-
старына орналасты, қалмақтар – Қызылордаға, ал, шешен-ингуштар 
және балқарлар барлық 15 облысқа шашыратылып орналастырылған. 
Мұрағат қорларымен жұмыс істеген зерттеуші Кеңес Одағының ІІМ          
Н.Г. Дудоровтың өкімет тарапына Қазақстан жерінде шешен-Ингуш 
автономиясын құру керек деген бір кездегі мәліметтері болғандығын 
да  жазып  келтірген»  [10].  Бұл  сол  уақыттағы  неміс  автономиясын 
құру керек деп, оның жүзеге аспай қалғандығын байқатады. Демек, 
автор бірқатар мәселелерді көтерген. Сонымен, ізденушінің өзі бұл 
еңбекте  көші-қон  толқыны  жүрген  уақыттарда  кейбір  мәліметтер 
толық еместігін айтады. Бірақ, мұрағат деректері мен санақтарда өзге 
ұлт  өкілдері  Қазақстанға  көптеп  көшіріліп,  ұлттыќ  құрамға  әсерін 
тигізгендігі сөзсіз.
1944 жылы Қазақстан территориясында арнайы қоныс аударушы 
12342 отбасы (45500 адам) қарашайлар орналасты. Олардан Оңтүстік 
Қазақстан облысында 6643 отбасы (25216 адам), Жамбыл облысында 
5699 отбасы (20285 адам) тұрақтады. Арнайы қоныс аударушыларды 
қамтамасыз ету үшін 24 комендатура тағайындалып, оның 13 комен-
датурасы Оңтүстік Қазақстанда және 11 Жамбыл облысында болды. 
Қоныс аударылып келген қарашайлар колхоздардан жұмыстарға ор-
наластырылып, олар негізінен ауыл шаруашылығын дамытуда жұмыс 
істеді [11].
1949  жылы  Қазақ  КСР  Министрлер  Кеңесінің  Төралқасының 
орынбасары А.П. заголовельев атына жолдаған өкімет адамдарының 
мәліметінде 1949 жылдың 20 маусымында № 490 бұйрықпен Оңтүстік 

89
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
әдебиеттеР:
1.   Земсков В.Н. Спецпоселенцы (по документации НКВД – МВД 
СССР // Социалагическое исследование. 1990. № 11. 4 б.
2.   Валиханов  Э.Ж.  Переселение  иранцев  в  Казахстан  /  Депор-
тированные в Казахстан народы: время и судьбы. – Алматы: 
Арыс-Қазақстан, 1998. 153 б.
3.   ҚРОММ. 1208-қ., 1-т., 3-іс, 284 п.
4.   Садыков У. Курды: депортация в Казахстане / Депортированные 
в Казахстан нороды: время и судьбы. – Алматы: Арыс-Қазақстан, 
1998. 159 б.
5.   Енсенов Қ.А. Депортация: Қазақстанға қоныс аударылған иран 
ұлтының өкілдері // Қаз ҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы. А., 2003. 
№ 3. 89 б.
6.   Қожақов Ө. Қызылордаға қоныс аударылған халықтар // Ақиқат, 
1999, №2. 73 б.
7.   Хасанаев  М.  Для  расселения  выделить  районы  Казахстана... 
(Архивные  документы  о  депортации  народов  в  Казахстан)  / 
Депортация народов проблема прав человека. Материалы се-
минара. – Алматы, 12 июля 1997. Алматы: Фонд «ХХІ ВЕК»
8.   ҚРОММ. 1987-қ., 1-т., 16-іс, 6 п.
Қазақстан  обылысының  Киров  және  Қызылқұм  аудандарына  2500 
грек  отбасы  қабылданған.  Олар  негізінен  сол  жерлердегі  мақта 
шаруашылығымен айналысуға тартылды [12].
Оңтүстік Қазақстанға 2764 отбасы келсе, Көкшетауда 1953 жылы 
663 отбасы, Көші-қон қозғалыс кезінде 1958 жылы Украинадан 1957 
жылы 2703 отбасы көшіп келіп, 671 отбасы кері қайтқан. Ал, 1958 
жылы  2780  отбасы  тұрды  [13].  Қазақстан  Министрлер  Кеңесіне 
жіберілген тағы бір мәліметте 1959 жылы Украина мен Беларуссия-
дан келетін 70 мың отбасын шаруашылықтарға орналастыру жөнінде 
дерек бар.
