«Қазақ тілі мен əдебиеті» пəнінің мұғалімі, Қапшағай қаласы,
Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВТІҢ АНАЛАР БЕЙНЕСІН СОМДАУДАҒЫ ЗЕРГЕРЛІГІ
Жұмыстың жалпы сипаттамасын зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ғабит
Мүсіреповтің шығармаларындағы тақырыптардың бірі – ана мəселесі қоғамдық
ғылымдардың ішінде, негізінен, қазақ əдебиеттануында көркем шығармалардағы
əйел-ана бейнесіне қатысты зерттеулерде кездеседі. Шын мəнінде, қазақ тарихы мен
мəдениетін зерделесек, сан ғасырлар бойғы күресте елдігін ерен еңбегімен, асқан
парасатымен, шексіз шыдамдылығымен жəне сүйіспеншілігімен сақтай білген,
ұлттық рухты ұрпағының бойына ақ сүті арқылы, бесік жыры мен туған тілі арқылы
сіңіре білген əйел-аналар аз емес.
Қазіргі таңдағы ана тілінің тағдырында да, бүгіні мен ертеңінде де бағзы
замандардағыдай аналардың алатын орны, атқаратын рөлін көрсету мен
жаңғыртудың мəні ерекше. Осымен байланысты ұлттың болмыс-бітімі, дүниеге
көзқарасы мен рухани-мəдени құндылықтарына сəйкес əйелдің өзіндік табиғатын,
қоғамдағы, отбасындағы əлеуметтік қызметімен сабақтас анықтау мəселесін ұлттық
таным қорында тіл арқылы жинақталған ана бейнесі арқылы дəлелдеудің мəні
ерекше. Оның өміршеңдік сипатына сəйкес қазіргі қазақ қоғамындағы «қазақ анасы»
бейнесінің даму динамикасын, жаңару үрдісін анықтау зерттеу өзектілігін
айқындайды.
Зерттеу нысаны. Жазушы шығармалары арқылы қазақ халқының
танымындағы «ана» бейнесіне қатысты атаулар, қазақ əйелдерінің таным-талғамын,
көзқарасын, сезімін, психологиясын, сан иірімді ерекшеліктерін тануға, қазақ
мəдениетіндегі орнын айқындауға мүмкіндік беретін тілдік бірліктер, халық
ұғымында қалыптасқан ұғым-түсініктер, қазіргі көркем мəтіндердегі «қазақ əйелі»
бейнесіндегі дəлелдейтін деректерді зерделеу.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ əйелінің қоғам өміріндегі, ұлттық
мəдениеттегі рөлі мен орнын оны сипаттайтын тілдік деректерді этномəдени,
№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
42
лингвомəдени бағытта айқындау. Аталған мақсатты орындауда алға қойылатын
міндеттер:
- қазақ əйелінің «аналық бейнесін» сипаттау;
- көркем мəтіндердегі «қазақ əйелі» бейнесін сипаттайтын деректерді жүйеде
жинақтау;
- қазақ əйеліне қатысты тұрақты тіркестер, мақал-мəтелдер, теңеу, метафора,
метонимия символдардың мазмұнындағы бейнелік өрісті анықтау;
- қазақ əйеліне бейнесіне қатысты этномəдени сипатын түсіндіру.
Зерттеу жұмысының дереккөздері – жазушының көркем туындылары.
Зерттеу жұмысының əдіс-тəсілдері – сипаттама, талдау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нəтижелері. Зерттеудің негізгі жаңалығы
– «қазақ əйелі» бейнесінің ғаламның көркемдік жəне тілдік аясында деңгейдің бірлігі
ретінде қарастыру. Соның негізінде анықталған мына жайларды зерттеудің
жаңалығы жəне нəтижелері деп санаймыз:
- «қазақ əйелі» бейнесі мəнінің ұлттық танымға сəйкес тілдік бейнесіне
семантикалық, этнолингвистикалық талдау жасалды;
- «қазақ əйелі» бейнесін ашудағы қолданған сөздер, көркем мəтіндер,
фразеологизмдер,
мақал-мəтелдердің
мағыналары
айқындалып,
олардың
этномазмұндық мəнін ашу арқылы қазақ халқына тəн дүниенің тілдік бейнесі
көрсетілді.
Қазақ халқы арасындағы «ана» бейнесінің сипатталуы. Тілімізде: «Əйелдің
аты – əйел» деген қалыптасқан тіркес бар. Аталған тіркесті қазақ халқы біржақты
ұғынбайды.
Біріншіден, əйел – əлем жаратылысындағы тіршіліктің алғашқы бастауы, өмір
əкелуші, ұрпақ жалғастырушы, дəстүрлі құндылықтарды өндіреді, соған орай əйел –
ана, əйел – əдемілік, əйел – нəзіктік, əйел – сұлулық, əйел – сезімталдық, əйел –
сыпайылық, əйел – əдеп, əйел – үйлесім, əйел – жарасым...
Екіншіден, ана – дəстүрлі қазақ дүниетанымында тұлғалықты, даралықты
білдіретін төл категориялар бар. Осындай ұғымға «тектілік» жатады. Тектілік ерге
де, əйелге де, байға да, кедейге де тəн қасиет. Ол кез келген адамда болмайды.
Тектілік деңгейін: «Тұқым мен қан тектілігі, азаматтың өз басының тектілігі,
халқының тектілігі», - деп бөлген философ ғалым А. Адаеваның пікірінше: «Осы
тұқым мен қан тектілігі туралы қазақ түсінігі ерте заманнан бастау алғанын жəне бұл
қасиетке атасы мен анасының бірдей жауапты екенін, көбінесе əкесінен гөрі
анасының тегіне қатты мəн берілетіндігін, қазақ түсінігінде елді текті адам билеуі
тиіс екенін дəлелдейтін мысалдар жеткілікті».
Жоғарыдағы жайттарды қазіргі ғылыми зерттеулер нəтижесі де дəйектей
түседі. Заманауи генетика ғылымы ақыл-парасаттың ана бағыты арқылы берілетінін
дəлелдейді.
Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы «қазақ əйелі» бейнесінің сипаты.
Көркем сөз шебері Ғабит Мүсіреповтің шығармаларында қазақ əйелінің сыртқы сыр-
сымбаты мен ішкі рухани əлемінің сан қатпарлы, мол иірімді ерекшеліктерін,
ұлттық-мəдени белгілерін танытатын, жоғарыда аталған коннотацияларға дəлел бола
алатын айрықша лингвомəдени бірліктер жиі кездеседі. Біздіңше, оларды шартты
түрде мынадай когнитивтік модельдер арқылы көрсетуге болады:
«Сұлулық» бейнесі:
Шешесі еркек көзі бір қадалмай өте алмас ажарлы адам екен...
Шешесі Несібелі сұлу да сүйкімді кісі еді, соған тартқан ғой... Уысың толар
бұрымның астынан мойны ағараңдайды, қара көз, ақ маңдай... Сұлулығы жеңсе,
есінен айрылып қалатын, естілігі жеңсе, сұлулығынан айрылып қалатын қыздар аз
№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
43
болмайды. Естілігі толыққан сайын сұлулығы да толыға беретін қыздар болатын...
(Ұлпан).
«Бауырмалдылық» бейнесі:
Айтолқынның бəлденіп-баптанып болуына қарамай, Шынар Ұлпан тобына
барып қысылып қалды. Құшақтаса кетердей үзіле қарап келеді, Ұлпан да сондай
күйде екен.
- Сенбісің, ей, айналайын? – деді.
- Мен ғой...
- Айналайын-ай, қандай бауырмал едің? – деп Несібелі Шынардың бетінен
сүйді (Ұлпан).
«Қарапайымдылық, ақылдылық» бейнесі:
Жас əйел Ұлпан асқан ақылды адам еді. Өз айтарын əуелі Есенейге байлатып
алып жүр. Есеней де «мына қатын былай деп еді» деп Ұлпанның атын шығара
сөйлейді (Ғ. Мүсірепов. Ұлпан). Итаршысы көп, татымы жоқ, тұяқ санаған бос
өмірден көңілі суынған, қызығары қалмаған Көпей мырзалық-сараңдықты сəн
көрмей, алыс-жақынға бірдей қарайтын. Жұманды жұрт ұната алмайтын да,
Көпейді қия алмайтын. (Оянған өлке. 33 б.).
Қазақ əйелі өз ұлтын мақтан тұтады, халқына жанашыр:
- Көсем болып алған соң бұл əйел не істей алды?
- О, істемегені жоқ!.. Есенейдің барлық жерін еліне бөліп берді. Бөліп бергенде
біздердей біреуге ана жақтан, біреуге мына жақтан аттамалатып берген жоқ,
ауыл-ауылға қыстауды да, егінді шабындық жерді де тұтас берді... Бұл араның
қазағына егін салдырды, шөп шаптырды, қыстау салғызды. (Ұлпан).
Қазақ əйелі – салт-дəстүрді сақтаушы:
Ұлпан үлкендерге бұрылып бір тізелеп сəлем етті. Шынар да соны істеді,
ұяла, ұяла, бетін жаулығымен бүркемелеп сəлем етті. (Ғ. Мүсірепов. Ұлпан).
Сөз зергері Ғ. Мүсірепов халықтың рухани жəне материалдық мəдениетін,
салт-дəстүрін, төл тарихын, дүниеге көзқарасын, ұлттық болмысын таныту, ұлттық
рухты бойына сіңіру əйел-ананың жан-дүниесінде тұтасып, жинақталғанын
шығармаларына алтын арқау етіп өреді. Жазушының əйел туралы туындылары
біріктірілген «Қазақ əйелі» циклі оқырмандарға Нағима, Ақлима, Күлəш, Майра,
Ұлпан т.б. əйел-аналар бейнесі арқылы қазақ əйеліне тəн дүниетанымды танытады.
Ғ. Мүсірепов танымындағы «ана» бейнесінің көрінісі:
«Ана сұлу, ана бақытты» моделі:
«Айналайын, күнім, Биағам» деп, баласын бауырына қыса түсіп жатып, əйел
қалғып кетті. Бар бейнеті ұмытылған. Жадыраған жүзіне ана сұлулығы, ана
бақыты шыға келіпті... Мұндай мейірімді сұлулық ана жүзіне ғана шыға алса
керек... Жүзіне осындай мейірім шыға келгенде ғана ана сұлулығы танылса керек...
(Екінші Би аға).
«Əдеп нормасының дəйегі» моделі:
– Ие, жай келген жоқсың ғой. Апаңның дені сау ма? Ұялатын боп, бой жетіп
қалыпсың ғой өзің!.. – деген Айғаншаның ақырын сыбыры еміс-еміс қана естіледі
де, Назыкештің бірдеме дегені күрең тақияға тағылған бір шоқ үкінің дірілінен
ғана байқалады. (Ғ. Мүсірепов. Оянған өлке. 28 б.).
«Ана ар-ұят, обал сауап...» моделі:
«Сорлы ана денесінен дене бөлініп, бір адам екіге бөлініп, ауыр бейнеттің
ақтық сағатын өткізіп жатыр.
– Кет деймін... Неткен ұятсыз едің..., - дейді əйел, əлсіреген қолдарымен мені
кеудеге итеріп». (Адамның анасы).
«Ана – мейірім» моделі:
№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
44
«Ана тал түбінде жұдырығын түйіп жатқан қызыл адамға мейірімді көзінің
барлық нұрын төгіп қараған сайын бетіне қан жүгіреді. Ананың нұрлы көзі баланы
ақырын ғана, еркелетіп қана сипағандай болады. Таңертеңгі тымықта күннің көзі
ғана осылай сипай алады дүниені». (Адамның анасы).
«Ана – өмірдің иесі» моделі:
«Бұл əйелдің неге мұнша күшті екенін түсіндім деп ойлаймын. Бұл өмірдің
иесі, бұл ана, бұл ұлын сүйеді. Ұлын сүюі, ол ұлы өмірдің бір ұшқыны ғой. Кім біледі,
мүмкін, ол ұшқыннан əлденеше ғасырға кететін жалын туар... Мүмкін жерді
жылытып, бақыт себетін адам болар...». (Өлімді жеңген ана).
«Ана – əділ кесім шығарушы» моделі:
Бұдан əрі сөйлесер сөз қалмағанын Мария ана да мана білген. Сондықтан əрі
азамат, əр ана, ананың айнымас кесімін айтты:
Өлім егушіге – өлім! – деді. Үстіндегі қара киімін баласының кеудесіне жапты
да, жарқылдаған қанжарды қара жүрекке қадап жіберді. Баласының жүрегі қай
жерде екенін жақсы білетін ана қолы қателескен жоқ: қанішер тырп етпестен
қатып қалды. (Ана кесімі айнымайды).
«Ана – баласы үшін отқа да, суға түсуші» моделі:
«Нағып қорықпай қуып келдің демеңдер: он бесімде өзім де тап осы қызымдай
едім; сендердің қолдарыңда кетсе, енді он бес жылдан кейін қызым да тап қазіргі
мендей болмай ма? Мен үшін бұдан артық қорқыныш та жоқ, қорлық та жоқ. Сол
мені айдап əкелген! Берсеңдер, тірі алып қайтам, бермесеңдер өлі алып қайтам! –
дейді» (Ананың анасы).
«Ана – қайсарлық үлгісі» моделі:
«Тек отыз өрім қамшы ғана əйел арқасында жыландай ысылдайды. Анада үн
жоқ. Асыл жігер мен құр өктем күш кездесіп қалып, біріне бірі тізе бүгер емес...
Қамшы сарт ете қалғанда ана көзінен от ұшқыны да жалт етіп қалады... Ана
тістері тіл қақпасын тас бекітіп тастапты, қарысып қалған жақтары тісті
тіске айқастыра түседі...» (Ананың арашасы).
«Ананың жүрегі кең» моделі:
«Енді, міне, Ақлима апай көрінген жұртқа балам келе жатыр деп, күтіп
отыр. Кесілген томардай мүгедек емес, қанатын кере сілтеп, ақ иық, мұзбалағы
ұшып келе жатқандай күтеді. Өз ұлының аты Қасым екенін ұмытып кеткендей,
Сапар жаным келе жатыр деп күтеді...» (Ақлима).
Ғ. Мүсіреповтің суреттеуіндегі əйел-ана – балаларға ана тілінің байлығын,
«жалынды сөз, жанды сөз, астарлы сөздердің» айтылуын, мəн-мағынасын үйрететін,
сөз құдіретін нəзік сезінетін, ұлттық салт-дəстүрлерді сақтаушы əйел. Мысалы, «-
Күйеужан, өзің де төменірек ысырыл. Қайын жұртына келгенде күйеу жоғары
отырмайды, қалыңдық жоғары отырады, - деді Айжидек деген жеңгем. (Қазақ
əйелі).
Қазақ халқының салт-дəстүрінде əйелдер өзі келін боп түскен əулеттің
үлкендерінің атын атамай, оларға лайықты ат қоюға тиісті болғаны белгілі. О баста
табумен байланыстырылған «ат тергеу» дəстүрі бейнеленетін дүние суретінің
ұлттық сипатын, ұлттық бояу-нақышын білдірумен бірге шығарма кейіпкерлерінің
мінез-құлқын сипаттайтын тілдік амал-тəсілдерге де жатады.
«Қазақ əйелі» бейнесінің психофизиологиялық негізі. Қазақ əйелінің рухани
дүниесінің, төл мəдениетінің тілде, қай деңгейде көрініс тапқанын айқындайтын, ол
туралы ұлттық деректерді келешек ұрпаққа жеткізуші. Атап айтқанда, «қазақ əйелі»
бейнесінің кілтін ашуда əйел табиғатын, тілін оның психофизиологиялық
жақтарымен қарастыру тиімді болмақ. «Ана болу, ана бақытын сезіну» қазақ
№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
45
əйелінің де жаратушыдан бұйырған сыйы. Қазақ қоғамында əйел бауырындағы
баласымен сыйлы екенін дəлелдейтін дəйек көп.
Қазақ тіліндегі ерлер мен əйелдердің сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерді арнайы
зерттеген Г. Мамаева мен З. Нұржанованың əйелдерге қарағанда ер адамдардың
инвективті лексиканы жиі қолданады деген пікірлерімен келісеміз əрі оны көркем
əдебиеттен алынған мысалдар да дəйектей түседі. Əйелдердің көбінесе қарғыс мəнді
сөздерді көбірек қолданылатыны байқалады. Мысалы,
– Ант ұрғанның қарғысы қандай жаман еді!
– Өз басына келсін!
– Жер жастанғыр, балалары қандай сотқар еді! (Ұлпан).
«Еркек» жəне «əйел» концептілері барлық мəдениетте кездесетіні белгілі,
оларға əдет-ғұрып, фольклор, мифтік санада, «дүниенің қарапайым ойсуретінде»
айтарлықтай орын берілген. Ең соңынан кірген кішкене денелі қазақ əйелі ауыз
үйдегі орыс жұмыскерлері мен орыс əйелдеріне қарап таңырқап тұрып қалыпты.
Мойындарына дейін ашық, жалаң бас, еркектермен қатар отырған орыс
əйелдері Күнзилаға, тіпті, таң көрінді. Шашын желкесіне қырыққан жас
келіншек Елизавета Быкованың барлық еркектерден жоғары отырғаны ерсі де
көрініп кетті. Жас əйелдің құлағы көрініп қалса, кесіп алардай тыйым салып
қойған мұсылмандық күні əйелдің еркектермен қатар отырып сөйлесуі, даусын
еркін шығарып күлуі деген нəрселерді білмейтін еді. Күнзила төр үйге қарай өте
беріп, көз қиығымен Елизаветаға тағы бір қарап кетті... (Оянған өлке).
Байынан қорқатын бар қазақ əйелінің сасқалақтығына басып, камзолының
қаптырмаларын жүгіріп келе жатқан бойы шалыс-шалыс лектіріп Жұбай шыға
келді (Оянған өлке).
Ұлттық тəрбие қанына сіңген қазақ əйелдері ерлері дастарханға отырмай,
балаларына тамақ бермейді. Бұнда да ер адамды қадірлеу, əке беделін жоғары қою
мақсаты жатыр. Мысалы:
Қазақ əйелдерінің күйеулерінің атын тікелей атамай, жанамалап, сыпайылап
атауын да сыйластықтың белгісін білдіретін ұлттық стереотип деп тануға болады:
– Апақтың əкесі-ау, неге аунақши бердің?... Төресі құрғыр бірдеме деді ме?... –
деген əйеліне Байжан ұрса жауап берді:
– Байжан Омбы төрелерінің алдын да көрген! Байжанға не келуші еді! – деді.
Өз үйіне келе жатқан бəле-жаланың исі байқалмаған соң, əйелі сонымен тыншығып
та қалды (Оянған өлке).
Отбасындағы береке-бірлікті, татулық пен жылылықты сақтау мақсатында ерін
өзінен жоғары қойып, оған кешірімділікпен қараған қазақ əйелдері оны ана сүтімен
немесе ана, əже ақылы қыздарының санасына сіңіріп отырған.
«Қазақ əйелі» бейнесіне қатысты атаулар сипаты. Кісі есімдерінің
қойылуында экстралингвистикалық негіздер жиі кездеседі. Мұндай негіздер ретінде
жан-жануарлар, төрт түлік мал, аң-құстар, гүлдер, діни ұғымдар, адамның əр түрлі
ішкі жақсы қасиеттері, асыл тастар, аспан денелері атаулары, табиғат құбылыстары
т.б. алынады [41, 14-15 бб.]. Халқымыздың танымында қалыптасқан белгілі бір аң,
жануар, құс туралы ұғымдар ұлттық мəдени стереотиптерге айналып, нəтижесінде
этностың, жеке тілдік тұлғаның аялық біліміне енеді. Тіліміздегі Аюбай, Қасқырбай,
Арыстанбек, Жолбарыс, Ақбота, Ақтоты, Ақмарал, Жылқыайдар, Қойбағар,
Қозыбақ, Бүркіт, Лашын т.б. аттары осылайша пайда болған.
«Қазақ əйелі» бейнесіне қатысты киім атауларының сипаты. «Денеге
шақталып тігілген жеңіл, жұқа киім (ҚТТС, 5, 117 б.) деген түсініктеме берілген
көйлектің ерлер мен əйелдердің ішкі дене жəне сыртқы киімінің атауы ретінде өте
ертеден келе жатқанын байқауға болады. Əйелдер ерлерге қарағанда ұзынырақ жəне
№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
46
кеңдеу, түсі жағынан да ерекшеленетін көйлек киген. Қыздар мен жас келіншектер
ашық түсті желбіршекті, бүрмелері көп, қос етек, қызылды-жасылды көйлек киюді
ұнатса, ерлер көбінесе ақ түсті көйлек киетін болған.
Қына сары жібек көйлекке қызыл жібектен бүрме жаға салыпты. Жетпей
қалған ғой! (Ұлпан).
Қыздардың бөркі елтірімен əдіптеліп, төбесінде қорғаушы қызмет атқаратын
үкі қауырсыны тағылады. Көкті тəңір тұтқан ата-бабаларымыз құсты аспан белгісі
санап, оған деген құрметін өз тұрмысында, қолтума өнерінде қолданып, кескіндеп
отырған. Қауырсынын бала мен бойжеткен қыздың, сал-серінің бас киіміне, сəбидің
бесігіне, төрдегі кілеміне, бəйге атына, шешен домбырасына, жас келіннің
шымылдығына, т.б. ырымдап тағатын халқымызда «үкі – киесі бар құс, одан жын-
шайтан қорқады» деген қалыптасқан түсінік бар [49, 21 б.].
– Бөркіңді бөгіребасқа айналдырып салып ем, үкісі ғана ұйысып қалыпты
(Ұлпан).
«Қазақ əйелі» бейнесіне қатысты зергерлік бұйымдардың сəндік мəні. Кез
келген нəрсенің асылы мен жасығын асқан талғампаздықпен айыра білген
халқымыздың қыздары мен əйелдерін асыл тассыз, алтын-əшекейсіз елестету мүмкін
емес тəрізді. Күн көрісін негізінен төрт түлік малдан айырған ата-бабаларымыз үшін
зергерлік кəсіп те бөтен болмаған.
Бойға тағатын зергерлік əшекейлерден сырға, алқа, моншақ, тұмар тəрізді
бұйымдарды атауға болады.
Бұлардың арасында ең жиі қолданылатыны – сырға. Алтын, күміс сияқты
бағалы металдан жасалып, көздің жауын алар асыл тастардан көз қондырылып
дайындалған сырғаны тақпайтын қыз-келіншекті кездестіре алмаймыз.
Сақина, балдақ сияқты бұйым атаулары кіреді.
Қазақ əйелінің əшекейінің бірі – жүзік, сақина. Алтын, күмістен жасалып,
сырт жағына зергерлер түрлі асыл тас орнатқан сақиналар бұрын да, қазір де тек
əйелдің ажарын ашатын сəндік бұйым ғана емес, адамның денсаулығына оң əсер
ететін, сыртқы-ішкі кері əсерлерден қорғайтын, бақ-дəулет шақыратын құрал
саналады.
«Сақинаны сəндікке салмайды, тазалыққа таразы» мақалы да, «жүзікке қас
қондырғандай», «тіл-көзім тасқа», «көзім өтпесін» деген тілімізде қалыптасып,
сақталған тұрақты сөз тіркестері де халық ұғымында алтын мен күмістен жасалатын
зергерлік бұйымдардың адамның өмірі мен денсаулығына оң əсерлі қасиеті бар
екенін дəлелдей түседі [65, 16-17 б.].
Əйел – ана тілі жəне əйел – ана қарым-қатынасының этномəдени мəні. Тіл
қарым-қатынас құралы болуымен бірге оны тұтынушы халықтың салт-дəстүрін,
əдет-ғұрпын, дүниетанымдық ерекшелігін, ұлттық болмысын, рухани-мəдени
байлығын, сан ғасырларға созылған даму тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып
жеткізуші, жинақтаушы қызмет атқарады.
Осымен байланысты қоғамдық пікір мен ғалымдардың, зиялы қауым
өкілдерінің туған тіл туралы тебіреніске толы толғауларында ұлт пен тілдің біртұтас,
бір-бірімен тығыз байланысқан киелі, асқақ ұғымдар екені дəлелденумен бірге туған
тілдің тұғыры биік болуында əйел-ананың рөлі зор екенін дəлелдеп, сол киелі мəнді
жаңғыруға күш салуда.
«Ананың сүті – бал, баланың тілі – бал» дейді қазақ. Міне, осылайша өмір
тəжірибесінен, салыстыру нəтижесінен туған халық мақал-мəтелдері, даналық
сөздері бала тілінің қалыптасуындағы ана сүтінің маңызын (яғни ана сүтімен бірге
сіңірілген тіл құдіретін, тəрбиені) дөп басып айтады. Халқымыздың батыры
Бауыржан Момышұлы: «Ана тілін білмеген – ана сүтін татпаған», - деп бекер
№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
47
айтпаған. Осыған байланысты «Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен əлемді
Достарыңызбен бөлісу: |