№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013



Pdf көрінісі
бет2/44
Дата27.01.2017
өлшемі7,69 Mb.
#2837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

Əдебиеттер 
1  Базарбаев  М.  Өлең  –  сөздің  патшасы,  сөз  сарасы.  –  Алматы:  «Жазушы» 
баспасы, 1973. 
2 Шаханов М. Эврестке шығу. – Алматы: «Атамұра» баспасы, 2003. 
3 Шаханов М. Дəуір дастандары. – Алматы: «Жазушы» баспасы, 1992. 

«Қазақстан» 
Ұлттық 
энциклопедиясы. 
– 
Алматы: 
«Қазақ 
энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2002. 
5 Назарбаев Н.Ə. Тарих толқынында. – Алматы: Жібек жолы, 2010. 
 
Резюме 
В данной статье рассматривается роль исторических событий и национального 
колорита в произведениях М. Шаханова. 
Ключевые  слова:  исторические  события,  национальный  колорит,  Мухтар 
Шаханов. 
 
Summary 
This article scans the role of historical occasions and national view of composition of 
M. Shakanov. 
Keywords: historical events, national color, Mukhtar Shakhanov. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
14
МАЙКУПОВА Рита Нұрланқызы, 
С. Бəйішев атындағы Ақтөбе университеті Филология факультетінің 
ІІ курс магистранты, Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Ғылыми жетекшісі: ТОҚСАНБАЕВА Тілектес Жанабергеновна, 
С. Бəйішев атындағы Ақтөбе университеті Филология жəне аударма ісі 
кафедрасының аға оқытушысы, Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
СӨЗ МƏЙЕГІ – МАҚАЛ 
 
Түйін 
Халық  əдебиетінің  қоғамдық  құбылыстарды  кең  қамтып,  өмірдегі  əр  қилы 
қарым-қатынастарды  əсерлі,  көркем  бейнелейтін  тақырыбы,  идеялық  мазмұны  бай, 
ең бір мол саласы – мақал-мəтелдер туралы айтылған. 
Кілт сөздер: халық əдебиеті, қоғамдық құбылыстар, мақал-мəтелдер. 
 
Мақал-мəтел  –  нақыл  сөз.  Ол  өмірдегі  түрлі  құбылысты  жинақтап,  түйіп, 
ықшамдап  беріп,  бір  не  екі  тармақтан  тұратын,  алдыңғы  жолдарында  пайымдап, 
соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың 
бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мəйегі. 
Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа («Қайраңы 
жоқ  көлден  без,  қайырымы  жоқ  ерден  без»),  аллитерацияға  («Етігін  шешпей  ер 
шыңаймас»),  ассонансқа  («Қатты  жерге  қақ  тұрар,  Қайратты  ерге  бақ  тұрар») 
құрылады. 
Мақалдар тура жəне ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы 
сөздер  ішкі  астары  бар,  тұтас  бір  ойды  білдіреді  («Бір  жеңнен  қол  шығар,  бір 
жағадан  бас  шығар»),  («Ырысқа  қарай  ұл  өсер,  Қонысқа  қарай  мал  өсер»),  («Ел  – 
ырыстың  орманы,  ер  –  ырыстың  қорғаны»),  («Ер  жігіт үш  ақ  үй  тігеді,  үш  қара  үй 
тігеді») [Əуезов, 1960. – 25 б.]. 
Мəтел  –  өзінің  негізгі  түйіндеуін  кесіп  айтпайтын,  бір-бірімен  кереғар 
шендестіруі  жоқ,  қорытындысы  тұспалды,  қысқа  да  нұсқа  нақыл  сөз.  Мақалға  өте 
жақын. Мəтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. 
Мысалы,  «Қаңбақтан  қашсаң,  дөңбекке»  –  мəтел.  «Қаңбақтан  қашсаң,  дөңбекке 
жолығасың» – мақал. Мəтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мəтел 
адамның  айтқан  пікіріне  ой  қосады,  сезімін  əсерлі  де  айшықты  жеткізеді.  Ақын-
жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы мақал-мəтелге айналған: «Ғылымды іздеп, 
дүниені көздеп» – Абай, «Жалғанды жалпағынан басып өтіп» – Жамбыл, т.б. 
Мақал-мəтел  –  халық  əдебиетінің  қоғамдық  құбылыстарды  кең  қамтып, 
өмірдегі  əр  қилы  қарым-қатынастарды  əсерлі,  көркем  бейнелейтін  тақырыбы, 
идеялық мазмұны бай, ең бір мол саласы. Мақал-мəтел дегеніміз – халықтың нақыл 
сөздері, белгілі бір ойды ықшамды түрде, ұтымды, өткір етіп айтып беретін кестелі 
сөз. 
Мақал-мəтел  толық  тұлғалы  болады,  ойы  тұтас  келеді,  əдетте  ол  бір  немесе 
бірнеше толық сөйлемнен құралады. Ал, мəтел мақал сияқты толық сөйлем түрінде 
құрылмай, сөз тіркесі қалыптасқан, нақышты, орамды сөйлемше түрінде жасалады. 
Мəтелде  айтылатын  ойдың  ізі,  тұспалы  ғана  болады,  ол  ой  мəтел  сөз  орайына 
келтіріліп,  сөз  қосылып  айтылғанда  ғана  толысып,  жетіліп  тұрады.  Мысалы,  «-
Өлімнен ұят күшті», «Өзара бірлік – табыс» деген сияқты мəтелдер сөз арасында сөз 
қосылып айтылғанда мақалға тəн тиянақты қорытындыны білдіріп, құлпырып шыға 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
15
келеді. Бұл мəтелдерде белгілі бір құбылыстарға берілген баға, қорытынды, адамның 
кейбір  іс-əрекетіне  мінездеме  бар.  Мəтел  «Дəрменсізде  арман  көп»,  «Сақтықта 
қорлық жоқ» сияқты қалыптасқан сөз тізбегі, жай идиомалардан басқарақ болады. 
Мəтел  мақалға  өте  жақын,  жанасып,  жуысып  тұрады.  Кейде  тіпті  мақал  мен 
мəтелдің жік арасын айыру да қиынға соғады [Əуезов, 2012. – 113 б.]. Мақал-мəтел 
көрегендік, 
сезгіштіктен, 
түйіндеуге 
шеберліктен, 
келістіріп, 
мəнерлеп 
айтқыштықтан  туады.  Қилы-қилы  өмір  құбылыстарына  бойлап,  оның  сыр-сипатын 
көңілге  бірден  ұялайтын  көркем  бейне,  теңеу  тауып  ықшамды,  тұжырымды  етіп 
суреттеу – мақал-мəтелдің ең бір басты қасиеті. 
Мақалда халықтың ғасырлар бойындағы еңбек, өмір тəжірибесі небəрі бірнеше 
ауыз  сөзбен  тұжырылып  беріледі.  Мақалдың  бас-аяғы  жинақы  келеді,  онда  артық 
сөз, шұбалаңдық болмайды. Мақал өмір шындығын əрі дəл, əрі көркем, тұжырымды 
етіп  бейнелейді.  Сондықтан  да  мақал  тілді  көріктендіріп,  сөзге  логикалық  күш 
береді,  ой  жүйесінің  қисынын  арттырып,  ширата  түседі,  айтушы  көңілдегі  жерден 
тап бастырады [Əуезов, 2012. – 279 б.]. 
Мақалдың  халық  өмірімен,  еңбекпен  байланыстылығы  туралы  А.М.  Горький: 
«Сөз  өнері  өте  көне  заманда  адамның  еңбек  процесінен  туған.  Бұл  өнердің  тууына 
адамның  еңбек  тəжрибесін  ертедегі  еңбек  ұраны  болған  тақпақ  түріндегі  мақал-
мəтел  секілді  неғұрлым  оңай  жəне  берік  есте  қалатын  сөздермен  бейнелеуге 
ұмтылуы  себеп  болды»,  -  дейді.  Горькийдің  бұл  сөзінен  де  мақалдың  көне  жанр 
екені көрінеді. 
Қазақ  мақалдарының  ертеден  келе  жатқан  көне  жанр  екендігін  түркі  тілдес 
елдердің ескіден қалған жазба ескерткіштерінен де көруге болады. Мысалы, Махмуд 
Қашқаридың  «Диуани луғати түрік» (1072) деген еңбегінде,  «Кодекс Куманикусте» 
қазіргі  қазақ  мақалдарына  ұқсас  мақалдар  кездеседі.  Бірақ,  көпке  дейін  жазу-сызу 
болмағандықтан  қазақ  мақалдары  кезінде  жазылып  алынбай,  тек  ауыздан-ауызға 
тарап, кейінгі ұрпаққа ауызша жетіп отырған. Əр заманның өз салты өз ұғымы бар, 
сондықтан  ол  өзінен  бұрынғы  мақалдың  тек  сол  заманға  лайықтысын  ғана 
қабылдауы мүмкін. Сондықтан өткен дəуірдегі мақалдардың кейбірі ұмыт та болады. 
Қазақ  халқының  мақалдарын  жинау,  зерттеу  жұмысы  тек  ХІХ  ғасырда 
басталды.  Оларға  ең  алғашқы  рет  назар  аударып,  жинаушылар  орыс  ғалымдары 
болды.  Қазақстан  Ресейге  қосылғаннан  кейін  орыс  ғалымдары  қазақтың  жер 
байлығын,  географиясын  өте  зер  сала  зерттей  бастағаны  мəлім.  Қазақтың  шет 
облыстары  мен  аудандарына  ғылыми  экспедициялар  шығарылып,  қазақтың  жер-
суымен қатар мəдениеті де зерттелді. Сол сияқты қазақтың бай ауыз əдебиеті, соның 
ішінде  мақал-мəтелдері  де  ХІХ  ғасырдың  70-жылдарынан  бастап  жиналып,  баспа 
жүзіне шыға бастады.  Қазақ мақалдарын жинап, баспа бетіне алғаш  жариялағандар 
орыс ғалымдарынан: В.В. Радлов, М. Терентьев, Ф. Плотников, Н.И. Гродеков, А.В. 
Васильев,  Н.П.  Пантусов,  В.  Катаринский  т.б.  болды.  Ал  қазақтың  өз  мəдениет 
қайраткерлерінен  орыс  ғалымдарымен  иықтаса  Ыбырай  Алтынсарин,  Шоқан 
Уəлиханов,  Əбубəкір  Диваев  т.б.  ауыз  əдебиет  нұсқаларына,  соның  ішінде  нақыл 
сөздерге, мақал-мəтелдерге қатты зер салып, жинап, зерттеп, оған ғылыми баға берді 
[Əуезов, 2011. – 326 б.]. 
Қазақ  мақалдары  алғашқы  кезде  ондап,  жүздеп  қана  жиналды  жəне  жинауда 
ешбір  жүйе  бола  қойған  жоқ.  Мақалдар  бастапқы  кезде,  көбінесе,  облыстық 
ведомостілер  бетінде  жарияланып  келді.  ХІХ  ғасырда  баспа  бетіне  шыққан 
мақалдарды  тексеріп  қарағанда,  өзге  облыстардан  гөрі  Ақмола,  Семей,  Торғай 
облыстарының мақалдары көбірек жарияланғаны байқалады. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
16
1876 жылы Ақмола облыстық ведомостілерінде жүз елуге жуық қазақ мақалы 
басылған  (бұл  мақалдар  Шығысты  зерттеушілердің  халықаралық  конгресіне 
арналған). Небəрі жүзден астам мақал төмендегі түрде: 
1) Құдайға, дінге көзқарас; 
2) Ұят, ар, адамшылық туралы; 
3) Үкімет, үкімет тағайындаған ел басшылары, заң туралы; 
4) Дүние, қоғам туралы; 
5) Үй іші, туысқандық туралы; 
6) Жеке адамдар туралы; 
7) Табиғат, əлемге көзқарас делініп жеті тарауға бөлінген. 
Мақалдардың  осылай  жүйеленуі  мен  əр  бөлімінің  атынан-ақ  жарияланған 
мақалдардың  идеялық  жағы  анық  байқалады.  Бұл  жинақтағы  нұсқалардың  еңбекші 
халық  арасынан  гөрі  үстем  тап  өкілдері  аузынан  көбірек  жазылып  алынғаны 
аңғарылады.  Жинақтың  өзге  тарауларындағы:  «Қайғың  болса  ханға  бар,  қарның 
ашса байға бар», «Бай келсе асқа отырады, жарлы келсе іске отырады» деген сияқты 
мақалдарда қоғамға, өмірге үстем таптың көзқарасын білдіреді. Бұл жинақтың басқа 
тарауларында  да  осы  алуандас  мақалдар  жиі  кездеседі.  Келтірілген  мысалдардан 
орыс  ғалымдарының  халық  тұрмысына  назар  аударып,  шаруалардың  қоғамға 
көзқарасына көп көңіл бөлгенін көруге болады [Мырзахмет, 1994. – 14 б.]. 
Газет,  журнал,  əр  түрлі  ведомостілер  бетінде  басылған  қазақ  мақалдарының 
ішінде  ең  көлемдісінің  бірі  –  А.Е.  Алекторовтың  1894  жылы  «Астраханский 
вестник»  жариялаған  мақалдары.  Оның  қазақ  арасынан  жинаған  мақалдарын 
жариялай  отырып,  оқушыға  қазақ  халқы,  əсіресе,  еңбекші  халық  жайында  ұғым 
беруге  тырысады.  Қазақ  халқы  туралы  білгенін  ортаға  салып,  халықтың 
қабілеттілігін,  еңбек  сүйгіш  қасиеттерін  атап  көрсетеді.  Жинаққа  жазған  алғы 
сөзінде  А.Е.  Алекторов:  «Қазақты  танып-білгісі  келіп  үңіле  қараған  адам  оның 
көзінен  ой-ақылдың  сəулесін  қалайда  көреді,  оның  тапқыр,  өмірге  икемді  екенін 
байқайды...  Зауытқа  жұмыс  істеген  қазақтар  аз  уақыт  ішінде-ақ  қанша  сағат  істеу 
қажет  болса,  сонша  қажымай  еңбек  етеді»  деп,  өзі  жариялап  отырған  мақалдарын 
қазақ  халқының  тамаша  қасиеттерін  көрсетуге  мысал  етеді.  А.Е.  Алекторов 
мақалдарының  құрамында  шынайы  халықтық  сипаттағы  мақалдар  өте  жиі 
ұшырайды жəне жинаушы сол келтірген мақалдарына түсінік беріп отырған. 
Бұдан кейінгі жылдарда да қазақ мақалдары əлденеше рет газет, журнал жеке 
еңбектерде  үнемі  жарияланып  тұрды.  Бірақ  олардың  саны  ең  көп  дегенде  100-200-
ден  аспайтын.  Орыс  ғалымдары  жинаған  мақалдардың  жеке  жинақ  болып 
басылғандарының ең көлемдісі В. Катаринский жинағы. Оның жинағы баспа бетіне 
өзінен  бұрын  шыққан мақалдарды  қамтиды  жəне  ел  аузынан  терілген  мақалдармен 
толықтырылған. 
В.  Катаринский  жинағына  мың  жарымнан  артық  мақал  енгізіліп,  жинақтағы 
бар  мақал  төменде  көрсетілгендей  бірнеше  бөлімге  жіктелген:  1)  Құдай,  періште, 
тағы басқа діни ұғымдар; 2) Ел басшылары; 3) Адам жөнінде; 4) Əйелдер туралы; 5) 
Балалар; 6) Ата-ана, ата-баба, туысқандар; 7) Білім, ғылым, ақыл туралы; 8) Сөз; 9) 
Еңбек;  10)  Жақсылық,  жамандық;  11)  Шындық  жəне  өтірік;  12)  Байлық  жəне 
кедейлік; 13) Достық; 14) Денсаулық жəне ауру туралы; 15) Түрлі халықтар туралы; 
16)  Ұрлық  туралы;  17)  Қонақ  жəне  сауық;  18)  Жануарлар  мен  құс  жөнінде;  19)  Үй 
жəне  мүлік  жайында;  20)  Жолаушылық  жəне  түрлі  жерлер  туралы;  21)  Жалпылама 
мақалдар [Əуезов, 1960. – 229-346 б.]. 
Катаринский жинағы қазақ мақалдарын алғаш белгілі бір жүйемен берген жəне 
өте  көлемді  еңбек  болды.  Бұл  жинаққа  енген  мақалдардың  тақырыбы  бай,  халық 
өмірінің  əр  түрлі  саласын  қамтиды.  Сондықтан  да  Катаринский  жинаған  мақалдар 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
17
халықтың  өткендегісін  танып  білуде  жəне  оны  зерттеуде  ғылыми  маңызы  зор,  өте 
құнды жинақ деуге болады. 
XIX  ғасырдың  аяқ  кезінде  мақал-мəтелдерді  жинау,  зерттеу  жұмысына 
қазақтың  өз  ғалымдары  да  араласты.  Басқа  ауыз  əдебиет  үлгілерімен  бірге  қазақ 
мақалдарын  жарыққа  шығарып,  баспа  жүзінде  жариялауда  Əбубəкір  Диваев  көп 
атсалысты.  Ол  қазақ  мақалдарын  этнографиялық  материалдар  жинағына  əлденеше 
рет бастырды. 
1917  жылғы  төңкерістен  кейінгі  жылдарда  қазақ  мақал-мəтелдерін  жинап 
бастыру, зерттеу ісі алға қойылып, бұл бағытта елеулі табыстарға қол жетті. Мақал-
мəтелдер  бірнеше  рет  жеке  жинақ  болып  басылды.  Мақал  –  өмірден,  тəжірибеден 
туған, қоғамдағы сан қилы құбылыстарға берілген баға, қорытынды, түйін. Мақалда 
өмір құбылыстарына, айтылған жағдай, уақиғаға баға беріліп, шешім айтылуы оның 
идеялық күшін зорайтады. 
Мақалдың  түпкі,  тура  мағынасы,  сонымен  бірге  көбінесе  астарлы,  ауыспа 
мағынасы  болады.  Мақалда  белгілі  бір  нақты  құбылыс,  нақты  уақиға  жеке,  дара 
күйінде ғана суреттеліп қоймайды, түйіндеу, қорытынды жасау дəрежесіне көтеріле 
бейнеленеді.  Сондықтан  мақал  негізінде  бір  нақты  жағдайға,  уақиғаға  байланысты 
болғанымен,  соған  орай  туғанымен,  ол  осы  алуандас,  соған  ұқсас  барлық  жағдайда 
айтылады,  яки  мақалды  тудырған  нақты  уақиғадан  тыс  талай  құбылыстарды 
бейнелеуге де қолданылады. 
Бұл  топшылау,  көрегендік,  нақтылы  бір  уақиғадан    осыған  ұқсас  өмір 
құбылыстарының  сырын  ашып,  дұрыс  терең  қорытынды  жасай  білудің  нəтижесі. 
Осылай  ауыспа  мағынада,  əр  түрлі  жағдайда  əр  қилы  кезеңде  қолдану  мақалдың 
идеялық шеңберін кеңейтіп, оның өмір танытқыштық қасиетін арттыра, үстей түседі. 
Мақал  көп  жайды  мағынасы  терең,  астарлы  аз  сөзбен  түйіп  айтуға  мүмкіншілік 
береді.  Мінеки,  мақалдың  мағынасының  кеңдігі,  оның  үлгі-өнеге  боларлық  қасиеті 
ғибраттылық мəні осыдан шығады. Мысалы,  «Соқыр тауыққа бəрі бидай»,  «Шабан 
үйрек  бұрын  ұшар»  деген  сияқты  мақалдарды  сөз  арасына  қосқанда,  айтушыға 
соқыр  тауықтың  талғампаз  бола  алмайтығы  немесе  шабан  үйректің  ерте 
қимылдайтыны  керек  емес,  келтірілген  мақалдар  адамға,  адамның  мінезіне 
жанастырылып айтылады жəне тыңдаушы да осындай мақалдарды астарлы, ауыспа 
мағынасында  қабылдайды.  Тегінде  малға,  хайуанатқа  жəне  табиғат  құбылыстарына 
байланысты  мақалдардын  көпшілігі  осылай  аллегориялық  сипатқа  ие  болған.  Олар 
көбінесе  түпкі  мағынасы  емес,  жаңа  тұлғада,  адам  өміріне  қабыса  жалғастырып 
айтылады. 
Сонымен  бірге  үнемі  астарлы,  басқа  мағынаға  ие  бола  бермейді,  өзінің  түпкі 
мағынасында  да  қолданылады.  Мысалы,  «Өнер  алды  –  қызыл  тіл»,  «Ақыл  –  тозбас 
тон, білім – таусылмас кен» деген сияқты мақалдар. Бұдан мақалдың бірыңғай емес, 
бірнеше  түрлі  болып  келетінін  көреміз.  Жоғарыда  келтірілген  мысалдардан 
мақалдың  бірде  ұқсас,  өмірде  жиі  кездесетін  уақиға,  жайларды  жалпылама  түрде 
қорытып,  түйіп  айтатындығы  («Аш  құлақтан  тыныш  құлақ»  т.б.),  екіншіде 
айтылатын ой жеке, дара  уақиғаға байланысты беріліп, мақалдың ауыспа мағынада 
да қолданылатыны («Соқыр тауыққа бəрі бидай» т.б.), ал үшінші түрлі мақалдар бір 
құбылысқа  баға  беру  негізінде  жасалып,  өзінің  сол  тура  мағынасында  ғана 
айтылатыны  («Өнер  алды  –  қызыл  тіл»  т.б.)  аңғарылады  [Рахманова,  2010.  –  29-36 
б.]. 
Мақалдар  жасалу  əдісіне  қарай  осындай  түрлі-түрлі  болғанымен,  бұлардың 
бəріне  тəн  қасиет  бар,  ол  өмір  құбылыстарының  мəнін,  сыр  сипатын  ашып, 
қорытынды  жасау,  типтік  дəрежеге  көтере  көркем  бейнелеу.  Мақал  мəтелді 
шығарушы,  оның  не  асылын  тудырушы  да  халық.  Мақал  қарапайым  халықтың 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
18
ұшан-теңіз мол өмір тəжірибесінен, рухани бай өмірінен, ұшқыр қиялынан, сергек ой 
ақылынан туады. 
Халық  əр  уақытта  сөзді  қисынды,  ұтымды  айтуға  ұмтылады.  Сөзге  ұсталық, 
шеберлікті, тап бастырмайтын тапқырлық, жүйріктікті – халық өнердің ең үлкені деп 
санайды.  Қиыннан  қиыстырылған,  əсерлі,  орамды  мақал-мəтелдерді  де  өте  жоғары 
бағалайды. Мұны халықтың «Өнер алды – қызыл тіл», «Сөздің көркі – мақал» деген 
сөздерінен-ақ  аңғаруға  болады.  Қазақ  əдебиетінің  С.  Сейфуллин,  І.  Жансүгіров,  Б. 
Майлин,  М.  Əуезов,  С.  Мұқанов,  Ғ.  Мұсірепов,  Ғ.  Мұстафин  сияқты  көрнекті 
өкілдерінің шығармаларында да мақал-мəтелдер үлкен шеберлікпен қолданылады. 
Халық  мақалдарын  кеңінен  қолданумен  бірге  қазақ  əдебиетінің  көрнекті 
жазушылары  оқушы  жатырқамай,  жақсы  қабылдайтын  ұнасымды  нақыл  сөздерді 
жаңадан жасап отыратынын байқаймыз. Тыңнан туған ажарлы нақыл сөздер Мұхтар 
Əуезовтың «Абай» романында Абай атынан айтылған: «Жалған намыс қасиет емес, 
ар  сақтаған  қасиет»,  «Орыс  деген  –  өріс»;  Базаралы  мен  Дəркембай  айтатын: 
«Жолдасын  таппаған  ер  азады,  басшысын  таппаған  ел  азады»,  «Еңбек  шыққан 
жерден  төзім  де  шығады»  деген  мысалдарды  келтіруге  болады.  Дəркембай  кедей 
бұқараны  батыл  қимылдауға  шақырғанда  айтатын  «Кіжінуің  көп,  килігуің  жоқ» 
деген сөз де жаңа тұлғадағы, жарасымды жасалған сөз нұсқасы. 
Мақалдың  тіл  мен  əдебиеттің,  жалпы  халық  мəдениетінің  дамуында  елеулі 
орны бар. Мақал – халықтың қоғамдық, тəрбиелік, идеялық-көркемдік мəні зор асыл 
мұрасы. 
 
Əдебиеттер 
1 Абай өлеңдер жинағы. – Алматы: Жазушы, 1986. 
2  Қазақ  əдебиетінің  тарихы.  І  том.  Жалпы  редакциясын  басқарған  Қазақ  КСР 
Ғылым Академиясының академигі М.О. Əуезов. – Алматы, 1960. 
3 Мұхтар Əуезов шығармалар жинағы. – Алматы: «Өлке» баспасы, 2012. 
4 Мырзахмет М. Абайтану тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1994. – 192 б. 
5 Мұхтар Əуезов энциклопедиясы. – Алматы: «Атамұра» баспасы, 2011. ISBN 
987-601-282-175-8. 
6 Əуезов М. Абай жолы. Роман-эпопея. – Алматы: Жазушы, 2002. 
7 Рахманова Н. Əуезовтану дəрістері. – Алматы: «Кітап» баспасы, 2010. 
 
Резюме 
В  статье  рассматривается  малая  форма  народного  поэтического  творчества, 
облаченная  в  краткое  ритмизованное  изречение,  несущее  обобщенную  мысль, 
вывод, иносказание с дидактическим уклоном. 
 
Summary 
This article shows the small shape of the public poetry creation, turned into the short 
rhythmical  saying.  It  has  a  general  thought,  conclusion,  different  saying  with  methodical 
inclination. 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
19
БІЛІМ ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚ – ОБРАЗОВАНИЕ И ПРАВО 
 
ШАРИПОВА Аягоз Турлыбековна, 
магистрант Казахского гуманитарно-юридического университета, 
город Астана, Республика Казахстан 
 
ЗНАЧЕНИЕ ПРАКТИКИ МЕЖДУНАРОДНОГО СУДА ООН 
В МЕЖДУНАРОДНОМ ПРАВЕ 
 
Аннотация 
В  настоящей  статье  автор  анализирует  некоторые  аспекты  влияния 
Международного  Суда  ООН  на  развитие  международного  права.  Так,  автор 
приходит  к  выводу  о  том,  что  практическая  деятельность  Международного  Суда 
ООН  вносит  существенный  вклад  в  развитие  международного  права,  его 
совершенствование, а также повышает его эффективность. 
Ключевые  слова:  Международный  Суд  ООН,  развитие  международного 
права, консультативное заключение, судебное решение. 
 
Развитие  современного  международного  права  и  межгосударственных 
отношений практически немыслимо без универсального международного судебного 
органа,  каковым  является  Международный  Суд  ООН  (далее  –  «МС  ООН»,  «МС», 
«Суд»).  Несмотря  на  то,  что  многими  исследователями  на  сегодняшний  день 
выдвигаются  идеи  о  необходимости  реформирования  Суда,  в  частности, 
совершенствования его функций и полномочий, полемика по данному вопросу среди 
ученых и практиков еще раз доказывает, что Суд не утратил научной и практической 
привлекательности за шесть десятилетий своего существования. 
Цель  данной  статьи  изучить  влияние  МС  ООН  на  развитие  международного 
права.  Являясь  одним  из  шести  главных  органов  ООН,  Международный  Суд 
выполняет  судебную  и  консультативную  функции.  Безусловно,  в  процессе 
выполнения  вышеназванных  функций,  Суд  опирается  на  нормы  международного 
права.  Тем  самым,  деятельность  Суда  в  системе  органов  ООН  доказывает 
обоснованность  и  обеспеченность  норм  международного  права  юридической 
санкцией  Суда,  что  является  одним  из  важнейших  показателей  работоспособности 
системы ООН в целом. 
Доказательством  этому  может  служить  обращение  Никарагуа  к  Совету 
Безопасности  (далее  «СБ»)  в  1986  году  с  целью  обеспечить  исполнение  решения  в 
отношении США, которое Суд вынес в деле Военная и полувоенная деятельность в 
Никарагуа и против нее [1, с. 188]. Несмотря на то, что резолюция, представленная 
Никарагуа  СБ,  не  была  принята  из-за  того,  что  Соединенные  Штаты  использовали 
право  вето,  в  1991  году  дело  было  исключено  из  списка  МС  ООН,  так  как  после 
выборов,  в  результате  которых  правительство  в  Никарагуа  сменилось,  в  ходе 
переговоров  между  сторонами  было  достигнуто  соглашение  по  урегулированию 
данного спора. 
Более того, готовность содействовать рассмотрению всех возникающих споров 
через  данный  Суд,  заявленная  государствами-членами  ООН,  является  реализацией 
важнейшего  принципа международного  права  – разрешения  споров исключительно 
мирными средствами. 
В  связи  с  вышесказанным,  предлагаем  рассмотреть  влияние  МС  ООН  на 
развитие  международного  права  с  точки  зрения  судебной  практики,  а  также 
вынесения  консультативных  заключений.  По  статистике  за  время  своего 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
20
существования с 1946 года Суд рассмотрел более 120 дел, 80 процентов из которых 
–  это  споры  между  государствами,  а  20  процентов  –  просьбы  о  вынесении 
консультативных заключений, представленные органами или специализированными 
учреждениями  ООН  [2].  Как  любая  другая  организация,  Суд  переживал  периоды 
активной  деятельности  и  относительного  бездействия.  Но  на  фоне  других 
международных  судебных  организаций  МС  ООН  имеет  более  универсальный 
характер,  поскольку  делопроизводство  Суда  не  ограничивается  определенным 
регионом, наоборот дела поступают со всех частей мира. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет