Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет11/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50

Ана сүтін көкке сауу

А

қ  сүтін  беріп  əлдилеп  өсірген  перзенті  өзіне,  əкесіне  немесе 



ата-əжелеріне қол жұмсап, тіл тигізсе, сондай-ақ, бетке салық, сү йек ке 

таң ба түсірерлік масқара қылыққа барса, ел-жұрты мен туыс-ту ған да-

ры на, Отанына, халқына ауыр қылмыс жасаса, онда анасы:

–  «Ақ  сүтімнің  киесі  атсын,  шіріген  жұмыртқа»  деп  емшек  сүтін 

көк ке қаратып сауады. Міне, бұл ана сүтін көкке сауу деп аталады. 

Ана сүтін көкке сауу – өте ауыр жаза. Туған перзентін Тəңір алдында 

талақ  еткендік,  ауыр  қарғысқа  ұшыратқандық.  Ондай  қарғысқа  жо-

лық қан ұрпаққа ел-жұрт оң көзбен қарамайды. Ешкім жақындық, жа-

на шыр лық көрсетпей, сүтке тиген күшіктей сүмірейтіп, адам санаты-

на қоспай, жалғыз қалдырады. 

Бұл жаза ұрпақтарды ата-ана, ел-жұрт, бауыр-туыстарға қа йы рым-

ды,  мейірімді  болуға  баулып,  əдепсіздіктен,  бұзақылықтан  тек тей ді. 

Адамдардың  арасындағы  қарым-қатынасты  жақсартып,  тату-тəт ті 

өмір сүруге жетелейді. Ата-ана, ел-жұртқа адал қызмет істеуге дағ ды-

лан ды ра ды.

Күл, топырақ шашу

Е

л ішінде адамгершіліктен шығып, діннен безген кесапатты бұ-



зық адамдардың немесе өзі кінəлі бола тұра, ел-жұртын орынсыз қа-

ра лап, ат құйрығын кесіп бара жатқан кесірлі жандардың ту сыртынан 

кектенген адамдар топырақ немесе күл шашады. Міне, бұл күл, то пы-

рақ шашу деп аталады. 

Топырақ,  күл  шашу  –  «Құдай  сенің  қараңды  екінші  көрсетпесін, 

күл дей тозып жоғал, жер бетінде ізің қалмасын» дегені. 

Бұл салт адамдарды орынсыз зорлық істеуден тыйып, өзара сый-

ласып, сырласып, адамдық өмірді тату-тəтті, береке-бірлікте өткізуге 

же те лей ді. Адамдарды адал, турашыл, əділ, мұратты болуға, жақ сы-

дан үйреніп, жаманнан жиренуге баулиды.


121

121


Ат кекілін кесу

Т

уыс-туған, ел-жұртымен қатты ренжісіп, дос-жарандары мен 



жақындарынан əбден көңілі қалып, жалғасты отасудан үміті үзіл ген 

адам «ат кекілін кестім» деп, мініп жүрген атының кекілін шолтитып 

шорт кесіп тастайды да, екі қолын төбесіне қойып, ел-жұртын тастап 

кетеді. Міне, бұл ат кекілін кесу деп аталады. Осы себепті, қа зақ хал-

қы аттың кекілін кесіп, екі қолдарын төбесіне қоюды сұмдық ырым ға 

жориды. 


Ат кекілін кесуге ер азаматын мəжбүрлеу, оның өкпе-ренішін тар-

қа та алмау – ел-жұрт үшін де үлкен айып. Ол – «ел емессің, елдік қа-

сиет тен айырылғансың, жаудан бетер жамансың, тірі өліксің» де ген ді 

меңзейтін ауыр жаза.

Ат кекілін кесу адамдарды адалдыққа, пəктікке, мейірімді, қа йы-

рым ды  болуға  баулиды.  Арамдықтан,  қулық-сұмдықтан,  оз быр лық-

тан, зұлымдықтан, жағымпаздықтан тектейді. Орынсыз дау-жанжал, 

ұрыс-керістен тыйып, адал, турашыл, береке-бірлікті болуға, жақ сы-

дан үйреніп, жаманнан жиренуге жетелейді.