Міне,  осы  аталған  кезең  аралығында  кеңестік  билік  Қазақстан 
жеріне қаншама өзге ұлт өкілдерін қуғындау, депортациялау, эвокуаци-
ялау, сағыс кезінде күштеп көшіру, тың игеру сияқты науқаншылдықты 
желеу етіп, қоныс аудартты. Бұлардың бірқатары 1950 жылдардың ор-
тасында өз еліне қайтуға рұқсат алса, кейбіреуінен шектеулер алын-
бады. Сондай қиын-қыстау заманда келгендердің қайтадан қайтуы да  
қиындықтарға толы болды. Ал,  қазіргі күнде республикамызда тұрып 
жатқан өзге ұлт өкілдерінің көпшілігі біркездері тағдырдың айдауы-
мен  келген  жұрттың  ұрпақтары.  Олар  бүгінгі  таңда  Қазақстанның 
тең  құқылы  азаматтары  ретінде  өсіп-өніп,  қазақ  жерінде  мәдениет, 
білім, ғылым,  экономиканың дамуына үлес қосып еңбекке араласып, 
еліміздің дамуына атсалысуда.  

90
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
Ортағасырлық 
түркілік қоғамның 
әлеуметтік санасының 
ерекшеліктері
карлығаш нҰРМҰхаМет, 
әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-дың
философия  кафедрасының оқытушысы
з
ахир ад-дин Бабырдың «Бабырнамасынан» қауымдық 
және жеке даралық сана туралы терең деректер алуға 
болады.  Ол  қоршаған  ортаның  ерекшеліктеріне, 
қауымдық болмыстық тіршілік тынысына байланысты 
дамып отырады. Тікелей мәтінге көшуден бұрын осы 
мәселе төңірегіндегі зерттеу тұғырнамаламарына на-
зар аударайық.
Табиғатты  игеру  барысында  адамдардың  практикалық  іс-
әрекеттерін  бейнелейтін  алуан  түрлі  әдет-ғұрыптар,  әпсаналар, 
қарапайым түсініктер пайда бола бастады. Олардың бәрі қауымдық 
өмірдің күнделікті  тәжірибесін жинақтаудың, танымның, көбінесе, 
сезімдік  сатысына  тән  нәтижелерін  қорытудың  негізінде  дүниеге 
келді.  Қауымдық  болмыстың  бейнесі  –  қауымдық  сананың 
негізгі  өзекті  мазмұнын  құрайтын,  жеке  адамдардың,  яғни  қауым 
мүшелерінің  мінез-құлқын  қалыптастыруға  ықпал  жасайтын, 
олардың  нақтылы  іс-әрекеті  үшін  жетекшілік,  жолбасшылық, 
реттеушілік  рөл  атқаратын  әпсаналық  ой  кешу  үрдістерінің 
жиынтығы танымдық тәжірибесі мол, көргені мен көңіліне түйгені 
көп  ру  ақсақаларының  құзырында  болды.  Оларды  халықта  «жа-
зып  қойған  хатпен  тең»  деп  бекер  айтпаған.  Жазу-сызудың  жоқ 
кезінде  ру  көсемдерінің  ұрпақтан-ұрпаққа  ұласқан  тәжірибені 
зердесіне сақтаған әрі күнделікті өмір сүру процесінің қарапайым 
қағидаларын  тұжырымдап  отыру  сол  заманға  тән  заңдылық  бо-
латын.  Ол  қағидалар  қауымның,  рудың  мүддесін  жоғары  қоятын. 
Қазақтың «у ішсең – руыңмен» деген мәтелі осының айғағы болса 
керек. Жеке адамдардың санасында ру ақсақалы мен рудың өзі тұтас 

91
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
күйінде қабылданатын. Өмірдің сан алуан салаларындағы соғысқа, 
шаруашылыққа,  тұрмысқа  қатысты  мәселелерді  шешу  ақсақалдар 
кеңесінің  үлесінде  еді.  Олардың  шешімдері  барлық  қауымдастар 
үшін жазылмаған заң, ал оларды орындамаған адамға қолданылатын 
ең ауыр жаза қауымнан аластау болатын. Қауымнан тыс қалу жеке 
адам үшін өлім жазасына кесумен бірдей еді. Себебі ол заманның 
жағдайында жалпы адам өз алдына дербес тіршілік ете алмайтын. 
Қауымдастықтың  өзі  саналылықтың  нәтижесінде  емес,  ғұмыр 
кешудің  жандалбаса  стихиялық  ұмтылысы,  жан  сақтаудың  табиғи 
түйсікке  егізделген  мүдделеріне  сәйкес  қалыптасқан.  Осы  рулық-
тайпалық  қауымдастыққа  тән  ұжымдық  сипаттағы  ой  кешудің 
әпсаналық үрдестері жеке адамдардың санасы мен мінез-құлқының, 
іс-әрекеттерінің құдыретіне табынытын қасиет сайын даланың төл 
перзенттері – көшпелілерге тән еді. 
Индивидуалдық  қалыптасуын  жеке-дара  адамдық  әрекеттің 
күрделенуімен  түсіндіру  осы  әрекетті  тұлғасыздандырылған 
субъектіге  айналдырып  жібереді.  Бұл  қисында  дәйекті  жүргізсек, 
онда әлеуметтіктің өзі де адамдық әрекеттің заттандырылған формасы 
болып кетеді. Алайда деперсонализацияға ұшыраған қоғам адамдық 
бірлестіктің  жаттанған  формасы  болып  табылады.  Марксистік 
әдістеме абстрактылы адамнан нақтылы индивидуалдыққа ауысуды 
басында мұрат ретінде қабылдағанымен, бұл ілімнің тоталитарлық 
тәжірибесінде  бәрі  керісінше  болып  шығады:  «Қоғамдық  мүдде 
жеке адам мүддесінен жоғары тұрады» деп жариялау осы жеке адам-
ды жоғалтып жібереді. Марксизмдегі жеке адам концепциясы «ро-
бинзонаданы» сынауға бағытталғанымен, сол Робинзон тәрізділері 
бұлжытпай  орындаушы тетіктерге айналдырып жібереді. Осы ту-
ралы  батыстық  ғалым  Г.  Лебон  мынандай  ойға  келеді:  «Саналы 
тұлға жоғалып кетеді, жеке адамдардың сезімдері, жігері, идеялары 
тұтасып, бір бағытты күшке айналады. Пайда болған коллективтік 
рух  деген  осы  тұтастықтың  әрбір  мүшесінде  толық  бақылау  ор-
натады»  [1,  150-157].  Ағылшын  жазушысы,  фантаст  Рей  Брэдбе-
ри  тұлғасыздандыру  үдерістері  тек  социализмде  емес,  сонымен 
бір  классикалық  капитализмде  де  жүріп  жатады  дейді.  Өйткені 
тұтынушы  қоғамда  индивид  символ-тетікке  айналып  кетеді. 
Адамның орнына функционер, қызметкер, бетперделі адам, субъекті 
т.т. келеді.
Келтірілген  пікірдің  бір  көрінісі  ретінде  «шығыста  тұлға  мен 
индивидуалдық    дамымады»  деген  көзқарасты  алайық.  Еуропо-
центризмен  сәл  жоғары  тұра  білсек,  онда  жоғарыдағы  қағиданы 

92
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
былай  тұжырымдауға  болады:  «шығыстағы  тұлға  мен  индивидум 
шығыстық өркениет аясында қалыптасқан». Конфуций, әл-Фараби, 
ибн-Сина, Бабыр сияқты адамдарда тұлғалық деңгей жоғары дереже-
де болғаны күмәнсіз. Жапония мен Қытайда, жалпы Оңтүстік Ази-
яда буддашылдықтың кең тарағаны мәлім. Бұл діни философиялық 
жүйеде,  кейбір  зерттеушілердің  пікірі  бойынша,  «Мен»  жоғалып 
кетеді  [2,  39].  Автор  «Кама-сутра»  мен  «Даодэцзэннен»  бірнеше 
үзінді келтіріп, шығыста тұлға жоқ  дегенді  дәлелдегендей болады: 
«Мен және менікі дейтіндей ештеңе жоқ», «Будданы білу – өзіңді 
жоғалту.  Өзіңді  жоғалту  –  басқа  заттармен  өзіңді  бірдей  сезіну», 
«Өзіңнен  арылып,  көппен  жүр»  [2,39].  Алайда  бұл  қағидалар 
шығыс  мәдениетіндегі  эгоистік  емес  ұстанымдарды  білдіреді. 
Неоплотониктердегі ажыратылмаған субстанцияға шығыс филосо-
фиясында басқа мағына беріледі. шығыстағы адам – «мінсіз жетілген 
тұлға». Исламдағы «әл-камили әл-инсаний-де» осыны білдіреді.
Үзіндіні әр түрлі мақсатта келтіруге болады. Мысалы, Э. Фромм 
өзінің  гуманистік  этикасының  девизі  ретінде  Будданың  «Өзіңе 
өзің тірек бол, өзіңе өзің шырақ бол, ақиқатты өзіңнен тап!» деген 
сөздерін алған [3].
Сонымен индивидуалдық және әлеуметтік мәдени құрылымдардың 
қалыптасуында тек биологиялық-популяциялық (отбасы, ру, тайпа, 
нәсіл т.т) тұтастықтарымен шектелмей, адамдық әрекет үдерісінде 
пайда  болатын  бірлестіктерді  де  ескерген  жөн.  Өйткені  адамдық 
бірлестіктердің  даму  тарихы  биологиялық  дифференциациямен 
шектелмейді.
шаруашылық-мәдени типтердің қалыптасуында әсіресе еңбектің 
қоғамдық  жолмен  бөлінуі  және  осының  негізінде  маманданудың 
барған  сайын  терендеуі  ерекше  рөл  атқарған.  Бұл  мамандану  тек 
жеке  тұлғалық  деңгейде  ғана  емес,  сонымен  бірге  субэтникалық 
дәрежеде  өрістеуі  мүмкін.  Мамандану  әлеуметтік  бірлестіктердің 
адаптациялық  (белгілі  бір  мағынада  мәдениеттің  өзі  икемделу  бо-
лып табылады) мүмкіндіктерін арттырады.
Мысалы,  көшпілелерді  алайық,  М.С.  Орынбеков  атап 
өткендей,  таза  көшпелі  дегеніміз  жасанды  ұғым  болып  табы-
лады  [4,  49-82].  Еуразиялық  дала  номадалары  өздеріне  жапсар-
лас  жатқан  диханшылдық  аймақтардан  тауар  алып  отырған  және 
отырықшылдардың мал өнімдеріне деген қажеттігін өтейтін болған. 
Бұл симбиоттық тұтастық  этномәдени диалогтың маңызды  бөлігін 
құрастырған. Жоғарыда аталған екі бірлестік те (популяция мен ан-
тропогеоценоз) бір-бірімен тығыз байланыста әрекет еткен. Тікелей 

93
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
өнімді әрекет етушілер мен қариялардың , жас балалардың, өнімді 
еңбекке  араласа  алмайтын  әйелдердің  ара  салмағы  қауымның  
тұрақтылығы мен гүлденуін айқындап отырған.
Адамның  табиғи-тарихы  қалыптасқан  бірлестіктері  өзгермелі 
болып келеді және жалпы мәдени-өркениеттік үдерістерге тәуелді 
әрекет  етеді.  Айталық,  өркениеттің    индустриалдық  толқыны  (О. 
Тоффлер) мындаған жылдар бойы сақталған көшпелілік қауымдарды 
шайқалтып жіберді. Бос жайылымдар мен малдың санына тәуелді 
экстенсивтік  көшпелі  қоғамдар  Батыс  экспансиясы  салдарынан 
күйзеліске ұшырады. 
Потестарлық  тайпа  қаншама  рөл  атқарғанымен,  көшпелілердің 
арғы  тектеріндегі  әлеуметтік  құрылымдардың  өзегін  рулық 
қатынастар  құрастырды  және  олар,  әдетте,  қырқыншы  буынға 
дейін туысқандық байланыстарын білдірді. Номадалық әлеуметтік 
мәдениет  туралы  бір  мифке  ондағы  жеке  адамның  енжарлығы, 
пассивтілігі жөніндегі кесімдер жатады. шын мәнісінде, көшпелінің 
белсенділігі диханнан емес. Мәселе қоршаған орта, көшпелілік пен 
шаруашылық  мәдени-типтің  бағытына  байланысты.  зерттеушілер 
көшпелі  қауымдағы  адамның  белсенділігі  экологиялық  және 
қауымдық ынтымақтастық факторларымен айқындалып отырғанын 
атап  өтеді.  Индустриалық  қоғам  пайда  болғанға  дейін  аридтік 
аймақта  номадашылықты  қоршаған  орта  мен  оның  ресурстарын 
ең  оптималды,  әрі  экологиялық  детерминацияланған  әлеуметтік-
мәдени үлгі деп қарастыруға болады [5, 16]. Осының негізінде қазақ 
және басқа да түркі-моңғолдық этностардың көшпелілік өркениеті 
қалыптасқан.  Ал  осы  өркениетте  күш  көрсетудің  кейбір  түрлері 
(мысалы, барымта) немесе қаруланған халықтың барлығынан оны 
«варварлық қоғам» деу сыңаржақтылыққа жатады. 
захир  ад-дин  Бабырдың  «Бабырнамасында»  көрсетілгендей, 
мемлекет  басқаруда  ұлы  адамдардың  (патшалар,  колбасшылар, 
ғұламалар  т.б.)  рөлі  өте  жоғары.  «Ағзамның  ниеті  ауған,  адал  да 
әділ азамат санайтын, қалаулы жандар үшін жанын пида етуге дай-
ын адамның бірі Низам ад-дин Сұлтан Мұхаммед Бақши болатын. 
Ол Ислам әскерінің текті атадан тараған ақсүйек мырзаларын ны-
саналы жерлерге орналастырып, өзі біздің әмірімізді орындауға әзір 
отырды. Ол тарапқа шабармен тауаджи, жасауыл аттандырып, ұлы 
сұлтандар  мен  әмірлерге,  даңқы  ұлдарымызға  әскердің,  жасақтың 
орналасуы, жайғасуы жөніндегі бұйрығымызды жедел жеткізіп жат-
ты. Әскер орнынан қозғалып, әркім өзінің шеттегі орнына жөнелер 
алдында:  «Бұйрықсыз  ешкім  де  орыннан  қозғалмасын,  рұқсатсыз 

94
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
соғыс ашылмасын» деген мүлтіксіз орындауға міндетті жарлық жа-
рияланды» [6, 411]. 
Демек,  билеушілер  арлы,  ақылды,  жанашыр,  әділетті  болса, 
халықтардың жағдайы жақсарады және өздерінің табиғи құқықтарына 
жетуге  мүмкіндік  алады.  Бабырдың  алдындағы  түркілік  авторға 
жүгінейік:  «шыңғысханның  үндеуі  мынадай:  «Ұлдарым,  менің 
сіздерге өсиетім мынау: дұшпанға қатал  болыңыздар, достарыңызға 
жақсылық етіңіздер, бір мінезді, бір сырлы (сөзді) болыңыздар, сон-
да өздеріңіз байлық пен бақытты, назды етесіздер, сол мүліктеріңізге 
алла тағала береке бергей!» [7, 72-7]. 
Далалық этикалық кодексті қазақ хандарының бойына сіңіргені 
туралы Бабырдың ізбасары М.Х. Дулати мынадай куәлік келтіреді: 
«Осындай  бір  кездесуде  Қасым  хан  [Саид]  ханға  жақындап:  «Біз 
дала халқымыз, бұл жерде қымбат бұйымдар мен тағамдар жоқ. Ең 
қымбат байлығымыз – жылқы және ең дәмді тамағымыз – оның еті, 
әрі  ең  сүйкімді  сусынымыз  –  оның  қымызы  мен  одан  дайындала-
тын  тағамдар.  Біздің  өлкемізде  бау-бақша  мен  зәулім  үйлер  жоқ. 
Серуендейтін жеріміз – малдың жайлауы, сонда барып бәріміз бірге 
бой  жазып,  сайран  салып,  жылқыларды  қызықтаймыз»,  –  дейді. 
[Саид]  хан  одан  әрі  үйірге  жақындап,  Қасым    хан  талай  аттарды 
көрсетіп,  былай  дегенін,  айтқан  еді.  «Менің  екі  арғымағым  бар, 
екеуі бүкіл үйірге татиды», - деп арғымақтарды алып келді. [Саид] 
хан мына екі сәйгүліктей жылқыны ешқашан көрмегенін талай рет 
сүйсіне әңгімеледі. 
Бірде Қасым хан: «Ел – жылқының күш-қуатына қарай тіршілік 
етеді. Менде осы екі арғымақтан басқа өзіме лайық сенімді ат жоқ. 
Сондықтан екеуін бірдей сізге тарту ете алмаймын. Енді сіз қадірлі 
қонағым болғандықтан екеуінің бірін тандап, қабыл алыңыз», – деді. 
Ол әрқайсысын жеке-жеке сипаттап шықты. [Саид] хан біреуін алды. 
Ол арғымақтың аты – Оғлан Түрік еді. шынында да ондай арғымақ 
бұдан кейін туған жоқ. Қасым хан тағы бірнеше атты сол үйірден 
таңдап алдына тартты.
Сонан  соң  қымыз  құйған  кесені  ханның  алдына  ұстап  тұрып 
Қасым  хан:  «Біздің  қонақ  сыйлауымыз  осылай,  егер  дәмін 
татсаңыз біз үшін үлкен мәртебе болмақ», – деді. [Саид] хан осы-
дан  біраз  уақыт  бұрын  ішімдікті  қойып  кеткен  еді.  Сол  себепті 
айтты: «Қойғаным бұл оқиғадан бұрын болған, енді сертті бұзуын 
қалай  болар  екен?».  Қасым  хан:  «Бұрын  айтқанымыздай,  біздің 
сусынымыздың ең кереметі – жылқының сүті және одан дайындала-
тын тамаша өнімдер болып табылады. Сізге қандай қызмет көрсетіп, 

95
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
көңіліңізден  қалай  шығу  керектігін  біле  алмадым.  Сіздей  қадірлі 
қонақ біздің дастарқанға күнде келе бермейді, мен күнде қонақ иесі 
бола бермеймін. Ал мен сізді дұрыстап қонақ етіп, күте алмасам, бұл 
арманды қалай орындай алар екенмін?», – деп басын төмен салып, 
жүзінен мұңайған нышан көрінді.  [Саид] хан ашылып, Қасым ханға: 
«Сертті бұзамыз, қымыз ішеміз!» – деді. Қасым хан қатты қуанды. 
Әңгіме басталып кетті. Жиырма күн қатарынан қымыз кесесін тауы-
са босатып ішіп жүрді.
Жаз  айының  аяғы  еді.  Қазақтар  Қасым  ханның  бұйрығымен 
қыстауға бет алды. Қасым хан: «Бұл кезде шайбанға шабуыл жасау 
қиын.  Дала  елі  қазірден  қыстың  қамын  жемесе  болмайды.  Қазіргі 
кезде  жорық  жасау  мүмкін  емес.  Әрі  бұл  уақытта  әскер  де  жина-
ла алмайды», – деді. Ол сыпайы түрде жорыққа шығудан бас тарт-
ты. Кешірім сұрады. Бірақ әр түрлі адамгершілік, ілтипат көрсетіп,  
[Саид]  ханға  қайтуына  рұқсат  етті.  Өз  көшін  туған  жеріне  қарай 
бастады.  [Саид] хан өте қатты риза болып қайта Әндіжанға атта-
нып кетті. шілде айы еді. Хан сарайының бір ғалымы бұл оқиғаға 
«Ашти-йи  қазақ»  («Қазақтармен  татуласу»)  сөзінен  хронограмма 
тапты  ол  –  919  (1513-1514)  жыл  [8,  202-203].  Жоғарыдағы  дерек-
терден  көшпелілік  қоғамда  жеке  адамның  мүліктік  дербестілігіне 
үлкен  көңіл  бөлінгені  аңғарамыз.  Оған  қоса  ежелгі  еуразиялық 
көшпелілерде шүлен тарту, ат майы, қызыл көтеру, сыбаға сияқты 
қоғамдық  байлықты  әділетті  руластар  және  ауылдастар  арасында 
бөліп беру мәдени нормалары қалыптасқан. 
шыңгыс ханда бұл ұлықтар мәлім еді, әскерімен бүкіл шығыс 
білді,  ұлдарына  берген  қоғамдары  мәлім  болды,  оларға  жарлық 
бұйырды. шыңғыс хан: «Бұл ұлықтарды сіздерге бердім ұлдарым. 
Сіздер әлі жас-сыз, уақты келіп күнә етсе, сіз оларды өз көңіліңізбен 
өлтірмеңіз, менімен ақылдаспай. Менен соң бір-біріңмен кеңесіңіз, 
көп  тексеріп,  төрелігіңізге  лайық  жақсылып  сұрап,  істің  түбіне 
жеткізіңіз». Ол тағы да бұл насихатты бұйырды, ол кезде барша ұлы 
әмірлер  қарап  отырғанды,  олар  оларға  шын  көңілмен  сенді.  Егер 
күнә қылса, бірігіп кеңес етсеңіз, олардың күнәсі анық болады, яғни 
көңілдерінде қарсылық болмайды және оған разы болады. Өйткені 
олар істеріне өкініп, кінәлі санайды, содан артық азап пен қорлық 
бар ма»  [7, 73].
Еуропацентристік мәдениеттануда барлық басқа өркениеттер тек 
батыстық үлгімен өлшенеді. Батыстық тұлғалық белгілер әсіреленеді. 
Салыстыру  әр  уақытта  нәтижелі    бола  бермейді.  Біздің  ойымыз-
ша  батыстық  емес  қауымдасу  тәжірибелерінде  индивидуалдық 

96
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
коллективтің  ішінде    де  қалыптаса  алады.  Оған  қоса  жеке-даралық 
адамдық  қасиеттердің  қалыптасуында  материалдық  өндіріс  пен 
әлеуметтік  құрылымдардан  гөрі,  Мендік  еркіндік  пен  рухани 
факторлардың  рөлі  айырықша  болатындығын  ұмытпаған  жөн.  Бұл 
мағынада  Батыс  қуатты  техникалық  өркениетті  қалыптастыра  алса, 
шығыс  елдерінде  адамның  рухани  мәдниетін  жетілдіруге  үлкен 
көңіл  бөлінген.  Осыған  дәлел  ретінде  кезінде  мұсылман  Ренессан-
сы уақытында қазақ топырағында әрекет еткен әл-Фарабидің «Кемел 
адам» концепциясын келтіруге болады. Ғұлама табиғи адам мен ру-
хани  тұлғаның  айырмашылығын  көре  білген.  Ол  «Надан  қалалар» 
трактатында: «Адам табиғи жандардың бірі, ал оның қазіргі кездегі 
тіршілігі  табиғи  тіршілік  емес,  соңғысы  қазіргі  тіршілік  емес,  ал 
екіншісі – оның қазіргі бастан кешіп отырған тіршілігі ана тіршілікке 
қайшы  келеді  және  оған  бөгет  жасайды;  ол  табиғи  тіршілік  емес... 
Жанның шарықтауы үшін оған тәннің  де, тәннен тысқары – байлық 
сияқты – нәрселердің де қажеті жоқ» – дейді [9, 382-383]. Кемел адам 
– дараланған тұлға, бірақ ол тек қауымдаса тіршілік ете алады. Осы 
жөнінде  әл-Фараби  «Адамдық  бірлестік  пен  өзара  көмекке  зәрулігі 
туралы» трактатында: «Жартылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін 
және ең жоғарғы кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, 
ал  мұны  ол  жалғыз  жүріп  таба  алмайды  және  бұған  жету  үшін  ол 
қандай да бір адам қауымын қажет етеді, осы қауымдағы адамдардың 
әрқайсысы  оған  қажетті  нәрселердің  жиынтығынан  қандай  да 
бір затта тауып беріп отырады», – дейді   [9, 322]. Жоғарыда түрік 
халықтарында,  оның  ішінде  қазақта,  ерекше  дараланған  тұлғаларға 
үлкен құрметпен қарау дәстүрі бар екендігі жөнінде айтып өткенбіз. 
Осы сипатта әл-Фараби бойынша, Әділ, Білгір, Данышпан кісі – Ел 
басшысы. Ол «өзінің аңдағыш парасатына дарыған қасиеті арқасында 
дана, философ, кемеңгер парасат иесі болып шығады, ал оның өзінен 
оның қиялдау қабілетіне қасиет дарыған адам пайғамбар, болашақты 
болжағыш  сәуегей  және  өмірдегі  оқиғаларды  түсінгіш,  білгір  бо-
лып  шығады,  –  міне  осының  бәрі  оның  тәңірлікті  танып  білетін 
болмысының  шарапты»    [9,  334  б.].  Абайша,  «Бұл  аталмыш  үш 
хасиеттің иелерінің алды – пайғамбарлар, онан соң – әулиелер, онан 
соң хакимдер. Бұл үш түрлі фиғыл құдайның соңында болмақ, өзін 
біліп,  үйретіп,  әулиелерге  әулиелер  оқыды,  ғашық  болды»  [10,  205 
б.].  Сонымен, индивидуалдық бастаулардың әрбір мәдени жүйеде әр 
түрлі көрініс табатынан аңғаруға болады.
Жоғарыдағы  жолдардан  дәстүрлі  қазақ  қоғамындағы  тұлғаны 
«шығыста  тек  енжар,  еріктілігі  шектелген,  жасампаздыққа 

97
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
бара  алмайтын  мүлгіген  адамдарды  кездестіреміз»  деушілермен 
мүлдем  сиыспайтындығын  көруге  болады.  Жырау  Доспанбет  топ 
бастаған, жауды қайтарған, ару сүйген, өзін елі мен мұраты жолын-
да құрбандыққа шалуға да дайын тұлға. Осындай даралану эгоцен-
тризмге  емес,  керісінше  интерсубъектілікке  сүйенеді.  Батырлық 
рухпен қуатталған жырау үшін тек көпшіліктің мүддесін білу және 
қорғау маңызды емес. Ол коллективтік ұмтылыстың бір мүшесі де 
емес. Оған сана мен ерік дербестілігі тән. Сондықтан жауаптылықты 
да өзіне ала алады.
Дәстүрлі қазақ қауымдастығындағы даралық қасиеттердің біріне 
тектілік жатады. Тектілік көшпелі қоғамда Батыстағы «элитарлық» 
ұғымынан  басқа  мағынада  қолданылады.  Егер  бұл  ұғым,  мысалы, 
ортағасырлық  Еуропада  сословиялық  жікшілдікті  білдірсе,  онда 
көшпелі  қазақ  мәдениетінде  тектілік  ұрпақаралық  сабақтастықты 
айқындайды.  Менің  неғұрым  құрметті  ата-бабаларым  көп  болса, 
онда мен де соғұрым тектімін. Тексіздік әдеп пен кісілік аймағынан 
шығып  кеткендерге  тән.  Кедей  де  текті  бола  алады.  Ол  үшін  ата-
бабаларының  аруақтарына  сызат  келтірмеу  керек.  Осы  жөнінде 
ақын-жыраулар шығармашылығынан айғақтар келтірейік.
Түркілік  түсінік  бойынша  қалың  бұқараны  текті  (аталы)  адам 
басқаруы  тиіс  және  осы  тектілік  оның  бойынан  көрініп  тұруы 
қажет. Қазақ мәдениетіндегі тектілік мәселесі ғылыми талдаудың 
объектісіне  тек  соңғы  жылдары  айналып  келеді.  Осы  жөнінде 
Ж.  Молдабековтың  «Тектіліктің  тұрағы  –  тұлғалыққа  тірек» 
атты  мақаласында  және  Т.  Бурбаевтың  «Ұлт  менталитеті»  моно-
графиясында  іргелі  ойлар  айтылған.  Ж.  Молдабеков  тектіліктің 
даралық деңгейлерін атай келе (тұқым мен қан тектілігі, азаматтың 
өз  басының  тектілігі,  халқының  тектілігі),  осы  ұғымнан  қазіргі 
заманға  қатысты  тағылымдық  ойларын  алға  тартады:  «Бөтеннің 
аруағына табынып тамсанбай, өз тағдырыңның табанын құратын ақ 
жолда тартынбай әрекеттену керек. Өзің байыпты болсаң, халқың 
құрметшіл  болады:  баланың  парызын  білсең,  әкеңнің  қарызын 
ұқсаң,  халқың  ынталы  болады;  істеген  ісін  көрсең,  жүрген  жо-
лын бақсаң, көңіл ауанын тапсаң, ол адам қайда жасырынбақ? Тек 
мәнді сөзбен кеңесті іждағатпен тыңда, ұқпағаныңды ішінде бүк, 
көңілге тоқығанды абайлап айт, кінәң кем болады; мұқиятқадағала, 
алмағайыптан сақтан, білген ісіңде аңдып бас - өкінішің кем бола-
ды; риясыздық әділетпен үйлес болса, ұят, масқара аулақ тұрмақ. 
Өмір сабағыңды ойсыз оқу – бекершілік, оқусыз ой - қатерлік» [11, 
14]. 

98
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
Тектілік пен ұлағаттың ұлт ділінде терең ұялануы маңызды мәселеге 
жатады.  Мысалы,  ұлттық  ділде  тексіздік  нышандарының  көбеюі 
жалтақтық  пен  жағымпаздықтың  белең  алуына  әкеледі.  Тектілікте 
жікшілдік  пен  алауыздық  жоқ.  Соңғылары  тұлғалық  күйзеліске 
әкеледі  [12, 94 б.]. Менталитеттегі тектілік пен индивидуалдылықты 
кейбір зерттеушілер «ұлттық логос» деп атайды
Айталық,  Орталық  Азия  халықтарының,  соның  ішінде  қазақ 
халқының күнделікті болмысына коллективтік психология тән. Ол 
қазақ  халқының  менталитетінің  ең  негізгі  белгілерінің  бірі  сипа-
тында,  оның  қоғамдық    психологиясының  ең  негізгі,  терең  және 
аз  өзгеріске  ұшыраған  тараптарын  ескеру  қажет.  Осы  себепті 
коллективтік ұрпақтарды ұрпақтарға ғасырлар бойы жалғастырып, 
олардың 
әлеуметтік-экономикалық, 
рухани 
тұмысындағы 
белсенділігін тұрақтандыра алады. 
XV-XVI ғасырлардағы көшпелі түркі мәдениетінде дарашылдық 
ділдің  жоғары  дәрежеде  болуы  «тәңірі  сыйлаған    еркіндік» 
түсінігімен де тығыз байланысты болды. Жырау (рухани көсем) осы 
еркіндік өрісінде өз Менің айырықша құмет тұтты. Қауымшылдық 
құндылығы тек тікелей отбасылық негіздерге сүйенуден ғана емес, 
сонымен бірге аталас-руластарымен бір болумен айшықталады.
Адам  болмысының  даралық  деңгейінде  адамның  ба-
сты  мақсаты  өзін  табиғаттың,  ғарыштың  бір  бөлшегі  ретінде 
анықтау  болғандықтан,  ол  үшін  мемлекет,  белгілі  бір  қоғамдық 
орта  түсіндіктері  айтарлықтай  рөл  атқарған  жоқ.  Осыған  дәлел 
ретінде Орынбеков М.С. «... қазақтың көне және соңғы тарихында 
мемлекеттіліктің әлсіз болғаны белгілі. Табиғат әрқашан Қазақстан 
тұрғындары үшін абсолюттік және жалғыз бастық рөлін атқарды» – 
деп тұжырымдайды  [13, 9]. 
Дегенмен табиғат күшіне жалғыз адам қарсы тұра алмайтындықтан 
олар  өзара  бірігіп,  рулық  қарым-қатынаста  өмір  сүрді.  Тіршілік 
барысында  адамдар  өзара  байланыста  болатындықтан  олардың 
арасындағы    қарым-қатынастарды  ретке  келтіретін  белгілі  бір 
заңдылықтар қажет еді. заңдылықтарды бекітетін мемлекет сияқты 
ресми  құрылым  болмағандықтан,  адам  болмысының  даралық 
деңгейінде өзара  қарым-қатынастарды анықтау атадан келе жатқан 
дәстүрлі  түсінігімен  тығыз  байланысты  болды.  «Дәстүр  позиция-
сы әсіресе алғашқы қауымдық мәдениетте мықты (сондықтан да ол 
кезенді дәстүрлі деп те атайды)» [14, 112].
Дәстүр  бойынша  рулық  қауымда  адамдар  арасындағы,  ру-
лар  арасындағы  өзара  қарым-қатынасты  белгілеп  отыруда  ру 

99
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
ақсақалдарының рөлі өте зор еді. Ру ақсақалының шешімі адамдар 
үшін нақты түрд орындалуы тиіс екі рет қайталанбайтын заң ретінде 
қабылданған. Осыған орай ру басы мен ру белгілі бір тұтастық ретінде 
рудың даралығын, толықтығын, анықтамалылығын көрсетеді.
Адам  болмысының  даралық  деңгейінің  ошағы  ретінде 
қабылданатын ежелгі шығыс пен антик заманына тән сословиялық 
бөліністер негізінде белгіленген демократиялық құрылым Қазақстан 
тұрғындарына да тән болды. «Ашина (көк бөрі) ұрпақтары VI ғасырда 
хандықтың басқару жүйесін құқтық негізінде құрды. Өкілетті билік 
пен заң шығару ісі ақсақалдар алқасының (кейінгі қазақ хандығында 
– билер алқасы мен хан кеңесі) құзырында болды. Ал хан жарлығы 
атқарушылық міндеті үлкенді – кішілі лауазымдар иесіне жүктеледі. 
Бұл мансаптар мұрагерлік жолмен хандық билік, әскери демократия 
арқылы жүзеге асырылған» [15, 114].

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет