СЫЙЛАСТЫҚ-СЫРЛАСТЫҚ ТƏРБИЕСІ
Б
ұл тəрбиеде білікті ата-аналар ұрпақтарына: шынайы сый лас-
тық-сырластық, теңдік пен əділдік – адамзат қоғамының тыныш, ор-
нық ты болуының төрт тағаны, яғни, тірегі деп ұғындырады. Шынайы
адами сыйластық пен сырластық, теңдік пен əділдік болмаған ортада
береке-бірлік те, тыныш, орнықты қоғам да болмақ емес екендігін ұр-
пақ та ры на егжей-тегжейлі түсіндіріп отырады. Сыйластық – сыр лас-
154
154
тық қа жол ашып, адамдар арасындағы сүйіспеншілікті арттырып, дос-
тық ты нығайтады.
Алайда сыйластықтың өзі əртүрлі болады. Яғни отбасы сый лас-
ты ғы, адамгершілік сыйластық, туыстық сыйластық, достық сый лас-
тық, көршілік сыйластық, сабақтастық сыйластық, мақсат-мүд де үшін
сыйластық, жағымпаздық, шашбау көтерушілік, қо рық қан нан сый-
лау шы лық, сондай-ақ, дипломатиялық сыйластық қатарлы түр ге бө-
лі не ді. Бұлардың алдыңғы алтауы шынайы, ізгі ниетті адам гер ші лік
сый лас тық есептеледі. Ол тыныш, орнықты қоғам құрудың ұйт қы сы
болады. Ал, мақсат-мүдде сыйластығы, қорыққаннан сый лау шы лық
жəне шашбау көтерушілік пен жағымпаздық қатарлы сый лас тық та
адам гер ші лік тің жұрнағы да болмайды. Міне, бұлар ең қор қы ныш ты,
ең опасыз сыйластық түріне жатады. Ал, дипломатиялық сый лас тық
болса, ол біршама күрделі болып келеді. Яғни, бір ел мен тағы бір
ел бір-біріне түсінікпен қарап, əділ мəміле жасаса жəне билеушілері
өзара сыйласып, теңдік мəміледе болса, онда тату-тəтті өтеді. Ал, тең-
дік пен əділдіктен ауытқыса, іргелері тыныш болмайды, тіпті жау ла-
са ды деп ұғындырып, ұрпақтарын сыйластық пен сырластыққа, əділ-
дік пен теңдікке табанды болуға, тыныш, орнықты, тату-тəтті өмір
өт кі зу ге күш салуға баулып отырған.
Бұл тəрбие ұрпақтарды ізгі ниетті, адал, əділ, турашыл болуға,
адамдарды өзара сыйласып, сырласып, тату-тəтті өтуге баулып, дос-
тық сүйіспеншіліктерін арттырады.
ТІЛДІ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАУ САЛТЫ
Қ
азақ халқы: «өнер алды – қызыл тіл» деп, тілді барша өнерден
жо ға ры қойып, оны бір ұлттың құрып-жоғалуы мен көркейіп-гүл де-
нуі не қатысты өте келелі мəселе ретінде қараған. Қазақ ұғымында, тіл
болмаса адамдар өзара пікір ауыстырып, сырласып-сұхбаттаса алмай-
ды. Барыс-келіс, алыс-беріс жасау қиынға соғады. Тіл – достық пен
береке-бірліктің дəнекері.
«Өзге тілді білу жақсы іс, ал, өз тілін ұмыту – кешірілмес қыл мыс»,
«Жер бетінен өздігінен құрып-жоғалайын деген халық бірінші – ті лін,
155
155
екінші – ділін (сенімін), үшінші – рухы мен намысын жо ғал та ды», «Өз
тілін ұмытқан ұрпақтан опа күтпе», «бұзықты алыстан із деп əуре бол-
ма, кім ана тіліне мұрын шүйірсе, сол бұзық». Себебі, тіл ге опа сыз дық –
туған халқына (анасына) опасыздық; ана тіліне мұ рын шү йі ру – ана-
сына (туған халқына) мұрын шүйіру», «Өзге тілді пір тұ тып, ана ті лін
қор санау – нағыз мəңгүрттік», «Ана тілін қа йы рып тастап, бөг де тілде
сөйлесу – өз анасын құрметтемеумен бірдей қылмыс» дейді. Мұ ның
мəні – шен-шекпен, атақ-даңқ немесе жан бағыс үшін өзге тіл ге табы-
нып, өз ана тілін жою – өз халқын жойғандық. Өз халқын жою – оның
бо ла ша ғын, тіпті, адамзат мəдениетінің бір бөлшегін жой ған шектен
ас қан бұзықтық дегені. Əне, сол себепті, қазақ халқы: «Өнер алды –
қы зыл тіл» деп, ана тілін ардақтап, оны таза сақтап, ұр пақ тан-ұр пақ-
қа жалғастырып отыруды өте игілікті іс, туған халқына деген адал-
дық пен құрмет, адамзат мəдениетіне қосқан өлмес-өшпес үлес деп
ба ға ла ған. Демек, қазақ халқы ана тілін ұмытқандық – ту ған хал қын
ұмыт қан дық, ана тіліне немқұрайды қарағандық – туған хал
қы ның
бо ла ша ғы на немқұрайды қарағандық, ана тілін мен сін беу ші лік – ту-
ған халқын менсінбеушілік, ана тілін қорлағандық – туған хал қы ның
ар-намысын қорлағандық деп біледі. Міне, қазақ халқы тіл ге осындай
биік деңгейде мəн бергендіктен, оның тілі ғасырлар бойы еш қан дай
өз ге ріс ке, ала-құлалыққа түспей, таза сақталып келген.
АДАМГЕРШІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ БІЛІМДЕРДІ
ҰҒЫНДЫРУ
Қ
азақ халқының ұрпақ тəлім-тəрбиесінде, яғни, отбасы тəр бие-
сін де əрбір ата-ана өз ұрпақтарына адамгершілік пен аза мат тық қа қа-
тысты мынадай негізгі білімдерді ұмытпауды ерекше ескертіп отыра-
ды.
1. Барша жақсылық пен мейір-шапағат өз отбасы мен туыс-ту-
ған да ры на қол ұшын беруден басталатындығын ұмытпау. Өз от-
басы мен туыс-туғандары қиындық көріп жатқанын біле тұра, оны
біл мес ке, көре тұра көрмеске салып, пайда табу немесе бедел кө те ру
156
156
үшін шенділер мен шекпенділерге мал-дүние беру, шашбауын көтеру –
алаяқ тық, залымдық, тіпті оның бұзықтық саналатындығын естен
шы ғар мау.
2. Ата-ананы құрметтеп, əрқандай жұмысына əзір тұру, туыс-
ту ған, дос-жарандарымен үнемі барыс-келіс, алыс-беріс жасап тұру;
туыс-туғанының басына бақ қонса шыбынша үймелеп, басынан бақ
тайса туыстық қарым-қатынасты үзбеу. Ата-ананы рен жі ту – Ал-
ла ның ізгі жоылынан тайқу, ата-анаға қарсы шығу – Алла Та ға ла ның
бұй ры ғын орындамау мен тең ауыр күнə, ке ші ріл мес қыл мыс са на-
латындығын естен шы ғар мау. Туыс-туған, дос-жаранынан қол үз ген
адам ең рақымсыз, ең тас ба уыр адам са на ла тын ды ғын ұмыт пау.
3. Мейлі, қандай адаммен кездессе де жылы қабақ танытып,
аман-сəлем жасауды ұмытпау. Кім бұрын сəлем берсе – сол ізгі адам
са на ла тын дығын естен шығармау.
4. Жетім-жесір, жоқ-жітік, ауру-сырқауларға қол ұшын беріп,
кө ңіл де рін жұбатып жүруді ұмытпау. Жоқшылық та, тоқшылық та
аумалы-төкпелі болатындығын естен шығармау.
5. Тəңірге, аруаққа, ата-анаға, халыққа тіл тигізбеу; діни наным-
сенімге құрметпен қарауды ұмытпау. Тəңірге, аруаққа, ата-анаға,
ха лық қа тіл тигізіп, діни наным-сенімді масқаралау – ауыр күнə, мə-
де ниет сіз дік, білімсіздік, тіпті санасыздық саналатындығын естен
шы ғар мау.
6. Күллі адам баласының қуанышы мен қайғысына ортақтасып,
ақ са қал дар мен өнер-білімді адамдарды құрметтеп, əйелдер мен ба-
лаларды аялауды ұмытпау. Адамгершілік – адам көркі, өмірлік серігі
екен ді гін естен шығармау.
7. Ақыл-ой толық, бойда қуат бар кезде өнер-ғылым үйрену, мал-
дүниені өнер-білім алу жолына жұмсауды ұмытпау. Өнер-ғы лым-
ның – өмір лік серік, таусылмас байлық екендігін естен шығармау.
8. Ақсақалдардан бата-ықылас алып, көршілермен тату-тəт ті
тұ ру ды, қаралы жандарға көңіл айтып жұбатуды, ауру-сыр қау лар-
дың көңілін сұрап қуандыруды, біреудің қуанышына құтты болсын
айтып, ортақтасуды ұмытпау. Əрқашан мейірімді, қайырымды бо-
157
157
луды, барша адам баласына жанашырлық, жақындық көрсетіп оты-
руды естен шығармау.
9. Бақыт-байлық, шен-шекпен, атақ-даңққа тасымау, қайғы-қа сі-
рет пен қиындыққа жасымау. Бақыт-байлық та, қайғы-қасірет те
бір адамның басында мəңгі тұрмайтындығын ұмытпау.
10. Қайда жүрсе де, қандай шаруамен айналысса да адамгершілік
қа сиет ті жоғалтпау. Тектілік, тəрбиелілік, мəдениеттілік таны-
тып, асқақ адамгершілік деңгейден көрінуді ұмытпау.
Бұл тəрбие ұрпақтардың ой толғау, тұжырымдау қабілетін жо ға ры-
ла тып, адамгершілік ой-санасын байытады. Əр жақтан ақаусыз өсіп-
жетілуіне зор мүмкіндік жасайды. Адамдар арасындағы қарым-қа ты-
на сын нығайтып, барыс-келіс, алыс-беріс тəртібі мен жол-жосынды
тү бе гей лі ұғындырып, көпшіл, халықшыл болуға, ата-ананы құр мет-
теп, үлкендерді сыйлап, кішілерді аялап, өнер-білімді қас тер лей тін,
дүниеқорлықтан аулақ, адал, арлы, ізгі ниетті, жомарт азамат бо лу ға
жетелейді.
СҮЙІНІШ, ТІЛЕК ТƏРБИЕСІ
Б
ұл тəрбиені жүргізгенде əр отбасы өз ұрпақтарына ең алдымен
аман-сəлем жасаудан бастап, одан ары қарай сүйініш, тілек дағды ла-
рын бір-бірлеп, мұқият үйрете бастайды. Мысалы, жолаушыға кез-
дессе аман-сəлем жасап, «жол болсын» айту, мал айдап, мал қа йы рып
жүргендерге кездессе: «бағар көбейсін», мал қоралап жатса: «қора
толсын», қозы көгендеп жатса: «көген толсын», бие байлап жатса:
«байлар көбейсін», жұмыс істеп жатса: «іс ілгері болсын», жаңа қо-
ныс қа қонғандарға: «қоныс құтты болсын», отау көтергендерге: «үй
құт ты болсын», топтасып əңгіме-дүкен құрып отырғандарға: «орта
толсын», жүн сабап жатқандар болса: «сабар көбейсін», киіз басып
жат қан дар болса: «басар молайсын», қырман алып жатқандар болса:
«қыр ман ға дəн толсын», сапарға шығып бара жатқандар болса: «са-
пар сəтті болсын», той жасағандарға: «той құтты болсын», нəрестелі
бол ған дар ға: «нəрестенің бауы берік, жасы ұзақ болсын», келін тү сір-
ген дер ге: «келін құтты болсын», наурыз жасағандарға: «тілеу қабыл
158
158
болсын», айт өткізгендерге: «айт қабыл болсын», соғым сойғандарға:
«со ғым шүйгін болсын», мал сауып жатқандарға: «мал ақты, балалар
бақ ты болсын», қаралы болғандарға: «марқұмның топырағы торқа,
жат қан жері жаннат болсын», балалары шетінеп кеткендерге: «тұ рым-
ды сын берсін», нəзір-шырақ өткізгендерге: «нəзір қабыл болсын» де-
ген сияқты өз сүйініші мен ақ тілегін білдіріп отыруға баулиды.
Бұл тəрбие ұрпақтарды қуанышқа, шаттыққа бөлеп, адамның кө ңіл
күйін əртүрлі рухани қысымнан сақтауға жебеуші болады. Адамдар
арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, сүйіспеншілікті арттырып,
достық пен береке-бірлікті күшейтеді.
АТАМЕКЕНІН, ОТАНЫН СҮЮ ТƏРБИЕСІ
А
тамекенін, Отанын сүю тəрбиесінде əрбір отбасы ұр пақ та ры-
на: атамекен, туған жер, Отан – ең қасиетті ұғым, Отансыз – ба сың
оңға қарап, бағың жанбайды. Отаның мен туған жерің – алтын бе сі гің.
Алтын бесігіңді аяла, қастерле, оның атақ-даңқына кір келтірме, ту ған
жерің мен Отаныңды қорғау – азаматтық борышың деп ұғын ды рып,
ұрпақтарын жастайынан туған жерін, атамекенін, Отанын сүю ге бау-
лиды.
Бұл тəрбиеде өнегелі ата-аналар өз перзенттеріне жастайынан ата-
мекен, туған жер, Отан туралы егжей-тегжейлі түсінік береді. Мыса-
лы, ата-бабаларымыз кір жуып, кіндік кескен, ғасырлар бойы мекен-
деп, туыс-туған, ата-бабаларының мүрдесі, басы жатқан жерді – ту ған
жер, атамекен, Отан деп ерекше қастерлейтіндігін; «кісі елінде сұл-
тан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деп, шетелде, жат жұртқа хан-ха-
һан болғаннан гөрі, өз елінің қатардағы қарапайым бір азаматы, тіпті
құлы болуды артық санайтын ерекше текті, тəрбиелі халық бол ған-
ды ғын; туған жерін, атамекенін, Отанын сатқандарды шектен шық-
қан бұ зық тық деп қарап, ондай опасыз адамдардың етегін кесіп елден
қуатындығын; «адам – туған жеріне, ит – тойған жеріне» деп, Отаны
мен атамекенін жан-тəнімен сүйіп, оған қауіп-қатер төнгенде атойлап
алға шығып, ерлікпен қорғау керектігін жанды мысал, бұлтартпас ай-
ғақ тар арқылы мұқият ұғындырады. Сондай-ақ, ұрпақтарына Отаны
159
159
мен туған жерінің тау-дала, өзен-көл, орман-тоғайы мен жан-жануар,
өсім дік те рі не дейін шынайы сүйіспеншілік орнатып, ата-бабалары
ға сыр лар бойы қан төгіп қорғап келген қасиетті Отанын қыз ғыш тай
қо рып, салт-дəстүр, ғылым-өнерін, баға жетпес мəдени мұ ра ла рын
жан-тəнімен сүйіп жəне қастерлеп, туған халқым мен Ота ным ның
ыс ты ғы на күйіп, суығына тоңамын, қажет кезде қыршын жанымды
қия мын дейтін берік сенім орнату əрбір адамның азаматтық парызы,
пер зент тік борышы екендігін көкейлеріне құйып, жү рек те рі не ұя ла-
тып, ұрпақтарын Отаны мен халқына қалтқысыз адал болып, Ота нын,
атамекен, туған жерін мəңгі сүйіп өтуге баулиды.
Бұл тəрбие ұрпақтардың Отанға, туған жерге деген сү йіс пен ші лі-
гін арттырып, Отанды, атамекенді ардақтайтын тамаша мінез-құ лық
қалыптастыруына мүмкіндік жасайды əрі балалардың ой тол ға мын
байытып, туған жер, Отан тарихына деген таным-түсінігін те рең де-
те ді. Сонымен бірге, мұрат сенімін бекемдеп, адамдарды Отаншыл,
ха лық шыл болуға бастайды.
БҰЗАҚЫЛЫҚ ПЕН ҚЫЛМЫСТЫ
ТЕКТЕУ ТƏРБИЕСІ
Қ
азақ халқына бұзақылық пен қылмыс жат қылық жəне оған қа-
таң тек қойған. Ұрпақтарын жастайынан бұзақылық пен қыл мыс тан
бойларын аулақ ұстап, Отанға, халыққа пайдалы жақсы азамат болып
жетілуге баулиды.
Бұл тəрбиеде білікті ата-аналар ұрпақтарына: өзгелердің құқық-
мүд де сі не нұқсан келтіру, қастық сайлау, масқаралау, қорлау, қол-тіл
ти гі зу, алдап-арбау, жəбірлеу, пара беру, пара алу, шашбау көтеру, кісі
өлтіру, қан төгу, халық жүктеген міндетті адалдықпен атқармау; суық
жүріске салыну, қиянат жасау, ұрлық, қаралық істеу, халықтың мұң-
мұқтажын елеп-ескермеу, өтірік-өсек тарату, ел ішіне іріткі салу, қо-
ғам тыныштығын бүлдіру, сойқан шығып, қан төгілуге себепші болу,
өрт қойып, у шашу, елдің ізін аңду, біреудің жақсылығы мен қуа-
ны шын бүлдіру, басқалардың құпиялығын ұрлау, тың тыңдау, жала
жабу, жалған куəші болып, ақиқаттан тайсақтау секілділер тү гел дей
160
160
бұзақылық, қылмыс болатындығын мұқият ұғындырып, өз бойларын
ондай бұзақылық пен қылмысты істерден аулақ ұстап, пəк, адал, арлы,
ізгі ниетті адам болуға тəрбиелеп отырады.
Бұзақылық пен қылмысты тектеу тəрбиесі ұрпақтарды жа ман дық
атаулыдан жиреніп, жақсылыққа сүйіну сезімін тудырып, олар ды
адал, арлы, ізгі ниетті болуға, рухани жақтан ақаусыз өсіп-же ті ліп, та-
маша адамгершілік қасиет қалыптастыруға дағдыландырады.
КІСІЛІК, КІШІЛІК ЖƏНЕ КЕШІРІМ
ТƏРБИЕСІ
Қ
азақ халқының кісілік, кішілік, кешірім тəрбиесі «тас ат-
қан ға – ас ат, алдыңа келсе – атаңның құнын кеш, кішілік – кі сі лік ке
бас тайтын сара жол» деген халық даналықтарынан басталады. Онан
соң, «кең болсаң – кем болмайсың, ұлық болсаң – кішік бол» деп ұр-
пақ та ры ның бойына кішіпейілділік, кешірімділік сияқты тамаша кі-
сі лік қасиет қалыптастырып, жан баласына жамандық жа са мау ға,
кек шіл болмай, көпшіл болуға, менмен, тəкаппар, өзімшіл болмай,
кі ші пе йіл, кешірімді болуға тəрбиелейді. Сондай-ақ, өзіне жа ман дық
іс те ген дер ге де жақсылық жасап, ізгілік танытып, жамандық атаулы-
ны жақсы ниет, жақсы іс-əрекетімен жақсылыққа өзгертіп, тату-тəт ті,
береке-бірлігі жарасқан тамаша өмір салтын орнатуды дəріптейді.
Бұл тəрбие ұрпақтардың ақаусыз өсіп-жетілуіне пайдалы. Кең,
ке ші рім ді болған адам түрлі рухани қысымға ұшырамай тын дық тан,
аурулардан аулақ, адамдар арасындағы қарым-қатынасы жақсы, өрі сі
кең, досы мол, өш-қасы аз болады деп біледі.
АР-ҰЯТ ЖƏНЕ НАМЫС ТƏРБИЕСІ
А
р-ұят пен намыс тəрбиесінде білікті ата-аналар ұр пақ та ры на:
ар-ұят пен намыс – адам бойындағы ең асыл қасиеттер, ол адам мі нез-
құл қы ның көркі, адамды нағыз адамдық сипатта ұстап тұратын алтын
тірек деп ұғындырып, бүкіл тəлім-тəрбие мен қоғамдық қа ты нас та
ұр пақ та ры на ар-ұят пен намысты кірлетпей, бойларын жа ман дық тар
161
161
мен жиіркенішті іс-əрекеттерден аулақ ұстап, ар-намысын қас тер леп,
оған дақ түсірмеуге үйреткен. Сондай-ақ, «арсызды адам деме, арлы-
ны жаман деме», «ұятсыз, арсыз адамнан шайтан да қор қа ды», «ұят
кімде болса – кісілік сонда», «ардан аттама, аяққа таптама», «жарлы
бол саң да, арлы бол» деп, əрқандай жағдайда да ардан аттап, адам гер-
ші лік ті таптамауға, ар-ұят пен намысты таза сақтап, адам гер ші лік ке
жат ұятты істерден аулақ болуға тəрбиелеп отырған. Сонымен бірге,
ұр пақ та ры ның іс-қимылы мен мінез-құлқын қатаң қадағалап, ба ла ла-
ры ның бойынан болымсыз жаман қылық байқалса, «ұят болды, жаман
болады, досқа күлкі, дұшпанға таба боласың» деп, дер ке зін де тектеп,
сындап, перзенттерін ар-ұятты, намысты жақсы азамат бо лу ға бау лы-
ған. Ар-ұяттан аттауды – кісілік қасиетін жойғандық, аз ғын да ған дық,
намыссыздық деп білген.
Бұл тəрбие ұрпақтардың жан-жақты ақаусыз өсіп-жетілуіне мүм-
кін дік жасап, жасөспірімдерді адал, арлы, əдепті-ибалы, мұратты, ту-
рашыл, ізгі ниетті адам болуға дағдыландырады.
ƏДЕП, МОРАЛЬ, МҰРАТ ТƏРБИЕСІ
Қ
азақ халқы əдеп пен мораль – адамдық іс-қимыл мен қо ғам-
дық қарым-қатынастың көркі, ал, мұрат – адамдық арман-мақ сат тың
биік шыңы деп қараған. Сондай-ақ, «əдепті бала – арлы бала, əдеп сіз
бала – сорлы бала», «мұрат – ұлы болашаққа бастайтын шам шы рақ»
деген халық даналықтарын құлақтарына құйып, жүректеріне ұя ла тып,
ұр пақ та рын жастайынан əдепті, тəртіпті болуға баулыған.
Қазақ халқы қоғамдық мораль мен əдеп-ибаға ерекше мəн бе ріп,
əдеп ті, ибалы, тəртіпті кісілерді өте жоғары бағалап, сыйлап, құр мет-
теп, халықтық салт-дəстүрді көз қарашықтарындай қастерлеп, тамаша
орта жəне тату-тəтті, береке-бірлікті қоғам құруға ұмтылған.
ƏДІЛЕТ, АҚИҚАТ ТƏРБИЕСІ
Ә
ділет пен ақиқат тəрбиесінде қазақ халқы: əділет пен ақиқат жоқ
жерде көңілді орта, көркем болашақ болмайды; елден береке ке тіп,
162
162
қо ғам тыныштығы бұзылады, ырыс-ынтымақ қашады; тек əділет пен
ақи қат салтанат құрғанда ғана ел еңсесі биік, мерейі үстем, қо ға мы
тыныш, елі ынтымақты, береке-бірлікті болады; бақыт-байлық пен
сəн-салтанат өз ырғағын табады деп қарап, ұрпақтарының бойына жас
кез де рі нен бастап əділет пен ақиқат рухын сіңіруге құлшынып, пер-
зент те рін ақиқатта берік тұрып, əділетті жақтауға тəрбиелейді.
Бұл тəрбиеде өнегелі ата-аналар ұрпақтарын қандай істе де əді лет
пен ақиқаттан шеттемеуге, ар алдында əділ, пəк болып, өз қол да ры-
мен істегендерін мойындарымен көтеруге; қашанда əділетті жақ тау-
ға, ақиқатта берік тұратын турашыл адам болуға баулиды. Сон дай-ақ,
əділдік адам бойындағы ең тамаша қасиеттің бірі, əділет пен ақи қат тан
айырылу – адамдық қасиеттен айырылу, кісілік құн ды лық тар ды жою
екендігін егжей-тегжейлі түсіндіріп, ақиқатқа табанды, əді лет ті жақ-
та ған турашыл адамдардың ізгі істерін таныстырып, олардан үлгі-өне-
ге алуға жетелесе; ал, əділетсіз, пасық адамдарды шенеп: «құ ры сын,
пəленге ұқсап ақ пен қараны, арам мен адалды ара лас тыр маң дар!»
деп, əділетсіз адамдардан жирендіріп, жастайынан ақиқат пен əді лет ті
қас тер лей тін турашыл азамат болуға жетелеген. «Тура биде – туған
жоқ, бұрған биде – иман жоқ», əділетті бол, ақиқатта берік тұр, жеке
бас қа қанша қиын, ауыр болса да əділін айт; жалған сөйлеме, жалған
куə лік берме, өтірік айтып біреудің обалына қалма, жылатпа, өз мүд-
дең мен туыс-туған, дос-жарандарыңның мүддесі үшін ақиқаттан
аттап, өзгелерді сорлатпа, қорлатпа, нағыз адам – əділет пен ақиқат
алдында ардан аттап, жолдан таймайды, қайда жүрсең де əділет пен
ақи қат тан тайма, əділ сөйле, «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ»,
«əді лет жолын ұстанған адамның беті жарық, мерейі үстем болады»
деп, перзенттерін əділетті жақтауға баулып отырады.
Бұл тəрбие ұрпақтарды өмірдің мəнін, құнын шынайы түсініп, əді-
лет пен ақиқатты ту қылып ұстайтын əділ, турашыл, табанды, қа жыр-
лы азамат болуға жетелейді.
163
163
АМАН-СƏЛЕМ ТƏРБИЕСІ
Қ
азақ халқы адам баласының бір-бірімен амандасып, сə лем де-
сіп тұруы, кішілердің үлкендерге сəлем беруі, үлкендердің кі ші лер
берген сəлемді ықыласпен алуы, барыс-келіс, алыс-беріс іс те рін де
жылы шыраймен сəлем берісіп, бір-бірінің амандығын біліп отыру
адамдық парыз деп санап, перзенттерінің тілі шығып, оң мен солын
тани бастасымен аман-сəлем жасаудың қағидаларын үйрете бастайды.
Қазақ дəстүрі бойынша, бір-бірімен кездескен екі адам мейлі та-
ныс, мейлі бейтаныс болсын, бір-біріне міндетті түрде сəлем береді.
Яғни, кішісі үлкеніне: «ассалаумағалейкүм!» деп оң қолын ұсынып сə-
лем береді. Ал, қариялар мен өнер-білімді сыйлы кісілерге қос қо лын
беріп амандасады. «Ассалаумағалейкүм» деген сөз – сізге Ал ла ның
рақымы жаусын деген ізгі тілек. Егер сізге біреу «ассалаума ға лей күм»
деп сəлем берсе, сіз оған: «уағалейкүммассалам, уə рəхіметөллə» деп,
ұсынған қолын ықыласпен алып, сəлемін қабылдауыңыз шарт. Бұл
сіздің сəлем берушіге: «маған Алланың рақымы бір есе жауса, сіз ге
екі есе жаусын» деген қарымта тілегіңіз болады.
Қазақ халқы: «адамның сəлеміне қарап салауатын сына», «кім бұ-
рын сəлем берсе – сол ізгі ниетті» деп адамдардың аман-сəлеміне қа-
рап оның шынында қандай адам екенін, қандай тəрбие алғанын ба-
ғам дап отырған. Кісіге сəлем бермеген немесе басқалар берген сə-
лем ді сызданып, бəлсініп, аузын жыбырлатып əрең алған адамдарды
тəрбиесіз, көргенсіз, мəдениетсіз, шен мен байлығына буланған бі лі мі
саяз адам деп қатты жек көреді. Алайда, сəлемді қалай болса, солай
жасай салмайды. Сəлем беріп амандасудың да өзіндік жолы, үлгі-
өнегесі бар. Мысалы, ерлер мен əйелдер, жігіттер мен қыздар бір-
бірімен амандасқанда: «амансыз ба, сəлеметсіз бе, есен саусыздар
ма?» деп сыпайы амандасса, ал, замандас, құрдас адамдар мен құда-
құдағилар қауышып амандасады. Үлкен кісілер балалардың маң дай-
ла ры нан иіскеп, беттерінен сүйеді. Əдетте, шаршы топ ішінде сə лем-
дес кен де оң жақ алдыға кім бұрын жақын келсе, сонымен амандасып,
ары қарай басқа адамдармен ретімен амандасады. Көп ші лік ішін де
адамдардың жасына, жынысына, атақ-даңқына қарай сə лем бе ре-
164
164
мін деп, алдына келген адамнан аттап өту, біресе төрге, бі ре се өрге
жүгіру өте білімсіздік, əдепсіздік болады. Ал, көпшілік отыр ған үйге
кіріп сəлемдескенде, үйге кірген бойда төрдегі кісілерге тіке қа рап:
«ассалаумағалейкүм» деп сəлем беріп, онан соң, оң жақтағы ең тө-
мен отырған адамнан бастап қол алысып, сəлемді төрге қарай жал-
ғас ты ра ды. Егер оң жақта əйелдер қауымы отырған болса, онда сол
жақ ір ге де (төменде) отырған адамнан бастап қол алысқан жөн. Ал,
үй де гі лер тамақ жеп отырған болса, онда тек «ассалаумағалейкүм»
деп ауызша сəлем беріп қояды, қол алыспайды. Тамақ жеп отыр ған-
дар ға қол беру – тəрбиесіздік саналады. Бөгде діндегі адамдарға сə лем
бермейді. Тек қол беріп, қол алысып есен-саулық сұрасады. Дос-жар
адамдар мен құда-құдағилар төс соғыстырып (қауышып) амандасуда,
алдымен сəлем беріп қос қолдарын ұсынып, онан соң, ала қан да рын-
алақандарына тиістіріп тұрып құшақтарын жайып, оңға бір, сол ға
бір (екі рет) қағыстырады. Қазақ халқының аман-сəлем дағ ды сын да:
үлкенге – кіші, əйелге ер адам бұрын амандасады. Алайда, бетпе-бет
келгенде бір-бірінің үлкен-кішілігін парықтай алмаса, онда, жолы кі-
ші сі, жолы үлкеніне бұрын сəлем беру, жолдарының үлкен-кі ші лі гін
па рық тай алмаса, мұртсызы – мұрттысына, сақалсызы – са қал ды сы на
бұрын сəлем беру керек. Егер, бұл белгілері де ұқсас болса, аттыға –
жаяуы, отырғанға – тұрғаны бұрын сəлем беру немесе бір-біріне тең
сəлем беруі керек. Сондай-ақ, үйдегі адамға сырттан келген адам, алы-
стан келген адамға ауыл адамдары, жатқан адамға тұр ған адам, ауру
адамға сау адам, көп адамға аз адам бұрын сəлем беру қажет. Алайда,
отырған, жатқан, ауырған, алыстан келген адамдар да шамасы кел-
се орындарынан тұрып немесе бастарын көтеріп, үл кен кісілерге сə-
лем бергені жөн жəне біреуге сəлем бергенде бір қо лын жанқалтадан
шығармау, менсінбей көңілсіз қол беру сияқты қы лық тар тəрбиесіздік,
мəдениетсіздік болады. Айт күндері қандай ұлы адам болса да қос қо-
лын беріп амандаспайды. Тек «ассалаума ға лей күм» деп оң қолымен
қарсы жағындағы адамның бас бармағын ұстап амандасады. Бұл «айт
күндері бақ пен қызыр таныс адамдар бей не сін де жалпақ əлемді ара-
лайды… Қызырдың бармағында сүйек болмайды, бас бармағының
сүйегі жоқ адамды байқасақ, қызырға кездескен боламыз, қызырдың
165
165
қолын ұстасақ бақ қонып, қызыр дариды» деген ұғым нан келіп шық-
қан.
Бұл тəрбиенің де өзіндік ғылыми мəн-мағынасы бар. Мысалы, ұр-
пақ тар дың ізгілік, адамгершілік сезімін оятып, қоғамдық қарым-қа-
ты на сын кеңейтеді. Досын көбейтіп, дұшпанын азайтады. Тамаша мі-
нез-құ лық қалыптастырып, ұрпақтарды ізгі ниеттілікке, көп шіл дік ке,
мұ рат ты болуға баулиды.
Достарыңызбен бөлісу: |