Бетіне түкіру

К

үнəсіз,  ақ  адамдар,  озбыр,  залым,  азулы  адамдардан  қор лық-



зорлық  көріп,  нақақ  істі  болып  жəбірленіп,  есе-теңдігін  ала  алмай 

қорланып бара жатқан əлсіз, қорғансыз адамдар сол өздеріне қор лық-

зорлық  көрсеткен  бұзақыларға:  «ақыретке  барғанда  не  бетіңді  ай та-

сың?! Тіфу! Бет жоқ!» деп беттеріне көп ортасында түкіріп жі бе ре ді. 

Міне, бұл бетіне түкіру деп аталады. Бетіне түкіру – күнəсіз, əл сіз, 

қор ған сыз адамдардың есесін жеген жаулары мен өзін жалған қа ра ла-

ған жалақорлардың қарабеттігін масқаралап қалудың соңғы бір ама-

лы. Бірақ өте ауыр, сорақы амал. «Əлі жетпеген – ақыретшіл», «залым 

адам күледі, нақақ адам күйеді» деген осы.

Бетіне түкіру зорлық-зомбылық істеп, халықтың мал-мүлкін зиян-

дап, адамдық құқығына қол сұғушы озбырлардың айыбын бетіне ба-


122

122


сып, олардың жүгенсіз қылығын шектейді. Оларды ел алдында адам-

дық ар сотына тартады. Адамдарды адал, турашыл, мейірімді, қа йы-

рым ды болуға баулиды. Жəбірленуші адамның рухани қысымын же-

ңіл де тіп, түрлі ауру-сырқауға ұшырау мүмкіндігін азайтады.



От басын сабау

Х

алық  болған  соң,  қағыспай,  ел  болған  соң,  егеспей,  ағайын 



бол ған мен,  алыспай-жұлыспай  өтетін  өмір  дүниеде  кемде-кем  ұшы-

ра са ды.  Міне,  осы  барыста  адамгершілікті,  обал-сауапты  білмейтін 

кей бір тəрбиесіз адамдар арқа сүйері жоқ момын, жетім-жесірлердің 

мал-дүниесін  жеп,  жер-суларын  иемденіп,  əртүрлі  қиянат  жасап,  өз 

бай лы ғын арттыруға сұқтанады. Əне, сондай қиянатқа жолығып жə-

бір көр ген жандар олардан өз есесін ала алмағанда, əлгі қиянатшыл, 

зор лық шыл жандардың үйіне барып:

–  Құдайдан  қорқып,  аруақтан  ұялсаң  болмай  ма!  Бұл  не  сұмдық, 

бұл не қорлық! – деп оның от басын сабап, күлін шашады. Міне, бұл 

от басын сабау деп аталады.

От басын сабау – əлсіз, сүйенішсіз жандардың озбырлар мен қия-

нат шыл залымдарға қолданған қорлау, масқаралау жазасы есеп те ле ді. 

Қазақ ұғымында от басы сабалып, күлі шашылған адам, мейлі, қан дай 

бай, қандай білікті болса, «оның от басын пəленбай сабап ке тіп ті» де-

ген дақпырт тараған күннен бастап оның қоғамдық беделіне кір келе-

ді. Атақ-даңқына нұқсан жетеді. 

От басын сабау адамдарды жамандықтан жирендіреді, жанын түр-

шік ті ріп  үрейлендіреді.  Адамгершілікке  жат  жаман  іс-қи мыл дар дан 

тектейді. Бір-бірімен тең, адал қарым-қатынас жасауға, біреуді жə бір-

лей тін,  зорлық-зомбылық  істеп,  құқық-мүддесін  зияндайтын  əре кет-

тер ден аулақ болуға баулиды.



Қарғыс

Б

іреуден нақақ зорлық-зомбылық көрген, жəбірленген, қор лан-



ған, боқтық естіп, таяқ жеген, жалған жаламен істі болған, туыс-ту ған-

123

123


да ры атылып-шабылған, қамалған, мал-дүниесі талан-та ра жы ға ұшы-

раған адамдар сол қорлық-зорлық көрсеткен бұзақылардан есе-тең дік 

ала алмағанда Құдай, аруақты шақырып:

–  Құдайдан  жетсін!  Аруақ  атсын!  Құдай  төбеңнен  ұрсын!  Жер 

жұт сын!  Көгеріп-көктемей  қал!  Қыршыныңнан  қиыл!  Жер  жастан! 

Зар жылап, запыран құс! Қан бассын! Көрейін деген қызығыңды көр-

мей қал! Дəм-тұз атсын! Пəле бассын! Балаңның бауыр етін же! – деп 

қарғап-сілейді. Тіпті, көңілін ауыртқан жан-жануарларды да қар ғай-

ды. Мысалы, арам қат, жау айдасын, қарасан келсін, жау таласын, қас-

қыр жесін, арам өл, пышаққа ілін, т.б.



Қарғанып-сілену

М

омын,  кінəсіз  кісілер  өздеріне  озбыр,  бұзақы  адамдар  нақақ 



жала жапқанда, ар-намысын қорлағанда, «егер, солай істеген болсам, 

кө рер қызығымды көрмей кетейін», «баламның бауыр-етін жейін, Құ-

дай төбемнен ұрсын, дəм-тұзың атсын!» деп байбалам салады. Міне, 

бұл қарғанып-сілену деп аталады.

«Ақ болсаң да ант ішпе» деп қазақ халқы орынсыз қарғанып-сі ле-

ніп, ант ішуді қатты тектейді. Ондайға тек амалсыз жағдайда, басқа 

шы ғар жол қалмағанда ғана барады. Себебі, ауыздан шыққан сөзіміз 

Ал ла ның құлағына шалынса жаман болады деп қатты қорқады.

«Қарғау»,  «қарғану»  адамдарды  əртүрлі  жамандық  пен  па сық-

тық тан  үрейлендіріп,  қорқытып,  жирендіріп,  адал,  ізгі  ниетті  бо-

луға,  адам  ге р  ші  лік тен  аттамауға,  ар-абыройларын  пенделік  бы-

лық- шы лық тар дан таза сақтайтын ізгі, мұратты жақсы адам болуға 

же те лейді.

Барымта

Б

арымта – жəбір-жапа тартушы жеке адам немесе оның ел-жұрт, 



ағайын-туыстарының кеткен кек, өткен өшін қайтару, сондай-ақ, дау-

жанжалда қарсы жағынан алатын аласы мен тартып алған, ұрлап ал ған 



124

124


мал-дүние,  жетім-жесір,  жер  дауындағы  зиянын  толықтап  алу  үшін 

жасалатын  зорлықты  қимыл.  Мысалы,  басқа  ауылдың  адамдарына 

тіл,  қол  тигізу,  өлтіру,  қызын,  қалыңдығын  немесе  олардың  жесірін 

алып  қашу,  малын  ұрлау,  бұлау,  жер-  суына  баса-көктеп  кіру  сияқ-

ты лар  –  сол  адам  мен  сол  ру-тайпаларды  жəбірлеу,  басыну,  қорлау, 

мас қа ра лау,  тіпті,  заң-жарғыларға  қарсы  шығып,  ата  салтын  бұзу, 

ел дің береке-бірлігін бүлдіру деп қаралып, ондай жағдайға ұшы рау-

шы лар қарсы жақтың ел ағалары мен билеріне шағым айтып, олардан 

мал-жанын қайтарып, айып төлеуді талап етеді де, ол əре кет те рі нен 

нəтиже  шықпаса,  «барымта  жолына»  көшеді,  яғни,  қарсы  жа ғы нан 

тартқан зияны мөлшерінде, тіпті, одан артығырақ мал айдатып алады. 

Міне, бұл барымта деп аталады. 

Кейде қарсы жақ құн жəне айыпқа жығылып, оны уағында тө ле ме-

се немесе сан рет ескерту берілсе де оны елемесе, онда сол елдің ел 

ағалары мен билерінің рұқсатын алып, барымта жолымен бір жақ ты лы 

етеді.


Дау шешу

Д

ау – «жəбір-жапа тартып, құқық-мүддеміз зияндалып, ісіміз қа-



на  ғат та нар лық  шешім  таппады»  деушілер  мен  «обалдымыз,  ақ  пыз» 

деу ші лер  жағынан  қозғалатын,  өз  уəждерін  айтып,  əділ дік  із деу  қи-

мы лы. Ал, дау шешу – даугерлерге төрелік айту, мəселені бір жақ ты-

лы ету əдісі, алайда, қазақ халқының өзге елдерге ұқсамайтын ерекше 

ер кін, ашық дау шешу, үкім шығару, төрелік айту тəсілі бар. Мейлі, 

қан  дай қылмыс, қандай дау болсын, оны елден жасырып-жаппай, құ-

пия лап,  мəймөңкелемей,  халық  алдына  жайып  салып,  ашық  тергеп, 

тек се ріп үкімін шығарады.

Қазақ заң-жарғыларында ел ішіндегі дауды билер мен ауыл ақ са қал-

да ры шешеді деп белгіленген. Сондықтан дау шешетін келелі жиын-

дарда, ең алдымен, екі жақ бірдей мойындайтын «төбе би» сайланып, 

ол  екі  жақтың  даугерлерін  тыңдап,  сұрақ  беріп,  тексеріп-тергеп,  ең 

со ңын да даудың төрелігін сол шешеді. Үкімді сол шығарады. Даугер-


125

125


лер де, халық та оны бастан-ақыр тыңдап əрі сынап отырады да, ол 

дау  шешкенде  ризалықтарын  білдіріп,  бір  ауыздан  қолдап  шығады. 

Ал дау гер лер оны заң үкімі есебінде қабылдайды.

Қазақ халқының «заң-жарғылары мен жаза түрлері» халықты адал, 

арлы,  ізгі  ниетті,  турашыл,  қайырымды,  мейірімді  болып,  бұ за қы-

лық, қатыгездік, менмендік, озбырлық, тойымсыздық, ны сап сыз дық, 

арсыздық,  алаяқтық  сияқты  адамгершілікке  жат  жаман  қы лық тар-

дан  бойларын  аулақ  ұстауға  дағдыландырады.  Адамдарды  хан-қара, 

бай-кедей деп тапқа, жікке бөлмей, тең, əділ, тыныш, орнықты қо ғам 

құруға  баулиды.  Сондай-ақ,  халықты  жақсылық  атаулыны  жақ тап, 

жамандық атаулыны жазалайтын тамаша өмір салтын қа лып тас ты ру-

ға жебейді жəне əртүрлі жаман қылықтардың жолын кесіп, адамдарды 

адамгершілікке, əдептілікке, мəдениеттілікке бастап, халық үшін адал 

қызмет  атқаруға  жігерлендіреді.  Адамзат  қоғамының  мəн-ма ғы на-

сын шынайы түсініп, адамдар қарым-қатынасының бірін-бірі тежеп, 

бірін-бірі  дамытып  отыратындығы  сынды  ақиқатты  терең  ұғы нып, 

тамаша  өмір  салтын  қалыптастыруға  жетелейді.  Адамдар  өзара  тең 

мəміле, тең қатынас жасағанда ғана адамзат қоғамының ақау сыз да-

мып, өркендейтіндігін ұғындырып, қоғамдық қарым-қа ты нас ты мінсіз 

дамытуға тамаша жол салады.



ЛАУ

Е

рте заманда хан-патша, орда адамдары, қағандар мен сұл тан дар-



дың атарман-шабармандары, сондай-ақ, ел ішіндегі беделді кі сі лер дің 

қызметкерлері аттары болдырып, арбалары сынса, жолдағы еру елден 

мəн-жайларын ұғындырып ат, арба мініп аттанған. Міне, бұл лау деп 

аталған.


Салт бойынша, лау мінетін адам еру елге мəн-жайын ұғын ды рып, 

аты-жөнін айтып, лаудың майын төлеуі шарт. Ал оған шарт-жағ да йы 

болмаса, жағдайын айтып, «көлігіңізді пəлен жер, пəлен ауылға тастап 

кетемін, сол арадан алыңыз» дейді. Болмаса «пəлен уа қы т та қай та əке-

ліп беремін» деп, лау алған адамға өз ат-көлігін кепілге тас тап кетеді.


126

126


ХАЛЫҚТЫҚ ДƏСТҮР ТƏРБИЕСІ

Қ

азақ халқының дəстүр тəрбиесі отбасынан бастау алады. Ер-



теде əрбір қазақ отбасы – үлкен мектеп, үлгі-тағылым ордасы бол ған. 

Онда жалпы тəрбиенің өзегі – адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, қа-

йы рым ды лық, жанашырлық, жақындық, достық, береке-бірлік, ең бек-

шіл дік,  адалдық,  арлылық,  əдептілік,  əділдік,  мұраттылық,  та за лық, 

көп шіл дік, халықшылдық, отаншылдық сияқты адамзаттың ең ба ға лы 

қа сиет те рін негіз еткен. 

Осы мектеп пен үлгі-тағылым ордасында əрбір ата-ана ұр пақ та рын  

міндетті түрде асқақ адамгершілік рухымен суарып, өнер-білім нə рі-

мен азықтандырып, адал-арам, обал-сауап, əділет-шапағат, ізгілік пен 

зұлымдық, жанашырлық пен жақындық, жауыздық пен ме йі рім ді лік, 

озбырлық  пен  өзімшілдік  сияқты  істердің  бəр-бəрін  егжей-тег жей-

лі ұғындырып, перзенттерін көпшіл, халықшыл, отаншыл болуға; ел 

намысы мен Отан даңқына, ата-ананың бет-беделіне дақ тү сір меу ге; 

кеңпе йілді, кешірімді болуға; «малым – жанымның садағасы, жаным – 

арым ның садағасы» дейтін үлкен кісілік қасиет қалыптастыруға же-

телеп,  ешқашан  халықпен  жауласпауға,  дауласпауға,  көпке  то пы рақ 

шаш пау ға;  əрқашан  тектілік,  ірілік,  тəрбиелілік,  даналық,  ұлы лық, 

көр ген ді лік, көсемдік танытып, пенделік ұсақтыққа, бықсықтыққа бой 

ал дыр мау ға жетелеп отырған.

Халықтық  дəстүр  тəрбиесін  алған  əрбір  азаматтың  адам гер ші лі гі 

асқақ, білімі терең, көз аясы кең болады. Өнер-білімді бəрінен жо ға ры 

қояды. Сүйіспеншілік пен кегі айқын, обал-сауап, ақ-қара, адал-арам 

түсінігі терең болып, ержеткенде білімі мол, ақыл-парасаты жо ға ры; 

Отанына,  халқына  атақ-даңқ  əперетін  үлгілі,  өнегелі  азамат  болып 

жетіледі. Пенделік ұсақтық пен былық-шылықтардан бойларын ау лақ 

ұстайтын саналы, адал, пəк, арлы болып есейеді.

Балаларды жасына, жынысына қарай тəрбиелеп, бұл тəрбиеде ба-

ла лар ға, ең алдымен адамгершілік, қарым-қатынас, ар-ұят, ме йі рім ді-

лік, ізгілік, адалдық, əдеп-иба, жомарттық, еңбек сүйгіштік тəр бие сі 

жүргізіледі. Сонымен қоса, жеті жасқа келгенше ұл-қыздарына «жеті 



127

127


атасын білмеген – жетімдіктің белгісі» деп, жеті аталарына де йін гі кі-

сі лер  дің атын жаттатқызады. 

Жеті  атасын  білген  ұрпақ  туыстық  қарым-қатынасқа  мəн  беретін 

бауырмал, көпшіл болады. Сондай-ақ, махаббат, неке істерінде əр түр-

лі  ұятты  істерден  аулақ  болады.  Жастайынан  адамгершілік,  ізгілік, 

ең бек сүй гіш тік тəрбиесін алған бала есейгенде ел-жұрты мен ата-ана-

сына опалы болады. Еңбекшіл, ержүрек, адал, арлы, мұратты болып 

өсіп-жетіледі.



БАЛАЛАРДЫ ЖАСЫНА, 

ЖЫНЫСЫНА ҚАРАЙ ТƏРБИЕЛЕУ. 

ҚЫЗ ТƏРБИЕСІ

А

дам  адамға  қарап,  ағаш  ағашқа  қарап  өседі  деп  білген  қа зақ 



халқы: «қызың жақсы болсын десең – қылықтылармен ауылдас бол» 

дейтін халық даналығын берік ұстанып, қыз балаларды ес біліп, етек 

жаба бастаған кезде-ақ өнерлі, текті, тəрбиелі, адамгершілігі жо ға ры 

кісілермен барыс-келіс, алыс-беріс жасап, олармен көрші отыруға, бір 

жүруге құлшынған əрі ресми тəрбие жүргізе бастаған. 

Мұнда,  білікті  аналар  сəби  қыздарын  бір  тізерлеп  отыру,  қалай 

болса, солай отырып-тұрмау; үнемі «сіз, біз» деп сөйлеу, тасыр мінез, 

ке сел ді сөзден аулақ болу; кісі бетіне, əсіресе ер адамдардың бетіне 

қы лым сып немесе тіке қарамау, тамақты ауыз толтыра асап, былшыл-

датып, шалпылдатып шайнамау; ыдыс-аяқты жуғанда, жиғанда шар-

қыл дат пау; үлкен адамдар келгенде тұрып жол беру, аман-сə лем жа-

сау, ата-ана мен үлкен кісілер арасында отырғанда білермендік іс те-

меу, сөзге қыстырылмау, «шеше тұрып, қыз сөйлегеннен без» дей тін 

ха лық даналығын есте берік сақтау; көп ортасында албаты жыр тақ тап 

күл меу, арын таза сақтау, ата-ананың рұқсатынсыз қыдырмау сияқты 

іс тер ден егжей-тегжейлі тəрбие жүргізеді.

Жоғарыдағыларға  қоса,  үлгі  арқылы  тəрбиелеуге  де  баса  назар 

аударады.  Онда,  ел  ішіндегі  тəрбиелі,  үлгі-өнегелі  қыздардың  атын 

айтып,  «шіркін,  пəленнің  қыздары-ай!  Қыз  болса  сондай  болсын, 

əдеп ті сі-ай,  ибалысын-ай!»  деп,  олардан  үлгі-өнеге  алуға  ша қыр са; 



128

128


ал, тəртіпсіз, ұятсыз, көргенсіз қыздарды көрсе, «құрысын, пə лен нің 

қызы!  Ел  көзінше  ата-анасының  тілін  алмай,  бетінен  алыпты,  үл кен 

кі сі лер ге жол бермей иығымен соғып өтіпті, қонақтарға тұрып орын 

бер меп ті,  ата-анасын  жерге  қаратып  қашып  кетіпті,  ондай  қыз дар ға 

жо ла маң дар!» деп, қыздарын ондайлардан жирендіріп, жаман қы лық, 

жат мінезден аулақ болуға жетелейді. 

Онан кейін, болашақ отау тəрбиесіне көшеді. Онда «ұлы сөзде ұят-

тық жоқ» деп, қыздарына: болашақта ана боласың, ана деген қасиетті 

ұғым, оған кір келтірме, үйлі-баранды болып, перзент сүйесің. Пер-

зент те рің ді адал ақ сүтіңмен асыра, еріңді құрметтей біл, ер деген – 

ата, отбасының тірегі, ел мен жердің қорғаны, ерін сыйлау – əйел дік 

парыз.  Ерін  сыйлап,  отбасын  қадірлемеген  əйел  ұрпағының  обалын 

арқалайды деп ұғындырады. 

Отау тəрбиесіне қоса іскерлік, ісмерлік, еңбек тəрбиесін жүр гі зе  ді. 

Онда əр күні қыздарына: «ісмерлік пен еңбекшілдік – əйелдің көр  кі», 

«ісмер  əйел  –  отбасын  гүл  етеді,  олақ  əйел  отбасын  жүдетеді»  деп, 

ине-жіп  ұстатып,  құрақ  құратады,  жамау  жаматып,  кесте  тік ті ре ді. 

Шіл тер тоқытып, кір жудырады, жүк жинатып, бау-шу естіреді. Киім 

тік ті ріп, тамақ жасатады, ыдыс-аяқ жудырады. Тон, көйлек піш ті ріп, 

алаша, кілем тоқытады. Ою ойдырып, сырмақ сырғызады. Сиыр сау-

дырып, май шайқатады, т.б. Қысқасы, бұл тəрбиеде білікті аналар қыз-

да ры на іскер бол, олақ, салақ болма, олақ, салақ болсаң өмірде бейнет 

тартып, қиындық көресің, барған жеріңде тəрбиесіз, олақ болсаң, ата-

ана ңа, ел-жұртыңа сөз келтіресің деп қыздарына адамгершілік, іс кер-

лік, ісмерлік тəрбиеге қоса, өнер атаулының барлығын үйретуге күш 

салады. 


Қазақ  халқы  қыздарын  ерекше  аялап,  құрметтейді  əрі  «қыздың 

жолы  жіңішке»,  «қызға  40  үйден  тыйым»  деп,  қыздары  есейген  са-

йын олардың жүріс-тұрысы мен іс-қимылдарын қатаң қадағалап, тə-

жі ри бе сіз,  албырт  кездерінде  бір  сəттік  лап  етпе  сезімге  бой  ұрып, 

бірер оғаш іске ұрынып қалуынан алдын ала сақтандырып, бойжеткен 

соң,  ар-абыройы  таза  күйінде  құтты  орнына  қондыруды  ата-аналық 

парыздары  санайды.  Қыз  балалардың  некеленбей  тұрып  жыныстық 

қа ты нас  жасауы,  ата-анасының  ризалығынсыз  күйеуге  еріп  қашып 



129

129


ке туі, ақ некелі кү йе уі нің көзіне шөп салу сияқтылардың жи ре ніш ті 

жаман  қылық  екендігі  жү йе лі  түрде  ұғындырылады.  Текті,  тəр бие лі 

отбасылар қыздарының албаты қыдыруына, жалғыз-жарым жолаушы 

жүруіне жол бермейді. Басқа үйлерге қондырмайды. «Қызды – жең-

ге, жеңгені – теңге бұзады» деп, бойжеткен қыздарды жеңгелеріне ер-

тіп жібермейді. Тіпті құда түсіп, өлі-тірісін беріп қойған өз кү йе уі не 

де  орынсыз  жолатпай,  қыздарын  күндіз-түні  қызғыштай  қорып,  көз 

қарашықтарындай аялап өсіреді.

Бұл  тəрбие  қыздарды  арлы  болып,  адамгершілігін  биік  ұстауға, 

өнер лі  іскер  болып,  ар-абыройын  таза  ұстауға  баулиды.  Ерлерді  қа-

дір леу ге, құрметтеуге, отбасының ұйтқысы, перзенттерінің қор ма лы, 

тəр бие ші сі,  ұстазы  болып,  адамдық  арына  дақ  түсірмейтін  өне ге лі, 

үлгі-тағылымды адам болып есеюге баулиды.

ҚЫЗДАРДЫ СЕЗІМТАЛДЫҚҚА,

СЕРГЕКТІККЕ БАУЛУ

Б

ұл тəрбиеде тəжірибелі аналар қыздарына ең алдымен кі сі лік, 



кішілік,  мейірімділік,  жанашырлық,  бауырмалдық,  биязылық,  та за-

лық,  пəктік,  ар-ұят,  адамгершілік  тəрбиесін  жүргізумен  қатар,  ішіп-

жеу, жүріс-тұрыс, іс-қимыл, тіпті махаббат, неке істеріне дейін кі сі-

лік тен аттамау, сергек, сезімтал болу тəрбиесін жүргізіп, қып еткенді 

сезе қоятын сергек, сезімтал болуды үйретеді. Ас ішкенде бір ті  зер  леп 

қы рын  отыру;  ас-тағамды  обырлана  асамау,  шай,  қымыз  секілді  сұ-

йық нəрселерді ішкенде сорпылдатып дауыс шығармау; тамақты қа-

лып ты ішу, мəдениетті азықтану, жатқанда, ұйықтағанда бір қы ры нан 

жиналып, жамбастап жату, шалқасынан қалай болса солай ашылып, 

шашылып жатпау, қандайда қауіп-қатерден сақ болып, өзін сергек ұс-

тау, сезімтал болуға дағдылану жөнінде мұқият тəрбие жүргізеді. Қа-

лай отыру, тұру, жүру, сөйлеу, күлу, барыс-келіс, алыс-беріс жа сау ға 

дейін ұғындырып, əрі үлгі-өнеге көрсетіп отырады.

Жоғарыдағылардан  тыс,  ұлағатты  аналар  əр  жолғы  бас  қосулар 

мен дастарқан бастарында қыздарына: «семіз қыз – жұт, арық қыз – 

құт», «ерте тұрған əйелдің бір ісі ілгері», «нəпсісін тежеген қыз дың 



130

130


намысы қорланбайды», «елгезек қызды ел мақтайды», «бұ рын ғы ның 

қыздары  бармағының  шұңқырындағы  асқа  тояды»  деген  сияқты  ха-

лық даналылықтарынан өсиет келтіріп, қыздардың тамақты аз жеп, аз 

ұйықтап, ерте тұрып, қомағайлыққа, нəпсіқұмарлыққа, жал қау лық қа 

салынбай,  ел-жұртқа  үлгі-өнегелі,  сергек,  сезімтал,  іскер,  сымбатты 

болып есею жөнінде ақыл-кеңес беріп, тəрбиелі, ар-ұятты, ізетті, иба-

лы, ақылына көркі сай болып жетілуге баулиды.

Бұл тəрбие қыздардың психологиялық жəне медициналық жақ тан 

ақаусыз  өсіп-жетілуіне  тамаша  негіз  қалап,  рухани,  сезімдік,  ақыл-

дық жақтан жан дүниесін кемелдендіріп, сезімтал, сергек етіп же тіл-

ді ре ді.

СҰЛУЛЫҚ-СЫМБАТ ТƏРБИЕСІ

С

ұлулық  пен  сымбат  тəрбиесінде  қазақ  халқы  жан  сұлулығын 



бас ты орынға қойған. Сонымен бірге, тəн сұлулығына да баса назар 

аударып,  дене  мүшелерінің  сымбатты  болып  өсіп-жетілу  əдістерін 

тап қан. Мысалы, қыздардың жан сұлулығын арттыру үшін, оларға ең 

алдымен үлкенді сыйлап, кішіні аялаудан бастап, адамгершілік, ар лы-

лық, ме йі рім ді лік, ізгілік, кешірімділік, кеңпейілдік, жанашырлық, ба-

уыр мал  дық, қормалдық, əдептілік, ибалылық, іскерлік, ісмерлік, сер-

гек тік, сезімталдық, ақылдылық, білімділік тəрбиесін мұқият жүргізе 

отырып,  қыз да ры на:  мұндай  тамаша  қасиеті  жоқ  əйелдер  «қыз,  ана, 

əже»  деген  қа сиет ті  атқа  лайық  адам  саналмайтындығын  құ лақ та-

ры  на  құ йып,  жү рек те рі не  ұялатады.  «Сұлу  болғың  келсе  –  алдымен 

сырыңды  түзе»  деп  тəн  сұлулығынан  бұрын,  жан  сұ лу лы ғын  үй ре-

те ді.  Ал,  тəн  сұлулығы  тəрбиесінде,  қыздарының  жү ріс-тұ рыс,  қи-

мыл-қылықтарына баса назар аударып, дөрекі іс-қи  мыл  дар  дан қат ты 

шектеген. Қыздары ес білгеннен бастап дене мү ше лерін қа лай болса, 

солай қоя бергізбей, оны белгілі бір тəртіпте ұстап, əсем жү ру ге, əсем 

тұруға, əсем сөйлеп, əсем күлуге дағдыландырған. Тə жі ри бе лі аналар 

қыз да ры жеті жасқа келген соң, белдеріне белбеу буындырып қой ған. 

Он екіге келгеннен бастап, жатын орнына дəл жа уы ры ны ның астына 

келетіндей етіп қос арқан керіп, соның үстіне жатқызған. Əр күні ай-


131

131


на ға қаратып, қасы-көзін, жүріс-тұрысын түзетуге, т.б. істерге қу зап 

отырған.


Бұл тəрбие қыздардың мінез-құлық, жүріс-тұрыс, қимыл-қылығын 

түзеп, əсемдікке, мəдениеттілікке, ізгілікке, адамгершілікке баулиды. 

Мі нез ді,  мұратты,  əдепті-ибалы,  кеңпейілді,  кешірімді  болуға  жете-

лей ді. Əр жақтан ақаусыз жетіліп, есейгенде тал шыбықтай бұралған, 

ақы лы на көркі сай сымбатты да сұлу болып есейеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет