Сабақтың тақырыбы For циклі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



Дата27.02.2023
өлшемі43,25 Kb.
#70206
түріСабақ
Байланысты:
For циклі








Мектеп:

№83 мектеп гимназия

Ұзақмерзімді жоспардың тарауы:

Python тілінде алгоритмдерді программалау

Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Маратов Ерасқан Жарқынбекұлы

Сынып:

8 Ж

Сабақтың тақырыбы

For циклі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.3.2 for цикл операторын пайдалану;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы: For циклін Python программалау тілінде қолдану тәсілін анықтау;
Оқушылардың көбі: Python программалау тілінде For циклінің орындалуын талдау, қолдану;
Кейбір оқушылар: For циклін қолданудың маңыздылығын бағалау.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.

Бағалау критерийі

  • For циклін Python программалау тілінде қолдану тәсілін анықтайды;

  • Python программалау тілінде For циклінің орындалуын талдайды, қолданады;

  • For циклін қолданудың маңыздылығын бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:
Цикл-цикл-loop Үшін-для- For
Диапазон-диапазон-Range Шексіз-бесконечный-infinite

Диалог /жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  1. Алгоритмді құру кезінде қайталану саны белгілі болса қандай цикл қолданылады?

  2. range функциясы ... жасайды.

  3. for операторын range функциясын қолдану түрлерін анықтаңдар.

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылықтарына сәйкес оқушыларды еңбекке және шығармашылыққа, ынтымақтастыққа, өмір бойы білім алуға баулу. Академиялық адалдық: академиялық адалдық принциптерін сақтауға негізделген басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу.

Пәнаралық байланыс

Программа кодтары ағылшын тілінде жазылады.

Алдыңғы білім

Python программалау тілінде сызықтық, шартты алгоритмдерді программалау.

Сабақтың барысы




Сабақтың жоспарланған
кезеңдері/уақ ыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі/3мин

Топқа біріктіру/2мин


Қызығушылы қты ояту Өткен сабақты пысықтау
/7мин

Сәлемдесу, түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату, ширату жаттығуы.


«Топтасқан сандар» тәсілі арқылы топтарға біріктіру.
«Жаңбырша жауған сұрақтар» әдісі.

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі


«Пойыз» жаттығуы. Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен, 1, 2, 3-ке саналып алады. 1-нөмірдегілер қолдарын бір рет соғып, аяқтарымен еденді екі рет тарсылдатады, 2-нөмірдегілер қолдарын екі рет соғып, аяқтарымен еденді үш рет тарсылдатады. Ал, 3- нөмірдегілер қолдарын үш рет соғып, аяқтарымен еденді бір рет тарсылдатады.
«Топтасқан сандар» тәсілі арқылы 1, 2, 3 деп ретімен саналған бойынша оқушылар топқа бірігеді.
Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алып оқушы, сол жауаптан сұрақ тудырып, әрі қарай лақтырады. Ойын осылай жалғаса береді.

Қошемет көрсету.

Смайлик арқылы ҚБ.



Оқытудың белсенді әдістері NIS.


Астана,
2013

Миға шабуыл/3мин



«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында проблеманы бірге шешу.

Берілген сурет туралы не ойлайсындар? Оқушылар сын тұрғысынан ойланып өз пікірлерін айтады. Тақырыпты өздері ашады.


Ауызша мадақтау.










  • Циклдер жайлы не білесің?

  • Бұл ұғымның біздің өмірімізге қандай байланысы бар?
















  • Табиғат пен адам өмірінде циклдердің маңызы қандай?

  • Циклдердің адам өміріндегі маңызы қандай деп ойлайсыңдар?

  • Математикада циклдерге не жатады?







Сабақтың ортасы.
Мағынаны тану.
Оқулықпен жұмыс/5мин

Оқулықта берілген ақпаратты оқушылармен бірге талдайды.
Слайд материалы арқылы таныстырылым жасайды.

Оқушылар оқулықтағы ақпаратпен танысады, визуалды ақпарат алады. Мұғаліммен бірге талдайды.


Мақсаты: аудиал мен визуал оқушылардың білім алуына жағдай жасау.










Дәптермен жұмыс:

Негізгі ұғымдар мен сабақта қолданылатын термин сөздерді дәптерлеріне жазады.
Үш тілде берілген термин сөздерді мұғаліммен бірге қайталайды.




Информат ика. 8 - сынып оқулығы

Практикалық жұмыс/15мин



1-тапсырма жалпы тапсырма. Мұғалім көмектеседі.



  1. тапсырма

Оқушылар практикалық тапсырмаларды жеке орындайды.
1)
K мен N (1≤K≤N≤100) барлық жұп сандарды экранға шығаратын программа құрастыр.
Дескрипторлар:

    • Жұп сандарды анықтайды;

    • Қайталану санын анықтайды;

    • Жұп сандарды табу алгоритмін құрады;

    • Алгоритмді компьютерде программалайды;

    • Нәтижесін тексереді.

2)
N(10≤N≤99) санына дейінгі екі таңбалы сандар арасында екі цифры да бірдей сандарды экранға шығаратын программа

4 балл

Компьюте р, информати ка. 8- сынып оқулығы





Топтық жұмыс


2-тапсырма көлемі үлкен тапсырма.


Алдымен мұғалімнің көмегімен, содан кейін өз бетінше орындайды.

құрастыр. Екі таңбалы сан 10- нан басталады.
Дескрипторлар:

  • Екі таңбалы сандар диапазонын анықтайды;

  • Екі саны бірдей сандарды анықтайды;

  • Екі саны бірдей сандарды анықтау алгоритмін құрады;

  • Программаны компьютерде орындайды;

  • Нәтижесін тексереді.

3)
8 «А» сыныбында N (0 < N < 30) оқушы бар. Оқушылардың бойлары көрсетілген. Егер сыныптағы оқушының бойы 140 см- ден қысқа болса, ол аласа бойлы оқушыға жатады. Сыныпта неше оқушының бойы аласа екенін анықтайтын программа кодын жаз. .
Дескриптор:

  • Қатысқан оқушылар санын енгізеді;

  • Бойларының ұзындығын енгізеді;

  • Бойларын салыстырады;

  • Сыныпта аласа бойлы оқушылардың санын анықтайтын

2-тапсырманы мұғалімнің нұсқауымен өз бетінше орындайды.
Практикалық жұмыста орындалған программа кодын (3-сурет) талдаңдар. Егер есеп шартын «оқушылардың бойы 140 пен 155 см аралығында» деп өзгертетін болсақ, программа кодына қандай өзгеріс жасау керек? Себебін түсіндіріңдер.


Дескриптор
- For операторының қызметін анықтайды.










Жұптық жұмыс

3-тапсырма шығармашылық тапсырма. Өз беттерінше орындауын қадағалайды.

  1. тапсырманы өз беттерінше орындайды.

Параметрлі циклдер көмегімен орындалатын қарапайым бір мысал құрыңдар. Құрған мысалдарыңның Python тіліндегі
программа кодының жобасын дайындап, ұсыныңдар.
Дескриптор



    • Параметрлі циклді анықтайды;

    • Параметрлі циклді қолданады.







Сабақтың соңы
Ой толғаныс. Жаңа сабақты бекіту/3мин

Кері байланыс:


/2мин

Сабақты бекіту үшін
«эссе» әдісін қолдану.

«Тілек ағашы» әдісі.



Оқушылар тапсырманы жеке орындайды.
Циклдік операторларды программалауда қолданудың маңызына баға бер.
Дескриптор
-параметрлі циклді қолданудың маңыздылығын тұжырымдайды.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып тілек ағашына жапсырады



Өздерін-өзі бағалау.

А4 парағы

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілеттірек оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай текеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулы қ және қауіпсізді к техникас
ын сақтау

Бірлескен жұмыс, жеке жұмыс арқылы сабақты меңгерту. «Топтасқан сандар» топқа біріктіру, «Сұрақтар жаңбыры» әдісі бойынша өткен тарауды пысықтау, миға шабуыл , саралау тапсырмалары, эссе , кері байланыс жасату: «Тілек ағашы».

Фигуралар арқылы, ауызша, жазбаша түрде қалыптастырушы бағалауды іске асыру

Компьюте рмен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске
түсіру.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет