Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет13/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50

БАЛАНЫҢ АТА-АНА АЛДЫНДАҒЫ

ҚАРЫЗ-ПАРЫЗДАРЫ

Қ

азақ салтында əрбір ата-ананың ардақтайтыны: бірінші – бала-



ны ел қатарлы жақсы бағып-қағу, сүндеттеу; екінші – оқыту, өнер-бі  лім, 

үлгі-тағылым үйрету; үшінші – есейгенде өз сүйгендерімен үй лен ді ріп, 

басына отау, бауырына қазан асып беру. Бұл үш парыз деп қа ра ла ды. 

Осы үш парызды орындаған соң, ата-ана ұрпағы алдындағы бар лық қа -

рыз-парызынан құтылады да, сол күннен бастап ата-ананы ба ғып-қағу, 

қарыз-парызы (жауапкерлігі) ұрпақтардың мойнына тү се ді. Бұл кезде 

балалары, мейлі ата-анасымен бірге, мейлі бөлек тұр сын, үне мі ата-ана-

ла ры ның хал-жайларын сұрап, амандығын біліп тұ руы, тап  сыр  ған жұ-

мыс та рын уағында орындап, ренжітпей бағып-қа ғуы шарт.

Қазақ  тəлімінде:  ата-аналарға  мейір-шапағатты  болу,  айтқанын 

орындап беру, əрқашан ренжітпеу; қандай қиын жағдайда да тіл жəне 

қол тигізуден аулақ болу мұқият ұғындырылады. Ата-ананың бұ йыр-

ған ісінен орынсыз бас тарту, ренжіту, бетінен алу қатарлылар адам-

гер ші лік ке жат, өте жаман қылық екендігі егжей-тегжейлі тү сін ді рі ле-



143

143


ді. Ал, ата-анаға қарсы шығу – Жаратқан Иеге қарсы шыққанмен тең 

жиір ке ніш ті қылық; оларға тіл жəне қол тигізу – кешіруге болмайтын 

ауыр  қылмыс,  шектен  шыққан  пасықтық,  бұзақылық  деп  қа ра ла ды. 

«Ата-анасына  опа  қылмағаннан  жақсылық  күтпе»  деп,  ата-анасын 

сый ла ма ған, құрметтемеген ұрпақтарға халық жирене қарайды.

Жалпы,  бұл  тəрбиеде  əр  отбасы  балаларына  қашанда  ата-ана ның 

ашына айналып, тоғына толғанып, бұйырған қызметіне əзір тұру; ке-

ле лі мəселелерде олармен ақылдасып, ақыл-кеңесін алып отыру, түр лі 

пікір-көзқарастарына құрмет ету, сүйіп тыңдайтын əңгімелерін кө бі-

рек айтып, сүйіп жейтін тағамдарын əзірлеп беру; зекіп, ұрысып руха-

ни соққы беруден аулақ болу; ауырып-сырқап қалса қасында болып, 

ем де тіп  күтімдеу;  көз  жұмған  шағында  өз  қолымен  жерлеп,  Құ ран 

оқып, нəзір-шырағын беруге тəрбиелейді.

Қазақ  салтында,  ата-аналар  балаларын  бағып-қағу  жа уап кер ші лі-

гі нен  құтылғанымен,  қара  тұяқтарынан  хал  кеткенше  ұрпақтарына 

ақыл-кеңес беріп, дұрыс жол нұсқау; жақсылыққа бастап, жа ман дық-

тан шектеу, ауыл-аймақтың келелі істеріне кесім айтып, ірілі-ұсақ ты 

іс те рін жөнге салып отыру жауапкерлігінен құтылмайды. Қа шан көз 

жұм ған ша ауылдың ұйтқысы, ел-жұрттың бас қалқасы болып өтуі па-

рызы есептеледі.

Бұл  тəрбие  ұрпақтардың  ата-ана  алдындағы  жауапкерлік  сезімін 

арттырады. Ата-ананы қадірлеп, құрметтеуге, оның əрқандай бұ йыр-

ған ісіне дайын тұруға əдеттендіреді. Ата-ана мен балалардың жа уап-

кер лік  шегін  айқындап,  тату-тəтті,  берекелі,  үлгі-өнегелі  отбасы  құ-

ру ға  баулиды.  Ата-ананы  əуре-сарсаңға  салу,  қартайғанда  қа рау сыз, 

ба ғу сыз  тастау  сияқты  адамгершілікке  жат  пасық,  жиіркенішті  қы-

лық тар дан ат-бойларын аулақ ұстауға дағдыландырады.

ТЕКТЕУ АРҚЫЛЫ ТЕКТІЛІККЕ

ТƏРБИЕЛЕУ

Е

рен  тектілік  пен  өскелең  мəдениеттілікті  бойларына  сіңірген 



қа зақ халқы ұрпақтарын тектеу тəрбиесіне ерекше мəн берген. «Тек-

сіз дік тəр бие сіз дік тен туады», «тəрбиелі баладан тəлімгер шығады», 



144

144


«адам баласы туа жаман болмайды, тəрбиесіздіктен жаман болады», 

«баласын тектеусіз жіберген отбасы мəңгілік өкініште қалады», «мен-

мен дік  пен  содырлықтың  қайнары  –  тектеусіздікте»,  «тектеусіз  өс-

кен ұрпақтан ар-ұят пен кісілік сұрама», «балам жаман дегенше, өзім 

жаман де. Өзім жаман дегенше, тəрбием жаман де», «тектеусіз өс кен 

бала өмір салындысына айналады» деп, балаларды жастайынан жаман 

іс-қи мыл дар дан тектеп, шектеп, жақсы мінез-құлық қалыптастыруға 

тəр бие леп отыруды ата-аналық борыш, адамгершілік парыз санаған. 

Əрбір отбасы перзенттерінің тілі шыға бастағанда-ақ, ең алдымен 

ақ сақалды атасы мен ақ самайлы əжесін көрсетіп: «ата, əже деп айт» 

десе; үлкендерді «аға, əпке де», кішілерді «іні, қарындас деп айт, сіз, 

біз  деп  ибалы,  əдепті  сөйле;  сен,  ей  деп  сөйлеме»  деп  қар ша дай ла-

ры нан тартып анайы, бейпіл сөйлеуден тыйып отырған. Ал, ес кіріп, 

айт қан ды ұға бастағанда: «үлкен кісілерге кездескенде бұрынырақ сə-

лем бер, кездескен адамдармен аман-сəлем жасасып жүруді дағдыға 

айналдыр, үлкендердің алдына түспе, үйге бұрын кіргіз, төрден орын 

бер,  ас-тағамды  алдымен  ұсын,  қашанда  үлкендердің  ықыласы  мен 

батасын,  ризалығын  алуға  тырыс,  жұрт  алдында  əдепті  бол,  жақсы 

мі нез-құлқыңмен өнегелі əсер қалдыр; көптің райына бақ, көп орта-

сында  білермендікке  салынба,  қонақ  келсе  атын  ұста,  қолдарына  су 

құй, қолтығынан демеп аттандыр, үлкен кісілер мен ата-аналарыңның 

алдынан рұқсатсыз кесіп өтпе, əке тұрып – ұл, шеше тұрып – қыз сөй-

ле ген нен  без,  барлық  жерде  əдеп  сақтап,  əсем  сөйле,  дөрекі  мінез, 

до ңыз  айбат  көрсетпе,  қайырымды,  мейірімді,  кішіпейіл,  кешірімді, 

адал, арлы бол; ата-анаң мен ел-жұртыңның, туған халқың мен Ота-

ның ның  бетіне  шіркеу  келтірме»  деп  ұл-қыздарының  құлағына  күн 

сайын  құйып  отырған  əрі  айтқандарына  көнбей,  қыңыр  қылық  көр-

сет кен де рін  қатаң  тектеп,  ұрпақтарының  өз  бетімен  кетуіне  мүл де 

жол қоймаған. Ұл-қыздарының қандайда талап-тірлігіне өскелең ата-

ана лық  жауапкерлікпен,  адамгершілік  тұрғы,  ғылыми  көзқараспен 

қа рап,  ақыл-ойы  пісіп-жетілмеген  балаларының  орынсыз  талаптары 

мен жаман іс-қимылдарын тергеп, тектеп, олардың саналы өмір, та-

маша адамгершілік идеясын қалыптастыруға баулып отырған. Мыса-

лы, үйіне үлкен ақ сақалды кісілер мен қонақ келсе, балаларына атын 



145

145


байлатып,  аман-сəлем  жасатып,  қолдарына  су  құйдырып,  шыны-аяқ 

алдырып  қойдырып,  қонақ  отырған  үйге  баса-көктеп  кіруіне,  орын-

сыз килігіп əңгімеге араласуына жол қоймай, тектеп отырған. Қо нақ 

келгенде  балаларына  оңаша  үйге  бөлек  дастарқан  жайып  та мақ тан-

ды рып, қонақтардың тыныш ортада тамақтанып, алаңсыз демалуына 

мүм кін дік жасаған. Бұл тəрбие, біріншіден, келген қонаққа деген құр-

мет болса, екіншіден, балалардың адамдар арасындағы қатынасты те-

рең түсінуіне, үлкенде – үлкендік, кішіде – кішілік сипат болуы на; қо-

ғам да ғы əр адамның жасы, жынысы, білімі секілділеріне қа рай өзін дік 

орны болатындығын түсінуіне пайдалы. Үшіншіден, ба ла лар дың өз-

ге лер ге деген құрмет сезімін қалыптастырып, əдепті, ибалы бо луы на 

тиім ді; төртіншіден, балалардың дербес тіршілік жолын үйреніп, қо-

ғам дық ортаға бейімделіп, халықтық салт-дəстүрді қастерлеуіне жəне 

жал ғас ты руы на көрсеткен жол есептеледі.

Қазақ  халқы  ұрпақтарының  шектен  тыс  еркелік,  озбырлық,  мен-

мен дік, тойымсыздық, рақымсыздық, əдепсіздік, тəртіпсіздік сияқты 

жаман қылықтарына мүлде жол қоймай: «бетінен қақпаған бала бере-

ке таптырмайды», «тектеу көрмеген ұрпақ тексізге айналады», «тек-

теу – ұрпақтарды ұлылыққа жетелейтін алғашқы баспалдақ» деп, ұр-

пақ та рын  нашар  іс-пиғылдардан  қатты  шектеп  отырады.  Сон дай-ақ, 

ес-ақы лы  толмаған,  жақсы-жаманды  ажырата  білмейтін  балаларды 

«балалы қонақ – жараспас» деп, жиын-тойларға ертіп бармаған. Егер 

ер тіп баруға тура келсе, баланы үйден əбден тəрбиелеп алып шы ға ды 

əрі  елдің  нəрсе-керегін  албаты  ұстауына,  бүлдіруіне,  отырған  жұрт-

тың мазасын алуына, ас-тағамға қол салуына жол қоймайды. 

Қазақ  тəлімінде:  баланы  тектемей,  шектен  тыс  еркіне  жіберуді  – 

баланы  шынайы  сүйгендік,  аялағандық  деп  есептемеген.  Керісінше, 

ұр  пақ  та  ры  ның болашағы мен мақсат-мұратына жетер жолын бұз ған-

дық, бөгегендік деп қараған. Себебі, қазақ ұғымында, жастайынан тек-

те ліп, тергеліп өспеген баланың ақ-қара, обал-сауапты айыру қа бі ле ті 

тө мен болып, өмірдегі түрлі бəсеке мен қиян-кескі сайысқа бетпе-бет 

келгенде əлсіздік танытады; озбыр, менмен, ал кеуде, əпер ба қан, же-

лік пе болып, қоғамдық қарым-қатынас тəртібі, заң-түзім, салт-дəс түр, 

ар-ұят, кешірім дегендерді қайырып тастап, жолсыздыққа басады; қо-



146

146


ғам дық  түрлі  қайшылықтар  мен  бұраңдылықтарға  төтеп  беру  қуа ты 

тө  мен  болады;  тектеу  көрмей  өскендіктен,  түрлі  сəт сіз дік тер ге  қар-

сы лық қуаты əлсіз болатындықтан, бастарына тұйықсыз іс түс кен де, 

ке  дер гі ге жолыққанда, я өздерін, я өзгелерді мерт қылып, ата-анасы 

мен ел-жұртын жерге қаратып, қоғам сыпырындысына айналады деп 

қа рай ды. 

Бұл тəрбие ұрпақтарды жан-жақтылы тəрбиелеп, балаларды жас та-

йы нан көпшіл, қайырымды, мейірімді, ұятты, ибалы болуға, қан дай-

да  адамның  қоғамның  белгілі  бір  мүшесі  екендігін  ұғы нуы на,  түрлі 

сəтсіздіктерге төтеп беру қабілетін арттыруға пайдалы. Балаларды жа-

стайынан төзімділікке, қайсарлыққа, та бан ды лық қа, ер лік ке, ептілікке 

баулиды.  Менмендік  пен  озбырлық,  қара  ниет ті лік  пен  қа ті гез дік, 

арсыздық  пен  тойымсыздық,  сəнқойлық  пен  ысы рап қор лық  се кіл ді 

жаман қылықтарды жұқтырып алудың алдын алып, тек ті лік пен өске-

лең адамгершілік жолына жетелейді.

ҮШ СЫНАҚ ТƏРБИЕСІ

Қ

азақ  халқының  дəстүрлі  бала  тəрбиесінде:  əр  отбасы  ұр пақ-



та ры на адам баласы өз өмірінде мынадай үлкен үш сынаққа – «бақ-

тақ» сы на ғы на, яғни, атақ-даңқ, байлық-мансап сынағына; «жапа-ма-

ша қат»  сынағына;  яғни,  қиындық,  жоқшылық,  пəле-жала  сынағына; 

«ажал-өлім»  сынағына,  яғни  ауру-сырқау,  өлім-жітім  сынағына  жо-

лық пай қоймайды деп ескертеді əрі осы үш сынақтан сүрінбей өткен 

адам ғана аты затына сай ақылды, білімді, қайсар, қажырлы адам бо-

лады деп ұғындырады.

1. Бақ-тақ сынағы

Б

ақ-тақ,  яғни,  байлық,  мансап,  атақ-даңқ,  мұрат-сенімі  əлсіз, 



тəр бие ле нуі  нашар,  көз  аясы  тар,  ақылы  аз  адамдарды  шектен  тыс 

елір тіп, есіртіп, бастарын айналдырып, көздерін көлегейлеп, адам гер-

ші лік ке жат теріс жолға оңай түсіріп жібереді. Асқақтатып, дандай-

сытып,  менмен,  тəкаппарға  айналдырады.  Ондай  адамдар  ха лық тан 



147

147


өз де рін жоғары қойып, қара бастарын хан санайды. Тіпті, «ессізге есе 

тисе, есірік қоса тиеді», «ат мінбеген ат мінсе, шаба-шаба өлтірер, тон 

кимеген тон кисе, қаға-қаға бітірер» дегеннің аяғын құшып, өз де рін 

қа лай ұстарын білмей, елдің берекесін кетіреді. Өзінен мық ты лар дың 

алдында  құрша  жорғаласа,  əлсіздерге  əкіреңдеп,  халықтың  қа лып ты 

тұр мыс  тəсілін,  салт-дəстүрін  бүлдіреді.  Өзгелерді  бəсекелесе  ішіп-

жеп,  бəсекелесе  киінуге,  атаққұмарлыққа,  шенқұмарлыққа  итер ме-

лей ді.  Өнер-ғылым,  үлгі-тағылым  жолын  тəркі  етеді.  Адам гер ші лік, 

мораль, əдеп-ибадан аттап, аузына келгенді айтып, ойына кел ген ді іс-

теп, ең соңында өздерін мерт қылып тынады. Сондықтан ұр пақ басқа 

ба қыт-байлық  қонғанда,  шенді,  шекпенді  болғанда  адам гер ші лік тен 

аттамау, өмірге ой көзімен қарау, атақ-даңқ, шен-шекпеннің өнер-ғы-

лым, үлгі-тағылыммен салыстырғанда түкке тұрғысыз нəрсе екен ді гін 

егжей-тегжейлі түсіну тиіс. Сондай-ақ, бұл сынақтан ақылды, бі лім ді, 

адамгершілігі асқақ, өмірге қадағалай қарайтын, байлық пен мансап-

ты қол мен беттің кірі деп санайтын, мұрат, арман-тілегі өскелең адам-

дар ғана сүрінбей өтеді деп ұғындырады.

2. Жапа-машақат сынағы

Ж

апа-машақат,  яғни,  қиындық,  жоқшылық,  пəле-жала  басынан 



ыс тық-суық  өтпеген,  өмір  тəжірибесі  кемшін,  көрген-білгені  аз,  көз 

аясы  тар,  ешқандай  қиындық  көрмей  өскен  бөспелеу  жандарды  тез 

мерт қылады. Ондай жандар басына бақытсыздық келсе, жоқ шы лық, 

ке  дей  ші лік ке душар болса, пəле-жалаға жолықса, «біткен деген осы» 

деп өмірден түңіледі. Жылап-қақсап, қарғанып-сіленіп, рухани жақ тан 

морт сынады. Ішімдік-шегімдікке салынып, азғындап, адам дық қа  сие-

ті нен айырылады. Ата-анасына азап, отбасына масыл болады. «Үміт -

сіз – шайтан», «басыңа мың бір пəле келсе дағы, жі гіт тер, кү дер үзбе 

жақ  с ы лық тан» дегендей, халық даналығының мəніне ой жү гірт пей ді. 

Бұл сынаққа сенімі берік, білімі терең, өмірге ой көзімен қа рай  тын, 

қажырлы,  қайсар;  бақ  қонса  тасымайтын,  қиындыққа  жасымайтын, 

зерделі  де  зерек,  іскер  де  қабілетті  адамдар  ғана  төтеп  береді  жəне 

аңсаған арманына жете алады деп ұғындырылады.


148

148


3. Ажал-өлім сынағы

Қ

азақ халқы ұрпақтарына: «Жұмыр басты пендеге бір өлім бар. 



Өлім  қорқынышты  емес,  өмірді  мағынасыз  өткізу  –  қорқынышты» 

деп ұғындырады. Сондай-ақ, ауру-сырқау, ажал-өлім – адамның адам-

гер ші лі гін, ақыл-парасатын, қажыр-қайратын, дүниеге көзқарасы мен 

кі  сі  лік мəдениетін сынайтын сын; тіпті, «жақсы адамның өлімнің өзі 

өне  ге, өнерлі, білімді адамдар артына өлмес, өшпес белгі – елеулі ең-

бек қалдырып кетеді, сондықтан да, əркім адамша өмір сүріп, адамша 

өлу  керек.  Қажетті  жерінде  Отанға,  халыққа  қыршын  жасты  қию  – 

даңқ» деп түсіндіреді. 

Ауру-сырқау,  ажал-өлім  сынағына  өмірдің  ащы-тұщысын  көп 

көр ме ген, өмір толқынында жақсы пісіп-жетілмеген, көзқарасы саяз 

адамдар төтеп бере алмайды. Ондай адамдар ауру-сырқауға жолықса, 

«жаман жайрай жығылады» дегеннің керін келтіріп, аһылап, үһі леп, 

өзі не де, өзгеге де маза бермейді. Бала-шаға, туыс-туғандарын əуре-

сар саң ға салады. Тіпті, өмірден қарадай түңіліп, өзін қарап жатқан жа-

нашыр жақындарының көңілін жабырқатып, уайым-қайғыға салады. 

Ал, жақындарының бірі қазаға ұшырай қалса, бетін тырнап, шашын 

жұ лып, өлген адамның соңынан бірге кететіндей күй кешеді. Қа за ға 

қай рат қылуды, басы жұмыр пендеге бір өлім бар екенін тү сін бей ді. 

Та би ғат  заңдылығына,  өлім  ісіне  ғылыми  қарамайды.  Сөйтіп,  ауру-

сыр  қау, ажал-өлім сынағы алдында бордай егіліп, ұнжырғасы тү сіп, 

өмір  ден біржолата күдер үзіп, өзін мерт қылады … Бұл сынаққа өмір-

ге  ғы  лы  ми  көз қа рас пен  қарайтын,  жаралмақ,  тумақ,  өлмек  дегеннің 

та би ғи  заң ды  лық  екенін  шынайы  түсінген  адамдар  ғана  төтеп  бере 

алады.  Өмір  тə жі ри бе сі  мол,  көзі  ашық,  көкірегі  ояу  адамдар  ауру-

сыр қау ға душар болса, бала-шаға, туыс-туғандарының зəресін алмай-

ды. Қай та ауру азабына қарсы табандылықпен күресіп, шыдамдылық, 

қай  сар лық  көр се тіп,  өзін  қарап  жатқан  адамдарға  тез  сауығып  ке те-

ті нін,  онша  алаң дау дың  қажетсіздігін  айтып,  жалынды  бейне,  үміт-

кер лік се нім көр се те ді. Емдеуге ерікті түрде келісіп, тезірек сауығып 

кетуге күш салады. Ал, жақын туыс-туғандарының бірі қазаға ұшы ра-



149

149


са,  қай ғы сын  қайратына  жеңдіріп,  басқа  туыс-туғандарына  ес-ақыл, 

сү йе ніш, жұ ба ныш болады. 

Қорытып айтқанда, қазақ халқы үш сынақ тəрбиесінде өз пер зент-

те рі не:  басқа  бақ  қонып,  тасы  өрге  домалағанда  тасымау,  кер дең де-

меу, халыққа мұрын шүйірмеу; адамгершілік пен салт-дəстүрден атта-

мау; ал, басқа іс түскенде, пəле-жала, ауру-сырқау, қазаға жо лық қан да 

жасымау, қажыр-қайрат көрсету; өмірге ғылыми көзбен қа рау барша 

адам баласының парызы екендігін егжей-тегжейлі ұғын ды рып отыр-

ған.

Бұл  тəрбие  ұрпақтарды  ақыл-ой,  адамгершілік  жақтан  ақаусыз 



өсіп-жетіліп, өмірге ой көзімен қарап, табиғат пен өмір заң ды лық та-

ры на түсінікпен қарайтын ақылды, білімді, қайсар азамат болып шы-

ғуы на мүмкіндік жасайды.

ЕРЛІККЕ БАУЛУ

Қ

азақ халқы ұрпақтарын батылдыққа, батырлыққа, ерлікке бау-



лу ға  да  ерекше  көңіл  бөледі.  Мұнда,  əр  отбасы  перзенттеріне:  «та-

уық – құс емес, ерлігі жоқ – кісі емес», «ез тірліктен – ер өлім ар тық», 

«ер лік тен  ұлы  іс  жоқ,  қыраннан  өтер  құс  жоқ»  деп,  ер лік тің  екі нің 

бі рі нің қолынан келе бермейтін өте ұлы іс екендігін; қор қақ тық пен 

қоян  жү рек тік тің  –  ездік,  ынжықтық,  тіпті,  намыссыздық,  ар сыз дық 

бо ла тын ды ғын  мұқият  түсіндіріп,  ұл-қыздарын  жастайынан  батыл, 

батыр, ер жү рек болып жетілуге баулиды. 

Ерлік, батырлық, батылдық тəрбиесінде тəжірибелі ата-аналар пер-

зент те рі не: «ерлік» деген кез келген жерде төбелесу, сойқан шы  ға  ру, 

содырлық, əлімжеттік көрсету емес, қайта, өктемдікпен, əді лет сіз дік-

пен, жауыздықпен, жолсыздықпен, бұзақылықпен, аярлықпен, алаяқ-

тық пен батыл күрес жүргізу, жамандық атаулыға жол бермеу; ел ба-

сына күн туып, Отаны мен халқына қауіп-қатер төнгенде атойлап алға 

шығып, елін, жерін қорғау, тіпті, Отаны мен халқы үшін жанын қию 

қатарлылар нағыз ерлік болатындығын; ал, ел басына іс түс кен сын 

са ғат тар  мен  əділет,  ақиқат  аяққа  тапталып,  өктемдік  пен  оз  быр  лық 

дəу рен деп  тұрғанын  көре  тұрып  оған  немқұрайлы  қарау,  жол  беру, 

«пəле бола ма» деп өз басын қорғап, оны тосудан қорқу, бұқ пан тай-



150

150


лау,  тайсақтау  қатарлы  қылықтар  ездік,  қоян  жүректік,  қор  қақ  тық, 

тіпті, намыссыздық, арсыздық болатындығын егжей-тегжейлі тү сін ді-

ріп, ұрпақтарының бойына қаршадайларынан ерлік қасиетті да ры ту ға 

құл шы на ды. 

Бұлай  істеу  ұрпақтарды  жамандық  атаулыға  жандары  қас  батыл, 

батыр болуға дағдыландырып, əділетті, орнықты, тыныш қоғам құ ру-

ға  баулиды.  Сондай-ақ,  қоғамда  əртүрлі  пасық,  жиіркенішті  қы лық-

тар дың көбейіп кетуінің алдын алып, ұрпақтарды əділет пен ақиқатты 

жақ  тай  тын ізгі ниетті болуға бастайды. Ұрпақтардың ерлікке, ба тыл-

дық қа, батырлыққа деген ынтасы мен құштарлығын арттырады.



МЕЙІРІМДІЛІККЕ БАУЛУ

Қ

азақтың дəстүрлі отбасы тəрбиесінде: мейірімділік, яғни, ме-



йір-шапағат, рақым тəрбиесі басты орында тұрады. Мұнда білікті де 

тəрбиелі ата-аналар перзенттеріне жастайынан: «мейірімділік, ра қым-

ша па ғаттылық – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі əрі бі ре ге-

йі; бойында мейірімділік пен рақым-шапағат жоқ адам адам санатына 

қо сыл май ды»  деп  ұғындырып,  ұрпақтарын  мейірімді,  қа йы рым ды, 

рақым-шапағатты болуға баулиды. Кісілік мейірім – адам жү ре гі нің 

шамшырағы, ізгілікке, достыққа, береке-бірлікке жетелейтін сара жол 

екендігін  егжей-тегжейлі  түсіндіріп,  обал-сауапқа  қарамау,  қиын-

дық көргендерге қол ұшын беріп, аяушылық көрсетпеу, жана шыр лық 

қылмау  секілділер  адамдар  арасындағы  қалыпты  қарым-қа ты нас ты, 

достық  пен  береке-бірлікті  бұзатын  жиіркенішті  іс,  пиғыл  бо ла тын-

ды ғын жанды мысал, нақты дəлелдер арқылы ұрпақтары алдына жа-

йып  салып,  перзенттерін  қашанда  мейірімді,  қайырымды,  ра қым ды, 

ша па ғат ты болуға жетелейді. 

Бұл тəрбие ұрпақтарды рухани, ақыл-сезім жəне адамгершілік жақ-

тан ақаусыз өсіп-жетілдіреді. Ақ көңіл, ашық-жарқын, жанашыр, ізгі 

ниет ті адам болуға дағдыландырады.


151

151


АДАМГЕРШІЛІККЕ БАУЛУ

Қ

азақ тəлімі мен отбасы тəрбиесінде адамгершілік ең басты тəр-



бие лер дің бірі əрі бірегейі саналып, өз перзенттерінің бойына адам-

гер ші лік қасиеттерін толық дарыта алмаған ата-ана ұрпақтары мен бү-

кіл қоғам алдында ата-аналық қарызы мен қоғамдық парызын то лық 

өтей алмаған болып есептелген. Адамгершілік тəрбиесін жүргізгенде 

əр отбасы ұрпақтарына: күллі адам баласын бауырым деп санау, адам-

дарды ұлтқа, жікке бөлмеу; бай-кедей, əлді-əлсіз, аз-көп, шенді-шек-

пен ді деп алаламай, баршаға тең, əділ мəміле жасау, кем-кетік, ауру-

сыр қау адамдарға күлмеу, адамды жəбірлемеу, қорламау, кемсітпеу; 

мен  мен дік пен тəкаппарлықтан аулақ болу, өтірік-өсекке бой ұрмау, 

күн  шіл  дік,  көрсеқызарлық,  жағымпаздық,  құлқынқұмарлық,  бой кү-

йез дік, жалқаулық, қорқақтық, алдап-арбау, қоқан-лоқы сияқты дерт-

терден аулақ болу; алыс-беріс, барыс-келіс істерінде əділ болу; бас қа 

бақ қонып, атақ-даңққа бөленгенде асып-таспау, кердеңдемеу; «ер дің 

ері  –  егеудің  сынығы»  екендігі,  адамгершілігі  жоғары  адам дар дың 

қолы түгіл, тілінен де басқа адамдар жəбір көрмейтіндігі жанды мы-

сал, жанасымды əңгімелер арқылы мұқият ұғындырылады. Əрбір аза-

мат  мал-дүниемнен  айырыламын-ау  деуден  қорықпай,  өнер-ғы лым, 

үлгі-тағылым  ала  алмай  қалудан  қорқу  керектігін  ерекше  ес кер те ді. 

Шен-шекпен, мал-дүниенің баянсыз болатындығын; тек өнер-ғы лым 

мен асқақ адамгершіліктің ғана адамға мəңгі серік, өмірлік азық бо-

лып,  адамды  сый-құрметке  бөлеп,  атақ-даңқын  аспан да та тын ды ғын 

жан-жақтылы түсіндіріп, ұрпақтарын адамгершілік жолдан тай мау ға 

баулиды.

Адамгершілікке баулу ұрпақтардың жан дүниесін байытып, кө ңіл 

күйін ақаусыз, қалыпты сақтайды. Адамдар достық қарым-қа ты нас ты 

нығайтып, қоғамдық өрісін кеңейтіп, досын көбейтеді. Рухани жақ тан 

тамаша мінез-құлық қалыптастырып, физиологиялық жақтан ақау сыз 

өсіп-жетілулеріне зор мүмкіндік жасайды.



152

152


МƏҢГІЛІК АДАМ БОЛУҒА БАУЛУ

Б

ұл  тəрбиеде  өнегелі  отбасылар  ұрпақтарын  «тобыр»  болмай, 



«мəң гі лік адам» болуға баулиды. Яғни «ақын болу – өз еркің, азамат 

болу – борышың» деп, ұрпақтары алдында нағыз адам, мəңгілік адам 

болу талабын қатаң қояды.

Қазақ халқы адамдарды істеген іс-қимылдарына қарай: тобыр, аза-

мат, қайраткер, ардагер, көсем деп жіктесе, ал қызметі (мансабы), бе-

де лі, артына қалдырған рухани жəне заттық мұраларына қарай: уақ-

ты лы  адам,  өмірлік  адам,  мəңгілік  адам  деп  үлкен  үш  топқа  бөледі. 

Мысалы,  «тобыр»  деп  –  өнер-білім,  ақыл-айладан  жұрдай,  өзіндік 

майдан, көзқарасы жоқ, ел қалай көшсе, солай көшетін, адал мен арам-

ды, обал-сауапты білмейтін, алдына келсе ішіп, күпті болып құсып, ас 

ішіп, аяқ босататындарды айтса; «азамат» деп – өзіндік көзқарасы мен 

ерлік-серілігі бар адамдарды айтады. Ал «ардагер» деп белгілі бір ха-

лықтың сыйлауына, құрметтеуіне, ардақтауына бөленген адамдарды 

айтса; «қайраткер» деп бір елдің қоғамдық қызметіне белсене қа ты-

на сып, өзіндік ықпал көрсеткен адамдарды айтады. «Көсем» деп бір 

ел дің  немесе  белгілі  бір  халықтың  саяси  басшысын,  яғни,  бүкіл  бір 

ха лық ты немесе өзіне тəуелді бірнеше ұлт пен ұлысты бастап, бақыт-

бай лық қа бөлеген, ақыл-білім, амал-айласымен өз соңына ерушілерді 

мо йын дат қан  көреген  адамдарды  айтады.  Алайда,  ардагерлердің  де, 

қай рат кер лер дің  де,  хан-хаһан,  шен-шекпенділердің  де  «мəңгілік 

адам» болуы екіталай. Олардың кейбіреуі уақтылы, кейбіреуі өмірлік 

қана адам болады да, көбі «мəңгілік адам болу» дəрежесіне көтеріле 

алмайды.

Қазақ халқы «уақтылы адам» деп – билік алса, сол билігінен қал-

ған ша,  байлық  тапса,  сол  байлығы  сарқылғанша  ғана  сайрандап,  ел 

құр ме ті не бөленген; мансабынан тайып, байлығынан айырылған күні 

(үс ті нен  алтын  артқан  кезде  ардақталып,  үстіндегі  алтынын  тү сі ріп 

ал ған соң, ешкім қажетсінбейтін) есек сияқты, немесе «жүзігі бар ке-

зін де сү лей мен де сүлеймен, жүзігінен айырылып, сүлеймен де сү мі-

рей ген» де ген нің аяғын құшып, қатардағы көп тобырдың бірі болып, 

ел назарынан тез шығып кететін адамдарды айтады. 


153

153


«Өмірлік адам» деп өлгенше билік, мансап ұстап, хан-хаһан, əкім, 

би  болып  немесе  шексіз  мол  байлыққа  бөленіп,  көз  жұмғанша  үлде 

мен  бүлдеге  бөленіп  өткенмен,  арттарына  болашақ  ұрпақтары  үлгі-

өне ге етерлік өлмес хат, жақсы ат қалдыра алмаған адамдарды, яғни, 

тір лік те рін де  қолдарындағы  құқық  пен  байлыққа  сүйеніп  жал пақ 

жұрт ты өздерін ағалатып, жағалатып, асып-тасып, бет-беделді, қа дір-

лі, құрметті кісі құсап өткенмен, өлген соң, артында айтарлық із қал-

ма ған, аты-затымен бірге өлген адамдарды айтады. 

Ал, «мəңгілік адам» деп – тірліктерінде биік мансап, мол бай лық-

қа кенеліп, өздерін игі жақсымыз деп жүрген шенді-шек пен ді лер дің 

елеп-ескеруіне,  ел  құрметіне  ілікпесе  де,  қажымай-талмай  өнер-ғы-

лым іздеп, артына, болашақ ұрпақтары мен туған халқына мəңгілік ру-

хани азық болып, жігер-күш бағыштап, ұлттық мақтаныш се зім де рін 

оятатын рухани жəне заттық мəдени мұралар қалдырған; өз де рі өлсе 

де,  Фараби,  Абай,  Қорқыт,  Құрманғазы  сияқты  аттары  мəңгі  өл мей, 

ту ған  халқымен  ғасырлар  бойы  бірге  жасайтын  адамдарды  айтады, 

əрі  ұрпақтарын  сондай  «мəңгілік  адамдардан»  өнеге  алып,  атақ  пен 

шен-шекпенге пысқырып қарамайтын, адамгершілігі асқақ, өнер-бі лі-

мі ұшан-теңіз «мəңгілік адам» болып өсіп-жетілуге баулиды. 

Бұл тəрбие ұрпақтарды мəңгілік өнер-ғылым іздеуге,  мұратты бо-

лу ға, артына жақсы ат, өлмес рухани байлық қалдыруға құл шын ды ра-

ды. Сондай-ақ, жасөспірімдерді ірілікке, тектілікке баулып, пен де лік 

ұсақ шыл дық тан өз бойларын аулақ ұстауға дағдыландырады. Қа шан-

да ұлы мұрат, асқақ арманнан таймай талпынуға жебейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет