ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА АҚТ
-
НЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Таскараева Қалбибі Ахметовна,
Жайлаубаева Алия Курбаналиевна,
«ӚРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
АҚ ОҚО ПҚБАИ аға оқытушылары,
Шымкент қаласы, Kalbi_2003@mail.ru
Қазіргі таңдағы ӛндірістік қоғам дамуының маңызды сипаты - ақпараттық
технологияның халық шаруашылығының барлық саласына, соның ішінде білім
беру саласына енуі білім беру ісінде елеулі ӛзгерістердің енуіне әсер етті.
―Оқытудың ақпараттық ортасы‖ термині ақпарттық ортаны пайдаланудың
сапалық ӛзгерісіне байланысты ӛзекті болып отыр. Ақпарттандыру ұғымы
компьютерлік технология және компьютерлендірумен тығыз байланысты.
Ақпараттық технологияның компьютерлік технологиясыз іске асуы мүмкін
емес. Барлық дамыған елдерде оқытудың компьютерлік технологиясы
пайдаланылады. Себебі, біріншіден, оқытуда бұл технологияны пайдаланбау
оқыту процесінің қарқындылығының тӛмендеуіне әсер етсе, екіншіден, қазіргі
уақыттағы ақпарат кӛлемінің ұлғаюына байланысты [1].
«Білім берудегі жаңа технология» АҚШ-та 40-жылдары пайда болды.
Алғашқы кезде жаңа техникалық құрал жабдықтарды оқу-тәрбие үрдісінде
пайдалану мағынасында қолданылып жүрсе, кейінірек «оқыту технологиясы»
ретінде ғылым мен техниканың жетістері негізінде оқыту қызметін
оңайландыру мағынасына ие болды.
Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» оқытушының практикалық
қызметінде іске асатын басты моделі болып отыр, яғни оқытудың тиімді
жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін қолданудың негізгі мақсаттары айқындалған,
атап айтсақ:
Біріншіден, адамдардың ӛмірінің әртүрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға
жағдай жасау;
313
Екіншіден, адамдардың ӛз бетінше білім жинақтауға шығармашылықпен
қызмет етіп, тез ӛзгергіш ӛмірге бейімделуіне жағдай жасау;
Үшіншіден, оқушылардың жаңалықтарды тез қабылдауын қалыптастыру
және жаңалықтарды ӛмірде қолдана білуге үйрету.
Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі
болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды
ақпараттандыру еліміздің экономикасын, мәдениетінің, ғылымының дамуының
негізгі алғы шарты. Ал, осы мәселені шешудегі басты рӛл мұғалімдерге де
жүктелді [2].
Қоғамдағы жаңа ӛзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму
жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі ӛзгертіп, қоғам
қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына тӛмендегідей
міндеттерді қойып отыр:
білім сапасын арттыру;
әлемдік білім беру кеңістігіне ену;
білімді ақпараттандыру;
ғаламтор жүйесін пайдалану;
электрондық оқулықтар;
қашықтықтан басқару.
Осы міндеттерді шешуде қазіргі жаңашыл мектеп ӛз алдына мынадай
мақсат қойып отыр: ―Жаңа ақпараттық технология арқылы білім мазмұнын
жаңарту‖. Осы мақсатқа сай бүгінгі мұғалімдер білімділікпен қоса, ӛзіндік
пікірі бар, заман ағымына сай жеке тұлғаны қалыптастыру, сондай-ақ жас
ұрпақты ―ақпараттық қоғамға‖ тәрбиелеу барысында оқу-тәрбие үрдісінің
заман талабына сай әдіс-тәсілдерін таңдай білуі қажет. Қазіргі таңда толық,
сапалы, бәсекелестік қабілеттегі білім беруді ұйымдастыруда кӛптеген оқыту
технологиялары жүзеге асырылуда. Солардың бірі - жаңа ақпараттық
коммуникативтік технология. Компьютерлер білім беруге кеңінен қолданыла
бастағанда ―оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары‖ термині пайда болды.
Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы - ақпаратты оқушыға компьютер
арқылы әзірлеу мен тарату үрдісі, оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуде
есептеуіш техника құралдарының рӛлі мен орны. Білім саласында
компьютерлік технологияны пайдалану мұғалімге оқушының оқу пәніне деген
танымдық қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Ноосфералық даму кезеңінде география пәні мұғалімдерінің іс-
тәжірибесінде оқытудың дәстүрлі әдістерімен қатар, белсенді оқыту әдістері,
оқытудың инновациялық технологиялары пайдаланылады. Дәстүрлі оқыту
жүйесінде мұғалім білім беруші рӛлін атқарып, оқыту құралы ретінде қызмет
атқарады. «Оқушы -оқу ортасы -технология» жүйесін пайдалануды ұсынып
отырмыз. Осы жүйе негізінде оқушы ӛздігінен білім алады. Алайда, оқушының
іс-әрекетін тым қатал басқару оның ӛзіндік ой-пікірі мен ӛз бетінше жұмыс
істеу қабілетінен айырады. Бұл технологияның ӛзектілігі қоғамның
ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады [3].
314
География сабағында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім
мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ
сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді. География
пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияның тиімділігіне тоқталатын болсақ,
оны тӛмендегідей атап ӛтуге болады:
1. Мәтіндік редакторы - географиялық құжаттарды құру құралы (реферат,
таблицалар);
2. Графикалық редактор - шығармашылық сабақтардың жұмысын құру
құралы (шартты белгілерді жасау, географиялық план жасау, табиғаттың
кӛрінісі, температураның, жауын- шашынның, желдің графигін сызу);
3. Мультимедиялық редактор - сабақта табиғи процестерді құру құралы
(геологиялық, климаттық);
4. Презентациялық - елдің, объектінің презентациясын жасау;
5. Лазерлік дискідегі географиялық кітапхананы пайдалану (карта,
анықтамалық, энциклопедия);
6. Локальдық тестілеу;
7. Ғаламтор жүйесіне кіру. Әлемнің кез-келген жеріне виртуалды саяхат
жасау;
8. География ғылымы бойынша ӛзінің ғаламтор қорын құру, тәжірибе
алмасу, тікелей эфирде атақты мұғалімдердің сабақтары тууралы мәлімет алу;
9. Электрондық поштаны пайдалану мүмкіндігі. Географиялық ақпараттар
жӛнінде ой бӛлісу, жаңалықтар алмасу;
Жаңа технологияның тиімді жақтарына тоқталып кетсек:
- білім мазмұнының заман талабына сай болуы;
- қажетті білімді толығымен алу;
- білімді ӛздігімен меңгеру;
- ӛзін-ӛзі бағалау;
- жалған ақпарат алу қаупінен құтылу;
- жалған бағадан арылу.
Жаңа технологияларды қолдана отырып географиялық білім беру
барысында адамдардың ӛмірінің әртүрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға
жағдай жасау мен адамдардың ӛз бетінше білім жинақтауға шығармашылықпен
қызмет етіп, тез ӛзгергіш ӛмірге бейімделуіне жағдай жасау. Оқушыларды
жаңалықтарды тез қабылдауын қалыптастыру және жаңалықтарды ӛмірде
қолдана білуге үйрету [4].
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы географиядағы білім
сапасын арттыруға ерекше кӛңіл бӛле отырып, тӛмендегідей жетістіктерге қол
жеткізу мүмкіндігі туады:
- Жаңа ақпараттық технология арқылы білім сапасын арттыру;
- Қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін баланы ақпараттық қоғамға
тәрбиелеу;
- География сабағында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы
білім мазмұнын жаңарту.
315
Қорыта келсек , үздіксіз даму кезеңінде география пәні мұғалімдерінің іс-
тәжірибесінде оқытудың дәстүрлі әдістерімен қатар, белсенді оқыту әдістері,
оқытудың инновациялық технологияларды пайдаланудың мүмкіндіктері зор
болып отыр.
Әдебиеттер:
1.
«Білім беру мекемелері қызметкерлерін ақпараттық – коммуника-
цикалық технология саласы бойынша біліктілігін кӛтерудің ғылыми-
әдістемелік негіздері». Алматы - 2006
2.
«Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары» Е. Т.
Акитбаев., 2006ж
3.
«География және табиғат» ғылым педагогикалық журналы.№1, 2, 3,
2015.
4.
Бәкелестікке қабілетті тұлға тәрбиелеу. Қ. Жүнісханов. 2008.
«Оқыту - тәрбиелеу технологиясы» журнал.№3, 5, 2015 ж
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ
ЖАҢАРТЫЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Таумаханова Гульназ Маратовна,
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚФ
Қызылорда облысы бойынша
ПҚ БАИ кафедра аға оқытушысы
altyn2050@mail.ru
Әлемдік кеңістікке еркін қанат қақтыратын ағылшын тілін меңгеру ұлттың
бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түсуде. Уақыт талабына орай ағылшын тілін
оқыту бірінші сыныптан бастап енгізілуде. Бастауыш сыныпта ағылшын тілін
оқытудың негізгі мақсаты коммуникативтік іс-әрекет негізінде оқушылардың
тілдік қарым-қатынас құзырлығын қалыптастыру болып табылады. Ағылшын
тілін оқытудың барлық үдерісі айтылым, оқылым, тыңдалым, жазылым
дағдыларын қалыптастыруға бағытталған коммуникативтік негізден құралады.
Тапсырмалар ағылшын тілінде болғандықтан коммуникативтік мақсаттарға
бағытталған құзырлылыққа тапсырмалар кешенді сипатта ұсынылғаны тиімді
болады. Әр сыныпта ӛтілген тілдік материалдар аясында:
- айтылымдық, ырғақтық ережелерге сәйкес оқуы;
- оқыған шағын мәтіндердің негізгі мазмұнын сӛздіктер кӛмегімен түсінуі;
- қарапайым сӛйлемдерді қолданып, мәтін мазмұны бойынша түсінік
айтуы;
- әңгімелеу барысында тіркестерді қолдануы, баяндау барысында
суреттерді, графикалық сызбаларды, ым-ишараны қолдана алуы секілді
нәтижелер күтіледі.
316
Сонымен қатар оқушылардың жеке дара жұмыс жасағандарынан гӛрі ӛзара
әңгімелесу, сұрақ қою, диалог жүргізу кӛмегімен ӛз келісу/келіспеу, қуану,
ӛтіну, нәтижемен бӛлісу сияқты тілдік дағдыларды дамытуға жетелейтін
қарапайым қатынас жағдайында оқытуға қатты мән беріледі. Осындай
жұмыстарды кӛмегімен ғана балалар дайындықтарын күнделікті жетілдіруге
мүмкіндік алады, олар оқыған немесе есте сақталған ақпараттарымен бӛліседі,
заттарды, суреттерді, мазмұнды сипаттауларға қатысады. Ақпараттарды
қысқаша ұсынуға, мәтіндерді жазу рамкаларында бейнелеу дағдыларын
дамытуға машықтанады[1.39].
Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқыту балалардың коммуникативті
даму біліктілігін арттыру арқылы шет тілін меңгеруге қызығушылығын оятуға
мүмкіндік береді. Ағылшын тілін оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап
түсіну, сӛйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана
қоймайды, оларды ӛзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым қатынас
мәдениетіне де үйретеді. Шетел тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін
оқып жатқан елдің мәдениетімен, ӛмірімен танысады. Оқушылардың
дағдыларын дамытудағы ӛте маңызды аспектілердің бірі - оқушы әрекетін
мұғалімнің дұрыс қабылдауы - қателерін түзету, ескертпелер және
түсініктемелер беру. Оқушының ӛз ойын еркін білдіруге мүмкіндігі болу тиіс,
ол жағдайды оқушыға ұстазы жасайды. Қолданыста жүрген әдіс-тәсілдерді
нақты мақсатта күтілетін нәтижеге бағыттап жоспарлауды үйрену маңызды.
Оқудың басында оқушы тілдік материалды қиындықсыз меңгеріп кетуі
мүмкін, ал уақыт ӛте материалдың күрделенуіне байланысты оқушы әртүрлі
қиыншылықтармен кезігеді. Уақытында оқыту үдерісінде тиісті кӛмек
берілмесе проблемар кӛбеюі мүмкін, қиыншылықтардан шығу үшін мұғалім
тиімді әдіс табу қажет.
Қиыншылықтан шығудың тиімді әдісінің бірі интербелсенді оқыту
әдістерін пайдалана білу, ойын арқылы үйрету, оқушының оқу үдерісіндегі
рӛлін белсендіру, қалыптастырушы бағалау арқылы ынталандыру. Әрине
ағылшын тілін оқып үйрену аз уақытта қалыптаса алмайды. Ӛз ана тілін әлі
толық меңгермеген бала үшін ағылшын тілін үйрену оңайға соқпасы анық, бұл
істе мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бастауыш сыныптарда баланы
ағылшын тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтуға, буындарды, сӛз тіркестерін,
сӛйлемдерді дұрыс меңгеріп негізгі грамматикалық категориялардан жалпы
мағлұмат беріледі.
Мысалы: алғаш дыбыстарды үйрету барысында, балаларға дыбыстың
қалай айтылуын меңгерту үшін мынадай әдіс қолдануға болады: Ертеде әдемі
бір үйшік болыпты, оның ауласы аппақ қаз-қатар тастармен қапталған. Ол
үйшікте ӛзі батыр, ӛзі кемеңгер адам тұрады екен. Ол - Mr.Tongue. Ол бірнеше
тілде сӛйлей алады. Бір күні ол шаршап ұйықтап кетеді. Қандай дыбыс шықты?
- «һ-һ-һ». Енді ол таңертең ұйқысынан тұрып керіледі - «о-о-о». Беті қолын
жуып ас үйге кіріп шай ішкісі келсе, шай ыстық, шайды суытамыз - «u-u-u».
Жұмысқа асығып бара жатып, айналасындағы адамдармен «Hello!» - деп
317
амандасады - дегендей, одан әрі әңгімелерде сӛздер мен тіркестерді есте
сақтаудың ерекше тәсілдерін ұсынып отыру.
Ағылшын тілін үйретуде алғашқы кезде балалардың кӛздерімен кӛріп,
ағылшын тілінде тыңдау арқылы - тыңдау мен сӛйлеуге үйрету маңызды.
Сыныпта мысалы: есікке - DOOR, терезеге - WINDOW, тақтаға -
BLACKBOARD немесе WHITEBOARD, қабырғаға - WALL, гүлге - FLOWER,
сӛрені - SHELF, партаны - DESK, орындықты - CHAIR деп жазып қойса, оқушы
есікті кӛріп тұрып оның қалай жазылатынын кӛзбен кӛру арқылы есінде сақтай
алады.
Барлық балалардың қабілеттері бар, дарынды десе де болады. Тек олардың
қабілеттері әртүрлі, бәрінің бірдей тілдік дағдылары дамыған деп айту қиын.
Кейбір оқушыларда тіл меңгеруде қиындықтар болуы мүмкін. Оқушы
бейімділіктерін ескере отырып, оларға бірлесе оқуға, жаттығуға, қайталау
тәсілдері арқылы үйренуге жағдай жасалуы керек.
Оқушыларға әңгімелесу үшін жағдай жасалғаны және қарапайым
тақырыптар ұсынылғаны тиімді. Міндетті түрде тақтада немесе басқа
ресурстарда тірек сӛздер берілгені дұрыс. Әр тақырыпқа таңдау жасау арқылы
түйін сӛздер кӛмегімен мәтін құрастыруға баулуға да болады.
1.
My family: members of my family and their jobs.
2.
Forms of addressing people older than me in my country.
3.
My house, (flat) my room.
4.
What time is it? My working day.
5.
I help my mother with shopping.
Сондай-ақ келесі құзырлы тапсырманы ұсынамын:
Timur and Berik bring their pets to school to show and tell.
Read what they said, pay attention how they did it.
Which student was the better speaker? Use hints to be a better speaker. Put
down the name of the best speaker and give your reason orally[2].
Тимур мен Беріктің ӛз асыранды жануарларын мектепке әкеліп кӛрсетеді
және олар туралы хабарлама жасайды. Хабарлама мәтіні бойынша балалардың
ӛз әрекеттерін ӛзара талдауға, бағалауға, түзетуге және бір-біріне кеңес айтуға
тартқан жақсы нәтиже бере алады. Жұмыс барысында бір-бірін тыңдауға,
айтқандарын зерделеуге, жаңа сӛздер мен тіркестерді қолдану жүйесі жайлы
тереңірек меңгеруге мүмкіндіктер алады.
Мысалы, Тимур: This is my pet rabbit, Happy. I got him when he was a tiny
baby. Now he weighs six pounds. He is white, his nose is pink. He eats cabbage and
special food. He is so good pet.
Берік: Um, this is my guinea pig… Um, well, I like having a guinea pig… for a
pet. He, ah, does lots of things... He is pink. He, um, that‘s all.
Бағалау критерийлері:
Хабарлама берілген тақырыпқа сәйкес
2 балл;
Хабарламада тілдік қателер жоқ
2 балл;
Сӛз сӛйлеуші сӛздерді анық және дұрыс айтады
1 балл;
Сӛз сӛйлеуші қатты болмаса да, басқаларға естілетіндей дауыспен
сӛйлейді
1 балл;
318
Сӛз сӛйлеуші тыңдап отырған адамдарға қарап сӛйлейді
1 балл;
Сӛз сӛйлеуші паразит-сӛздерді 3-тен артық қолданды
2 балл:
Сӛз сӛйлеуші жүйелі байланыста баяндайды
2 балл;
Жоғары балл
9 балл
Осындай ӛлшемдерді қолданудың ӛзі оқушылардың ӛзін-ӛзі реттеуіне
бастама бола алады: тілдік қателердің алдын алу, адамдарға қарап сӛйлеудің
маңыздылығын ұғыну, паразит сӛздерді қолданбау сияқты тиянақтылыққа
үйретері мол деп ойлаймын.
Баланың сабаққа деген ынтасын арттыру барысында бағалаудың да
ерекшелігі зор, бірақ бағалауды баға қоюмен шатастыратын жағдайлар кӛптеп
кездеседі. Кей жағдайда бағаның орнына жұлдызшалар, тӛртбұрыш,
үшбұрыштар таратылады. Бұл да қазіргі кезде құпталатын әрекеттер қатарына
кірмейді. Оның орнына оқушылардың ӛзара түсіндірулері, әңгімелесулері,
нақты ұсыныстар беріп түзетуі, ӛз әрекетіне ӛзі кері байланыс жасаудың
қажеттілігі
басымырақ.
Жетістік
ӛлшемдері
мен
дескрипторлардың
қолданылғаны дұрыс, олар оқып-үйренудің нағыз кілті ретінде қолданылады.
Басты назар аудару керек ететін тұс ол қазіргі таңда тіл дамыту үшін ӛте
тиімді болып отырған тӛрт дағды: тыңдалым, айтылым, оқылым және
жазылым. Тіл дамытуда тӛрт дағды қатар жүруі тиіс. Тыңдалымның сыңары
айтылым, оқылымның сыңары жазылым болатын болса, әрбір тапсырма
барысында оларды кіріктіруге мән берілгені маңызды.
Бастауыш сыныпта оқушылардың 4 дағдысын дамытуда қолданылатын
әдістер сан алуан. Баланың жасына, қабілетіне қарай берілген тапсырма тиімді
болып табылады. Оқушыға берілген әр тапсырма сұрақтарында ―Wait time‖
болуы тиіс. Баланың ойын жинақтап, тығырыққа тіремей, еркін сезінуге
мүмкіндік бере отырып, ойлануға уақыт беріп жауабын алу. Тыңдалым
дағдысын дамытуда ―Circus Announcer‖ секілді ӛлеңдермен:
Chicky The Singing Chicken
Chicky The Singing Chicken
That‘s C-H-I-C-K-Y
That‘s C-H-I-C-K-Y
Shep the Speaking Sheep
Shep the Speaking Sheep
That‘s S-H-E-E-P
That‘s S-H-E-E-P, және т.б. осы секілді ӛлеңдермен құлақтарын үйретіп,
тілдерін жаттықтырып және іс-әрекет, ым-ишаралармен кӛрсетіп жасаса
болады. Тыңдалым мен айтылымды жетілдіруде ―Animal descriptions‖ әдісімен
оқушыны сӛйлетіп және бір-бірін мұқият тыңдап жұмбақ шешу арқылы
қызығушылығын оята отырып үйретуге болады. Мысалы: 1. It‘s black and white
like a small horse.
It‘s black and white like a small horse (a zebra).
2. It lives on a farm, has four legs and gives us milk.
It lives on a farm, has four legs and gives us milk (a cow)[3.12].
Оқылым мен жазылым дағдыларын дамытуда ―Dialogue worksheet‖
әдісімен жұмыс жасаса болады. Бӛлшектелген қағаздарға сұрақты бӛлек
319
жауапты бӛлек жазып оқушыларға екі немесе үш топқа бӛліп, әр сұрақтың
жауабын таба біліп және реттілігімен қойып диалог құра білуі.
Оқылым дағдысын дамытуда 3-4 сынып оқушыларына сәйкес қолдануға
болатын ―Find the animal. Look in the dictionary‖ атты әдісті пайдаланған тиімді
болып табылады. Баланың оқылымын, түсінігін, ойлануына кӛмегі мол.
Мысалы:
1.
It begins with ‗c‘. It lives on a farm. It‘s got four legs.
2.
It lives on a farm. It begins with ‗d‘. It can fly.
3.
It can jump. It begins with ‗f‘. It likes water[3.28].
Оқылым және жазылым дағдыларын қатар қолдана отырып дамыту сізге
де оқушы үшін де тиімді. Бірінші сынып оқушылары үшін жазуды үйретуде
қолдануға тиімді әдістер.
―Air writing‖ ―Back writing‖ ―Making string letters‖
Жоғарыда қарастырылған мәселелер шет тілі сабақтарын қызықты,
тартымды және шығармашылық деңгейде ӛткізуге септігін тигізері анық.
Қорыта келе, ағылшын тілін оқыту сапасын арттыру үшін белсенділік
стратегиялар мен әдіс-тәсілдерді кешенді қолдану арқылы ғана үлкен
жетістіктерге жете аламыз.
Әдебиеттер:
1.
Әлімов А.Қ. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Оқу
құралы. -Алматы, 2013.
2.
Cameron Lynne, 2001 “Teaching Language to Young Learners” Cambridge
University Press
3.
ҚР білім жалпы орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы курс
материалдарынан.
ҚАЗІРГІ
КЕЗЕҢДЕГІ ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ
Торебекова Э. А.,
«Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы
АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттың
«Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету»
бӛлімінің басшысы,
elmira.torebekova.68@mail.ru
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің
шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның
жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай
таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол ӛз кәсібін, ӛз пәнін, барлық шәкіртін,
320
мектебін шексіз сүйетін адам. Ӛзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі -
педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты ӛзін-ӛзі жетілдіруге
талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа
формация мұғалімнің шығармашылық табысы меңгерген біліктері арқылы
қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар :
бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі,
әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі -
рефлекцияға қабілетті, ӛзін-ӛзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық,
зерттеушілік,
дидактикалық
-
әдістемелік,
әлеуметтік
тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің
жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты,
белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы
аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық
технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға
бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты
білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде ӛзіндік іс- әрекетке енуге және
жеке ӛміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады.
Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен
ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде
білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет.
Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің
қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы
адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға
бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім
беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына»
бағытталған білімге кӛшуді кӛздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру -
оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен
тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың
идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері «Адамға оқып - үйрену ӛмірде болу, ӛмір сүру үшін
қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу
бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен
танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа
педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті
оқытуға кӛшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай
туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы
барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде
кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде
321
проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық - коммуникативті мәдениеті
жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның
осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « Кәсіби икемділігін оңтайландыруды
қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін, үнемі оқып - үйрену және
ӛзін-ӛзі жасау талабын» қалыптастыра алады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы
біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім кӛрсеткішінің
жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру
үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл
қызметі бойына мансаптық ӛсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды
қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен
ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген [1]. Осыған
байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен
сыңдарлы саясаттар, ӛзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының
ойлауына, ӛткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа
идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса,
білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің,
зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде
білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты
мақсаты - мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне
ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық
қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну -
қазіргі таңда негізгі ӛзекті мәселелердің бірі.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi
роль атқарады. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары
философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа
қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным
теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң
қалыптасуы
мен
негiзделуiнiң
жалпы
ұстанымдарын,
объективтiк
қатынастарды қалыптастырады.
Әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б
2.Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б.
4. С.Е. Шишов. Понятие компетенции в контексте проблемы качества
образования // «Государство и образование», 2002. 88-б.
5. Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті
арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет
6.К.Құдайбергенова. Құзырлылық - тұлға дамуының сапалық критерий //
«білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық
322
нәтижесі» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференцияның
материалдары. 2008. 30- 32-б.
Достарыңызбен бөлісу: |