Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы


Алгебра пәнінен өзіндік жұмысқа арналған дескриптор



Pdf көрінісі
бет16/33
Дата28.01.2017
өлшемі9,52 Mb.
#2929
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33

Алгебра пәнінен өзіндік жұмысқа арналған дескриптор
Дескриптор / Дескриптор / Standard - оқушының белгілі бір тапсырма бойынша
орындаған жұмысының деңгейін немесе сапасын сипаттайтын тұжырым. 
Тақрыбы: "Квадрат теңдеуді екімүшенің квадратын айыру жолымен шешу. Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласы. Квадрат 
теңдеулерді шешу"
Крите-
рийлері
Тапсырма 
тақырыбы 
дескриптор
Жетістік 
деңгейі
Тапсырманы 
орындауға 
берілетін ұпай
А (max 3)
Квадрат теңдеуді 
екімүшенің 
квадратын айыру 
жолымен шешу
х
2
-2х-15=0
Тапсырма бойынша берілген критерийлерді 
орындай алмады. 
0
3 ұпай
Екімүшенің квадратын айыра алады
1
Толымсыз квадрт теңдеуді дұрыс шеше 
алады
1
Жауабын дұрыс жазған 
1
B (max 4)
Квадрат теңдеуді 
екімүшенің 
квадратын айыру 
жолымен шешу

2
-6х+3=0
Тапсырма бойынша берілген критерийлерді 
орындай алмады.
0
4 ұпай
Квадрат теңдеуді көрсетілген түрге келтіре 
алады
1
Екімүшенің толық квадратын айыра алады
1
Толымсыз квадрт теңдеуді дұрыс шеше 
алады
1
Теңдеудің түбірлерін дұрыс жаза алады
1
C (max 5)
Берілген теңдеуді 
квадрат теңдеу 
түбірлерінің 
формуласы 
бойынша шешу
(4х-5)(3х+7)-(х-2)
(4х+2)=33х+73
Тапсырма бойынша берілген критерийлерді 
орындай алмады. 
0
5 ұпай
Көпмүшені көпмүшеге көбейтуді дұрыс 
орындаған
1
Ұқсас мүшелерді біріктіре алады
1
Квадрат теңдеуді стандарт түрге келтіре 
алады
1
квадрат теңдеу түбірлерінің формуласын 
дұрыс қолдана алады
1
Түбірлерді дұрыс есептеп, жауабын жаза 
алады
1
Бағалау критерийлері
0-2 ұпай
«2»
7-8 ұпай
«3»
9-10 ұпай
«4»
11-12 ұпай
«5»
Барлық ұпай
Баға
82

Критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы мұғалім:
оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттайды;
оқушының дайындық деңгейі мен өсу динамикасын анықтайды;
тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізеді;
 түрлі формадағы бақылау жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткізеді;
Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау арқылы оқушының еңбегін анықтайды;
Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын алуға қол жеткізеді.
«Шәкірттің ойлау қабілетіне еркіндік беріп, шектемей, жетелеп, адастырмай бақылап, керек кезінде жолын көрсетіп отыру 
дұрыс», деген Ы. Алтынсариннің сөзі бағалаудың мәніне сай келмей ме. Яғни біз ұстаздар қауымы бағалауды өткізу үшін, 
оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін  
екендігін анықтауымыз қажет.  
Ұшып келе жатқан әрбір тырна алдыңғы тырнаның ауа толқынын сезіп отырады. Артында ұшып келе жатқан құс ауаны  
қалыпты жағдайына келгенше қырындап отырады. Алдында ересек құс, соңында   жастары ұшып отырады. Ересек ауаны 
жарып   отырады.   Яғни   осы   Қазақстан   Республикасының   педагог   қызметкерлерінің   деңгейлі   бағдарламасы   бойынша 
біліктілігін   арттыру   курсын   аяқтаған   мұғалімдер   бірігіп,   желелік   қоғамдастық   арқылы   тырналардай   тізбектеліп,  
ынтымақтаса жұмыс жасасақ Қазақстанның өркендеуіне үлес қосатын білімді ұрпақты тәрбиелеп шығатынымызға кәміл 
сенемін. 
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық Бірінші (ілгері) деңгей, екінші басылым
2.Физика және математика журналы 2014ж. №1
* * * * *
ТАҚЫРЫБЫ: Ч Ч ДЫБЫСЫМЕН ӘРПІ 
Елемесова  Алмагүл  Ғабділмәлікқызы
Астана қаласы №53  мектеп-лицей
Бастауыш  сынып  мұғалімі
Тақырыбы
Ч ч дыбысымен әрпі 
Мақсаты
Ч ч дыбысы мен әрпін танысу
Оқыту нәтижелері
5.
Оның дауыссыз (қатаң) дыбыс екенін аңғару
6.
Ч ч дыбысы бар сөздерді буынға бөлгізіп оқу (сөйлемдер құрау)
7.
 Сөздерге дыбыстық талдау жасау
8.
 Баспа әріптерді дұрыс жазу
Міндеттері
оқушының толық ақпарат алуына ықпал ету;
- тапсырмалардың дұрыс орындалуына бағыт бағдар беру;
- оқушының еркін жұмыс жасай алуына жағдай жасау;
Дерек көзі
Оқулық,ғаламтор «Google»сайты
Сабақтың барысы
Топқа бөлу
«Суреттер  құрастыру  арқылы  топқа  бөлу»   
Осы жұмыс арқылы сыныпты ІІІ топқа бөлу.
Тренинг
 
«Күлімде  ,күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат!
Берекелі  бүгіндей 
Бейбіт  болсын  болашақ!» 
                  
Тапсырмалар
-
Бейне   таспа арқылы жұмыс
-
Сұрақ-жауап
-
Топпен  жұмыс
Өткен сабақтағы “Э” дыбысын еске 
түсіріп, құрамында  “Э” әрпі бар сөздерді 
сұрау. (электр, элеватор, экскаватор)
“Элеватор” сөзіне сөйлем құрату
Ойын «Буын» (буындардан  сөз 
құрастыру)
Топ оқушыларын үш орталыққа бөлу:
1.    Чак- чак   тобы
2.    Чупа чупс  тобы
3.    Чипсы      тобы
1.Жедел хат бойынша “Гүл шоғының” 
83

Мәтінмен жұмыс
Диалогтық  жұмыс
 Сөздік жұмысы:
Чек, чемпион, чемодан  сөздерін  
талдап  мағынасын  айту
«Ой толғау»
           
            
Сабақты  бекіту
Қорытындылау.
Үш топқа  қағаз тарату
1-топ:Ч дыбысы бар сөздер жазу
2-топ:Ч дыбысы бар суреттерді тауып 
жапсыру
3-топ:Ч дыбысынан басталатын 
сөздерге сөйлем құрастыру.
Бүгінгі өтілген дыбысты қайталап, 
қоржынымызға қосылған сөздерді 
хормен айтып, буындап оқып шығу.
Чем-пи-он
Че-мо-дан
Чек
тапсырмасын орындау
1 тапсырма:  Жұмбақ шешу
Орындық тұр – қарайық
Ұқсайды оған қай әріп? (Ч)
2-тапсырма:  Ч ч дыбысы қандай дыбыс 
деп ойлайсыңдар?
3- тапсырма:  Ч ч дыбысы буын бола 
алама?
4-тапсырма: Еске сақтау диктанты. 
(ауызша)
Чек, чемпион, чемодан, Мичурин – осы 
сөздерді балалар шатыспай айтып беру 
керек.
Осы тапсырмалар орындалған соң гүл 
щоғы балаларға қалады.
Тапсырманы орындаған балалар 
жұлдызшамен бағаланады.
2. Ч ч әрпін ауаға, тақтаға жазып көрсету, 
екі элементтен тұратынын, айтылу 
артикуляциясын түсіндіру.
Чемодан, чемпион, чек.(Сөздерге  
дыбыстық  талдау)
3.Сергіту сәті: Төрт қадам әні бойынша 
бойларын сергітіп билету.       
4. Орталықпен жұмыс:
Чупа- чупс: Алдарында берілген  “чупа-
чупс” кәмпиті  туралы зерттеу жасап  
пайдасы зияны туралы айтқызу
Чипсы:Чипсы туралы айту 
Чак чак :Чак чак туралы айту
6. Ойын “Бинго”
(алдын – ала әзірленген “чек” бойынша 
ойналады)
Егер бала дайындалған сұрақтарға жауап 
берсе тиісті чек-ті алып, чак-чак тағамын 
жеуге рұқсат алады.
Ойынның мақсаты:  балаларға еңбектің 
наны тәтті екенін  түсіндіру, 
шапшаңдыққа үйрету. Сөйлеу қабілетін, 
тілін дамыту.
Бағалау
Белсенділік көрсеткен балалармен топты мадақтап, “ЧЕМПИОН” атағын беру.
Рефлексия
Смайликтер арқылы
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 
Екібастұз қаласы   №26 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі  Кояганова Бақыт Зиятаевна
     Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда.  Оқу-
тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша  
қарауды, шәкірттердің шығармашылық қабілетін дамытуды, іс-әрекетті жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.
     Заман талабына  сай қажетті  жаңартылған өзгерістер мен ізденістер қарастырылуда. Білім берудің мақсаты, мазмұны  
өзгерді. Соған сәйкес оқытудын жаңа технологиясы енгізілуде. 
      Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. 
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны   баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы 
болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. 
       Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға,  
проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама. 
       Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, 
білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз  
бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. 
      «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың  
танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, 
оқушылар   -   оқудың   (сабақтардың)   қызықты,   ұжымды   бірлесіп   жұмыс   жасауға   үйрететіндігін,   білімнің   тереңдігі   әрі  
тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту 
барысында келесі міндеттерді анықтадым. 
    Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты: Оқушының оқу мен  жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту,  
84

қиялын шарықтату және сезімін ояту. Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан дамытудың басты жолы сабақ өткізу мәнерін өзгерту 
деп   білемін.   Стратегияларды   әр   сабақтың   мақсат-міндетіне   сәйкес   тиімді   қолдану   мұғалімнің   шеберлігіне,   ізденісіне 
байланысты.Сонда ғана оқушының оқуы мен жазуына, тілдік әрекетке өзгеріс енгізуге болады. Өз ойын айтуға еркіндік  
берілгенін бала сезінгенде ғана ашылады және нәтижелі болады. Оқушылардың ойлау деңгейі жоғарлайды.   
      «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технология стратегияларын ұтымды қолдану оқушылардың  
танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыратынына көзім жетті. Осыған дәлел ретінде сабақтарымда қолданып 
жүрген бірнеше стратегияларды мысалға келтіргім келеді. 
      «Құбылыстар» тақырыбын ББҮ - Білемін, білгім келеді, үйрендім стратегиясын қолданып өткіздім. 
Сұрақ: - Қандай табиғат құбылыстарын білеміз? 
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Жаңбыр жауады.
Жел соғады. 
Қар жауады.
Тағы қандай табиғат құбылыстары 
бар?
Жер сілкіну, су тасқыны, дауыл, сел сияқты 
табиғат құбылыстары апат деп аталады .
         Баланың шығармашылығын дамытуда мынадай әдістерді қолдандым. Әр тақырыптың идеясын оқушылардың өздері  
ашады. Кейіпкерге айналады, онымен бірге қуанады, қиналады, армандайды, қиялдайды, жағымды жағын алады. Мысалы:  
«Торғай» тақырыбын көрнекілік әдісі арқылы тақырыпты оқушылар өздері ашты. Ол үшін «Торғай, жылан, бала» сөздерін  
алдым. Бұл сабақта Сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Болжау кестесі» стратегиясын қолдандым. 
Не болады?
Дәлел.
Не болды?
Торғайға  бір  қауіп  төніп  тұр.  Жылан 
торғайды жемекші, не бала торғайдың 
жұмыртқасын жармақшы. 
Торғайдың   ащы   шырылы   құлаққа 
тиді.   Жаны   ашыған   торғайлар 
жанында жүр. 
Торғай   тастай   ағып   жерге   топ   ете 
түсті.
Талқылау кестесі арқылы проблемалық сұрақ туғыза отырып, талқылау: 
1) Торғай аман, тірі қалсын ба? - Тірі қалсын. 
2) Әлде жылан торғайды жеп қойсын ба? - Жоқ. 
3) Бала торғайды құтқарсын ба? - Құтқарсын. 
4) Бала мақсатына жетті ме? - Бала мақсатына жетті. 
5) Бала неге қуанды? - Бала торғайды аман алып қалғанына қуанды. 
     Кейбір оқушылар ойын жазбаша жеткізуге қиналады. Ал, кейбіреулері ойын жазбаша еркін жеткізгенді ұнатады. Тірек 
сөздерді пайдалана отырып жазуға төселеді. Тапсырма түрлері өзгертіледі. Кейіпкерге мінездеме беру, автордың ойына өз 
ойларын   қосу,   мәтінді   жалғастыру,   кейіпкерге   сипаттама   беру,   өзіндік   көзқарастарын   білдіру,   авторға   хат   жазу,   автор 
орындығы т.б. арқылы шығармашылығын арттырып, қызықтырып отырамын. 
      Сонымен бірге 5 жол өлең құрастыру арқылы да оқушылардың тақырып бойынша ойын жинақтап, шығармашылығын 
дамыту жолын сабақта жиі қолданамын. 
             Мысалы: l.Көбелек. 
                             2. Ақ, қызыл. 
                             3. Ұшады, қонады, ұстап алдым. 
                             4. Гүлге ұқсас 
                             5. Жәндікті. 
               Жаңа тақырыпқа байланысты сөздік жұмысын жүргізген кезде, жаңа қолданылған сөздерге сөйлем ойлап жазумен  
бірге, сол сөздерді қолданып, 5 жол өлең құрастыруды да тапсырамын. Мысалы: «қырбық қар» - жаңа түскен қар. 
1. Ақша қар 
2. Мамық, ақ жібектей, 
3. Себелеп, ұшып жүріп жауады 
4. Жайнатады даланы. 
5. Қырбық қар – деп құрастырды.
         Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Бұл жұмыстарды бірнеше тақырыптар көлемінде өткіздім. Оқушы жеке  
жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді. 
Мысалы: «Бесік жыры» тақырыбын ББҮ –Білемін, білгім келеді, үйрендім стратегиясын қолданып өткіздім.
         Сұрақ: - Бесік жырында не туралы айтылады? 
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Анасы баласын ән айтып
 уатады.
Ақ бесікке жат бөпем,
әлди-әлди ақ бөпем – дейді.
 Неге «Бесік жыры»
деп аталған.
 Сәбиін бесікке салып, жақсы көрген сезімін 
білдірген. 
Өскенде кім болатынын армандаған.
    Сабақтың соңында мәтіннің тақырыбына байланысты өз ойларын білдіріп, эссе жазады. 
    СТО   құрылымы   бойынша   ұйымдастырылған   сабақтар   баланың   ізденімпаздық,   зерттеушілік,   дәлелдеушілік, 
шығармашылық қабілеттерін дамытатынына көз жеткіздім. 
         Сабақта Сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін  
еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. 
  Оқушы шығармашылығы.  Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. 
Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. 
     Сонымен ортақ пікірге келсек, шығармашылық- ол таң қалу және танымдық қабілет, белгісіз жағдайда шешім таба алу  
іскерлігі,   жаңалық   аша   білу   және   өзі   ашқан   тәжірибені   ұғына   білу   қабілеті.   Ал,   қазіргі   қоғамда   ақыл-ойы   кемел,  
шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адам керектігі - әр ұстаздан талап етіледі.
* * * * *
85

«АДАМ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ» АБАЙ.  ЗАТТЫҢ АТЫН БІЛДІРЕТІН СӨЗДЕР
АНА ТІЛІ (1-СЫНЫП)
Павлодар  облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы
№2 Ертіс жалпы орта  білім беру мектебі
бастауыш сынып мұғалімі Калиякбарова Мадина Төлеутайқызы
Сабақтың мақсаты: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Оқушыларға өлеңдегі негізгі идеяны ұғындырып,өз ойын еркін 
жеткізуге дағдыландыру, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету. Абай өлеңдері арқылы балаларды жақсы қасиеттерге тәрбиелеу, 
жаман қасиеттерден жиренуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дамытушылық сабақ. 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой қозғау, өлеңдегі негізгі идеяны суреттеп айтып беру, сұрақтар қою, т.б.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, семантикалық карта, тест парақшалары.
Сабақ барысы: 1.Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Қонақтармен амандасу. Бір-біріне сәттілік тілеу, тілек айту.
-Күндей күлімде!
 -Жұлдыздай жарқыра!
 -Гүлдей жайна! 
-Шын жүректен тілейміз!
Бағалау парағын тарату, түсіндіру.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Малдың пайдасы» мәтінін 1-2 балаға оқыту.
Жұмбақтар шешу арқылы төрт түлік малға сипаттама беру.
1. Келеді бір жануар,
    Үстінде бір тауы бар. (түйе)
«Мен немін?» Ыстық орындық. (жұмбақ шешкен бала түйенің атынан сөйлейді)
2. Көкке шаншып құйрығын,
    Келеді шауып жүйрігім. (жылқы)
3. Басында мүйізі бар,
    Үстінде киізі бар.  (сиыр)
4. Кішкентай ғана бойы бар,
    Айналдырып киген тоны бар.  (қой)
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар. 
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар. (ешкі)
Төрт түліктің пірлерін атау.
Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер.
Тыйым сөздер (малға байланысты)
-Жақсы,  сендер  төрт түлік мал туралы білімдеріңді ортаға салдыңдар.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
-Қазір қай мезгіл? Көктем.
-Ендеше, жыл мезгілдерін ретімен орналастырайық.
(интербелсенді тақта. 1-слайд)
Қыс      күз       жаз     көктем
Й           А         Б           А
-Абай деген сөз шықты.
-Бұл есімді бұрын естідік пе? Таныс па?
-Ал, енді  тыңдайық.
слайд-2. Абайдың өмірі, шығармашылығы.
слайд-3. «Адам болам десеңіз» өлеңі. (Мұғалім мәнерлеп оқиды, 3-4 балаға оқытады)
флипчарт. 5 асыл іс     5дұшпан
Дәптерге өлеңнен теріп жазу
-Балалар, бізге Алпамыстан хат келіпті. Соны мен сендерге оқып берейін. Тыңдап отырайық. (слайд 4)
-Ал, балалар, Алпамысқа көмектесеміз бе?
(интербелсенді тақтада 1-1леп оқу құралдары-ң суретін шығарып, аттарын атау, сұрақ қою- не?, атын тақтаға жазғызу. Ең 
соңында Алпамыстың суретін шығарып сұрақ қою-кім?)
-Ендеше, заттың атын білу үшін Кім? Не? деген сұрақтар қойылады екен. 
Оқулықпен жұмыс. 191- жаттығу.
Сергіту сәті (видео)
Топпен жұмыс. «Кім жылдам?»
Әр топқа әріптер тарату. 1топ- Ш, 2топ-Б, 3топ -Қ (1 минутта осы әріптерден кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер 
жазу)  Жұппен жұмыс. «Семантикалық карта» 
Тест сұрақтары. (өздігінен жұмыс)
Постер қорғау. «Мен қандай болуым керек?
Бағалау(парақ бойынша). Смайлик тарату.
Үйге тапсырма беру.
* * * * *
86

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СӘЙКЕС БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ ЖАҢА 
ТӘСІЛДЕРДІ САБАҚТА ҚОЛДАНУ
Маңғыстау облысы. Бейнеу ауданы. Боранқұл селосы.
Опорный орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі  Қосымбаева Гулшат
     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ХХІ- ғасырда білімді дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері 
анық.Біздің болашақтың технологиялық және ғылыми қамтылған өндірістер үшін кадрлар қорын жасауымыз қажет. Осы 
заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларынсыз біз 
иновациялық әканомика құра алмаймыз» деп атап көрсетті. Осы талаптарды ескере отырып білім саласына көптеген 
міндеттер жүктеді.Когнетивті даму –баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда когниитивті даму 
оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты 
қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. (Нұсқаулық 78-бет) Жас ерекшеліктер модулі басқа модулімен тығыз 
байланысты. Күнделікті сабақты өткізген кезде оқушылардың жас ерекшеліктерін басты назарға ұстағанда сабақ  қызықты 
болмақ. Сабақ өз дәрежесінде өту үшін әдістерді тиімді пайдалану. Жеті модульді ықпалдастыра отырып, сабақтың 
мақсатын айқындау. Күтілетін нәтижеге жету. Айталық сабақтың психологиялық дайындықтан бастап, бағалау кезеңдеріне 
дейінгі жүргізілетін әдіс-тәсілдер оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болу керек.Менің мектептегі алға қойған басты 
проблемам «Бастауыш сыныптардағы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру» болатын, сондықтан осы модуль 
бойынша жұмыс жасауға тура келеді.  3 – сыныпта Абай  « Жаз» өлеңімен таныстыру үшін             4-модуль АКТ   оқушылар 
үнтаспадан  өлеңді тыңдайды. Бұл caбaқты өткiзбеc бұpын opындaлaтын тaпcыpмaлapды pеттеп aлдым және caбaқтapымa 
бaғдapлaмaдaғы жетi мoдульдi ықпaлдacтыpуғa тыpыcтым. Caбaқтың мaқcaтынa жету тиiмдi  нәтижелеpге қoл жеткiзу үшiн 
oқу мен oқытудaғы жaңa тәciлдеpдi пaйдaлaнa oтыpып oқушылapғa cын тұpғыcынaн oйлaу apқылы, өзiндiк пiкipлеpiн 
нaнымды жеткiзе aлуғa мүмкiндiк беpу.Бүгiнгi caбaқтa ocы жетi мoдульдi пaйдaлaнуды жocпapлaп caбaқ өткiздiм. Мұғaлiм 
ең aлдымен oқушылapғa «iшкi уәж» деп aтaлaтын қacиеттеpдiң қaлыптacуынa жaғдaй жacaу кеpек деcе, coл кезде oқушылap 
өздеpi — өздеpiн ынтaлaндыpып, ocыдaн кейiн oқушылapымдa ұмтылыc пен қызығyшылық, құлшыныc, ынтa пaйдa бoлaды. 
(Paйaн мен Деки 2009Нұcқaулық 34бет)Оқушыларға ой жүгірту бойынша сұрақ қоюдың әр түрлі техникаларын 
пайдаландым.
1.Балалар бұл кімнің өлеңі?
2.Өлеңде жылдың қандай мезгілі суреттелген?
3 Өлеңнен табиғатқа,жануарларға,адамдарға байланысты байланысты берілген
өлең жолдарын тауып оқы.
 4.Абай атамыздың жылдың төрт мезгіліне байланысты қандай өлеңдерін білесіздер?
Бұл сабақтың жүзеге асуы   түсіну кезеңінде орын алады. 1- модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. (диалог арқылы  
оқыту),   2-  модуль  сынй   тұрғыдан   ойлауға   үйрету  тапсырманы   орындау   кезінде   осы   модульдердің   қатысып   отырғанын 
байқадым.   Тапсырмаларды   алған   кезде   жеңілден   ауырға,   ауырдан   жеңілге   қарай   реттеп   отырған   дұрыс   болар   деп  
ойлаймын.Дәстүрлі сабаққа қарағанда сындарлы оқытуда   оқушылардың сабаққа қызығушылықпен қатысып отырғанын 
байқадым.   «Джин   Пиагет,   Мария   Монтесори   және   Лев   Выгоцкий»   сияқты   теоретиктер   оқу   және   даму   мазмұнының 
ұқсастығын қалыптастыра отырып, когнетивтік тәсілді дамытуда одан әрі ілгерлеген. Ғалымдар кіші жастағы балалар өзін 
қоршаған ортамен және адамдармен әрекеттескен кезінде оқу және даму жүзеге асады деп сендірген. (Нұсқаулық 78-бет)
    М. Дулатов «Шілде».1-модуль Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Оқулықпен жұмыс ЖИК СО стратегиясын қолдандым. 
Мәтінді оқушылармен бірлесе отырып үш бөлікке бөліп әр топ өзіне берілген тапсырманы оқиды. Содан соң ойларын ортаға  
салады,талқылайды.Басқа топтағы оқушыларды алмастырып оқыған бөліктерін бір-біріне түсіндіреді. Oқyшылap диaлoг 
әдiciн қoлдaнa oтыpып, мыcaлы:тaлқылay, бiлiмдi бipлеciп құpy, түciнy мен дaғдылapды қaлыптacтыpy apқылы бiлiм aлaды.  
Әpбip caбaқтa oқyшылapғa cұpaқтap қoю apқылы, тaқыpып бoйыншa өз oйлapын aйтyғa мүмкiндiк беpдiм. Өзapa тaлқылay 
apқылы, түpлi oйлapдың бoлaтындығын, бip - бipiнiң түciнyiне көмектеcетiнiн көpcеттi.  Бұл жерде 2, 3, 5, 6, модульдер 
жүріп отырды. Әңгімелесу кезінде сынй тұрғыдан ойлайды және сабаққа  қатысы жағынан оқушылар бір-бірін бағалап 
отырады.  Әр   топ   ойларын   ортаға   салып   талқылау   кезінде   талантты   және   дарынды   балаларды   анықтауға   болады.  
«Меpcеpдiң»   зеpттеуiне   cәйкеc,   әңгiмелеcу   oқушылapдың   бiлiм   aлуының   aжыpaмac   бөлшегi   бoлып   тaбылaды   және 
әңгiмелеcудiң үш түpi бap. Жаңа технологияларды қолдану арқылы  жүргізілген әдістер оқушылардың жас ерекшелігіне сай 
екенін білдім. Себебі оқушылар тақырыптың негізгі идеясын ашуда мұғалімнің көмегі айтарлықтай болған жоқ. Тек мұғалім 
бағыт беріп отырды, сабақ жүрісі барысында оқушылар өздері алып кетті. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын  
қосатын   (көпірді   салуға)   негізделсе,онда   осы   үдерісті   үйлестіретін   мұғалімдер   көпірдің  екі   жағын   да   қалағандай   тиіс.
(Нұсқаулық 35 бет) 
    Оқушыларымды шығармашылық  жұмыс орындауға баулып отырдым.6-модуль. «Галереяға саяхат» әдісі.  Оқушылардың 
жас   ерекшеліктеріне   сәйкес   білім   беру  мен  оқыту.   Тақтаға   әр  түрлі   тапсырмалар  ілінеді.   Оқушылар   тақтаға   жақындап 
орындайтын тапсырманы өздері таңдайды. «Қызықты жаз» тақырыбында   эссе, сурет салу, көрініс көрсету. Тапсырмалар 
белгілі болған соң, әр тапсырмаға сәйкес   оқушылар үш топқа бөлінеді. Оқушылар тандаған тапсырмаларын алып   бір-  
бірімен ақылдаса отырып орындайды. «Жаз»  туралы алған білімдерін пысықтауға болады. Бұндай тапсырманы орындаған 
кезде оқушылар өздерінің бейімділігіне қарай икемделіп отырды. С оқушы көрініс көрсету кезінде топтың айтуы бойынша 
рөлдерді сомдап шықты. Д оқушы шөп шабу, гүл теру тағы басқа көріністерге көз жеткізді. В оқушы сурет салу кезінде 
жаздың   әдемі   гүлдері   мен   ағаштарын   бейнелеп   оқушыларға   түсіндіріп   берді.   В   оқушы   сурет   салу   өнеріне   бейім  
болғандықтан, өзінің ыңғайына қарап таңдап алды деп ойлаймын. Бұрын тақтаға шықпай жүрген оқушылар қол көтеріп  
оқушылармен   жарысып   шыға   бастады.   Зерттеуге   алған   В   оқушым   өзіне   сенімділікпен   қарағанын   байқадым. 
Шығармашылықпен   жұмыс   жаңа   технологиялардың   бір   саласы   болып   келеді.   Шығармашылық   тапсырма   орындау 
барысында оқушылардың ойының әрекетінен қиялы және сөздік қоры дамиды.
     Cәбит Мұқaнoвтың "Шыбынcыз жaз" тақырыбндa сабақ өткiздiм. Бүгiнгi тaңдa мұғaлiмдеp тек caбaқ беpiп қaнa қoймaй,  
oқушылapдың қызығушылығын oятып, caбaққa деген ынтacын дa бaқылaудa ұcтaуы қaжет. Эдвард де Бононың «Ойлаудың 6  
қалпағы»  әдісін  сабақта  қолданғым  келді.  Шыбынның пайдасы  мен  зияны  туралы  талқылау  өткізбек  болдым.  Бірақ  3-  
87

сынып оқушылары бұған дайын емес, себебі олар екі жақты ойлайды. Алты түрлі жағдайда әңгімелеп айтып беру оқушылар  
үшін ауыр. Оқушыларымның жас ерекшелігін ескере отырып менің байқағаным бұл әдісті 4- сыныптан бастап қолдануға  
болады. Жаңа технологияларды қолданған кезде жас ерекшелігін ескерген жөн. Содан әр топқа тақырып бойынша постер 
қорғауды   ұйымдастырдым.   Постермен   жұмыс   жасауда   оқушылар   қызығушылықпен   қатысады.   Әркім   өз   ойын   қосады. 
Сабаққа жәй қатысып отырған оқушылардың орындығының артына стикер жапсырып сол арқылы оқушыны постер қорғауға 
шақырып   отырдым.Постер   қорғаған   кезде   екі   немесе   үш   оқушыдан   тақтаға   шығып   ойын   кезек-кезек   дәлелдеп   айтуға 
тырысты. Бұл кезде оқушылар топ атынан шыққандықтан жауапкершілікті сезінді. Тірек сөздер қолданды (өйткені, себебі, 
сондықтан)   Қызығушылығын   ояту   барысында   ойындар   алдым.   «Сөз   жаса»   бір   сөз   беріледі   оқушылар   шапшаң   ойлап  
бірнеше сөз құрайды. 1, 2, 5, 6 модульдер көрініс табады.
     М.Иманжанов.  «Таңның атуы» шығармасымен танысу кезінде  мәтінді оқушылар іштей оқиды. Содан соң ойларын 
жұппен, топпен  талқылайды. Тақырыпты пысықтау мақсатында айтыс бөлімін  ұйымдастырдым.  Біріншіден оқушылар  екі 
топ бір-біріңе  мәтін бойынша сұрақтар дайындайды. Үшінші топ бұл сұрақтың дұрыс қойылуын және дұрыс жауап беруін 
қадағалап отыруын ұйғардым.. Ой қорыту.Бақылаушы топ бағасын береді. 1- модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 
Диалог.(топтық әңгіме) Айтыс бөлімін ұйымдастырудағы себебім оқушылардың тілдік қорын дамыту, тақырыпты талқылау 
барысында негізгі ойды анықтау. Оқушылар өздігінен тақырыпты аша білді. «Оқушы-оқушы» әдісі бойынша өзара ісқимыл 
жүрді.
Бесінші тезис: «Оқушылардың бір –бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз»
     Қорыта айтар болсам сабақта жаңа технологияны енгізерде тапсырманы жас ерекшелігіне сәйкес алу керек. Орта мерзім 
жоспарлауда  жеті модульді ықпалдастыра отырып, оқушылардың ерекшелігін ескерген жөн.Болашақта оқушыларға тілдік 
қорын молайтатын, әңгімені байланыстырып сөйлеуге арналған тапсырмалар беруді ұйымдастырамын. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет