Журналистика


Тақырыптар Материалдың сипаты



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата21.01.2017
өлшемі1,26 Mb.
#2415
1   2   3   4   5

Тақырыптар

Материалдың сипаты

Ақпараттың БАҚ-та 

жариялануы

Оқиғалар мен 

табиғи апаттар

Экологиялық қауіп тудыратын  кез келген оқиғалар. 

Журналистерді зардап шеккендердің саны, қаржылық шығын 

көлемі, зардап шеккендерге көмек пен өтемақы көлемі 

қызықтырады. 

Оқиға республикалық масштабта 

болса, ақпараттық агенттіктерде 

жарияланады,

 онлайн-басылымдар, газет-

журналдар. 

Жариялану жиілігі: жиі

Мемлекеттік 

бағдарламалар

ҚР-да әр саладағы Үкіметтің белсенділігі қажетті 

бағдарламаларды жүзеге асырылуымен байқалады. Мысалы, 

2011-2015 жылдарға арналған Қазақстанның Қоршаған ор-

таны қорғау министрлігінің Стратегиялық жоспары. Іскерлік  

басылымдарда бағдарламаның жүзеге асыру кезеңдері, 

жоспарланған қаржы көлемі, жауапты мекемелер мен күтілетін 

нәтижелер туралы ақпараттар беріледі.

Газеттер мен журналдар

Жариялану жиілігі: сирек



Болашақта пайда 

болуы мүмкін 

мәселелер

Көп жағдайда проблемаларды шешуді жекелеген тұлғалар 

мен ұйымдар (ҒЗИ, ҮЕҰ, редакциялар) ұйымдастырады. Әдетте, 

экологиялық мәселелерді шешудің механизмдері талқыланып, 

баға беріліп болғаннан соң, балама әдістер ұсынылады.  

Журналдар

Жариялану жиілігі: сирек

Экологияға әсер 

етуші бизнес-

жобалар

Бизнес – іскерлік басылымдардың басты объектісі. Көп жағдайда 

бизнес табиғатқа зиян келтіруші болып қарастырылады. 

Олар: өндірістік қалдықтар, құрылыс нысандарын салу. 

Журналистердің міндеті – бизнесмендердің әрекеттерін, 

қаржыландырылуын заңға сай екендігін бақылау. Осы тұрғыда 

қоғам мүшелері (ҮЕҰ), мемлекеттік құрылымдар, тәуелсіз 

эксперттік қауымдастық мүшелері сізбен мүдделес.

Газет- журналдар. 

Жариялану жиілігі: орташа



Жер байлығын 

өндіруші мен 

мемлекет 

арасындағы дау-

дамайлар

ҚР-дағы жер байлығын өндірушілер іскерлік басылымдардың 

басты жағымсыз қаһармандары. Қоршаған ортаны қорғау ту-

ралы заңды бұзу үлкен көлемді айыппұл төлеуге мәжбүрлейді. 

БАҚ өкілдері үшін айыппұл көлемін білу өте қызықты. Сонымен 

қатар, бұл жерде жер байлығын өндірушінің табиғатты қорғау 

мақсатында қанша ақша жұмсайтыны, жобасының мерзімі  

қызықтырады.

Ақпараттық агенттіктер, газет-

журналдар 

Жариялану жиілігі: жиі

Ірі экологиялық 

шаралар

Журналистер оқиғаның барысы туралы әңгімелеп, оның көлемі 

мен экономикалық әсеріне баға береді. 

Ақпараттық агенттіктер, мерзімді 

баспасөз (сирек) Жариялану 

жиілігі: орташа 



34

Іскерлік  басылымдарда  көп  жарияланатын 

экономикалық мақалалар көптеген экологиялық 

мәселелердің  тасада  қалып  отырғандығын 

көрсетеді.  Көптеген  экологиялық  ҮЕҰ  мен  биз-

нес өкілдерінің айтуына қарағанда, іскерлік БАҚ 

«экологиялық  бағытты»  сирек  ұстанады.  Тек 

экология  тақырыбы  ғана  емес,  өзге  де  іскерлік 

журналистиканың  бағыттары  басылымдар-

да  аз  кездеседі.  Медиа-нарықтың  заңы  со-

лай:  бірде-бір  редактор  жасыл  болашақ  үшін 

күресіп жатқан ұйым туралы ақпарат жарияла-

майды. Жарнамалық материал беремін десеңіз, 

әрине  болады.  Бірақ  жеке  компаниялардың 

PR-бөлімінде жұмыс істейтін жалақысы жоғары 

қызметкерлер  жазуы  тиіс  дүниені  журналистің 

жазуы міндетті емес. Сондықтан да, іскерлік ба-

сылымдарда  «жағымды»  мақала  кездестірсеңіз, 

редакцияның атынан жарияланса да, оны жар-

нама деп қабылдаңыз.  

Іскерлік  басылымдарда  жарияланатын  матери-

алдар қалай дайындалады? 

Бизнес-басылымдарға  арналған  мақалалардың 

негізгі ережелерін ұсынамыз:



1

.

 Кез келген материалда мәселе мен мәселені 

көтерудегі мақсат бірінші кезекте тұруы керек. Бұл 

форматта  жазылған  іскерлік  басылымдардағы 

материалдар ғылыми баяндамаға ұқсайды. Про-

блема (идея) тақырыпта айтылады, ал мақсаттары 

мен міндеттері мәтіннің бөлімдерінде жазылады.

2

.

  Ақпарат  көзі  болмаса,  ақпарат  та  жоқ.  Ал 

сілтемесіз  және  спикерсіз  ақпарат  көзі  бол-

майды. Кез келген ақпараттың «авторы» болуы 

керек.  Оның  қашан  және  қалай  БАҚ-қа  келіп 

түскенін  айту  да  маңызды.  Материалда  пікір 

берушінің  аты-жөні,  қызметі  толық  жазылуы 

керек.


3

.

 Барлық журналист үшін объективтілік қажет 

болса,  іскерлік  басылым  тілшісі  аса  объективті 

болуы  шарт.  Журналист  кемінде  екі  адамның 

пікіріне  жүгінуі  қажет.    Мақаланы  жариялама-

стан  бұрын    спикерлерден  алынған  пікірлерді 

тағы бір рет тексеріп алған абзал.  

4

.

 Мұнайшылар мен қаржы мамандары секілді 

экологтардың  да  өз  сленгтері  бар.  Журналист 

оны  оқырманға  түсінікті  етіп  жеткізу  керек. 

Түсініксіз сөздерге түсіндірме беру де маңызды. 

5

.

  Сәтті  шыққан  мақаланың  астарында  даулы 

мәселе болады. Мұндай мақалалар  дауға қатысы 

бар адамдардың да, қатысы жоқ адамдардың да 

назарына  ілігері  сөзсіз.  Сондықтан,  редакцияға 

телефон шалушылар саны да артады.

Іскерлік  басылымдарға  материал  дайын-

дау  ақпарат  көздерін  жинаудан  басталады. 

Тақырыпқа  орай,  нені  қайдан  қалай  іздеу  ке-

рек  екендігін  анықтап  алыңыз.  Іскерлік  басы-

лымдарды  қаржы,    динамикалық  көрсеткіштер, 

физикалық 

көлемдер, 

сарапшылардың 

қорытындылары  мен  бағалаулары  қызықты-

ратыны оқырмандарға белгілі.

Экология тақырыбындағы ақпарат көздері:


35

ұйым (сайт)

дәрежесі

мәліметтер

ҚР Қоршаған ортаны қорғау 

министрлігі

http://www.eco.gov.kz

Мемлекеттік 

мекеме


Заңнама жайындағы мәліметтер, ҚОҚ жобалары, 

еліміздегі экологиялық жағдай туралы есептер, 

экологиялық статистика, халықаралық әріптестік 

туралы ақпарат, ресми пікірлер үшін министрліктің 

баспасөз қызметінің байланыс мәліметтері 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

http://rus.emer.kz/

Мемлекеттік 

мекеме

Күнделікті шұғыл ақпараттар топтамасы, 



аймақтардағы ТЖ туралы есептер, ТЖМ 

бөлімшелерінің байланыс мәліметтері

ҚР Статистика агенттігі

http://www.stat.kz

Мемлекеттік 

мекеме


Қоршаған ортаны қорғау бойынша соңғы 5-6 

жылдық көрсеткіштер, 20-жылдық статистикалық 

мәліметтердің динамикалық қатары («Қоршаған 

ортаны қорғау» айдарын қараңыз  

http://www.stat.kz/

digital/ohrana/Pages/default.aspx

)

Экология және климат Қазақ ғылыми-



зерттеу институты 

http://www.ecoclimate.kz/

Ғылыми-

зерттеу 


институты

Қазіргі зерттеулер туралы мәліметтер, көрсеткіштерді 

есептеу әдістемесі, сарапшылардың байланыс 

мәліметтері

Климат өзгеруі бойынша 

Координациялық орталық

http://www.climate.kz/rus/

Ғылыми-


зерттеу 

институты

ҚР нормативті-құқықтық актілері мен халықаралық 

құжаттар.  Сарапшылардың байланыс мәліметтері

ҚР Қоршаған ортаны қорғау 

ақпараттық-сараптамалық орталығы  

http://www.iacoos.kz/

Ғылыми-


зерттеу 

институты

Экологиялық ақпараттар қоры, сарапшылардың 

байланыс мәліметтері. Орталық табиғат 

байлықтарын пайдалану саласы бойынша кеңес беру 

қызметтерімен айналысады

«Табиғат» жасылдар партиясы 

http://greenparty.kz/

Саяси ұйым

Жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат, 

партия төрағасы Мэлс Елеусізовтың байланыс 

мәліметтері 

ҚР Орхус орталығы

http://aarhus.kz

Үкіметтік 

емес ұйым

Орталықтың аймақтық бөлімшелері жайлы, ҚО-ға 

сыртқы күштердің әсерін қоғамның бақылауы туралы 

мәліметтер

Экологиялық қауіпсіздік пен табиғат 

байлықтарын пайдалану туралы 

ақпараттық портал

http://ecosos.kz/

Үкіметтік 

емес ұйым

Экологиялық статистика, экология жаңалықтары

ресми құжаттар, сарапшылар пікірі  

Орталық Азияның аймақтық 

экологиялық орталығы

http://carec.kz

Үкіметтік 

емес ұйым

Сарапшылар пікірі, бағдарламалар туралы 

мәліметтер

«EcoIDEA» қоғамдық қоры 

http://www.ecoidea.kz/

Үкіметтік 

емес ұйым

Қор жүзеге асырып отырған жобалар туралы 

мәліметтер, сарапшылардың байланыс мәліметтері

«Greenwomen» сараптамалық-

экологиялық агенттігі 

http://www.greenwomen.kz

Үкіметтік 

емес ұйым

Химиялық қауіпсіздік, берік органикалық 

ластаушылар туралы Стокгольм конвенциясы, 

тұрақты даму жайлы сараптамалар

«Интерфакс» АА нұсқасы бойынша 

жасалған кәсіпорындардың 

экологиялық ашықтығы рейтингісі

http://www.interfax.kz/?lang=rus&int_

id=11&news_id=6330

Бұқаралық 

Ақпарат 

Құралдары

Өндірістік кәсіпорындар жұмыстарының экологиялық 

ашықтығының көрсеткіштері 



36

Материалға  қажетті  барлық  ақпараттарды  жи-

нап болған соң, қандай жанрда жазатыныңызды 

анықтап алыңыз. Енді экология тақырыптарында 

жазылған 

материалдардың 

жанрларына, 

құрылымдарына тоқталып өтейік.



Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық  агенттіктер,  жаңалықтар  қызметі 

және  телеарналар  осы  жанрда  ақпарат  тарата-

ды. Мақсаты – жаңалықты барынша анық, қысқа 

әрі  нұсқа  тарату.  Ақпараттық  хабарламаның 

құрылымы  тақырыптан,  ақпарат  көзі  ұсынған 

пікірлерден  тұрады.  Хабарламаның  соңында 

проблеманың  аздаған  тарихы,  өзге  қосымша 

ақпараттар беріледі. 

Ақпараттық  хабарламада  сараптама  жасалмай-

ды, тек ақпарат беріледі.

Мысалы:


Karachaganak  Petroleum  компаниясына  жүк-

телген  Т7,5  млрд  көлеміндегі  экологиялық 

айыппұлмен келіспейді

Орал.  4  сәуір.  ҚазТАГ  –  Karachaganak  Petroleum 

компаниясына  жүктелген  Т7,5  млрд  көлеміндегі 

экологиялық  айыппұлмен  келіспейді  деп  хабар-

лайды ҚазТАГ тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған 

ауданаралық  соты  «Жайық-каспий  экология 

АҚПАРАТ КӨЗДЕРІН 

ІЗДЕУДЕГІ ЖУРНАЛИСТ 

ЖҰМЫСЫ


департаменті» МБ-ның Karachaganak Petroleum 

Operating B.V. компаниясы ЖТАҚ-на қарсы берген 

2010  жылы  қоршаған  ортаны  рұхсат  етілген 

көлемнен  тыс  ластағаны  үшін  Т7,5  млрд-

тан  астам  зиян  келтіргені  үшін  азаматтық 

ісі  қаралды  деп  хабарлады  соттың  баспасөз 

қызметі.

«Соттың  шешімі  бойынша  KPО  компаниясы-

нан  қоршаған  ортаны  ластағаны  үшін  мемле-

кет  есебіне  Т7  525  695  049  көлемінде  айыппұл 

және  Т225  770  851  көлемінде  мемлекеттік 

салық  салынды.  Жалпы  алғанда  тұзды-қышқыл 

қалдықтары  30  тоннаны  құраған»,-  деп  хабар-

лайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сонымен  қатар,  KPO  компаниясы  өкілінің  та-

рапынан 

мамандандырылған 

ауданаралық 

экономикалық  соттың  шешіміне  қатысты 

аппеляциялық  шағым  түсуіне  байланысты 

аталған  азаматтық  істің  облыстық  соттың 

аппеляциялық 

сот 

алқасының 

қарауына 

жіберілетіндігі хабарланды. 

Karachaganak 

Petroleum 

Operating 

– 

Қарашығанақ  жобасын  жүзеге  асыру  үшін 

бірлескен  компаниялардың  консорциумы.  Оған 

әрқайсысының үлесі 32,5%-ды құрайтын BGroup, 

Eni, сонымен қатар 20%-бен Chevron және 15%-

бен Лукойл кіреді.  

37

Ақпараттық түсіндірме

Ақпараттық түсіндірме - газет жанры. Ақпараттық 

хабарламаның 

принциптерімен 

жазылған 

қысқаша  түсіндірме.  Көлемі  ақпараттық  хабар-

ламадан  үлкен  және  оқиғаны  жан-жақты  тал-

дайды.  Түсіндірменің  тақырыбы  нақты,  қысқа 

болуы  шарт.  Құрылымы  лидтен  және  2  немесе 

3 сұхбат берушінің пікірінен тұрады. Ақпараттық 

түсіндірмеде  ақпарат  пен  сараптама  қатар 

жүреді.


 

Мысалы:


«Коммерсантъ-Online”, 

23.01.2012 // 18:15

Алексей Шаповалов

Бизнесмендер  мен  экологтар  «Хаависто 

әсеріне» баға берді

Финляндиядағы  президент  сайлауының  екінші 

турына  «Жасылдар»  партиясынан  үміткердің 

өтуі  әлемдік  саясатта  бұрын-соңды  болмаған 

жағдай.  Бірінші  турда  Пекк  Хаависто  қол 

жеткізген 

нәтиже 

Финляндияның 

өзінде 

«таңқаларлық»  деп  бағаланды.  «Жасылдар» 

партиясы өкілінің табысы саяси өмірге «Хаави-

сто әсері» деген түсінік енгізді. 

РФ  экологиялық  қауымдастығының  өкілдері 

Хаавистоның  президент  болып  сайлануы 

Ресейдегі  экологиялық  сасаттың  дұрыс  жолға 

түсуіне  әсер  етер  еді  деп  санайды.  «Мен  Пее 

Хаавистомен  Думаның  экология  бойынша 

комитеті  төрағасының  орынбасары  және 

төрағасы болған кезімнен бері таныспын. Соңғы 

он жылда елімізде экологиялық заңнамалар мен 

басқарма  шешімдерінің  қабылдануына  тек 

халықаралық  жағдайлар  әсер  етті»,  -  дейді 

ұлттық  экологиялық  аудиторлық  палатаның 

төрағасының  орынбасары  Тамара  Злотнико-

ва.  WWF-тың  ресейлік  өкілдігі  табиғатты 

қорғау  саясаты  бойынша  директоры  Евге-

ний  Шварц  Хаависто  мырза  президент  болып 

сайланған  жағдайда,  Фенноскандия  орманда-

рын,  фин  шекарасының  бойындағы  қарт  ор-

мандарды  қорғаудың  дамуына  және  Ресейдің 

солтүстік-батысындағы  адам  аяғы  баспаған 

ормандардың сақталып қалуына, балтық теңізі 

арқылы  мұнай  тасымалдағанда  қауіп-қатердің 

барынша  алдын-алуға  күш  салынатындығына, 

финдықтардың 

теңіз 

арқылы 

мұнай 

тасымалдаудың 

қауіпсіз 

технологияларын 

жүзеге  асыруға  өз  үлесін  қосатындықтарына 

сенетінін айтты. 

Федералды  кеден  қызметінің  мәліметтері 

бойынша,  Финляндия  2011  жылы  РФ  сыртқы 

саудасының шамамен 3%-на ие болған. 

Ал  ресейлік  шикізаттың  Финляндияға  экс-

порты  Ресейге  келетін  импорттан  (негізінен 

жоғары  технологиялық  құрылғылар)  екі  есе  көп 

болып  шыққан.  Энерготиімділік  пен  қоршаған 

ортаны  қорғау  салалары  бойынша  жұмыс 

істейтін  70  фин  көшбасшы-компанияларынан 

тұратын  Cleantech  Finland  “Ъ”  басылымына 

берген  пікірінде:  «Үкімет  Финляндияның  келесі 

президентінің  кім  болатынына  қарамастан 

таза  технологиялар  секторын  дамытуға 

құлшыныс  білдіріп  отыр.  Ресей  басымдыққа  ие 

нарықтардың  бірі  болып  қала  береді»,  -  деп 

мәлімдеді. 

Ресейлік  бизнестің  өкілдері  Пекк  Хаави-

сто  президенттікке  қол  жеткізген  соң 

экономикаға  да,  экологияға  да  қатысты 

көзқарасын  өзгертуі  мүмкін  дейді.  «Егер 

осындай  жоғары  лауазымға  экологиялық 

қауымдастықтың  өкілі  келетін  болса,  ол 

мүлдем өзгеруі мүмкін. Менің ойымша, үміткер 

«жасылдар қатарында» осыған дейін ұстанған 

талаптарының  тым  артық  екенін  түсінуі 

мүмкін.  Экономика  мен  экология  алтыбақан 

секілді  бір-бірінен  асып  кетпеуі  керек».  - 

деп  мәлімдеді  РӨКО  экологиялық  комитеті 

төрағасының  орынбасары  Юрий  Максименко 

«Ъ» басылымына берген сұхбатында.

38

Сараптамалық мақала  

Сараптамалық  мақала  -  журнал  материалда-

рына  тән  жанр.  Әсерлі  тақырып  қойылған, 

кеңейтілген  лиді  бар,  бірнеше  тақырыпшадан 

тұратын  мерзімді  баспасөз  жанры.  Онда 

статистикалық  мәліметтер  көп  қолданылады. 

Негізгі  тұжырымдар  мен  назар  аударарлық 

тіркестер мәтін ішінде ерекшеленіп беріледі. Не-

месе жеке инсерт түрінде ұсынылады. 

«Осыған  дейін  не  болды?  Қазір  не  болып  жа-

тыр?  Оқиғаның  негізгі  қатысушылары  кімдер? 

Бұл кімге тиімді? Ары қарай не болады?» деген 

сұрақтарға жауап береді. Мақалада журналистің 

тараптардың бір жағына шығып кету қаупі бар. 

Мұнда  журналистің  жеке  пікірі  араласпауы  ке-

рек.  Материалды  дайындауда  ақпарат  көздері 

мен мәліметтердің барынша көп болғаны дұрыс. 

Мәліметтерді  өңдеп,  мүмкіндігінше  көп  сарап-

шыдан пікір алуыңыз керек. Бұл сараптаманың 

салыстырмалы, салмақты болуы үшін қажет. 



Мысалы:

«Эксперт Казахстан» №13 (354), 

02 сәуір 2012

Василий Калабин, Анастасия Моторина

Балансты сақтау

«Көкжайлау» жобасы Қазақстандағы халықаралық 

туризмның  сапалы  дамуының  бастамасы  болуы 

мүмкін.  Бірақ  Алматы  аймағындағы  экожүйеге 

қауіп төндіру қаупі бар. 

Көкжайлау 

курорты 

Қазақстанда 

әлемдік 

деңгейдегі  тау  шаңғысы  туризмінің  негізгі  орны 

болуы  керек.  Осыған  дейін  алматылықтар  жаяу 

қыдырып,  велосипед  тепкен  таулы  жерлерде  ірі 

инфрақұрылымдық  жоба  іске  қосылмақшы.  Идея 

авторлары бұл жоба болашақта Қазақстанға таң 

шаңғысы  туризмін  альпілік  елдеріндегідей  жеке 

сала  ретінде  дамытуға  мүмкіндік  береді  дейді. 

Сәйкесінше,  бұл  экономиканы  әртараптандыруға 

әсер  етеді.  Алайда  қарсы  пікір  айтушылар  да 

бар.  «Зеленое  спасение»  экологиялық  ұйымы 

Көкжайлауды  қорғау  мақсатында  2,5  мыңнан 

астам қол жинады.

Ұйым  мүшелері  құрылыс  жұмыстары  аймақтағы 

экологиялық жүйеге зиян келтіреді деп санайды. 

Жалпы  алғанда  қоғам  бұл  идеяны  күмәнмен 

қабылдады. Туризмның дамуы, Алматыны әлемдік 

деңгейдегі туристік орталыққа айналдыру тура-

лы әңгімелердің ұзақ уақыт бойы сөз жүзінде қалып 

келе  жатқандығы  тағы  бар.  Туризм  және  спорт 

министрлігі Үкіметтің атынан жыл сайын тури-

стер саны артқаны туралы есеп береді. Алайда іс 

жүзінде біз тек бизнес-туристерді, яғни елге тек 

жұмыс сапарымен келгендерді көріп жүрміз. 

Мүмкін  жаңа  шаңғы  курорты  қысқы  демалыс 

мезгілін  ұнататындардың  сүйікті  орнына  айна-

луы үшін, мемлекет туризмге қонақжайлылық ин-

дустриясы ретінде мән беруі қажет.

 

Бос орын

 

Жоба  басшылары:  «Жоба  жүзеге  асқан  жағдайда 

шетелдік  валюта  қосымша  қаржы  көзі  ретінде 

пайдаланылып,  төлем  балансы  мен  ортақ  экс-

порт дамиды. Елдің ЖІӨ мен қаланың ЖАӨ арта-

ды. Қосымша жұмыс орындары ашылып, қажетті 

салалардың дамуына түрткі болады» дейді.

Жоба мемлекет-жекеменшік әріптестік механизмі 

арқылы  жүзеге  асырылады.  Мемлекеттің  ин-

вестиция  көлемі  700  млн  доллар  (25%),  ал  жеке 

инвесторлардың  бөлетіні  2,1  млрд  доллар  (75%) 

болады.  Мемлекет  инфрақұрылымның  дамуын  өз 

міндетіне  алады.  Жол  тетіктерін  бір  қалыпқа 

келтіру,  көтергіштердің  құрылысы,  жасанды 

қар  жүйесін  жасау,  қар  көшкіндерінен  қорғану, 

жолдар  салу,  жарық  жүйесі,  канализация  және 

т.б.  жұмыстарды  өз  мойнына  алып  отыр.  Қонақ 

үйлерді,  демалыс  және  спорт  орталықтарын 

жекеменшік компаниялар салады. 

39

Алғашында жобаны Шымбұлақтың дамуымен ай-

налысатын  Capital  Partners  компаниясы  ұсынған 

болатын.  Оған  әкімшіліктің  жанынан  құрылған 

туризм  басқармасы  жетекшілік  етеді.  Депар-

тамент  «Көкжайлау»  жобасымен  айналысатын 

мемлекеттік  компанияның  тең  құрылтайшысы 

болды. Қазір оны тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Компанияның  басшысы  Capital  Partners-ң  бас  ди-

ректоры Александр Гужавин болмақ.

 

Жобаны  үш  кезең  бойынша  жүзеге  асырылады. 

Таң шаңғысы туризмінің дамуы концепциясы мен 

ТЭН-ды  дайындау  (2012  жылдың  соңына  дейін). 

Үкімет  ТЭН-ды  бекіткен  соң,  жұмыс  жобасын 

дайындау  (2013  жылдың  соңына  дейін).  Құрылыс 

жұмыстарын жүргізу (2013-2016 жылдар аралығы). 

Алматы  қаласы  Туризм  басқармасы  өкілдерінің 

айтуынша, әлем бойынша көшбасшы тау шаңғы 

орталықтарының  біріне  айналуға  Алматы 

аймағының табиғи-климаттық, аймақты, геоса-

яси артықшылықтары мүмкіндік береді.  

Capital  Partners  бас  директоры  Александр  Гу-

жавин:  «Әлемдік  туризмнің  даму  трендіне  на-

зар  аударсақ,1995  жылы  туристер  санының  534 

млн, 2008 жылы 982 млн болғандығын, ал болжам 

бойынша  2020  жылы  1,6  млрд  болатындығын 

көреміз»,-  дейді.  Азия-Тынық  мұхит  аймағына 

келушілердің  саны  да  артып  келе  жатыр.  Алек-

сандр Гужавин еліміздің дамушы елдер қатарында 

екендігін  атап  өтті.  Ел  экономикасы  дамығанда, 

халықтың  жағдайы  жақсара  түседі.  Сонда  ғана 

халық саяхат жасауға мүмкіндік алады. 

Жоба  авторлары  болашақтағы  келуі  мүмкін 

деген  клиенттерді  шамамен  санап  шықты. 

Ұшақ  уақытымен  санағанда    3  сағаттық 

жерде  600  млн  адам,  4  сағаттық  аумақта 

1,3  млрд  адам  тұрады  екен.  Бұл  ареалға  Ал-

маты  аймағындағы  таң  шаңғысы  кешенінің 

қызметін  пайдалануға  қызығушылық  білдіруі 

мүмкін  деген  ірі  қалалар  мен  елдер  кіреді. 

Олар: Қазақстан, Қытай, Парсы шығанағының 

елдері,  Әзірбайжан,  Түркия,  Ресей,  Украина, 

Үндістан,  Пәкістан  және  тағы  басқалар.  Ірі 

тау  шаңғысы  курорттар  саны  Еуропа  мен 

АҚШ-та өте көп. Ал Азияда бұл кенже қалған 

салалардың бірі. 

Александр  Гужавинның  айтуына  қарағанда, 

Австрияға  қарағанда  Түркияға  көп  туристер 

барады.  Алайда,  Австрия  туризм  арқылы  үлкен 

табыс тауып отыр. Себебі, тау шаңғысы ең та-

бысты туризм түрлерінің бірі болып есептеледі. 

Орта есеппен алғанда, бір адам жағажай туризмі 

үшін күніне 50 доллар, ал тау шаңғысы туризмы 

үшін 250 доллар жұмсайды екен. Сырғанау саяхат-

шы шығынының тек төрттен бірін ғана құрайды. 

Оған кеткен 1 доллар туризмның түрлі экономи-

касынан  түскен  15  доллардың  ішіне  кіреді.  Міне, 

мультипликативті әсер дегеніміз осы. 

Алматы қалалық Туризм басқармасының бастығы 

Бақытжан  Жұламанов:  «Шымбұлақ  та,  Ақбұлақ 

та,  Табаған  да  шет  елден  келетін  туристердің 

талаптарына сай келмейді. Олар тым кішкентай. 

Жергілікті  тұрғындарға  арналып  салынған.  Жаңа 

ірі  курортты  салатын  орынды  таңдау  осыдан 

төрт  жыл  бұрын  басталған.  Шетелдік  маман-

дар  шақыртылды.  Барлығы  бірден  Көкжайлауды 

таңдады. Үлкен көлемдегі курорт құрылысы үшін 

сол  жер  лайықты.  Жер  бедері  жақсы.  Ең  басты-

сы Альпі, Сочи, Жапония, Қытай және Үндістанға 

қарағанда климаттық жағдай жақсырақ», - дейді 

ол.  Туризм  басқармасы  Көкжайлауға  жыл  бойы 

түсетін  қардың  орташа  көлемі  9  м  екендігін 

атап өтті. Ол сырғанау маусымын 7 айға созуға 

мүмкіндік береді. Танымал шетелдік курорттарда 

бұл көрсеткіштер төмен. Мысалы, Швейцариядағы 

Церматта маусым тек 5 айға созылады. Түсетін 

қардың орташа көлемі – 3,5 метр. Ал АҚШ-тағы 

Аспенде 5 айға созылады. Қардың орташа көлемі 

7,62 метрге тең. Бұған қоса бізде құрғақ қар жау-

ады. Бұл сырғанауға қосымша мүмкіндік жасайды. 

Әкімшілік 

алдын-ала 

жүргізілген 

есептеу-

лер  бойынша,  құрылысқа  шамамен  20  мыңдай 

адам 

жұмылдырылатындығын 

айтты. 

Мультипликативті әсерді ескергенде, әр түрлі са-

лалар бойынша 20 мыңнан 80 мыңға дейін маман 

жұмыспен  қамтылмақ.  Бұл  –  жобаның  алдын-ала 

жүргізген есебі.

40

Жағымсыз ұсыныс 

«Зеленое  спасение»  экологиялық  ұйымының 

жоба  менеджері  Светлана  Спатарь:  «Аталған 

құрылыс  экологиялық  жүйеге  айтарлықтай  зиян 

келтіреді. Қалай болғанда да орман да шабылады. 

Жергілікті  өзен  сулары  көп  мөлшерде  пайдала-

нылады. Еңіс жерлер  тегістеледі. Одан топырақ 

бедері өзгеріске  ұшырайды. Басқа  да  табиғатты 

зақымдайтын жұмыстар жүргізіледі. Оның үстіне 

мұндай ірі жоба Көкжайлау шатқалы шеңберінен 

шығып,  парктың  айтарлықтай  бөлігіне  созыла-

ды.  Нәтижесінде  Көкжайлаудың  табиғатымен 

қоштасуға тура келеді» дейді.

Ұйым  Іле-Алатау  паркі  алғашында  жергілікті 

табиғатты қорғау мақсатында құрылғанын, заң 

бойынша ол жерде құрылыс жұмыстарын жүргізуге 

тыйым салынғанын айтады. Алайда, мемлекеттік 

бағдарлама  аясында  туризм  объектілерін  салуға 

рұқсат  беріледі  екен.  Ұйым  туризмді  дамыту 

үшін  балама  жобаларды  да  әзірлеуге  болады  деп 

есептейді. 

«Ұйым мүшелерінің бұл пікірімен келісетін сарап-

шылар  тобы  да  бар.  «Үлкен  масштабтағы  тау 

шаңғысы  жобаларының  жүзеге  асырылуы  әлем 

бойынша, әсіресе Альпіде, қоршаған ортаға зияны 

көп  болатынын  көрсетті.  Барлығы  ағаштардың 

кесілуі  мен  эрозияның  күрт  өсуінен  басталады. 

Содан  энергияның  шектен  тыс  пайдаланылуы-

мен, ауаның, су қоймаларының ластануымен және 

жер бедерінің бұзылуымен аяқталады. Көкжайлау 

Іле-Алатау ұлттық саябағының ерекше бөлігі. Си-

верс алмасының отаны, қар барысы өмір сүретін, 

өзге  де  сирек  кездесетін  жан-жануарлар  мен 

өсімдіктер  мекен  ететін  аймақ.  Қазір  Алматы-

да күрделі экологиялық жағдай орнады. Күн сайын 

Алматының ауасымен тыныстап жүрген адамдар 

мұны  жақсы  түсінеді.  Көкжайлаудың    қалың  ор-

мандары  қала  үшін  қорғаныс  қызметін  атқарып 

отыр. Бұл жерді 500 шақырымдық тау шаңғысына 

арналған  курортқа  айналдыруға  болмайды»,-  деп 

жазады экотуризм саласы бойынша сарапшы Даг-

мар Шрайбер 

Жоба авторлары құрылыс жұмыстары табиғатқа 

әсер ететінін жоққа шығармайды. Бірақ жағымсыз 

әсерді азайтуға болатынын айтады. Осы  тұрғыда, 

альпілік елдердің тәжірибесіне сүйену керек дейді. 

Әкімшілік «Көкжайлау» ТШК құрылысы жобасының 

техникалық-экономикалық  негіздемесін  (ТЭН) 

дайындау  барысында  еуропалық  стандарттарға 

сай  экологиялық  сараптаманың  жүргізілетіндігін 

айтты. Оған отандық және шетелдік мамандар 

қатысады.  Сараптама  нәтижесінде,  қоршаған 

ортаға ең аз көлемде зиян келтіретін объектілер 

ғана  салынады.  Сонымен  қатар,  ТЭН  кезеңінде 

қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Қалалық әкімшілік 

жобаны  жүзеге  асырудың  әр  кезеңінде  қоғамдық 

тыңдаулар  мен  экологиялық  сараптама  жүргізіп 

отыруға уәде берді.

  Бақытжан  Жұламанов:  «Экологиялық  сарап-

тамасыз  қаржы  табу,  батыс  инвесторларын 

жұмылдыру  мүмкін  емес»  дейді.  Светлана  Спа-

тарь:  «Заң  бойынша,  қоғамның  пікірі  ұсыныс 

түрінде ғана қабылданып, еленбей қалуы мүмкін» 

дейді. Жоба авторларының тәуелсіз экологтардың 

пікіріне қаншалықты назар аударатыны белгісіз.

Турист нені қалайды?

Экотуризм  тұрғысынан  қарағанда,  қазір  біздің 

ел  шетелдіктер  тарапынан  үлкен  сұранысқа  ие. 

Ал  мұндай  саяхатты  ұнататындар  адам  аяғы 

баспаған  табиғатты  тамашалағанды  жақсы 

көреді. Қазақ туристік ассоциация (ҚТА) жүргізген 

зерттеуге  сәйкес,  Еуропадағы  14,2  миллион  ту-

рист  Азия  бойынша  Қазақстанға  қызығушылық 

танытып отыр екен. 2008 жылғы көрсеткіштер 

бойынша, Қазақстанға 618,7 мың адам келген. Ішкі 

туризм  2,2  млн  адамды  құрайды.  Ал  2009  жылғы 

мәліметтер  бойынша  бұл  көрсеткіштер  127,4 

млн және 355,5млн болған. 

ҚР  Статистика  агенттігінің  мәліметтері  бой-

ынша, өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларын-

да    Қазақстанға  22,4  мың  адам  қонаққа  келген. 

Ал  Сыртқы  туризм  үлесі  туристердің  жалпы 

санының 10%-нан аспайды. 

41

ҚТА    мәліметтеріне  сәйкес,  Қазақстан  қазір 

туристерге 

мамандандырылған, 

экстремал-

ды  турларды  ұсынып  отыр.  Сонымен  қатар 

өзге  мемлекеттердің  қатысуымен  жүретін 

Жібек  жолы  бойынша  турлар  да  бар.  Алайда  бұл 

мүмкіндіктер бәсекеге қабілетсіз. Себебі ел ішінде 

сапалы  қызмет  түрлерін  көрсетуге  тиісінше 

көңіл  бөлінбеген.  Сыртқы  туризммен  айналыса-

тын туристік компаниялар Қазақстан аумағында 

қызықты және сапалы туристік қызметті жүзеге 

асыру мүмкін емес деп шағымдануда. 

Шетелдіктерді 

қызықтыратын 

тарихи 

ескерткіштер бүкіл республика аумағын қамтиды. 

Оларды ортақ бір турға біріктіру мүмкін емес. Ал 

экологиялық туризмның үлесі 30%-дан аспайды. 

«Қазақстанның  негізгі  туристік  өнімі  – 

халықаралық  нарықта  бәсекеге  қабілеттілігі 

төмен  экологиялық  туризм.  Бұл  турөнімге  деген 

сұраныс 8,9 миллион адамды құрайды. Ол әлемдік 

туризм  нарығындағы  ең  жақсы  көрсеткіштердің 

бірі.Бұл Қазақстанда  туризмді дамытудың негізгі 

бағытының  бірі.  Халықаралық  туристік  нарыққа 

біз  не  ұсына  аламыз?  Бұл  біздің  табиғат  ресур-

старымыз бен көркіне көз тоймас табиғатымыз. 

Осыған  қарамастан,  экотуризм  мемлекеттің 

туристік  саясатында  басымдыққа  ие  емес. 

Туризмнің бұл түрі туралы бірде-бір мемлекеттік 

стратегиялық  құжатта  айтылмайды»,  -  дейді 

ҚТА өкілдері. 

Жыл  сайын  туризмнің  бұл  бағытына  сұраныс 

артып  келеді.  Қазіргі  уақытта  экотуризм  12%-

ды  құрайды,  ал  даму  қарқыны  жалпы  туристік 

саланың  даму  қарқынынан  2-3  есе  жоғары.  Егер 

дәстүрлі туризмде туристік лектер дамушы ел-

дерден дамыған елдерге ауысса, экотуризмде бұл 

керісінше жүреді. 

Бұл  сегмент  өткен  ғасырдың  80-ші  жылдарын-

да  пайда  болғандықтан,  бәсекеге  қабілеттілігі 

төмен. Ал тау шаңғысында жағдай басқаша. Осы-

дан заңды сұрақ туындайды. Үлкен қаржы құйып, 

шетелдік  инвесторларды  шақырып,  шамамызға 

қарамастан  дамыған  елдермен  бәсекеге  түсуде 

қандай мән бар? Әлемдік деңгейдегі курорттарға 

жету үшін бізге ондаған жылдар қажет. 

Алматы  аймағының  бағалау  потенциалы  тау 

шаңғысына  арналған  1400  шақырымды  құрайды.

Осы  тұрғыдан  алғанда,  Көкжайлау  ең  ірі  жоба 

болмақшы.  Ондағы  тас  жолдың  ұзындығы  500 

шақырым  болады  деп  жоспарлануда.  Бұл  ірі 

курорттардың  стандартына  сәйкес  келеді.  Со-

нымен қатар, Шымбұлақты, Табағанды, Алматау-

ды, Ақбұлақты, Түрген жазығын, Ақсай шатқалын, 

Талғар мен Шығыс Талғарды дамыту жоспарланып 

отыр. Әңгіме тек тау шаңғысына арналған жол-

дарда ғана емес, жалпы туристік инфрақұрылымға 

да  қатысты.  Жаяу  жүргіншілерге  арналған 

жабдықталған  маршруттарды  дайындау  да  жо-

спарлануда.

Экономика  диверсификациясының  мүмкіндіктері 

туралы  айта  келе  жоба  авторлары  шетелдік 

тәжірибеге  сүйеніп  отыр.  Мысалы,  Швейцарияда 

тау  шаңғысы  туризмі  елдің  әлемдік  қаржылық 

орталықтардың  бірі  екеніне  қарамастан  ЖІӨ-

нің  7%-ын  береді.  Австрияда  бұл  көрсеткіш  8%. 

Александр  Гужавин  Қазақстанда  туризм  дұрыс 

жолға  қойылса,  ЖІӨ  10%-ға  жетеді  деген  пікірде. 

Экономиканың диверсификациясы үшін бұл жақсы 

көрсеткіш. Алайда бұған қол жеткізу үшін тек ку-

рортты салу жеткіліксіз.

Александр Гужавин: «Туризм дамуының толық мас-

штабты бағдарламасы жасалмаса, жақсы курорт 

салу мүмкін емес дейді. Керемет тау шаңғысы ку-

рортын салуға болады. Бірақ оған адамдар келмей 

қоюы мүмкін. Сол үшін авиахабарлама саласында 

бәсекелестік жасау керек. Визалық режимді өзгерту 

керек. Бастаманың жекеменшік түрде болғанына 

қарамастан,  толық  нәтижеге  қол  жеткізу  үшін 

мемлекеттік бағдарлама міндетті түрде қажет. 

Біз уақыт оздырып жүре берсек Қытай секілді өзге 

елдер алдымызды орап кетуі мүмкін» дейді.

ТЭН  қорытындысы  жасалмай  тұрып,  көптеген 

қауіп-қатерді бағалау қиын. Көкжайлау құрылысы 

да  нақты  шешілген  мәселе  емес.  Жалпы  алғанда 

42

қолдайтын  да,  қолдамайтын  да  тараптар 

жобаның толық дайын нұсқасын күтуде. Қызу та-

лас-тартыс әлі алда.

Іскерлік  басылымдарда  экология  тақыры-

бындағы  материалдар  аз  болғандықтан,  олар-

дың  формасы  мен  жанрлары  бір-біріне  ұқсас. 

Себебі, экология мәселерін көтеруде бизнес ба-

сылымдар бір ғана форманы қолданады.

Экологиялық 

мақалаларды 

жазуда 

жиі 


қолданылатын  жанрдың  бірі  –  колумнисти-

ка.  Көптеген  іскерлік  газет-журнал,  онлайн-

басылымдарда    беделді  журналистер  мен 

мамандардың әр түрлі проблемаларға қатысты 

айтқан пікірлері бөлек бағанда  жарияланады.

Бұл  еркін  жанрдағы  материал  бір  журнал 

бағанына сыйып кетеді. Оның формасы өзгеріп 

отырады.  Автор  ақпаратты  ресми  стильде, 

сұхбат түрінде беруі мүмкін. Экология білім беру 

мен  денсаулық  тақырыптары  секілді  іскерлік 

басылымдардың  негізгі  бағытына  айнала  ала-

ды. Экология тақырыбындағы мақалаларды да 

түрлі пішінде, түрлі жанрда жазуға болады.

Экологиялық    журналистикада  қолданылатын 

тағы бір жанр түрі - арнайы мәлімдеме. 

Ол бір тақырыпта әр түрлі жанрда жазылған 3-5 

мақала топтамасынан тұрады.

Бұл топтама ең керемет жазылған сараптамалық 

мақаланың  алдын  орап  кетеді.  Оның  басты 

ерекшелігі – ақпараттық мәлімдеме проблема-

ны  барлық  қырынан  жан-жақты  талқылайды. 

Инфографикадан  құралған  салыстырулар-

дан,  сұхбаттардан,  репортаж  бен  очерктерден 

тұрады.  Көп  жағдайда  журналист  арнайы  топ-

тама жанрында материал дайындамайды. Бірақ 

ақпаратты  толық,  нақты,  жан-жақты  таратуда 

бұл жанрды қолдану тиімді. 


43

Қорытындылай  келе,  экология  тақырыбын 

жазудың  артықшылықтары  мен  кемшіліктеріне 

тоқталып өтейік.

Ең  бірінші  атап  өтер  жайт,  қазақстандық  ме-

диа нарықта тек экология саласына мамандану 

журналист үшін мүмкін емес. Оның аясы мұнай 

өндірісіндегідей емес. Экология әрдайым үлкен 

салалармен,  өнеркәсіп,  заңмен,  тығыз  байла-

ныста.  Сондай-ақ,  іскерлік  басылымдарда  эко-

логия  тақырыбын  жазатын  журналист  басқа  та 

тақырыптарда  мақала  дайындауы  керек.  Осы 

тұрғыдан  алғанда,  экология  «мамандану»  емес, 

өзіңе қосып алатын «қосымша жүк» іспетті.

Экология тақырыбында мақала жазуда көптеген 

қиындықтарға тап келесіз. 

Сіздің назарыңызға көптеген өзекті тақырыптар 

ілігеді. Ал олар жайлы ақпарат беретін жоғары 

дәрежелі  мамандарды  табу  қиынның  қиыны. 

Сонымен  қатар,  объективтілікті  сақтау  үшін 

сізге  барлық  тараптың  пікірін  аз  ғана  уақыт 

аралығында тыңдап үлгеру керек. Ал өнеркәсіп 

орындарының басшыларымен байланыс орнату 

өте қиын екені тағы бар.

Кәсіби әлемге бой үйретіп, тәжірбие жинақтаған 

КЕҢЕЙТІЛГЕН МҮМКІНДІК

соң, бұл мәселелерді шешу де оңай болады.

Қазақстандық  БАҚ-та  экология  тақырыбында 

сауатты жазатын журналистер аз. Қазақстанның 

түкпірінде  тұратын  итальян  тілі  маманы  секілді 

оларға сұраныс та аз. Ал қажет болғанда таптыр-

мас көмек көрсетеді.

Бір  жағынан,  тақырыпты  қызықты  етіп, 

мақалалар  санын  көбейтіп  журналист  өз 

«өніміне»  сұраныс  тудыруы  қажет.  Бейтаныс 

әлемді зерттеп, жаңаша тақырыпты енгізуге көп 

журналистер  талпынбайды.  Егер  мақала  өзекті 

экология  тақырыбына  арналса,  кез  келген  ре-

дактор  бірінші  беттен  орын  береді.  Ресейдің 

«Коммерсант»  газетінде  арнайы  тілші  Григо-

рий  Ревзиннің  архитектура  тақырыбындағы  

қызықты мақалаларын атап өтуге болады.

Экология  тақырыбындағы  мақалаларды  оқу 

оқырман  үшін  маңызды.  Журналистиканың  ба-

сты  міндеті  қоғамды  ақпаратпен  қамтамасыз 

ету  болса,  осы  тақырыпта  мақала  жазу  сол 

функцияны  орындайды.  Іскерлік  басылымдар-

да  көтерілген  проблемалар  тез  арада  шешімін 

табуы мүмкін. Себебі, салалық басылымдардың 

аудиториясын  сол  салаға  жауапты  адамдар 

құрайды.


44

Іскерлік  БАҚ-та  экология  тақырыбында  алғаш  материал 

дайындауға талпынған журналистерге арналған кеңестер:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет