Көшпенділер 3



Pdf көрінісі
бет11/32
Дата27.01.2017
өлшемі2,05 Mb.
#2789
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Әдеби KZ 

 

Жәнәділ төмен қарап міңгірледі. 



 

—  әкесінің  жас  тоқалына  барғанда,  ағасының  қалыңдығын  ала  алмай  ма?.. 

Алсын.  Мен  Күмістен  бөтен  ешкімді  алмаймын.  Алдырмасаң  бауыздалып 

өлемін. 


 

Қоңырқұлжа  күйіп  кетті.  Жәнәділді  бас  салып  тепкілейін  десе,  Зейнеп  пен 

Шыңғыстың арасын жұртқа жаяр деп қорықты. Ашудан өзін өзі әзер ұстап: 

 

— Шық үйден! — деуге ғана мұршасы жетті. 



 

Осыдан кейін төсек тартып үш күн жатып алды. Қалың ойға шомды. Шешімге 

де келді. «Зейнеп пен Шыңғыстың арасы жұртқа тарамасын. Ағайын-туған естісе 

абыройымның  айрандай  төгілгені.  Бұл  екеуінің  тартар  жазасын  тек  өзім  ғана 

білуім  керек.  Ал  Жәнәділді  қарашының  қызы  Күмістен  алыстатқан  ақыл. 

Сандыбайдың Ердені өзіммен терезесі тең шонжар. Онымен құдандал болу  — 

он  екі  қанат  ақ  ордама  тағы  да  бір  жаңа  тіреу  қосылды  деген  сөз.  Нағашысы 

Тұяқбай  қарадан  шыққан  қыңыр  еді,  көрдің  бе  жиенінің  қалай  қарай 

тартқанын?  Қайткен  күнде  де  Күмістен  ажырату  әдісін  табу  қажет,  нағашысы 

секілді тоң мойын ит айтқанға көнбесе...» 

 

Бүкіл  Қараөткелді  бір  шыбықпен  айдаған  Қоңырқұлжа  өз  басына  түскен 



ауыртпалықтан осылай күбідей ісініп не, істерін білмей жүргенінде, Талызинның 

әлгі хаты келген. 

 

Қоңырқұлжа  қуанып  қалды.  «Ау,  туған  балаларыңды  көрер  көзге  ажалға 



айдағаның  ба,  деген  іштей  сұраққа:  —  үш  жүз  бірдей  мадақтаған  Абылай  өзін 

Хиуа ханының құлдығынан алып қашып, еліне аман-есен әкелген Ораз құлды ер 

жеткен  кезінде  «Басымнан  өткен  қашқындық,  құлдық  қаралы  күнімнің  куәсі 

болады», — деп өз қолымен бауыздаған жоқ па еді?! Жамандық ісіңнің айғағы 

болар адам тірі жүруге тиісті емес. Бұл салтты Абылай балалары берік ұстағанда 

Сәмеке  ханның  ұрпағы  неге  қашады?  Аға  сұлтан  Қоңырқұлжа  өзінің  тоқал 



136 

Әдеби KZ 

шешесінің  қойнына  барған  баласы  Шыңғысты  ерлік  көрсетер  сын  сапарға 

жұмсауы күнә ма?» — деп мырс-мырс күлген. 

 

Енді  осы  шешімін  айтпақ  боп  іздеткенінде,  Омбы  кадет  корпусынан  жазғы 



демалыстарына келген Жәнәділ де, Шыңғыс та аулында болмай шыққан. Кенет 

бойын қызғаншақтық, ашу билеген Қоңырқұлжа оларды іздетіп шақыртып алуға 

шыдай  алмай,  қасына  он  бес  баскесер  нөкерін  ертіп,  өзінің  әлі  түнейтін  кезегі 

жетпеген  жас  тоқалының  аулына  түсіп  кеткен.  Бірақ  Жәнәділ  мен  Шыңғыс 

мұнда  да  болмай  шыққан.  Сірә  әкелерінің  келе  жатқанын  естіп,  көрші  ауылға 

кетіп  қалған  тәрізді.  Бір  нөкеріне  «тауып  әкеліңдер»  деп  бұйырып,  өзі 

тоқалының үйіне түскен. Мезгілсіз келген байының түксиген қабағынан Зейнеп 

сескене  қалса  да  сыр  бермеген.  Сұлу  денесінің  еркектерге  алдымен  көзге 

түсетін  ерекше  жерлерін  күзгі  семірген  тоқты  қойдай  әдейі  бұлтылдата,  көзін 

жерден  бір  алмай,  аяғын  ұшынан  басып  қызмет  істеген.  Жас  бағланның  тез 

піскен  етін  тұтасымен  бір  өзі  жеп,  бір  шара  қымыз  ішіп  ықылық  ата  бастаған 

Қоңырқұлжа  қырмызы  қызыл  түлкідей  құлпырып  өзінен  әлденені  дәметіп 

монтиып  отырған  тоқалға  сонда  ғана  қараған.  Жеген  еті  мен  ішкен  қымызы 

бойға  тарап,  денесін  кенет  бір  алуан  қызу  сезім  билей  жөнелсе  де,  «тоқалым, 

сенің  көңіліңді  соңынан  табармын»  деп  далаға  шыққан.  Ел  жата  бастаған  кез 

еді. Жәнәділ мен Шыңғыс әлі келмеген екен. Қоңырқұлжаны бөтен ой билеген. 

 

— әбдіуақит төлеңгіттің үйі қайсы? — деді ол қасында тұрған нөкеріне. 



 

— Мынау шеткі қараша үй. 

 

Қоңырқұлжа ешкімге тіл қатпай сол үйге қарай жүре берген. Аға сұлтанның 



ізін басып оны күзетіп жүрген топ нөкері де соңынан ерген. 

 

Қоңырқұлжа  «Ассалаумағалайкүм»  деп  кіріп  келгенде,  ең  алдымен қараша 



үйдің  дәл  ортасында  қып-қызыл  боп  жайнаған  тобылғы  шоғын  көрді.  Одан 

кейін қара көлеңке үйдің оң жағында құрама көрпенің үстінде шашының ұшын 



137 

Әдеби KZ 

өріп  отырған  бой  жете  бастаған  жас  қызға  көзі  түсті.  Бөтен  жан  жоқ.  Бейсауат 

келген аға сұлтанды танып қыз не істерін білмей тыпырлаған да қалған. 

 

— әбдіуақит қайда? — деді аға сұлтан, қыз бетіне сүйсіне қарап. 



 

Қыз бұрынғыдан да саса түскен. 

 

—  әлгі  көрші  ауылдағы  нағашым  үйі  шақырып  еді...  Кіші  баласын 



сүндеттетеді екен. Апам екеуі соған кеткен... Көп кешікпей келіп қалар... 

 

— ә-ә... Атың кім? 



 

— Күміс... 

 

Шешім  табанда  келген.  Қоңырқұлжа  мінезіне  әккі  болған  нөкерлер  үйден 



шығып кеткен. 

 

Аға  сұлтан  қызға  қайта  қараған.  Күміс  десе  күміс  екен.  Маңдайы  қақтаған 



күмістей кең, өзі жұмыртқадай аппақ, сазды жерге біткен сары ағаштай  сұңғақ 

бойлы, уылжыған бір керемет. «Жәнәділ де текке құмартып жүрген жоқ екен!» 

—  деді  ішінен  кенет  бойы  балқып  кеткен  Қоңырқұлжа,  сөйтті  де  сыртына 

жамыла салған қара пұшпақ ішігін иығынан сілкіп түсіріп, көйлекшең қалды да, 

сабадай кең жарғақ шалбарының ауын шешіп жатып, Күміске қарап: 

 

— Балам, ана бір кеседегі сусынды бері әкелші, — деді. 



 

Аңшы  қуып  жеткен  еліктің  лағындай  зәресі  ұшып,  тостағандай  көзі 

шарасынан шыға жаздай жаутаңдаған Күміс бір сәтте далаға қаша жөнелгісі де 

келді,  бірақ  сыртынан  есікті  ұстап  тұрған  жігіттерді  аңғарып,  «ештеңе  ете 

қоймас. Сусын сұрап отыр ғой...» — деп дірілдеген буынын әзер басып, майыса 

түрегеліп  аяқ  жағында  тұрған  саумал  құйылған,  қаңылтыр  сыммен  шандыған 

ескі кесені ұстап, арбаған жыланға таяған торғайдай, Қоңырқұлжаға жақындай 

берді. 


 

— Мінекейіңіз... 



138 

Әдеби KZ 

 

 Сол-ақ  екен  Қоңырқұлжа  Күмістің  ақ  білегінен  шап  беріп  ұстай  алды  да, 



өзіне тартып алды. Қыздың тек «ойбай» деген даусы ғана шықты. Ар жағында 

жағалтайды ілген қара бүркіттей Қоңырқұлжа Күмісті қозғалтпастан балдырған 

жас  денесін  шөккен  бураша  алпамсадай  кең  бауырының  астына  алып,  әлі  

әбден қатпаған қабырғасын сындырардай қыса, умаштай жөнелді... 

 

Қанша  бұлқынғанмен  аузын  кеудесімен  тұншықтырған  алып  күш  қоя  ма, 



аздан  кейін  Күміс  талықсып  кетті.  Бірақ  аға  сұлтан  оған  қараған  жоқ.  Елуге  

келсе  де,  әлі  күші  қайтпаған,  бағлан  қозы  еті  мен  уыз  қымызға  тойынған 

Қоңырқұлжа енді жас Күмістің абыройын қызыл қан етіп ағызды. 

 

Қоңырқұлжа мауқын басып, маңдай терін сүртіп жатқан кезінде сырттан: 



 

— Сұлтан, қайтесіз қызуланып, сізге кіруге болмайды, онда аға сұлтанның өзі 

бар,  —  деген  бас  нөкерінің  даусын  есітті.  Қоңырқұлжа  баласы  Жәнәділдің  

келгенін білді. 

 

Дүлей  күшке  қарсы  тұра  алмай  ақ  жүзін  мөлдір  жасы  жауып  талмаусырап 



жатқан «жас иісті» тағы да  бие сауым мезгіл әурелей, аға сұлтан әлден уақытта 

орнынан тұрды. 

 

— әкесі қатын қылған қызға үйленсін енді Жәнәділ!  — деп есіней күлді де, 



ішігін иығына іліп, жарғақ шалбарын қолтықтай үйден шығып кеткен. 

 

Тоқалының  отауына  жақындай  беріп,  анандай  жерде,  көген  қасында  екі 



бетін  қолымен  басып,  екі  иығы  бір  көтеріліп,  бір  түсіп  үнсіз  жылап  отырған 

Жәнәділді  көрді.  Қайырылып  қараған  да  жоқ.  «әкеңнің  тоқалына  ініңнің 

барғанын бетіме салық ететін сабазсың ғой, ал енді не айтар екенсің?»  — деді 

ол күбірлеп, өзінің туған баласын табалай, сөйтті де ақ отауға беттей берген. 

 

Бір нөкері соңынан асыға қуып келіп: 



 

—  Алдияр  аға  сұлтан,  әке-шешесін  қайтеміз,  көрші  ауылдан  келе  жатқан 

бетінде қол-аяқтарын байлап сайда ұстап тұрмыз? — деп еді, Қоңырқұлжа: 


139 

Әдеби KZ 

 

— Қоя беріңдер, — деді де ақ отауға кіріп жоқ болған. 



 

Қоңырқұлжа шаңырақтан түскен күн сәулесінен бетін сәл әрірек қозғады да, 

қайтадан тоқалына қарады. Одан бетін аударып босағаға көз тастады. Босағада 

керегеге жібек бүлдіргісінен ілінген сегіз қарыс, өрімі қос саусақты ырғай сапты 

қамшы тұр. 

 

Өз  балаңмен  ойнас  болатын  патшағарсың  ғой,  алсам  қайтер  еді  ана 



қамшының астына, деп ойлады ол бір сәтте. Бірақ ол ойынан тез қайтты. Зейнеп 

осал  жердің  қызы  емес.  Қарқаралы  аға  сұлтаны  Жамантайдың  кенже 

қарындасы.  Бұ  да  Тәуке  сұлтанның  қызы.  Сұлтан  қызын  ұруға  дәстүр  жоқ. 

Ұнамаса, немесе дәм-тұздары жараспастай кектессе сұлтандар ғұрып бойынша 

ондай әйелді ұзатып әкелгеніндей, бір көш етіп ырғалтып-жырғалтып төркініне 

апарып салуы керек. Күнәсін өз әкесі тартқызады. «Иә, бұл қамшы саған емес, 

бөтендерге арналған, анау қорғасын сымды төрт таспа, осы Қоңырқұлжаның өз 

қолымен-ақ талай құл мен күңнің арқасында ойнаған». 

 

Аға сұлтан қайтадан тоқалының бетіне көз тастады. Таң ата Қоңырқұлжа үйге 



кіргенінде  Зейнеп,  ұйықтамай  күтіп  жатыр  екен.  Тоқалға  нәпсіқұмар  сезіммен 

көңіл  қосқан  жүйрік  дөнендей  Шыңғыстан  гөрі  азбан  жылқыдай  ауыр  денелі 

Қоңырқұлжаның жөні бөлек тәрізді. Аға сұлтан төрге келіп жантайып көзі ілегіп 

кеткенше,  Зейнеп  болыскей  кереуетті  сақырлатып,  «жаныма  келсейші»  деп 

шақырғандай  әлсін-әлсін  дөңбекши  берген.  Бір  шапса  ұзақ  шабатын  әбден  

қалжыраған  кәрі  мәстек,  жас  байталдың  ойнағысы  келгенін  білсе  де, 

шаршағандықтан  жастыққа  басы  тиісімен  қор  ете  қалған.  Содан  сәске  кезінде 

көзін ашса, аяқ жағында тоқалы отыр екен. Ызалы жастан бұлауланған екі көзі 

Күмістің абыройы қан боп қатқан Қоңырқұлжа көйлегінің етегіне қадалған... 


140 

Әдеби KZ 

 

Қоңырқұлжа қымсынар емес. «Өзіңнің көп істегеніңнің бірі ғой менің түндегі 



бозбалашылығым»,  —  деп  қанды  етегінен  именбестен  жүнді  балтырлы  аяғын 

созып; 


 

— Уқала, — деген. Содан  қайтып тіл қатқан жоқ. Ал Зейнеп сол сәскеден күн 

көтеріліп, түске таяғанға дейін әлі қозғалмай отыр. Ұзын жібек кірпіктерін анда-

санда  бір  көтеріп,  қара  көздерін  Қоңырқұлжаның  кіндік  тұсынан  төмен  бір 

қадап  қояды  да,  қабағын  сәл  шыта  көйлегінің  етегіне  аударады.  Ақырын  ғана 

күрсінгендей  боп  демін  алады  да  байының  жүнді  жуан  балтырын  қайтадан 

уқалай түседі. 

 

Қоңырқұлжа  тынығып  қалған  екен.  Әлі  де  болса  бірдемені  дәметіп  мөлиіп 



отырған тоқалды кенет аяп кетті. 

 

— Қамзолыңды шешіп, ана есіктің тиегін салып кел, — деді Қоңырқұлжа өзі 



ыңғайлана беріп. Қуанып кеткен жас тоқал орнынан асыға тұрып ырғала басып 

барып  есіктің  тиегін  салды.  Дәл  осы  кезде  сырт  жақтан  біреу  есікті  тартты. 

Зейнеп босағадан сығалап жіберді де: 

 

— Сұлтаным, Шыңғыс пен Жәнәділ, — деді, — ашайын ба? 



 

— Жандары шығып кетпес, күте тұрар, өзің бері кел... 

 

Тоқалдың  ұпайы  түгенделіп  болғаннан  кейін,  әлден  уақытта  барып,  есік 



ашылып,  үйге  Шыңғыс  пен  Жәнәділ  кірді.  Түстері  солғын.  Әсіресе  Жәнәділ.  Екі 

ұрты  суалып,  көзі  кіртиіп,  бір  түннің  ішінде  сүзектен  тұрғандай  ілмиіп  қалған. 

Күнәні  әкесі  емес,  өзі  істегендей,  Қоңырқұлжаның  бетіне  қарай  алмады,  басы 

төмен  салбырап  кеткен.  «Бәсе,  нағашыңа  тартқан  бөз  өкпе  боларсың  деуші 

едім,  дауыс  көтеруге  жарар  түрің  жоқ  қой.  Күмістің  де  енді  маңайынан 

жүрмессің»,  —  деді  ішінен  аға  сұлтан.  Жәнәділ  расында  да  әкесінің 

айтқанындай  боз  өкпе,  босаң  бел,  жігерсіз  жігіт  еді.  Бар  махаббатын  түнде 


141 

Әдеби KZ 

жылап тауысқандай Күмістен де күдер үзген, әкеге де қарсы сөз айтар дәрмені 

жоқ, қазіргі тұрысы қажырсыз, салы суға кеткен адамның кейпі еді. 

 

Ал  Шыңғыс  болса  сусыны  қана  умашталған  тоқал  шешесінің  жайраңдаған 



түрін  көріп,  жанжалдың  жеңіл  біткенін  түсінді.  «Татуласқан  екенсіңдер.  Бәсе, 

қара  ниетті  кәрі  қорқау,  жүзге  істеген  қиянатының  өзіне  қайтарылған  бірін 

кешірсе керек етті. Енді әкеден келер қауіп жоқ». 

 

әкесінің  сырын  осы  күнге  дейін  анық  түсінбеген  Шыңғыс,  оның  баласына 



өлмей кешпес кек сақтап қалғанын қайдан білсін! 

 

Қоңырқұлжа 



боқшантайынан 

Талызинның 

бұйрығын 

қайта 


алып, 

балаларына оқып берді де: 

 

—  Сендер  ақ  патшаның  офицерлерісіңдер.  Бұйрықты  орындау  — 



борыштарың. Әрқайсың жүз сыпайдан алып, ереуіл көтерген елдерге жүріңдер. 

Айтқандарыңа  көнсе  көшкен  жұртты  кейін  қайтарыңдар,  көнбесе  бастарына 

ақыр заман орнатыңдар, — деді. 

 

—  Егер  күшіміз  жетпесе  қайтеміз?  —  деді  әкесінің  сөз  төркінін  аңғарып 



қалған Шыңғыс, — Кенесары сұлтан осал жау емес. 

 

—  Ақ  патша  офицерінің  сөзі  емес  айтып  тұрғаның,  қарғам.  Құдайменді 



ұрпағының атына кір келтірмеңдер! — деді аға сұлтан келте қайырып. 

 

Көрер  көзге  өлімге  айдап  салғанынан  Шыңғыс  қатігез  әкенің  өз  күнәсін 



кешпегенін  ұқты.  Аға  сұлтанға  енді  сөз  қайтармай  екі  баласы  үн-түнсіз  үйден 

шығып кетті. 

 

Аздан кейін олардың Қараөткел бекінісіне қарай шауып бара жатқан дүбірі 



естілді. 

 

Қоңырқұлжа сәл тыңдап тұрды да: 



 

—  Қашанғы  тоқал  шешесінің  етегіне  жабыса  береді,  Шыңғысқа  да  өзін 

көрсетер мезгіл жетті, — деді. 


142 

Әдеби KZ 

 

Зейнептің  жүрегі  мұздай  боп  кетті.  «Бәрін  де  біледі  екен.  Мезгілсіз 



келгенінің де себебі сол болды. Анау етегіне жабысқан қан да соның есебі екен. 

Қарамағында  кісі  жоқтай,  туған  балаларын  өлімге  айдап  салуы  да  соның  өші. 

Көкжал болсаң осындай бол». 

 

Кәрі тарлан Қоңырқұлжаға Зейнеп сүйсіне қарады. Айыпты екені есіне түсіп 



кетіп,  аяғына  жығылып  кешірім  сұрағысы  да  келді.  Бірақ  оны  істемеді,  әйел 

болса да түбі Бөкейханның ұрпағы екенін ұмытпады. Сол сазарған қалпында: 

 

— Ал Жәнәділдің жазығы не? — деп сұрады. 



 

—  Жазығы  баласы  мен  шешесінің  қылмысын  біледі.  Және  сұлтан  басын 

қарашының қызына қор етпек болды. 

 

— Бәріне де түсіндім. Енді мені төркініме қашан апарып тастайсың? 



 

—  Баланы  өзім  таптырдым,  өзім  жазалаймын.  Ал  қатынды  қырық  тоғыз 

төлеп  сатып  алғам,  қалың  малымның  құны  қайтпай  бостан-босқа  неге  апарып 

саламын?  —  деді  қабағын  түксите,  сөйтті  де  сәл  жібіп,  —  қымызың  болса 

әкелші, шөлдеп кеттім, — деп теріс бұрылды. 

 

«Арам қолдан қалай адал қымыз ішуге дәті барады», — деп Зейнеп сәл  таң 



қалып тұрды да, өзін-өзі жұбатты. «Жарайды, хан тұқымында бұдан да сорақы 

күнәлар болған. Өзі кешсе, маған не сор?». 

 

Ол  енді  жорғалай  басып,  босағада  тұрған  күміс  піспекті  қара  сабаға  қарай 



беттеді. 

 

Осы кезде үйге біреу кірді. 



 

— Ассалаумағалейкүм. 

 

Қоңырқұлжа  сәлем  берген  адамның  бетіне  бұрыла  қарады  да,  кенет  жүзі 



жылып сала берді. 

 

— Ау, Ожар сабазсың ба? 



 

— Иә, аға, сұлтан, өзімін. 



143 

Әдеби KZ 

 

— Жарқыным-ау, тірімісің, қайдан жүрсің? Жоғары шық. 



 

— Омбыдан. Және жалғыз емеспін, — деді Ожар төрге таман отырып жатып. 

 

— Қасыңда кім бар? 



 

— Қатыным. 

 

— Кімнің қызы? 



 

— Тайжанның. 

 

—  Қай  Тайжан?  әлгі  патшаға  қарсы  шығып  атылған...  Азнабайдың  Тайжаны 



емес пе? 

 

— Иә, сол кісінің қызы... 



 

— Онда қыз бар ма еді? 

 

—  Өзі  ұсталғанда...  Алтыншаш  деген  қызы  қалған  екен.  Тайжанның  үй-ішін 



Туринге  айдағанда  Омбының  бір  бай  саудагері  сол  Алтыншашты  сатып  алып, 

генерал Фондерсонға тарту етіпті... Биыл он алтыға шықты. 

 

— әңгіме сенде екен ғой!.. Иә, сен оған қалай үйленіп жүрсің?.. Өзі қайда.. 



Үйге неге кір демейсің... 

 

— Көрші ауылда... Қалай үйленгенім ұзақ жыр... 



 

Ожар қымыз сапырып жатқан Зейнеп жаққа көз тастады да, сөзін тия қойды. 

Аға сұлтан бірден түсініп әйеліне: 

 

— Тоқал-ай, сыртқа шығып қонаққа шай қойғыз, қой сойдыр... — деді. 



 

Зейнеп:  «Менен  жасырасыңдар  ғой  сырларыңды»,  —  дегендей  кекете  езу 

тартты да үйден шығып кетті. 

 

Ожар  Сейтенмен  қалай  серік  болғанын,  оны  қалай  ұстап  бергенін,  өзінің 



тұтқын болып неге бірге жүргенін бастан-аяқ баяндап берді де: 

 

— Омбыға барған соң да екі жетідей абақтыда жатуға тура келді. — Сейтенді 



бөлек, мені бөлек «соттамақ» болды, — деп күлді. — Бір күні Фондерсонның өзі 

келді.  Генерал  дегенді  жақын  жерден  бұрын  кім  көрген,  сары  ала  түймелі, 



144 

Әдеби KZ 

қайқиған  жирен  мұртты,  түсі  суық  кісі  екен.  Сейтен  мен  Тайжанды  ұстап 

бергеніме  рақмет  айтып,  не  тілегің  бар,  сұра  деді...  Омбыға  былтыр  бір 

жәрмеңкеге келгенімде Алтыншашты көргенім бар... Сонда аузымнан сілекейім 

ағып  құмар  боп  кеткем.  Тәуекел  деп  генералға:  «Маған  қатындыққа  есігіңде 

жүрген  қырғыз қызын берсең болады», — дедім. 

 

— Жиырма бесінші жылғы заң бойынша қыздың кімге тием десе де өз еркі. 



Біздің зорлауға хақымыз жоқ, — деді генерал. — Қыз көнсе... 

 

«Байқаймын  генералдың  Алтыншашты  маған  берер  түрі  көрінбейді.  Заңды 



өздері  қолдан  жасап  алып  жүрген  жоқ  па...  Темір  торлы  абақтысы  бар  қала 

түгіл,  жалпақ  жатқан  қазақ  жерінің  өзінде  де  қыздың  еркін  кім  сұраған.  Әйтсе 

де мен: 

 

 



— Қызды көндірудің міндетін өзім алайын, — дедім.  

 

Генералдың көзі шарадай болып кетті. 



 

— әкесін ұстап берген адамға ол қалай көнеді? — деді. 

 

— О жағын өзіме жіберіңіз, — дедім. 



 

Генерал айтқан сөзін қайтып ала алмады. «Жарайды» деді. 

 

Бұрын  бізде  күзетте  жүрген  бір  шоқынды  татар  уряднигінен  естігем: 



«Фондерсон  үйіндегі  малай  қыз  сізді  екі-үш  рет  сұрады.  Егер  тамақ  берсем 

тапсырасың ба?» — дейді деген. 

 

әрине,  әкесінің  ағасымен  бірге  абақтыға  түскен  соң,  мені  солардың  адамы 



екен деп ойлап жүргенін бірден ұқтым. Жемін сезсе жиырылған кірпі бауырын 

жазады,  азырақ  ақша  беріп,  әлгі  урядниктен  мені  қызбен  бір  жолықтыруын 

сұрадым. Өз дінін сатқан урядник, патша қызметін де сатты, бір кезекте тұрған  

күні  Алтыншашты  маған  әкеп  жолықтырды.  Қыз  кісендеулі  Сейтен  екеумізді 

генерал  үйінің  жанынан  абақтыға  айдап  апара  жатқанда  көрген  екен.  Жаны 

ашып  түнімен  жылап  шығыпты.  Байқаймын,  шет  жақта  өскенмен,  өз 



145 

Әдеби KZ 

тумаластары  десе  үзіп  жанын  беретін  түрі  бар.  Оның  үстіне  мен  оған  елінің 

азаттығы үшін күресіп жүрген бір батыр жігіт боп көрінген тәріздімін. Қысқасы, 

біз  шу  дегеннен  тіл  таптық.  Сөйтіп,  бір-екі  кездескеннен  кейін,  екеуміз  қол 

ұстасып елге қашпақ болдық. 

 

«Біздің  осылай  уәделескенімізді  Фондерсонға  айтып  едім,  ол  шу  дегенде  



жаман  ашуланды.  Бөлтірікті  қанша  асырасаң  да  тоғайын  аңсайды»  деген  осы  

деп  бір  сәтте  Алтыншашты  жазаламақ  та  болды.  Дегенмен  ақылды  адам  ғой, 

аздан кейін сабасына түсіп «Сенің мұның дұрыс екен. Алтыншашты алып еліңе 

жет...  Халқының  азаттығы  үшін  күрескен  кісінің  қызын  алып  қашып  келсең, 

саған жұртың сөзсіз сенім көрсетеді. Ал бізге қазақ арасында, әсіресе Кенесары 

жігіттерінің  арасында  сендей  жансыз  көз-құлағымыз  болғаны  өте  қажет»,  — 

деді. Сөйтіп мен қазір Алтыншашты қатын етіп алып, Кенесарының аулына бара 

жатырмын, — деді сөзін аяқтап Ожар. 

 

Қоңырқұлжа риза болып қарқ-қарқ күлді. 



 

— Жігіт болсаң міне осындай бол! Қой да аман, қасқыр да тоқ, қатын да бар. 

 

Ожар төмен қарап күлімсірегендей езу тартты.  



 

 

— Заманың түлкі болса, тазы боп шал деген ғой біздікі. 



 

—  Дегенмен  екі  кеменің  құйрығын  ұстаған  суға  кетеді,  сақ  бол.  Әсіресе 

Кенесары аулында... Сұлтанның көзі қырағы, қате бассаң бірден сезеді. Және ол 

ауылда жалғыз ғана Кенесары емес қой. 

 

— Қасымның ұрпағынан басқа қасында тағы кімдер бар екен, хабардарсыз 



ба?.. 

 

—  Қазір  көп  жұрт  солай  қарай  бет  бұруда  ғой.  Жақында  сол  жақтан  бері 



өткен  бір  мәліш  сәудегерінен  естідім,  атақты  батырлардан  бүгін  таңда 

Шұбыртпалы  Ағыбай,  Алтай  Төлебай,  Бестаңбалы  Бұқарбай,  Бағаналы 

Құдайменді,  Қыпшақ  Иман  бар  көрінеді,  ал  Табын  руының  батыры  Тіленшінің 


146 

Әдеби KZ 

Жоламаны біз де сендермен біргеміз деп жақында Байтабын деген жас батыры 

мен  Серғазы  хан  тоқалдыққа  алайын  деп  жүрген  Ақбөкен  атты  батыр  қызды 

жіберіпті... 

 

— Қатын құтырған заман болды ғой осы кез... Сырымбет қырқасынан байын, 



малын  тастап  алты  баласымен  Кенесарының  қарындасы  Бопай  да  барып 

қосылды деген де рас па? 

 

—  Рас.  Қасымның  ұлдары  арлан  қасқыр  болса,  қыздары  қаншық  бөрі  емес 



пе.  Бопай  қазір  қолына  найза  алып  бір  топ  жігіттерді  басқарады  деседі.  Күйеу 

жұрты, Уәли ханның ауылын шабамын деп тісін қайрап жүрген көрінеді. 

 

—  Бопай  келіп  ағасының  тобына  қосылса  Жанайдар  батыр  да  со  жерде 



десеңізші... 

 

— Неге? 



 

—  Жанайдар  мен  Бопай  жас  кездерінде  Қозы  Көрпеш  пен  Баян  сұлудай 

болған жоқ па еді? Тек Қасым төре Жанайдарды қара қазақ деп Бопайды оған 

бермеген.  Алты  бала  тапса  да  Бопай  Жанайдар  десе  ішкен  асын  жерге  қояды 

деген өсек бар. Екеуінің басы Кенесары ордасында қосылған болар. 

 

Өзін ана жылы Байгөбектің асында көргенім бар, ағасы тәрізді көзінен қаһар 



шашқан ақ сары қатын екен. Астына боз жорға мініп алып сайысқа түсті. Бірде-

бір  еркек  шыдатпап  еді...  —  Ожар  бірдеме  ойына  түскендей  Қоңырқұлжаға 

бұрыла қарады, — жаңағы айтқан батырларыңыздың бәрі, Жоламан сұлтаннан 

өзгесі  кілең  ашық  кеуде,  жалаң  төс  кедей  сарбаздар  екен...  Ел  билеген  бай, 

манаптан ешкімнің аты естілмей ме? 

 

—  Малымды  шауып  алар  деп  қорыққан  жүз-жүз  елу  шаңырақты 



Шорманның  Мұсасы,  Жақыптың  Елемесі,  Асылғазының  Бабатайы  секілді 

мыңды айдаған азғантай байлар болмаса, ел ағалары «түбі қалай болады» деп 

артын  күтіп  отырған  тәрізді  ғой.  Әзірге  қосылғандар  Қарқаралы  өкірігінен 


147 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет