№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013



Pdf көрінісі
бет1/44
Дата27.01.2017
өлшемі7,69 Mb.
#2837
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
1
Ғылыми зерттеулер əлемі 
Мир научных исследований 
World of scientific research 
 
ғылыми журнал • научный журнал • scientific journal 
 
№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, 2013 жыл 
 
2007 жылдың шілдесінен шығады   •   Издается с июля 2007 года 
 
«Білім», «Гуманитарлық ғылымдар», «Құқық», «Өнер», «Əлеуметтік ғылымдар», 
«Экономика жəне бизнес» жəне «Қызмет көрсету» бағыттары бойынша 
қоғамдық жəне гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі жəне қолданбалы 
зерттеулердің өзекті мəселелері бойынша ғылыми еңбектер жарияланады. 
 
Білім: Педагогика ғылымдары 
Образование: Педагогические науки 
Education: Teaching Science 
 
Бас редактор 
Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП, филол.ғ.к., доцент 
 
Ғылыми редактор 
Лəззат Байқоңырқызы БАЙБОЛАТ, магистр 
 
Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі 
Ақпарат жəне мұрағат комитетінің мерзімді баспасөз басылымдарын жəне (немесе) 
ақпарат агенттіктерін есепке алу туралы 07.03.2013 ж. №13432-Ж куəлігі берілген. 
Алғашқы есепке қою кезіндегі нөмірі мен мерзімі №10664-Ж, 14.04.2010 ж. 
 
Меншік иесі жəне баспагер: 
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы. 
ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында баспа ретінде тіркелген. 
Халықаралық тіркеу коды 978-601-7440. Сертификат №278, 28.03.2013ж. 
 
Журналды тарату аумағы: 
Қазақстан Республикасы, жақын жəне алыс шетелдер 
 
Журналдың тілі: қазақша, орысша, ағылшынша, испанша, 
қытайша, арабша, французша жəне түрікше 
 
Мекен-жайымыз: 
010000, ҚР, Астана қаласы, А. Янушкевич көшесі, №4, №1 студенттер үйі, №213 
Тел.: +7 701 397 17 13, +7 702 105 97 53 
 
Жазылу индексі: 74641 
 
Біздің сайт: http://zertteushi.kz. E-mail: mzhakyp@mail.ru 
 
© «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы, 
№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, 2013 ж. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
2
Ғылыми зерттеулер əлемі 
Мир научных исследований 
World of scientific research 
 
ғылыми журнал • научный журнал • scientific journal 
 
№№7-9(73-75), июль-сентябрь, 2013 год 
 
2007 жылдың шілдесінен шығады   •   Издается с июля 2007 года 
 
Публикуются научные работы по актуальным проблемам фундаментальных 
и прикладных исследований в области общественных и гуманитарных наук 
по направлениям: «Образование», «Гуманитарные науки», «Право», 
«Искусство», «Социальные науки», «Экономика и бизнес» и «Услуги». 
 
Білім: Педагогика ғылымдары 
Образование: Педагогические науки 
Education: Teaching Science 
 
Главный редактор 
Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП, к.филол.н., доцент 
 
Научный редактор 
Лəззат Байқоңырқызы БАЙБОЛАТ, магистр 
 
Комитетом информации и архивов Министерства культуры и информации 
Республики Казахстан выдано свидетельство о постановке на учет периодического 
печатного издания и (или) информационного агентства №№13432-Ж от 07.03.2013 г. 
Номер и дата первичной постановки на учет №10664-Ж, 14.04.2010 г. 
 
Собственник и издатель: 
Республиканский научно-образовательный центр «Зерттеуші». 
Зарегистрирован в Национальной государственной книжной палате РК 
как издающая организация. Международный регистрационный код 
978-601-7440. Сертификат №278, 28.03.2013г. 
 
Территория распространения: 
Республика Казахстан, ближнее и дальнее зарубежье 
 
Язык журнала: казахский, русский, английский, испанский, 
китайский, арабский, французский и турецкий 
 
Наш адрес: 
010000, Республика Казахстан, г. Астана, ул. А. Янушкевича, №4, дом студентов №1, №213 
Тел.: +7 701 397 17 13, +7 702 105 97 53 
Индекс: 74641 
Наш сайт: http://zertteushi.kz. E-mail: mzhakyp@mail.ru 
© Республиканский научно-образовательный центр «Зерттеуші», 
№№7-9(73-75), июль-сентябрь, 2013 г. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
3
Ғылыми зерттеулер əлемі 
Мир научных исследований 
World of scientific research 
 
ғылыми журнал • научный журнал • scientific journal 
 
№№7-9(73-75), July-September, 2013 
 
2007 жылдың шілдесінен шығады         •         Published in July 2007 
 
Published scientific papers on the issues of fundamental and applied research 
in the social sciences and humanities directions: «Education», «Humanities», «Right», 
«Аrt», «Social Science», «Economy and Business» and «Services». 
 
Білім: Педагогика ғылымдары 
Образование: Педагогические науки 
Education: Teaching Science 
 
Editor in chief 
Myrzantay Kozhabayuly JAKYPOV, PhD, Associate Professor 
 
Scientific editor 
Lazzat Baykonyrkyzy BAYBOLAT, MA 
 
Information and Archives Committee of the Ministry of Communications and Information 
Republic of Kazakhstan issued a certificate of registration of a periodical and (or) 
information agency number №№13432-Ж от 07.03.2013 year. 
Number and date of registration of the primary number №10664-Ж, 14.04.2010 year. 
 
Owner and publisher: 
Republican Scientific-Educational Center «Zertteushі». 
Registered in the State National Book Chamber of the Republic of Kazakhstan 
as a publishing agency. International registration code 978-601-7440. 
Certificate №278, 28.03.2013 year. 
 
Distribution: 
Republic of Kazakhstan, CIS and other countries 
 
Language The magazine: Kazakh, Russian, English, Spanish, 
Chinese, Arabic, French, Turkish 
 
Our address is: 
010000, Republic of Kazakhstan, Astana, st. Yanushkevich, № 4, students home №1, №213 
 
Tel.: +7 701 397 17 13, +7 702 105 97 53 
 
Index:
 74641 
Our website: http://zertteushi.kz. E-mail: mzhakyp@mail.ru 
© Republican Scientific-Educational Center «Zertteushі», 
№№7-9(73-75), July-September, 2013. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
4
«ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ƏЛЕМІ – МИР НАУЧНЫХ 
ИССЛЕДОВАНИЙ – WORLD OF SCIENTIFIC RESEARCH» 
ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫНЫҢ «БІЛІМ», «ЖУРНАЛИСТИКА», 
«ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС» ЖƏНЕ «САЯСАТТАНУ» СЕРИЯЛАРЫ 
БОЙЫНША РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚАСЫ 
 
Абдуалиева  Рахима  –  профессор,  доктор,  Айтматов  Академиясының 
директоры (Лондон, Ұлыбритания) 
 
Барабаш Виктор Владимирович – филология ғылымдарының докторы, 
профессор,  Ресей  халықтар  достығы  университеті  филология  факультеті 
деканының  оқу  ісі,  «Журналистика»  жəне  «Қоғамдық  байланыс» 
мамандықтары бойынша орынбасары (Мəскеу, Ресей Федерациясы) 
 
Жолдасбекова  Сауле  Абдразаққызы  –  педагогика  ғылымдарының 
докторы, М.О. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 
Жаратылыстану-педагогикалық  факультеті  «Кəсіби  оқыту  теориясы  мен 
əдістемесі» кафедрасының профессоры (Шымкент, Қазақстан Республикасы) 
 
Қамзабекұлы  Дихан  –  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор, 
Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінің  стратегиялық  даму 
жəне  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  жөніндегі  проректоры  (Астана, 
Қазақстан Республикасы) 
 
Манов  Борис  Филипов  –  философия  докторы,  Н.  Рильский  атындағы 
Оңтүстік-батыс  университеті  Философия  факультеті  Философиялық  жəне 
саяси пəндер кафедрасының доценті (Благоевград, Болгария Республикасы) 
 
Нечаева Елена Леонидовна – саяси ғылымдарының кандидаты, доцент, 
Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті  Журналистика  жəне 
саясаттану  факультеті  Саясаттану  кафедрасының  меңгерушісі  (Астана, 
Қазақстан Республикасы) 
 
Нуриден  Рахима  Шəріпқызы  –  филология  ғылымдарының  кандидаты, 
Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті  журналистика  жəне 
саясаттану  факультеті  телерадио  жəне  қоғаммен  байланыс  кафедрасының 
доценті (Астана, Қазақстан Республикасы) 
 
Нұртазина  Роза  Əутəліпқызы  –  саяси  ғылымдардың  докторы,  Л.Н. 
Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті  журналистика  жəне 
саясаттану  факультеті  саясаттану  кафедрасының  профессоры  (Астана, 
Қазақстан Республикасы) 
 
Окай  Айдемир  –  профессор,  доктор,  Стамбул  университеті 
коммуникация  (қоғамдық  байланыс)  факультетінің  деканы  (Стамбул,  Түрік 
Республикасы) 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
5
Омашев  Намазалы  Омашұлы  –  филология  ғылымдарының  докторы, 
профессор,  Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті 
журналистика  жəне  саясаттану  факультеті  баспасөз  жəне  баспа  ісі 
кафедрасының меңгерушісі (Астана, Қазақстан Республикасы) 
 
Почта  Юрий  Михайлович  –  философия  ғылымдарының  докторы, 
профессор,  Ресей  халықтар  достығы  университеті  гуманитарлық  жəне 
əлеуметтік  ғылымдар  факультеті  салыстырмалы  саясаттану  кафедрасының 
меңгерушісі (Мəскеу, Ресей Федерациясы) 
 
Рахмонов Насимхон Асқарович – филология ғылымдарының докторы, 
профессор,  Мирзо  Улугбек  атындағы  Өзбекстан  ұлттық  университеті 
журналистика факультетінің деканы (Ташкент, Өзбекстан Республикасы) 
 
Сандыбаев  Жалғас  Садуахасович  –  философия  ғылымдарының 
кандидаты,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік 
басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі Əлеуметтік саясат 
кафедрасының  доценті,  Астана  қаласының  Дін  істері  департаментінің 
сарапшысы (Астана, Қазақстан Республикасы) 
 
Тахан Серік Шешенбайұлы – филология ғылымдарының докторы, Л.Н. 
Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті  Журналистика  жəне 
саясаттану  факультеті  Телерадио  жəне  қоғаммен  байланыс  кафедрасының 
профессоры (Астана, Қазақстан Республикасы) 
 
Федоров  Александр  Викторович  –  педагогика  ғылымдарының 
докторы,  профессор,  А.П.  Чехов  атындағы  Таганрог  мемлекеттік 
педагогикалық  институтының  ғылыми  жұмыс  жөніндегі  проректоры,  Ресей 
кинобілім  беру  жəне  медиапедагогика  Қауымдастығының  президенті, 
«Медиаобразование»  журналының  бас  редакторы,  Ресей  Федерациясы 
Президенті  жанындағы  Ресей  экономикасын  модернизациялау  жəне 
технологиялық  дамыту  жөніндегі  Комиссия  жобалары  бойынша  РФ  Үкіметі 
жанындағы  Талдау  орталығының  сарапшысы,  Еуропалық  одақ  атқарушы 
өкіметінің  жоғарғы  органы  қаржыландыратын  Еуропалық  медиабілім  беру 
жəне  медиасауаттылық  жөніндегі  EMEDUS  жобасының  сарапшысы 
(Таганрог, Ресей Федерациясы) 
 
Шыңдалиева  Меңдікүл  Бұрханқызы  –  филология  ғылымдарының 
докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика 
жəне  саясаттану  факультеті  Баспасөз  жəне  баспа  ісі  кафедрасының 
профессоры (Астана, Қазақстан Республикасы) 
 
 
 
 
 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
6
РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ НАУЧНОГО ЖУРНАЛА 
«ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ƏЛЕМІ – МИР НАУЧНЫХ 
ИССЛЕДОВАНИЙ – WORLD OF SCIENTIFIC RESEARCH» 
ПО СЕРИЯМ «ОБРАЗОВАНИЕ», «ЖУРНАЛИСТИКА», 
«СВЯЗЬ С ОБЩЕСТВЕННОСТЬЮ» И «ПОЛИТОЛОГИЯ» 
 
Абдуалиева  Рахима  –  профессор,  доктор,  директор  Академии 
Айтматова (Лондон, Великобритания) 
 
Барабаш  Виктор  Владимирович  –  доктор  филологических  наук, 
профессор,  заместитель  декана  по  учебной  работе,  по  направлению 
подготовки  «Журналистика»  и  специальности  «Связи  с  общественностью» 
филологического  факультета  Российского  университета  дружбы  народов 
(Москва, Российская Федерация) 
 
Жолдасбекова  Сауле  Абдразаковна  –  доктор  педагогических  наук, 
профессор  кафедры  «Теория  и  методика  профессионального  обучения» 
Естественно-педагогического 
факультета 
Южно-Казахстанского 
государственного  университета  имени  М.О.  Ауезова  (Шымкент,  Республика 
Казахстан) 
 
Камзабекулы  Дихан  –  доктор  филологических  наук,  профессор, 
проректор  по  стратегическому  развитию  и  послевузовскому  образованию, 
Евразийского  национального  университета  имени  Л.Н.  Гумилева  (Астана, 
Республика Казахстан) 
 
Манов  Борис  Филипов  –  доктор  философии,  доцент  кафедры 
Философские  и  политические  науки  Философского  факультета  Юго-
западного  университета  имени  Н.  Рильского  (Благоевград,  Республика 
Болгария) 
 
Нечаева  Елена  Леонидовна  –  кандидат  политических  наук,  доцент, 
заведующая кафедрой политологии факультета Журналистики и политологии 
Евразийского  национального  университета  имени  Л.Н.  Гумилева  (Астана, 
Республика Казахстан) 
 
Нуриден Рахима Шəріпқызы – кандидат филологических наук, доцент 
кафедры  телерадио  и  связи  с  общественностью  Евразийского  национального 
университета имени Л.Н. Гумилева (Астана, Республика Казахстан) 
 
Нуртазина  Роза  Ауталиповна  –  доктор  политических  наук,  профессор 
кафедры политологии факультета журналистики и политологии Евразийского 
национального  университета  имени  Л.Н.  Гумилева  (Астана,  Республика 
Казахстан) 
 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
7
Окай  Айдемир  –  профессор,  доктор,  декан  факультета  коммуникаций 
(связей с общественностью) Стамбульского университета (Стамбул, Турецкая 
Республика) 
 
Омашев  Намазалы  Омашевич  –  доктор  филологических  наук, 
профессор,  заведующий  кафедрой  печати  и  издательского  дела  факультета 
журналистики  и  политологии  Евразийского  национального  университета 
имени Л.Н. Гумилева (Астана, Республика Казахстан) 
 
Почта  Юрий  Михайлович  –  доктор  философских  наук,  профессор, 
заведующий кафедрой сравнительной политологии факультета гуманитарных 
и  социальных  наук  Российского  университета  дружбы  народов  (Москва, 
Российская Федерация) 
 
Рахмонов  Насимхон  Асқарович  –  доктор  филологических  наук, 
профессор,  декан  факультета  журналистики  Национального  университета 
Узбекистана имени Мирзо Улугбека (Ташкент, Республика Узбекистан) 
 
Сандыбаев  Жалгас  Садуахасович  –  кандидат  философских  наук, 
доцент 
кафедры 
«Социальная 
политика» 
Национальной 
школы 
государственной  политики  Академии  государственного  управления  при 
Президенте  Республики  Казахстан,  эксперт  Департамента  по  делам  религий 
города Астаны (Астана, Республика Казахстан) 
 
Тахан Серик Шешенбайулы – доктор филологических наук, профессор 
кафедры Телерадио и связей с общественностью факультета Журналистики и 
политологии Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева 
(Астана, Республика Казахстан) 
 
Федоров  Александр  Викторович  –  доктор  педагогических  наук, 
профессор,  проректор  по  научной  работе  Таганрогского  государственного 
педагогического  института  имени  А.П.  Чехова,  президент  Ассоциации 
кинообразования  и  медиапедагогики  России,  главный  редактор  журнала 
«Медиаобразование», эксперт Аналитического центра при Правительстве РФ 
по  проектам  Комиссии  при  Президенте  Российской  Федерации  по 
модернизации  и  технологическому  развитию  экономики  России,  эксперт 
Европейского  проекта  по  медиаобразованию  и  медиаграмотности  EMEDUS 
(http://www.emedus.org/),  финансируемого  высшим  органом  исполнительной 
власти  Европейского  союза  (http://ec.europa.eu/)  (Таганрог,  Российская 
Федерация) 
 
Шиндалиева  Мендикул  Бурхановна  –  доктор  филологических  наук, 
профессор кафедры Печати и издательского дела факультета Журналистики и 
политологии Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева 
(Астана, Республика Казахстан) 
 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
8
THE EDITORIAL BOARD OF THE SCIENTIFIC JOURNAL 
«ĠYLYMI ZERTTEULER A̋LEMÌ – MIR NAUČNYH ISSLEDOVANIJ – 
WORLD OF SCIENTIFIC RESEARCH» ON THE SERIES «EDUCATION», 
«JOURNALISM», «PUBLIC RELATIONS» AND «POLITICAL SCIENCE» 
 
Abdualieva Rahima – Professor, Doctor (London, UK) 
 
Barabash  Viktor  –  Doctor  of  Philology,  Professor  (Moscow,  Russian 
Federation) 
 
Zholdasbekov  Saule  Abdrazakovna  –  Doctor  of  Pedagogical  Sciences, 
Professor (Shymkent, Kazakhstan) 
 
Kamzabekuly Dihan – Doctor of Philology, Professor (Astana, Kazakhstan) 
 
Manoff Boris Filipov – Ph.D., Associate Professor (Blagoevgrad, Bulgaria) 
 
Nechayev  Elena  –  Candidate  Political  Science,  Associate  Professor  (Astana, 
Kazakhstan) 
 
Nuriden  Rahima  Sharіpkyzy  –  Candidate  of  Philological  Sciences,  Associate 
Professor (Astana, Kazakhstan) 
 
Nurtazina Rosa Autalipovna – Doctor of Political Sciences, Professor (Astana, 
Kazakhstan) 
 
Okay Aydemir – Professor, Doctor (Istanbul, Turkey) 
 
Omashev  Namazaly  Omashevich  –  Doctor  of  Philology,  Professor  (Astana, 
Kazakhstan) 
 
Posta Yury Mikhailovich – Doctor of Philosophy, Professor (Moscow, Russian 
Federation) 
 
Rakhmonov Nasimhon Askarovich – Doctor of Philology, Professor (Tashkent, 
Uzbekistan) 
 
Sandybaev  Zhalgas  Saduahasovich  –  Ph.D.,  Associate  Professor  (Astana, 
Kazakhstan) 
 
Tahan  Serik  Sheshenbayuly  –  Doctor  of  Philology,  Professor  (Astana, 
Kazakhstan) 
 
Fedorov  Alexander  Victorovich  –  Doctor  of  Pedagogical  Sciences,  Professor 
(Taganrog, Russia) 
 
Shindalieva  Mendikul  Burhanovna  –  Doctor  of  Philology,  Professor  (Astana, 
Kazakhstan) 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
9
ƏЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ 
– СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ 
 
АЙЗАКОВА Алима Жолмуратовна, 
С. Бəйішев атындағы Ақтөбе университеті Филология факультетінің 
ІІ курс магистранты, Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Ғылыми жетекшісі: ТОҚСАНБАЕВА Тілектес Жанабергеновна, 
С. Бəйішев атындағы Ақтөбе университеті Филология жəне аударма ісі 
кафедрасының аға оқытушысы, Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
МҰХТАР ШАХАНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ОҚИҒАЛАРДЫҢ 
КӨРІНІСІ 
 
Құдайым əр ақынға өз ұлтына 
Мұхтар Шахановтай 
қызмет етуді жазсын. 
Джон Эшбери, американ ақыны 
 
Аңдатпа 
Бұл  мақалада  М.  Шаханов  поэзиясындағы  тарихи  оқиғалардың  көрінісі  жəне 
ұлттық сипаттың мүддесі көрсетіледі. 
Түйін  сөздер:  М.  Шаханов,  поэзия,  тарихи  оқиғалар,  ұлттық  сипат,  ұлттық 
мүдде. 
 
Бүгінде өткеніміз оралып, өшірілгеніміз қалпына келіп, ақтаңдақ беттер қайта 
жаңғырды.  Оның  айғағы  бүгінгі  тəуелсіз  Қазақстан  көрінісі  десек,  қателеспейміз. 
Осы  күнде  төл  халқының  көшін  көркею  жолына  жетектеген  ақындарымыздың  əр 
өлең шумағының ізгілікке, əр өлең тармағының ақ ниетке толы екеніне көзіміз жетіп, 
көңіліміз марқаяды. 
Қабырғалы қалың қазақ бай емес деп кім айта алады?! Рухы асқақтап, намысы 
жай  отындай  жарқылдап  тұрса...  атадан  мұраға  қалған  кең  байтақ  жері  болса...  Ақ 
білектің күшімен, қоңыраулы найзаның ұшымен ғана емес, теңіздей терең тебіреніп, 
ақыл-парасатын  сарп  етіп,  жан-тəнімен  қорғай  білген  ержүрек,  асыл  сөздің  шебері, 
шешен  ақындары  болса...  Абай  айтқандай,  сөздің  патшасы  –  өлеңді  қиыннан 
қиыстыра айтатын ер данасы болса... Поэзия шебері болса... 
Айталық, поэзия – əдебиеттің көне саласы, бірақ жасаған сайын жасара түсетін 
жанды  саласы.  «Қазіргінің  талай  елін  қайран  қалдырған  осынау  байтақ  кеңістікті 
кернеген  поэзиялық  əлем  тек  қана  сұлулық  пен  сезімнің  шеңберінде  шектелмеген. 
Ол  жаңашылдықтың  жалынын  лаулата  да  білген.  Содан  да  болар,  қазақтың 
поэзиялық  шығармашылығында  мейлінше  терең  танымдық  қасиеттер  бар. 
Сондықтан да қазақтың дəстүрлі поэзиясы ұдайы философиямен шендесіп жатады» 
[Назарбаев,  2010.  –  232  б.],  - деп  Елбасы  Н.Ə.  Назарбаев  атап  көрсеткендей, 
қазақтың «шекпен жамылған» қара өлеңі философияның асыл маржаны десек, артық 
айтылғандық болмас. 
Сөз патшасы, өлең – ұрпақтан-ұрпаққа көшіп, талай заманды, талай жанды таң 
қалдырып, талайдың жанына дəру, талайдың сүйегін сырқырататын өткір сын болып 
келе жатқан аса биік, парасат көзі. Əр заман поэзиясының өзіне тəн күйі бар, өзіне 
лайық үні бар. Адам баласының бүкіл тарих бойына ілгері өсіп дамуы қаншалықты 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
10
тынымсыз,  толассыз  жүріп  жатқан  процесс  болса,  көркем  бейне  жүйесімен  ойлау, 
дүниені  образбен  танып  баяндау,  суреттеу  өнері  де  тоқтаусыз  дамып,  жаңаланып, 
жақсарып келе жатқан құбылыс. 
Бүкіл  қазақ  өлеңі  деген  үлкен  өнерге  кең  өріс,  кең  жайлау  керек  екенін,  тар 
жол,  тар  өрісте  ақын  мен  талант  құдіретінің  перзенті  –  поэзия  бой  жазып  өсе 
алмайтыны  білгілі.  «Поэзия  үшін  кеңдік  –  алды  мен  артын  жақсы  білу,  яғни  өткен 
мен болашақты аңғарту, тіпті жаттан шығармау, ұмытпау» [Базарбаев, 1973. – 23 б.]. 
Кеңдікті бағалайтын, 
жырды түйдектей, төгіп жазатын алымды ақын – Мұхтар 
Шаханов. Ол нені болсын күйіп-жанып айтады, қыза толғап, оқырманды қызықтыра 
сөйлейді.  Алуан  тақырыпта  қалам  тербейді.  Өмірді,  тұрмысты  жақсы  білетін  ақын 
кіп-кішкене детальдардың өзінен үлкен қорытынды жасай алады. 
Кім қайратты? 
Кім кімге асқар тұлға? 
Мүмкін бе екен тағдырдан бас тартуға? 
Неткен ғажап! 
Биіктен құлаған тас 
Сынғанымен қалады тас қалпында. 
Құзар шыңда, 
Ойпаңда, 
Бұралаңда 
Талайлары сын күтіп тұрады алда. 
Быт-шыт болып кетпей ме қам кесектер 
Кім-кішкене қабақтан құлағанда 
[
Шаханов, 2003. –7 б.
]

Бұл  үзіндіден  Мұхтардың  кез  келген  құбылысқа  жіті  қарайтынын,  өрден 
домалаған кез келген тас кесекке шейін оның назарынан тыс қалмайтынын, басқаша 
айтқанда,  көре  де,  ойлай  да  білетінін  аңғаруға  болады,  сол  оқиғаны  ақын 
хабарлау 
сөздермен  емес,  суреткерлік  шеберлікпен  бейнелейді
.  Ендігі  заман  ақынының  ең 
басты  қасиеті  де  осы  деуге  болады.  Ақын  əсіресе,  тарихи  оқиғаларды  арқау  ете 
жазылған толғау-балладалары, дастандары тартымды, нəрлі етіп жырлайды. 
Біздің  тарих  шиырлы,  бұралаңды.  Қызыл  қан  мен  түрлі  шайқастардан 
құралады. 
Бұл қасиетті мекенде қаншама қырғын қан майдан соғыс өтті. Еуразияның 
дəл  кіндік  ортасындағы  ұшы-қиыры  жоқ  ұлы  даланы  «Үстімізде  көк  аспан, 
астымызда қара жер жаралғаннан бері» мекен етіп келе жаткан өжет те батыл, бірлігі 
жарасқан ел, қазақ елі. Қазақ халқы қаншама қилы-қилы замандарды бастан өткерді. 
Тар жол тайғақ кешулер, қылышынан қан тамған қатыгез кезеңдер, толарсақтан саз 
кешірген кесапатты шақтар болды. 
Ақ найзаның ұшымен, өткір тілдің құдіретімен, алғыр ойдың ниетімен қасиетті 
ата мекенімізге жау аяғын бастырмай, Отан жолында сан рет күрескен батырлармыз 
қанша?!  Қалың  қазақ  елінің  айбынын  асырған  Керей  мен  Жəнібек,  алаштың  туын 
көкке  желбіреткен  Абылай,  халқын  жанындай  сүйген  Махамбет  пен  Исатай,  асыл 
азаттықты,  тəтті  тəуелсіздікті  аңсаған  жас  қыршындар  –  қазақ  елінің  ұмытылмас 
қайсарлары, жадымыздан өшпес батырлары.
 Ұмытылмас! Себебі, тарих өзінен сабақ 
алмағанды жазалайды. Қатаң жазалайды! 
...Кім аяққа басса заңын даланың – 
Ұмытқаны  қатал  тарих  сабағын...  [
Шаханов,  2003.  – 
119  б.],  -  деп  ескертеді 
Мұхтар Шаханов «Əке үкімі» атты өлеңінде. 
Мұхтар  Шаханов  –  тарих  сабағынан  сусындап  өскен  азамат.  Ол  туралы 
«Əкемнің  досына  жазған  хатынан»  деген,  «Шыңғысханның  қателігі»  атты  өлеңіне 
жазған эпиграфында көрсеткен болатын. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
11
«...Науқас  меңдеп  барады.  Мына  кішкене  үрпек  бас  перзентімнің  ат  жалын 
тартып мінгенін көруді тағдырдың жазбағаны-ай! Атадан балаға ауысып келе жатқан 
дəстүр  бойынша  ұлымды  тіземе  мінгізе  отырып,  Отырарды  қорғау  жолында 
түгелдей опат болған ұлы бабаларымның жанқиярлық күресін сан рет əңгімеледім. 
«Əлі тым жас қой, түсіне қояр ма екен?» - деп əйелім күдік те білдіреді. 
Жоқ,  түсінуге  тиіс.  Түсінбесе  өзіне  қиын.  Тамырын  тереңге  жібере  алмаған 
дарақтың қашанда ғұмыры келте» [
Шаханов, 2003. – 
121 б.]. 
Тағы бір дəлел – ақынның тарихи тақырыптарға жазған шығармалары. Дүниені 
дүр  сілкіндірген  Отырар  оқиғасы...  Шыңғысханның  əлемді  тітіренткен  қаталдығы 
мен  жауыздығы.  Арпалысқан  айқас  та,  кескілескен  шайқас  та  Мұхтар  Шахановтың 
«Шыңғыс  ханның  қателігі  немесе  жеңілген  жеңімпаз  хақындағы  Отырар  дастаны» 
атты  шығармасында  суреттеледі.  Ой  ағымы,  психологиялық  талдау  арқылы 
автордың философиялық пайымы оқырманды терең тебіреніске жетелеп, зұлымдық 
пен жауыздық, сатқындық пен қанқұмарлық жəне батылдық пен қайсарлық жайында 
сыр ұқтырады: 
Безбүйрек жау сəбилерді, 
шал-шауқанды, 
кемпірді, 
Тіпті жүкті əйелдің де ішін жарып өлтірді. 
Құзғын, қарға ғана тынбай шарлап мұңлы аспанды, 
Отырардың аянышты, зарлы өмірі басталды. 
Айдай əлем мойындаған даңқы бар 
Нəн қаланың асқақ əні осыменен шектелді... - деп, зұлымдық пен жауыздықты 
суреттесе, сатқындық пен қанқұмарлықты: 
Ха-ха-ха-ха-ха, ал мына бір сатқынды 
Құдай саған қайдан ғана тап қылды. 
Қайғылы əрі күлкілі. 
Қайран аңқау дара тұлға, 
Аңғармапсың қанатыңа 
Жасырынған түлкіні. 
Ерлігіне осы болсын сыйлығым, 
Саған қидым бұл сатқынның билігін! - деп, елін сатқан сатқынның жазасы тым 
ауыр екенін жас ұрпаққа ескеткендей болады. 
Оян, Қайыр бабатайым, 
қасиеттім, 
қымбаттым! 
Сан алапат тасырдан соң, 
Тасыр дауыл басылған соң, 
Жеті жарым ғасырдан соң 
Өзіңді іздеп тіл қаттым. 
Аман қапты батыр арман, 
Отқа оранған Отырардан 
Қашып шыққан сол баяғы баладан 
Бұл күндері санатты ұрпақ тараған. 
Дəуірінің санатында самғаған 
Сол ұрпақтан шыққан ақын мен болам [
Шаханов, 2003. – 
127 б.]. 
Міне, ұрпақ сабақтастығы! 
Орталық Азия жаһангері. Əлемді мойындатқан даңқты қолбасшылардың бірі – 
есімі  атақпен  бірге  аңызбен  ілесіп  жүретін  Ақсақ  Темірдің  дүнеге  келуі  туралы 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
12
Мұхтардың  Шахановтың  «Жаңғырық  немесе  Ақсақ  Темір  қалай  басталды»  атты 
тамаша туындысы да тарихи маңызы бар шығарма. 
...Табиғатты кім айтқан сезімсіз деп. 
Өзгеге еткен зорлығың ерте, кеш пе, 
Таппай  қоймайды  екен-ау  өзіңді  іздеп...  [
Шаханов,  2003.  – 
135  б.],  -  деген 
жолдардан Жұдай хан мен Ақсақ Темірдің қаталдығы сынға алынғандай. 
Кірпияздау күйге орап жарқын шақты, 
Кенет қылыш жарқ етті алтын сапты. 
Осынау бір қанды кез ғаламатты 
Ішке тоқып, күрсініп дала жатты. 
Күнбатысқа созылған терең саймен 
Ханның басы домалап бара жатты. 
Тағы  бірер  сөз  қазақ  тарихынан  ойып тұрып орын  алатын  желтоқсан  оқиғасы 
туралы. 
Иə,  біз,  қазақ,  ұзақ  жылдар  бойы  «тəуелсіздік»  сөзін  сағындық  жəне 
тəуелсіздікке қол жеткізу үшін біраз сарылдық. Сірə, азаттықтан асыл, тəуелсіздіктен 
тəтті  ұғым  жоқ  шығар.  Азаттық,  тəуелсіздік  –  еліміз  үшін  қасиетті  де  қадірлі  егіз 
ұғымдар.  Оны  түсіну  үшін,  түсініп  қана  қоймай,  түйсіну  үшін  –  «елім»  деп  соққан 
зор жүрек, «жерім» деп соққан жан пида сезім керек. Тəуелсіздік жолында қаншама 
жастар қыршын шақтарынан қиылды. «Елім бар жұрт едім ғой – елім қайда?! Төрім 
бар  жұрт  едім  ғой  –  төрім  қайда?!»  деген  жалынды  ұранмен  қалшылдатқан 
желтоқсан  үскірігіне  қарамай,  ұл-қыздармыздың  алаңға  шыққанына,  міне,  жиырма 
жеті жыл толып отыр. 
Иə,  біз  үшін  тəуелсіздікке  жету  оңай  соқпады.  Еліміздің  көксеген  арманы 
орындалды. Ол арман – атамекеніміздің тəуелсіздігі, еліміздің бостандығы. Ең алғаш 
еліміздің  іргесін  қалауға,  тəуелсіздік  туын  көкте  желбіретуге  ат  салысып, 
халқымыздың  «қамқоршы  періштесіне»  айналған  ақынымыз  –  Мұхтар  Шаханов. 
Тəуелсіздік жолына түскен сын сағаттарда нар жолын мойымай көтеретін қажырлы 
қайраткер ретінде, ақиық ақын ретінде елімізді сеніммен алға бастады, рух берді. 
Ұлтқа  ұстаз  болған  ақынымыздың  қайрат  пен  ақылы,  көсемшілдігі,  жалынды 
сөздері ақиық ақын Махамбетше айтқанда: «жайылып жатқан жерді елге толтыруды, 
жайылып  жатқан  жерді  малға  толтыруды»  көксеген  көкейкесті  арманы,  «малым  – 
жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы», деп жатса-тұрса өз қамын емес, 
барша  жұрттың  қамын  ойлаған  əр  азамат  үшін,  əр  қазақ  елінің  халқы  үшін  үлкен 
үлгі.  Қазақ  жерін  қапсыра  құшақтап  сүйген  ақынымыз  халық  жадында  мəңгілік 
қалатын жырларын ұсынды. Еліне талантымен тер төгіп, еңбек сіңірді.  «Желтоқсан 
тағылымы»  өлеңінде  өсер  елдің  бірлігі  мен  өр  намысы  болуы  керек  екендігін  сөз 
етеді: 
Өсер елдің қай сəтте де бірлік болмақ қалауы, 
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы. 
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің 
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! 
Желтоқсан көтерілісінің зерттелуінің бас-қасында жүрген Мұхтар ағамыз, бұл 
əрекетті «ұлттық рухтың бұлқынысы» деп бағалап, отаршыл елдің көрсетіп отырған 
зорлығын  əшкерелеуде  елеулі  істер  атқарды.  Оған  дəлел  ақынның
 
«Желтоқсан 
эпопеясы»  романы.  Шығармада  қазақ  қасіретін  тұтастай  алып  қарастырады.  Тарих 
тағылымына  ой  жіберумен  қатар,  Қазақстанның  бүгінгі  күніне  де  байланысты 
мəселелерін  айтады.  Кешегі  отаршылдық,  құлдық,  тоталитарлық  санадан  əлі  күнге 
дейін  арыла  алмай  отырған,  не  сол  отаршылдық  ойраны  жемісін  беріп,  қасіретке 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
13
ұшыраған  қазақ  қауымының  көңіл  алаңдатарлық  жайына  да  тоқталуы,  автордың 
мəселені кешенді, тұтас көре білуінде десек болады. 
«Желтоқсан  эпопеясының»  жетістігі  –  ұлттық  сипаттың,  мүдденің,  рухтың 
алдыңғы қатарға шығуы. Аталмыш өлеңмен жазылған романдарда əлеуметтік қасиет 
–  құндылықтар, этикалық  аспектілер  арқау  болса,  деректі  роман  тарихи-
саяси аспектіде  жазылған.  Деректі  романды  тұтастай  алғанда  М.  Шаханов 
еңбектеріне тəн тағылымдық, танымдық, тəрбиелік əсері мол. 
Автордың  көркем  əдебиетте  ғана  емес,  еліміздің  қоғамдық-саяси өмірінде  ұлт 
мүддесінің  жанашыры  болып  жүргені  айдай  аян.  Қазіргі  таңдағы  М.  Шахановтың 
өмірдегі де, өнердегі де басты тақырыбы – ұлт тағдыры, ұлт мүддесі. Қазақ елі үшін 
бұл тақырып өткір тұрған тақырып. 
Олжас Сүлейменов:  «Өзіңді-өзің тану тəрізді, тарихты танып-білу де – қазіргі 
даму  процесіне  аса  қажет  əрекет.  Ол  –  болмай  қоймайтын  жоғалтулар  мұңын 
тереңірек  сезінуге  мүмкіндік  береді,  сонымен  бірге  прогреске  кең  жол  ашады»,  - 
деген пікіріне жүгінсек, шынында да тарих өткенді ұмытпауға, ұлылардан үлгі алуға, 
қатыгез жауыздардан жиреніп, қайталанбауын қадағалуаға мүмкіндік береді. Мұхтар 
Шаханов оны қалам тербеген əр туындысында еске салып отырады! 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет