Қарапайым халықты ақпарат көзі
ретінде қарастырыңыз
Қарапайым халықты ақпарат көзі ретінде алуға
ғалымдар келіспеуі мүмкін. Алайда, мақалада
ғалымдардың пікірін қолданбас бұрын, олардың
қайда жұмыс жасайтындықтарын білу маңызды.
Басқа сала мамандарының да пікіріне жүгінуге
болады. Ғылым – шексіз және шетсіз әлем!
Зерттеу жүргізгенде, ғалымдардың дайын
зерттеуімен шектелмеңіз. Қоршаған ортаға
қатысты баршаға ортақ жайттар оқырман үшін
өте қызықты. Осы тұрғыдан алғанда, әр адамды
жеке ақпарат көзі ретінде қарастырамыз.
Қарапайым мысал, мекеме өкілі немесе шенеунік
«Су тап-таза» деуі мүмкін. Ал бірнеше адам-
дар осы суды ішкеннен кейін, ауырып қалдық
десе ақпарат ретінде қолдануға болады. Бірақ
оқырман көкейінде, расымен де аурудың себебі
су ма, әлде басқа ма деген сұрақ тууы мүмкін.
Тұрғындар өздері өмір сүріп отырған мекендері
жайлы көптеген қызықты мәліметтермен бөлісуі
мүмкін. Белгілі бір аймақта ұзақ өмір сүрген
адамдардың түрлі экологиялық оқиғалары болады.
22
Олар қоршаған орта мен ауа-райына, табиғатқа
қатысты көптеген деректермен бөлісуі мүмкін.
Мәселен, бұрындары қандай жануарлардың
мекендегенін, бұл мекенде қашаннан бастап ауа
ластанғанын, бұрын табиғат қандай болғандығын
әсерлі суреттеп береді. Тіптен, ата-әжелерінің
әңгімесінен есте қалған бұрынғы экологиялық
жағдайларды еске түсірулері мүмкін.
Осындай ақпаратты іздеңіз. Мұндай бақылаулар
тек журналист материалының негізі ғана емес,
ғылыми зерттеулерге, ресми статистикаға
өзгерістер алып келуі мүмкін.
Экология тақырыбында қалам тербейтін жур-
налистер көп жағдайда үкімет мүшелері мен
ғалымдар ұсынған ресми мәліметтерге жүгінеді.
Мұндай материалдар ресми не ғылыми баян-
дама секілді қабылданады. Ең алдымен, журна-
листер оқырман санасында қалатын қызықты
мақала дайындауы қажет. Ал белгілі аймақ
жайлы қызықты жайттарды оқу оқырман үшін
қызықты. Оған түрлі статистика, мәліметтер,
зерттеу қорытындылары қосылса мақаланың
ажары ашыла түседі.
Журналистті ақпарат көзі ретінде
қарастырыңыз
Өз түйсігіңізге сеніңіз. Не көріп тұрсыз? Нені
бақыладыңыз?
Экология тақырыбында мақала жазудың ең
тиімді жолы – табиғатты жан тәніңмен сезіне білу.
Мысалы, ақпарат беруші табиғаттың жағдайы
күн өткен сайын жақсарып келеді дейді. Ал, сіз
зауыттардың өзенге төгілген қалдықтарын көріп
тұрсыз. Ендеше, көзбен көргеніңізді жазыңыз.
Әрине, барлық экологиялық мәселелерді көзбен
көріп, сараптап, тізбелеп шығу мүмкін емес.
Сонда да, бұл тақырыпта журналистің қаламы
ешқашан тоқтамауы тиіс. Тамақтың құрамында
улы сынап бар екендігін дәлелдеу үшін,
балықпен қоректенетін адамдардың шашын
жинап зерттеген журналистер де болған. Өте
лас өзендер мен көлдерден су алып, ластаушы
заттардың құрамын анықтау үшін, ғалымдардың
зерттеуін өтінген журналистер де болған.
Мұндай зерттеулер жүргізу көптеген медиа
ұйымдар үшін қиын.
Алайда, мұндай мақалаларды жарыққа шығару
үшін көп күш жұмсау қажет.
Судың тазалығын анықтайтын құралдардың
бірі - Секки дискі. Оны суға толық енгенше ба-
тыру керек. Яғни, белгілі бір уақыт аралығында,
судың тұнықтығын анықтауға болады.
Әрине, бұл тәжірбие қорытындыларына пікір
білдіретін мамандарды табу керек. Зерттеу ба-
рысында орын алған көптеген өзгерістердің
себебін ғалымдар түсіндіріп береді.
Аймақты мекендейтін жануарлар мен өсімдіктерді
бақылау арқылы да қоршаған орта жағдайын
білуге болады. Олардың ағзаларын зерттеу
арқылы судың сапасын анықтауға болады.
Мұндай тақырыптарды жазып үйрену үшін, ең
бірінші, қоршаған ортаға қатысты ғалымдардың
жұмыстарымен танысу керек. Олар неге және
қалай жазды? Сұраудан және үйренуден
жалықпаңыз.
Ғалымдарды кез келген жерден таба аласыз. Ал
өзгелер мән бермеген өзенді зерттеу арқылы сіз
керемет жаңалық аша аласыз.
Үкіметтік емес ұйымдар ақпарат
көзі ретінде
Қоршаған
ортаны
қорғауға
қатысты
жұмыстармен үкіметтік емес ұйымдар да ай-
налысады. Олардың жұмыс барыстары да
әртүрлі. Экология тақырыбында жазатын жур-
23
налист ең алдымен, қай ақпарат көзінің сенімді
екенін нақтылап алуы керек. Мұндай ұйымдар
мемлекеттік мекемелер бере алмайтын, оларға
таныс емес ақпараттармен де бөлісулері мүмкін.
Сонымен қатар, оларды тәуелсіз ақпарат көздері
ретінде де алуға болады.
Көп жағдайда қоршаған орта саласындағы
шенеуніктер белгілі бір экологиялық мәселеге
қатысты пікір айтудан бас тартып жатады. Бірақ
осы салада хабары бар сарапшылар және басқа
аймақ тұрғындары орын алған мәселе бойынша
ой бөлісуге әрдайым дайын тұрады.
Жалпыға ортақ дүниелерге қауіп төнген
жағдайда осы іспетті ақпараттарды қолдану
тиімді. Әлемнің ең үлкен 5 өзенін біріктіретін Ка-
нада және АҚШ-тың Great Lake аймағын айтуға
болады. Ол 8 штат үкімітетіне, 2 провинцияға
және 2 ұлтқа тиесілі.
Аталшыш мәселелерді шешуде нақты шешім
шығару да қиындық тудырады. Ондай жағдайда,
журналист екі тарапқа да қатысы жоқ штат
өкілінің пікіріне жүгіне алады.
Немесе шеттен келген сарапшылар бақылау жа-
сай алады.
Қытайдың бас қалаларындағы ауаның ласта-
ну деңгейі жайлы жалған ақпарат берген үшін
қытайлық шенеуніктер жауапқа тартылған
болатын.
Ақпараттың
негізсіздігін
қала
тұрғындарының өздері байқаған.
Ең бірінші, бұл ақпарат Қытайдағы АҚШ
елшілігінің
назарын
аударды.
Елшілік
өкілдері ауаны ластаушы заттарды зерттеп,
қорытындысын жариялай бастады. Қытай
үкіметінің қарсылығына қарамастан, Қытайда
тұратын америкалықтар аптаның қай күндері
далада жүрсе денсаулықтарына зиян тимейді
деген сұраққа жауап іздейміз деген мақсатпен,
америкалық шенеуніктер зерттеу жұмыстарын
жалғастыра берді.
Сол уақыттарда Америка-қытай қарым-қаты-
насы жөніндегі орталық ауа-райына қатысты
Қытай қалаларының суретін жариялай бастады.
ChinaAirDaily.com сайтында жарияланды. Міне,
осы зерттеуді тәуелсіз зерттеуге жатқызамыз.
Мұндай сараптамамен журналист те айналыса
алады.
24
Экологиялық тақырыбында сұхбат өткізу
оқиғағаның даму барысымен және ақпарат
көзімен тікелей байланысты.
Саясаткерлерден жауап ала алмау, бітпейтін
қағазбастылық, басшылардың сұхбат беру-
ден бас тартуы, өз пікірімен бөлісе алмайтын
қала тұрғындарын сөйлете алмау журналист
қауымына өте таныс.
Сонымен қатар, ғалымдардың ғылыми тілін
түсіну де журналист үшін оңай жұмыс емес.
Қоршаған ортаны қорғаушылардың әртүрлі
арыздарын да тексеру көп еңбекті қажет етеді.
Қоршаған орта тақырыбында сәтті сұхбат өткізу
жолдарына қатысты бірнеше практикалық
кеңестерді ұсынамыз. Кеңестерді экологиялық
журналистер қауымдастығының мүшелері
SeJournal ұйымының журналында жариялаған
болатын
Сұрақтар
Сұрақтар қарапайым болғаны дұрыс.
«Неге?» деген сұрақ 36 жыл журналистік
тәжірбиесі бар Трудт Тынанға көптеген мақала
жазуға көмек берді.
«Сұрақтарыңызды
асықпай,
саралап
қызығушылықпен қойыңыз!» Бұл - Associated
Press агенттігі қызметкерлерінің кеңесі.
«Қанағаттанарлық жауап алғанша сұрай беріңіз.
Қойған сұрағыңызға нақты жауап ала алмасаңыз,
формасын өзгертіп қайта сұраңыз. Анықтаушы
сұрақтар қойсаңыз да болады. Мысалы, «сіздің
ойыңызша, ХХХХ ғой?», жауап беруші «жоқ,
олай емес ҮҮҮҮ» деп айтуы мүмкін. Одан кейін
«не себепті?» деген сұрағыңызды қоя берсеңіз
болады.
Тынанның айтуынша, қойылған сұраққа нақты
жауап алу үшін осы сұрақты қою керек. Егер
жауапберуші қобалжып, сөздерінен шатасса,
неге екенін де сұраңыз.
Екінші сұрақ «Оның әсері қандай?»
Висконсина қоғамдық радиосының тілшісі
Чак Куимбах, сарапшы-ғалымдар «түсініксіз»
ғылыми тілде жауап бере бастаса осы сұрақты
қойыңыз деп кеңес береді.
«Ғалымдар көп жағдайда өздерінің еңбектері
жайлы айтқылары келеді. Балтимордағы
экологиялық журналистер қауымдастығындағы
көп жылдық тәжірбие маған осы тұжырымды
үйретті»,- дейді Чак Куимбах.
ЭКОЛОГИЯ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ
СҰХБАТ
25
Ottawa Citizen жаңалықтар қызметінің
журналисті
Кейт
Джейметтің
айтуынша,
ғалымның айтқандарын түсінбесеңіз, түсінікті
тілмен түсіндіріп жіберуін өтініңіз. Ол ғалымның
сенімділігін арттырады және сіздің тыңдауға
дайын екеніңізді көрсетеді.
Оқиғаның ең қызықты жерін таңдап алу үшін,
Kansas City Star тілшісі Майк Мансур: «Егер бұл
кинодағы бірінші көрініс болса, екінші көрініске
қайсын алар едіңіз?» деген сұрақты қоюға кеңес
береді.
Қосымша материал алудың тағы бір жолы –
сұхбат соңында сұхбат берушінің өзінен сұрау.
Виконсинаның фрилансер-журналисті Кристин
Хайнрихс сұхбат берушіден тағы қосып-алар
ақпараты бар ма екен, соны сұрауды ұмытпаңыз
дейді.
Көп журналистер қиын сұрақтарды сұхбаттың
аяқ жағында қояды. Сұрақтардың күрделілігіне
емес, әңгіме желісіне қатысты қойыңыз.
«Сұхбат уақыты шектеулі болып, 1-2 ғана сұрақ
қоюға мүмкіндік алған жағдайда (саясаткер-
лерден сұхбат алғанда), ең маңызды, ең өткір
деген сұрақтарыңызды қойыңыз. Қарапайым
сұрақтарға жауапты кез келген басқа сарапшы-
лар бере алады» дейді Джеймет.
Үнсіздік
Сұхбат
барысындағы
үнсіздік.
Көп
журналистердің айтуынша, жауаптар арасында
үнсіздік көп болса, сәтті сұхбат жазуға болады.
Сұхбат беруші үнсіз қалса, сұрақты қайталап ма-
залай бермеңіз.
«Сөзін бөле бермесеңіз, сұхбат берушілер
көптеген маңызды ақпараттармен бөліседі»,-
дейді USA Today-дің ғылыми репортері Элизабет
Вайз.
«Өткен жексенбіде тауда серуендеумен айналы-
сатын жасөспірімнің анасынан сұхбат алуым ке-
рек болды. Бала тауға өте үлкен жылдамдықпен
көтеріліп бара жатып, таудан құлап қайтыс бола-
ды. Өзімен бірге 4 адамды ала кетеді. Баланың
анасынан барлық телеарна, газет журналистері
сұхбат алды. Анасы «Барлығы құдайдың
қолында» деген сөзін қоса берді» деп еске ала-
ды Мансур.
«Сұхбат алу үшін олардың үйіне келдім.
Баланың анасы қайтадан «барлығы құдайдың
қолында» деумен шектелді. Мен бір минут бой-
ында үндемей күтіп отырдым. Біразға созылған
үнсіздіктен соң, барлығына мен кінәлімін, балам-
ды жібермеуім керек еді деді. Менің сұхбатым
осы сәттен бастап әңгіме желісіне ауысты. Ба-
ласынан айрылған ананың қайғысы нанымды
суреттелді».
«Сұхбат барысында журналистер «ақымақ» бо-
лып көрінуден қашқақтайды. Сонда да, сұхбат
берушімен әңгімеде достық байланыс орнатуға
тырысыңыз» дейді Мансур.
Des Moines Register-дің журналисті Пери
Биманның кеңесі: «сұхбат барысында жауап
берушінің ойлануына жағдай жасаумен қатар,
қайраттандыратын, демеу беретін сөздер
айту да маңызды. Сұхбат екі адам арасындағы
әңгімелесу түрінде еркін өтсе әсерлі шығады.
Ұзаққа созылған үнсіздік кезінде сіздің мұқият
тыңдап отырғаныңыз өте маңызды».
Сұхбат жүргізгенде байқап көріңіз, ең негізгі
тұшымды жауаптар сұхбаттың аяқ жағында ай-
тылады. Ол кезде жауап беруші өзін еркін сезіне
бастайды. Диктофоныңыз бен блокнотыңызды
жинамай қоя тұрыңыз.
Табандылық пен қажырлық
Ғылыми терминдер оқырман үшін түсініксіз
болып қалмауы үшін, оларға түсінік беріп оты-
ру қажет. US Black Engineer and Information
Technology-ң редакторы Рождер Визерспун
26
жазбаларында инженерден сұхбат алған сәтін
жазады. Ол атауы өте күрделі ғылыми жаңа ме-
ханизм ойлап тапқан.
«Мен инженерден баршаға түсінікті тілмен айтып
беруін өтіндім. Ол күлді де, маған диаграмманы
жіберді. Мен диаграммаға қарап түкке түсінбедім.
Түсіндіріп беруін қайта өтіндім. Ол тағы да күлді
де, маған мұның ұшақ моторының жаңа үлгісі
екенін түсіндіріп берді. Егер бұл қолданысқа енсе,
мотор майын қолданбауға болады. Солайша
қоршаған ортаға зиянды нәрселерді шығармауға
болатындығын түсіндірді».
Сұхбатқа дайындық
«Ең бірінші, үкімет мүшелерінің, саясаткерлердің
және компания басшыларының қызметтерімен
танысып алыңыз. Кімнің қандай жұмыстармен
айналысатынын білу, кімге қандай сұрақ қою
керек екенін анықтауға көмектеседі»,-деп кеңес
береді California Energy Circuit журналисті Бил
Келл.
И.Ф.Стоун атты журналист мақалаларын сұхбат
негізінде емес, ақпараттар ағымына байланысты
жазады. Себебі, адамдардың ісі мен сөзі арасында
үйлесім жоқ деп есептейді журналист. Ал, іс-әрекет
сөзден маңызды. Бірақ көп жағдайда ресми өкілдің ісі
емес, сөзі жаңалықтарда таратылады дейді ол.
Сұхбатқа алдын ала дайындық журналист үшін өте
пайдалы. Тек ол үшін ғана емес, сұхбаттың сәтті өтуіне
тікелей әсер етеді. Сұхбат барысында алынған жауап-
тарды бірден саралап, нақтылап отыруға көмектеседі.
«Шамадан көп сұрақтар қоймаңыз. Видео-
лардан, веб-сайттардан, газеттерден, есеп-
терден табуға болатын материалдарды жауап
берушіге қоя бермеңіз. Сұхбат уақытын тиімді
пайдаланыңыз»,- деп кеңес береді Animal People
редакторы Мерит Флитон.
Мақала тақырыбына байланысты өзіңіз-дің
зерттеуіңізді жасап алғаннан соң, сұрақта-
рыңызды дайындаңыз.
Жауап беруші жауап беруден бас
тартқан жағдайда
Журналист ақпарат көзі тарапынан айтылған
барлық ақпаратты жариялай бермейді. Сарап-
тап, саралап барып қажеттісін қоғамға ұсынады.
«Көп жағдайда саясаткерлер мен ұйым мүшелері
қойылған сұраққа нақты жауап бермей, сұрақтан
ауытқып кетіп жатады. Ондай кездерде «Сіз
менің сұрағыма жауап бермедіңіз. Егер нақты
жауап бере алмасаңыз, сізді жауап беруден бас
тартты деп жазамын» деп айтамын» деп жазады
Визерспун.
Сұхбатты ресмилендірмеңіз
Егер сұхбат интервьюердің үйінде өтсе, жұмыс
столын, сөредегі кітаптарып, жалпы үй жағдайын
көре аласыз. Мұндай жағдайда өткізілетін
сұхбаттарды тым ресмилендірмеген абзал.
«Егер сұхбат алу үшін интервьердің жұмыс ор-
нына келсеңіз, қосымша ресми мәліметтер алуға
мүмкіндігіңіз бар. Ғалымдардан, зерттеушілерден
сұхбат алған кезде тақырып жайлы жазылған
зерттеу жүмыстарын сұраймын. Көп жағдайда
жұмыстарын оқып шыққым келетінін айтқанда,
олар таң қалады. Сол жұмыстарды оқу арқылы
көптеген ақпараттарға қол жеткізе аламын»
дейді Шляйфштейн.
Ғалымдар тек ғылым жайлы
айтпайды
«Егер ғалыммен сұхбаттасуға келсеңіз, тек ғылыми
жобалар мен экологиялық мәселелермен
шектелмеңіз. Оның жұмыс тәжірбиесінде болған
қызықты оқиғаларымен бөлісуін сұраңыз. Неге
бұл саланы таңдағандарын, ғылыми жолға қалай
келгендерін де сұраңыз. Сіз үшін ақпарат, ал
ғалым үшін ой бөлісу» деп жазады журналист-
фотограф Венди Хольткамп.
27
Сұхбат берушіден түрлі аңыздар жайлы, тарихи
оқиғалар жайлы сұрауды да ұмытпаңыз. Осы
сипаттағы мәліметтер мақалыңыздың ажарын
аша түседі. Жеке тұлғаның ішкі сезіміне назар
салыңыз. Ол өз саласына қатысты ақпаратпен
бөліскенде қандай көңіл күйде болды. Әр де-
тальды қалт жібермеңіз.
Әңгіме желісін бақылаңыз
Оқиғаға барлық қырынан баға бердіңіз бе?
Барлық жағын қарадыңыз ба? Ғалымдар өз зерт-
теу жұмыстары жайлы көп айтқылары келеді.
Әрине, ол қызықты. Бірақ кімнен, нені, қашан,
қалай сұрайтыныңызды жоспарлап алыңыз.
28
Ақпарат жинау мақаланы жарыққа шығарудың
бастапқы сатысы. Экология тақырыбында
мақала жазуда қиын әрі қызықты тақырыпты
оқырманға түсінікті етіп жеткізу маңызды.
Жақсы журналист шешендік өнерді меңгеруі
қажет.
Экология тақырыбында жазатын журнали-
стер түсініксіз терминдерді көп қолданады.
Олар ғылыми мақалаларды талдауға, экология
мәселелеріне қатысты ақпарат жинауға өте көп
уақыт жұмсайды.
Барлық бастапқы жұмыстарды артқа тастап,
журналист мақала жазуға отырады. Көбіне
мақалалар ғалымдарға арналып жазылатындай
көрінеді. Ал біздің аудитория – барша халық.
Сондықтан, баршаға түсінікті етіп жазыңыз.
«Қателіктер жіберілді» деп жазумен шектелмей,
қандай қателіктер орын алғанын толық жазыңыз.
Түсініксіз ғылыми терминдерді мақалада
қолданбаудың бір жолы, ғалымға қатысы
жоқ адамнан терминнің баламасын сұраңыз.
Экологиялық мәселені сіз достарыңызға,
АЛ, ЕНДІ МАҚАЛА ЖАЗУ
ЖОЛДАРЫНА ТОҚТАЛАМЫЗ
Экология тақырыбындағы
мақалалар оқырманның көз
алдына оқиғаны елестетеді.
Күрделі тұжырымдамаларды
түсіндіруде метафора,
салыстыру әдістері
қолданылады. Ең тиімді жолы,
қарапайым тілмен жеткізе
білу мен оқырман назарын
аудару. Ал кәсіби журналист
үшін бұл қиын емес.
29
отбасыңызға қалай түсіндірер едіңіз, мақаланы солай
жазыңыз.
Экология тақырыбында жазатын журналистер үшін өз
мақалаларын өздерінің редакциялауы маңызды. Яғни,
артық сөздер мен артық ақпаратты алып тастау қажет.
Бұл мақалада қолданылмаған ақпараттар басқа мақалаңызға
азық болады. Тағы бір кеңес – экология тақырыбын жазумен
айналыссаңыз, өзіңіздің ұзақ уақытқа арналған жобаңызды
жасаңыз.
Қолдағы бар материалды бір мақалаға енгізсеңіз
оқырманның қабылдауына қиын. Ал бір мәселе жайлы
бірнеше мақала жазсаңыз тұрақты аудиторияңыз үшін
қызықты.
Экологиялық мәселелелер адам ағзасына қалай әсер
ететінін білу – оқырман үшін маңызды. Табиғаттың ғажап
көрінісі, сиреп бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер
жайлы оқу қызықты,әрине. Бірақ адамзат үшін өзінің
денсаулығы барлығынан маңызды.
Қоршаған ортаның ластануына қатысты өткізілген сау-
алнамадан соң, журналист Роджер Визерспун, ластанған
топырақты тазалаудың тиімді жолы - жәндіктермен күрес
деген қорытынды жасады.
Ғалым тек салыстыру әдісін қажет етпейді. Экология
саласындағы заңнамалар мен құжаттар оқырманның
қызығушылығын оята алмайды.
Техникадан бұрын, нақтылық қажет.
«Қазір ядролық өнеркәсіпте зауыттан шыққан қалдықтардың
суға жайылуын анықтауда «шлейф» термині қолданылады.
Қарапайым халық үшін бұл термин түсініксіз. Ал ядролық
өнеркәсіпте зауыттардан он миллиондап төгілетін ластаушы
заттар дегенді білдіреді» деп жазады Визерспун.
Сол себепті, сұхбат барысында бейтаныс сөздер кездессе
нақтылап алыңыз.
Сергей Домнин,
«Эксперт Казахстан» іскерлік
апталығының
тілшісі
ІСКЕРЛІК
БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ
ЭКОЛОГИЯ ТАҚЫРЫБЫ
31
Біріншіден, бұл әзіл қазіргі отандық іскерлік
басылымдардағы экологиялық мақалаларға арқау
болады. Екіншіден, іскерлік журналистиканың
зерттеу негізіндегі экономиканың басты дилем-
масын көрсетеді. Мәселен, табиғат ресурста-
ры шектеулі, ал адамзаттың қажеттілігі шексіз.
Үшіншіден, экологиялық мақалаларды іскерлік
журналистикаға жатады. Себебі, ондай матери-
алдар қысқа-нұсқа жазылады, әрі толық мәлімет
береді.
Бөлім авторының мақсаты – отандық іскерлік
БАҚ-тағы экология тақырыбында жазылған
мақалалармен таныстыру. Бөлімде осы салада
жарық көрген мақалалар мысал түрінде көрсе-
тілген. Экология тақырыбында мақалалар қалай
жазылуда? Сонымен қатар, автор экология
тақырыбында жазылған шетелдік материалдарға
тоқталады. Басқаша қалай жазуға болады? Бөлім
соңында бірнеше дидактикалық кеңестерді ұсы-
нады. Экология тақырыбында қалай жазу керек?
Жазғы экологиялық мектептің сабағында мұғалім:
- Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісі бізге нені үйретеді?-деп
сұрайды.
Бір қыз орнынан тұрып:
- Бұл ертегі қазіргі заманда тұтынудың шексіздігі экологиялық және
гуманитарлық апатқа алып келетінін көрсетеді,-деп жауап берді
(халық әзілі)
32
Қазіргі таңда іскерлік басылымдар экологияға
қарағанда заң тақырыбына назар аударып
отыр. Оның бір себебі, бизнес-басылымдардың
мақсатты аудиториясын кәсіпкерлер мен
кәсіпкерлікпен айналысатын шенеуніктер ғана
құрайды. Олар ақпаратты оқу үшін ғана емес,
өздерінің жеке капиталының жағдайын (са-
яси немесе қаржылық) бақылап отыру үшін
оқиды. Сондай-ақ, қосымша қаржы табу жол-
дарын қарастыру үшін бизнес басылымдарға
жүгінеді. БАҚ-тың басты мақсаты қоғам үшін
маңызды ақпарат тарату болса, іскерлік ба-
сылымдар белгілі топтан құралған мақсатты
аудиториясын ақпаратпен қамтамасыз етуді
мақсат етеді. Оларды Ресейде революцияға
дейін 170 миллион халық арасынан «жоғарғы
жүз мыңдықтар» деп атаған екен. Ал 16
миллион халқы бар Қазақстанда іскерлік
басылымдардың оқырмандары Астана және
Алматы қалаларында ғана бар. Іскерлік жур-
налдар 5 мың тиражбен ғана таралып отыр.
Интернет басылымдарда және газет-журнал-
дарда жарияланатын экологиялық мақалалар-
дың арасында айтарлықтай айырмашылық
жоқ. Тек газет-журналдарда үлкен көлемдегі
материалдар жариялана береді. Ал интернет
басылымдар көбіне қысқа хабарламалармен
шектеледі.
ІСКЕРЛІК
ӘЛЕМДЕГІ
ТАҚЫРЫПТАР
Қазақстандық іскерлік басылымдар эколо-
гия тақырыбындағы материалдарға аз орын
бөледі. Барлық басылымдар анда-санда «Эко-
логия» айдарымен мақалалар топтамасын
беріп отырады.
Осы тұрғыдан алғанда, «Қазақстан Today»
ақпарат агенттігі алда келеді. Олар экологиялық
жаңалықтарды арнайы айдармен таратып жүр.
(http://www.kt.kz/?lang=rus&cat=1133168098)
Экологиялық
материалдарды
сараптауда,
жарнамалық материалдарды есептемегенде,
жағымсыз ақпараттардың көп берілетіндігін
байқадық. Мәселен, техногендік және табиғи
апаттар, олардың алдын-алу мен салдарын
жою, браконьерлік және онымен күрес жай-
лы және т.б. Ал жағымды ақпараттар легін
экологиялық заңнамалар мен қоршаған ор-
таны қорғауға арналған жаңа технологияның
енгізулі жайлы жазылған мақалалар құрайды.
Ара-тұра зоопарктерден ауыстырылған жа-
нуарлар, қайырымдылық мақсатта өткізілген
экологиялық акциялар жайлы материалдар да
кездесті
33
Қазақстандық БАҚ-та көтеріліп жүрген экология тақырыптарын бірнеше топқа бөлуге болады.
ІСКЕРЛІК БАСЫЛЫМДАР
ЖӘНЕ МЕКЕМЕЛЕР
Достарыңызбен бөлісу: |