1
.
Ньюсмейкерлер тізімін дайындап қойыңыз.
Олар: шенеуніктер, ғалымдар, экономистер.
Оларды әр түрлі салалар бойынша топтарға
бөліңіз. Мэлс Елеусізов секілді барлық
экологиялық проблемаларды жіктеп беретін
ньюсмекердің болуы, әрине, жақсы. Бірақ барлық
басылымдар сол адамның пікірін жарыса жари-
ялайтынын ұмытпаңыз. Сіз ньюсмейкерлерді
жан-жақтан іздеңіз.
2
.
Терминдер глоссарийін, қажетті өлшем
бірілктердің тізімін жасап алыңыз. Көмірқышқыл
газы қалдықтарының қалай өлшенетінін, тоннада
неше баррель мұнай бар екенін, радиациялық фон
деңгейінің мәнін біліп алыңыз.
3
.
Тақырыптық жаңалықтарды қалт жібермеңіз.
Интернет-іздеу жүйелерін пайдалану арқылы
жаңалықтардан хабардар болу қиын емес.
Қажет болса ақпаратты жинақтау үшін арнайы
папкалар арнап қойыңыз.
4
.
Салалық тақырыпта сараптамалық мақала не-
месе арнайы мәлімдеме жазу үшін сізге 5-6 сағат
берілді делік. Ең бірінші, осы тақырыпқа қатысты
1-2 монографияны оқып шығыңыз.
5
.
Сараптамалық мақала журналистің қоры-
тындысы бойынша жазылады. Тақырыпты толық
игере алмасаңыз, қорытынды жасаудан сақ
болыңыз.
6
.
Әрқашан бейтарап пікірді ұстаныңыз. Тіпті
құрылыс компаниясы қасиетті орманды отап,
орнына қымбат тұрғын үй кешенін салып жат-
са да, мақалаңызда сіздің кімді қолдайтыныңыз
байқалмауы керек. Есіңізде болсын, оқырманға
журналистің жеке эмоциясы емес ақпарат
маңызды (егер репортаж болмаса). Оның орны-
на қызықты мәліметтер, деректер, экономикалық
көрсеткіштерді қолданыңыз. Ал инфографи-
ка түрінде берілген статистика оқырманның
ақпаратты оңай қабылдауына көмектеседі.
7
.
Өзге басылымдарға қарағанда іскерлік ба-
сылымдарда проблеманың көтерілуі өзгеше.
Сондықтан, экология тақырыбындағы мате-
риалды сол саланың маманы жазғаны абзал.
Оның терминдер мен жалпы заңдылықтар
жайлы білімі бар. Әрине, бизнес-басылымдар-
да тек экономистердің жұмыстары жариялануы
міндетті емес. Іскерлік басылымдарда қазір
тарихшылар мен саясаттанушылар да жұмыс
істейді. Іскерлік басылымдарда автордың
жеке пікірі болмайды. Материал нарық
қатысушылары мен сарапшылардың пікірі
негізінде жазылуы керек. Сонда ғана сіз сапалы
мақала жаза аласыз. Ол қолыңыздан келмесе,
4-кеңеске жүгініңіз.
8
.
Журналистика ғылым емес. Ол ақпарат тара-
туда әртүрлі әдістерді жинақтайды. Әдіс-тәсілдер
тақырыпқа, жанрға байланысты өзгеріп отыра-
ды. Тақырыпқа қарай материалды қандай жанр-
да жазуды журналист өзі шешеді. Бизнес басы-
лымдарда себеп-салдарлық сараптама жасау
әдісі жиі қолданылады.
Іскерлік БАҚ-та белгілі бір сала бойынша маман-
дану журналистің кәсіби шеберлігін дамытады.
Демек, қазіргі нарық жағдайына бейімдейді. Ол
үшін сол саладағы сарапшылардың қолдауы да
аса маңызды.
Игорь Братцев,
MediaNet Халықаралық журналистика орталығының
директоры
ЭКОЛОГИЯ
ТАҚЫРЫБЫНДА
МАҚАЛА ЖАЗУДА
МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ
ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ
46
Бұл тарауда экология тақырыбында мақала жазуда
мультимедианы қолдану жолдары жайлы айтылады.
Экологияның маңыздылығын мойындағанымен,
оларды жаңашылдығы жоқ қызықсыз тақырыптарға
жатқызатын Lkz тұтынушылардың назарын аудару
үшін де мультимедиа қолданылады.
Медиа нарық өзгеріп тұрады. Онда қазақстандық
ақпараттың
және
әлемдік
ақпараттың
тұтынушылары бар. Демек, өзге мемлекеттер-
ден келетін жоғары сапалы медиа өнімдермен
бәсекелес болу үшін отандық басылымдар үнемі
даму үстінде болулары қажет. Өкініштісі, қазіргі
салалық
басылымдарда
мұндай
тенденция
байқалмайды. Қазақстан Ресей медиа нарығымен
бәсекелес бола алмай отыр.
Барлық ақпараттың интернет алаңына көшуі
журналистикаға жаңашылдық алып келді.
Тұтынушылар күнделікті қабылдайтын барлық
ақпараттарынан визуализанияны күтеді. Алайда,
қазіргі БАҚ бұл мүмкіндікті толық қолдана алмай
отыр. Әсіресе, жергілікті басылымдар сайттары-
нан видео, фоторепортаж, инфографика және
медиа-иллюстрацияларды сирек кездестіреміз.
Қазір ақпаратты видео, фотомен жеткізу жол-
дары дамып келеді. Ол ақпаратты тез әрі оңай
қабылдауға мүмкіндік береді.
Зерттеулерге сәйкес, әр адам бір күнде 1,5
мыңнан астам ақпаратты қабылдайды. Барлығын
есте сақтау мүмкін емес. Ал визуалды ақпарат
3 секунд ішінде 10000 ақпараттық бірлікті
қабылдауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, визуалды ақпарат хабарламаны
әсерлі, өтімді қылып жеткізуге әсер етеді. .
47
Мультимедиа
мүмкіндіктеріне
байланысты
журналистерді оқытудағы автордың тәжірбиесі
мультимедиа көмегімен ақпарат таратуды
игерудің жолға қойылмағандығын көрсетті.
Қазіргі
таңда
мультимедианы
оқытуда
журналистиканың техникалық жағына баса мән
беріледі. Яғни, түрлі мультимедиа құралдары:
фото, видео, инфографиканы қолданып жеке бір
ақпараттық өнім жасау. Бірақ журналистер үшін
бір материалда барлық құралды қолдану әзірге
қиын.
Журналист сараптамалық мақала жазғанда
алдын ала мультимедианың қай түрін
қолданатынын таңдап алуы қажет.
Мультимедиа оқырманның ақпаратты өзінше
түсінуіне жәрдем етеді. Тұтынушы ақпаратты
видеодан, аудиодан, фото, инфографика әлде
мәтіннен бастап қарайтынын өзі таңдайды.
Одан кейін өз қалауы бойынша мақаланы оқып
шығады. Сонымен, тұтынушы көтерілген мәселе
туралы толыққанды ақпаратпен қамтамасыз
етіледі.
Сараптамалық материалдар дайындаудағы
мультимедиалық жұмыс оқиғаға баға беруден
басталады. Оны мәтін, видео, дыбыс, сурет, ин-
фографика көмегімен жасауға болады.
Бұрындары сараптамалық мақалалар үлкен
көлемде жазылатын. Мультимедианың көмегі-
МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ
ОЙЛАУ
мен мәтінді видео, фото, аудио, инфографикаға
бөлуге болады. Сонда ақпаратты оқырман оңай
қабылдайды.
Ғаламторда мультимедия құралдарын орна-
ластырудың екі себебі бар. Біріншісі, олардың
кезекпен орналасуына байланысты. Екіншісі,
ақпаратты тез жариялауға мүмкіндік береді.
Сайтта мультимедиа құралдары дайындалу
жылдамдығына қарай орналастырылады. Мы-
салы, іс-шараның соңында немесе іс-шара өтіп
жатқан жерден бірден ақпарат тарата аласыз. Ең
бірінші, тез арада қысқаша ақпарат жариялауға
болады. Содан кейін видеоны монтаждап видео-
ресурстарға жіберіңіз. Фоторепортаж бен инфо-
графиканы соңынан орналастыруға болады.
Мультимедиа құралдарын орналастырғанда,
маңызды ақпараттарды бірінші жіберу керек.
Оны журналист өзі таңдайды. Алайда, ақпарат
бірінші мәтіннен басталуы шарт. Қалғандарын
бірінен соң бірін орналастыра бересіз.
Мультимедиалық форматтағы мақалада барлық
журналистерге таныс «төңкерілген пирамида»
әдісін қолдануға болады.
Осылайша, мультимедиа құралдары оқыр-
манның ақпаратты қабылдауына мүмкіндік жа-
сайды. Мысалы, біз қарастырып отырған экология
тақырыбына тоқталайық. Мәтін, видео, сурет, гра-
фика қосындысынан материал жасауға болады.
48
Алдарыңызда
экология
мәселесі
жайлы
ақпараттық-аналитикалық
мақала
мысалы
көрсетілген. Оны 4-5 бөлікке бөліп көріңіз. Қай
ақпаратты мәтін, сурет, видео, аудиомен инфо-
графикамен беруге болатынын өзіңіз таңдаңыз.
Оқырман әр бөлімге қарап, сараптамалық
мақаланың желісін түсінуі қажет.
Бүркіттерге әр қазақстандықтың көмегі
керек
http://articles.gazeta.kz/art.asp?aid=383161
27 маусымда ҚР Мемлекеттік Орталық
мұражайында «Өз үлесіңді қос. Табиғатты
сақта» жобасының қазіргі жағдайы тура-
лы есеп беру тақырыбы бойынша баспасөз-
конференциясы өтті.
Зоология институты, Efes Kazakhstan компаниясы
және «Сұңқар» жыртқыш құстар тәлімбағы бірігіп
ұйымдастырған «Өз үлесіңді қос. Табиғатты
сақта» жобасының аясында қамауда өсірілген
бүркіттерді табиғатқа жіберу эксперименті
аяқталды. Жоба келесі жылы жалғасын табады
деп жоспарлануда. 2013 жылдың күзінде осы жоба-
ны әрі қарай дамыту жоспарлануда.
Тәжірбиенің бірінші кезеңі қорытындысы бойынша:
Жоба
аясында
«тәжірибелік»
бүркіттерді
отырғызу
және
шығару
орнын
таңдау
мақсатында, ҚР Зоология Институты мен
«Сұңқар» тәлімбағының қызметкерлері 2013
жылдың сәуірінде Алматы облысы мен Алматы
қаласының (Шу Іле таулары және Үлкен және Кіші
Бұғыт, Сөгет және Торайғыр тауларындағы аңшы
шаруашылықтары) өңірлеріне орнитологиялық
ТӘЖІРБИЕ
экспедиция жасады. Бағдардың жалпы ұзындығы
2500 км.
«Көктемде кейбір аудандарда 2013 жыл
жыртқыш құстар мен төлдер саны аз болды.
Мысалы, Үлкен және Кіші Бұғыт аудандарында
бұдан бұрын ұялаған жұптар саны 20-дан кем
емес болатын. Қазір барлығы 6-7 бүркіт жұбы
қалды. Бұл аудандарда табылған 12 бүркіт
ұясының ішінен осы жылы ұрпақ әкелген тек 2
ғана ұя бар»,- деді ҚР зоология Институтының
тәжірибелі орнитологы Андрей Коваленко
тілшілермен кездесуінде.
«Бұл жағдай тәжірбиеміздің маңыздылығы мен дәл
уақтында жүргізілгенін растайды»,-дейді ол.
Экспедиция нәтижесінде «Сұңқар» жыртқыштар
тәлімбағында осы жылдың 3-мамырында тәжірибе
аясында туылған балапандарды отырғызатын
орын ретінде Алматы қаласынан 200 км Алма-
ты облысындағы Манул аңшылық шаруашылығы
таңдалды. Үш балапанды отырғызу 21-мамыр-
да жүргізілді. Біреуін көктемде балалы болған
бүркіттердің қасына қосты.
«Сұңқар» жыртқыш құстар тәлімбағының орни-
тологы Сергей Шмыгалевтың айтуынша: «Бүркіт
балапаны ата-аналарының ұясында 60 күнге дейін
болады. Сонан соң қанаттары қатайғанда ата-
аналарының үйінен ұшып кетеді. Бүркіттерге
тәжірбие жүргізгенімізге екі ай болды. Демалыс
күндеріндегі тәжірбие екі бүркіттің ұядан ұшып
кеткенін, ал біреуі әлі ұяда ұшуға дайындалып
жүргенін көрсетті»
Сонымен қатар «Сұңқардың» 4 бүркіті жабайы
табиғатқа бейімделу мақсатында арнайы во-
льерлерге ауыстырылды. Бүркіттер адамға тез
49
үйренеді. Сондықтан вольерлер тәлімбақтан
басқа жерге көшірілді.
«Құстарды ұшуға өткен жылдан бастап үйреттік.
Дәл қазір олар ұшуға дайын. Соңғы ұшыруды
2013 жылдың тамызында жүргізу жоспарлану-
да», - дейді «Сұңқар» тәлімбағының директорлар
кеңесінің төрағасы Виктор Булекбаев.
Жалпы биыл «Сұңқар» жыртқыш құстар
тәлімбағында дүниеге келген 7 бүркіт «Өз
үлесіңді қос. Табиғатты сақта» жобасының ая-
сында жабайы табиғатқа ұшырылды. Қазақстан
табиғатындағы бүркіттер санын көбейту
мақсатында ұйымдастырылған бұл жоба 2012
жылдың шілде айында басталған болатын. Ал-
дын-ала жасалған зерттеулер бойынша, мамыр
айында жабайы жыртқыш құстардың ұяларына
қондырылған бүркіттердің келесі жылға дейін өгей
ата-аналарының қасында қалатындары белгілі
болды. Ал жақында ғана жабайы табиғатты ме-
кендей бастаған құстардың табиғатта өздерін
қалай сезінетіндігін анықтау үшін, әлі де артта-
рынан қадағалап, зерттеулер жасау керек.
Жобаны жүзеге асыруда «Эфес Қазақстан» ЖК АҚ
компаниясы «Карагандинское» сауда маркасының
сериясын ұсынады. Бүркіттің қызыл суреті бар
ерекше қораптағы «Карагандинское» сырасы
Қазақстанда 2012 жылдың соңына дейін саты-
лымда болады. Әр бөтелкеден түскен 2 теңге
бүркіттерді қорғауға жұмсалады.
Efes Kazakhstan компаниясының «Карагандинское»
бренд өнімдерінен түскен қаражат (2013 жылдың
31-наурызына дейін) жоспардан көп жиналды.
Нәтижесінде өнімнің 4 639 324 бірлігі сатылды.
Бағдарламаның ерекшелігі – оның ашық түрде
өткендігі. Бағдарламаны жүзеге асыруға жұмсалған
қаржыны «Price Waterhouse Coopers» тәуелсіз ауди-
тор-компаниясы бақылады.
Жоба
аясында
ұйымдастырылған
бірегей
эксперименттің арқасында, бүркіттерді жасан-
ды жағдайда өсіріп, табиғатқа жіберу Қазақстан
аймағындағы жыртқыш құстардың жоғалған
түрлерінің санын қалпына келтірудің тиімді
әдістерінің бірі болмақ. Ұйымдастырушылар
бұл жобаны енді алдағы жылы да ары қарай
жалғастыруды жоспарлап отыр.
Тапсырманың мақсаты сараптамалық мақаланы
түпкі мағынасын жоғалтпай мультимедиалық
форматқа ауыстыру болатын. Сізге мақаланы
бірнеше топқа бөліп, мультимедиалық жоспа-
рын жасау тапсырылған еді.
Бұл тапсырма сізді болашақта экология
тақырыбында сараптамалық мультимедиялық
мақала жазуға үйретеді. Бұл мультимедиа анали-
тикасын түсіндіруге арналған жаттығу болатын.
Ал тәжірбиеде қолдану өзіңізге байланысты.
Мультимедия құралдарына жеке-жеке тоқталып
өтейік.
1. Бейне. Бейнеқатардың бірнеше
нұсқасы.
Шара өтіп жатқан орыннан тікелей жазылған
ақпарат
http://www.bbc.co.uk/russian/
multimedia/2011/07/110731_v_syria_hama.shtml
Қатысушылардың, куәгерлер мен
сарапшылардың пікірлері
http://kloop.kz/blog/2012/06/15/grazhdanskie-
aktivistyi-ustroili-piket-pered-zdaniem-knb-v-
zashhitu-bolata-atabaeva-i-zhanbolata-mamaya/
Белгілі тақырып бойынша халықтың пікірі
http://www.bbc.co.uk/russian/
multimedia/2011/07/110725_norway_trial_voxpop.
shtml
Мұрағат материалдары
http://www.youtube.com/watch?v=t5n6G5KkXA4
Тележаңалықтар сюжеті
http://www.bbc.co.uk/russian/
multimedia/2011/07/110731_v_guyana_plane_
crash.shtml
50
2. Инфографика
Үлкен көлемді ақпараттарды сөздермен емес
сызбалармен жеткізу тиімді.
Ең бастысы, сызбаның әрленуі емес,
ақпараттың
жеткізілуі
маңызды!
Инфографиканың басты ережесі - «аз
уақытта көп ақпарат беру». Сонымен қоса,
сызба арқылы ақпаратты оқырман тез
қабылдайды
Инфографиканы қай кезде қолдану керек:
•
Қандай да бір оқиғаның дамуын көрсеткенде
•
Жұмыстың алгоритмін көрсеткенде
•
Оқиғаны немесе көрсеткіштерді салыстырғанда
•
Үлкен көлемді ақпаратты аудиторияға
жеткізгенде.
Инфографикада барлық қажетті ақпараттар
болуы керек. Мәтінсіз сызба ақпараттың
мағынасын ашуы керек.
Инфографика жасаумен дизайнерлер айналыса-
ды. Бірақ инфографикада қолданылатын барлық
ақпаратты журналист жинақтайды
Мысалы'>Мысалы.
Егер мемлекеттердің көлемін мұнай
қорларының мөлшерімен есептейтін болсақ,
әлем картасы осылай өзгерер еді.
51
Экология тақырындағы инфографикаларды мына сілтемелерден таба аласыз
Соңғы он жыл көлеміндегі, адамзаттың экологиялық проблемалармен күресуі.
http://eco.ria.ru/ecoinfogr/20120620/677747591.html
Ресейдегі төтенше жағдайлардың болжамы.
http://eco.ria.ru/ecoinfogr/20111229/529142144.html
Улы газдың адам ағзасына әсері.
http://eco.ria.ru/ecoinfogr/20100803/261257376.html
52
3. Сурет
Оқиғаны суреттеу
•
фоторепортаж, оқиғаның даму сатылары
•
фотоэссе, мәселенің эмоциялық қырын жеткізу
•
проблеманың өзге орындарда орын алуы
•
оқиғаға қатысушылардың суреттері
•
мұрағат суреттері
•
қарама – қайшылықты көрсететін суреттер. Мыса-
лы, оқиғаға дейінгі және оқиғадан кейінгі суреттер.
Фоторепортажды қалай жасаймыз?
Мысалы
, «Нордик» мұзжарғышы өткізген Гринпис Ак-
циясынан фоторепортаж
http://eco.ria.ru/ecophoto/20120503/640285306.html
4. Аудио
Қазір мультимедиада аудио сирек
қолданылады
•
басқа қалада, шет елде тұратын сарапшының ойын
білу үшін
•
бейнетаспаға түсіру мүмкін болмаған қақтығыстар
•
өзге жағдайларға байланысты жазылған аудиолар
Сонымен, қорытындылайық. Іс –шараға бармас бұрын
мультимедиялық алгоритм құрастырып алыңыз.
53
МУЛЬТИМЕДИА АЛГОРИТМІ
Мультимедиа бағытында ойлау мультимедиа компоненттерін байланыстырудан құралады.
Алайда, бір мақалада 2-3 түрін ғана жинақтауға болады.
Мысалы
, видео мен жаңалық мәтіні
«Жасылдардың» шыршасы.
http://eco.ria.ru/ecovideo/20081215/157258746.html
Бастапқы
ақпарат
Он-лайн ақпарат
Видео. 1-2 нұсқа дайындау
Фото. 1-2 нұсқа дайындау
Инфографика. Ақпаратты
топтастыру.
Аудио. 1-2 нұсқа дайындау
54
Ең соңында айтарымыз, мультимедиа құралдарының барлығына ақпараттық тақырыптар қоюды
ұмытпаңыз!
Бастапқы
ақпарат
«Қарағандыда
сары түсті қар
жауды»
Видео
- оқиға
- сарапшылар пікірі
- халық пікірі
Фото
- фотоэссе. қала көрінісі
- тазалау құралдары
Инфографика
Не жайлы?
Металлдардың адам ағзасына әсері
Мәтін
Не жайлы?
- сараптама қорытындысы
- сарапшылардың пікірі
- бекграунд
Мультимедиа жүйесін жасау
Бастапқы ақпарат.
Қарағандыда сары қар жауды
Қарағанды. 18 наурыз
Kazakhstan Today – Қарағандыда тосын құбылыс.
Бүгін қалада жауып қалған сары түсті қар
жергілікті тұрғындарды біраз әбігерге салды.
Қардың бұл ерекше түсін мамандар табиғи
құбылыспен байланыстырады.
Олардың айтуынша, бұл жайтқа ауа кеңістігіне
басқа аймақтарда желмен көтерілген сарғыш
құмның әсері болуы мүмкін. Сондай-ақ, олар:
«Өндіріс кезінде ауаға өте үлкен көлемде күкірт,
мұнай, темір қалдықтары бөлінсе, қардың түсі
сарыға боялуы әбден мүмкін», - дейді.
Табиғаттың тосын құбылысының денсаулыққа
қаншалықты зиянды екені тек химиялық зерт-
теулерден кейін белігілі болады. Қарға сары
түсті химиялық қалдықтар берді ме, әлде
оған мыңдаған шақырымдағы қызыл-сары
құмдардың әсері болды ма? Мамандар алдымен
осыны анықтау үшін сараптама жүргізуде.
Бұл ақпараттан мультимедиалық сараптама
жасауға болады ма? Оны веб-порталдарда
қалай орналастыруға болады?
Үлгіге назара аударыңыз:
Достарыңызбен бөлісу: |