Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет11/33
Дата28.01.2017
өлшемі2,59 Mb.
#2869
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33

      
Озғанбаев  Ө.   Өшпес  жара,  ұмытылмас  тарих:  [Ұлы  Отан  соғысына 
қатысқан  қазақстандықтар  туралы  республикалық  «Ардагерлер  ұйымы» 
қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы әңгімелейді] / Ө. Озғанбаев 
// Президент және халық. - 2014. - 9 мамыр. 
        Оразбаев  Қ.   Момышұлының  біз  ескермеген  қырлары:  [Бауыржан 
Момышұлының  соғыс  тактикасы  туралы]  /  Қ.  Оразбаев  //Қазақ  әдебиеті.  - 
2015. - 10 сәуір. 
       Рәш М.   Бресті қорғаған қазақ: [Брест қамалын қорғаған, Украина жерін 
азат  еткен,соғыстан  кейін  көп  жылдар  Қазақ  ұлттық  унитверситетінің 
профессоры болған, даңқты майдангер Ғаббас Жұматұлы туралы ] / М. Рәш 
// Ана тілі. - 2015. - 19-25 ақпан. 
        Сейітқали  Д.   Тылдағы  Ақмола:  [Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  Ақмола 
өңірінің  халқы  майдан  үшін  аянбай  еңбек  еткен]  /  Д.  Сейітқали  //Астана 
ақшамы. - 2015. - 21 ақпан. 
        Темірханов  О.   Рейхстагқа  ту  тіккен  Рақымжан  Қошқарбаев  есімін  өзі 
өмірден  өткенше  басқарған  қонақ  үй  төбесіне  көтерсек  /  О.  Темірханов 
// Алматы ақшамы. - 2015. - 19 ақпан. 
        Тоқашбаев  М.  Екінші  жаһан  соғысы  және  Қазақстан:  [Екінші 
дүниежүзілік  соғыстағы  Қазақстандық  әскерлердің  құрамы  және  көрсеткен 
ерліктері  туралы]  /М.  Тоқашбаев  //Президент  және  халық  .  -  2012.  -  №19.  -      
4 мамыр. 
       Төленқызы  Р.  Аспаннан  «Алтын  жұлдыз»  алып  түскен  ер  қазақ:  [Екі 
мәрте  Кеңес  Одағының  Батыры,  генерал-майор  Талғат  Бигелдинов  туралы]                  
/Р. Төленқызы //Астана ақшамы. - 2012. - №50. - 8 мамыр. 
         Төрежан  Қ.   Рейхстаг  қалай  құлады?:[Рейхстагқа  бірінші  болып  ту 
тіккен  батыр  Рақымжан  Қошқарбаев  және  басқа  да  ту  тіккен  жауынгерлер 
М.Егоров,  М.Кантария,  Г.Булатов,  А.Берест  т.б.  туралы  ]  /  Қ.  Төрежан 
//Айқын. - 2015. - 9 мамыр. 

76 
 
           Ту  тіккен  батыр:  [Рейхстагқа  ту  тіккен  қаһарман  батыр  Рақымжан 
Қошқарбаев туралы] //Бала тәрбиесі. - 2013. - № 5. - 15 б. 
         Тұрғанбайқызы  Г.   Генерал  Жексенбаевты  қалай  ұлықтасақ  та 
жарасады:  [Кеңес  Одағы  кезінде  қазақтан  екі  генерал  шыққан,  біріншісі 
Сабыр  Рақымов,  екіншісі  Шәкір  Жексенбаев]  /Г.  Тұрғанбайқызы 
// Айқын. - 2015. - 23 сәуір. 
       Үмбетова Н. Батыр ұлы халқының: [Кеңес Одағының Батыры Бауыржан 
Момышұлы туралы] /Н. Үмбетова //Жетісу. - 2012. -№52. - 8 мамыр. 
       Хасан  С.   Қазақтың батыр қызы: [Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен 
қаһарман  қазақ  қыздарының  бірі  -  бөлім  командирі,  сержант,  радист  Зоя 
Досбергенова туралы] / С. Хасан //Айқын. - 2015. - 18 наурыз. 
      Шарахымбай Б.   «Дала тажалдары» туралы шындық немесе түркітектес 
сұрмергендер  хақында:  [Ұлы  Отан  соғысында  ерлік  көрсеткен  мергендер 
туралы] / Б. Шарахымбай //Түркістан. - 2015. - 7 мамыр. 
     Шертекова  С.   Қазақстандықтардың  Ұлы  Отан  соғысының  шешуші 
шайқастарына қатысуы / С. Шертекова // Білім кілті=Ключ знаний. - 2014. - 
№ 10. - 30-31 б.
 
 
 
Мамыр 
20 жұлдыз 
Филология  ғылымдарының  кандидаты,  профессор,  немiс  тiлi 
оқулықтарының  авторы  Мұхтар  Ғалиұлы  Арыновтың 
туғанына 80 жыл 

20.05.1936-10.09.1995


     Арынов Мұхтар Ғалиұлы 1936 жылы 20 мамырда Алматы облысы Ақсу 
ауданының  Ақсу  ауылында  дүниеге  келген.  1957  ж.  Алматы  мемлекеттiк 
педагогикалық  шет  тiлдер  институтын 

қазiргi  Халықаралық  қатынастар 
және әлем тiлдерi университетi

 бiтiрген. Осы институтта оқытушы, кафедра 
меңгерушiсi,  Абай  атындағы  Қазақ  педагогикалық  институтының 
проректоры болып қызмет iстедi. 
       1981-1983  жж.  Бiлiм  министрлiгiнiң  бөлiм  меңгерушiсi  болды.  1983 
жылдан өмiрiнiң соңына дейiн Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетiнiң 
ректоры болды. 
       М.Арыновтың  «Немiс  тiлiнiң  қысқаша  грамматикасы»,  «Немiс  тiлi 
грамматикасы 

морфология

»  оқулықтары  тiл  бiлiмi  ғылымындағы  елеулi 
табыс  ретiнде  бағаланды.  60-қа  жуық  ғылыми,  ғылыми-көпшiлiк  және 
публицистикалық  еңбектер,  жоғары  оқу  орындарына  арналған  оқулықтар 
мен оқу құралдарының авторы. 
       М.Арынов  ұлт  мәдениетiн  өркендетуге  елеулi  үлес  қосты.  1989  ж. 
Халықаралық  «Қазақ  тiлi»  қоғамының  құрылуына  ұйытқы  болды.  Ақтөбе 
облысындағы «Қазақ тiлi» қоғамының төрағасы болып, ұлт тiлiнде оқытатын 
мектептердiң 
ашылуына 
көп 
күш-жiгер 
жұмсады. 
Арыновтың 
ұйымдастыруымен  «Ақтөбе  өңiрiндегi  бiлiм  беру  жүйесiнiң  дамуы» 
мұражайы,  Абай  мұражайы  ашылды.  Ол  қазақ  тiл  бiлiмiнiң  тұңғыш 
профессоры  Қ.Жұбановтың  90  жылдығына  орай  республикалық  ғылыми-
теориялық  конференция  ұйымдастырып,  «Жұбанов  тағылымы»  оқуларын 

77 
 
жыл  сайын  өткiзудi  дәстүрге  айналдырды.  Қ.Жұбановтың  мұражайы  мен  
зертханасын ашуға басшылық еттi. 
      М.  Арыновтың  жазған  «Бес  анық»  кiтабы  -  қазақ  халқының  дәстүрлi 
дүниетанымын  зерделеуге  арналған  алғашқы  еңбектердiң  бiрi  болды. 
Сонымен  қатар  ол  Есет,  Көтiбар  батырлардың,  күйшi  Қазанғаптың  тарихи-
архитектуралық  кешендерiнiң  бой  көтеруiне  ұйтқы  болды.  Әйтеке  бидiң, 
Кердерi  Әбубәкiрдiң  шығармашылығын  зерттеуге  елеулi  үлес    қосты. 
Арынов  –  белгiлi  қоғам  қайраткерi.  Ол  ҚР  Жоғарғы  Кеңесiнiң  депутаты 
ретiнде тәуелсiз Қазақстанның тұңғыш Конституциясының, «Тiлдер туралы», 
«Жоғары  бiлiм  туралы»  заңдарының  қабылдау  мен  талдау  жұмысына 
қатысты. 
ӘДЕБИЕТТЕР

 
     Арынов  М.Ғ.    Немiс  тiлi  грамматикасы.  Морфология  /М.Ғ.Арын.  -
Алматы

Мектеп, 1986. – 200 б. 
     Арынов  М.Ғ.  Немiс  тiлiнiң  қысқаша  грамматикасы  /М.Ғ.Арын.  - 
Алматы

Мектеп, 1971. 
     Арынов  М.Ғ.  Бес  анық.  Тәрбие  туралы  толғамдар  /М.Ғ.Арын.  –  Алматы

 
Арыс, 1996.- 118 б. 
Ол туралы

 
     Арынов  Мұхтар  Ғалиұлы  //Қазақстан:  Ұлттық  энциклопедия.  Т.1.  - 
Алматы

 «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы. – 1998. – 465 б. 
     Арынов Мұхтар Ғалиұлы  //Қазақ тiлi: Энциклопедия /бас ред. Е.М.Арын 
– Алматы, 1998. – 32 б. 
     Арынов  Мұхтар  Ғалиұлы  (20.5.1936-10.9.1995)  //Қазақ  әдебиеті: 
Энциклопедияляқ анықтамалық. –Алматы: Аруна, 2005. – 49-50 б. 
     Арынов  Мұхтар  Ғалиұлы  //Қазақстан  ғылымы:  Энциклопедия.  Т.1.  – 
Алматы, 2009. – 129-130 б. 
      Арын  Мұхтар. 28 кітап /бас. ред. Е.Арын. – Павлодар: Эко, 2003. – 220 б. 
(Рухнама) 
       Асқар  И.    Ақтөбе  үшін  Мұхтар  Арынның  өз  орны  бар:  [филология 
ғылымдарының кандидаты, профессор М.Арын туралы] /И.Асқар //Ана тілі. – 
2006. – 18 мамыр. 
      Күлімбет  М.  Арындар  әулеті  –  дарындар  әулеті.  Ағайынды  егіздер, 
ғылым докторлары Ерлан және Нұрлан Арындармен сыр-сұхбат /М.Күлімбет 
//Ақиқат. – 1998. - № 4. – 44-52 б. 
      Мұхтар  Арын  -  азамат,  ағартушы,  ғалым

  профессор  М.Арынның  60 
жылдығына  арналған  ғылыми-практикалық  конференция  және  салтанатты 
ғылыми кеңестiң материалдары. – Ақтөбе-Алматы

 1996. - 94 б. 
      Нар қазақ. Ұлағатты ұстаз, профессор Мұхтар Арын туралы естелiктер. - 
Алматы

 Арыс, 1996. – 270 б. 
     Сәрсембина  Б.  Ақтөбеліктер  Мұхтар  Арынды  еске  алды:  [филология 
ғылымдарының кандидаты, профессор Мұхтар Арынның 70 жылдығын атап 
өтті] /Б.Сәрсембина //Жас Алаш. – 2006. – 18 мамыр. 
 

78 
 
 
Мамыр 
23 жұлдыз 
Филология  ғылымдарының  докторы,  профессор,  Қазақстан 
білім  беру  ісінің  үздігі,  Қазақстанның  еңбек  сіңірген 
қайраткері,  Халықаралық  қатынастар  және  әлем  тілдері 
университетінің  ректоры  (1992-1997),  Әділ  Құрманжанұлы 
Ахметовтың туғанына 75 жыл (23.5.1941)
 
     Ахметов Әділ Құрманжанұлы   1941 жылы  23 мамырда Алматы облысы 
Райымбек ауданы Нарынқол ауылында дүниеге келген. 
    1958 жылы орта мектепті, 1963 жылы Алматы шетел тілдері институтының 
(қазіргі  Абылай  хан    атындағы  халықаралық  қатынастар  және  әлем  тілдері 
университеті ) ағылшын тілі факультетін бітірген. 
     1963-1970 жж. аталған  институтта оқытушы, аға оқытушы, 1970-1973 жж. 
осында аспирант. 1973-1990 жылдары осы институтта деканның орынбасары, 
декан,  оқу  ісі  жөніндегі  проректор,  1990-1992  жылдары  Алматы  қалалық 
әкімшілігінің  қызметкері  бола жүріп, Аризона штатындағы (АҚШ) Туссон 
қаласында уәкілдік қызметте болды.  1992-1997 жж. – институт ректоры. 
     Ол  басқарған  жылдары  институттың  мәртебесі  көтеріліп,  Қазақ 
мемлекеттік  әлем    тілдері,  кейін  Абылай  хан  атындағы  Қазақ  мемлекеттік 
халықаралық  қатынастар  және  әлем  тілдері  университеті  ретінде  қайта 
құрылды.  
     1996  жылы    «Түркі  тілдеріндегі  табу  және  эвфемизмдер»  тақырыбында 
докторлық  диссертация    қорғады.    Негізгі  ғылыми  еңбектері  түркі 
тілдеріндегі, оның ішінде қазақ тіліндегі табу мен эвфемизмге арналған. 
     1997  жылы  профессор    атағы  беріліп,  Халықаралық  жоғары  мектеп 
академиясының 
және 
Қазақстан 
Республикасы 
Жоғары 
мектеп 
академиясының академигі  атанды. 
     1997-1998 жж. Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет, денсаулық сақтау 
министрлігінің білім беру комитетінің төрағасы болды. 
     1999-2000  жылдары  Қазақстан  Сыртқы  істер  министрінің  1-орынбасары, 
Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама 
корольдігіндегі,  Ирландиядағы,  Норвегия,  Швеция  корольдіктеріндегі 
төтенше  және  өкілетті  елшісі  қызметтерін  атқарды.  2001-2005  жылдары 
Алматыдағы  Қазақстан-Британ  техникалық  университетінің  ректоры,  2005-
2007  жылдары    осы  университеттің  халықаралық  қатынастар    проректоры 
болды. 
      2007  жылдан  бері  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Сенатының 
депутаты,    қазіргі  кезде  Парламент  Сенатының  Халықаралық  қатынастар, 
қорғаныс 
және 
қауіпсіздік 
комитетінің 
хатшысы. 
 
     Ә.Қ.Ахметов 
«Ерен  еңбегі  үшін» 
«Қазақстан  Республикасының 
тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Астана» медальдарымен, 
«
Құрмет»
 орденімен,
 
«
Педагогикалық қызмет саласына сіңірген еңбегі үшін» 
Ы. Алтынсарин атындағы төс белгімен
 
 марапатталып,
  «Қазақстанның  еңбек 
сіңірген қайраткері» атағын  алды.
 
 
 
 

79 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
     Ахметов  Ә.Қ.  Түркі  тілдеріндегі  табу  мен  эвфемизмдер  (салыстырмалы 
лингвистикалық зерделеу). ДДА /А.Қ.Ахметов. – Алматы, 1995. 
     Ахметов  Ә.Қ.  Түркі  тілдеріндегі  табу  мен  эвфемизмдер.  Монография 
/А.Қ.Ахметов. – Алматы, 1995. 
     Ахметов  Ә.Қ.  Азия  –  Берингия  –  Америка  немесе  америкалық 
«үндістердің» азиялық тегі /Ә.Ахметов. – Алматы: Шартарап, 2003. – 96 б. 
    Ахметов  Ә.    Мұсылмандарды  кемсіту  мен  шеттету.  Бұл  үдерістердің 
ЕҚЫҰ  аумағындағы  себеп-салдары  мен  оларды  еңсерудің  түйінді  жолдары 
/Ә.Ахметов //Егемен Қазақстан. – 2010. – 21 сәуір. 
    Ахметов  Ә.  Британияда  өткен  парламент  сайлауының  ерекшеліктері  мен 
нәтижелері /Ә.Ахметов // Егемен Қазақстан. – 2010. – 15 мамыр.  
     Ахметов Ә. Әділ Ахметов: Қазақстанның тез дамып, өркениетті елдерден 
асып түсетініне күмәнім жоқ /Ә.Ахметов //Айқын. 2004. – 27 шілде. 
    Ахметов  Ә.  Бәсекеге  қабілетті  экономика  ел  әлеуетін  арттырады 
/Ә.Ахметов //Егемен Қазақстан. – 2004. – 17 тамыз. 
     Ахметов  Ә.  Ақысына  емес,  ақылына  қарай:  [Қазақстан-Британ 
техникалық университеті туралы] / Ә.Ахметов // Егемен Қазақстан. – 2003. – 
14 қаңтар. 
     Ахметов  Ә.  Америкалық  «Үндіс»  -  түркіге    туыс:  [Қазақстан-Британ 
техникалық  университетінің  ректоры  Ә.Ахметовпен  сұхбат]  /әңгімелескен 
Н.Саматұлы //Ана тілі. – 2003. – 31 шілде. 
     Ахметов  Ә.  Ұлттың  рухын  биіктеткен:  [Қазақстан-Британ  техникалық 
университетінде  Елбасы  Н.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына    Жолдауын 
талқылау туралы] /Ә.Ахметов //Егемен Қазақстан. -2003. – 25 сәуір. 
     Ахметов  Ә.  Қазақ  тіліне  қанжар  сілтеп  жатыр!  /  Бельгер  Г.,  Осипов  В., 
Ахметов Ә. //Қазақ әдебиеті. – 2002. – 25 қазан. 
     Ахметов Ә. Қазақ қашан өз мұнайының қожасы бола алады?:  [Қазақстан-
Британ    техникалық  университетінің  ректоры  Ә.Ахметовпен  сұхбат] 
/сұхбаттасқан Ә.Б.Қаба //Жас Алаш. – 2002. – 9 шілде. 
     Ахметов  Ә.  «Қазақ  жастары  техникалық  кәсіпке  қырын  қарайды  деген 
бекер  бірақ,  біз  озық  технологияны  тез  игермесек,  көштен  қалып  қоямыз»:  
[Қазақстан-Британ  техникалық  университетінің  ректоры  Ә.Ахметовпен 
сұхбат] /сұхбаттасқан М.Төлепберген //Егемен Қазақстан. – 2002. – 14 мамыр 
Ол туралы: 
     Ахметов Әділ Құрманжанұлы //Жетісу: Энциклопедия. – Алматы: Арыс, 
2004. – 150-151 б. 
     Ахметов  Әділ  Құрманжанұлы  //Қазақ  тілі:  Энциклопедия.  –  Алматы, 
1998. – 40 б. 
      Ахметов Әділ Құрманжанұлы //Қазақстан ғылымы: Энциклопедия. Т.1. 
– Алматы, 2009. – 146 б. 
 
 
 
 

80 
 
25 мамыр - Соңғы қоңырау 
Соңғы  қоңырау  –  оқуды  тәмамдайтын  оқушылардың  дәстүрлі 
мерекесі. Мектептерде соңғы қоңыраулар мамырдың соңында өткізіледі. Бұл 
кезде  оқу  әлі  жалғасып  жатады,  ал  бітіру  емтихандары  әлі  басталмайды. 
Соңғы  қоңырау  бүкіл  сабақтарымен,  үзілістерімен  және  бақылау 
сабақтарымен,  үй  тапсырмаларымен  бірге  көпжылдық  оқу  марафонын 
тәмамдайды. 
Соңғы  қоңырау  –  түлектерге,  мұғалімдер  мен  ата-аналарға  арналған 
үлкен  жалпымектеп  мерекесі.  Салтанатты  рәсім қонақтардың, директордың, 
алғашқы  ұстаздың,  ата-аналардың  сөздерін,  бірінші  сынып  оқушыларының 
құттықтауларын, 9 және 11 сынып оқушыларының тілектерін қамтиды. 
Дәстүр  бойынша  қыздар  мектеп  киімін,  кей  жағдайда  –  қара  түсті 
белдемше  мен  көйлек  киеді.  Жеткіншектер  бұл  күні  қатаң  костюм  киеді.. 
Бітіру  кешіне  қарағанда  соңғы  қоңырауға  дәстүр  бойынша  өспірімдер  мен 
қыздар  киімнің  үстіне  «Жас  түлек»  деген  жазуы  бар  таспа  тағып  алады,  ал 
костюмдеріне (қыздар фартуктеріне) кейде кішкентай қоңыраушалар, немесе 
қоңыраушалар түріндегі белгілер бекітіп алады. 
Мерекелеу  кезінде  символдық  тұрғыда  сабақтың  басталғанын  не 
аяқталғанын  білдіретін  мектеп  қоңырауын  бейнелейтін  қоңыраушаны 
сыңғырлатады.  Бұл  ретте  әдетте  қоңыраушаны  түлектің  иығына  мінген  
бірінші сынып оқушысы ұл немесе қыз бала сыңғырлатады. Көбіне түлектер 
көшеге  шығып,  аспанға  әуе  шарларын  жібереді,  алғашқы  мектеп  вальсін 
орындайды. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
Ақ жол саған жас түлек!: [Алматы облысының мектептерінде соңғы 
қоңырау соғылып, жазғы демалыс басталды] //Жетісу. – 2013. – 28 мамыр 
        Асанова  К.   Соңғы  қоңырау!:  [«Қош  бол,  алтын  ұя  мектебім»  атты 
салтанатты жиын] / К. Асанова // Сынып жетекшісі=Классный руководитель. 
- 2014. - № 23. -10-14 б. 
       Асанова  К.   Соңғы  қоңырау:[«Қош  бол,  алтын  ұя  мектебім!»  атты 
салтанатты жиынның сценарийі] / К. Асанова //Сыныптағы тәрбие. - 2014. - 
№ 2. - 14-17 б. 
          Әмрина  Ғ.Қ.  Соңғы  қоңырау  салтанатты  жиынының  сценарийі 
/Ғ.Қ.Әмрина, Ұ.С.Қазыбаева //Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмыстарының 
сценарийлері. – 2013. - № 7. – 11-12 б. 
        Елубаева  Л.  Қош  бол,  алтын  ұя  –  мектебім:  [мектеп  бітіретін  жас 
түлектерге арналған салтанатты жиын] / Л.Елубаева // Мектептегі мерекелер: 
тәрбие жұмыстарының сценарийлері. – 2014. - № 5. – 41-43 б. 
        Есенбаева  А.  Назарбаев  зияткерлік  мектебі  алғашқы  қарлығаштарын 
ұшырды /А. Есенбаева //Жетісу . - 2012. - №59. - 26 мамыр. 
        Ескендір  Р.  Тоқсаныншы  «соңғы  қоңырау»:  [биыл  қазақ  білімінің  қара 
шаңырағы  атақты  №  12  мектепке  90  жыл  толды]  /Р.Ескендір  //Алматы 
ақшамы. – 2014. – 27 мамыр 
       Жаналина 
Н.С.   «Құлақтан  үнің  кетпестей,  сыңғырла,  соңғы 
қоңырау»:[соңғы  қоңырау  салтанатты  кешінің  сценарийі]  /  Н.  С.  Жаналина 

81 
 
// Средняя школа Казахстана=Қазақстан орта мектебі. - 2013. - № 10-11. - 53-
54 б. 
        Кумышева  Б.М.    Ақ  жол  саған,  жас  түлек:  [мерекелік  кеш]                           
/ Б.М.Кумышева //Мектептегі мерекелер. – 2014. - № 6. – 41-42 б. 
        Молдағалиева  А.Т.  Сыңғырла,  соңғы  қоңырау!:  [оқу  жылының 
аяқталуына  арналған  соңғы  қоңырау  салтанатының  сценарийі]  / 
А.Т.Молдағалиева 
//Мектептегі 
мерекелер:тәрбие 
жұмыстарының 
сценарийлері. – 2013. - № 5. – 36-37 б. 
       Раманқұлова  Қ.    Сыңғырла,  соңғы  қоңырау:  [соңғы  қоңырау  мерекелік 
жиынының  сценарийі]  /  Қ.Раманқұлова  //Мектептегі  мерекелер.  –  2014.  -      
№ 4. – 38-39 б. 
       Тулеубаева  Б.  Сыңғырла  соңғы  күміс  қоңырау...:  [соңғы  қоңырау 
жиынының  сценарийі]  /Б.Тулеубаева  //Республика  ұстаздары.  –  2014.  -         
№ 7-8. сәуір 
        Хожахметова Л.  Сыңғырла соңғы қоңырау!: [2012-2013 оқу жылының 
соңғы қоңырауы] /Қ.Хожахметова // Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте. – 
2013. - № 4. – 41-42 б. 
 
 
Мамыр 
27 жұлдыз 
Педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор  Григорий 
Абрамович Умановтың туғанына 85 жыл 

27.05.1931


      Уманов  Григорий  Абрамович  1931  жылы  27  мамырда  Мәскеу 
қаласында дүниеге келген. 1954 жылы Қазақтың Мемлекеттiк  университетiн 
(қазiргi Әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университетi) бiтiрген. 1954-
1964 жж. Алматы қаласындағы арнаулы мектептiң мұғалiмi және директоры 
болды.  1965  жылдан  Қазақтың  педагогикалық  институтында  (қазiргi  Абай 
атындағы  Ұлттық  педагогикалық  университетi)  аға  оқытушы,  профессор 
болды,  ал  1975  жылдан  20  жыл  бойы  осы  институттың  педагогика 
кафедрасының меңгерушiсi болып қызмет атқарды. 1995 жылдан бері  еңбек 
демалысына шыққанша «Престиж»  мектебінің директоры болды. 
       Ғылыми-зерттеу  жұмыстары  оқушыларды  еңбекке  баулу  және  тәрбиеге 
көндiгуге, қиын балаларды еңбекке тарту мәселелерiне арналған. 
       Г.А.Умановтың  жұртшылыққа  кең  тарап,  танымал  болған  еңбектерiнiң 
бiрi  –  «Қазақстандағы  кәсiптiк-техникалық  бiлiм  берудi  дамытудың 
педагогикалық  проблемалары»  атты  монографиясы,  1968  жылы  басылып 
шыққан  бұл  еңбек  «Профессионально-техническое  образование»    журналы 
мен «Трудовые резервы», «Учитель Казахстана» т.б. газеттерде жарияланды. 
       1972  жылы  Г.А.Умановтың  «Кәсiптiк-техникалық  оқу  орындарындағы 
тәрбие жұмысы» деп аталатын әдістемелік құралы шықты. Бұл методикалық 
құралды    мұғалiмдердiң  бiлiмiн  жетiлдiру  институттары  мен  кәсiптiк  бiлiм 
беретiн оқу орындарының педагогтары өз жұмыстарында кеңiнен қолдануда. 
       Григорий  Абрамович  өзiнiң  «Оқушылармен  дербес  жүргiзiлетiн  тәрбие 
жұмыстарының  мәселелерi»  деген  кiтабында  орта  бiлiм  беретiн  мектеп  
оқушыларын еңбекке тәрбиелеудiң күрделi мәселелерiн қарастырады. 

82 
 
      Г.А.Уманов еңбегiнiң жеке тарауы қиын балаларды  түзетудiң  теориясы 
мен  практикасына  арналған.  Еңбекте  сонымен  бiрге  кәсiптiк-техникалық 
училищелердiң келешегi дейтiн мәселе де сөз болады. 
      Григорий  Абрамович  Уманов  Қазақтың  педагогикалық  институтында 
(қазiргi  Абай  атындағы  Ұлттық  педагогикалық  университет)  40  жылдай  
сабақ  берді,      осы  университеттiң  жетекшi  профессорларының  бiрi.  Қазіргі 
уақытта зейнетке шықса да, өзі негізін салған «Престиж» мектебiнің оқу мен 
тәрбие  жұмыстарына  атсалысып,  мектептің  тыныс-тіршілігінен  тыс  қалмай, 
өз көмегін көрсетуде. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
      Уманов Г.А. Бала бақыты  /Г.А.Уманов, В.А.Парфенов /ауд. Ж.Ертiлесов. 
– Алматы: Жалын, 1979. – 192 б. 
      Уманов  Г.А.  Мектептегi  бетбұрысты  кiм  жасайды  /Г.А.Уманов 
//Социалистiк Қазастан. – 1987. – 8 тамыз. 
       Уманов  Г.А.  Болашақ  бүгiннен  басталады: 

Абай  атындағы  Қазақ 
педагогика институты тәжiрибесiнен

 /Г.А.Уманов // Қазақстан коммунисi. – 
1986. – №  8. – 89-91 б. 
        Уманов  Г.А.  Бiз  оны  сағынамыз: 

бұрынғы  оқу  министрi  Ә.I.Сембаев 
жайында 

/Г.А.Уманов // Қазақстан мектебi. – 1996. – № 3. – 13-б. 
      Уманов  Г.А.  Мектеп  реформасы.  Ойлар,  тәжiрибелер  /Г.А.Уманов               
// Қазақстан әйелдерi. – 1986. – № 1. – 10-11 б. 
        Уманов  Г.А.  Педагогикалық  көрегендiк  /Г.А.Уманов  //Социалистiк 
Қазақстан. – 1989. – 26 ақпан. 
       Уманов Г.А. Өз балаңызды бiлесiз бе?: 

жас ұрпақ тәрбиесiндегi ата-ана 
ролi туралы

 /Г.А.Уманов //Социалистiк Қазақстан. – 1988. – 16 ақпан. 
      Уманов  Г.А..    Н.К.Крупская  өскелең  ұрпақтың  тәрбиесi  жайында  
/Г.А.Уманов, Т.Н.Искакова  //Қазақстан мектебi. – 1979. – №  12. – 15-18 б. 
Ол туралы: 
      Уманов  Григорий  Абрамович  //Қазақ  ССР.  Қысқаша  энциклопедия.  –     
Т. 3. – Алматы, 1988. –    540 б. 
      Уманов Григорий Абрамович //Қазақстан ғылымы: Энциклопедия. Т.2. – 
Алматы, 2010. – 401 б. 
     Мадин  И.Б.    Қазақстандағы  Совет  дәуiрiндегi  педагогикалық  ой-пiкiрдiң 
дамуы / И.Б.Мадин. – Алматы: Мектеп, 1979. – 126 б. ( Г.А.Уманов туралы 
108-110-б.) 
      Керiмов Л.  Ғалым-ұстаз, қайраткер, асыл азамат

педагогика ғылымының 
докторы,  профессор  Уманов  Григорий  Абрамович  -  70  жаста

  /Л.Керiмов 
//Қазақстан мектебi. – 2001. - № 5. – 3 б. 
      Құнантаева  К.  Ғалым-педагог 

Григорий  Абрамович  Уманов  70  жаста

  
/К.Құнантаева // Бастауыш мектеп. – 2001. - № 6. – 59 б. 
 
 
 
 

83 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет