Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет15/33
Дата28.01.2017
өлшемі9,52 Mb.
#2929
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33

Пайдаланылған әдебиеттер:   Мектеп журналы №10-2009ж
                                                   Бастауыш мектеп журналы №8-2008ж
                                                  Әрекеттегі  RWCТ философиясы мен әдістері
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ҮСТЕУ
               Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің
               бастауыш сынып мұғалімі Үсенова Баян Алдабергенқызы 
Сабақтың тақырыбы: Үстеу
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға үстеу туралы түсінік беру, ол іс-әрекеттің 
мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табы екенін түсіндіре отырып, теориялық ойлауға 
үйрету, тіл орамдылығын арттыру;
ә) тәрбиелік: Оқушыларды топтық жұмыс арқылы ұжымдық қарым-қатынасқа, сауатты жазуға, 
бірін-бірі тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу;
б) дамытушылық: Тірек сызбаларды пайдалана отырып, ой тұжырымдауға бағыттау, танымдық тапсырмалар арқылы 
шығармашылық ізденіске қалыптастыру, топтық жұмыстар арқылы оқушыларды өз-өздерін бағалауға дағдыландыру;
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Топтық жұмыс
Сабақтың әдіс-тәсілдері: шығармашылық тапсырмалар, сұрақ-жауап, ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, тірек сызбалар, жұмбақтар
Пәнаралық байланыс: ана тілі, сурет, дүниетану
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық
Біз жалғыз емеспіз,
Біз бәріміз біргеміз.
Қандай істе болса да,
Мықты біздің іргеміз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 34-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойып, мәтінді көшіріп жаз.
Біз мектепке де бірге бардық. Ол-бір үйдің еркесі. Оның атасы мен әжесі бар. Менің апам ғана бар. Әкем әскерге кеткен. 
Апам жұмысқа ерте кетіп, кеш келеді. Ол кез қиын уақыт еді.
*Неліктен сол есімдікті қойғаныңды дәлелде.
ІІІ. Жан-жақты білімдірін тексеру:
1.
Сөз таптарын ата.
2.
Зат есімнің септелуі деген не?
3. Әкем малды ыққа байлап жатыр. Осы сөйлемдегі етістік қай шақта, қай жақта тұрғанын айт.
4. Сан есім жайлы не білесің?
5. Жақсы бала ойлағыш, жаман бала тойлағыш. Сөйлемнен қарсы мәндес сын есімді тап.
6. Есімдік деген не? Есімдіктің жіктелуіне тоқтал.
7. Кеше мен сыныпта кезекші болдым. Есімдік қай септікте тұрғанын айт.
Оқушыларды екі топқа бөлу: (Бүгінертең сөздері арқылы оқушыларды топқа бөлу)
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
75

Зат есім            Сын есім         Үстеу        Сан есім        Етістік          Есімдік
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: 
-Бүгінертең сөздеріне мысал келтіріңдер.
Мысалы: Бүгін үйге қонақтар келеді. Сара ертең қалаға барады.
-Осы сөйлемдердегі бүгінертең сөздеріне сұрақ қойып көріңдер.
-Қашан? –Бүгін, ертең.
-Ендеше, балалар, іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табын үстеу дейміз. Үстеулерге қашан? қайда? 
қалай? сұрақтары қойылады.
Оқулықпен жұмыс. Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.
Топтық жұмыс: 1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою, мағынасын түсіндіру. Қай 
сөзбен байланысқанын айту.
І топтың тапсырмасы: Мен бүгін ауылға жүремін. Жолаушылар ілгері жүріп кетті. Қарлығаш төмен ұшса, жаңбыр 
жауады.
ІІ топтың тапсырмасы:  Үсен әдейі үндемеді. Айдын айтқанды тез ұғады. (Тапсырмаларды орындап болған соң, оқушылар 
бір-бірін бағдаршамдар арқылы бағалайды)
Жұптық жұмыс: 2-жаттығу. Берілген сөздерді етістіктермен тіркестіріп жазып, оларға сұрақ қою. Олар іс-әрекеттің қандай 
белгісін білдіріп тұрғанына назар аудар. 
Былтыр...                                                             Кезде...
Күндіз...                                                               Жорта...
Төмен...                                                                Жоғары...
Кенеттен...                                                           Қазір...
ҮІ. Жаңа материалды бекіту:
Топтық жұмыс: 3-жаттығу. Ребустарды шешіп,шешуіндегі үстеулерді қатыстырып сөйлем құрау. Ребустардың шешуі: қазір, 
алда.
Жеке жұмыс: 4-жаттығу. Жұмбақты жатқа жазып, шешуін және үстеулерді табу. Үстеу екенін дәлелдеу. 
Күндіз білінбейді,   Түнде күлімдейді.      (жұлдыз)
Дәлелдеу үлгісі:                                                                                                                                           
Есту диктанты  5-жаттығу. Сөйлемдерді жазып, үстеулерді табу және оның қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен 
көрсету.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:   Рефлекция (кестені толтыру)
      *Балаллар, бүгін қандай сөз табымен таныстық?
*Үстеу дегеніміз не екен?   *Ол қандай сұрақтарға жауап береді?
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру: 6-жаттығу. «Биылғы қызық оқиғалар» тақырыбына әңгіме құра. Әңгімеде үстеулерді пайдалан.
ІХ. Оқушыларды бағалау.
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ҚЫСҚАША КӨБЕЙТУ 
ФОРМУЛАЛАРЫН ҚОЛДАНЫП ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ
Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы
 негізгі білім беретін №221Аққұм мектебінің
 математика пәнінің мұғалімі Шораева Нәзігай Оразқызы 
    
   Бүгінгі таңда жас ұрпаққа әрбір жеке пәндерді тиімді ұғындырудың жолы-жаңа технология 
негіздерін   пайдалану   болып   табылады.Сондай   педагогикалық   оқыту   технологиясының   бірі 
оқушының да мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытатын «Деңгейлеп оқыту» 
технологиясы.
      Бұл технологияның ерекшелігі әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, 
білім   алуға   жағдай   жасайды   және   олармен   саралай   жұмыс   істеуге   мүмкіндік   береді.   Осы   мақсатта   7   сыныпта   өткен  
сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.
      Сабақтың тақырыбы: Қысқаша көбейту формулаларын қолданып есептер шығару
         Сабақтың мақсаты:  1.Білімділік мақсаты: Қысқаша  көбейту формулаларын көпмүшені  көбейткіштерге  жіктеуде 
қолдана білуге үйрету.
         2.Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың пәнге деген   қызығушылығын деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы 
дамыту.
     3.Тәрбиелік мақсаты: Өз бетінше ізденуге, еңбектенуге,қиындыққа төзе білуге,жауапкершілікке тәрбиелеу.
    Сабақтың типі: Бекіту,жүйелеу сабағы
    Сабақтың түрі: Аралас сабақ
    Сабақтың әдісі: Деңгейлеп оқыту
       Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақтадағы слайд, қысқаша көбейту формулалары,кестелер,деңгейлік тапсырмалар 
жазылған парақшалар,ашық журнал
    Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Өткен сабақты еске түсіру
I бөлім.   Оқушылық деңгей
(Қысқаша көбейту формулаларының айтылу ережесін кім қаншалықты меңгергендігін тексеру)
1.Екі өрнектің квадраттарының айырмасы неге тең ?
2.Екі өрнектің қосындысының квадраты неге тең ?
76

3.Екі өрнектің айырмасының квадраты неге тең ?
4.Екі өрнектің кубтарының қосындысы неге тең ?
5. Екі өрнектің кубтарының айырмасы неге тең ?
6.Екі өрнектің  қосындысының кубы неге тең ?
7.Екі өрнектің айырмасының кубы неге тең ?
II бөлім.  Алгоритмдік деңгей
(Математикалық лото)
Жақшалардың ашылуының дұрыс жауабын тапсаңдар ережелердің әріптер арқылы  айтылуының  аталуы шығады
 №
Өрнектер
Дұрыс шешім
1
х
2

2
2
(х+у) 
2
=
3
(х-у) 
2
 =
4
х
3

3
 =
5
х
3

3
 =
6
(х+у)
3
 =
7
(х –у)
3
 =
(х-у)(х+у)
х
2
+2ху+у
2
х
2
-2ху+у
2
(х+у)(х
2
-ху+у
2
)
(х-у)(х
2
+ху+у
2
)
х
3
+3х 
2
у+3ху
2

3
х
2
-3х 
2
у+3ху
2

3
Ф
о
р
м
у
л
а
III бөлімЭвристикалық деңгей.   (Деңгейлік тапсырмалар)   I деңгей
(m+4)
2
= m
2
+8m+16
(у-5)(у+5)=у
2
-25
m
3
+n
3  
=  (m+n) (m
2
-mn+n
2
)
(р-q)
3  
= р

-3р 
2
q+ 3рq
2
   -q
3
                 II деңгей
       1. (0,2а -5у)
2
=0,04а
2
-2ау+25у
2
       2. (1,4c -0,7а
3
)(1,4c+0,7а
3
)=1,96c
2
-0,49а
6
       3. 27+а 
3
в 
3
=(3+ав)(9-3ав+а 
2
в
2
)
       4. (4m 
3
+5n
2

3
=64m
6
+240m 
3
n
2
+300m 
3

2
+125n
6
                III деңгей
Теңбе-теңдікті дәлелдеңдер:
(а-в) 
2
=(в-а) 
2
Көбейткіштерге жіктеңдер:
а
2
+в 
2
+2ав-1
.Көпмүше түріне келтіріңдер:
(m
3
+n  
10
)(m
 
 
6
-m 
3
n  
10
+n  
20
)
IV деңгей
Шығармашылық деңгей
Натурал n-нің әрбір мәнінде:
(2n+3)2-(2n-1) мәні 8-ге бөлінетінін дәлелдеңдер.
IV бөлім.
1.Үйге тапсырма: Тарау соңындағы тест тапсырмаларын орындау.
2.Оқушы білімін ашық журнал арқылы бағалау
3.Қорытынды
Бұл   сабақта   оқушының   деңгейлік   тапсырмалар   орындау   арқылы   ақыл-ойы   дамиды,өзіндік   дүниетанымы 
қалыптасады,сабаққа деген ынтасы мен жауапкершілігі артады,өз білімін жаңа әдіспен бағалау мүмкіндігіне ие болады.
* * * * *
ТАҚЫРЫБЫ: ҚОЗҒАЛЫСТА ОҢҒА, СОЛҒА БҰРЫЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм бекеті
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің
денешынықтыру пәнінің мұғалімі Қожатаев Алмат Оразкелдіұлы
Пәні: Денешынықтыру
Тақырыбы: Қозғалыста оңға, солға бұрылу жаттығулары
Тәрбиелігі: Оқушыларды спорт ойынына, гимнастикаға қызығушылығын арттыру.
Мақсаты: Салауатты өмір сүру салтын насихаттау, гимнастика әдістерін үйрету, шеберлікті жетілдіру, қозғалыс икемділігін 
қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Практикалық
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, үйрету
Көрнекілік: Ысқырық, фишкалар
Өткізу орны: Спорт алаңы

Мазмұны
Уақыт 
Әдістемелік нұсқау
77

Д
ай
ы
н
ды
қ
 б
өл
ім
і –
 1

м
и
н
ут
Сапқа тұру, сәлемдесу, түгелдеу. Сабақ 
тақырыбын, мақсатын түсіндіру
Бір орнында жасалатын бұрылу жаттығулары
1' 30''
30''
Оқушы формасына, тәртібіне назар аудару
Жаттығудың дәл орындалуын қадағалау
І. Жүру жаттығулары
1. Екі қолды жоғары ұстап, аяқтың ұшымен 
жүру
2. Екі қолды желкеге ұстап, өкшемен жүру
3. Екі қолды кеуде алдына ұстап, жанға кезек 
бұрылып жүру.
4. Қолды белге ұстап, жартылай отырып жүру
 2'
Қолды түзу ұстау керек. Басты көтеріп ұстап, 
шынтақты барынша жазу керек.
Шынтақ иық деңгейінде түзу ұсталады, аяқты кең 
адымдап, алға басқан қадамға қарама – қарсы бұрылу 
керек.
Тұлғаны түзу ұстау
ІІ. Жүгіру жаттығулары
1.Жеңіл жүгіріс
2.Қолды белге ұстап, тізені жоғары көтеріп 
жүру
3.Қолды белге ұстап, аяқты артқа сермей 
жүгіру
4.Қолды алға айналдыра, оң қапталмен жүгіру
5.Қолды артқа айналдыра, сол қапталмен 
жүгіру
6.Артпен жүгіру
7.Алға адымдап жүгіру
8.Бұрышқа екпіндеп жүгіру
3'
Ара қашықтықты сақтау керек.
Тізе алға жоғары көтерілу керек.
Өкше артқы жамбасқа тие серпілу керек.
Аяқты алма кезек қою керек
Қол иық буынынан айналдыру керек.
Артқы иық үстінен қарау керек
Алға барынша адымдап секіру керек
Белсенді қимыл жасалуы керек
ІІІ. Тынысты қалпына келтіру 
жаттығулары
2.Жүру кезінде қолдың, аяқтың бұлшық 
еттерін босату жаттығулары
3. 3.1. 1 қатарға сап түзеу
     3.2. 1 қатардан 2 қатарға сап түзеу
1'
Жүру кезінде екі қолды жоғары көтере тынысты ішке 
мұрын арқылы алып, сыртқа ауыз арқылы шығару 
керек.
Қолдың, аяқтың бұлшық еттерін сілку арқылы босату
Тәртіпке назар аудару
1 қатардан 2 қатарға сап түзеу командасын орындау
IV. Бір орында жасалатын жаттығулар 
жинағы
1.Қолды белге ұстап, мойынды айналдыру
2.Екі қолды иыққа қойып алға, артқа 
айналдыру
3.Екі қолды түзу ұстап алға, артқа айналдыру
4.Екі қолдың саусақтарын айқастыра кеуде 
алдына ұстап, жоғары керілу
5.Қолды белге ұстап, аяқ арасын алшақтатып, 
алға еңкею
6.Екі қолды алға түзу ұстап, отырып тұру
7.Аяқтың, қолдың бұлшық еттерін демалдыру
6'
Жаттығулар санақ бойынша жасалады. 
Көзді жұмбау керек
Шеңбер жасай айналдыру
Шынтақ буынының бүгілмеуін қадағалау керек
Алақанды кеуде алдына ішкі жағымен ұстау, жоғары 
көтергенде сыртқа айналдыра ұстау керек.
Еңкейгенде қолды санақ бойынша оң, сол аяққа және 
орташа созу керек.
Тізе буынының бүгілмеуін қадағалау
Аяқ иық деңгейінде алшақ тұрады.
Аяқтың, қолдың бұлшық еттерін бос ұстап, сілку 
керек.
Н
ег
із
гі
 б
өл
ім
 –
 2

м
и
н
ут
Тақырып: Қозғалыста оңға,солға бұрылу 
жаттығулары
25'
Тіреуші аяқтың сызықтан аспауын және жерден аяқты 
көтермеу
Допты дұрыс лақтыру және есептей білу керек
Ойыншы жоғарыдан келген допқа қарсы дұрыс 
шығуы.
Кеудені шалқалап допты алу
Допқа қолды жинау допты қабылдау
Қ
ор
ы
ты
н
ды
 к
ез
ең
 –

м
и
н
ут
1 қатарға сап түзеу
Алаңды айнала жүріп тынысты қалпына 
келтіру. Оқушылардың жетістіктері мен 
кемшіліктерін айтып түсіндіру
Сабақты қорытындылау. Бағалау
Үйге тапсырма: Бір орында жасалатын 
жаттығулар жинағы
Қоштасу
Киіну
30
2'
2' 
30
Жаттығуды жай, терең тыныс алу, шығару арқылы 
жасау.
Оқушыларды ынталандыру, сұрақтарға жауап беру.
Жаттығулардың жасалуына назар аударуын, 
қауіпсіздік ережесін сақтауды ескерту.
78

САБАҚ  ТАҚЫРЫБЫ:  СИНОНИМ
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм бекеті. Негізгі білім беретін
 №221 Аққұм мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бердіқожаева Меруерт Өмірзаққызы
Пәні: Қазақ тілі Сабақ  тақырыбы:  Синоним
Сабақ  мақсаты: Синоним сөздер  туралы  түсінік қалыптастыру,жазу сауаттылықтарын арттыру,сыни тұрғыда ойлану 
арқылы синоним сөздерді басқа сөздерден ажырата алуға дағдыландыру, оқушылардың сөйлеу қабілетін  дамыту, өзін-өзі 
бағалауға және сыныптасын бағалауға дағдыландыру, ойлауы мен зейінін дамыту,оқушылардың өз бетінше ізденіспен топта 
жұмыс істеу қабілеттерін  дамыту, басқаларды тыңдау, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу қабілетін, дағдыларын 
арттыру,сұхбаттасу мәдениетін қалыптастыру, тиянақты тұжырымдама жасауға баулу;
Күтілетін  нәтиже:  Синоним сөздер  туралы  түсінік  қалыптасады,синоним сөздерді меңгереді, синоним сөздерді ажырата 
алады, жазу сауаттылықтары артады, синоним сөздермен оқушылардың жұмыс жасау дағдылары  дамиды, еркін, өзіндік 
дәлелін нанымды жеткізетін, ынталы, сенімді оқушы қалыптасады.
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ   Сабақ  типі: Жаңа  сабақты  игерту
Сабақ  формалары: ұжымдық, топтық, жұптық,жеке
Қолданылатын әдіс  тәсілдер: «Кім зерек?»  ойыны, «Шашылған  сөздер»  ойыны, топтық жұмыс, жұптық жұмыс «Керуен  
сазы», графикалық диктант
Ұжымдық жұмыс. Жұптық  жұмыс «Пилот- Штурман»  Жеке жұмыс
«Қорытындылаушы»ойыны
Құрал жабдықтар, көрнекіліктер: интербелсенді  тақта, бейнекамера,жұмыс дәптері 
Пәнаралық  байланыс: бейнелеу өнері, математика 5- сынып 
Пайдаланылатын әдебиеттер:Г.Қосымова,Ж.Даулетбекова ,Қазақ тілі  5- сынып, «Атамұра»  2010,Ш.Қ.Бектұров,Қазақ тілі, 
«Мектеп»,2006 Синонимдер сөздігі,  «Арыс», Алматы, 2007
Қосымша  әдебиет:Мұғалімдерге  арналған  нұсқаулық,үшінші  басылым, www.cpm.kz6, Назарбаев Зияткерлік мектебі ДББҰ 
,2012 
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ДОМБЫРА СЫРЫ
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы 
«№3 жалпы білім беретін мектеп-кешен» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Божканова Лаура Бейбыткалиевна
Сабақтың тақырыбы: Домбыра сыры
Сабақтың мақсаты: Күй ерекшеліктері туралы түсінік беру. Түрлі сипаттағы музыканы тани білуге ынтасын арттыру. 
Музыкалық шығармалардағы бейнені түсініп, қабылдауға үйрету.
Сабақтың міндеттері:  
-
Музыканың бейнелеушілік қасиетін ажыратуға, динамикалық есту қабілеттерін арттыру.
-
Әнді әдемі сезіммен орындауға баулу.
-
Өткен сабақта алған білімдерін тереңдетіп, тыңдаған, орындаған халық әні мен халық күйлерін еске түсіру, 
дәріптеу, ұғындыру.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, домбыра, дискі, домбыраның суреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Психологиялық сәт
Бары жоғын айтамыз, 
Біз мектепке барамыз.
Ән үйреніп, би билейміз,
Біз талапты баламыз.
ІІІ. Балалар бізге ертегілер елінен Бауырсақ қонаққа келіпті. 
Бауырсақты  біз әнмен қарсы алайық. 
3)
Бауырсақ сендерге көп суреттерін ала келіпті, бұл суреттерді сабаққа өте жақсы қатысқан балаларға  таратып 
отырамын. Сондықтан бүгінгі сабаққа белсене қатысайық. 
4)
Дауыстарың әсем екен рахмет мен де құр қол келмедім, сендерге бір ойын ала келдім. 
Өткенді қайталау «Құрастыру» ойыны
1.
Халық музыкасы дегеніміз не?
2.
Халық әні деген не?
3.
Көктем мерекелерін ата
4.
Халық күйі деген не?
-Ал, жақсы, балалар, ненің суреті шықты?
-Бұл аспап туралы не білеміз?
Домбыра – қазақ халқының арасында кең тараған екі ішекті музыкалық аспап. 
Күй жеке музыкалық жанр болып қалыптасқаннан бастап, домбыра аспабы қоса дамып келеді.
4)
Тағы қандай аспаптарды білесіңдер?(Домбыра, аспаптар туралы балалардың сөзімен)
Музыка тыңдау: Қазақтың халық күйі «Кеңес».
   Күйде ән сияқты белгілі бір тақырып – туып –өскен жеріне, табиғатқа, күнделікті тіршілік – тұрмысына және өмір 
құбылыстарына деген адамның өзіндік көзқарасы бейнеленеді. Айырмашылығы – күйде сөз мәтіні болмайды.
79

 Сондықтан күйді аспаптық музыкаға жатқызамыз. Ол тек бір аспапта немесе оркестрде орындалады. Күй көлемді шығарма, 
оны қабылдау әнге қарағанда күрделірек.
Ойлан тап!
2)
Бұл шығарма музыканың қай түріне жатады?
3)
Күй қандай аспапта орындалды?
4)
«Кеңес» күйінің әуенімен дауыс қыздыру жаттығуымызды орындап алайық...
5)
А –а-а
6)
О - о-о
7)
У –у-у
Жұмбақ жасыру
Тиіп кетсе ән салған,
Даусына ел тамсанған.  (Домбыра)
Музыкалық үзіліс. (Сергіту сәті)
Ән үйрену:  «Домбырасыз ән қайда?» ақын Х. Талғаровтың сөзіне жазылған И. Нүсіпбаевтың әні
1.
Әнді тыңдату, мұғалімнің орындауында
2.
Әннің мазұны не туралы?
3.
Әуені саған ұнады ма?
4.
Әнді үйрену, хормен айту.
5.
Әуенмен қосылып айту
Шығармашылық жұмыс
Жұмбақ
Екі желілі, 
Күйдің көрігі. (Домбыра)
Жаңылтпаш
Домбыраның құлағын
Оң бұрадым,
Он бұрадым.
Қорыту: 
«Домбыра» сөзжұмбағын шешу.
7.
Шулы және музыкалық ...
8.
Түйенің төлі
9.
Ән, әуен, ырғақ
10.
Ақ қанатты, көк қанатты ...
11.
Ұлыстың ұлы күні.
12.
Атақты күйші.
13.
Құрманғазының күйі.
8)
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
9)
Ал, балалар, бауырсақ сендерге алғыс айтып кетіп барады.
Бағалау. Үй тапсырмасын беру.
* * * * *
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы
№11 жалпы орта білім беретін мектебі математика
 пәні мұғалімі  Архабаева Жұпар Көпбайқызы
 
Оқу үрдісінің ең маңызды жақтарының бірі  – оқу нәтижелерін бағалау болып табылады. Оқу үдерісін 
басқаруда негізгі орын бағалауға беріледі. 
Мұғалім оқушы жұмысын бағалаған кезде, өзі оқушыға нені үйретсе соны бағалайды. Мектептегі  
оқушының алған барлық білімі   оның болашағына қажетті өмірлік қоры болмақ, сондықтан оқушы 
жұмысын бағалаған кезде объективті болудың маңызы ерекше.
  Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге шолу жасасаңыз, бағалау үдерісіне қатысты белгілі бір жүйенің (классификацияның) 
жоқтығын байқайсыз. 
  Осы уақытқа дейін оқушының білім деңгейі мен білім сапасын - тест, тексеру жұмысы, жазба жұмысы, әртүрлі диктанттар,  
өздік   жұмыстар,   ғылыми   жобаның   орындалуы   олимпиадаларда   қатысуы   немесе   тоқсан   қорытындысы   бойынша   өзара 
салыстыру арқылы өлшеп, бағалап келгеніміз шындық. 
  Жұмыстың   осылай   ұйымдастырылуы   оқушылардың   өз   оқу-әрекеттерін   дұрыс   бағалай   алмауына,   сыни   тұрғыдан   ой  
елегінен өткізе алмайтындығына әкелді. Қазіргі күндегі көпшілік «оқу озаттарымыздың» күннен-күнге қарқыны арта түскен  
ақпараттар   ағымына   ілесе   алмай,   оларды   сараптай   алмай,   дұрыс   талдауға   мүмкіндігі   болмай,   бүгінгі   күнде   бел   алған 
бәсекелестікте қабілетсіз болып отыруы – шындық.
  
  Білім беру жүйесінде ұзақ жылдар бойы оқушылардың білім, білік, дағдысын бағалаудың бес балдық жүйесін  
өзгерту   және   жаңарту   мәселесінің   туындауына     Республикамыздың   білікті,   білімді,   жаңашыл   (новатор)   ұстаздарының 
пікірінше мынадай қайшылықтар себепші:

бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы;

білім саласындағы және оқушы танымындағы өзгерістер арасындағы қайшылықтар;

білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер мен осы жүйені басқарудың сипаты арасындағы қайшылықтар;

қоғамдағы сұраныстардың өзгеруі т.б.
80

   Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі тауары – құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке 
құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру десек, біз оқушының білім, білік, дағдысын бағалаудан, құзіреттілік қасиетінің  
қалыптасуын   бағалауымыз   керек.   Мектептегі   бағалауды   жаңартудың   мақсаты   –   оқушылардың   бағаларын   мазмұнды,  
объективті, дифференциалды ету. Білім алушының құзыреттілігін дамытуға, тұлғаның қалыптасуына бағытталған бағалау  
жүйесі.
 
Білімді тексеру, бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық  
мәлімет   береді.   Мұғалім   оқушы   білімін   бағалау   процессінде,   өз   жұмысындағы   жетістіктер   мен   олқылықтарға 
(кемшіліктерге) баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, өз жұмысына түзетулер жасайды.
 
  Заманауи   мектептің   оқушысы   ұтымды   ұйымдастырылған   сабақ   барысында     шығармашылық   импульс   алады, 
дүниені, қоршаған ортаны, қоғамды танып-білуге, өз қабілеттерін дамытуға ұмтылады.
 
Критериалды   бағалау   жүйесі   жоғары   сынып   оқушылары   үшін   қолайлы,   өйткені   осы   жастарда   балалар 
ерекшеленуге құштар болады, яғни оқушының белсенділігін арттырады.Оқушылар арасында сайыс- жарыстар, бәсекелестік  
пайда болады.
Критериалды бағалау – білім алушының негізгі құзіреттіліктерін қалыптастырушы білім алудағы нәтижелерін алдын ала  
анықталған, бірлесіп жасалған,барлығына белгілі критерийлермен салыстыру процесі.
Критериалды бағалаудың артықшылығы неде:

Пәннің оқытылу мақсатына сәйкес келуі және мұғалімнің көңіл күйіне қатыссыз объективті бағалау;

Оқушы жетістіктері нақты анықталады;

Бағаның нақтылығы барлығына (ата- аналарға,  оқушыларға, мұғалімдерге) айқын көрініп тұрады.

Оқушының өзін өзі бағалауына мүмкіндік береді;

Оқушыны өз еңбегінің нәтижесіне жауапкершілікпен қарауға үйретеді,

Білім сапасы көтеріледі.
   
Критериалды   бағалау   қолданысында   білім   алушының   оқудағы   жетістіктерін   тексеру   үшін   бағалаудың 
қалыптастырушы және жиынтық формалары қарастырылған.
Оқыту үшін бағалау (қалыптастырушы)
Оқуды бағалау (жиынтық)
Оқыту үшін (қалыптастырушы) бағалау мақсаты кері 
байланысты қамтамасыз ету үшін мұғалім және оқушы 
жүргізеді. Бұл оқушы үшін төмен бағанды бағалау 
болады.
Жиынтық бағалаудың мақсаты оқушының бір тақырып 
немесе тоқсан аяғында жеткен жетістігі немесе белгілі 
бір стандартты меңгеруі.
Оқушы қазіргі уақытта не оқып білгені анықталады
 Оқылған тақырыптың немесе тараудың соңында 
(бақылау немесе сынақ жұмысы арқылы)
Оқушыларға өз жұмыстарына түзетулер жүргізе 
отырып, жоғарырақ деңгейге жетуге көмектеседі
Оқушыларға оқылған тақырып бойынша жеткен 
жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді
Мұғалімге әр оқушының материалды игеруі туралы 
ақпарат жинауға, оны талдауға және ары қарай оқыту 
сапасын тиімді ұйымдастыруды  жоспарлауға 
мүмкіндік  жасайды. 
Мұғалімге оқушы білімінің нәтижесі  бойынша 
қорытынды жасауға және қорытынды  бағаны қоюға 
мүмкіндік береді.
Әлемдегі соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызда формативті(қалыптастырушы) бағалау үдерісінің едәуір дамуы мен 
білім беру мен білім алуда қолдану мүмкіндіктеріне серпін берді. Оқыту үшін бағалауды түсіну үшін оны дәстүрлі бағалауға  
қарама-қарсы қойған дұрыс. 
Оқыту үшін бағалауда оқушы не білетінін көрсетеді, өзін-өзі бағалайды және жетілдіреді. Қалыптастырушы   бағалаудың  
дәстүрлі бағалаудан айырмашылығы:

Күнделікті сабақтағы іс-әрекетке килікпейді;

Бағдарламаны меңгеру кезінде оқушы білімін дамыту үшін қойылады;

Оқу жоспарының сыныпта орындалуын көрсетеді;

Әрбір жеке тұлғаның әлсіз немесе күшті жақтары туралы хабарлама береді;

Оқушының үлгерімі туралы бірнеше көрсеткіш көрсетеді;

Ең бастысы әрқашан кері байланыс болады;
Математикадан оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін үш  критериді қолданамын. 
Критерийлердің 
белгіленуі
Критерийлердің атауы
Критерийлердің мазмұны туралы қысқаша түсінік
А
А
Білу және түсіну
Оқушылар оқылған материалдар бойынша білімдері мен 
түсінгендерін айта алады. Тақырыпқа байланысты элементар 
есептерді дұрыс шығаруды біледі, математикалық тілде берілген 
ақпаратты дұрыс түсінеді
ВВ
Қолдану және талдау
Оқушы есепті шығарудың оңтайлы әдіс-тәсілін таба біледі,алған 
білімін қолдана алады, есептің жауабының дұрыстығын тексере 
алады, математикалық тұжырымдамаларды дәлелдей алады, 
81

есептің шешілуін түсіндіре алады, ұғымдар арасындағы 
байланысты талдай алады.
СС
Жинақтау және 
рефлексия
Оқушы тақырып бойынша реферат немесе баяндама жазып, оны 
қорғай алады, жобалармен зерттеулер жүргізеді, есептерді шешуді 
жоспарлай алады, қорытынды жасай алады, математикалық 
ақпаратты берудің әртүрлі тәсілдерін қолданады.Стандартты емес 
есептерді шеше алады

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет