Программалау тілдері оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет22/24
Дата28.01.2017
өлшемі1,6 Mb.
#2918
түріПрограмма
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

 
4. Стандартты МАRK жəне RELEASE процедуралары кө-
мегімен. 
Mark (P); 
Release (P);
мұндағы   P - “көрсеткіш” типті айнымалы
MARK - Р көрсеткіш-айнымалысында динамикалық ауданның 
қалып-күйін есте сақтайды;
RELEASE – MARK процедурасы Р көрсеткішінің ағымдағы 
мəнін есте сақтағаннан кейін NEW немесе GETMEM  процедуралары 
бөлген, барлық динамикалық жадыны босатады. 
Қолдану тəсілдері əр түрлі болғандықтан, MARK  жəне  RE-
LEASE процедураларына қол жеткізуді DISPOSE жəне FRЕЕМЕM 
процедураларына қол жеткізумен кезектестіруге болмайды.
Мысалы:
VAR
P:POINTER;
P1,P2,P3:^INTEGER;
BEGIN
NEW(P1);
P1^:=10;
MARK(P); {динамикалық ауданды белгілеу}
NEW(P2);

297
P2^:=25;
NEW(P3);
P3^:=P2^+P1^;
WRITELN (P3^);
RELEASE(P); {P2^ жəне P3^ байланысқан жады бо-
сатылды, ал  P1^ қолданылуы мүмкін}
END.
Динамикалық жадыны өңдеуге арналған стандартты функ-
циялар
Программа орындалу барысында динамикалық жады қалып-
күйін бақылау қажет болуы мүмкін. Мұндай бақылау мақсаты – 
келесі бөлінетін, қажет мөлшердегі динамикалық ауданның мүм-
кіндіктерін бағалау. Мұндай мақсаттар үшін Турбо Паскаль екі 
функция бар (параметрсіз). 
MaxAvail;
Бұл функция динамикалық ауданның дəл осы мезетте бос ең 
үлкен бөлігінің байтпен берілген мөлшерін қайтарады. Осы мөлшер 
бойынша динамикалық жадының бөлінетін ең үлкен мөлшері жайлы 
айтуға болады.
Қайтарылатын тип мəні  - longint.
TYPE ZAP=RECORD
       FIELD1: STRING [20];                 
       FIELD2: REAL;         
         END; 
VAR P: POINTER; 
BEGIN 
...
IF MAXAVAIL THEN
WRITELN (‘HE ХВАТАЕТ ПАМЯТИ!') 
ELSE
GETMEM(Р, SIZEOF(ZAP)); 
...
Екінші  функция: 
MemAvail;
Бұл функция динамикалық жадының бос байттарының жалпы 
санын қайтарады, демек, барлық бос бөліктердің мөлшері жəне бос 
динамикалық аудан мөлшері қосылады. Қайтарылатын тип мəні  - 
longint.
20–1618

298
... 
WRITELN( 'бос’, MEMAVAIL, ‘ байт' ); 
WRITELN(‘ең үлкен бос бөлік=’, MAXAVAIL, ‘байт' ); 
...
Бұл шешім келесі жағдайға негізделген. Динамикалық аудан
“түйдек” (HEAP) деген аты бар арнайы бөлінген ауданда орналасады. 
Түйдек, программа іске қосылғаннан кейінгі бос жадыны толығымен 
немесе оның бір бөлігін алады. Түйдек мөлшері компилятордың    
директивасы арқылы беруге болады:
 {$М <стек>, <түйдектің ең кішісі>, <түйдектің ең үлкені>}
 
мұндағы    <стек>  - стек сегментінің байтпен берілген мөлшерін 
көрсетеді. Үнсіз келісім бойынша стек мөлшері 16 384 байт, ал 
стектің ең үлкен мөлшері 65 538 байт;
<түйдектің ең кішісі> - түйдектің байтпен берілген ең кіші 
мөлшерін көрсетеді; үнсіз келісім бойынша ең кіші мөлшер 0 байт;
<түйдектің ең үлкені> - түйдектің байтпен берілген ең кіші 
мөлшерін көрсетеді; үнсіз келісім бойынша ең үлкен мөлшер 655 
360 байт, көп жағдайда түйдекке барлық бос жадыны береді; бұл мəн 
түйдектің ең кіші мөлшерінен кем болмауы керек.
 
Барлық мəндер ондық немесе он алтылық формада беріледі. Мы-
салы, келесі екі директива эквиваленті:
{$М 16384,0,655360} 
{$M $4000, $0, $A000}
Егер жадының көрсетілген ең кіші көлемі бос болмаса, онда 
программа орындалмайды.
Динамикалық жадыға орналастыру System модулінің басқару 
программаларының бірі болып табылатын топ администраторы 
арқылы іске асырылады.
Бақылау сұрақтары
1.   Сілтемелік типтер мен айнымалылар қалай хабарланады?
2.   Жадыны динамикалық айнымалыларға бөлу қандай процедуралар 
көмегімен іске асырылады?
4.   Сілтемелік айнмалы қандай мəндер қабылдай алады?
5.  nil сəлтемелік айнымалысының мəні мен анықталмаған мəннің 
аырмашылғы неде?

299
6.   new жəне dispose процедураларының қызметі қандай?
7.   Көрсеткішті алу операциясы қалай орындалады?
8.   Көрсеткіштермен қандай операциялар орындауға болады?
9.  Статикалық айнымалының динамикалық айнымалыдан айырма-
шылығы неде?
Тапсырмалар
1.  Пернетақтадан енгізілген төрт санның ең үлкенін таңдап алу 
программасын құрастырыңыз.
2.   15 бүтін элементтен тұратын жиым мəндері бойынша графика 
бейнесін алатын программа құрыңыз.
3.    Келесі өрістерден тұратын жазба жазылған файл құрастырыңыз: 
1) нөмірі, 2) тегі, 3) телефоны. Пернетақтадан енгізілген тегіне 
сəйкес телефон нөмірін экранға шығарыңыз.
4.  Көлемі 4x5 жиымды толтыратын жəне бағанасы бойынша 
сұрыптайтын программа құрыңыз. Бастапқы жəне өңделген жи-
ымды экранға шығарыңыз.
5.   Көлемі 4x5 жиымның барлық теріс элементтерін олардың абсо-
лют шамасымен алмастыратын программа құрыңыз. Бастапқы 
жəне өңделген жиымды экранға шығарыңыз.
6.   N бүтін саннан тұратын файл құрастырыңыз. Файлдың ең үлкен, 
ең кіші компонентін жəне олардың позицияларның нөмірін экранға 
шығарыңыз.
7.   Пернетақтадан енгізілген кезейсоқ текке де, атқа да кіретін сим-
волдар жиынын экранға шығарыңыз.

300
1 ҚОСЫМША
РЕДАКТОР
Редактормен жұмыс жасаудың негізгі жолдары бірінші тарауда ай-
тылған. Төменде редактор командаларыының толық сипаттамасы бе рілген. 
Барлық командаларды курсорды жылжыту, өшіру/кірістіру, блоктармен 
жұмыс жасау командалары деп бірнеше топтарға бөлуге болады.  
Сипаттау барысында курсорды басқару пернелеріне келесідей белгі-
леулер қолданылады: 
ВЛ    курсорды солға жылжыту;    ВВ  курсорды жоғары жылжыту; 
ВП   курсорды оңға жылжыту;      ВН  курсорды төмен жылжыту. 
П1.4.1. Курсорды жылжыту командалары 
Ctrl-S немесе ВЛ - бір символ символға; 
Ctrl-D немесе ВП - бір символ оңға; 
Ctrl-A немесе Ctrl-ВЛ – бір сөз солға; 
Ctrl-F немесе Ctrl-ВП - бір сөз оңға; 
Ctrl-E немесе ВВ – бір жол жоғары; 
Ctrl-X немесе ВН - бір жол төмен; 
Ctrl-W – курсормен бірге бір жол төмен жылжыту; 
Ctrl-Z - курсормен бірге бір жол жоғары жылжыту; 
Ctrl-R немесе PgUp – бір парақ жоғары; 
Ctrl-C немесе PgDn – бір парақ төмен; 
Ctrl-Q S немесе НОМЕ – жолдың басына; 
Ctrl-Q D немесе END – жолдың соңына; 
Ctrl-Q E немесе Ctrl-HOME – экран басына
Ctrl-Q X немесе Ctrl-END – экран соңына; 
Ctrl-Q R немесе Ctrl-PgUp – файлдың басына; 
Ctrl-Q С немесе Ctrl-PgDn – файлдың соңына; 
Ctrl-Q В – блоктың басына; 
Ctrl-Q К- блоктың соңына; 
Ctrl-Q Р – ең соңғы позицияға (іздеуден немесе іздеу/алмастырудан 
кейін қолданылады); 
Ctrl-Q W – ең соңғы қатеге. 
П1.4.2. Өшіру/қою командалары
Ctrl- V немесе INS – кірістіру режимін қосу/алып тастау; 
Ctrl-N – бос жол кірістіру; 
Ctrl- Y – жолды өшіру; 
Ctrl-H немесе Backspace – курсордың сол жағындағы символды өшіру; 
Ctrl-G немесе DEL – курсор тұрған жердегі символды өшіру; 
Ctrl-T- курсордың оң жағындағы сөзді өшіру; 

301
Ctrl-Q Y – курсордың оң жағындағы жол қалдығын өшіру. 
П1.4.3. Блоктармен жұмыс жасауға арналған командалар 
Программа мəтінін даярлаған кезде мəтін фрагменттерін басқа орынға 
көшіру немесе мүлдем өшіріп тастау керек жағдайлар болады. Осындай 
операцияларды орындау үшін блоктарды – мəтін фрагментін қолданған 
ыңғайлы. Блоктың ұзындығы бірнеше экран бетін алуы мүмкін (64 Кбайтқа 
дейін). Редактор экранында бір мезгілде бір ғана блокты белгілеуге болады. 
Терезелер арасында блоктармен алмасу үшін редактор буферін қолданамыз 
(негізгі менюдің EDIT опциясы). 
Ctrl-K B – Блок басын белгілеу; 
Ctrl-K К – Блок соңын белгілеу; 
Ctrl-K Т – Блок ретінде курсордың сол жағындағы сөзді белгілеу; 
Ctrl-K Р – блок баспадан шығару; 
Ctrl-K С – блокты курсор тұрған жерден бастап көшіру; 
Ctrl-K К – блоктың орнын ауыстыру
Ctrl-K H – блоктың бояуын алып тастау. Осы пернелерді қайта басу 
блокты қайтадан бояу; 
Ctrl-K Y – блокты өшіру; 
Ctrl-K R – дискілік файлдан блокты оқу; 
Ctrl-K W – блокты дискіге жасу; 
Ctrl-K I - блокты оңға жылжыту; 
Ctrl-K U - блокты солға жылжыту. 
П1.4.4. Басқа командалар
Ctrl-Q F – үлгі бойынша іздеу; 
Ctrl-L – іздеуді жалғастыру; 
Ctrl-Q A – үлгі бойынша іздеп тауып алмастыру; 
Ctrl-U – іздеуді тоқтату; 
Ctrl-K n – маркерді орнату; n = 0..9 (төмендегіні қара); 
Ctrl-Q n - маркерді іздеу; 
Ctrl-Q W – қатені іздеу; 
Ctrl-Q [ - қос жақшаның оң жақ жұбын іздеу; (төмендегіні қара);
Ctrl-Q ] - қос жақшаның сол жақ жұбын іздеу; (төмендегіні қара);
Ctrl-Q L – бүлінген жолды қалпына келтіру; 
Ctrl-Q Т немесе Ctrl-O Т – табуляцияны іске қосу/алып тастау; 
Ctrl-O F – табуляция толтыруын ауыстыру; 
Ctrl-O I немесе Ctrl-Q I – автошегіністі іске қосу/алып тастау; 
Ctrl-O О – компилятор баптауларын файл басына орналастыру (төмен-
дегіні қара).
Командалардың көпшілігінің қызметі түсінікті. Алайда кейбір коман-
далардың қызметіне түсініктеме беру керек. 

302
Ctrl-K n. Нөмірі n = 0..9 маркердің ағымдағы орнын анықтайды. Маркер 
экранда көрінбейді жəне ол программаның орындалуына еш кедергі жаса-
майды. Үлкен программалар жазған кезде, қажет фрагменттерді жылдам 
тауып алу үшін, команда Ctrl-Q n командасымен бірге орындалады. Ctrl-K 
n пернелер комбинациясының терілуіне назар аударыңыз –  алдымен Ctrl 
пернесін басыңыз, пернені басулы күйде ұстап тұрып К пернесін басыңыз; 
бұдан кейін пернелерді жіберіп цифрын басыңыз. Ctrl-Q n командасы да 
дəл осылай теріледі. 
Ctrl-Q ] жəне Ctrl-Q [. Бұл командалар жақшаларды іздеу үшін қол-
данылады. Командалар (жəне), {жəне}, [жəне] қос жақшалардың жұбын 
іздеуге мүмкіндік береді. Курсорды жақшаға орналастырып сəйкес коман-
даны берсеңіз – редактор сол жақшаның екіншісін тауып береді.
Ctrl-O О. Бұл команда, біріктірілген ортаның ағымдағы баптаулары 
компилятор дерективалары, мысалы: 
{$A+,B-,D+,E+,F+,G+,I+,L+,N+,0-,R + ,S+,V+,X+}
 
{$М 16384,0,655360}
 
($DEFINE single}
 түрінде жазылған, файл басына көшуге мүм-
кіндік береді.
П1.4.5. Біріктірілген ортаға редактордан берілетін командалар 
Кейбір жиі қолданылатын командаларлды біріктірілген ортаға бірден 
редакциялау режимінен беруге болады. Олардың барлығы жоғарыда ме-
нюлер жүйесінде қарастырылды. Түсінікті болу үшін оларды тағы бір 
қайталаймыз. 
F1 – анықтама алу; 
F2 – редактор терезесіндегі файлды дискіге жазу; 
F3 – дисктегі файлда редактор терезесінде оқу; 
F4 – курсорға дейін орындау (RUN/GO TO CURSOR командасы); 
F5 – терезені бүкіл экранға орындау немесе терезені бастапқы қалпына 
келтіру; 
F6 – келесі терезені екпінді ету; 
F7 – процедураны қадағалау (RUN/TRACE INTO командасы); 
F8 – процедураны орындамай жіберу (RUN/STEP OVER командасы); 
F9 – программаны компиляциядан өткізу (COMPILE/MAKE команда-
сы); 
F10 – негізгі менюге көшу; 
Ctrl-F1 – жанама анықтама алу; 
Ctrl-F2 – түзету режимін алып тастау; 
Ctrl-F3 – программалық стек терезесін екпінді ету; 
Ctrl-F4 - өрнекті есептеу немесе айнымалына көрсету/өзгерту (DE-
BUG/EVALUATE/MODIFY командасы); 

303
Ctrl-F5 – терезенің орны мен көлемін өзгерту режиміне ауысу
Ctrl-F7 – түзету терезесіне өрнек қосу (DEBUG/WATCHES/ADD 
WATCH командасы); 
Ctrl-F8 – бақылау нүктесіналмастыру; 
Ctrl-F9 – программаны компиляциядан өткізіп, орындау; 
Ctrl-Del - редактор буферін тазалау; 
Ctrl-Ins – блокты редактор буферіне көшіру; 
Alt-C - COMPILE компиляциялау менюін шақыру; 
Alt-D - DEBUG түзету менюін шақыру; 
Alt-E - EDIT редакциялау менюін шақыру; 
Alt-F - FILE файлдық қызмет менюін шақыру; 
Alt-H - HELP анықтама қызметінің менюін шақыру; 
Alt-O - OPTIONS баптаулар менюін шақыру; 
Alt-R - RUN программаны орындау менюін шақыру; 
Alt-S - SEARCH іздеу қызметінің менюін шақыру; 
Alt-W- WINDOW терезелер менюін шақыру; 
Alt-X- Турбо Паскальдан шығу; 
Alt-0 – ашық терезелер тізімін алу; 
Alt-F1 – соңғы анықтаманы алу; 
Alt-F3 – екпінді терезені жабу; 
Alt-F5 – программа терезесін көрсету; 
Alt-F9 - COMPILE/COMPILE командасын орындау; 
Shift-F1 – анықтама қызметінің сілтемелер тізімін алу; 
Shift-F6 – алдыңғы терезені екпінді ету; 
Shift-Del – редактор терезесіндегі блокты буферге тасмалдау;  
Shift-Ins – буфердегі фрагментті редактор терезесіне көшіру. 

304
2 ҚОСЫМША 
ТУРБО-ПАСКАЛЬДІ ШАҚЫРУ
Турбо Паскальды іске қосатын DOS командасының толық форматы: 
[PATH]turbo [Options] [FileName] 
Мұндағы PATH – жүйелік каталогқа апаратын жол;  
Optoins – опциялар тізімі;  
FileName- PAS-файлдың аты. 
Тік жақшада команданың міндетті емес параметрлері көрсетілген. 
FileName параметрі - экранда оқылатын файл атын көрсетеді. Егер бұл 
параметр көрсетілсе, онда аты көрсетілген файл, Турбо Паскаль іске 
қосылғанда автоматты түрде редактор терезесінде ашылады. Егер файл 
атында кеңейтілім көрсетілмесе, біріктірілген орта стандартты .PAS 
кеңейтілімін қосады. 
Options көмегімен біріктірілген орта баптауларын өзгертуге болады. Əр па-
раметр /Z форматында беріледі, мұндағы Z – біріктірілген ортаның баптау-
ларын анықтайтын əріп (төмендегіні қараңыз); «+»  (баптауды іске қосу) 
немесе «-» (баптауларды алып тастау) белгілері; не бірнеше параметрлер 
бір-бірінен бос орын арқылы ажыратылып жазылады. 
Options тізімінде келесідей басқарушы параметрлерді қолдануға болады: 
/С<файл аты> - қажет конфигурациядағы файлды жүктеу (біріктірілген 
ортаның OPTIONS/OPEN командасына сəйкес); < файл аты > 
-конфигурациялық файл аты, мысалы: /СМу. tp; 
/D+ - қосымша мониторды қолдану (OPTIONS/ENVIRONMENT/STARTUP/
DUAL MONITOR SUPPORT командасына сəйкес); 
/Е<көлем> - экран буфері үшін қажет көлемдегі жады бөлу (OPTIONS/
ENVIRONMENT/STARTUP/EDITOR HEAP SIZE командасына сəйкес); 
<көлем> - бөлінетін жады көлемі (килобайт); мысалы: /Е15 – экран буфері 
үшін 15 Кбайт жады бөлу; 
/G+ - графикалық экран көшірмесін сақтау (OPTIONS/ENVIRONMENT/
STARTUP/GRAPHICS SCREENSAVE командасына сəйкес); 
/L+ - ДК сұйықкристалды дисплеймен жабдықталған (OPTIONS/ENVI-
RONMENT/STARTUP/LCD COLOR SET командасына сəйкес); 

305
/N+ - ДК CGA типті адаптермен жабдықталған (OPTIONS/ENVIRONMENT/
STARTUP/CGA SNOW CHECKING командасына сəйкес); 
/О<размер> - Турбо Паскаль жүйесінің оверлейлік модульдерін сақтауға 
қажет жады көлемін орнату (OPTIONS/ENVIRONMENT/STARTUP/
OVERLAY HEAP SIZE командасына сəйкес); 
/P+ - экранның түстер палитрасын сақтау (OPTIONS/ ENVIRONMENT/
STARTUP/EGA/VGA PALETTE SA УЕ командасына сəйкес); 
/S<путь> - «жылдам» дискіге жолды анықтау (OPTIONS/ENVIRONMENT/
STARTUP/SWAP FILE DIRECTORY командасына сəйкес); 
/Т+ - TURBO. TPL файлынан жадыға SYSTEM. TPU кітапханасын жүктеу 
(OPTIONS/ENVIRONMENT/STARTUP/LOAD TURBO. TPL командасына 
сəйкес); 
/W<көлем> - Турбо Паскаль терезелерін сақтауға қажет жады көлемін ор-
нату (OPTIONS/ENVIRONMENT/STARTUP/WINDOW HEAP SIZE коман-
дасына сəйкес); 
/X+ - EMS-жадыны қолдану (OPTIONS/ENVIRONMENT/ STARTUP/USE 
EXPANDED MEMORY командасына сəйкес). 

306
3 ҚОСЫМША 
ДК ТАҢБА ГЕНЕРАТОРЛАРЫНЫҢ КОДТАУ НҰСҚАЛАРЫ 
IBM PC ДК стандартты таңба генераторы символдарды Қ2.1-су 
рет-
те көрсетілгендей кодтайды. Кодтары 0-ден 127-ге дейінгі таңба гене ра-
торының бірінші жартысын құрайтын символдар (Қ2.1, а-сурет), ASCII 
стандарты бойынша құрастырылған жəне барлық IBM-үйлесімді ДК үшін 
бірдей. Екінші символдар бөлігі (128...255 дейінгі кодтар) əр типті ДК үшін 
əр түрлі болуы мүмкін. IBM фирмасының стандартты таңба генераторында 
псевдографика символдары қатар орналасқан үш бағанада (176...223 код-
тары, Қ2.1, ə-сурет) берілген. 128-ден 175-ке дейінгі жəне 224-тен 239-ға 
дейінгі кодтар жазылған бағаналар кейбір ұлттық символдарды жазу үшін 
қолданылады. Ал соңғы бағана (240...255 кодтар) – арнайы белгілерді жазу 
үшін қолданылады. Шет елдік программалардың көбі символдардың осы 
орналасуын негізге ала отырып құрастырылады. 
Қ2.1- сурет. IBM фирмасының стандартты кодтары: а) 0...127 кодтары 
үшін; ə) 128...255 кодтары үшін

307
Біздің елде қолданылатын стандартты таңбагенераторы Халықаралық 
телеграфия жəне телефония (МККТТ) бойынша кеңес беретін комитеттің 
ұсыныстары бойынша жасалған. Таңба генератор кестесінің екінші 
жартысындағы символдардың орналасуы (Қ2.2, а-сурет) IBM фирмасының 
таңбагенераторынан мүлдем өзгеше. Бұл ерекшелік біздің елдің ДК-де шет 
ел программалық жабдықтамаларын қолдануда біраз қиындықтар тудыра-
ды. Сондықтан стандартты (ГОСТ) кодтау нұсқалары альтернативті (Қ2.2, 
ə-сурет) кодтармен алмастырылады, оның басты артықшылығы - псевдо-
графика символдарының IBM таңба генераторымен сəйкес орналасуы. Ал 
кемшілігі – орыс алфавитінің символдары үздіксіз тізбек құрамайды. Қ2.2, 
ə-суретінде көрсетілген нұсқа, қазіргі кезде біздің елдің ДК-де кеңінен 
тараған. Біздің елдің сұранысы бойынша экспортқа компьютерлер даярлай-
тын шет ел фирмалары үшін осы кесте стандарт болып алынады. Соны-
мен бірге, біздің барлық программалық жабыдықтамаларымыз да осыған 
негізделген.  
Қ2.2-сурет. 128...255 кодтары үшін кодтау нұсқалары: 
а) МККТТ ұсынысы бойынша; ə) кең тараған

308
4 ҚОСЫМША
ҚАТЕЛЕР КОДЫ ЖƏНЕ МƏЛІМЕТТЕР
1. Компиляциядан өткізу кезіндегі қателер жайлы мəлі-
меттер
Турбо Паскаль интегралданған ортасы программа компиля-
тордан өткен кезде пайда болған қателер жайлы толық мəлімет 
береді. Қате кездескен кезде интегралданған орта автоматты 
түрде бастапқы программа мəтінін экранға шығарып, курсорды 
қате табылған орынға орналастырады жəне редактордың жоғарғы 
жолында диогностикалық мəлімет пайда болады. F1 пернесінен 
басқа кез келген пернеге бассаңыз жоғарғы жол бастапқы қал-
пына келіп, интегралданған орта редакциялау режиміне ауы-
сады. Егер қате жайлы мəлімет шыққаннан кейін F1 пернесіне 
бассаңыз, экранда сол қатені түзету жайлы нұсқаулар жазылған 
анықтама қызметінің терезесі пайда болады. Кейбір қателер 
бірден емес, программа мəтінін талдау барысында анықталады. 
Мысалы, меншіктеу операторындағы типтердің сəйкессіздігін 
осы оператордың оң жағындағы өрнекті толығымен есептегенше 
анықтау мүмкін емес.
Қате №
Аты
1
Out of memory (Жады шекарасынан асып кету).
2
Identifi er expected (Идентификатор көрсетілмеген).
3
Unknown identifi er (Белгісіз идентификатор).
4
Duplicate identifi er (Идентификатор екі рет 
қайталанған). 
5
Syntax error (Синтаксистік қате).
6
Error in real constant (Нақты типтегі тұрақтыда қате 
бар).
7
Error in integer constant (Бүтін типтегі тұрақтыда қате 
бар). 
8
String constant exceeds line (Жолдық тұрақты берілген 
аймақтан тыс жатыр).
9
Too many nested fi les (Кіріктірілген файлдар саны тым 
көп).
10
Unexpected end of fi le (Файл соңы табылмады).

309
11
Line too long (Тым ұзын жол) 
12
Type identifi er expected (Бұл жерде тип идентификаторы 
қажет).
13
Too many open fi les (Ашылған файлдар саны көп).
14
Invalid fi le name (Файл аты дұрыс емес).
15
File not found (Файл табылмады).
16
Disk full (Диск толып кеткен).
17
Invalid compiler directive (Компилятор дерективасы дұрыс 
емес).
18
Too many fi les (Файлдар саны тым көп).
19
Undefi ned type in pointer defi nition (Көрсеткіш сипаттау-
ында тип көрсетілмеген).
20
Variable identifi er expected (Айнымалының иденфикаторы 
жоқ). 
21
Error in type (Типті сипаттауда қате жіберілген).
22
Structure too large (Тым үлкен құрылым).
23
Set base type of range (Жиынның базалық типі шекарадан 
тыс жатыр).
24
File components may not be fi les (Файл компоненті ретінде 
файлды қолдануға болмайды) .
25
Invalid string length (Жол ұзындығы дұрыс емес).
26
Type mismatch (Типтер сəйкестігі).
27
Invalid subrange base type (Тип-диапозон үшін базалық тип 
дұрыс көрсетілмеген). 
28
Lower bound greater than upper bound (Төменгі шекара 
жоғарғы шекарадан үлкен).
29
Ordinal type expected (Реттік тип қажет). 
30
Integer constant expected (Бүтін тұрақты қажет).
31
Constant expected (Тұрақты қажет).
32
Integer or real constant expected (Бүтін немесе нақты 
тұрақты қажет) .
33
Type identifi er expected (Тип идентификаторы қажет).
34
Invalid function result type (Функция нəтижесінің типі 
дұрыс көрсетілмеген). 
35
Label identifi er expected (Белгі идентификаторы қажет).
36
BEGIN expected (BEGIN жазылмаған).
37
END expected (END жазылмаған).
38
Integer expression expected (INTEGER типті өрнек керек).
39
Ordinal expression expected (Саналатын типтегі өрнек 
керек).
40
Boolean expression expected (BOOLEAN типіндегі өрнек 
керек).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет