ҚОРЫТЫНДЫ
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Орталық Азия, Ре-
сей мен Моңғолия тарихында үлкен рөл атқарған тарихи
тұлғалардың бірі және бірегейі – Тұрар Рысқұлов. Ол аса
ауыр, өте күрделі уақытта өмірге келіп, қызмет атқарды.
Ресей империясының ірі отар аймағы болған Орталық
Азияның ХХ ғасырдың басындағы саяси, әлеуметтік және
экономикалық жағдайы ауыр болатын. Бірінші дүниежүзілік
империалистік соғыс пен Орталық Азия халықтарының
отарлық езгіге қарсы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі аху-
алды одан бетер асқындата түсті. 1917 жылғы орыс револю-
циялары тұсында жағдай мейлінше шиеленіскен еді. Орыс
партияларының өзара қырқысы қарулы күштің көмегімен
большевиктердің билікті тартып алуына алып келді. Ресей-
де алапат азамат соғысы басталды.
Патша билігі құлағаннан кейін ұлттық мемлекеттілікті
қалпына келтіру жолында әрекеттенген ұлт зиялыларының
үміті ақталмады, саяси билік үшін қырқысып жатқан орыс
партияларының барлығы дерлік жаңа Ресей империясын
орнату үшін жанталасумен болды. Ресей құрамындағы бо-
дан ұлттарға бостандық берілетіндігі туралы ұрандардың
барлығы да бос сөз болатын.
1917 жылғы саяси өзгерістерді пайдаланып ав-
тономия жариялаған Орталық Азия зиялылыла-
ры орыс революционерлері тарапынан репрессияға
ұшырады. Орталық Азияның билігі толығымен орыс
революционерлерінің қолына көшті. Олар Орталық Азия
мұсылмандарын жек көретін және өздерімен тең емес, екінші
дәрежелі халық санайтын. Басталған сұрапыл ашаршылық
кезінде олар келімсек орыс тұрғындарын аман алып қалуға
тырысып, жергілікті халықтың аштан қырылу фактісіне көз
жұма қарады. Орыс большевиктері мен эсерлері Орталық
Азия мұсылмандарын аяусыз тонауды ғана білді. 1917-1918
267
жылдары өлкеде бұл саясатқа қарсы тұратын күш болма-
ды. Революция қарсаңында большевиктердің Ресейдің бо-
дан ұлттарына өзін-өзі билеу құқығын беретіндігі туралы
уәделері барлығынан асып түскен болатын. Бірақ сөз бен
саясаттың ауылы алыс жатты. Азамат соғысы жылдарында
ұлт аймақтарында кеңестік үлгіде құрылған автономиялық
құрылымдардың өз еркі өздерінде болмады, «пролетари-
ат диктатурасын» желеу еткен орыс большевиктері ұлт
қайраткерлерін билікке жолатпады.
Тоталитарлы билікті ұстап тұрған Ташкент большевиктері
мен қырылып жатқан Орталық Азия мұсылмандарының
ортасында қалған жергілікті жастар қалыптасқан саяси
жағдайда мүмкін болған жалғыз жолды таңдауға мәжбүр бо-
лады. Ол – саяси билік пен әскери күшке ие болып отырған
орыс революционерлерімен ымыраға келіп, кеңес басқару
мекемелерінің құрамына кіру және саясатқа ықпал етіп,
халықтың қырылуын тоқтату жолы болатын. Бұл өзін-өзі
ақтаған көреген шешім еді. Бұл саясаттың бастамашысы –
жас та болса, ұйымдастырушылық дарынымен көзге түскен
Тұрар Рысқұлов болды.
Тұрар Рысқұловтың саяси қызметі жақсы зерттелінген,
бірақ өкінішке қарай, қайраткердің экономикалық қызметі,
жарық көрген бірқатар еңбектерді айтпағанда, толық ашы-
ла қойған жоқ. Тәуелсіз Қазақстанның экономика ғылымы
үшін бұл тақырыптың қаншалықты маңызды екені белгілі.
Сондықтан да, ғылыми айналымға тұңғыш рет енгізілетін
мол деректердің көмегімен Тұрар Рысқұловтың Орталық
Азиядағы экономикалық қызметін кешенді түрде ашып
көрсету – зерттеу жұмысының басты мақсаты болды.
Тұрар Рысқұловтың Орталық Азиядағы экономикалық
қызметі түрліше тарихи кезеңдерден тұрады. Жүргізілген
зерттеу жұмысының негізінде қайраткердің экономикалық
қызметінің кезеңдері бойынша төмендегідей нәтижелер
алынды:
268
Бірінші нәтиже. Революция мен экономикалық апаттың
салдарынан 1918-1919 жылдары Орталық Азияда орын
алған сұрапыл ашаршылық кезіндегі Тұрар Рысқұловтың
Ашаршылықпен күресетін Орталық комиссияның төрағасы
ретінде миллиондаған мұсылмандарды аштықтан арашалап
алған тарихи еңбегі зерттелінді.
Тұрар Рысқұлов Орталық Азияның саяси сахнасына
1917 жылғы әлеуметтік революциялардан кейін шықты. Бұл
тұста бұрынғы Ресей империясының барлық аумағы саяси
дүрбелең мен экономикалық күйзеліске ұшыраған бола-
тын. Әсіресе, аса күрделі саяси, әлеуметтік-экономикалық
жағдай ұлт аймақтарында орын алған еді. Тұрар Рысқұлов
дәл осы қиын-қыстау жылдары ұлтына жанашыр қайраткер
ретінде жарқырай көрінді. Ол 1918-1919 жылдары Орталық
Азиядағы сұрапыл ашаршылық кезінде Тұрар Рысқұлов
аштықпен күресетін арнайы мемлекеттік комиссия құрып,
миллиондаған мұсылман баласын экономикалық апат-
тан арашалап алды. Түркістан үкіметінің құрамына
кіруге мүмкіндік алған Тұрар Рысқұлов биліктегі орыс
революционерлерін өлке мұсылмандарын ашаршылықтан
құтқару ісіне көңіл бөлуге мәжбүрлеп, саясатты оң бағытқа
бұра білді. Тұрардың шақыруымен Түркістан өлкесінің
11 000 отаншыл жастары ашаршылықпен күрес ісіне тар-
тылып, ажал тырнағына іліккен халықты құтқарып қалды.
Тұрар Рысқұловтың бұл жылдардағы қызметі аса маңызды
қызмет еді, өйткені ол экономикалық апатқа ұшыраған
ұлттың тұқымын сақтап қалуға бағытталған парасатты
қызмет болды.
Екінші нәтиже. Зерттеу жұмысының нәтижесінде
Тұрар Рысқұловтың Орталық Азия мұсылмандарының
құқықтарын қорғаушы ұйым болған Мұсылман
Бюросындағы экономикалық қызметі ашылды.
Орталық Азияны тұтастай шарпыған сұрапыл
ашаршылықпен күрес барысында мұсылман жастары саяси
269
іске төселіп, тәжірибе жинақтайды. Жаппай партия қатарына
кірген олар 1919 жылы Орталық Азияда үлкен саяси күшке
айналады. Өлкеде орын алып отырған жантүршігерлік
қырғынның басты себепшісі – орыс большевиктеріне ендігі
жерде жаңа саяси күш – мұсылман коммунистерімен санауға
тура келді.
Ашаршылықпен күрес барысында Тұрар Рысқұлов
апаттың саяси-экономикалық себептерін таразылайды.
Орталық Азия сынды табиғаты жайлы, шикізатқа бай өлкенің
экономикалық апатқа ұшырап, байырғы тұрғындарының
аштан қырылуының басты себебі – өлкенің саяси бодандығы
мен экономикалық кіріптарлығында жатқандығын түсінген
Тұрар Рысқұлов Орталық Азияның экономикалық
дербестігі жолындағы күресін бастайды. Бұл күресте Тұрар
Рысқұловтың қолындағы құрал – Мұсылман Бюросы болды.
Тұрар Рысқұлов Мұсылман Бюросын Орталық Азияның
мұсылман халықтарының саяси-экономикалық құқығын
қорғаушы ұйымға айналдырды. Тұрар Рысқұлов саяси
дағдарыс пен экономикалық тоқыраудан өз ара күш біріктіре
отырып шығудың жолы ретінде түркі халықтарының
конфедерациялы республикасын құруды ұсынады. Бірақ
ескі империя аймағын өз уысынан шығармауға жанталасқан
Кремль көсемдері Тұрар Рысқұловтың саяси-экономикалық
идеяларын өткізбей тастады.
Мұсбюроның белсенді қызметінің арқасында Орталық
Азияда мәдени-ағарту мекемелерін құру, сауатсыздықты
жою, жергілікті тілде баспа мен мерзімді басылымдар
ұйымдастыру табыспен жүргізілді, мұсылман қайраткерлері
өлкенің қираған өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын
өркендету ісінде үлкен жұмыстар атқарды және т.б.
1920 жылдың алғашқы жартысында Тұрар Рысқұлов
Түркістан Республикасының Орталық Атқару Комитетінің
төрағасы қызметін атқарды. Тұрар Рысқұловтың бұл
тұстағы экономикалық қызметінің ең маңызды тұсы
270
– монархиялы биліктің Орталық Азиядағы отарлау
саясатының экономикалық зардаптарын жоюы болды.
Қазақ босқындарын жерге орналастыру бағытындағы
жігерлі жұмыстар өз жемісін берді. Көшпелі халықтың
мал шаруашылығындағы дағдарысты жағдай Тұрар
Рысқұловтың дұрыс экономикалық саясатының нәтижесінде
қайта өркендей бастады.
Үшінші нәтиже. Тұрар Рысқұловтың Орталық
Азияның Ресей Федерациясындағы өкілетті өкілі ретіндегі
экономикалық қызметі зерттелінді.
1920-1922 жылдардағы Тұрар Рысқұлов Орталық
Азияның өкілетті өкілі ретінде РКФСР Ұлт істері
жөніндегі халық комиссариатында қызмет атқарды. Тұрар
Рысқұлов комиссариатта Орталық Азия аймағының
саяси-экономикалық жағдайын жақсартумен айналысты.
Ол Ресей Федерациясының құрамына кіретін түркі
республикаларының экономикалық байланысын реттеп
отырды. Орталық Азия жастарының Ресей мен Германияның
жоғарғы оқу орындарында білім алып, мамандануына
қол жеткізді. Тұрар Рысқұловтың көмегімен білім
алған жүздеген жастар кейінгі жылдары Орталық Азия
республикаларының экономикасы үшін білікті басшыларға
айналды. Тұрар Рысқұловтың ұйымдастыруымен Мәскеу
қаласында Шығыс халықтарының орталық баспасы
ашылып, ол баспадан Орталық Азия халықтарының тілінде
миллиондаған тиражбен аса қажетті кітаптар басылды.
Төртінші нәтиже. Түркістан Республикасының
Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы ретіндегі Тұрар
Рысқұловтың Орталық Азияның қираған шаруашылығын
қалпына келтіру бағытында атқарған экономикалық қызметі
тұжырымдалды.
1922-2924 жылдар – Тұрар Рысқұловтың Орталық Азия
аймағы үшін ең көп еңбектенген кезі болды. Түркістан
үкіметінің төрағасы ретінде Тұрар Рысқұловтың қызметі
271
жаңа экономикалық саясатпен тұспа-тұс келіп, ол Орталық
Азия аймағының қираған халық шаруашылығын қалпына
келтіріп, өркендету бағытында орасан зор жұмыстар
атқарды. Тұрар Рысқұлов 1923 жылы Орталық Азия
республикаларының (Қазақстан, Түркістан, Бұқара және
Хорезм) экономикалық одағын құруға ат алысты. 1922-
2924 жылдары Тұрар Рысқұлов үкіметі Орталық Азияның
қираған шаруашылығын қалпына келтіріп, экономикалық
жағдайды
тұрақтандырады.
Тұрар
Рысқұловтың
қажырлы еңбегінің арқасында Кеңестер Одағының ерек-
ше экономикалық аймағы ретінде Орталық Азияның са-
яси беделі күрт өсті. Орталық Азия мақта шаруашылығы
орналасқан маңызды стратегиялық аймаққа айналды. 1923
жылы Тұрар Рысқұлов Кремль басшыларының алдына
Кеңестер Одағында экономикалық аудандастыруды іске
асыруды, республикалар арасында өзара тиімді нарықтық
қатынас орнатуды, Орталықтың мақтаны Орталық Азия ре-
спубликаларынан әлемдік бағамен сатып алуы тиістігі ту-
ралы мәселе қояды. Сондай-ақ, Тұрар Рысқұлов Орталық
Азия республикаларының бірыңғай экономикалық саясат
ұстануына қол жеткізді. Нәтижесінде дәстүрлі көшпелі мал
шаруашылығымен шұғылданатын аймақтар мен отырықшы
аймақтардың байланысы реттеліп, тауар айналымы жандан-
ды.
Орталық Азия – аграрлы өлке болатын. Халық
шаруашылығының негізін ауыл шаруашылығы құрады.
Сондықтан да, ауыл шаруашылығын дамытудың зор маңызы
болды. Орталық Азияның жергілікті халқының басым
көпшілігі осы салада еңбектенді. Ауыл шаруашылығының,
оның ішінде жер шаруашылығының алдында тұрған ең
басты міндеттер – тұқымның сапасын жақсарту, түсімді
арттыру, қышлақтар мен ауылдарды ауыл шаруашылығы
техникасымен, соқамен және т.б. еңбек құралдарымен
қамтамасыз ету болды. Орталық Азия су мәселесі мен
272
жер мәселесі бірдей деңгейде тұрған аймақ еді. Азамат
соғысының кесірінен суландыру жүйелері толық қираған,
сондықтан ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету –
басты міндеттің бірі болып табылды.
Орталық Азияның халық шаруашылығы үшін мал
шаруашылығының, әсіресе көшпелі мал шаруашылығының
маңызы зор болды. Мал шаруашылығының дамуы ауа-
райына, шабындықтың күйіне және табиғи жайылымның
жағдайына тікелей тәуелді болғандықтан, бұл сала үкіметтің
ерекше қамқорлығына өте мұқтаж болатын. Төрт түлік
малдың тұқымын жақсарту, мал және мал өнімдерімен сауда
жасауды ұлғайту, мал өнімдерін, әсіресе жүн мен теріні өңдеу
ісін жолға қою қажеттілігі туды. Соғыс пен қуаңшылық,
аштық жылдарында республикада мал басының апатты
көлемде кемуінің орнын толтыру үшін басқа аймақтардан
мал сатып алуды ұйымдастыру да ерекше міндет болды.
Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы ретінде Тұрар
Рысқұловтың ерекше көңіл бөлген саласының бірі – оқу-
ағарту мәселесі болды. Сауатсыздықты жоймай халық
шаруашылығын қалпына келтіріп, өркендету мүмкін емес
еді. 1922 жылы желтоқсан айының басында өткен Түркістан
кеңестерінің XI съезі мәдени құрылыстың басталуына
зор ықпал жасады. Съезд халық ағарту ісіне мемлекеттік
бюджеттің 30%-ға дейінгі, ал жергілікті бюджеттердің
24%-на дейінгі бөлігін босату туралы шешім қабылдады.
Мұндай көлемдегі пайыздық қаржы одан кейінгі
онжылдықтардың бірде-бірінде бөлінген емес. Жалпы білім
беретін мектептер мен мектеп жасына дейінгі мекемелерді,
кәсіптік-техникалық оқу орындары мен жоғары оқу орын-
дарын дамытудың жоспары әзірленді. Негізгі күш-жігер
сауатсыздықты жою мәселесіне жұмылдырылды.
Үкімет ең алдымен жұмысшылар мен шаруалардың
балаларын оқыту мәселесін өрістетті. 1923 жылы
республикадағы
мектеп
оқушыларының
90%-ы
273
жұмысшылар мен шаруалардың балалары болды. Орталық
Статистикалық басқармасының есебі бойынша 1923 жылы
республикада 1032 түрліше мектептер жұмыс істеді. Оларда
85912 оқушы оқыды. Қала халқының 32,5%-і сауаттылыққа
үйренді, ал бұл көрсеткіш 1920 жылы 27,5% болатын. Тұрар
Рысқұлов үкіметі ауыл мектептерін дамытуға ерекше маңыз
беріп, ауыл мектептеріне мұғалім мамандарын даярлауды
жоғары қарқынмен жүргізді.
Тұрар Рысқұлов республикада сауатсыздықты жою
мәселесін ерекше бақылауға алды. Халық Комиссарлар
Кеңесінің 1923 жылғы 28 шілдедегі №13-інші қаулысына
сәйкес, жастар арасындағы сауатсыздықты жоюдың соңғы
мерзімі ретінде 1924 жылғы 1 мамыр белгіленді. 1923 жылы
күзде сауатсыздықты жою мектептерінің саны үздіксіз өсіп,
1 қазанда – 214, 1 қарашада – 235, желтоқсан айының ба-
сында – 317, 1 ақпанда – 367-ге жетті. Сауатсыздықты
жою, мәдениеті өркендету, жалпы оқу-ағарту жұмыстарын
өрістету үшін осы салаларға тікелей басшылық жа-
сап, көмектесетін ұйымдар мен мекемелердің үйлесімді
құрылымын жасау – өмір талабына айналады. Сондықтан
да, 1923 жылы 23 қарашада Тұрар Рысқұлов Халық ағарту
ісіне көмектесу бюросын құру туралы баяндама жасайды.
Бюроның басшылығын Тұрар Рысқұлов тікелей өз қолына
алады. Бюроның жанынан мәдени-ағарту қоғамдары
мен ұлттық ұйымдардың өкілдері кірген Мәдени кеңес
ұйымдастырылды.
Бесінші нәтиже. Тұрар Рысқұловтың Түркістан Қаржы
Комитетінің төрағасы ретінде сіңірген еңбегі таразыланды.
Орталық Азияның экономикасын өркендету ісінде Тұрар
Рысқұловтың басшылығымен Түркістан Республикасының
Халық Комиссарлар Кеңесі жанында жұмыс істеген Қаржы
Комитетінің маңызы аса зор. Бұл жылдары ол Қаржы
Комитетімен қатар республиканың Су шаруашылығы
комитеті мен Оқу-ағарту ісіне көмектесу бюросын да қоса
274
басқарды. Экономиканың өркендеуі ең алдымен қаржы
мәселесі мен халықтың сауаттылық деңгейіне тікелей
тәуелді болатын, сондықтан Тұрар Рысқұлов ең алды-
мен осы саладағы ұйымдастыру жұмыстарына күш сал-
ды. Тұрар Рысқұловтың басқарған Қаржы комитетіне
қатысты құжаттардың отандық экономика ғылымы үшін
маңыздылығы ескеріліп, осы кітапта бірқатар хаттамалар
тұңғыш рет ғылыми айналымға енгізіліп отыр.
Алтыншы нәтиже. РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі
төрағасының орынбасары ретінде Тұрар Рысқұловтың
Орталық Азияның экономикасын өркендетуге (индустрия-
ландыру, темір жол құрылысын дамыту, ауыл шаруашылығы
мен мал шаруашылығын дамыту, 30-шы жылдардағы
ашаршылықпен күрес, халық шаруашылығына жоғары
білікті мамандарын даярлау және т.б.) сіңірген еңбегі
зерттелінді.
Тұрар Рысқұлов Орталық Азия республикалары
мен Қазақстанның болашақ саяси және экономикалық
тәуелсіздігінің негізін қалады.
1924 жылы 4 ақпанда РК(б)П Орталық Комитетінің
Саяси Бюросы Тұрар Рысқұловты Коминтерннің Атқару
Комитетінің құрамына қызметке жібереді. Сол жылы 15
сәуірде Тұрар Рысқұлов Коминтерннің Орталық-Шығыс
бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып бекітілді.
1924 жылы күзде Коминтерннің Атқару Комитеті Тұрар
Рысқұловты өкілетті өкіл етіп Моңғолияға жібереді. Тұрар
Рысқұлов Моңғолияда он айдай қызмет атқарды. Моңғолия
артта қалған феодалдық ел болатын. Тұрар Рысқұлов Моңғол
Халық Республикасының тұңғыш Конституциясын жазып
шығады, ол Шығыс елдерінде ең алғашқы қабылданған
конституциялардың бірі еді. Тұрар Рысқұловтың
ұсынысымен Моңғолияның жаңа астанасы Ұлан-Батыр деп
атала бастайды. Тұрар Моңғолияның заманға сай модерни-
275
зациялануына, саяси жүйе мен қоғамдық өмірдің демокра-
тиялануына зор ықпал жасады.
Тұрар Рысқұловты Коминтерннің Атқару Комитеті
1925 жылы жазда Мәскеуге шақыртып алады. БК(б)П
Орталық Комитеті 1926 жылы көктемде Тұрар Рысқұловты
Қазақстанға қызметке жібереді. 1926 жылы 10 сәуірде
Тұрар Рысқұлов Қазақ өлкелік партия комитетінің Баспасөз
бөлімінің меңгерушісі және республикалық «Еңбекші
қазақ» газетінің бас редакторы болып тағайындалады,
бірақ ол бұл қызметінде екі ай ғана істейді. Қазақстанды
жеке-дара билеп-төстеуге кіріскен Ф.И. Голощекинмен жиі
қақтығысқа түсуі себепті Кремль Тұрар Рысқұловты 1926
жылы мамыр айының соңында қайтадан Мәскеуге қызметке
ауыстырады.
1926 жылы 31 мамырда Тұрар Рысқұлов РКФСР Халық
Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары болып
тағайындалады, ол бұл қызметінде 1937 жылдың 21 ма-
мырында тұтқындалғанға дейін үздіксіз жұмыс атқарды.
Бұл жиырма жылдық саяси-мемлекеттік қызметінде Тұрар
Рысқұлов көтерілген ең жоғарғы қызмет болатын, әрі ХХ
ғасырдың алғашқы жартысында Тұрар Рысқұловтан басқа
қазақ баласы мұндай жоғарғы қызметке қол жеткізе алмады.
РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орын-
басары ретінде Тұрар Рысқұлов бұл жылдары мынадай
істерде ерекше көрінді:
- 1926 жылы қараша айында Тұрар Рысқұлов Мәскеу
қаласында Кремль көсемдерінің рұқсатынсыз ұлт
қайраткерлерінің құпия кеңесін ұйымдастырады;
- 1926-1930 жылдары Түркістан-Сібір темір жолының
құрылысына Жәрдемдесу комитетін басқарады;
- 1932-1933 жылы Қазақстандағы сұрапыл ашаршылық
кезінде көшпелі халықты құтқару үшін Кремль көсемдеріне
қаймықпай хат жазып, ерен ерлік жасады.
276
Тұрар Рысқұлов 1926 жылы РКФСР Халық Комиссар-
лар Кеңесі төрағасының орынбасары болып қызметіне
кіріскеннен кейін РКФСР мен Кеңестер Одағындағы
ұлт республикаларының жағдайымен танысады. Бұл
уақытта Сталиннің тобы ұлт республикаларының саяси,
экономикалық құқықтарын барынша шектеп, орталықтанған
тоталитарлы мемлекет құруға бағыт алған болатын. Ұлт
республикаларының статусы бірте-бірте Ресейдің ішкі
облыстарының жағдайымен теңесуге жақындап қалған еді.
Орталық пен ұлттық республикалардың арақатынасын де-
мократияландыру аса маңызды мәселеге айналған-ды.
1926 жылы қараша айында Мәскеуде КСРО және РКФСР
Орталық Атқару Комитеттерінің кезекті сессияларының
қатар шақырылғанын, оған республика басшыларының түгел
жиналатындығын ескерген Тұрар Рысқұлов ұлт мәселесінің
жағдайын жан-жақты талқылау үшін арнайы төтенше кеңес
өткізуді жоспарлайды. БК(б)П Орталық Комитетінің ұлт
мәселесі бойынша шақырған соңғы төртінші кеңесі 1923
жылы 9-12 маусым айында өтіп, М.Х. Сұлтан-Ғалиевтің
ісін талқылаумен айналысты. Содан бері бірнеше жыл бол-
са да, ұлт мәселесін талқылаған бірде-бір жиын өтпеген еді.
1926 жылы 12-14 қараша күндері Тұрар Рысқұлов сессияға
келген ұлт делегаттарын ұйымдастырылып жатқан төтенше
кеңеске шақырады. Кеңеске ұлт республикаларынан келген
49 қайраткер қатынасады. Бұл тұста Кремльдің рұқсатынсыз
ешқандай жиын өтпейтін, ал ұлт мәселесін талқылауға
толық тиым салынған еді. РКФСР Халық Комиссарлар
Кеңесі төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың
басшылығымен ашылған кеңесті Кремльдің келісімімен
өтіп жатыр деп ойлаған ұлт қайраткерлері үш күн бойы
өз аймақтарында ұлт мәселесі бойынша қордаланған про-
блемаларды ортаға салып, өте құнды ұсыныстар түсіреді.
Тұрар Рысқұлов бастаған жетекші топ кеңесте айтылған
277
ұсыныстарды қорытындылап, Кремль басшыларына
жеткізеді.
Өз рұқсатынсыз кеңес өткізгені үшін Тұрар Рысқұлов
Кремль тарапынан қатты айыпталды. Ал, кеңеске қатынасқан
ұлт қайраткерлерінің барлығы өз республикаларында
партиялық сөгіс алады. «Рысқұлов кеңесіне» қатынасқан
қайраткерлерді айыптау үшін Татарстан, Башқұртстан,
Қазақстан, Қырғызстан, Дағыстан республикаларында ар-
найы пленумдар ұйымдастырылады.
Тұрар Рысқұлов 1926-1930 жылдары Түркістан-Сібір
темір жолының құрылысына Жәрдемдесу комитетін
басқарды. Түркістан-Сібір темір жолы Кеңес Одағындағы
алғашқы бесжылдықтың ең алып құрылысы болғаны белгілі.
Тұрар Рысқұловтың ұйымдастырушылық талантының
арқасында темір жол құрылысы мерзімінен бұрын салынып,
пайдалануға берілді. Түркістан-Сібір темір жолы деп рес-
ми аталғаны болмаса, бұл жол таза қазақстандық, нақтырақ
айтсақ Қазақ темір жолы болды, өйткені ол жол Құлан мен
Семей арасын көктей өтіп, кең байтақ қазақ даласының
Шығысы мен Оңтүстігін жалғастырды. Түркістан-Сібір
темір жолының Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін орасан
зор пайдасы болды, ол қазір де тәуелсіз Қазақстан эконо-
микасына қан жүгіртіп отырған күре тамыр болып табы-
лады. Темір жолдың арқасында қазақ ортасында маман
жұмысшылар мен инженерлер қалыптасты.
Кремльдің қолдауымен Қазақстанды сегіз жыл жеке-да-
ра билеп-төстеген Ф.И. Голощекиннің қазақ халқына қарсы
қанды қол саясатының кесірінен 1932-1933 жылы тұтас
бір ұлт сұрапыл ашаршылыққа ұшырап, этнос ретінде жер
бетінен жойылып кетуге шақ қалды. Кремльдің ет даярлау
саясатының нәтижесінде ұжымдастырудың алдында қазақ
көшпелілерінің қолында болған 44 млн. бас малдан небәрі
4 млн. мал ғана аман қалған. Ұлт тағдырына қауіп төнген
осындай кезеңде халықты құтқару үшін Тұрар Рысқұлов
278
Кремль көсемдеріне қаймықпай хат жазып, ерен ерлік
жасады. Қазақстандағы ұжымдастыру мен ашаршылық
мәселелерін терең зерттеген ғалым Талас Омарбековтың
пікірінше: «Қазақстанды ашаршылықтан құтқарған – Тұрар
Рысқұлов».
Тұрар Рысқұлов Ф.И. Голощекиннің көшпелі халықтың
өмір салтын күшпен өзгерту саясатына қарсылық көрсетті.
Тұрар Рысқұлов көшпелілерді отырықшылыққа зорлықпен
көшіру саясатын апатқа ұрындыратын саясат деп айыпта-
ды, оның өз сөзімен айтсақ: «Көшпелілерді бұйрықпен бір
жерге отырғызу мүмкін емес» («Просто приказать кочев-
никам осесть на одном месте невозможно» (1928 г.). Тұрар
Рысқұлов Ф.И. Голощекин іске асырған қазақ байларын
тәркілеу саясатына да қарсы болды, өйткені ірі байдың
тәркіленгенін көрген орта шаруа мен кедейлер үкіметке сен-
бей малды жаппай соя бастайды деп қауіптенген. Малдың
қысқаруы қазақ қоғамын апатқа алып келеді деген. Тұрар
Рысқұлов И.В. Сталинге егер Аргентина мен Австралия
халықаралық рынокқа ет шығарып өркендеп отырған болса,
шаруашылықты сақтап, дамытқан жағдайда мал басын 100
миллионнан асыруға мүмкіндігі бар Қазақстан да ет экс-
порттап, керемет дами алады деген.
Бірақ Тұрар Рысқұлов Сталиндік тоталитарлық билікті
жеңе алмады. 1936-1937 жылдары Сталиннің режимі өзінің
шарықтау шегіне жетіп, Тұрар Рысқұлов алғашқы кезек-
те репрессияланатын кеңестік саяси элитаның тізіміне
енгізіледі. Орталық Азияның ірі қайраткерінің өмірі осы-
лайша сталиндік қапас түрмесінде аяқталды.
Тұрар
Рысқұлов
Орталық
Азияның
бүгінгі
тәуелсіз мемлекеттері – Қазақстанның, Өзбекстанның,
Қырғызстанның, Түркіменстанның, Тәжікстанның, сондай-
ақ Моңғолия мен Әзірбайжанның, Ресей Федерация-
сы мен оның құрамдас республикалары – Татарстан мен
Башқұртстанның экономикалық өркендеуіне зор еңбек
сіңірді.
279
Достарыңызбен бөлісу: |