әдебиеттеР:
1. Закон Республики Казахстан от 13 мая 2003 года № 415-II «Об
акционерных обществах».
2. Юсупов Б. Корпоративное управление как элемент управления
рисками // Рынок страхования, 2006, № 5, май, с. 22-27.
3. Берч Кеннет А. Оценка уровня корпоративного управления //
Рынок ценных бумаг Казахстана, 2007, № 7-8, с. 34-37.
4. Масалин Е. Рейтинг корпоративного управления // Рынок ценных
бумаг Казахстана, 2008, № 2, с. 23-26.
5. Мусин А. Влияние корпоративного управления на улучшение
инвестиционного климата в Казахстане // Рынок ценных бумаг
Казахстана, 2007, № 3, с. 29-32.
6. Карл Бах. О важности эффективного корпоративного управления
// Рынок ценных бумаг Казахстана, 2007, № 3, с. 33-35.
7. Дунаев А. Предстоящие изменения в законодательстве Респу-
блики Казахстан в части корпоративного управления // Рынок
ценных бумаг Казахстана, 2007, № 3, с. 26-28.
8. Постановления Правления Агентства Республики Казахстан по
регулированию и надзору финансового рынка и финансовых
70
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
Экономика
организаций от 30 марта 2007 года № 73 «О требованиях к
эмитентам и их ценным бумагам, допускаемым (допущенным) к
обращению на фондовой бирже, а также к отдельным категориям
списка фондовой биржи».
9. Копбасарова Г. Свежий взгляд: модельный кодекс корпора-
тивного управления в новой редакции // Рынок ценных бумаг
Казахстана, 2008, № 2, с. 27-30.
10. Машабаева Ф. Роль и значимость независимых директоров в
корпоративном управлении // Рынок ценных бумаг Казахстана,
2007, № 3, с. 41-43.
11. Абдуманапова А. Роль корпоративного секретаря в системе
корпоративного управления: принцип «единого окна» // Рынок
ценных бумаг Казахстана, 2008, № 3, с. 28-31.
12. Ахметова Г. Корпоративный секретарь в акционерных обществах
// Рынок ценных бумаг Казахстана, 2008, № 8, с. 40-45.
13. Сарсенов Н. Проблема выбора казахстанской модели корпора-
тивного управления // Рынок ценных бумаг Казахстана, 2008, №
1, с. 26-28.
71
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
ХХ ғасырдың басындағы
Маңғыстау өңіріндегі
білім беру ісінің жағдайы
орынгүл табылдиева,
М.Тынышпаев атындағы қазақ көлік және
коммуникациялар академиясы Ақтау филиалының
оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты
Б
ілім деңгейі – ұлттық мәдениеттің ұлттық сананың
дамуының көрсеткіші. Ол экономика, саясат және
мәдениет салаларындағы өзгерісті бейнелеп қана
қоймайды. Сонымен бірге, өзі де осы өзгерістерге
белсенді түрде әсер етеді. Білім – жеке адамның
әлеуметтік-экономикалық процестерге тиімді араласуын қамтамасыз
ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады.
заманға сай білім алу және озық технологияларды игеруге
мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасау
елбасының халыққа жолдауына да көрініс тауып, өзінің өзектілігін
жойған емес.
Халықтың белгілі бір уақыт ішіндегі дамуының ірі сипаттама-
сы оның мәдени-техникалық дәрежесі және оған сай келетін білім
деңгейі мен білім беру жүйелерінің дәрежесі болып табылады.
Маңғыстау облысында ғасыр басында жүрген өзгерістер халықтану
мәселесіндегі білім жүйесін де қамтиды.
ХІХ ғасыр соңындағы санақ Қазақстан территориясында, соның
ішінде Маңғышлақ уезінде тұратын халықтардың сауаттылығының
төменгі дәрежесін көрсетті (уезд бойынша 2 % ғана сауаттылар).
Осы көрсеткіштердің санақ мәліметтерінде көрінуі аймақтағы оқу,
білім беру ісінің даму тарихына тікелей қатысты.
Маңғыстау елі Қазан төңкерісіне дейін өз балаларын жергілікті
жерлердегі мешіт-медреселерде оқытты. Сөйтіп олар араб, парсы,
түрік тілдерін меңгерді, осы тілдерде сауат ашып келді.
1892 жылғы мәлімет бойынша, Маңғышлақ уезінде 34 медресе
болды. Онда 492 оқушы (оның 322 – ер, 170 – әйел) оқыды [1].
72
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
Ел арасында ғылым, дін, мәдениет, егіншілік, бағбандық
дәстүрлері шығыс елінің білімін таратқандар арқылы халық арасы-
на тарады. Оқытушылар көбінесе молдалар, ахундар болды. Нақты
мысалдарға келсек, Адай елінің Қосқұлақ атасынан өрбитін Бекет
Мырзағұлұлының ағартушылық қызметі туралы мәлімет бар. ХІХ ғ.
орыс зерттеушісі Э. Эверсман былай жазады: «Үстіртте таудан қашап
жасалған» мешіттер парсы, араб, татар жазуларымен безендірілген»
– десе, орыс зерттеушісі Алексеев 1853 ж. жазған «Солтүстік
Үстірттің жағрафиялық сипаттамасы» деген еңбегінде «бұдан елу
жыл бұрын (1803) Жемнің жоғарғы жағындағы Ақмешітті ... Бекет ...
жазғы мекен ретінде салдырған екен. Осы мешітте Бекет ұл балалар-
ды оқытып, хат танытқан» – дейді [2]. Сондай-ақ, Жаналыұлы Абдол-
ла, Қырымқұл Әбді ахун Мырзайыр, шегем Қайырша Жәуперұлы,
шоңай шайхы Кендірбайұлы, Айтқұл ахун Қараш Байқұл, Бектеміс
Жары Ержан Төлегенұлы т.б. оқытушылар халық аузында үлгі бо-
лып қалған.
1900 жылы патша әкімшілігі Каспий сырты облысындағы білім
беру жүйесіндегі мешіттер мен оқу орындары туралы мәлімет жи-
найды. Сол мәліметте Маңғышлақ уезіндегі мешіт, медресе, мектеп-
тер мен олардағы оқушылар туралы мағлұмат бар. Осы мәлімет бой-
ынша, 1900 жылы Маңғышлақ уезінде 2 имамдық, 1 соборлық және
1 приходтық білім беру орталықтары ресми тіркеліп, 29 мектепте
20 – оқытушы, 214 – ер бала мен 34 қыз бала – барлығы 248 оқушы
оқиды деп көрсетіледі. Одан бөлек жылдық вакууфтық кірісі 13 сом
деп 16 медресе көрсетіледі (оқушылар саны көрсетілмеген) [3].
Бұл медресе мен мектептер патша үкіметінің мұсылмандық мек-
тептерде бала оқытуға шектеулер салғандығына қарамастан жұмыс
істеді. Мектептер мен медреселерде бала оқытқысы келетіндер
оқу басқармасынан арнайы рұқсат алуы тиіс болды. Рұқсат етілген
куәлігі болмаса 10–30 сом көлемінде айыппұл төлеуі керек немесе
5–15 тәулікке қамауға алынатын [4].
Маңғыстау жеріндегі алғашқы орыс мектебінің ашылуы 1878
жылы жүзеге асырылды. «Саудагерлер Форттан өз товарлары мен
факторияларын қорғайтын Армиянская слабода бекінісін салдырып,
балаларын оқытуға мектеп салдыруға 1878 жылы майда Кавказ
наместнигі мен Маңғыстау приставына хат жолдайды. Сол жылы
күзде қоғамдық балалар мектебі дүниеге келді. Маңғыстау жерінде
ұлт балаларының алғашқылары 1885 жылы осы мектепті бітіреді.
Олар 8 қазақ, 2 түркімен баласы еді», – деп еске түсіреді зерттеуші
Е.Өмірбаев [5].
73
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
Сонымен, ХІХ ғасыр басында Ресей империясының шеткері
аймақтарында орыстандыру бағдарламасының көрінісі – байланыс
аясына орыс тілі енгізілді. Бүкіл Қазақстандағы секілді Маңғыстау
өлкесіндегі халыққа білім беру жүйесіндегі өзгерістердің қазақ
халқына тигізген жағымды жақтарын – прогрестік мәнін жоққа
шығармаймыз. Алайда, 1906 жылғы 31 наурыздағы «Ресейдің шығыс
және оңтүстік-шығысындағы мекендеуші бұратаналарға арналған
бастауыш училищелер туралы» Ереже, 1907 жылғы 1 қарашадағы
«Бұратаналарға арналған бастауыш училищелер туралы» Ереже-
лер де, 1913 жылғы 14 шілдедегі «Бұратаналарға арналған бастау-
ыш училищелер» т.б. заңдық актілер отарлық саясаттың нәтижесін
тұрақтандыруға арналған құжаттар болып табылады.
Сонымен бірге, мұсылмандық мектептер де қазақтардың
сауаттылығының өсуіне септігін тигізіп жатты. Мысалы, 1904 жылы
Маңғышылақ уезінде 67 мұсылмандық мектептер болды. Оларда
1003 оқушы оқыды [6].
Қазан төңкерісінен кейін медресе, мешіт жүйесі арқылы халықты
сауаттандыру, имандылыққа, елдікке тәрбиелеу тұншықтырылып,
халқымыздың өз салтын, тегін, тарихы мен дәстүрін ұмыту бастал-
ды. Ел ішінде орысша сауат ашу, ғылыми білімді тарату – Маңғыстау
халқын өзге дамыған елдермен нық күресе дамуына игі әсерін
тигізбей қойған жоқ.
1919 жылы сәуірде Форт-Александровскіде халыққа білім беруді
жолға қою жөнінде комиссия құрылды. 1920 жылдың мамырынан
бастап алғашқы мектептер жұмыс істей бастады. шілде айынан ба-
стап халыққа білім беру бөлімі іске кірісті. 1920 жылы Адай уезінде
сауатсыздықты жою (саужой) жүйесінде қалада үш мектеп, уезде
1 мектеп жұмыс жасап, оларда 79 адам (64 қазақ, 15 орыс) бітіріп
шықты.
ХХ ғасырдың 20 жылдары Маңғыстаудағы оқу жүйесі үшін өте
қиын кез. Көшпелі ауылдарда мектеп салынбаған, мұғалімдер мен
балалар киіз үйлерде елмен бірге көшіп жүретін. Оқу құралдары мен
оқулықтар жоқ, мектептерді қаржыландыратын байлар мен молда-
лар қуылды, жас кеңес үкіметінің қаражаты жетпеді. Сондай-ақ,
1925 жылдан бастап Голощекиндік «Кіші қазан төңкерісі» қоғамдық-
әлеуметтік қиындықтар туғызды. Ащы нәтижесі 1929–33 жылдар
арасындағы аштық пен оның зардабы.
1920 жылдары да Маңғыстау уездік партия ұйымы халықты жаңаша
оқыту үшін кадрлар даярлауға күш салды. Кеңес төңкерісінен кейінгі
қуғын-сүргіннен қалғандардан 1920 жылы бірнешеуі іріктеліп,
74
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
мұғалімдерді даярлау курстарына оқытылып алынды. Осындай жол-
мен 1923 жылы – 14, 1926 жылы – 25 мұғалім даярланды. 1926–1927
жылдары Маңғыстау өлкесінде мектептер ашылып, 1 мыңнан аса
бала оқытылды. Оқу араб графикасы негізінде жүргізілді. Оқу ісін
жүргізу де, материалдық жағынан қамтамасыз ету де, мұғалімдерге
ақы төлеу бәрі-бәрі қиындық жағдайда жүргізілді.
Форт-Александровскіде жеті жылдық мектеп алғаш 1926
жылы ашылды. «7-жылдық оқушылар саны–180, олардың ішінде
қазағы–130, немесе 72 % , 50-і орыс 2,8 %. басқа ұлт өкілдері жоқ.
Қынжылтатыны қазақтар ішінде бірде-бір қазақ қызы жоқ. Бұл
ғасырлар бойы қалыптасқан діни-тұрмыстық қағидаларға байла-
нысты болар. Бірінші 4-топта оқу қазақ тілінде, жоғары 5,6,7-топта
оқу орыс тілінде жүргізіледі. Мектептің жөнделуі басқа мектептер-
дей, пештері тартпайды, оқулықтар жетіспейді, арнайы кабинеттер
керекті құралдармен жабдықталмаған, кітапханада шет елдік жазу-
шылар, тіпті отандық орыс классиктері Толстой, Горький, Некра-
сов шығармалары жоқ», – деген мұрағат құжаттарынан үзінді сол
кезеңдегі мектептердің жағдайынан хабар береді [7].
1926 ж. санақта сауаттылық дәрежесі 1897 ж. санақтағыдай тағы
да есепке алынды. Ол санақ бойынша уезде 1926 ж. санақта 67928
ер адам, 67627 әйел, барлығы 135555 адамның 36939– сауатты деп
есептелінді [8].
Маңғыстау халқының 27,8 % сауатты болды. 1897 ж. санаққа
қарағанда уезд халқының саны 2 еседей көбейсе, сауаттылар саны
3,3 есе өскен (1897 ж. 1375 адам сауатсыз деп есептелген). Бірақ,
сауаттылардың халық санындағы үлесі елеусіз түрде өсті: 1897 ж.
уезд халқының 2% – сауатты болса, 1926 ж. 27,8 % – сауаттылар деп
тіркелді. 1897ж. және 1926 ж. санақтар мәліметтерінде сауаттылар
ішінде ер адамдар саны мен үлесі артық болды. 1897 ж. 1149 ер,
226 әйел адам сауатты болса, 1926 ж. 3602 ер 937 әйел адам сауат-
ты деп тіркелді. Қазақтарға келсек, 1897 ж. 15 қазақ әйелі сауатты
деп есептелінсе, 1926 ж. 1926 ж. 97 – әйелге көтерілді. Маңғыстау
қазақтарының сауаттыларының үлесі 0,8 %-дан 1,9 %-ға (2 есе)
өсті, 1897 ж. 504 қазақ сауатты деп есептелінсе, 1926 ж. сауатты
қазақтар саны 2527 адам болды (5 есе өскен). 1897 ж. уездегі сау-
атты халықтың 36,6% қазақ болса, 1926 ж. 55,7%-ға көтерілді. Уез-
де есептелінген 65891 ер, 65585 әйел, барлығы 131476 қазақтың
(уезд халқының 97% - ы) 2527-сі ғана (1,9 %) сауатты болған. Са-
уатты қазақтар уездегі сауаттылардың 6,8%-ін, ал, уезд халқының
1,9 %-ын ғана құрады. 6 жастағы 2 қазақтың ер баласының сауат-
75
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
ты екендігі айтылады [8]. Жас мөлшері 65 жоғарғы әйелдер мен 77
жастан жоғарғы ер адамдар арасында сауаттылар жоқтың қасы (ер
адам ғана әр жастан 1-2 адамнан сауатты деп тіркелген). Қазақтар
арасында 60 жастан жоғарғы әйелдер мен 75-тен жоғарғы ер адам-
дар арасында (6 сауатты ер адам ғана бар) сауаттылар жоқ деуге бо-
лады. Қалалық қазақ әйелдерінің 45 жастан жоғарғыларының сау-
аты жоқ деп тіркелген. Ал ер адамдардың 70 жастан асқандарында
оқу-жазу болмаған.
Жасы ұлғайғандардың арасында сауаттылар аз кездесе ба-
стайды. Сауаттылар қала халқына қарағанда ауылдарда көбірек
тұрды. 1000 адамға шаққандағы үлесі шағын болғанымен, Форт-
Александровскідегі сауаттылар санына қарағанда саны артық бол-
ды.
1 кесте Маңғыстау халқының 1926 ж. санақтағы сауаттылығы
[8, 40 – б.]
әйел
ер
барлығы
үлесі
1926 ж.
барлығы
937
3180
4539
3,3 %
қала
169
544
713
3,8 %
село
768
3058
3826
2,8 %
Қазақ
қала
24
372
396
26,7 %
село
73
2058
2131
1,6 %
барлығы
97
2430
2527
1,9 %
Орыс
қала
92
78
178
79,1 %
село
474
621
1095
59,6 %
барлығы
566
699
1265
61,4 %
Татар
қала
27
27
54
48,2 %
ауыл
88
76
164
53 %
барлығы
103
115
218
51,6 %
Бүкіл Қазақстандағы секілді Маңғыстауда да мектептерде оқу мен
жазу 1928–1940 ж.ж. аралығында латын әріптеріне, 1940 жылдан ба-
стап кириллицаға көшірілді. Жаңа әліпби «Еңбекші қазақ» және «Со-
ветская степь» газеттерінде жарияланды. «Жаршы» журналының әр
санында латыншылар қозғалысының барысы, олардың қол жеткен
нәтижелері қорытындыланып отырды.
1929 жылдың 2-4 маусымында Халық ағарту комиссариаты мен
Орталық жаңа әліпби комитетінің ғылыми-әдістемелік кеңесінің
ғылыми-орфографиялық конференциясы өтті. Конференцияға Таш-
кент, Қызылорда, Алматы, Орынбор, Москва, Ленинград сияқты
76
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
қалалардың жоғарғы оқу орындарының ректорлары, профессорлары,
ғылыми қызметкерлері мен оқытушылары қатысты. 1929 жылдың
14 тамызында ҚАКСР-нің ХКК-сі барлық жағдайды ескере отырып,
латын әліпбиін толықтай енгізудің соңғы мерзімін 1930 ж. 14 тамы-
зына, яғни Қазақстанның 10 жылдық мерейтойына дейін енгізуді
белгіленді. Латын әліпбиі енгізілгеннен кейін де бірнеше жылдар
аралығында (өтпелі кезең уақытында) араб әліпбиін қолдануға
рұқсат етілгенін атап өту қажет.
Қазақстанда мектептер мен жоғарғы оқу орындарында латын
әліпбиі бірден енгізілді де, іс қағаздарына енгізу барысы бірнеше
жылға созылды. Маңғыстаулықтар да сауаттандыруға байланысты
жаңа науқанға қызу кірісті. 1930 жылы 14 тамызында КСРО ХКК
мен ОАК «Жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу туралы» қаулы
қабылдады. Маңғыстаудың Ақкетік ауылында қыздар мектебі,
Ұштаған, Ащымұрын ауылдарында көшпелі, шайыр, Жармышта
бастауыш мектептер ашылды. Көшпелі мектептер 1937 жылға дейін
жұмыс істеді. 1930–1931 оқу жылында Ақмышта жетім, жарты-
лай жетім, жағдайы төмен отбасылардың балалары үшін коммуна
құрылды.
1934 жылы Адай уезіндегі мектеп саны 42-ге, мұғалімдер саны
86-ға, мектепке тартылған балалар саны 2500-ге жетті.
1933–1937 жылдары міндетті 7 жылдық білім беру жүзеге асты.
1937–1938 жылдары репрессияның шыңы Маңғыстау өлкесінде
оқу ағарту саласына да қырғи әсерін тигізді. Республика бойынша 22
мың адам атылып, 44 мың Сібір түрмелеріне айдалып, қуғындалды.
Солардың ішінде Маңғыстаулық ұстаздар Бекмағамбет Төлеуов,
Жылкелді Нәрін, Ержан Төлегенұлы, Рысмағамбет Айдаров, Анағали
Таңқабаев, Қыдырбай Есмағамбетов және т.б. азаматтар бар.
1939 жылы Маңғыстау ауданында жаңа типтегі мектеп ашы-
лып, оған 1939–1940 оқу жылынан бастап Қызылқұм, Жыңғылды,
Ұштаған жеті жылдық мектептерін бітірген жиырма бала келіп оқи
бастады. Бұл Маңғыстау аймағындағы екінші қазақ орта мектебі. Ал
бірінші мектеп – 1938–39 оқу жылы орта мектеп болған С.М. Ки-
ров атындағы мектеп. Бұл мектеп 1938–1939 жж. бірінші рет, 1942
ж. үшінші рет, 1949 ж. төртінші рет оныншы кластық білім беріп,
шәкірттерін оқытып шығарды.
ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде халық ағарту саласының дамуы те-
желгенмен, тоқталған жоқ. Соғыс аяқталған соң мектеп жасындағы
балаларды, жұмысшы жастарды мектептеріне тарту, соғысқа дейін
басталған жеті жылдық білім беруді аяқтау т.б. міндеттерді шешу
77
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
керек болды. Бұл міндеттерді шешудің қиындықтары көп болды:
мектеп үйлерінің жетіспеуі, оқу-жазу құралдары мен оқулықтардың,
мұғалімдердің жетіспеуі, көптеген отбасылардың материалдық
жағдайының төмен болуы – жоғарғы сынып оқушыларының оқуды
тастап, өндірісте не үй шаруашылығында жұмыс істеп тез есеюлеріне
себепші болды.
Республиканың шалғай өлкесінің бірі – Маңғыстау өңірінің халқы
үшін балаларды оқыту, оларды тиісті мамандыққа баулуда жер
шалғайлығы, жол қаражаты кедергі келтіретін. Елді пункттерінің
бip-бipiнен алшақтығы (100-150 км-ге жететін), коммуникациялық
байланыстың болмауы, көліктің болмауы алыс ауыл балалаларының
білім алуын қиындататты.
1950-жылдары қазақ, мектептерінің жабылып, дәріс беру мен
ic қағаздарын жүргізу орыс тіліне байланысты болғандықтан, со-
нымен бipгe қазақтардың негізгі көпшілігі 1-ден, ауылды жер-
лерде тұратындықтан, 2-ден, алыс шалғайдағы отарлы мал
шаруашылығымен айналысатын (олардың 86 % - қазақтар) бөлігінің
мектеп жасындағы балаларының оқи алмауын қоссақ, оқушылардың
ішінде қазақ балаларының аз болуының бір себебін шығарамыз.
Нәтижесінде орта арнаулы білімі мен жоғарғы білімi барлар
қатарында қазақ ұлты өкілдері төменгі үлеске ие болды.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі
халықаралық білім беру стандартына сай және оның нәтижесіне
жақын дәрежеде даму үстінде.
әдебиеттеР:
1. ҚРОМА. 40-қор, 14-тізбе, 395-іс, 4-парақ.
2. Маңғыстау энциклопедиясы. Алматы., 1997. 115-бет
3. ҚРОМА. 40-қор, 14-тізбе, 612-іс, 163 қайтарма бетімен,
164-парақтар.
4. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін бес томдық. Т.3.
– Алматы: Атамұра, 2002. 525-бет
5. Өмірбаев Е. Алғашқы мектеп. // Коммунистік жол, № 217. 2
қараша, 1978 ж.
6. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін бес томдық. Т.3.
– Алматы: Атамұра, 2002. 679-бет.
7. МО МА. 211-қор, 3-тізбе, 36-іс, 75-78 парақтар.
8. Всероссийской перепись населения 1926 г. Т.8. Москва, ЦСУ
СССР, 1928, С. 108-109
78
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
Заң актілерінің тарихи
дерек көзі ретіндегі
ұғымдық және терминдік
проблемалары
амангелді тӨлеМіСов,
І. Жансүгіров атындағы
Жетісу мемлекеттік
университетінің аға оқытушысы
з
аң актілерін тарихымыздың дерек көзі ретінде пайда-
лана білудің маңызды мәселелерінің бірі – ұғымдық
және терминдік қиындықтар болып табыдады. Басқа
да ғылым салалары сияқты, деректану ғылымында да
заңдарға дерек көздері ретінде деректанулық талдау
жасау, алдымен заңдарға қатысты ұғымдар мен терминдердің мәнін
анықтаудан басталады. заң актілерін тәуелсіз Қазақстан Республи-
касы тарихының дерек көзі ретінде қарастыру, бұл мәселеге заң
шығарушылардың да, заңгерлердің де аса үлкен жауапкершілікпен
қарайтындығын көрсетіп отыр. Мүмкін бұл, бір жағынан, заң актілері
мәтінінің мағанасын дұрыс түсіне білудің және талқылай білудің өмірлік
маңыздылығымен де байланысты болар. Әр бір заң актісінің артында
нақты адам тағдырының тұруы, бұл мәселеге заң шығарушыларды да,
заңды қолданушыларды да ерекше ыждақаттылықпен қарауға мәжбүр
ететін сияқты. Қандай да болмасын заң актісін қабылдаудың, сол
заңдағы кездесетін ұғымдар мен терминдерге анықтама беруден ба-
сталуы соның дәлелі. Мысалы, 551 баптан тұратын ҚР кеден кодексі:
кедендік режим, кедендік декларация, кедендік бақлау сияқты, т. б. 48
негізі ұғымдарға анықтама беруден басталған [1].
заңдарды тек күнделікті өмірде қолдана білуде ғана емес, соны-
мен қатар ғылыми мақсатта пайдалана білуде де заңдық ұғымдар мен
терминдерді дұрыс пайдалана білуді талап етеді. «заң актісі» ұғымы
ғылыми әдебиеттерде бір текті емес, олар әр түрлі мағынада және
әр түрлі синонимдермен қатар қолданылады. Себебі, терминдер мен
ұғымдар эволюциясы, яғни олардың үнемі өзгерістерге ұшырап оты-
79
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
руы табиғи процесс. Сондықтан, олардың да өз даму тарихы бар.
Мысалы, «акт» термині «асtum» деген латын сөзінен шыққан, яғни
етістік сөздер «аgо» – «әрекет етемін», «асtum еst» — «жасалды», «іске
асырылды» деген ұғымды білдіреді. Римде, «акт» термині алғаш пай-
да болған елде, акт терминімен әр түрлі құжаттар аталған: кеңес хат-
тамалары; кеңес (сенаттың, сословиенің, императордың) қаулылары,
жарлық, күнделіктері; хроника; сот отырыстарының хаттамалары, т.б.
«Акт» термині бәрімізге ортағасырлық Рим тарихынан белгілі Юсти-
ниан І-дің «Соrpus jurіs сivilis» (528-534 жж.) кодексінде қолданылған,
осыдан кейін батыс елдерінің (Италия, Франция, Англия) сөз қорына
енген. Римде «асtа» терминінің жоғарғы билеушілердің қаулысы
мағынасында қолданылуы кейінгі уақыттарда «акт» терминін заңға
да, яғни заң сөзінің синонимі ретінде қолданудың негізі қаланып,
юристік сөз қорына енеді. Мәселен, 1679 жылы ағылшын парламенті
жеке адамның дербес құқықтылығы туралы заңын қабылдаудан және
осы заңның мәтінінің алғашқы екі сөзі «Неrbeas Соrpus асt» атауы
шыққан. Бұл сөздер өз тілімізде «заң актісі» дегенді білдіреді [2. 18].
Ресейде «акт» термині бастапқыда ХҮІІІ ғасырда пайда болған
«құжат» сөзінің синонимі ретінде қолданылған. «Құжат» термині ұзақ
уақытқа дейін қолданылмағандықтан, оның орнына XX ғасырға дейін
«қағаз» («бумага»), «іс» («дело»), «акт» деген синонимдері жүрген.
Мұндай терминдерді Н. Варадинов өзінің іс-жүргізудің теориясына
арналған еңбегінде қолданған. Автордың бұл терминдерге берген
анықгамасы бойынша, мемлекет заңдары бұл ұғымдарды бір-бірінен
ажыратады, әрқайсысында қандай мән бар екеңдігін айқыңдайды.
Мәселен «қағаз» немесе «іс» («іс қағазы») деп қандай да бір пра-
волар мен міндеткерліктерді анықтайтын, бекітетін құжаттардан
өзге, басқа мәселелерге арналған кіріс-шығыс құжаттарды атаған.
Ал «акт» терминімен XIX ғасырда, Ресейде бір немесе бірнеше
жеке адамдардың немесе мекемелердің праволары мен міндеттері
баяндалған құжаттарды, сондай-ақ олардың айғағы бола алатын
құжаттарды атаған [3].
Батыс Еуропада «акт» терминін екі түрлі мағынада қолданылады:
біріншіден, правоны баяндайтын және оның дәлелі болатын құжат
мағынасында; екіншіден, факт, істің жағдайы, мүліктің жәй-күйі ту-
ралы ақпараттар немесе қызмет жазу, т.б. Бірінші типтегі құжаттар
осыған байланысты мынадай атауларға ие болған: юристік акт,
келісім-шарт, жарлық т.б. Ұлы орыс ғалымы, академик А.С. Лаппо-
Данилевский оларды «белгілі немесе куәләндіруші» («конституив-
ный или удостоверительный») сипаттағы актілер, ал екінші типтегі
80
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
кұжаттарды «жария (ресми) немесе мәлімет беруші» («деклара-
тивный или осведомительный») сипаттағы актілер деп атады. Оған
куәлік, хаттама т.б. ақпарат беретін құжаттар жатқызылды.
А.С. Лаппо-Данилевский бүл екі типтегі актілердің мынадай негізгі
ерекшеліктерін көрсетеді: «Акт с осведомительным характером имеет
меньше правовое значение, чем акт с удостоверительным характером.
Акт с осведомительным характером служит главным образом для по-
казания о состоявшемся правоотношений; Акт с удостоверительным
характером, напротив, является основанием для закрепления тех эле-
ментов или условии, из которых оно состоит» [2. 20-21 сс.].
А.С. Лаппо-Данилевский актілерді екіге бөліп қарағанымен,
«акт дегеніміз барлық мемлекеттік қаулы-жарғылардың, келісім-
шарттардың және басқа да праволық қатынастардың жазба түрінде
баяндалуы» деген жалпылама анықтама берді. Осыған ұқсас
анықтаманы XIX ғасырдағы австрия-германия дипломатикасының
классигі Т. зиккель де береді. Оның айтуынша акт «құқықтық
сипаттағы... түсіндірменің жазба түрі» [2. 20-21 с.]. .Демек, акт көп
мағыналы ұғым. Кең мағынада алғанда құжат. Оған әр түрлі құжатттық
қызмет атқаратын барлық мәтіндер, деректер жатады. Сондықтан акт
сол түрлі құжаттардың ортақ, жалпы атауы және оған нақты, бір ғана
анықтама беру қиын.
Бүгінде, Ресей деректану мектебінде актіге, С.М. Каштановтың бер-
ген анықтамасы бойынша, әр түрлі кұжаттар жиынтығының барлығы
емес, оған тек контрагенттер арасындағы немесе автор мен адресат
арасындағы құқықтық қатынастардың, келісім-шарттардың кұжаттары
жатады [2. 23 с.]. Негізінен актілерді өз кезегінде заңнан бөліп
қараудың өзі маңызды. Өйткені, қазір оларды заң актілері деп қосып,
кең мағынада айтамыз. Дегенмен, заң мен актінің ұқсастығыменен
бірге айырмашылықтары да бар. Белгілі бір құқықтық нормаларды
қалыптастыратын, тұрақтаңдыратын заңнан актінің айырмашылығы,
акт тек оларды пайдаланады; ал осы актілермен бекітілетін құқықтық
қатынастар қабылданған зандық нормаларды бұзбауы қажет.
заң актілері — жоғарғы билікпен бекітілген нормативтік кұжаттар
жиынтығынан тұратын тарихи деректердің бір түрі, яғни адам-
дар арасындағы қоғамдық қатынастарды тұрақтандырушы зандар
мен қаулы-жарғылардың жиынтығы [4. 338 с.]. Негізінен ғалымдар
арасында заң актілері туралы әртүрлі түсініктер қалыптасқан. Де-
генмен, құқық тарихшылары «заң» сөзіне жалпы сипаттама берді.
зерттеушілердің көпшілігінің пікірінше, заң дегеніміз императордың
бүйрығы. Бүл туралы Г.В. Вернадский былай дейді: «Начиная Пе-
81
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
тра Великого, единственным источником права делается для зако-
нодателя; Это период правотворчества императорских указов...» [5.
с. 7.]. Басқаларға қарағанда нақтырақ анықтама берген М.Ф. Вла-
димирский-Буданов болды: «империя кезеңіңде заң түсінігі – дұрыс
жарияланған патша бүйрығы» [6. с. 272]. Императордың бүйрығының
жариялану тәртібіне Г.В. Вернадский де назар аударды; оның айту-
ынша «патшаның өздері жариялайтын заңдардың тұрақты формасын
қалыптастыруға тырысты». Олар негізінен «Сенат арқылы — заңның
жариялануының және тіркелуінің негізгі формасы анықталуынан»
және «көптеген заң актілерінің ішінде нақты заң түрінің немесе ерек-
ше формасын қалыптастыруға әрекеттенуінен» байқалады [5. с. 33].
1937 жылы жариялаған өзінің еңбегінде Б.М.Кочаков: «заң
барлығына міндетті билік құрған норма... таптық күрестің нәтижесінде
билік етуші топтардың мүддесін көрсетеді, мемлекеттің таптық
саясатының нақты құрамы...» [7. сс.319-320] деп, заңға уақыт тала-
бына сай таптық тұрғыдан анықтама береді. Кочаковтың еңбегінің
ерекшелігі сонда, автор қорытындылай келе орталықтағы биліктің
нығаю, эволюциялық сипатынан, «әкімшіліктік бұйрықтардың диф-
ференциациялау қажеттілігінен» шыға отырып, заңның түрлерін
нақтылай түседі «закон — это уже определенный вид распоряжения,
это — указ, издаваемый определенным порядком» [7. с. 321].
ХҮІІІ ғасырда Ресейдің орталық және жергілікті билеуші басқарушы
органдарының құрылымы мен қызметінде үлкен өзгерістер орын
алды. Елде самодержавие түріндегі абсолютизм қалыптасты. Соны-
мен бірге осы кезеңде де орталықтанған шенеуліктік-бюрократтық
билік аппараты, сот билігі, бақылау-басқару қалыптасты. шіркеу
жоғарғы биліктен тәуелсіздігінен, саяси күшінен айырылды. Осындай
қоғамда орын алған өзгерістер жаңа сипат пен мазмүңдағы әр түрлі
заң актілерінің пайда болуына әсерін тигізді. Дегенмен, заң актілері
жаңа заманда ғана алғаш пайда болмаған, керісінше бұрынғы өткен
дәуірлерден жалғасып келе жатқан деректер түріне жатады.
Бірақ жаңа заманның заң актілері бірқатар өзгерістерге ұшырап,
жаңа түрге енеді. ХҮІІІ ғасырдан бастап заң актілері екі түрлі себеп-
терге байланысты бірқатар белгілерімен ерекшеленеді. Біріншіден,
осы кезеңде жаңа заман заң актілерінің сол ерекшеліктері ұзақ
мерзімге созылған қалыптасу жолынан өтеді және қалыптасады;
бұл бір жағынан, ал екінші жағынан, ресей заң актілері империя
заңдарына тән сипатқа ие болады және ол ерекшеліктері ресей заң
актілерінде тек XIX ғасырда ғана емес, XX ғасырдың басында да
сақталып қалады.
82
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
ХҮІІІ және XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресей
империясының заң шығару ісі — жаңа заңдарды жариялауға патша
ғана құқылы деген принцип бойынша жүзеге асты. Ал Сенат, Синод,
коллегия және басқа да әкімшіліктік мекемелер тек өздерінің баян-
дамалары мен ұсыныстарын білдіріп отырды.
Б.М. Кочаковтың пікірінше ХҮІІІ ғасырда, Ресейде заң туралы
ұғым болмаған, тек «патша жарлығы» ғана жүрген. «Мемлекеттік
басқару жүйесіне халық үкіметінің органдарының; парламент —
енгізілуімен заң шығарушы биліктен — патша, үкімет — туындай-
тын жоғарғы нормалар — жарлық, әкімшіліктік қаулы деп аталатын
— түсінігінде заң ұғымы пайда болды» [7. с. 321].
Бірақ ХҮІІІ ғасырда, Б.М. Кочаковтың пікірінше, Ресейде заңның
нақты анықтамасы болмаған — тек «патша жарлығы» үстем болған
және ХҮІІІ ғасырда орын алған — көптеген жарлықтар арасынан тек
заң ретінде қарастыруға болатын түрін бөліп шығару әрекеті сәтсіз
аяқталған. XIX ғасырда да заң шығару ісінде заң мен жарлықты
бөлудің негізгі белгілерін анықтау әрекеті жалғасты.
ХҮІІІ ғасырда заң органдары көп жарлықтардың ішінен барлық
уақытта, барлық жағдайда да заңдық күшін жоймайтын жарлық
түрлерін бөліп, анықтап отырды. Бірақ іс жүзінде еш тәжірибесі,
анық теориясы болмағандықтан зандар мен басқа да әкімшіліктік
жарлықтар арасындағы ерекше белгілерін айқындау қиынға соқты.
заң актілерін кұрылымына карап анықтау жолға қойылды. Мәселен,
кейбір заңгерлер патшаның қолы заңның басқа әкімшіліктік
жарғылардан ажырататын басты белгісі деп есептеді. шын мәніңде
де Петр кезеңінен «Мемлекеттік Кеңестің» кұрылуына дейін
патшаның қолы занды өз күшіне ендіретін, кажетті белгі ретінде орын
алып келді. Бірақ XIX ғасырда, 1810 жылы «Мемлекеттік Кеңестің»
кұрылуымен және кеңесте кейбір заңдарды талқыланып, кей кезде
сөз жүзінде бекітілуімен, бұл тәртіп сақталмаған. Сондықтан, енді
заң органдары «Мемлекеттік Кеңестің» құрылуына байланысты,
оның «все предначертания законов рассамтриваются в Госсовете,
потом восходят на высочайшее утверждение» деген принципіне
сүйеніп ажыратуды ұсыңды. Бірақ Кочаковтың еңбегі бойынша, бұл
жолы да сәтсіз аяқталған, себебі кейбір мәселелер «Кеңесті жанама-
лай өтіп» отырған. Сондықтан Кочаков пікірінше патша жарлығын
ажыратудың ең дұрыс жолы заңдарды жинақ етіп шығару керектігін
және оның негізгі 4 кезеңін көрсетеді: 1. заңдық бастама (инициа-
тива); 2. заң жобасын өңдеу (құрастыру және талқылау); 3. бекіту
немесе санкция; 4. Халыққа жария ету [7. с. 322].
83
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
Осылайша, Петр I кезеңінен бастап заңның басты белгісі патшаның
қолы болып табылады, бірақ ХҮІІІ ғасырда бұл тәртіп жарияланған
жарлықтарда, ал XIX ғасырда Мемлекеттік Кеңесте заңды ауыз-
ша бекітуінен бұзылды. Сондықтан, «заң» түсінігіне ортақ, ұқсас
анықтама берген М.Ф. Владимирский-Буданов, Г.В. Вернадский
және Б.М. Кочаков заңның негізгі екі белгісін көрсетеді: біріншіден,
императордың қолының болуы, екіншіден, ХҮІІІ–ХІХ ғасырларда
қалыптасқан, қабылдаудың негізгі белгіленген тәртібі.
Қазақстан Республикасының заң актілері мен заң актілерінің әр
бір түріне анықтама беру ісімен қазақтың заңгер ғалымдары да ай-
налысуда. Мысалы, С. Табанов заңдарды жүйелеудің теориясы мен
тарихына және тәжірибесіне арналған еңбегінде тәуелсіз Қазақстан
заң актілерінің үлкен бір бөлігін құрайтын кодекстер туралы: «Кодек-
стер бірсипатты қоғамдық қатнастардың белгілі бір саласын егжей-
тегжейлі реттеуге мүмкіндік беретін ірі жиынтық акт болып табыла-
ды» десе, жарғы туралы: «Жарғы – мемлекттік қызметтің әлдебір са-
ласын (мысалы, темір жол көлігінің, ішкі су көлігінің, т.б. жұмысын)
реттеуші қалыпты-құқықтық акт» дейді [8. 18 б.].
Қорыта айтқанда, заң актілеріне қатысты ұғымдар мен терминдердің
қалыптасу тарихын білу және олардың бүгінгі күндегі мағаналарын
жете түсіну, заң актілерін тарихымыздың дерек көзі ретінде пайдала-
на білудің басты шарттарының бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |