. Ал, қызығы 1867 жылғы И. Казанцевтің
көрсетуінше Таманың бір таңбасы ретінде осы таңбаны меңзеп,
көрсетеді. Бұл таңбамен Бөкей Ордасы құрамына енген Тамалар
таңбаланатындығы баршаны таң қалдырады. Тіптен, олардың
Шыңғыс заманынан бұл таңбаны иемденіп келе жатқанын аңыз
қылып айтатыны да бар екен. Шыңғыс Тамьян биге: «Әй, Тамьян би,
сенің ағашың - терек, құсың - қарға, ұраның - Тұтыя, таңбаң - ілгек
болсын» депті. 15 бидің ішінде Қыят биден соң Тамьян бидің аты
аталған» деп жазады «Тама» кітабында.
Шыңғыс ханның Тамаға берген ағашы – Терек. Терек дегенде
Чешен елінің ортасын қақ тіліп ағатын Терек өзені ойға оралады.
30
Чешендердің ұлттық туына Көк бөріне бейнелеп, «Шыққан жеріміз
Алтай тауы, Көк бөрінің ұрпағымыз» дейтіні тұңғиық сезімге
жетелейді. Ежелгі аңызда қазақтың ханының баласы Ардақтың
қазіргі Дағыстан жерін билегені, жіберген елшілерді мазақ қылып,
мен осы елдің баласымын деп шалжиып жатқанында, амалы
таусылған қазақ елшісінің торсық ішіне нығыздап салған жусанды
тіліп алып бергенде иісіне елтіп, көзінің жасы көл болып, астындағы
тағын, артындағы тау елін тастап еліне оралатын Ардақ ханның
ерлігін есіңе аларсың. Ол да осы Кавказ елінің дүрі еді. Біз –
Енисейден, Алтай тауларынан тараған, көк бөріні пір тұтқан елдің
ұланы екендігіміз мақтанышпен айтарлық.
«Жалпы, қазақтың енші бөлісіп, таңба үлестірген уағын,
қатпарлы тарих беттері – Ормамбет хан өлген соң, Майқы би
бастаған он екі бидің руларға таңба үлестірген, Ноғайлы Ордасының
ыдырау кезеңіне апарып қояды. Міне, қазіргі қазақ халқының
жүрегіне жақын жорамалдың да осы болуы, «Түгел сөздің түбі бір,
сөз атасы – Майқы би» деуі де осыдан болса керек.
Ал, енді Орхон-Енисей жазбаларындағы 38 әріптің 29-ы бүгінгі
қазақ руларының таңбасына ұқсас екендігі талайларды таң
қалдырған. Таңбалардың бір-біріне ұқсастығынан, сол тайпалардың
шыққан тегінің бір екендігін білдіретіндігі ғалымдарды бейжай
қалдырмаған. Мысалы, «шылбыр», «көсеу» таңбалы рулар қатарына
Ұлы жүздегі - Қаңлы, Ысты, Кіші жүздегі – Тана, Алаша, Телеу,
Табын жатады. «Әліп» таңбалы руларға – Орта жүздегі Қыпшақ,
Кіші жүзден – Тана, Тама жатса, «Тарақ» таңбасы жоғарыдағы
«ноқта ағасы» атанған руларға тиесілі» деп жазады «Тама»
кітабында.
«Таманың Жөгі бұтағының таңбасы ретінде├ бейнелейді. Бұл
«көсеу» мағынасын білдіреді» деп жазады Мұхамеджан Тынышпаев
өзінің «Великие бедствия...Ақтабан-шұбырынды» атты еңбегінде.
Демек, «Әліп» таңбасы Әліп бұтағына тиесілі болғаны да.
«Тама - Табын бір туған» деген мәтелдің бұрыннан ел арасында
айтылып келе жатқандығына назар салар болсаңыз, олардың «тарақ»
таңбасын егеленуі де заңдылық болуға тиісті. Ал, Тананың Тама
батырдан туғанын, одан Нәріктің туғанын «Қырымның қырық
батыры» жырында айтылады. Ғалымдар Тана руының Тамадан
бөлініп шыққандығын осы жыр арқылы біліп, таңданыстарын
білдіріп те жүр. Басқа бір аңыздар, жырлар бұл дәлелді бекіте
31
түспегенімен, Тананың «Әліп», «көсеу» таңбалы екендігіне қарап-
ақ, оның «әліп», «тарақ» таңбалы Тама мен «тарақ», «көсеу»
таңбалы Табынмен үндес ел екендігі, бір сүйменнің сабынан
жаралған ұл екендігін аңғарасыз. Тарихтың жұмбағы көп-ақ.
«Тіпті, тарихшылардың ішінде рулық таңбаларды басқалардан
көбірек зерттеген С. Аманжолов рулардың өзара іс-қимыл жасау,
қорғану мақсатында әр кезеңдерде одақтасып, бірігіп, кейіннен
қайта бөлініп отырғанын айта келіп, сондай бірігу кезеңінде бір
таңбаны иемденігенін, кейін бөліну уағында сол таңбаны өз
таңбасымен қоса пайдаланғанына мән бере айтады. Тама
тайпасының Керейт тайпасымен бірге Қыпшақ одағына мүше
болғандығын айтады» деп жазады «Тама» кітабында.
Менің ойымша: «Тарақ» таңбасы – «ноқта ағасы» деп танылған
тайпаларға берілгенін байқасаңыз, «ноқта ағасы» деген нені
білдіреді деген сұрақ өзінен-өзі туады емес пе?!
Белгілі жазушы-
зерттеуші ғалым Сәбит Мұқанов өз кітабында: «Ноқта ағасы деп
жасы үлкен, мәртебесі жоғары басшыларды айтқан. Көне заманда
әкесі балаларына енші бөліп бергенде көштің алдын бастайтын
ноқталы түйені үлкен ұлға жетектетіп, «Ноқта ағасы» атандарған»
деп жазады.
Яғни, көштің басшысы, кейінгі арба соңынан еретін
алдыңғы арба, алдыңғы дөңгелек. Ноқта ағасының орны қай уақытта
төрден бұйырып, бата содан сұралған. Олай деуге негіз де жоқ емес
қой. Біздің Тама балалары отырған жер, Сарысу ауданының
Жайылма ауылында Таманың «ноқта ағасы» Құрақ руының
ақсақалына жиын-тойда төрден орын беріп жатса, торқалы өлімде
сүйекке түсер уақытта, жанашыр жандардың ішінде Құрақтан бір
адам болса, қалған елдің баласы оған жол беретін дәстүр де бар.
Жағалбайлы
елінің
Мәлікжан
аталығынан
тараған
Жұмжұмаұлы Кенжебай (Жұманов Кентай) деген қарияның өз
аузынан естіген бір әңгімемде, жас уағында қайынжұртына барған
бір сапарында ауыл-ауылды аралап келе жатып, бір үйге түседі.
Сонда бірталай жан отырып, дастархандас болады. Ішінде сол елдің
ақыл асқан, дариялы қариялары да болса керек. Қай елдің
баласысың деген сауалға, күйеумін десем етектен орын алармын
деген Кентай қария «Жалайырмын» десе керек. «Жансызда балық,
жандыда – жалайыр үлкен» деп, төрден орын беріп, құрметтеп,
алдына бас қойған екен. Осыны айтып, Кентай марқұм күліп
отырушы еді, жарықтық.
32
Сондай-ақ, «Әліп» таңбасының шығу
тегін қарасақ, біз бәріміз
бірдей «Әліп дегеніміз – арабтың бірінші әрпі» деп қалуымыз бек
мүмкін. «Әліп» таңбалы тайпалардың арабтар ислам дінін қазақ
сахарасына алып келгенге дейін де ғұмыр кешкен тайпалар есебінде
қарасаңыз, онда «Әліп» дегеніміз – бал ашатын құмалақтағы әліп
болуы керек деген жорамалды Сәбит Мұқанов неге айтқан. Ол
«Әліптің артын бақ» деген тоқтам сөзді мысал қылады. Ойлап
отырсақ, «Әліп» таңбасы – белгілі бір істерде шешуші роль
ойнайтын тайпаларға берілген пароль есебіндегі белгі секілді.
Қыпшақ пен Таманың ертеректе өрісі бір болған, еншілес елдер
болғаны тарихтан айтылады емес пе. Осы қисынға ел не дейді екен?!
Енді бір әңгімеде, Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал
ауылында тұратын Әбілхалық Кәдірсізұлы ағамыз «Таманың Әліп
деген батыры болған екен. Осы күнге дейін баланың баласына
«Әліптің артын бақ» деген өсиетті сөз қалдырған, сондай алдынан
кесе-көлденең ешкім тұрмаған батыр екен» деп шертіп отырғанда,
өзіңді бір керемет сезінесің. Бізге беймағлұм шеттері көп қой
тарихтың.
Ұранымыз – Қарабура! Қарабура туралы аңыз да, тарихи дәлел
де баршылық. Оның Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті, досы, әрі
пікірлес замандасы болғаны туралы сан қилы әңгіме, әпсаналар бар.
Ол өзінше бір бөлек әңгіме болсын. Рас, бір уақыттарда Дәулеткелді
руына әруақты беделді де белді биі Ерубайдың аты да ұран болған
жайы бар. Оның да себебі, орын алған кезеңіне сай келгені анық.
Бірақ, бабасымен бақ таластырып, оның ұрпақтары Ерубай атын
Қарабурамен салыстыру үшін емес, екі бірдей абыздың әруағын
шақыру үшін ұрандатқаны ақиқат.
Тама елінің ұраны туралы әңгіме қозғап отырғанда Қарағанды
облысы, Абай ауданы, Қаракөл ауылы (орыстар Дубовка атаған
ауыл) тұрғыны Құтжанұлы Төкен ағамыз:
«Ұран дегеніміздің өзі адам баласымен қоса жасасатын, ерекше
рух беретін атой, екпінді сөз басы! Сол ұранмен елдің рухы көкке
көтеріледі, сол ұранмен сол елдің адамының қанын қыздыратын,
рухын оятатындығына қарап тұрсаң, осының өзі тылсым дүние, туа
бітті қанына сіңген, атадан балаға қанымен берілген «құпия пароль»,
«құпия код» секілденген дүние болса керек. Ұран – сенің қаныңның
бөлшегі, түйіршегі. Дүниенің кез келген жерде жүргеніңде
«Қарабура!» деп атой салсаң, ұран тастасаң – соны естіген Тама
33
баласының бойын бір ыстық сезім шарпып, денесі жыбырлап, түгі
тікірейіп, бір орында байыз тауып отыра алмайтын күйге ұшырайды.
Алмағайып сезімге түседі. Бұл бір керемет дүние ғой!» деп ой
тартады тереңнен.
Қазақ ру-тайпаларының тарихын қотара зерттеумен айналысып
жүрген «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының қызметіне Қазақстан
Президенті де үлкен қызығушылық танытып, оның жетекшісі –
қазақ теңгесінің авторларының бірі Хайролла Ғабжалиловке
алғысын білдіріп, мол табыстар тілеген. Бұл зерттеудің басын
Тамадан бастаған бұл орталық жұмысына біздер де тілеуқормыз.
«Қырымның қырық батыры» жыры арқылы Қарадөңнен бастап,
оның ұрпақтарының реті былай түзіледі: Қарадөң – Жұбаныш –
Сүйініш – Ер Бегіс – Ер Көгіс – Тама – Тана – Нәрік – Шора. Қырым
түбегіндегі Бақшасарайдың маңайындағы үңгірлі қала - Чуфут-
Қаланың ескі атауы «Қырық ер» аталған көрінеді. Сондай-ақ, Азақ
(Азов) теңізіне Тана өзенінің құятындығы да сол заманда бұл
жерлерді кімдердің мекендегендігін білдірмей ме?! Тама
тайпасының ХІІІ ғасырға дейін
Алтын Орда құрамында, одан кейін
ХVІ ғасырға дейін Ноғай Ордасы құрамында болғаны дәлелденген.
Тамалардың Кавказдағы Терек өзені мен Еділ-Жайықты жағалай
Қазанға дейінгі аралықты жайлауы талас тудырмайтын нәрсе.
Осы «қырымның қырық батыры» жырында Тама батырларының
мінген аттарының шетінен – Қара ат болуы да қызғылықты. Тама
мен Қара аттың қатарласа жырлануының өзі ойландыратын дүние.
Тамань түбегінде Таматарх атты қаланың болғаны да
қызықтыра түсетін құбылыс. Таматарх кейіннен Матрега, Таман
атанған. Днепр өзеніне құятын Московка деген өзеннің сағасында
Тамаковка деген арал ертеректегі карталарда көрсетілген екен.
Сондай-ақ, Днепрге құятын Хортица жылғасынан 20 шақырым
төменде Тамаковка өзені тағы да бар. Каспийдің жағасындағы
Дербент қаласын Тама-Тоқтай деген хан билеген. Оның да Тама
тайпасынан болуын тарих жоққа шығармайды.
ХV-ХVІ ғасырлардағы Дешті-Қыпшақ даласындағы тайпаларды
сарапқа салғанда, тоқсан екі баулы көшпелі өзбек құрамында тоқсан
екі тайпаның бірі ретінде Тама тайпасы да аталады, сондай-ақ
тоқсан баулы Ноғайлы Ордасында да Тама тайпасының орны берік
тұр. Башқұрт халқының құрамындағы Тамьян тайпасының о баста
тоқсан екі рудан тұрғаны туралы да деректер бар.
34
Осындайда ойлайсың, тереңнен қозғар тарихшы, әңгіме шертер
шежіреші болмадық. Архив қотарып, тарихтың туын ұстамадық.
Әйтпесе, ой келеді: «Тоқсан екі санының әр жерден көрініс табуы да
ғалымдар үшін қызғылықты дерек көзіне айналғай!». Ерінбей
отырып зерттер едім тарихты. Әттең! Қол қысқа! Уақыт тапшы!
«ХVІ ғасырдың 15-20 жылдары Тамалар мекендеген Еділ-Жем
өңірінің Қазақ хандығының құрамына еніп, бүкіл Ноғай
Ордасындағы ру-тайпалар жалпы ортақ атаумен «қазақ» деп аталған.
Осы кезден бастап, Тамалар өздерін «ноғаймыз» дегенді қойып,
«қазақпыз» деп атай бастаған. Қазақ хандығына Ноғай Ордасындағы
тайпалардың қосылуы Қасым ханның мәртебесін өсіріп, даңқын
асырады. 1521 жылы Қасым хан өліп, одан соңғы тақ төңірегіндегі
ұнамсыз іс-әрекеттерден қашқақтаған Еділ-Жем бойындағы елдің
Қазақ хандығынан ажырап кетуіне әкеліп соқтырған. Осы тұста
Тамалардың бөлшектенуі жүреді. Тамалар Ноғайлармен бірге, Мұса
ханның бастауымен Қазақ ханы Тахир ханға қарсы соғысады. Осы
шайқаста бірқатар Тама батырлары ерекше көзге түседі. Қазақ
хандығы шегініп, Жетісу жеріне өтеді. Ерлігімен, ресми түрде хан
аталмағанымен ел арасында хан ретінде сыйы болған Мамай Ноғай
Ордасының іргесін мықтауға кіріседі. ХVІ ғасырдың 30-50-ші
жылдары Тамалар ноғай әскерінің құрамында Қазан қаласын орыс
әскерлерінен қорғауға белсене атсалысады. Бұл соғысқа отыз мың
әскері бар ноғайлықтар қатысқан. 1546 жылғы шілдеде қала
түбіндегі сегіз күндік шайқаста ноғай батыры Шора Нәріков қаза
табады. 1552 жылы орыс шапқыншылары Қазанға шабуыл
жасағанда Қазанды қорғаушылардың ішінде Шапқын, Аталық,
Әлікей, Ислам Нәріковтер болған дейді орыс жылнамасында. Шора
туралы айтқанда, Әліп пен Жөгінің атасы ретінде аталып келеді. Ол
жөнінде жыр жазылғанымен, тарих Таманың ертеректен бар тайпа
екенін дәлелдеп отыр. Нәрік сол тайпаның бірегей батыры болған
адам» деді «Тама» кітабында.
Қазіргі тарихшылардың бірі татар елін шарлап, осы Нәрік
батырдың ұрпағымыз дейтін кісілерге жолығып қайтыпты. Сондағы
Нәрік батыр ұрпақтары - татар бауырларымыз: «Біз Нәріктің
ұрпағымыз, бізден арғындармыз» десе керек. Нәрік бабамызды енді
арғынның атасы болып шығаратын түрі бар тарихшылардың. Бір
күні тама арғынның баласы екен дейтіндер де табылып қалар,
шамасы!
35
Қызықты бір дерек бар: «Ер Шора» жырында «Ақ қара бас
алтын (Сара ала ту)» ту әңгіме болады. Осы туды Қазанды билеген
тама елінің туы деп жырлайтын жері бар. Тама елінің ұрна,ы
таңбасы, туы бар. Тарихта Үйсін, Қаңлы, Қыпшақ, Қимақ
мемлекеттерінің болғандығы туралы деректер кездеседі. Мемлекет
болған соң туы да болады, ал, өз алдына мемлекеті болмаған
таманың қалай туы болды екен?! Әлде, тама елі де бір мемлекет
болды ма? Ойланайық, ізденейік?! Кім білсін, тарих қойнауында не
жатқанын. Тапқан-тапқандыке!
1568, 1570, 1577 жылдары Қазақ ханы Хақназардың Ноғай еліне
шабуыл жасап, соғысуы, онда жеңіске жетуі Еділ-Жайық бойындағы
елдің Қазақ хандығына қосылуына әкелді.
Шәкәрім Құдайберліұлының жазуына қарағанда, ХІХ ғасырдың
ортасында Таврия губерниясының Қырым уезінде Тама рулары
болған.
Біздің
міндетімізге,
Тама
тайпасының
жер
астынан
шықпағандығын, сондай-ақ батырлығына дау айтпаймыз, бір ғана
батырлардың, мейлі ол қасиетіңнен айналайын Қарабура
бабамыздан, я болмаса Тама батырдан ғана тарамағандығын
дәлелдейтін дәйектердің молдығын ғана ұсынғымыз келгендігі
жатады. Үлкен ел басынан қилы заманды, небір зұлматты кешірді.
Бір кезде халқы судай тасып, кемеріне симаған теңіздей шалқыса,
бірде шілденің ыстығында тартылып, шылдырап аққан судай азайып
кеткені ақиқат. Табиғи өсу жолымен, екінші бір елдің жандарының
кірме ретінде, қоңсылас отырып көбейтуі, басып алған, бағынышты
қылған елдерінің жандарымен толықтырылуы, өзінің шежіресін,
тарихында жаңа бір бетбұрыстар жасап отырғандығын жоққа
шығаруға болмас. Бұл өмірде болып отыратын заңдылық. Оны
алыстан іздемей-ақ, кешегі 1931-1932 жылдардағы ашаршылық
кезінде үштен бірі қырылған, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан
соғысы кесірінен халықтың өсімі кері кеткен заманның артынша,
халықтың қаулап өсуі, жаппай урбанизациялау кезеңі келген кезде
бір үйде бір баланы стандарттау жүріп, бала туу бәсеңдеп, ел
тәуелсіздігі бекіген 2000-жылдардан кейін бала туу қайта еселене
түскенін өзімізде анық көріп отырмыз.
К. Есмағанбетовтің «Қазақтар шетел әдебиетінде» атты
еңбегінде: «Он алтыншы ғасырдағы қазақтар иелігіндегі
территориялардың өздерінің іштерінде де жағырапиялық үш аймақ
36
болды, олардың әрқайсысы жаздық және қыстық жайылымдық
жерлер ұстады. Осындай өңірлердің бірі – Жетісу аймағы еді, оны
Шу, Талас және Іле өзендерінің бойында, Алатаудың етегінде мал
өсіретін жайылымдары бар Ұлы орда мекендеді, аймақтың ішкі
шұрайлы
жерлерінде
ауыл
шаруашылығымен
айналысқан
тұрғындарының арақатынастарына негізделген сауда желісі де
болды.
Екінші өңір – Орталық Қазақстан: мұнда қыста Сырдарияның
төменгі ағасы бойын мекендеп, жазға қарай Сарысу, Тобыл мен Есіл
өзендері жағалауларына қарай қоныс тепкен Орта орда тайпалары
өмір сүрді; олар Сырдария арқылы су жолдарын пайдаланып, Орта
Азиямен сауда жүргізді.
Үшінші территория Қазақстанның батысында орналасты, мұнда
Кіші орда Сырдария мен Жайық өзендерінің салалары бойында,
Ырғыз өзені мен Торғай қыраттары аралығындағы төңіректе қысын
қыстап, жазын Жайық өзені, Тобыл өзенінің бастауы, Ырғыз бен
Мұғалжар жоталарының аралығындағы жерлерде өткізді.
Кіші орданың этногенезінің ізіне түсу тіпті де қиынға соғады.
Бізге ең анығы – бұл орда тайпалық конфедерациядан гөрі рулық бас
біріктіруге ұмтылған сияқты. Бұлар кейбір тұстарда Алшын рулары
одағы ретінде де белгілі, өйткені Кіші орданың он сегіз руы
өздерінің ортақ ата бабасының бастауын Алшыннан алады, ал
қалған рулары «Жетіру» деген атпен белгілі, олардың бәрі де араға
уақыт салып, өздерін алшындармыз деп кеткен деген де сөз бар.
Дейтұрғанмен, алшындармыз деген Кіші орданың көбінің өздеріне
ортақ бір тегі болғаны күмән тудырады» деп жазады.
«Ал, енді қазақтың ұлы хандарының бірі атанған, «Жеті Жарғы»
секілді Атазаңның жазылуына себепші болған, ұлы Әз Тәуке хан
XVІІІ ғасырдың басында Кіші жүз руларын басқаруды жеңілдету
мақсатында,
қиын
күндерде
басын
қосып,
қимылдауды
оңтайландыру ойымен үш бірлестік құрған. Алты ата Әлім, он екі
ата Байұлы, жеті ата Жетіру бірлестіктері осылайша дүниеге келген.
Үш жүздің басын қосқан кеңесте Тама-Аташал Көкіұлы Есет
батырды Жетіруға ру басы етіп сайлаған деген деректер де бар. Есет
1667 жылы дүниеге келіп, 1749 жылы өмірден өткен деп айтылады»
деп жазады «Тама» кітабында.
Иә, Жетірудың басшысына айналған, қазақ тарихында
алтынмен аты жазылған Есет Көкіұлы туралы аңыз да, сөз де, жыр
37
да жеткілікті. «Аланың тасы қатты ма, Есеттің басы қатты ма?»
дейтін мәтел осы Есеттің ерлігіне таң қалған жандардың тарапынан
айтылған деседі.
Есеттің батырлығынан да әулиелігі зор болса керек. «Мәдинәда
– Мұқаммед, Түркістанда – Қожахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет,
Ақтөбеде – Ер Есет» деп ел жағалаған диуаналардың берген
батасында айтылатын. «Ердің соңы – Ер Есет, пірдің соңы – Ер
Бекет» деген сөздер де осы Есетке арналған. Бекет – Есеттің
жиеншары деседі.
Есет батырдың бейіті Шалқар бекеті жанында. Оның басын
құбылаға қаратып жерлемеген. Оны шығысқа қаратып жерлепті.
«Ендігі жау шығыстан келеді. Табанымды тіреп жатайын» деген
екен.
Есеттің де қара жерден шықпағандығын, әкесі Көкінің
Бұхарадағы
Көкілташ
медресесін
салуымен
де
танымал
болғандығын айтсақ та жетеді. Осы мешіт-медресені салудан бұрын
Бұқар ханына өзбектің бір уәзірі «Қазақтар мұсылман емес, оларда
дін жоқ. Оларды кәпірге санап, жер бетінен жойып, ұлын құл, қызын
күң ретінде саудаға салып сату қажет» дейді. Бұл әңгімеге хан таң
қалып, зерттеп, зерделеу үшін қазақтарға сауал жолдайды.
Мұсылман болмаса, еліне шабуыл жасайтынын ескертеді. Қиын да
күрделі жағдайдан Аташал-Тама Көкі құтқарып шығады. Қазақ
ханының атынан Бұқараға келіп, Бұқар ханына мұсылман екендігін
дәлеледеу үшін үш жыл пұрсат сұрайды. Осы уақыт ішінде,
Бұхараның ортасынан жалғыз өзінің ғана қалауымен үлкен,
теңдессіз мешіт соғады. Құрылыс аяқталып, оны әрлеу мен сырлау
жұмыстары қалғанда ғана шеберлерді араластырған көрінеді. Осы
еңбегі ескеріліп, Көкі соққан мешітке Көкілташ аты беріліп,
қазақтың басына төнген зауалды күн, өсек айтқан уәзірдің басын
алумен аяқталады. Мінекей, Есет секілді ердің әкесі осындай ер
болған дейді ел ішіндегі әңгіме. Ал, Есеттің қызы Ботагөздің де
батыр болғанын тарих қайталап айтудан жалыққан емес.
«...А. И. Тевкелев Жетіруға кірген рулардың бұрынғы уақытта
бытыраңқы өмір сүріп, өздерінен күшті рулардан қысым көріп
келгенін айтады. Сондықтан да кейіннен олар өздерін бірігу арқылы
ғана сақтап қалатынын аңғарып, Тәуке ханның ақылымен туыстық
жағына байланысты емес одаққа Жетіру болып бас қосқан» деп
жазады «Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде» атты кітапта.
38
«Жетірудың құрылуына себеп болған оқиға ретінде – Байұлы
мен Қаракесек тайпасы Алшындар деп аталып, бет-бетімен
пышырап жүрген тайпалар мен руларға қысым көрсетіп,
жайылымын тартып алып, малына барымтаны күшейте түскен
кезеңді айтады. Сол уақытта көшпелі жеті тайпаның басшылары
бірігіп келіп, Әз Тәукеге Алшындардан қорғауын өтініп сұрайды.
Олардың ақылын алған хан, осы жеті тайпаны біріктіріп, Жетіру
бірлестігін құрған дейді аңыз. Таманың қазақ болған жері де, Кіші
жүз құрамына кірген жері де осы болған секілді» десе «Тама»
кітабында, Т.Үсенбаевтың «Алшын шежіресі» жинағында:
«...Бастауға Бек Арысты енді келдік,
Аталық асулардан өтіп белдік.
Ордаш, онан Мөңке туып Бек Арыстан,
Көп нұсқа кеткен тастап байтақ елдік.
Мөңкеден Сармырза, онан Қоғам туған,
Қоғамнан Алшын туып дұшпанынан алған теңдік.
Алшыннан Арғымақ пен Алау батыр,
Атадан кем болмаған олар дерлік.
Арғымақтан Телеу мырза жалғыз еді,
Атаның Қара орнында қалған кіндік.
Рамадан, Сәдір, Нәдір, Құдаһияр -
Жағалбайлы – киімді ұлдар шетелдік.
Сәдірден – Тама, Табын екі ұл туып,
Кердері – Нәдірден еді, нағыз ұлық.
Әкесі Керейіттің Құһадияр араб еді,
Құддыстан келген ол да керуенге еріп.
Рамадан, Тама, Табын, Кердері, Керейт,
Жағалбайлы паналаған Телеуге келіп.
Жетеуі татулықпен бірігіпті,
Атанып «Жетіру» олар болған соң серік», - дейді.
Жетіру балаларының Енисей бойынан келгенін тарих
мойындайды. Оның жеті рудан құралғанында айтады. Бірақ, олар
кіші жүзге кірме еді дегенін қайдан тауып айтатынын түсінбедік.
Тама кірме болса, оған «ноқта ағасы» дәрежесі берілмесе керек,
жағалбайлыны «қара шаңырақ егесі» деп атамаса керек-ті. Бәлкім,
бастарын қосар бірлестік Тәуке заманында құрылған-ақ шығар,
бірақ ол онда кірген рулардың кірме екендігін дәлелдемесе керек.
39
Жақсы. Тама қайдан өрбіді, Жетіруға біріккен тұста қай жерді
мекендеді дегенге келейік.
«1724 жылы Есет батыр өзі бастап келіп Қызылорданың
Жалағаш өңіріне Әліптің Құрақ пен Аташал ұрпақтарын
қоныстандырған» деп жазады П. Дүйсенбин «Үркердей болып
көшкен жұрт» атты кітабында.
Саудакенттік
әңгімеші
қария
Дүйсенбаев
Амангелді
Жақсылықұлы: «Тарихты зерттесең, Таманың жері Ор өзенінің
бойында, башқұрт-татарменен шекаралас. Баяғы Иван Грозныйдың
кезінде татарды шоқындырып кәпір қылып жатқанында Шора батыр
Қазанға барып, орыстарға қарсы соғысып, сонда қаза тапқан. Шора
батырдың еңбегі, әйтпегенде татар түгел шоқынып кетер еді. Арғы
орыс алған беті шоқынып, кәпір татар атанды, бергісі Шора батыр
қорғап қалған жұрты мұсылман болып жүріп жатыр. Әкесінің
дегеніне көнбей Қазанға кетіп бара жатқанында, Нәріктің
нұсқауымен алдынан айттырып қойған қызы шығып айналдырады.
Нәріктің ойы «жалғыз бала жазым болмасын, аялдап қызға айналса,
соның қызығымен тоқтап қалар» деген ғой. Қыз да майысып бар
өнерін салып қылмыңдап: «Жаз шыға бар» дегенде, Шора батыр:
«Нәріктің ұлы Шорамын, Мен Қазанға барамын. Мен Қазанға
барғанша, қар жаумасын - нұр жаусын. Мен Қазанға барған соң, қар
жаумаса - қан жаусын» дейді. Сол барғанда Иван Грозныйдың
әскеріне тойтарыс беріп, татардың жартысын шоқынудан аман алып
қалады. Шораның ерлігі бүкіл мұсылман әлеміне үлгі, мақтан
тұтарлық игі іс болып табылады. Мен білетін тарихта, сол заманнан
әріде де, берісінде де тама Қазан мен Каспий арасын тел емген ел
екен.
Заман өзгерді, уақыт дегенін жасады. Таманың орайлы,
шұрайлы жері саналған Ор өзені бойындағы ел толқыды, жылжып
көше бастады.
Жетірудың бас биі Есет батыр қайтыс болады. Бас иесі
кеткеннен соң, таманың басы бірікпей ыдырай бастайды. Әбілқайыр
Таманы шыбықпен қайырғандай әрі тарт, бері тарт қылып басқара
бастайды. Ресейдің қатын патшасына бодан боламын деп ант ішкен.
Ордың бойына бекініс салдыртып, патшаға жағынып өліп жүрген
кезі. Тамадан бас көтерер ешкім болмай, Ордың бойын орыстар
тілгілеп ала бастайды. Орыс келеді зікірін салып. Қатар отырған
тама мен табын тозғындап көше бастайды.
40
Біздің ел тұтас – Дәулеткелді. Бәріміз Дәулеткелдіден тараймыз.
Есенгелдіден Қызылқұрт, Дәулеткелді болып тараған соң, беріден
келіп тармақталады. Біздің Дәулеткелді атаның жері Ор өзенінің
бойында. Барақ тарайды беріде. Есенқарағай тіптен беріде тарайды.
Есен-Қарағай дегеннің өзі - Есен мен Қарағай деген ағайынды
кісілер болған. Есені дәулетті кісі болған екен, Есен балалары
дейміз. Інісі Қарағай батыр болған кісі, дулыға киіп, сауыт асынып,
қамшы, найзамен жорыққа шығып, қазақтың жасағы сапында
жоңғар шапқыншылығына қарсы майданда ел үшін күрескен
батырлардың бірі. Біздің тарихымызды зерттеген жан Ор өзені
маңынан іздесе керек» дейді.
Ойды ой қозғайды деген рас қой. Тарих Амангелді әкеміздің
әңгімесіне үндес шығады. Аңкең айтады: «Ор өзенін бойлап жайлап
жатқан жерді 1730 жылы Әбілқайыр кіші жүзді орысқа қосу үшін
бодандыққа қол қояды. Ол ол ма, 1731 жылы өзін қазақтың ханы деп
жариялауын тілеп, Әбілқайыр оның қарымтасы ретінде Анна
Иоановнаға Ор өзенінің бойынан орыс бекіністерін салуға келісім
береді. Анна Иоановна Әбілқайырды хан ретінде жариялауға
немқұрайды қарағанымен, бекініс салуға берген келісімін қабылдап,
арнайы экспедицияларын жібере бастайды. Тевкелев бастаған
елшілер қазақ жерін зерттеп қай жерден бекініс, қай жерден сауда
орындарын ашудың қажеттілігін сараптан өткізеді. Әбден пісіріп
алған орыс патшайымы 1735 жылы Ор өзенінің бойынан әскери
орысқа бекініс салу үшін адамын шығарады. Орыстар келіп татар
мен башқұрт жерінен бастап, Ор өзенін бойына алғашқы
бекіністерін (1735 жылғы 26 тамызда Орынбор бекінісі салынады,
кейін 1741 жылы ол бекініс Орск аталып, Орынбор атауымен басқа
бекініс салынады) орналастыра бастайды. Алдымен әскер келіп
орналасады. Содан соң қарашекпенділері келеді. Орыстың
мұжықтарына өзеннің бойындағы шұрайлы жерлерді алып береді.
Татарды онсыз да жаулап алған. Тама бері қарай ығысады. Бұрын
Еділге дейін жайлайтын жер қысқарып, жайылымнан тапшылық
көрген Тама малына өріс, өзіне қоныс іздей бастайды. Жайықтан
ары қарай өтуге тыйым салынды. Ағайындар ақылдасып, Қызылқұм
асып Сыр бойын жайлауға ниет қылады. Барлығы ақылдаса Сырға
ат басын бұрады. Сырдың бойы - ағайын, Кіші жүздің жайлаған
жері. Бірақ, жер тар болып шығады. Кең жайылып қалған Тамаға
бұл аса ауыр болады. Ақылдаса келе Таманың біршама ауылы
41
Арқаның бірқатар жері, Шу мен Бетпақ иесіз жатыр дегеннен соң
бетін сонда түзеген. Шуды қыстап, Бетпақ асып Арқаға шығамыз
десіп қоныстана бастаған. Осылай Тама сан тараулы жолға түседі.
Бірі Шуға құлап, бірі Арқаға Жетіқоңырға жетіп жығылады.
Дәулеткелдінің басқа аталары Шуға қарай жылжып кеткен уақытта
Есен мен Қарағай бастаған біршама ел Сырдың бойында қалып
кеткен екен» деп шертеді аңыздардан.
«1734
жылдың
мамырынан
бастап
патшайым
Анна
Иоановнаның қол қоюымен жарық көрген грамоталардың ішіндегі
ең маңыздысының бірі №6575 жарлық, 41 пункттен тұратын кеңсе
(статс) кеңесшісі Иван Кирилловқа патшайымның арнайы
жіберілген нұсқауы. Онда мынадай делінген: «Ор өзені жағасына
салынатын бекіністер туралы және сол аймақтағы башқұрттар мен
қазақтарды басқару оларды тәртіптеу туралы»... делінсе, ал 1756
жылғы қыркүйекте шыққан заңдар жинағының 249-252 беттерінде
Орынбор генерал-губернаторы Неплюевтің атына жіберілген
Ерекше жарлықта: «Жайықтың жағалауында тұратын көшпелі
қырғыздардың Жайықтың оң жағалауына мал жаюына тыйым
салу»... айтылады» деп жазады «Жағалбайлы» кітабында.
Әрине, Тама тайпасының ертеден Ойыл мен Тобыл өзені бойын
жағалай қоныстанғанын тарихта жазып жүр. Ноғайлы заманында
Кавказ бен Памирге дейінгі, Қазан мен Маңғыстау аралығын
жайлаған Тама ұрпақтары туралы көптеген жырларда айтылып
келеді. Ескілікті қариялардың, бала кезімізде естігенімдей, Тама
туралы айтқанда Жем мен Сағыз өзендерінің арасында жайлаған ел
ретінде әңгіме қозғалғаны бар. Ана бір ел аузында жүрген күлдіргі
бір әңгімеде айтушы еді ғой: «Бір әйел үлкен абысынынан: «Осы сіз
жылына қанша рет шомыласыз?» деп сұрайды. Сонда абысыны:
«Көктемде Жемнен бір өткенде, күзде Сағыздан бір өткенде» депті.
Сонда екінші әйел: «Ойбай-ау, жылына екі шомылып, балық болып
кеткеніңіз бе?!» депті» дейді. Осыны шалдар күліп айтып отырғанда,
осы біздің көш жолымыз екен деген әңгіме қылған еді. Әрине,
тарихи кітаптарда Қобда, Ойыл және Сағыз өзендерінің ауданы
Таманың жазғы жайлауы, қысқы жайылымы «Сахарная» бекінісінен
«Россыпная» бекінісіне дейінгі шекара линиясымен қабаттас болған
деген де жазбалар кездеседі. Ал, біздің елдің адамдары бір көңілді
іске бет алғанда: «Міндік қайыққа, кеттік Жайыққа» деп
ұрандататыны бар. Осынау лебізді сөздер тегіннен-тегін айтыла
42
бермесі анық. Әйтпесе іргесінде ағып жатқан Аса, Талас өзендерінің
атын атап, бір-екі жол әдемі ұйқас таппай қалды дейсің бе?! Бәрі де
біздің шыққан жерімізді, кешегі қонысымызға жол сілтеп тұрғанын
түсінуге болады.
Жоғарыда сөз етілген жерлер бұл күнде Қазақстанның Батыс
Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының бір-бірімен шекаралас
аудандары аумағын меңзесе, сонымен бірге Ресейдің Орынбор
облысы жерін де шеней өтеді. Рас, Бөкей Ордасы құрылғанға дейін
Тама тайпасы қазіргі Ресейдің Астрахань облысы жерін жайлап та
жүрген.
«Бұл кезде Жағалбайлылардың Жайықты сақтап қалу
мақсатындағы әрекеті күшейген кез болатын. Жағалбайлыға ең
ауыры Ор бойында салынған Орынбор бекеті үшін соғыс болды.
1740 жылы басталған соғыс 1744 жылға дейін жалғасты. 1744 жылы
соғыс екі жақ үшін нағыз қанды қырғын болды. Екі жақтың қан
майданға қанша адам қатынасқанын ешкім білмейді. Ел аузында
қалған аңыз-әңгімелер, үлкендердің айтуларына қарағанда, қанды
қырғын соңғы демге дейін жалғасып, тіптен, соғыс алаңында қалған
денелерді жинайтын адам да қалмағанға ұсқайды. Өлгендердің
денелері бірнеше аптаға дейін жиналмай, иістеніп, сасып жатқан.
Қазақтардың Ор қаласын – «Жаман қала», - деп атауы содан деседі.
Жағалбайлының бұл жанталасын түсінуге болады. Өйткені, Орды
беруі, Жағалбайлы үшін, орысқа қасиетті Жайықты беру, ата-
бабасының кіндік қаны тамған жерді берумен тең еді. Арттан, бар
қазақтан ауадай қажет көмек келмей, жағалбайлы сол соғыста оңбай
жеңілді. Жеңілгенде, оңбай жеңілді. Нәтижесінде бас көтерер
азаматы қалмай, шал-шауқан, қатын, бала-шаға туған жерін тастап,
кең сахараға қарай бет алды. Осылайша Жайық бойы орыстың
қолына өтті...
1797 жылдан бастап былай қарай Кіші жүз қазақтары Жайық
пен Еділ өзендерінің аралығына өтіп, малын жая алатын болды.
Бірақ ол үшін әрбір мал басына ақшалай не мал түрінде салық
төленген» дейді «Жағалбайлы» кітабында.
«Орыс әкімшілігі қазақ жеріндегі құнарлы жерлерді, жалпы
елдің хал-ақуалын зерттеп, зерделегенде – ол жердегі рулардың,
отырықшы елдің жайына талдау жасап жүрген. Сонда ХІХ ғасырдың
екінші жартысында Тама елі жандары мына жерлерді мекендегендігі
анықталған: Торғай облысының Ақтөбе уезіндегі Ойсылқара,
43
Ақтөбе, Бестамақ, Бөрлі, Бөрті, Қараторғай, Елек болыстарының
ауылдарында; Орал облысы Орал уезінің Қараоба, Шыңғырлау,
Бөрлі болыстарының ауылдарында; Сырдария облысы Әулиета
уезінің, Черняев уезінің болыстары мен Перовск уезінің Байзақ
болысында; Ақмола облысындағы Жаңаарқа өңірінде; Торғай
облысының Торғай уезінің болыстарында.
Ойсылқара болыстығында 1899 жылғы санақ бойынша - 9
әкімшілік ауылда 8747 тұрғын болған. Бұл болыстықта
Жағалбайлылыар көп те, одан соң Таманың Кенжебай, Жабал,
Аташал және Дәулеткелді рулары бар. Дәулеткелдіден Қошан,
Назар, Қосым, Бағалақ тармақтарынан бар. Онда да бесінші және
алтыншы ауылдарда. Бұл ауылдар Ақсу, Өлеңті, Терісбұтақ, Шиелі,
Ор, Жамансу өзендері бойында орналасқан. Бесінші ауылда – 1068,
алтыншы ауылда – 1194 жан болған. Мұнда Тамалар 1859 жылы
көшіп келген. Бұл ауылдың басшысы Дәулеткелді Кәкім Кийкі. Жаз
мезгілінде Сырдария облысы Қазалы уезінің Мақпал және Райым
болыстары аумағында көшіп жүрген» дейді «Қазақ ру-
тайпаларының тарихында».
Қызғылықты нәрсе, Дәулеткелдінің Бағалақ атасының осында
болуы. Бәлкім, Құлшыораз батырдың тұқымдары болар, а?
Ал, бұдан Тама тайпасы жандарының батыс өңірде, Орталық
және оңтүстік өңірлерде орныққанын байқасаңыз, батыстағы
Тамалардың жазда Ембі бойында, қыста Борсық құмдарын
мекендейтін екі руы мен қыстаулары мен жайлаулары Орынбор
маңында орналасқан бес руы, және Зверноголовск станицасы мен
Троицк маңында көшіп-қонып жүретін бір руы болған дейді.
Сырдың төменгі ағысында өмір сүрген Тамалар мен Табындар
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Перовск уезін құрған уағында
Байзақ болысының құрамында он бір ауыл болып енген. Қысқы
тұрақтары: Қаранан, Ералы, Қайыршоқты, Түгіскен, Жыңғылды-
шоқы, Итемген, Тасқын, Қырықтөбе, Қараөзек және басқа да жерлер
деп айтылса, жазғы жайлаулары: Қарақұм арқылы өтіп, Үлкаяқ,
Бестөбе сайларында, Орынбор әкімшілігіне қарайтын Торғай уезінің
бойында жайлаған деп жазылады.
1803 жылы Орынборға барып сауда жасайтын Тамалардың алты
руының екі мыңға тарта үй болғаны жөніде жазбалар сақталған. Ал,
Орал шебінің қарсы бетіндегі Қандысу, Дарятты, Доңыз, Қобда және
Елек маңында көшіп жүретін төрт ру туралы, қыста Уральск
44
бекінісінен 100 верст төмен қарай, Оралдан Орынборға қарай
Красногорск
бекінісіне
бейін,
Електен
жоғары
қарай
қыстайтындығы да осы бір жазбада кездеседі.
Осыдан келіп Тама тайпасының Жем, Елек өзендерінің бойы,
Борсық құмдары және Орынбор маңында негізгі бөлігі мекен қылса,
екінші бір бөлігі Сырдың төменгі бойы мен Торғай өзенінің бойында
жатқандығын түсінеміз.
Шымкент уезіндегі тамалар ХV ғасырда Жәнібек пен Керей
жасағы ретінде келгендердің тұқымдары мен ХІІ ғасырда Қарабура
маңайында жүрген Тамалардың ұрпақтары екендігін Ш. Уәлиханов
жазып кеткен екен. 6 000 жанның жобасында адамы бар 1025 түтінді
Тама Шу өзенін бойлай орналасқан. Қыстаулары - шығыста
Жаманбай шатқалынан, батыста Сауқанкөлге және Шу өзені
жағасына дейін созылып жатты. Жайлауы Перовск уезіндегі
Сарысуда орналасты. Тамалар тығыз орналасқан Құршу, Шу
болыстары болған. Одан басқа Жылыбұлақ, Бадам болыстарында да
мекендеген. Бұларда Құрақ, Есенкелді, Жабал, Жөгі ұрпақтары
болған. Есенкелді атадан Аташал, Қызылқұрт, Кенжебай,
Дәулеткелділер болған.
Әрине, әр кезеңде әртүрлі жағдайлар, жайттар, тарихи
уақиғалардың орын алуы, індеттер шығып, қырғындар болып, бір
тайпалардың әлсіреп, екінші тайпалардың күшейіп, осының
салдарынан әлсіреген тайпалардың орын ауыстырып, басқа бір
мығым тайпаның қолтығына кіруі, одақтасу арқылы қайта күш
жинауы орын алып отырған. Ағайын арасындағы дау-дамайдың, ел
арасындағы түсініспеушіліктің салдарынан елдің бетін басқа бір
ілік-шатысы бар елге қарай түзеген көштің саны қаншама?! Ондай
көштер өркениетті қазіргі заманда да орын алып, көз алдымызда
жүріп жатқандығы өтірік те емес қой. Таманың орныққан шекарасы
біз осы кітапта жазып отырған жерлермен шектеліп қалған жоқ, әлі
де қағаз бетіне түспей, елдің жадында, көңілдің түкпірінде жатқаны
қаншама. Кім білсін, өмірдің өзі - таразы, ақиқаттың ауылы бір
көрінер. Бір Тама тайпасы ғана емес, кез келген тайпаның, рудың
жолы болып, бір жерге еге болып жатқанында, екінші бір жерден
ажырап та жатуы заңдылық. Сондықтан, мына жер менің бабамның
жері, атамның мекені дегенді тек мақтаныш ретінде, тарихтың
өшпес даңқы үшін ғана айтуымыз қажет те, оны біреудің алдында
үстем болу үшін айтудың қажеттілігі жоқ болуы керек.
45
Пенде болғаннан соң, осы қазақ неге аз деген сауалдың да
туындайтыны ақиқат. Осы сауалды кез келген адам туралы, оның
ұрпағының өсуі туралы қоятын болсақ, оның жауабын Жайылмалық
қария Ескермесов Құдайберген
былай деп түсіндіреді:
-
Біздің қазақта бала өсімі әрқашан да мол болған. Бірақ, біздің
қазаққа екі жау болды. Бірі – соғыс, екіншісі – қызылша. Біреудің он
баласы болса, алдыңғы балалары соғысқа кетіп, ертерек көз жұмып
кетті. Кейінгі елуден асқандағы, алпысқа келгенде туған балалары
тірі қалды да, бұрынғылары өліп кетіп отырған. Соғыста өлмегені
қызылшадан кеткен. Не өзіңді аламын, не көзіңді аламын деп
келетін қызылша ауруы қазақ үшін үлкен нәубет болып келді. Менің
өзім, 1937 жылғымын. Бір жылы бір класта менімен бірге оқитын
бала қалмады. Барлығы қызылшамен ауырып, үйінде жатқаны
жатып қалды, өлгені өліп қалды. Ал, маған, құданың құдыретімен,
туған уақытымда қызылшаға қарсы вакцина егіліп кетіпті. Содан
тірі қалыппын. Менімен қатар, бір жылы туған құрдасым жоқ, - деп
тұрды.
Осы сөзді бұдан да бұрынырақта талай көнекөздер айтқан-ды,
бірақ сол сәтінде ол сөзге аса мән бермеген екенмін. Осы кітапты
қолға алғалы бері ғана сөзге мән беріп қарайтын болдық. Әйтпесе,
не бір даналардың, не бір айтқыштар мен көкірегі шежіре кісілердің
сөздері мидан ағып кетті ғой.
«Ер Шора» жырында «Нәрікбай Күлқаныспен қосылып егіліп
жылап зарлайды. Басқаның сөзін көтерсе де інісі айтқызған сөзді
көтере алмай Нәрік елден (Қазаннан) көшеді. Онымен қосыла
қоңсылас қырық үй Тама бір көшеді. Тоғыз ай көшіп Ноғайлы-
түрікпен жеріне, Айдархан соққан Аққалаға жетеді» деген сөздер
бар. Осындағы Аққала деген қала тарихшылардың жазуынша
жергілікті
халық
Шорахан
атап
кеткен,
Кавказдағы
ПетроАлександровский қаласы деп жазады.
Белгілі шежіреші, Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы,
Шолаққорған ауылының тұрғыны Бесбайұлы Қанат әкеміз:
«Тамадан Кеуіс, Кәпіл туады. Кәпілден ұрпақ жоқ. Кеуістен Нәрік.
Нәріктен Шора батыр. Шорадан Бурахан, Төрехан, Есімхан.
Бураханнан – Әліп, Жөгі. Әліптен – Қанай, Жанай, Қонай, Қараш.
Қанайдан Құрақ. Құрақтан Сарықасқа, Жолым. Сарықасқа Ақтөбеде
қалған.
46
Жанайдан Жабал. Аташалдан Тұрым. Сығалайдан Қызылқұрт.
Қызылқұрттан Есімбет, Қожас. Есімбеттен Айдар, Балта. Қожастан
Өтеміс, Қойшыбай, Қошқарбай, Ерназар, Қаратама, Сарытама.
Байеттен Дәулеткелді.
Дәулеткелдіден Дербіс, Назар, Босым, Барақ. Назардан 5 ұл.
Үлкені - Алдаберген, қалғаны ...?» деп жазады.
«Ескілікті әңгімелердің айтуына қарағанда Әліптен төрт ұл
туған. Қанай, Жанай, Қонай, Қараш. Қанайдан Жәбек (Құрақ) туған.
Қанай өлгеннен соң жеңгесін Жанай алған. Жанайдан Жабал туған.
Содан Құрақ-Жабал деп қосарланып айтады. Шешелері бір.
Қонайдан Аташал туған. Қараштан Дара, Қара, Шотқара туады. Дара
мен Қарадан тұқым тарамаған. Шотқараның бәйбішесінен Есенгелді,
тоқалынан Кенжебай туған. Есенгелдіден Қызылқұрт мен
Дәулеткелді туған. Қызылқұрттың бізден алыстап кететіні –
Тасыбай мен Қызылқұрт ағайындардың арасындағы араздық себеп
болғанға ұқсайды» деп шертеді астаналық Қалбота Әбілдаұлы Тама
елінің шежіресі туралы.
Дәулеткелдіден тараған ұрпақтардың қайда орналасқаны
жөнінде бір жолы шежіреші, тарих зерттеушісі, жазушы Дүйсенбин
Пернебай ағайдан сұрағанымда: «Дәулеткелді ұрпақтары батыс
өңірлерде әр жерлерде кездеседі. Тұтас отырғаны шамалы.
Шашыраңқы
орналасқан.
Ақтау
маңындағылары
өздерінің
Дәулеткелді екендіктерін білмейді де, Кенжебай Таманың
құрамында айтылады. Орал төңірегіндегілер ептеп біледі. Ақтөбе
жағындағылар Есенгелдіміз, болмаса Аташалмыз дейтіндері бар»
деген еді. «Аздың атасы - бір» дегендей, қай ата көп, соған сіңіп
кетіп отырғанға ұқсайды біздің бауырлар.
Жәйремдік шежіре толған кеудесі, Тоқа елінің қариясы
Сүлейменов Жақсыбай атты кісі барып амандасып, жөн-жоба
сұрасқаннан кейін: «Е, Тама деген ел орыс біздің қазақ жеріне көзін
алартқан сәттен қорлық көріп, жерінен ауып келе жатқан ел. Орыс
судың сағасын, малға азықтық жерлерді, егіске қара топырақты
жерлерді тартып ала бастағанда қылыштың басы Тамаға тиген.
Табыны сонда қалып, орысқа қарсы көтерілген Тамалар ығысаығыса
осында келген. Бір басы Торғай, бір шеті Қызылорда жеріне
жеткенде, бір тобы осында Сарысу өзенінің бойына келіп
қоныстанған. Таманың ішінде Әліп балалары бейбіт жолмен келіп,
Арғын-Найманның арасына келіп сіңген» дегенді.
47
Жаңаарқа ауданы Ш. Ералиев (бұрынғы К. Маркс) ауылының
тұрғыны Кентай Білісұлы әкеміз: «1724 жылы Көтібарұлы Есет
батыр мен Арап батыр бастап Сарысудың бойына үш жүз түтін елді
көшіріп әкеледі. Олар келіп Қара Кеңгір, Сары Кеңгір бойын жайлап
жатты дейді. Осы бір құлаққа енетін әңгіме секілді. Содан соң мына
Алсай-Нұрбайлар мен мына беттегі Наймандардың арасында үлкен
соғыс болып, екеуінің арасына әкеліп Таманы кіргізген көрінеді. Бұл
Абылай ханның заманынан бұрын болған уақиға екен. Осы да
қисынға келетін нәрсе» дейді.
Бірде Қарағанды шыққан сапарымда Жетісайлық бір қариямен
жолсерік болып бардым Сарышағанға дейін. Әбестігім, сол кісінің
атын сұрамаппын. Ол кісі айтады: «Мен Өзбекстаннан көшіп келдім.
Руым Керейт. Біздер Жетірумыз деп қана айтамыз, бөлінбейміз,
туыс болып бір жүреміз. Бұқар облысы Кенимах ауданында тұрдық,
көршілес Науаи облысы Тамды ауданында да қазақтар көп тұратын.
Біздің естуімізше тама - жаугер халық, қай жерде соғыс өрті болса,
сол араны тыныштандыру үшін кіргізген. Арқада Арғын мен
Найман ерегіскенде, ортаға таманы әкеп кіргізген. Оңтүстікте Дулат
пен қоңыраттар ерегіскенде ортаға әкеліп таманы кіргізген. Шоқ-
шоқ болып әр жерде шашылып жатыр ғой бабаларымыз» дейді.
«Бәйдібек баба – Алып Бәйтерек. Ұрпақтар шежіресі (Ошақты
шежіресі)» кітабында «Сарысу өзенінің бойында ертеректе, Абылай
заманында Еділ (Волга) бойынан ығысып келген Алшын,
Жағалбайлы, Тама рулары қоныстанған» деп жазатыны бар.
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу ауылында тұратын
Тоқа-Шушақ азаматы Жайлыбаев Әліп (Жазушылар Одағы
төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбаевтың ағасы,
Атасудың тұрғыны) деген кісі айтады: «Сендер, Тамалар, Татарстан
жерінен келгенсіңдер. Сонда татармен соғысып, орыспен соғысып
жүргенсіңдер. Ермактың соғысына қатысқансыңдар. Сонда
тұрақтанып қалған Тамалар татарлана бастаған. Сонда Абылай
ханға: «Татар жеріндегі Тамалар татарланып барады. Қазақтың
баласын қор қылмай, елімізге алдырайық» депті біреулер. Абылай
хан кісі жіберіп, Татар жеріндегі Тамаларды көшіртіп алдыртады.
Осылай Тамалар Жетіқоңырға келіп орналасқан екен», - дейді.
Қарағандылық ағай Құтжанұлы Төкен: «Бір жылы қатты жауын
жауды. Сол жылы Ұлытау ауданы Түйемойнақ станциясының
тұсында, Қызылжар ауылымен екі ортада ояң құм бар екен, сол жер
48
жарқыраған көл болыпты. Сол көл ертедегі біздің Кіші жүздің
отырған Ақкөл деген көлі екен. Сұмдық атақты көл екен уағындағы,
керемет үлкен айдын болыпты. Бір жолдасым айтады: «Сол Ақкөл
біздің Кіші жүздің алғаш келіп жайлаған жері екен» деп. Ол уақытта
көлдің суы таусылмайтын, орта түспейтін кезі екен. Кіші жүз
балалары көлді айнала жатады екен. Бұл жер біздің тама елінің жері
емес пе?! Енді қарасаңыз, Созақта Қарабура, әулие жартаста
Тасыбай, Жетіқоңырда Ерубай, Сарысу бойында Қойбақтың бейіті.
Осымен-ақ
,
біздің Таманың жері дәлелденіп тұрған жоқ па?!» дейді
тамсанып.
Ойланасың, қисынға келіп тұр ғой барлық әңгіме. Осыған
тоқтайтын жеріміз мына әңгімелермен айқышталады.
Жаңатастық шежіреші қарт Бекмағанбет (Бектай) Тәлкенұлы:
«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама оқиғасынан кейін болған,
әртүрлі тарихи жағдайларға байланысты атақоныстан қоныс
аударып, бұл өңірлерге келгендер: Бураханнан өрбіген Әліп пен
Жөгіден тараған ұрпақтар, Байұлының бір шөбересі Шеркештен
тараған ұрпақтар, Жағалбайлыдан Шербұға (Шербұғадан Мырза)
мен Досайдан (Лез ұрпағы) өрбіген ұрпақтар. Бұлар негізгі
рулардың шамалы ғана бөліктері болып есептеледі.
Олардың шыққан жерлері негізінен атамекендері Орал тауы,
Жайық бойы, Атырау өңірлері, Ақтөбе өңірлерінің жерлері екені
мәлім. Ата қоныстан бұл өңірге қоныс аударуы XVII ғасырдың
екінші жартысы мен сол ғасырдың аяқ шенінде болған деген өткен
аталардан қалған сөз бар.
Бұл ұрпақтардың қоныс аударып келген жерлері қазіргі
Сарыарқа жеріндегі Ақмоланың оңтүстік өңірі, Сарысу өзенінің
бойы боп табылады.
Кіші жүзден тараған төрт арыс елдің бұл өңірлерге қоныс
аударып келген жерлері, Сарысу өзенінің өңірінде ерте уақыттан
бері ірге тіккен, Орта жүзден тараған найман руынан өрбіген
Бағаналы, Балталы аталары мен Арғын руынан тараған Қуандықтан
өрбіген – Есен, Қарт, Өмір, Темір, Алтай, Қарпық аталарының
Атамекен еткен жері екен. Қоныс аударушыларды бұл елдердің
халықтары қарсы алып, құрмет еткен.
Кіші жүзден тараған төрт арыс елдің халықтары шұрайлы
жерлерге егелік етіп, төрт түлік малдар өсіріп, ірі байлар мен орта
49
шаруалар сандары артқан. Кедей-кембағал халықтар ірі байлардың
қамқорлық көмегімен тарықпай жақсы тұрмыста болған.
Найман мен Арғын руларынан тараған халықтар мен төрт арыс
елі халықтарының арасында қоныстастық, достық, татулық,
ынтымақ болған. Сонымен қатар, әдеп, әдет, ғұрыптары бір болған»
дейді тебірене.
Саудакенттік жағалбайлының шежіреге кеудесі толы Аман
Данияров атты қарты бір әңгімеде: «Жағалбайлының 12 атасы
Арқада, 7-і Қостанай жағында, 5-6 атасы батыста өмір сүреді. Ал,
Таманың екі атасы – Әліп пен Жөгі ғана бері қарай келген, қалғаны
өз ата жұртында. Негізі Тама 9 атадан тұрады» деп шертеді.
«Қарт ұстаз Әбдікәрім Әбдірайымовтың мына бір жазбаларында
шежіре туралы үлкен дүниеге ұласып кетердей сәл де болса үндестік
бар тәрізді:
«Бұл жаққа келген кіші жүз руларының өз жерінен ауысуы
тарихымызға белгілі «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»
оқиғасынан соң деп топшылауға негіз бар. Қазіргі Түгіскен жері
олардың соңғы қонысы. Мұнда олар Абылайдың дәуірлеп тұрған
шағында, қазақ елі ес жиып, елдік салтына қайыра көшкенде келген.
Бұл жер басынан құнарлы жер. Белуардан көк шалғын, кең
жайылым ортасынан өтіп жатқан нар қамысты Сарысу өзені,
оңтүстігінде шалқар көл - Бозкөл мен Қаракөл, одан әрі Кенжебай-
Самайдың Бетпақ даласына дейін ұштасатын ұшы-қиыры жоқ
шұрайлы да, жалпақ жайлауы. Қазіргі «Жеңіс» кеңшарының
орталығында Арап деп аталатын төбе бар. Жолаушы – ел
басшылары қоналқыға Сарысу өзені бойына түнеп, ат шалдырып,
дем алуға келгенде Араптың үстіне шығып, сұхбат құрады. Сондай
бір бас қосуда батар алдындағы күн сәулесінің нұрына бөленіп
тұрған жердің әсем көрінісіне мейірленген бір ақсақал: «Мынау не
еткен түгі өскен жәннат жер еді, бұл жер біздің баламыздың
баласына – ұрпағымызға берекелі қоныс болар!» деген екен. Сол
«түгі өскен» деген сөзден «Түгіскен» болып атанып кетіпті.
Жоғарыда аталған Түгіскен жеріне келіп қоныстанған кіші жүз
елінің Алшын, Тама, Жағалбайлы рулары мен орта жүз Қарпықтан
тарайтын Тоқа, оның ішінде Барғана Шушақ деген бір рулы ел.
Әртүрлі тарихи жағдайларға байланысты қоныс аударып осы
өңірге келіп мекендеген кіші жүз руларының негізгі мекені, шыққан
50
жері Орал тауы, Жайық бойы, Атырау өңірі, Ақтөбе маңайы
екендігін бүгінгі ұрпақ жақсы біледі.
Тамадан Кәуіс. Одан Нәрік, Нәріктен Шора батыр. Шорадан
Төрехан, Бурахан, Есімхан. Бұл жаққа келген тамалар – тек
Бураханнан тараған ұрпақтар. Ал, Таманың Төрехан, Есімханнаннан
тараған ұрпақтары күні бүгінге дейін ата қонысында.
Шушақтың бастапқы қонысы Қарағанды, Нұра өзенінің бойы.
Қоныс аударуының себебі туралы нақты дерек жоқ. Әйтеуір, кіші
жүз руларынан кейін олардың да осы араға келген түрі бар. Жаңа
қонысқа елді бастаған ағайынды Әлке қазы мен Байдалы сол кездегі
Шушақтардың ұйытқысы болған. Олар байлығымен, орақ ауыз
шешендігімен де, осы ортадағы бүкіл елге әйгілі, сыйлы болған.
Әбекең жазбаларында сондай-ақ, Алшын, Тама, Жағалбайлы
елдерінің 1550-1600 жылдары аралығында ар жақтан орыс
халқының жиілеп, Астрахань төңірегіндегі шұрайлы жерлерге
бойлап ене бастағандықтан қысымшылық көріп Таманың кейбір
рулары Қазақстанның оңтүстік аудандарына, Өзбекстанмен
шектесетін Созақ аймағына келіп қоныстанады. «Ақтабан
шұбырындыдан...» кейін Өзбек хандығына қарап қалған мұндағы ел
рухани қысымшылыққа ұшырайды.
Кейін Абылай хан байырғы атақонысына қайтпақшы болған
Тамаларды өз қасынан жырақтатқысы келмеген. Өйткені бұлар
жауынгер ел болып, араларынан көптеген батырлар шыққан дейді
көнекөз қариялар. Тарихта аты белгілі Баян, Сеңгірбек, Жұма
батырлар Тамадан шыққан ерлер еді деседі.
«Шуды қыстау етіп жүр екенсіңдер. Алыңдар соны.
Сарыарқаның сұлу өзені Сарысудың екі жағын кесіліп жайлай
беріңдер. Балқаш көліне иық тіресіңдер, одан арғы Бетпақ та
сендердікі» депті Абылай.
Сонымен бұл жерге Сеңгірбек батырдың баласы Итемеген
қария бас болып келіпті» деп жазады» дейді «Сарыарқа»
журналының 1992 жылғы №2 санында.
Осы әңгімені белгілі тарих зерттеушісі Ілия Жақанов та
қостайды. «Ықылас» атты романында Қырғыз жеріне Ықылас
Күреңкей қомызшыны іздеп барады. Сол үйде отырғанында өз елі
туралы Ықыластың айтқан сөзінен үзінді келтіреді.
«Біздің ел бір кезде Жосалыны басып, Шуды бойлап, Арқаға
келген жеті ағайынды жігіттен құралыпты. Бұл Абылайдың
51
заманынан ертерек. Абылай хан болып, жорық жасағанда Сеңгірбек,
Баян, Жұма есімді батыр аталарымыз қол бастапты. Әбілмәмбет хан
мен Абылай хан Ресей қол астына өз еріктерімен қосылған соң көп
жылғы дүрбелең басылды. Біздің аталарымыз Абылай ханнан
«Елімізге оралайық» деп иіліп барып рұқсат сұрапты. Хан бұл
тілекке қатты қиналады, толғанады. Бір күні ол: «Жан-жаққа алақтап
шарқ ұрған кешегі бір қатерлі күндерде елдік қып, ерлік қып, үлкен
демеу, тыныс болған ер көңілді дуылдасқан жұрт едіңдер, бауыр
басып қаппын сендерге. Мал емген бұл қазаққа енді жер емізіп,
мына бір тыныштық орнаған заманда дайдай болған елдің сүттей
ұйыған сәтін көрсем бе деп едім. Шабыла-шабыла аз титықтадық
па? Аз күйзелдік пе? Отырыңдар қасымда, Шуды қыс қыстау етіп
жүр екенсіңдер, алыңдар соны! Сарыарқаның бір сұлу өзені
Сарысудың екі жағын ұзыннан ұзын көсіліп жайлай беріңдер.
Балқаш көліне де иық тіреңдер, одан әрі қарай Бетпақ та сенікі, Шу
өзенінің оңтүстік батысында Саумалкөл мен Телікөлді тел емген
Бағаналылар мен Қыпшақтарға дейін өріс жайсаңдар болады, - деп
аталарымызды ешқайда тырп еткізбепті дейді».
Бәз біреулер Тама руы жандары батыстан ауып, Арқаға 18-
ғасырдың аяғы, 19-ғасырдың орта шенінде келген деседі. Біздің
білуімізше, Кіші жүз балалары одан ертерек, тіпті Қарабура
бабаларының маңайында, Қаратаудың теріскейін ертеректен қоныс
қылған. Тіптен, ел арасында «Ақтабан шұбырынды» кезіндегі
Қаратаудан көшкен, қайғының қара бұлтын жамылған зарлаған
қазақтың «Қаратаудың басынан көш келеді, көшкен сайын бір
тайлақ бос келеді» деп айтатыны, түйені күш көлігі ретінде
пайдаланған Кіші жүз руларының басынан өткен тарих деп те
айтады.
«...Рамадан, Жағалбайлы, Тама рулары әу бастағы мекендері
Елек, Ырғыз, Жайық бойларында қалмады десе де болады. Дегенмен
олар мүлдем қалмады деу сәл артықтау болар. Аталған рулар қазір
Ақтөбе, Атырау, Орынбор облыстарында аз-кем баршылық...
...Сырым Датұлы бастаған көтерілістің соңы жеңіліске
ұшырады. Содан іле-шала 1797 жылы кейбір Кіші жүз руларының
ата қоныстан ауа көшуі басталды. Дәл осы жолы таманың Жемей би
бастаған Жөгі руы Әбілхайыр ұрпақтарымен шекісіп қалып, Бұқар
облысының Тамды деген жерінен бірақ шықты...
52
...Екінші ұлы көш - 1821 жылы Арынғазы, 1825 жылы Көтібар
көтерілістері
басылғаннан
кейін
басталды.
Тама
мен
Жағалбайлының
біраз
бөлігі
Сарысу
бойында
отырған
ағайындарына келіп қосылса, енді біраз бөлігі Ұлы жүзге қарасты
Шымкент жеріне келді...» деп жазылады Пернебай Дүйсенбин
ағайдың «Үркердей болып көшкен жұрт...» жинағында.
«Таманың Әліп әулеттерінің көпшілігі алғаш Жайық бойынан
келгенде, барлығы бірдей Арқа жағына бармаған. Түркістан
маңындағы Қаратаудан Шу өзеніне дейінгі кең алапты мекен еткен.
Мысалы, Қойлыбай, Қошқарбай, Бұзау, Кенжебай, т.б. осы өңірді
қонысқа қолай көрген» (Бұл да сонда).
Махамбет Өтемісұлы айтқан екен: «Кіші жүз көшсе - Орта
жүзге сияды, Орта жүз көшсе - Ұлы жүзге сияды, Ұлы жүз кімге
сияды?» деп. Ол кісі тағы да, «Біреу Бұқардан қайтады, біреу
Хиуадан қайтады, әркім білгенін айтады» депті ғой. Сондай, әңгіме,
әркімнің білгенін, көргенін, естігенінен туындаған әңгімелер ғой
барлығы.
Бұрын баспа бетінде жарық көрген мақалалар мен тарихи
зерттеулер туралы айтып отырғанымда, Жайылмалық әңгімеші
атамыз Шоламанов Тұрған маған қарап-қарап отырды да:
-
Ой, Нұрлан-ай, өз тарихымызды өзіміз білеміз ғой. Сен одан
да өзің білетін жайттан, Сырымның көтерілісінен білгеніңді айт, -
деді.
-
Айтсам, тарихтың жазуынша 1756 жылы патша өкіметі
қазақтарға Жайық өзенінің оң жақ бетіндегі жерлерді, яғни ішкі
жақты пайдалануға тыйым салған көрінеді. Еділ мен Жайықтың
ортасындағы біршама жерді қалмақтар мекендейтін болған. 1771
жылы қалмақтар Жоңғарияға үдере көшіп, бос қалған жерге
қазақтар қанша сұранғанымен өтуге рұқсат етілмеді дейді. 1782
жылы ішкі жаққа өтуге рұқсат етіліп, оны Кіші жүздің ханы Нұралы
өзіне байлық қосу үшін пайдаланған екен. Ішкі жаққа өткен әр
түтіннен бір жылқы, бір қой алып алып отырады. Осы маңдағы
орыс-казактар салық төлемей отырған ауылдарды тонап отырған.
Бұған Нұралы хан көзін жұма қарап, тіпті оған қарсы шыққан билер
мен старшындарды түк бітірмей отырған жансыңдар деп те айыптап,
оларды елемей, ысырып тастап отырады.
Бұның бәрі халыққа ауыр тиген. Байбақты тайпасының
старшыны Сырым батыр осындай қаныпезер патша өкіметіне қарсы
53
шайқасқа 1771 жылдан бастап шығып, көтеріліс басында болған
жан. Сырым бастаған көтеріліс 1773 жылы Пугачевтің көтерілісіне
ұласқан. Тегінде Сырым батырдың да тегін жан еместігін осынау
орыстың бас иіп, құрмет көрсеткен көтерілісшісінің қазақ жерінен
бастау алып, майданға шыққандығынан-ақ байқауға болады. 1783
жылы бұл көтеріліс өзінің жаңа бір кезеңіне аяқ басып, үдей түседі.
Орал казактары ішкі жаққа өткен қазақ ауылдарының төрт мыңнан
аса жылқысын айдап әкетеді. Осыған наразы шыққан халықты
Сырым батыр тағы да өзі бастап көтеріп алып шығады. Көтеріліске
алғашында Тама руының адамдары қосылса, кейіннен Жайық пен
Жем өзендерінің арасындағы басқа рулар да қосылған. 1783 жылы
Нұралы ханның ауылын есірген шеп әскерлері тонайды. Шеп
әскерінің басшысы Чагановты Сырым соғыста тұтқындап Хиуаға
құлдыққа сатып жіберген. Одан соң жазалаушы отряд Сырымды
тұтқындағанда Нұралы хан мал беріп, Сырымды азаттыққа алып
шығады. Табын руының старшыны Жоламанұлы Тіленші батырмен
біріккен Сырым казак-орыстарға қарсы соғысты бастайды. Осы
кезде Нұралы Сырымға қарсы шығып, оған қарсы патшадан әскер
жіберуін сұрайды. Осы сәттен Сырым хан, сұлтандарға қарсы
соғысты бастайды. Үш жарым мыңға дейін әскері болды соңында.
Кейіннен ол алты мыңға дейін өскен. Әділдігімен аты шыққан
Сырым бала кезінен «Бала би» атанып елдің назарында болған. «Сөз
атасы – құлақ» деген мақал осы Сырымнан қалған.
1785 жылы көтеріліске қатысқан ауылдар үдере көшіп Жем
өзені бойынан көшіп кетеді. Сырым Кіші жүз хандарына қарсы ұзақ
жылдар алысады. Сырым көтерілісі уағында Нұралы, Ералы, Есім,
Айшуақтар хан тағында отырды. Сырым бастаған көтерілісшілер
Есім ханды өлтіргеннен соң бай-шонжарлар Сырымға қарсы шығып,
оны қаржыландыруды тоқтатады. Кіші жүзде хан кеңесі құрылып,
оған ел бастаған жандар мүше болып кірді. 1797 жылы Сырым хан
кеңесіне қабылданып, осыдан соң көтеріліс тоқтайды. Кейіннен хан
тарапынан қыспақ көрген Сырым Хиуаға қашып барады. Сонда
Хиуа ханы Сырымның үзеңгісіне у жағып жіберіп, сол удың денеге
жайылуынан батыр өлгенге ұқсайды, - дедім өзім біршама уақыт
парақтаған энциклопедия мен қазақ билері туралы кітаптардан алған
деректерді қорытып.
-
Міне, жобаға келдің. Бастарына пана, еліне тұтқа болған
Сырымның өлімінен кейін Тама балалары бала-шағаның ертеңі
54
үшін, оның үстіне көтеріліске қатысқан негізгі күш беруші елдің
балалары болғандықтан, Жайық бойынан үдере көшкен, - деді
Тұрған атам.
Ал, Барақ балалары бұл кезде Теріскей жерінде, Арқа жерінде
ертеректен отырықшы ел ретінде орнығып қойған. Осындайда ойға
түседі екен. Кейде бала кезімізде үлкендердің «Біз Арқадан
келгенбіз. Біздің мекеніміз сонда болған» деген әңгімелерін
естігенімізде,
миымыз
жетіп
түсіне
алмайтын
едік.
Нағашыларымның ауылына барғанымда да, әкемнің бажасы Ысты-
Тілік-Жақау елінің түлегі Мұстафаұлы Ынталбектің әзіл-қалжыңы
аралас:
-
Арқаның мұзбалағы ғой бұл Нұрланың. Жерге найзасын тіреп
қойып, аттың үстінде тұрып ұйықтайды екен аталары. Сонда
найзаның ұшы маңдайын тесіп кіріп кетсе де ұйқысын қимай
ұйықтап тұра береді екен, - деп тиісіп жатқанда, бұл кісі не айтып
тұр деп бетіне таң қалып қарап отырушы едім.
Кейін осы үлкендер неге бұлай дей береді деп, жұқалтаң ғана
«Қазақ ССР тарихы» атты мектеп оқулығын ашып оқығанымызда
үлкендер айтатын Жезқазған өңірінің Орта жүз иелігінде болғанын
тағы оқып, осы үлкендер жаңылыс айтады ма қалай деген ой да
қылаң бере беретін. Түсіне алмай, көп жүрдік. Кейін келе
үлкендердің әңгімесін тыңдай-тыңдай, санамызға жайлап сіңе берді
ел тарихы.
«Таманың Жөгі бұтағының Шағыр руының атақты батыры
Малғара Абылай ханның маңдай алды батырларының бірі болған.
Ол 1723-1725 жылдары «Ақтабан шұбырынды» кезінде өзінің
босқан елін «Телікөл» бойына әкеліп қоныстандырады. Малғара
батыр ұзақ уақыт перзент көрмеген екен. Бірде, Абылайдың жолына
үлкен ақ орда тігіп, сол үйге түнеп кетуін сұранады. Үзеңгілес
батырының тілегін қабыл алған Абылай ертеңіне:
-
Арманың бір шикіөкпе екен. Оның болады. Атын Сеңгірбек
қоярсың, - деп батасын берген екен.
Келер жылы дүниеге келген баланың атын қойып, оның
сүйіншісіне деп, әрі Малғара батырдың еншісі деп Арқаның жерінен
ойып тұрып, Қызыл Сеңгірден Жетіқоңырға дейінгі өңірді Абылай
бөліп берген екен. Осынша жерді еншіге алған Малғара бұл жерді
толықтай игере қоймаса керек. Малғараның жалғыз ұлы Сеңгірбек
би 1750-ші жылдары қалмақ қолынан у қосылған тамақтан өледі.
55
Бұл кезде баласы Итемген 18 жаста болады. Ол Абылайдың сенімді
серіктерінің бірі болады. 1781 жылы Абылай Арыс өзенінің бойында
дүние салады. Оны Итемген Түркістан қаласына әкеліп, арулап
жерлейді.
Итемгеннің
жалғызсырап,
Сырдың
бойындағы
ағайындарына қозғау салып, олардың Арқаға қарай жылжуы да осы
кездерде орын алса керек» дейді «Қазақ ру-тайпаларының тарихы»
кітабында.
Әлқисса, сонымен Тамалар Арқаға келіп жетті. Арқаға
келгеннен соң Тамалар да қарап жатпады. Жер-суға өзінің
батыстағы жерінің атын, өзінен шыққан батырлар мен байлардың,
сол жерді мекен қылған адамының атын қоюға әуестенді. Өздері
мекен қылған бір таудың атын да Тама қойғаны содан болар.
Қазақ бұрын қанша болды, қай руға қай жер тиесілі болды деген
сөзге нақты жауап беру қиын. Осы жөнінде Жаңаарқа ауданы,
Қайып бекетінің тұрғыны жездеміз Игенбаев Нұрша Ақпанұлы
былайша ой толғайды:
-
Бұрынды қазақтың есебін алу өте қиын болды. Қазір жайлап
отырған орынды қазақ он-он бес күннен артық жайламайды. Ол
жерді тауысып, он-он бес шақырым ары жылжып кетеді. Күзде сол
жерге қайтып келгенде ол жердің шөбі қайта жетіледі. Ілияс
Есенберлиннің «Алмас қылыш» деген кітабында «Мамайдың ауылы
кеше ғана Алтынемелде отыр еді. Қазір қай жерде отыр?» деп жөн
сұрайды. Осылай-осылай қазақ көшумен жүрген. Сонда қазақтың
санағы қалай жүргізілсін. Жаугершілік заманда, басын қорғалаған
жұрт Тескентау асып кеткен де. Кейбірі сол жеріне кейін азат
етілгеннен соң қайта аяқ баспай да кеткен. Қайдан бассын, жаңа
жерге бауыр басып, ескі жерден әзірейіл көргендей шошынып
отырса. Осыдан келіп, барша қазақ үшін осы жеріміз ортақ,
бөлінбеген тұтас болып саналады, - дейді.
Барақтың шежіреші қариясы болған Тәпелұлы Кәрібоз әкеміз
бір отырыста налып: «Бізден жазушы шықпады. Басқа ел қалаға
жақын болып, солар жазып кеткен тарихты. Құмның ішінде босқа
көшіп біз жүргенбіз. Міне, шындықты кім жазады?! Жас кезімде
Тама елінің старшыны болып жүргенімде Қазыбек бек дегеннің
«Түп-тұқияннан өзіме шейін» деген, «Сары қазақ» деген Қазаннан
шыққан 1900 жыл жобасында шыққан кітаптарын оқып едім. Соны
қолға іліктіріп оқысаңдар, біздің елдің шыңғырған тарихы анық
жазылған» деген екен. Кейіннен Қуандықұлы Төлежан әкеміз
56
баласы Оразайға «Түп-тұқияннан өзіме шейін» кітабын таптыртып
оқиды. Бірақ, «Кәрібоз айтқан әңгімелер бұрмаланып басқаша
жазылып кеткен екен» деп өкініш білдірген. Төлежан атам іздеген
екінші кітап - Қазыбек бектің «Сары қазағы» таптырмайды.
Рас, классик жазушы Мұхтар Мағауиннің де осы аттас
«Сарықазақ» атты кітабы бар. Ол бөлек дүние. Төлежан атамыз оны
да оқып шыққан: «Кәрібоздың айтатын кітабы бұл емес. Оның
оқиғалары, адамдары тіптен бөлек болатын» дейді. Өкінішті!
Тарихтың қалың қатпарлы беттері толық ашылмай келеді.
Біздің қолымызға тарихтың қалың қатпарлы беттерін
сипаттайтын нақты жазбалар түспей-ақ келеді. Бәлкім, сізге де, бізге
де сыры ашылмаған қызықты деректер әлі де кездесе берер.
Таманың жырын жырлаған жырлар, дастандардың қатарына
әйгілі «Айман-Шолпан» жыры да жатады. Ошақтылардың арасында
«Екі Тама, бір қазақ келе жатыр екен» деген күлдіргі мысал сөз бар.
Осыны айтып, «Сонда Тамалар қазақтан тыс айтылса, қай ұлтқа
жатады екен. Тама Әзірет Әлінің қылышынан қорқып, мұсылман
болған деуші еді ғой. Сол рас па?!» деп оспақтайтындары болушы
еді. Оған жауапты осы мақаланы, бұдан кейінгі мақалаларды оқыған
нағашыларым - Ошақты балалалары өздері тауып, түсіне жатар.
«Үлкен ауылдағы» үлкен нағашыларыма басқа не дейін?!
Кенесары хан тегін айтпаған шығар: «Дос болсаң Тамамен бол»
деп. Бізбен дос болыңыз!
Достарыңызбен бөлісу: |