IV ТАРАУ.
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҚИРАҒАН
ЭКОНОМИКАСЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ
Кеңес елі азамат соғысынан арылып, жаңа экономикалық
саясат арқылы қираған шаруашылықты қалпына келтіруге
жанталасқан шақта Кремль мақта өнеркәсібі шоғырланған
Орталық Азия сияқты аса маңызды стратегиялық аймақтың
экономикасын жандандыру үшін Т. Рысқұлов сынды
талантты ұйымдастырушыға зәру болып, оны Түркістанға
кері қайтару туралы мәселе қояды. РКП (б) Орталық
Комитетінің Орта Азия Бюросының төрағасы Я. Рудзутак
РКП (б) Орталық Комитетінің Ұйымдастыру Бюросының
1922 жылы 25 қыркүйектегі мәжілісінде Түркістанның саяси-
экономикалық жағдайы туралы арнайы баяндама жасайды.
Орталық Азияның қираған шаруашылығын қалпына келтіру
үшін РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссарының
орынбасары Т. Рысқұловты Түркістанға қайтару, оны Орта
Азия Бюросының мүшелігіне өткізіп, Түркістан Халық
Комиссарлар Кеңесінің төрағасы етіп тағайындау туралы
ұсыныс білдіреді. Ұйымдастыру Бюросы Я. Рудзутактың
ұсынысын қабыл алып, Т. Рысқұловты Түркістанға қайтару
туралы шешім шығарады
493
.
1922 жылдың басында РКП (б) Орталық Комитеті өзінің
Түркістан Бюросын (Түрікбюро) Орта Азия Бюросы етіп
қайта құрды. Орта Азия Бюросының құқығы Түрікбюромен
салыстырғанда көп ұлғайтылды. Енді Орта Азия Бюросы
Түркістанмен қоса, Хорезм мен Бұқара Республикаларының
үстінен қарайтын эмиссарлық органға айналды. Орта Азия
Бюросы өз қызметіне 1922 жылдың ақпан айынан бастап
кірісті. Бірақ Түрікбюроны Орта Азия Бюросы етіп қайта
құру процесі тек 1922 жылдың мамыр айында ғана толық
аяқталды. Оның құрамына РКП (б) Орталық Комитетінің –
189
4, Түркістан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің
– 3, ал Бұқара және Хорезм компартияларының бір-бірден,
барлығы 9 мүше кіргізілді. Олар: Я.Э. Рудзутак (төрағасы),
Легран, И.Е.Любимов, С.М.Соколов, П.И.Баранов,
М.С.Эпштейн, А.Рақымбаев, Ф.Қожаев және Хорезм
компартиясының бір өкілі. Сонымен, Орта Азия Бюросының
құрамы да бұрынғы Түріккомиссия мен Түрікбюроның
құрамы сияқты негізінен Орталықтан келген еуропалық
коммунистерден жасақталынды. 1922 жылы күзде бұл
құрамға Т. Рысқұлов енгізілді
494
.
Өзінің Орталық Азияға қайтатындығына байланысты
Т. Рысқұлов 1922 жылы 22 қыркүйекте Я.Э.Рудзутакқа
былай деп хат жазады: «Мемлекеттің күші мен қаражаты
негізінен түздік халықтың шаруашылық құрылысы мен
мәдени-ағарту бағытындағы істерге жұмсалуы тиіс. Бұл
аймақта бар нәрсені механикалық жолмен сорып алуды
қойып, түздік шаруашылық пен өндірістің гүлденгені
федерацияның мүддесіне пайдалы екені туралы көзқарасты
түпкілікті қалыптастырып, Түркістанға кең түрде идеялық,
техникалық және материалдық көмек көрсетілуі тиіс.
Мәдени-шаруашылық тоқырау патша құрылысы кезінде
болған, енді ондай жағдайдың кеңес өкіметі кезінде болуы
тиіс емес»
495
.
1922 жылы 8 қазанда Түрікатком төралқасының
мәжілісінде Т.Рысқұлов ХКК-нің төрағасы болып
тағайындалды. ХКК-нің 1922 жылы 11 қазанда жарияланған
№ 479 қаулысында Т. Рысқұлов былай деп атап көрсетеді:
«Түрікатком төралқасынаң 8 қазандағы № 142-ші қаулысын
орындау үшін, мен бүгінгі күннен бастап, Түркістан
Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы
қызметін атқаруға кірістім»
496
.
1922 жылы 14 қазанда Я.Э.Рудзутак, Т.Рысқұлов және И.
Қыдыралиев қол қойған «ТКП мүшелері мен барлық жауапты
кеңес қызметкерлеріне» арналған үндеу жарияланды.
190
Үндеуде
республикасының
халық
шаруашылығын
қалпына келтіріп, өркендету үшін мынадай шаралардың
іске асырылуы қажеттілігі атап көрсетіледі, біріншіден,
басмашылықты толық жою; екіншіден, негізгі күш-жігерді
және қаржыны әскери салаға емес, шаруашылықты қалпына
келтіру шараларына жұмсау, жергілікті халық пен қоныс
аударып келген еуропалықтардың әлеуметтік-экономикалық
жағдайын теңестіру; үшіншіден, мәдени-ағарту жұмыстарын
өрістету, сауатсыздықты жою
497
.
1922 жылы 7 қарашада жергілікті газетте Т. Рысқұловтың
«Қазан революциясы және Түркістанның жергілікті халқы»
деген мақаласы жарияланды
498
. Мақалада революцияға
дейінгі, революция жылдарындағы Орталық Азияның
саяси тарихына, жергілікті халықтардың әлеуметтік-
экономикалық жағдайына кең түрде талдау жасалған.
1922 жылы 2-6 желтоқсан аралығындағы Ташкентте
Түркістан кеңестерінің IX съезі болып өтті. Съезде
Т.Рысқұлов Халық Комиссарлар Кеңесінің қызметі туралы
баяндама жасайды
499
. «Халық Комиссарлар Кеңесі мен
Түркістан Экономикалық Кеңесінің белсенді қызметінің
нәтижесінде біз соңғы кезде халық комиссариаттарының
жұмысында белгілі бір ұйымдасқандық пен жоспарлыққа
қол жеткіздік», – дейді Т.Рысқұлов. 1922 жылы 6
желтоқсанда өткен пленумда Түрікаткомның және Халық
Комиссарлар Кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Түрікатком
төралқасының төрағасы болып И. Қыдыралиев, мүшелігіне
– Рысқұлов, Паскуцкий, Эпштейн, Әлиқожаев, Любимов,
Русанов, Розенблюм және Аралбаев сайланды. Халық
Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып Т. Рысқұлов,
орынбасары – Н.А. Паскуцкий сайланды. Н.А. Паскуцкий
сонымен қатар Түркістан Экономикалық Кеңесінің
төрағасы болып бекітілді. Ішкі істер халық комиссары
болып – Аралбаев, Әділет – Ұстабаев, Жер шаруашылығы
– Қыдыралиев, Халық ағарту – Қожанов, Азық-түлік –
191
Троцкий, Еңбек – Бретт, Халық шаруашылығының Орталық
Кеңесінің төрағасы болып Мамаев тағайындалды
500
.
Орталық Азия республикаларын (Түркістан, Бұқара
және Хорезм) экономикалық жағынан біріктірмей аймақтың
шаруашылығын, қалпына келтіріп, өркендету мүмкін емес
болатын. Суландыру жүйелерін қалпына келтіру тек өзара
күш біріктіргенде ғана іске асатын проблемаға айналды.
Өзара ортақ өнеркәсіп, сауда, қаржы және көлік саясатын
бірігіп жүргізу қажеттілігі – өмір талабына айналды. Осы
қажеттілік Орталық Азияның үш республикасын өзара
ортақ экономикалық ұйым құруға итермеледі.
Т.Рысқұлов Орталық Азия республикаларының
экономикалық одағын құруға қызу кіріседі. ұсынысымен
Түркістан Республикасында осы бағыттағы істер өрістетіле
бастады. 1923 жылғы 28 ақпанда Түрікатком Кіші төралқасы
Ташкент қаласына шақырылып отырған Орталық Азия
республикаларының І экономикалық конференциясына
баратын Түркістан делегациясының құрамын бекітті, оған
Т. Рысқұлов, И. Қыдыралиев, Прибытков, С. Асфендияров,
Қамытханов, Н. Айтақов, А. Серғазиев, А.М. Розенблюм,
Міржамалов және Лукьянов енгізілді
501
.
1923 жылы 5-9 наурыз аралығында Ташкент қаласында
Орталық Азия республикаларының І экономикалық
конференциясы
өтеді.
Конференция
төралқасына
Түркістаннан Т. Рысқұлов пен И. Қыдыралиев, Бұқарадан
– Ф.Қожаев, Хорезмнен – Атаджанов, ал РКФСР
атынан И.Е. Любимов енгізілді
502
. Конференцияның күн
тәртібіне: Түркістан, Бұқара және Хорезм республикалары
басшыларының баяндамалары; қаржы мәселесі; ауыл
шаруашылығы және суландыру; мемлекеттік сауда және
кооперация; транспорт мәселесі және байланыс; мақта
шаруашылығы; статистика және есеп мәселелері; жұмысшы-
шаруа инспекцияларының баяндамалары; ұйымдық мәселе;
192
республикалардың шаруашылық жоспары; өзара ортақ
экономикалық ұйымдар сайлау.
1923 жылы 8 наурызда конференцияда ұйымдастыру
мәселесі бойынша Т. Рысқұлов баяндама жасады. Т.
Рысқұлов Орталық Азия республикаларының өзара ортақ
белгілерін: қаржы, сыртқы саясат, ішкі және сыртқы
сауда, транспорт, оқу-ағарту және мәдениет, мақта
шаруашылығы, ирригация, аймақтағы су ресурстарын
ортақ пайдалану, экономикалық аудандастыру мәселелері,
орман шаруашылығын қорғау және дамыту, жер саясаты
және жер-су реформасын аяқтау, өндіріс пен мемлекеттік
сауда, кооперация мәселелерін бірігіп шешу, біртұтас ақша
айналымы аумағына кіру, біртұтас салық жүйесін құру,
сондай-ақ тағы басқа да аса маңызды салалар мен істерде
осы республикаларға тән ортақ мүдделер мен жағдайларды
атап көрсетті. Т. Рысқұлов өзара ортақ экономикалық саясат
жүргізу үшін Орта Азия Экономикалық кеңесін құруды
ұсынады. Республикалардың экономикалық күш-қуатын
біріктіру, жалпы шаруашылық жоспарын жасап, біртұтас
экономикалық саясат жүргізу, сауда, тауар айналымы және
қаржы саласында келісімді іс-қимыл жасау, бірыңғай салық
және несие саясатына көшу, ауыл шаруашылығының, оның
ішінде, мақта шаруашылығының, суландыру мәселелерін
бірігіп шешу, қатынас жолдары, байланыс, есеп пен
бақылау мәселесінде барлық істі бір орталықтан жүргізу,
республикалар арасындағы кедендік жүйені жою, жалпы
мемлекеттік шекараны Бұқара-Ауғанстан шекарасы арқылы
өткізу, РКФСР Ішкі істер халық комиссариатының Орталық
Азиядағы тұрақты өкілдігінің жанынан, орталығы Бұқара
қаласында орналасатын лицензия бөлімін ұйымдастыру,
біріккен Мемлекеттік сауда басқармасын құру туралы
ұсыныс жасады
503
.
Тұрақты өткізу көзделіп отырған конференциялар
арасында атқарушы орган ретінде төралқа жұмыс
193
істейтін болды. Төралқа құрамына 10 мүше, олардың
4-і Түркістанның, 3-і Бұқараның, 2-і Хорезмнің және 1-і
РКФСР-дің өкілі болды. Конференция төралқасы жанынан
осы төралқа мүшелері мен республикалардың сыртқы
сауда, қатынас жолдары, байланыс, қаржы комиссиялары
мен орталық статистикалық басқармаларының төрағалары
кіргізілген Орта Азия Экономикалық Кеңесі (ОАЭК)
ұйымдастырылды
504
. Оның құрамына: Т. Рысқұлов,
И.Қыдыралиев, Н.А. Пацкуцкий, Прибытков (Түркістан),
Якубов, Сәрсенбаев (Бұқара), Атақожаев (Хорезм) және
И.Е. Любимов (РКФСР) енді. ОАЭК-тың құзырына:
шаруашылық жоспарларын жасау, үйлестіру және бекіту,
жалпы заңдардың жүйесін әзірлеу, сауда мен қаржы саясатын
біріктіру, азық-түлік саясатын белгілеу және халыққа
қажетті күнделікті тұтынатын өндіріс тауарларын өндіру
жоспарын даярлау, республикалардағы шикізат, отын-
жанармай қорын бақылауға алу, әлеуметтік қамсыздандыру
және қорғау шараларын белгілеу міндеті берілді. Орта Азия
Экономикалық Кеңесінің жанынан: сыртқы сауда, қатынас
жолдары, байланыс, статистикалық басқарма және қаржы
бөлімдері ұйымдастырылды.
Орталық Азия республикаларының І экономикалық
конференциясының
үш
республиканың
халық
шаруашылығын қалпына келтіріп, өркендетуде зор
маңызы болды. Конференциядан соң республикалардың
экономикалық күш-қуатын біріктіру мақсатында үлкен
жұмыстар басталып кетті.
Т.Рысқұлов Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесінің
төрағасы болып сайланған соң, басқа да негізгі шаралармен
қатар, мемлекеттік басқару аппаратын қысқарту және оның
үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселесіне көңіл
бөлді. 1922 жылы күзде республиканың түрліше деңгейіндегі
басқару аппаратында 110 000 адам қызмет атқарған.
1922 жылы желтоқсан айында республика ұйымдары
194
мен комиссариаттарының штаттары қайта бекітілді. Т.
Рысқұловтың басшылығымен Түркістан Штат комиссиясы
1923 жылы 1 қаңтардан бастап республикадағы басқару
аппараттарының штат санын 11 170 адам деп белгіледі
505
.
Мемлекеттік аппаратты қысқартумен қатар, оның
біліктілігін арттыру және аппаратты жергіліктендіру де
кезек күттірмес мәселеге айналды. Мемлекеттік аппарат
Түркістанның ерекшелігіне, оның халқының тұрмыс
жағдайына бейім болуы шарт еді. Аппараттың құрамында
жергілікті халықтардың тілін, салт-дәстүрін, шаруашылық
жағдайын жақсы білетін, басшылықты осы ерекшеліктерге
сай жүргізетін қызметкерлердің отыруы керек болатын.
Қызметкерлердің ұлттық құрамы да ерекше рөл атқарды.
Түрікаткомның 1923 жылғы дерегі бойынша, Түркістанда
жалпы саны 7 200 мың адам болған 20-дан аса ұлттың
өкілдері тұрды. Олардың ішінде: өзбектер – 3 384 000 (47%),
қазақтар мен қырғыздар – 2 232 000 (31%), орыстар – 720
000 (10%), түркімендер – 360 000 (5%) және басқалары – 504
000 (7%) болды
506
. Түркістанда ұлт мәселесінің бір түйіні –
мемлекеттік басқару аппаратында түрліше ұлт өкілдерінің
қаншалықты дәрежеде қамтылу мәселесінде жатты. 1923
жылы республикалық дәрежедегі партия қызметкерлерінің
саны – 252, облыстық – 518, уездік – 486 адам болса, ал
барлығының саны – 1 256 адам болды
507
. Оларды ұлттық
белгілері бойынша анықтаған кезде, мынадай қорытынды
шықты: орыстар – 745, еврейлер – 79, басқа еуропалықтар –
88, өзбектер – 141, қазақтар мен қырғыздар – 70, түрікмендер
– 21, тәжіктер – 16, татарлар – 64, және басқалары – 23
адам болды. Сонда өлке тұрғындарының 10%-ын құраған
еуропалықтар республиканың партия қызметкерлерінің 60%-
ға жуық бөлігін құрады. Ал, жалпы партия қызметкерлерінің
76,2%-ы еуропалықтар болса, жергілікті халық өкілдері не
бәрі – 27,4% болды. Жергілікті халықтың ішінде: өзбектер
– 41%, қазақтар мен қырғыздар – 20%, татарлар – 18%,
195
тәжіктер – 8% болды. Республиканың орталық партия мен
мекемелерінде еуропалық қызметкерлер – 85,7%, жергілікті
халық өкілдері не бәрі – 14,3% еді
508
.
Бұл деректер республиканың партия ұйымдарының
басқару аппаратында жергілікті халық өкілдерінің тым аз
екенін көрсетеді, ал республикалық кеңес және шаруашылық
салалардың басқару аппараттарындағы жағдай да осыған
ұқсас болатын. Сондықтан да, басқару аппараттарын
жергіліктендіру аса маңызды іс болды.
Т. Рысқұлов мемлекеттік басқару аппаратын қысқарту,
жинақтандыру, жергіліктендіру мақсатында 1923 жылы 17
қаңтарда Халық Комиссарлар Кеңесінің «Кеңес мекемелерін
жинақыландыру туралы» № 14-ші қаулысына қойды. Қаулы
бойынша республиканың комиссариаттары мен ұйымдары,
екі аптаның ішінде, өздерінің құрамын қайта қарап, артық
адамдарды қысқартуға, бірақ жергілікті халықтардың маман
қызметкерлерін мүмкіндігінше сақтап қалуға және өздері
жайласқан үйлердегі аппараттың орналасу мүмкіндіктерін
қайта қарап, босаған үйлер мен бөлмелерді мемлекеттік
өндіріс орындары мен жұмысшыларына босатып беруге
міндеттелінді
509
.
Халық Комиссарлар Кеңесінің қызмет ауқымы күн өткен
сайын барынша кеңейе түсті, бұл жағдай Т. Рысқұловты
оның қызметін жаңаша ұйымдастыруға итермеледі.
1923 жылы 20 ақпанда Т. Рысқұлов қол қойған «Халық
Комиссарлар Кеңесінің Кіші Кеңесін құру туралы» № 40
қаулы жарияланды. Қаулы бойынша Халық Комиссарлар
Кеңесі жанынан Үлкен және Кіші Кеңес құрылды. Кіші
Кеңестің міндетіне: а) Үлкен Кеңестің талқылауына
ұсынатын барлық мәселелерді әзірлеу және оларға алдын
ала заңдық тұрғыдан анықтама беру, мәселе түпкілікті
қабылданған соң, оның орындалу барысын қадағалау; б)
барлық комиссариаттар мен ұйымдардың ХКК-не жіберген
баяндамалары мен құжаттарын қабылдап, оларды алғашқы
196
талқылаудан өткізген соң Үлкен Кеңеске ұсыну; в) егер
құжаттар мен есеп-қисаптар шала даярланған жағдайда,
оларды кері қайтару және тағы басқа мәселелермен
айналысу кірді.
Кіші Кеңестің құрамын Үлкен Кеңес бекітеді. Үлкен
Кеңес Кіші Кеңес даярлаған барлық қаулылар мен
шешімдерді соңғы рет талқылаған соң бекітеді
510
1923 жылы 21 ақпанда Т. Рысқұлов Түрікаткомның Кіші
төралқасының мәжілісінде Халық Комиссарлар Кеңесінің
Кіші Кеңесін құру мәселесі бойынша баяндама жасады. ХКК-
нің Кіші Кеңесі Н. Айтақов (төрағасы), мүшелері – Азарх,
М. Бисеров, Б. Аралбаев және А.С. Киселев енген құрамда
құрылды. Мәжілісте Т. Рысқұлов Халық Комиссарлар
Кеңесінің жанынан Қаржы Комитетін ұйымдастыру және
Ішкі сауда халық комиссариатын құру мәселелері бойынша
баяндама жасады. Қаржы Комитетінің төрағасы болып
– Т. Рысқұлов, орынбасары – Н. Паскуцкий, мүшелері –
Н. Айтақов, Иевлев, Қамытханов құрамында бекітілді.
Ал, жаңадан тағайындалған Ішкі сауда халық комиссары
болып – Н.А. Паскуцкий, орынбасары – Розенталь,
мүшесі – Қамытханов болып бекітілді
511
. Т. Рысқұловтың
басшылығымен іске асырылған Халық Комиссарлар
Кеңесінің құрамындағы бұл қайта құру шаралары, басқару
аппараттарының барынша үйлесімді жұмыс істеуіне зор
ықпал етті.
Т.Рысқұлов Халық Комиссарлар Кеңесінің қызметін
жақсарту үшін оның орталық басқару аппаратының
құрамында сала бойынша түрліше комиссиялар мен
комитеттер ұйымдастырып, басына білікті мамандарды
тағайындады. Мысалы, 1923 жылы Халық Комиссарлар
Кеңесінің құрамында мынадай комиссиялар мен комитеттер
жұмыс істеді: Түркістан Экономикалық Кеңесінің Арбитраж
комиссиясы; Тұрмыстық баспана мәселесі бойынша
комиссия; Қытайдағы қазақ және қырғыз босқындарын
197
қайтару комиссиясы (1923 жылы 23 сәуірде құрылды.
Төрағасы – С.Асфендияров); Мемлекеттік аппараттың
жұмысын бақылау комиссиясы; Республиканы аудандарға
бөлу комиссиясы (1923 жылды 27 қарашада құрылды.
Төрағасы – Т. Рысқұлов); Қаржы Комитеті (1923 жылы
21 ақпанда құрылды. Төрағасы – Т. Рысқұлов); Одақтың
және республикалық заңдарды, кодекстерді, қаулыларды
және бұйрықтарды жергілікті тілдерге тәржімелейтін
және жинақтап, басып шығаратын комиссия (құрамында
Х. Досмұхаметов бар); Ғалымдардың тұрмысын жақсарту
комиссиясы; Ресми істерді жергілікті тілдерге тәржімелеу
комиссиясы (1923 жылы 15 тамызда құрылды. Төрағасы –
В. Көшербаев). Бұлардан басқа да үкімет құрамында 30-ға
тарта түрліше комиссиялар мен комитеттер жұмыс істеді
512
.
Т. Рысқұловтың ұйымдастырушылық талантының
арқасында Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі барынша
ықшам, үйлесімді де білікті жұмыс аппаратына айналды.
Халық Комиссарлар Кеңесі республиканың халық
шаруашылығын қалпына келтіру және өркендету ісіне
басшылық жасай алатын қабілетке ие болды.
1923 жылы 11-16 наурыз аралығында Ташкент қаласында
болып өткен ТКП VII съезінде Т. Рысқұлов партияда жоқ
жастар арасындағы жұмыс туралы баяндама жасайды
513
.
1923 жылы 16 наурызда ТКП Орталық Комитетінің пленумы
Атқару Бюросының жаңа құрамын бекітті. Оған: Ю. Алиев,
О. Жандосов, Ш. Исламов, Д.И. Манжара, Т. Рысқұлов, В.И.
Соловьев және М.С. Эпштейн енді, ал кандидаттыкқа – С.
Асфендиаров, А.М. Розенблюм және А.А. Цехер сайланды.
ТКП Орталық Комитетінің хатшысы болып М.С. Эпштейн
бекітілді
514
.
Т. Рысқұлов 1923 жылы 17-25 сәуір аралығында Мәскеу
қаласында болып өткен РКП (б) XII съезіне қатынасып,
И.В. Сталиннің ұлт мәселесі бойынша баяндамасын
талқылау барысында баяндама жасайды. Бұл кезде жаңа
198
экономикалық саясат күш ала бастаған болатын. Сауда
еркіндігінің жасалуына байланысты ақша-тауар қатынасы
жедел өрістеді. Бұл жағдай шаруашылықтың жандануы
үшін серпіліс туғызды, әрі ұлттық жұмысшы тобы әлі
де қалыптаса қоймаған, тұрғындарының негізі шаруалар
болып табылатын республикаларда отарлық элементтерінің
қайта бас көтеруіне жағдай жасалған да еді. Сондықтан
да, Т.Рысқұлов ұлт мәселесін шешудің тәсілі ретінде
экономикалық тетіктерді пайдалану керек екенін, «ұлт
мәселесі күнделікті шаруашылық және кеңес кұрылысында,
экономикада, экономикалық түйіндердің шешілуінде»
515
тұрғанын атап көрсетеді.
Т.Рысқұлов
экономикалық
саясатқа
тоқталады.
«Атап көрсететін ерекше сәт, – дейді ол, – ол, өндіріс
құрал-жабдықтарын шикізат көзіне жақын орналастыру.
Осындай жағдайда өндіріс құрал-жабдықтарын жергілікті
жерлерге көшіру экономикалық аудандастыру принципімен
үндеседі». Т. Рысқұловтың баяндамасында мынадай бес
түрлі ұсыныс бар: біріншіден, одақ пен республикалар
аракатынасын нақты құқықтармен заңдастыру; екіншіден,
ұлтаралық қарым-қатынастарды заңды түрде реттеп отыру
үшін ерекше өкілеттігі бар «ұлттар палатасын» құру;
үшіншіден, ұлт мәселесін шешудің негізі экономикалық
тетікте; төртіншіден, жоспарлағанда даяр тауар өндіретін
өнеркәсіп орындарын шикізат көзіне жақын орналастыру,
себебі бұл шара бір жағынан, жергілікті ұлт жұмысшы табын
қалыптастырады, екінші жағынан, өнімнің өзіндік құнын
арзандатып, экономикалық тиімді пайда береді; бесіншіден,
экономикалық аймақтың (республиканың) біртұтас
шаруашылық жүйесі қалыптасады, әрі бұл әлеуметтік-саяси
мәні бар шара, себебі қала мен селоның, жұмысшы табы
мен шаруа арасындағы байланысты нығайтады.
РКП (б) Орталық Комитетінің Саяси Бюросы 1923 жылы
10 мамырда Орта Азия Бюросының жаңа құрамын бекітті,
199
оған: Я.Э. Рудзутак (төрағасы), Т. Рысқұлов, А.П.Розентольц,
И.Е. Любимов, Г. Меерзон, И.И. Михайлов, И.Қыдыралиев,
Ф. Қожаев және ХКП-нің тағы бір өкілі енді
516
.
Т.Рысқұлов 1923 жылы 31 шілдеде ТКП Орталық
Комитетінің II пленумында РКП (б) XII съезі мен
Ұлт республикалары мен облыстарының жауапты
қызметкерлерінің IV кеңесінің шешімдерін іске асыру
мәселесі бойынша баяндама жасайды. Кеңестердің XI
съезінен бергі Халық Комиссарлар Кеңесінің қызметіне
есеп береді. XI съезд үкімет алдына: мемлекеттік басқару
аппаратын қысқарту, оның жұмысының үйлесімділігі мен
біліктілігін қамтамасыз ету, басқару аппаратын жергілікті
халықтың тұрмысына жақындатып, халық ортасынан
өкілдер тарту, ауыл шаруашылығын қалпына келтіру, мақта
шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту, қаржы мен
салық жүйесін реттеу, сауатсыздықты жою міндетін қойған
болатын. Т. Рысқұловтың басшылығымен Түркістан үкіметі
бұл міндеттерді ойдағыдай шеше алды. Халық Комиссарлар
Кеңесінің құрамынан Үлкен және Кіші Кеңестер құрылды.
Түркістан Экономикалық Кеңесі пен Мемлекеттік
жоспарлау комитетінің құрылымы жаңа экономикалық
саясаттың талаптарына бейімделді. Үкіметтің құрамынан
республиканың өз ішіндегі сауданы реттеу үшін Ішкі сауда
комитеті ұйымдастырылды. Мекемелер мен ұйымдардың
ресурстарын, қорлары мен есептерін бақылап отыру үшін
Халық Комиссарлар Кеңесінің жанынан Қор комиссиясы
құрылды. Қаржы халық комиссариаты жанындағы Қаржы-
бюджет кеңесінің құжаттарын бекіту, Халық Комиссарлар
Кеңесінің Резерв қорына басшылық жасау, комиссариаттар
арасында несие бөлу мәселесін шешу үшін Қаржы Комитеті
ұйымдастырылды
517
.
Баяндамада Т. Рысқұлов мынадай дерек келтіреді, яғни
XI съезден бері ХКК-нің Үлкен Кеңесі 24 мәжіліс өткізіп,
онда қаралған 403 мәселенің 243-і шешілген, қалғаны
200
қосымша талқылауга жіберілген; Түркістан Экономикалық
Кеңесінің 10 мәжілісінде талқыланған 94 мәселенің 80-і
шешілген; ал Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының 120
мәжілісінде талқыланған 411 мәселенің 395-і өз шешімін
тапқан
518
. Бұл мәжілістерде республика өмірі үшін аса
маңызды мәселелер, яғни қаржы, жер шаруашылығы,
өндіріс, еңбек, ішкі сауда, денсаулық сактау, халық ағарту
және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Талқыланған
мәселелердің
арасында
республика
комиссариаттары мен ұйымдарының үлесі былайша болған:
Әділет халық комиссариаты – 5,3 пайыз; Қаржы – 13,6; Жер
шаруашылығы – 10,8; Ішкі істер – 5,3; Еңбек – 8,8; Халық
ағарту – 4,1; Әлеуметтік қамсыздандыру – 4,2; Денсаулық
сақтау – 4,7; Ішкі сауда – 6,1; Халық шаруашылығының
Орталық Кеңесі – 9,7; Орталық Статистикалық басқарма –
2,7; Түркістан Экономикалық Кеңесі – 2,0; Байланыс-пошта
– 3,4; Азық-түлік – 0,7; Мемлекеттік жоспарлау комитеті –
2,0; Астық саудасы басқармасы – 0,7. Жалпы ұйымдастыру
мәселесі бойынша – 10,2 пайыз. «Бұл деректер, – дейді
Т.Рысқұлов, – Халық Комиссарлар Кеңесінің мәжілістерінде
қандай мәселелерге көбірек көңіл бөлініп, қай халық
комиссариатына қатысты мәселелердің көбірек шешілгенін
көрсетеді»
519
.
Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы ретінде
Т.Рысқұловтың ерекше көңіл бөлген саласының бірі –
оқу-ағарту мәселесі болды. Республикада сауатсыздықты
жоймай халық шаруашылығын қалпына келтіріп, өркендету
мүмкін емес еді. Түркістан кеңестерінің XI съезінің халық
ағарту ісіне мемлекеттік бюджеттің 30%-ға дейінгі, ал
жергілікті бюджеттердің 24%-на дейінгі бөлігін босату
туралы шешімнің зор маңызы болды
520
. Республикада
жалпы білім беретін мектептер мен мектеп жасына дейінгі
мекемелерді, кәсіптік-техникалық оқу орындары мен
жоғары оқу орындарын дамытудың жоспары әзірленді.
201
Үкімет ең алдымен жұмысшылар мен шаруалардың
балаларын оқыту мәселесін өрістетті. Мысалы, 1923
жылы республикадағы мектеп оқушыларының 90%-ы
жұмысшылар мен шаруалардың балалары болды. Орталық
Статистикалық басқармасының есебі бойынша 1923 жылы
республикада 1032 түрліше мектептер жұмыс істеді. Оларда
85912 оқушы оқыды. Түркістанның қала халқының 32,5%-і
сауаттылыққа үйренді, ал бұл көрсеткіш 1920 жылы 27,5%
болатын
521
. Республика үкіметі ауыл мектептеріне мұғалім
даярлауды жоғары қарқынмен жүргізді.
1923 жылы республикада 6 оқу-ағарту институттары
(оның 1-і әйелдер институты) жұмыс істеді. Оларда
1500 адам білім алды. Ал, 1924 жылы республикада 7
педагогикалық және 11 ауыл шаруашылық училищелері
болды. Оларда 1523 студент оқыды. Студенттердің ұлттық
құрамы бірте-бірте жергілікті халықтың пайдасына қарай
өзгеріп отырды. Мысалы, 7 педагогикалық, 11 ауыл
шаруашылық училищелерінің 1523 студентінің ұлттық
құрамы мынадай болды: 494 өзбек, 334 қазақ, 252 еуропалық
халықтардың өкілдері, 106 түрікмен, 62 тәжік және т.
б.
522
. Орта Азия университетінде 1923 жылы 214 студент
оқыды
523
. 1924 жылы Ташкент Мемлекеттік университетінің
6 факультетінде 2353 студент, сондай-ақ Шығыс, Қазақ,
Өлкелік Өзбек, Түркі-татар, Түздік-еврей және Өлкелік
өзбек әйелдер институтында тағы да 755 студент оқыды
524
.
1923 жылы 22 маусымда Т. Рысқұловтың төрағалық
етуімен өткен Халық Комиссарлар Кеңесінің Үлкен
Кеңесінің мәжілісінде республикадағы ауыл шаруашылығы
мектептерінің жағдайы талқыланды. 1923 жылы жазда
республикада барлығы 6 ауыл шаруашылығы мектептері
(оның 3-і Жетісуда, бір-бірден Сырдария, Самарқант,
Түрікмен облыстарында) болды. Оларда 61 мұғалім сабақ
беріп, 497 бала оқыды. Оқушылардың негізгі бөлігі еуропалық
халықтардың өкілі болды, яғни 350-і еуропалықтар,
202
ал 88-і қазақтар болатын
525
. 1923 жылы 11 қарашада
Мемлекеттік жоспарлау комитетінің үйінде оқу-ағарту
саясаты туралы кеңейтілген мәжіліс ұйымдастырылды.
«Жергілікті халық, – дейді мәжілісте баяндама жасаған
Т. Рысқұлов, – шаруашылық және саяси құрылыстың
өзгеруіне байланысты, оқу-ағартусыз мәдени құрылыстың
мүмкін еместігін түсініп, оқу-ағарту ісіне ден қоя бастады.
Негізгі көңіл жағдайы өте нашар болып отырған I дәрежелі
мектептерге бөлінуі тиіс. Түздік халықтың оқу-ағарту ісінің
негізі осы I дәрежелі мектептерде. Қышлақтағы мектептерді
ұйымдастыру кезінде оқу құралдары мен педагог мамандар
мәселесі алдан шығып отыр. Оқу-ағарту институттарында
оқу ісінің жағдайы талапқа сай емес. Қажетті қаражаттың
тапшылығына байланысты баспалар қышлақ мектептерінің
кітапқа деген қажеттілігін өтей алмай отыр»
526
.
Халық Комиссарлар Кеңесі республикада сауатсыздықты
жою мәселесін қырағы бақылауға алды. Түрікатком мен
Халық Комиссарлар Кеңесінің 1923 жылғы 28 шілдедегі
№ 13 қаулысына сәйкес, республикада жастар арасындағы
сауатсыздықты жоюдың соңғы мерзімі ретінде 1924 жылғы
1 мамыр белгіленді
527
. Түркістанда сауатсыздықты жою
мектептерінің саны үздіксіз өсіп, яғни 1923 жылы 1 қазанда
– 214, 1 қарашада – 235, желтоқсан айының басында – 317-
ге жетті
528
. 1923 жылы 23 қарашада Халық Комиссарлар
Кеңесінің Үлкен Кеңесінде Т. Рысқұлов «Халық ағарту
ісіне көмектесу бюросын» құру туралы баяндама жасады
529
.
Бюроның басшылығын Т. Рысқұлов тікелей өз қолына алды.
Бюро төралқасына А. Рақымбаев, Н. Айтақов, А. Серғазиев
сайланды. Бюроның жанынан мәдени-ағарту қоғамдары
мен ұлттық ұйымдардың өкілдері кірген Мәдени кеңес
ұйымдастырылды. Бюроның мүшелігіне: қазақтардан –
Аралбаев, оған кандидат ретінде – Көшербаев, өзбектерден
– Ахунов, оған кандидат ретінде – Мунауар Қары,
түрікмендерден — Сахатмұратов, оған кандидат ретінде
203
– Иомудский енгізілді
530
. 1923 жылы 10 желтоқсанда
Т.Рысқұловтың төрағалық етуімен өткен «Халық ағарту ісіне
көмектесу бюросы» жанындағы Мәдени кеңестің кеңейтілген
мәжілісінде оның төралқасына X. Досмұхамедов, Бродский,
Мунауар Қары, Келдиев және Севастьянов сайланды. 1923
жылы 18 желтоқсанда «Халық ағарту ісіне көмектесу
бюросы» мен Мәдени кеңестің біріккен мәжілісінде алда
тұрған міндеттер талқыланып, оған мерзімді баспасөзде
мынадай тақырыптарға мақалалар жариялау тапсырылды:
ескі және жаңа мектептердің арасындағы айырмашылық;
халық ағарту ісі және елдің экономикасы; техникалық білім
және өнеркәсіп; білім және бостандық; жеке ынтаның рөлі;
мұғалім және мектеп; оқулық және мектеп; мектеп және
көшпелілердің міндеттері; мектеп және дехкандардың
міндеттері; мектеп және «Қосшы» одағының міндеттері;
мектеп және интеллигенция; мектеп және жергілікті билік
орындарының міндеттері
531
.
Т.Рысқұлов республика экономикасы үшін білікті
мамандар даярлау ісіне де көп көңіл бөлді. Республикада
халық шаруашылығына техникалық мамандар жетіспейтін.
Техникалық білімді қажет ететін салаларда жергілікті
халықтың өкілдері тым аз еді. Республикада көптеген
техникалық арнаулы оқу орындары ашылып, онда
жергілікті халықтардың өкілдері көптеп қабылданды.
1922 жылдың басында республикада 32 техникалық және
техника-экономикалық арнаулы оқу орындарындағы 3170
оқушының небәрі 200-і ғана жергілікті халықтардың
өкілдері болатын. Осы кемшіліктің орнын толтыру үшін
1922 жылдың екінші жартысы мен 1923 жылдың өн бойында
стационарлы оқу орындары мен мекемелердің жанынан
көптеген мектептер мен арнайы курстар ұйымдастырылды.
1923-1924 оқу жылында республиканың жергілікті халқы
үшін 150 адамдық кооперативтік, 100 су шаруашылығы
мамандығы бойынша, Халық шаруашылығының Орталық
204
Кеңесі жанынан 100 адамдық, Орталық Есептеу басқармасы
жанынан 50 адамдық, Мақта шаруашылығы комитеті
жанынан 100 адамдық курстар ашылды
532
. 1923 жылы
республикасының орта дәрежелі техникалық оқу орындары
мен курстары белгіленген мөлшерден 1370 адамды
артық даярлап шықты. Республиканың 19 фабрика-зауыт
мектептерінде оқыған 1400 оқушының 700-ден астамы, яғни
тең жартысы жергілікті халықтардың жастары еді. Олар
түрліше техникалық мамандықтарды, атап айтқанда: токарь,
слесарь, фрезеровщик, машинист, электрик, шофер және
тағы басқа да сан алуан мамандықтарды игерді. Бұл курстар
мен техникумдарда техникалық біліммен қатар жалпы білім
де берілетін. Бұл оқу орындарының оқушылары әскери
білімді де игерді, негізгі оқу мерзімі аяқталған сон оларға
кіші әскери командирлік атақ берілді. Бұл оқу орындарының
үздік түлектері федерацияның беделді жоғары техникалық
оқу орындарына жіберіліп, білімдерін көтеруіне жағдай
жасалды. Олардың ортасынан кейінірек көптеген өнеркәсіп
басшылары мен ғалымдардың шыққаны белгілі. Жалпы,
техникалық оқу орындарын ашып, бұл оқу орыңдарында
жергілікті халықтардың талантты жастарының көптеп
оқуына Т. Рысқұлов көп еңбек сіңірді.
Республикада қорғансыз, жетім балалар үшін мектеп-
интернаттар жүйесі дамытылды. Егер 1916 жылы Түркістан
өлкесінде балалар үйлерінің, селолық мектептердің,
I дәрежелі мектептер мен тағы басқа да балаларды
қамқорлыққа алған оқу-тәрбие мекемелерінің саны 688
болса, ал 1923 жылы олардың саны 2 394-ке жетті. 1916
жылы 45 800 бала оқыса, ал 1923 жылы 176 400 бала оқыды.
Жасөспірімдер мен жастарға арнап ашылған орта дәрежелі
техникалық оқу орындары 1916 жылы 16 болса, 1923 жылы
228-ге жетті, ал олардағы оқушылардың саны 1800-ден 6600-
ге өсті. 1916 жылы мемлекеттің камқорлығындағы жетім
205
балалардың саны 1710 болса, ал 1923 жылы ол көрсеткіш
33 348-ге дейін көтерілді
533
.
Түркістан үкіметі республикада баспасөз және
бұқаралық акпарат құралдарының дамуына ерекше көңіл
бөлді. 1922-1923 жылдары Ташкент қаласында өзбек
тілілде «Түркістан», қазақ тілінде «Ақ жол», орыс тілінде
«Туркестанская правда» және т.б. көптеген республикалық
газеттер мен өзбек тілінде «Инқилоб», түрікмен тілінде
«Түрікмен или», қазақ тіліңде «Шолпан» және т. б. айына екі
рет шығатын журналдар жарияланып тұрды. 1924 жылдың
басында республикада 46 газет және 22 журнал шығып
тұрды. Сол жылдарда республикада барлығы 123 кітапхана
(кітап қоры – 616 мың дана), 117 клуб, 13 театр, 18 кинотеатр,
4 мұражай және т. б. көпшілік мәдени орталықтар жұмыс
істеді.
Т. Рысқұловтың ғылым мен өнерді дамытуда қосқан
үлесі де елеулі. Республикада беделді ғылыми-зерттеу
орталықтары мен институттарын ашу, ғалымдарды
әлеуметтік жағынан қорғау мәселелерін назарда ұстады.
1922 жылдың желтоқсанында Ташкент қаласында қазақ
мәдениетін өркендету, көркейту мақсатымен «Талап» қоғамы
құрылған болатын. Оның жұмысына X. Досмұхамедов,
А.Э. Шмидт, И. Тоқтыбаев, М. Есболов, М. Тынышпаев, М.
Әуезов, Қ. Тыныстанов белсене араласты.
Т. Рысқұловтың қызметінің бір бағыты студенттермен
жұмыс мәселесін қамтыды. Ол республикадағы,
федерацияның орталық қалаларындағы және шет елдердегі
оқу орындадарында оқып жүрген түркістандық студенттерге
мүмкін болған жәрдемін жасап отырды.
Мәскеу қаласында оқып жүрген түркістандық
студенттердің арызымен танысқан соң Т. Рысқұлов 1923
жылы ақпанда Халық Комиссарлар Кеңесінің арнайы
қаулысын жариялайды. Ол бойынша, Мәскеу қаласында
оқып жүрген, әлеуметтік көмекке мұқтаж 350 студенттің
206
150-не (90-ы жергілікті халықтардың, 60-ы басқа ұлттардың
студенттері) стипендия тағайындалды. Стипендиялардың
көлемі Мәскеудегі өкілеттіктің қызметкерлерінің 12-ші
дәрежелі жалақысымен теңестірілді. Түрікаткомның Кіші
төралқасы 1923 жылы 7 шілдеде республиканың Германияда
оқып жүрген студенттеріне стипендия тағайындау
мәселесін талқылады. Студенттері Германияда оқып
жатқан комиссариаттар мен шаруашылық ұйымдары оларға
ақшалай көмектесіп отыруға міндеттенілді. Германиядағы
түркістандық студенттердің жағдайымен танысып қайту
масатымен 1923 жылы тамызда Т. Рысқұлов басқарған үкімет
делегациясы ұйымдастырылды. Т. Рысқұлов Германияға
Мәскеу арқылы 1923 жылы 13 қыркүйекте аттанған.
Федерация орталығында Түркістанға қатысты маңызды
мәселелерді шешеді. Т. Рысқұлов Германиядан 1923 жылы
22 қазанда қайта оралады. 1923 жылы 30 қазанда Т. Рысқұлов
Халық Комиссарлар Кеңесінің Үлкен Кеңесіне сапар туралы
есеп береді. Құрамында Бірімжанов (төрағасы), Идрисов
(мүшесі) және Германиядағы студенттердің екі өкілі кірген
шет елдердегі «Студенттер ісі бойынша уақытша басқару
бюросын» құру туралы жобаны бекітті
534
.
Германияда бұл кезде 11 түркістандық (7 өзбек, 4 қазақ),
47 бұқаралық (35 өзбек, 8 татар, 5 түркімен, 1 еврей), барлығы
58 студент оқыды. Студенттердің әлеуметтік тегі, жасы,
білімі де әр түрлі болатын. Олардың арасында түркістандық
студенттердің жасы мен білім деңгейі бұқаралықтармен
салыстырғанда әлдеқайда жоғары болатын. Бұқаралық
студенттердің көбі жас, төменгі дәрежелі мектептердің
шәкірттері болса, ал түркістандықтар ой тоқтатқан,
көбі республиканың жоғары және орта арнаулы оқу
орындарынан іріктелінген студенттер еді. 4 өзбек студенті
техникалық академияда, 2 қазақ ауыл шаруашылығы
академиясында, 2 қазақ Растенбург қаласындағы тері
өңдеу зауытында практикада, 2 өзбек (біреуі қыз бала)
207
– біреуі гимназияда, екіншісі университеттің медицина
факультетінде оқиды. Ал, бұқаралық студенттердің 7-і
Берлин университетінің медицина, философия, саяси
экономикалық, құрылыс, электротехникалық, машина жасау
және ауыл шаруашылығы факультеттерінде оқиды, олардың
біреуі биыл Дрезден қаласындағы Жоғары техникалық
мектептің машина бөлімшесіне түседі. Тағы бір студент
қыз қыздарды тәрбиелеп, оқытатын институтта жүр.
Куслин, Белбад және Дрезден қалаларындағы мемлекеттік
педагогикалық оқу орындарында 19 бала оқиды. Веденгаузен
мен Гельмштадт қалаларындағы ауыл шаруашылығы
мектептерінде 5 студент, Фрейборг қаласындағы тері
өңдеу мектебінде 2 студент, Лейпциг қаласындағы баспа-
типография мектебінде 2 студент, Брауншвейг қаласында
дәріхана (аптека) ісі бойынша 1 студент, машина жасау
фабрикаларында 6 студент, орта дәрежелі мектептерде
екі студент оқыса, ал бір бала Хермсдорфе қаласындағы
жетімдер үйінде тәрбиеленуде. Бұл оқу орындарында білім
теориялық сабақтардан гөрі тікелей практикалық жұмыстар
кезінде беріледі. Неміс тілін тезірек үйрену мақсатында
студенттердің барлығы жұмысшылардың отбасыларына
бөлініп жіберілген
535
.
1923 жылы ақпан айында Т. Рысқұлов И.В. Сталинге
Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесінің қызметі туралы
былай деп жазады: «Түркістан Республикасының орталық
мекемелері қазірдің өзінде шаруашылық және кеңес
құрылысы бойынша жоспарлы, жүйелі қызметке кірісіп
кетті. Біздің ең алдымен қолға алған мәселеміз: ауыл
шаруашылығы (мақта шаруашылығы, ирригация, жер
шаруашылығы, мал шаруашылығы және тағы басқалары),
оқу-ағарту және тағы басқалар»
536
. Т. Рысқұловтың осы
аталған салалардағы қызметін көрсету үшін оларды кең
түрде қарастырмақпыз.
208
Бірінші дүние жүзілік соғыс, 1916 жылғы ұлт-азаттық
көтерілісі және оны әскери күшпен басып-жаншу, 1917
жылғы екі бірдей әлеуметтік революциялар, тап күресі
саясаты, азамат соғысы мен шет ел интервенциясы, сондай-
ақ аса апатты болған басмашылар қозғалысы жылдарында
өлкенің шаруашылығы толық күйреу дәрежесіне ұшырады.
Егер 1915 жылы Түркістан өлкесінде 2 млн. 850 мың
десятина суармалы жер болған болса, ал 1922 жылы күзде
не бәрі 1 млн. 500 мың десятина қалған болатын
537
. 1915
жылы өлкеде 3,5 млн. десятина егістіктің 2 млн. 850 мың
десятинасы суармалы жер болған еді. 1900 жылдан 1915
жылға дейін өлкеде мақта егістігі 229 мың десятинадан 669
мың десятинаға дейін өскен болса, бұл көрсеткіш 1922 жылға
қарай 80 пайызға кеміген. 1917 жылы өлкеде 1 млн. 605 мың
жылқы, 2 млн. 223 мың ірі қара, 11 млн. 604 мың қой, 2 млн.
538 мың ешкі болған болса, ал 1922 жылы жылқының саны
43 пайызға, ірі қара мал 65 пайызға, қой 33 пайызға, ешкі 61
пайызға қысқарған
538
. Осынау қысқа да нақты деректер өлке
экономикасында, негізінен ауыл шаруашылығы мен мал
шаруашылығында орын алған апаттың орасан зор мөлшерін
көрсетеді.
Түркістанның экономикасында бұрын да маңызы төмен
болған өнеркәсіп бұл жылдарда толық күйреген еді. Мысалы,
1913 жылы өлкеде өндірілген көмір көлемін 100 пайыз
деп алсақ, онда 1920 жылы көмір өндіру сол мөлшердің
14 пайызын, 1922 жылы 22 пайызын, ал 1923 жылы 23
пайызын әзер құрады
539
. Өндірістің басқа да аса маңызды
салаларындағы жалпы жағдай осы шамалас болатын. Бұл
деректер бізге Т. Рысқұлов басқарған Түркістан үкіметінің
халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарын
қаншалықты ауыр жағдайда жүргізгенінен мәлімет береді.
Түркістанда халық шаруашылығын қалпына келтіру
жұмыстары жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуімен
тұспа-тұс
келді.
Жаңа
экономикалық
саясатты
209
республиканың тарихи ерекшелігіне сәйкестендіріп жүргізу
қажеттігі туды, өйткені Түркістанның федерациясының
басқа аймақтарынан тарихи және әлеуметтік-экономикалық
айырмашылығы, өзіндік ерекшелігі бар болатын.
Түркістанда түрліше әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық
даму сатысы мен түрліше өмір салты бойынша өмір сүріп
жатқан халықтар мекендейтін. Республика аумағында
көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы халықтар
араласа тұратын, сондықтан да үкіметтің жүргізер саясаты
осы халықтардың барлығының да мақсат-мүддесін қамтуы
тиіс еді. Өлкеде индустриялы жұмысшы табы жоққа тән
болды. Өлкенің осындай қоғамдық-тарихи ерекшелігімен
қатар діни ерекшелігі де саясатқа ықпал жасады, сондықтан
да басқа аудандарда табыспен жүргізілген саясат, егер
жан-жақты ойластырып, сақтықпен жүргізбесе Түркістан
жағдайында мүлде теріс қорытындылар беруі мүмкін еді.
Түркістанның халық шаруашылығының негізгі саласы
– ауыл шаруашылығы болды. Революциясынан соң
республикада іске асырыла бастаған негізгі шаралардың
бірі – аграрлы реформа. Республика халқының негізгі бөлігі
шаруалар болуға байланысты, үкіметтің бұл әлеуметтік
тапқа қатысты саясатының дұрыс жүргізілуінің зор маңызы
бар еді. Түркістанда 1921-1922 жылдары жүргізілген жер-
су реформасының саяси, әлеуметтік және экономикалық
маңызымен қатар, ең алдымен ұлттық мәселе болғаны айқын.
Реформаның барысында ауыл шаруашылығы саласындағы,
жер қатынасы мәселесіндегі патша үкіметінің отарлау
саясатының зардаптарын жою, жергілікті халықтар мен
қоныс аударушы орыс шаруалары мен орыс-казактардың
жерді пайдалану құқығын іс жүзінде теңестіру сияқты
шиеленісті, күрделі мәселені шешуге талпыныс жасалынды.
Қоныс аудару басқармасы орыс шаруаларына жергілікті
халықтың ата қоныстарын тартып әперіп, орналастырған еді.
Түркістанда ерекше құқықтар мен артықшылықтар арқылы
210
жергілікті халықты қанау жолымен байлыққа кенелген орыс
шаруалары кеңес өкіметінің аграрлы саясатына жанталаса
қарсылық көрсетті. Реформа барысында шиеленісті
мәселелерді қарудың күшімен шешуге тура келді, яғни сол
жылдары әскери күштің көмегімен 151 орыс поселкесі, 175
казак хуторлары таратылып, зорлықпен салынған 95 елді
мекен жойылды. Түркістан аумағынан Ресейге аса ықпалды
орыс отаршыларының 8084 отбасы көшірілді
540
. Орыс
кулактарынан тартып алынған 250 мыңнан аса десятина
шұрайлы жер иелеріне қайтарылды және иесі табылмаған
12,8 мың десятина жергілікті халықтардың кедейлеріне
үлестіріп берілді.
Бірақ көптеген объективті қиыншылықтар мен
субъективті қателіктердің кесірінен реформа өз мақсатына
толық жете алған жоқ. Реформадан соң да шаруалардың
37,6 пайызын тақыр кедей, жерсіз шаруалар құрады, ал
орта дәрежелі қожалықтары бар шаруалардың саны 1,4
пайыздан аспайтын. Сондықтан да, Т. Рысқұловқа үкімет
басшысы ретінде жер-су реформасын толық аяқтап, жерге
қоныстандыру жұмыстарын соңына дейін жеткізу міндеті
тиді.
Бұл кезде жерге қоныстандыру жұмыстарының негізгі
мәселелері республиканың Жер шаруашылығы халық
комиссариаты арқылы шешілетін болғандықтан, Т.
Рысқұлов 1922 жылы күзде осы комиссариаттың басқарма
мүшесі болып сайланады. Бұл оған республикада іске
асырылып жатқан жерге қоныстандыру жұмыстарының
барысына тікелей бақылау орнатуға мүмкіндік берді. Жерге
қоныстандыру жұмыстарын табыспен аяқтау – республика
үкіметіне отаршылдықтың қалдықтарына шешуші соққы
беру және жергілікті халықтың жерсіз кедейлерін жермен
қамтамасыз етіп, шаруашылықпен айналысуға мүмкіндік
ашу сияқты аса маңызды проблеманы шешер еді. Т. Рысқұлов
жерге жаңадан қоныстанған кедейлерді ауыл шаруашылығы
211
техникасымен, еңбек құралдарымен, тұқыммен және үкімет
тарапынан берілетін қаржылай несиемен қамтамасыз ету,
олардың құқықтарын заңды түрде қорғау мәселесіне де
ерекше көңіл бөлді.
1922 жылы желтоқсан айында болып өткен Түркістан
кеңестерінің XI съезінде қабылданған
541
«Жерді пайдалану
туралы негізгі заңға» сәйкес республикада Т. Рысқұловтың
басшылығымен әзірленген «Жер кодексі» қабылданды.
«Жер кодексінің» ережелеріне сәйкес 1923 жылы
республикада жерге қоныстандыру жұмыстары қарқында
жүргізілді. Қоныстандыруға жарамды жер қоры туралы
мәліметтер республикасының ауылдарынан, селоларынан,
болыстарынан, уездерінен, облыстарынан жинастырылып,
біртұтас деректер алынды. Жерге қоныстандыру
жұмыстарының тиімділігін аттыру үшін Жер шаруашылығы
халық комиссариатының жанынан арнайы басқармалар
ұйымдастырылды.
1922-1924
жылдары
республикада
жүргізілген
жерге қоныстандыру жұмыстарының қорытындысында
декхандар мен көшпелілерге 534 000 десятина, кедей орыс
шаруаларына 50 552 десятина, коммуналар мен артельдерге
34 720 десятина жер берілді. Ал, көшпелілердің малдарына
жайылымдық үшін тағы да қосымша 40 мың десятина
жер үлесі бөлінді
542
. Жерге қоныстандыру жұмыстарының
табыспен жүргізілуі республикада ауыл шаруашылығын
қалпына келтіріп, өркендету ісіне үлкен ықпал жасады.
Түркістанның ауыл шаруашылығын қалпына келтіру
үшін суландыру мәселесін шешудің айрықша маңызы
еді. Республика экономикасы мен ауыл шаруашылығы су
мәселесіне тәуелді болатын. Сондықтан да, 1922 жылдың
күзінен бастап республикада суландыру жүйелерін қалпына
келтіру және жаңадан салу, тың және тыңайған жерлерді
игеру жұмыстары өрістетілді. 1923 жылы жазда Түрікатком
пленумында Т.Рысқұлов суландыру мәселесінің халық
212
шаруашылығы үшін маңызына тоқтала келіп, былай деп
атап көрсетеді: «Су шаруашылығы және жалпы су мәселесі
Түркістанның барлық шаруашылық құрылысындағы негізгі
мәселе болып табылады. Егер біз статистикаға үңілер
болсақ, онда Түркістан экономикасының 4-тен 3-і суға
тәуелді екенін көреміз»
543
. 1922 жылы күзде Түркістан
Су шаруашылығы басқармасының бастығы М. Рыкунов
орнынан алынып, төраға болып Т. Рысқұлов сайланады.
Түркістан – федерацияның негізгі мақта базасы
екенін, ал мақта шаруашылығын дамыту үшін суландыру
жұмыстарының маңыздылығын Орталық алдында дәлелдей
білген Т. Рысқұлов федерациялық қордан республикадағы
суландыру жұмыстары үшін 6 млн. сом алтын ақшаның
бөлінуіне қол жеткізді
544
. 1922 жылы республикада 1 180
000 десятина, ал 1923 жылы 1 587 352 десятина жер
суландырылды. Суландырудың практикалық жұмыстарымен
қатар ғылыми ізденістері де қатар дамыды.
Республиканың ауыл шаруашылығының негізгі
саласы – мақта шаруашылығы болды. Т. Рысқұлов мақта
шаруашылығын қалпына келтіріп, өрістетуге көп күш-жігер
жұмсады. «Өлкенің ауыл шаруашылығының, оның ішінде
мақта шаруашылығының құлдырау және тоқырау шегі 1922
жыл болды, ал содан соң оның интенсивті өрлеу кезеңі
басталды»
545
, – деп атап көрсетеді зерттеуші Р.Х. Каримов.
Мысалы, 1915 жылы Түркістан өлкесінде 20,5 млн. пұт
мақта өндірілсе, ал 1922 жылы не бәрі 1 млн. пұт, яғни 20 есе
аз өндірілді
546
. Бұл апатпен тең құлдырау болатын. Егер 1922
жылы 52 000 десятина жерге мақта егілсе, ал 1923 жылы
170 000 десятина жерге мақта егілді
547
, яғни бұл дерек мақта
егістігінің бір жыл ішінде 3 еседен аса өскенін көрсетеді.
Егер 1921 жылы әр десятина мақта танабынан 25-30 пұт
өнім алынса, 1923 жылы түсім 70-100 пұттан айналды
548
.
Осылайша, мақта егістігінің көлемі ғана ұлғайтылып қоймай,
өнімділігі де арттырылды. Бұған республика үкіметінің
213
1923 жылы мақта өсірушілерді салықтың барлық түрінен
босатуы мен өрістей бастаған кооперативтік қозғалыс зор
ықпал жасады. Негізгі жұмыстарды мақта кооперативтері
мен мақта серіктестіктері атқарды.
1923 жылы ақпан айында өткен I Жалпытүркістандық
кооператорлар съезі шаруаларды ауыл шаруашылығы
кооперативтері мен серіктестіктеріне біріктіру қозғалысын
туғызды. Егер 1921 жылы республикада 57 мақта
кооперативтері болса, ал 1923 жылдың соңында олардың
саны 471-ге жетіп, 65 771 қожалықты біріктірді
549
. Сол жылы
1 қыркүйекке қарай Сырдария облысында жоспарланған
135 серіктестіктің орнына 167, ал Ферғанада 60-тың
орнына 95 серіктестік құрылды
550
. Тек Ферғана облысының
серіктестіктері ғана 1923 жылдың тамызына дейін 150 мың
сом алтын ақша көлемінде несие алады
551
.
Т.Рысқұлов республикада халық шаруашылығын
қалпына келтіріп, өркендету ісінде кооперацияға ерекше
көңіл бөледі. Түркістанда халық шаруашылығын қалпына
келтіру кооперацияны дамыту, шаруашылықты коллективтік
үлгімен жүргізу арқылы іске асырылды. Кооперативтер
– мақта шаруашылығындағы бей-берекетсіздіктермен
күресудің құралына айналды. Кооперативтер мен
серіктестіктер арқылы мақта өнімі төңірегіндегі
алыпсатарлықты жоюға, шаруалар мен мемлекеттік
өнеркәсіп арасындағы заттай-ақшалай айырбас жасауға кең
жол ашты. Мақта кооперативтерімен бірге астық, бау-бақша,
мал шаруашылығы, күріш шаруашылығы кооперативтері
дамытылды. 1923 жылы мамырда Түркістан үкіметі су
шаруашылығы серіктестіктері туралы ережені бекітті
552
.
Түркістанда несие кооперативтері тез дами бастады.
1923 жылы Орта Азия ауыл шаруашылығы банкісі бұл
кооперативтерге 822 605 мың сом алтын ақшамен несие
берді. Ол несиенің 32 пайызы тұқым сатып алуға, ал 45
пайызы жұмыс малын сатып алуға жұмсалды
553
. 1923 жылы
214
5 тамыздан бастап Жалпыресейлік кооператив банкісінің
бөлімшелері несие бере бастады. Бұл бөлімшелерге
тіркелген кооперативтердің саны 52-ге жетті, олардың 24-і
тұтыну, 23-і ауыл шаруашылық несие кооперативтері, ал 3-і
қолөнер кооперативтері болды. 10 ай ішінде бұл банк 4 015
мың сом алтын ақша көлемінде несие береді.
1923 жылы 214 серіктестікке біріккен 58 мың шаруалар
110 242 десятина жерге мақта өсіріп, сол жылы мемлекетке 4
млн. пұт мақта сатты. 1923 жылы мақта шаруашылығының
82%-ы кооперативтерге біріктірілген болатын. Сол жылы
республикада 32 997 десятина егістік жері бар 67 совхоз
ұйымдастырылды
554
.
Түркістанда шаруаларды кедейлер комитеттеріне
біріктіру ісіне 1920 жылы құрылған «Қосшы» одағы зор
көмек керсетті. «Қосшы» одағы – құрамына өз еңбегімен
жер өңдейтін шаруаларды біріктірген одақ болды. Одаққа
басқаның еңбегі арқылы күнелтуші элементтер кіргізілмеді.
Одаққа кіру үшін одақтың екі мүшесінің кепілдігі талап
етілді. Мүшелер жалпы жиналыста қабылданды. Мүшелер
кіру жарғысы мен ай сайын жарна төлеп отырды. 1923
жылы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің директивалық
ұйымдарының шешімімен «Қосшы» одағынан Түркістан
Ауыл шаруашылығы одағы және Түркістан Мақта
шаруашылығы одағы бөлініп шықты. «Қосшы» одағы
қышлақтар мен ауылдарда кооперацияның көптеген
түрлерінің дамуына зор ықпал жасады. Одақ сонымен
бірге шаруалар арасында ауыл шаруашылығы несиесін,
еңбек құралдарын, жұмыс күшін, тұқым мен малды бөлу
жұмыстарын да ұйымдастырып отырды. 1923 жылы
мемлекеттік ауыл шаруашылығы қоймаларынан 316 294
мың сом алтын ақшаның еңбек құралдары шаруаларға
таратылып берілді. 1923 жылы көктемде Жер шаруашылығы
халык комиссариаты Жетісу облысының кедейлеріне 32,4
мың тонна, Сырдария облысының кедейлеріне 1,2 мың
215
тонна, ал Самарқант облысының кедейлеріне 1,3 мың тонна
тұқымдық астық үлестіріп берді
555
.
1922 жылы күзде «Қосшы» одағының мүшелері Сырдария
облысында 90 мың, Жетісуда 80 мың, Самарқантта 30 мың,
Ферғанада 25 мың, Әмудария бөлімшесінде 5 мыңдай,
Закаспий облысында 30 мың, барлығы 260 мыңдай адамға
жетті. «Қосшы» одағының Орталық Комитетінен бөлек
6 облыстық, 32 уездік, 200-ден аса болыстық және 2 000
ауылдық бөлімшелері болды
556
.
1923 жылы республиканың өнеркәсібі мен ауыл
шаруашылығында қалпына келтіру жұмыстарының түрліше
қарқынмен жүргізілуі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы
өнімдерінің әр түрлі бағалауына әкеліп тіреді, яғни
өнеркәсіп тауарлары өте жоғары деңгейде болса, ал ауыл
шаруашылығы өнімдері барынша төмен бағамен сатып
алынды. Өнеркәсіпте тауардың белгілі бір түрін өндіретін
өндіріс орындары қалыптасқан жағдайды пайдаланып өз
өніміне монополиялы баға қоюға тырысты. Қала мен ауыл
арасындағы айналым, айырбас сауда және қаржы айналымы
ретсіз дамыды. Бұл уақытта селодағы сауданың негізгі
бөлігі жеке адамдардың қолында болатын. Мемлекеттік
және кооперативтік сауда орындары шаруалардың ауыл
шаруашылық еңбек құралдарына, көлікке, құрылыс
материалдарына, күнделікті тұтыну заттары мен басқа
да тауарларға деген мұқтажын қамтамасыз ете алмауына
байланысты, олар бұл тауарларды жеке саудагерлерден
үстем бағаға сатып алуға мәжбүр болады. Негізгі қиындық
өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы тауарларының бағасы
арасындағы өте үлкен айырмашылықта жатты. Баға
қатынасының үлкен болуы шаруаларды өнеркәсіп өнімдерін
сатып ала алмайтын халге түсірсе, ал өнеркәсіп орындары
даяр тауарларын өткізе алмай қиындыққа ұшырады.
Мемлекет өз тарапынан өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы
өнімдерінің бағалануындағы ретсіздікті біртіндеп жойып,
216
ауыл шаруашылығының дамуына жол ашып отырды. Үкімет
өнеркәсіп орындарының өз тауарларына монополиялы баға
қоюына экономикалық әдістерді пайдалана отырып жол
бермеуге тырысты, бұл шара қала мен селоның арасындағы
экономикалық-әлеуметтік
қайшылықтарды
біршама
дәрежеде шешуге мүмкіндік берді. Қала мен ауыл арасында
тауар айналымының өрістеуі өндірістің өз ішіндегі және
өндіріс пен ауыл шаруашылығы арасындағы ақша-тауар
қатынасын жандандырды. Республикада бірте-бірте
жалақыны заттай емес, ақшалай төлеу жүйесі қалыптасты.
Экономикадағы негізгі төлем ақша жүйесіне келтірілді.
Республикадағы ішкі және сыртқы сауда операциялары
Түркістан сауда бірлестігі арқылы іске асырылды. Түркістан
Сауда бірлестігі 1920 жылы 20 тамызда құрылған болатын.
1923 жылы республикада қала мен село арасында еркін
сауда өрістеді. Еркін сауда ірі мемлекеттік өнеркәсіп пен
ұсақ тауарлы шаруа шаруашылығы арасындағы негізгі
байланыс көзіне айналды. Мемлекеттік сауданың нығая
қоймағандығына байланысты үкімет жеке меншік сауданың
дамуына кең мүмкіндіктер ашты. Жеке меншік сауда
орындары түрліше серіктестерге, компанияларға бірігіп
жұмыс жасады. Мысалы, 1923 жылы Ташкент қаласының
өзінде ғана 30 серіктестік болды. Олардың капитал көлемі
(1 мыңнан 100 мың аралығында) әр түрлі болатын
557
.
Мемлекеттік және жеке меншік сауда органдарының
арасында нағыз бәсекелестік өрбіді. Жеке меншік сауданы
мемлекет салық арқылы реттеп отырды. Мемлекеттік
саудаға қарағанда жеке меншік сауда орындарында түрліше
қылмыстар жиірек жасалатын. 1923 жылы Түркістанда
салықтың негізгі үш түрі қолданылды, яғни тікелей, жанама
және жергілікті.
Т. Рысқұлов қаржы және салық саясатына халық
шаруашылығына басшылық жасаудың маңызды және
шешуші тетігі ретінде қарады. Салық саясатының мақсаты
217
халықтың түрліше әлеуметтік топтарының табысын
салық арқылы реттеу болатын. Жаңа экономикалық саясат
жылдарында қала мен ауылдың арасындағы сауда мен
айырбас республика экономикасын көтерудің маңызды
шарасы болды. Т. Рысқұлов салық саясатымен айналысатын
Мемлекеттік жоспарлау комитетінің жұмысына бағыт-
бағдар беріп отырды. Салық аппаратының негізгі мақсаты
мемлекет қазынасын көбейтіп отыру болғанымен де, салық
комитеттері негізгі күш-жігерді халық шаруашылығының
түрліше салаларының өзара пропорциялы дамуын
қамтамасыз етуге жұмсады. Мемлекет қарамағындағы
денсаулық сақтау, оқу-ағарту және мәдениет пен ғылым
сияқты салаларға ерекше көңіл бөлінді.
Үкімет төрағасы ретінде Т. Рысқұлов қаржы және салық
саясатын үнемі бақылауға алып отырды. 1922 жылы 23
қарашада Т. Рысқұлов ТКП Орталық Комитетінің Атқару
Бюросының мәжілісіне қатынасып, онда республиканың
қаржы жағдайы және бюджет пен салық мәселелері бойынша
таяу арадағы атқарылар саясат туралы сөз сөйлейді. Осы
мәселелердің барлығын жан-жақты талқылау үшін оларды
таяуда өткелі отырған Экономикалық кеңес съезінің
күн тәртібіне қою туралы ұсыныс енгізеді. Мәжілісте Т.
Рысқұловтың ұсынуымен бағаның өсуінің себептері және
онымен күрес мәселелері де талқыланды
558
.
1922 жылы 24 желтоқсанда өткен ТКП Орталық
Комитетінің Атқару бюросының мәжілісінде Т. Рысқұлов
баяндама жасайды. Баяндама бойынша қабылданған
қаулыда былай деп жазылған: «Түркістан Республикасының
қаржы жағдайының апатты жағдайын, мемлекеттің
басқару аппаратына жалақы төлей алмай отырғанын және
штаттарды қысқартуды 1 ақпанға дейін жүргізу мүмкін
болмай тұрғанын ескере келе, РКП (б) Орталық Комитетінің
Орта Азия Бюросы арқылы Орталық партия және кеңес
ұйымдарынан Түркістан Республикасының үкіметіне
218
бұрынғы тоқсандық және айлық бюджетке қосымша тағы
да 300 000 000 сом бөлу өтінілсін»
559
.
Түрікаткомның Кіші төралқасының 1923 жылы 5
сәуірдегі мәжілісінде Т. Рысқұловтың баяндамасы бойынша
республикасының 1923 жылғы бюджеті бекітілді
560
.
1923 жылы 8 мамырда КСРО Орталық Статистикалық
басқармасының П.П. Попов басқарған техникалық
комиссиясы Түркістанда жиналатын бірыңғай ауыл
шаруашылығы салығын талқылап, оның көлемін 18 800 000
пұт астық бірлігі
561
деп белгіленді. Т. Рысқұлов 1923 жылы
10 мамырда техникалық комиссияның шешіміне наразылық
білдіріп БОАК төралқасына, РКП (б) Орталық Комитетіне
және Я.Э. Рудзутакқа хат жолдайды. Т. Рысқұлов комиссия
есебінің қателігін дәлелдеп, бұл салық туралы Түркістан
Халық Комиссарлар Кеңесінің көзқарасын баяндайды.
Түркістанның
1923-1924
шаруашылық
жылының
жоспарында, дейді Т. Рысқұлов, мақтаны, қызылшаны
және үпілмәлікті есептемегенде, республиканың 2 146
000 десятина егіс алқабынан 132 163 000 пұт астық бірлігі
мөлшерінде жалпы өнім алу көзделген. Соңғы үш жылда
Түркістанның ауыл шаруашылығынан мынадай мөлшерде
салық алынған болатын: 1920-1921 шаруашылық жылында
азық-түлік салғырты бойынша 22 000 000 пұт астық бірлігі
көлемінде салық салу жоспарланып, ол 12 000 000 пұтқа
орындалған; 1921-1922 шаруашылық жылында азық-түлік
салығы бойынша 14 000 000 пұт астық бірлігі көлемінде
салық салу жоспарланып, ол 7 500 000 пұтқа орындалған;
1922-1923 шаруашылық жылында жоспарланған 11 830
000 пұт астық бірлігі көлеміндегі салықтың 9 000 000 пұты
орындалған. Сонымен қатар, бұл жылы республикада еңбек
салығы бойынша тағы да 500 000 пұт, ал ақшалай салық
бойынша 1 965 000 пұт, барлығы 11 465 000 пұт астық бірлігі
көлемінде салық алынады.
219
Бірінші дүние жүзілік соғысқа дейін өлкеде ауыл
шаруашылығынан алынатын салық көлемі 3,1 пайыздан
аспағанын айта келе Т. Рысқұлов қазіргі экономикалық
құлдырау мен дағдарыс уақытында, халық шаруашылығын
қалпына келтіру және қайта құру кезеңінде «алынатын
салықтың жоғарғы шегі жалпы өнімнің 10 пайыздық
көлемінде шектелуі тиіс, мұны ақшаға шаққанда, шамамен
13 200 000 пұт астық бірлігі көлемін құрайды»
562
, – деп атап
көрсетеді.
Т.Рысқұлов атап көрсеткен республиканың ауыл
шаруашылығынан алынуы тиіс (1923-1924 шаруашылық
жылында) бірыңғай ауыл шаруашылығы салығының көлемі
(яғни, 13 200 000 пұт астық бірлігі) мен КСРО Орталық
Статистикалық басқармасының техникалық комиссиясы
жоспарлаған 18 800 000 пұт астық бірлігі көлеміндегі
салықтың арақатынасы едәуір болатын. Т. Рысқұловтың
дерегі – Түркістанның ауыл шаруашылығын ауыр салық
салмағынан құтқарып, еркін дамуына мүмкіндік беру
мақсатында әзірленген дерек еді. Сондықтан да, Т. Рысқұлов
республиканың 1923-1924 шаруашылық жылына арналған
бюджет жоспарының негізгі табыс және шығыс көздерін
атап көрсетеді: Шығыс: а) мемлекеттік бюджетте отырған
комиссариаттардың шығысы 6 млн. тауарлы ақша немесе
6 600 000 пұт астық бірлігі; б) жергілікті мемлекеттік
бюджеттің шығысы 5 млн. тауарлы ақша немесе 5 500 000
пұт астық бірлігі; в) мемлекеттің қамқорлығында отырған
азық-түлік ұйымдарының шығысы 3 000 000 пұт астық
бірлігі. Барлық шығыс 15 100 000 пұт астық бірлігі. Табыс:
а) біріңғай ауыл шаруашылығы салығынан 13 200 000 пұт
астық бірлігі; б) су салығы (750 000 тауарлы ақша) және
басқа да салықтар (3 000 000 тауарлы ақша) 3 400 000 пұт
астық бірлігін құрайды. Сонда жалпы табыс 16 600 000
пұт астық бірлігі болуы тиіс. Яғни, Түркістанның бюджеті
220
13 200 000 пұт астық бірлігі салығы көлемінде біріңғай ауыл
шаруашылығы салығын алумен-ақ тосылады.
Сондықтан да, дейді Т. Рысқұлов, жоспардағы 2 146
000 десятина егістіктен (ал, 1922-1923 шаруашылық
жылында республиканың Азық-түлік халық комиссариаты
шын мәнінде 1 150 000 десятина ғана егістік бар екенін
анықтады) артық көлемде салық алудың ешқандай қажеті
жоқ. Егер 13 200 000 пұт астық бірлігі көлеміндегі салықты
алған кездің өзінде әр десятинадан шамамен 9 пұт астық
бірлігі салығы алынады, яғни салық жалпы өнімнің 20-25
пайызын құрайды. Ал, комиссия жоспарындағы 18 800 000
пұт астық бірлігі көлеміндегі салықты салар болсақ, онда
әр десятинадан 13 пұт астық бірлігі салығы алынып, салық
жалпы өнімнің 26-33 пайызына дейін жететін болады. Бұл
ақылға қонбайтын нәрсе. «Түркістан Халық Комиссарлар
Кеңесі, – дейді, Т. Рысқұлов, – комиссияның шешіміне
үзілді-кесілді қарсылық білдіре отырып, жоспардағы 18 800
000 пұт астық бірлігі көлеміндегі салықты Түркістан үшін
мүлдем шама келмейтін көлемдегі салық деп есептейді,
сондықтан да, жолдас Поповтан комиссияның шешімін
қайта қарап, алынатын салықты 13 200 000 пұт астық бірлігі
көлемі етіп белгілеуді талап етеді»
563
.
1923 жылы 13 маусымда Түрікатком «1923-1924 жылдарға
арналған ТАКСР-дегі бірыңғай ауыл шаруашылығы
салығы туралы» декрет қабылдады
564
. Декрет бойынша,
ауыл шаруашылығы дақылдарының көптеген түрлерін
өсірушілер, мысалы, тары, қант қызылшасы, мақта, жас бау-
бақша, тәжірибе станциялары мен алқаптарында өсіріліп
жатқан дақылдардың барлық түрі ауыл шаруашылығы
салығынан босатылды. Салықтан, сондай-ақ шаруалар
комитетінің қоғамдық егістері мен табиғат апатына
ұшыраған немесе басмашылар шапқыншылығынан зардап
шеккен шаруалықтар да босатылды. Мүгедектер мен
221
қызыл әскерлердің отбасыларына көптеген жеңілдіктер
жасалынды.
1923 жылы 28 маусымда Т. Рысқұловтың төрағалық
етуімен өткен Халық Комиссарлар Кеңесінің Үлкен
Кеңесінің мәжілісінде «Түркістан Республикасының мал
шаруашылықтары қожалықтарынан алынатын салық
мөлшерін төмендету» мәселесі талқыланды. Мәжіліс
қаулысында былай деп атап көрсетілген: «Түркістан
Республикасының соңғы жылдарда құлдырай бастаған
мал шаруашылығын қалпына келтіру үшін ұсақ
шаруашылықтарды салықтың барлық түрінен толық босату,
ал ірі шаруашылықтардан алынатын салық мөлшерін 50
пайызға кеміту қажет деп саналсын»
565
.
Республика
бюджетінің
негізгі
бөлігі
ауыл
шаруашылығынан
алынатын
салықтан
тұратын.
Біртұтас ауыл шаруашылығы салығын дер кезінде
жинап алу республиканың өмір сүруінің кепілі еді. Ауыл
шаруашылығын, өндірісті қалпына келтіру, суландыру
жұмыстарын жүргізу, халықтың сауатын ашып, білім беру,
сауда мен өнеркәсіпті, темір жол мен байланыс құралдарын
дамыту, денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысын жолға
қою республикада біртұтас ауыл шаруашылығы салығының
дер кезінде және толық жиналуына тәуелді болатын. Ауыл
шаруашылығы салығын жинау мемлекеттік маңызы бар
іске айналды.
1922 жылы жаз-күз айларында Түркістанда түрлі жұқпалы
аурулар кең тарады. «Халық қасіреті» деген мақалада былай
деп жазылған: «Түркістанда ашыққан босқындардың безгек
ауруы тараған жерлерге орналастырылуына байланысты
безгек ауруы ұлғайып барады және бұл ауру өлкенің кейбір
аудандарында халық қасіретіне айналды. Бетпақ дала
уезінде халықтың 100 пайызы безгек ауруымен ауырады,
Ферғанада, Қоқан аймағында тұрғындардың 60 пайызына
дейінгі бөлігі ауру. Безгек ауруының асқынған түрімен
222
ауырған адамдар ауруханаларға жеткізілген соң есін жинай
алмай 4-5 сағаттың ішінде қайтыс болады. Безгек аурулары
тараған аудандарда халықтың, әсіресе балалардың ауруға
ұшырауы орасан көп. Халық безгек жайылған аудандардан
қашып жатыр»
566
. Ал, Жетісу облысының көшпелі халқы
арасында жұқпалы аурудың тағы бір түрі – аса қауіпті
тырысқақ ауруы кең тарады. 1923 жылы шілдеде бір ғана
Лепсі уезінде тіркелген 459 ауру адамның 128-і қайтыс
болған
567
.
Т.Рысқұлов үкіметі аса қауіпті жұқпалы ауруларды
жою үшін орасан зор күш-жігер мен қаражат жұмсады.
1922 жылы 25 қазанда Т. Рысқұлов Халық Комиссарлар
Кеңесінің № 213-ші «Міндетті түрде шешекке қарсы егу
туралы» қаулысына қол қойды. Республикада кең түрде
таралып отырған жұқпалы аурулармен күресті табысты
жүргізу және шешекке қарсы егу жұмыстарын жақсарту
үшін қаулыда мынадай шаралардың атқарылуы талап
етілді: яғни, бір жасқа толмаған сәбилердің барлығына,
жетім балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, барлық
үлгідегі оқу орындарының оқушылары мен студенттеріне,
өнеркәсіп орындары мен ұйымдарының жұмысшылары мен
қызметтеріне және түрмедегі қылмыскерлерге шешекке
қарсы егу жүргізу міндеттелді
568
.
Т.Рысқұлов үкіметтің қызметін ұйымдастыра жүріп,
республиканың түрліше аудандарына іс сапарларға жиі
шығып тұрды. 1923 жылы тамыз айында Мырзашөл уезін
аралайды. Мұнда көлемі 10 000 десятина аумақта мақта өсіріп
отырған ірі шаруашылықтың жағдайымен танысады
569
.
Т. Рысқұлов 1923 жылы 10 тамызда Мәскеуге аттанады.
1923 жылы 20 тамызда Мәскеуден жіберген № 4248-ші
жеделхатында Т. Рысқұлов былай деп хабарлаған: Ташкент
Мемлекеттік және Коммунистік университеттерінің жарты
шығыны бұдан былай федерациялық бюджет пен Орталық
Азияның үш республикасы арасында теңдей бөлінеді;
223
студенттердің негізгі құрамы жергілікті халық өкілдерінен
іріктелінеді; федерация Түркістанның 494 ауылдық, 150
қалалық мектептері мен 30 арнайы интернаттарының
шығынын өз мойнына алады; БОАК-тың жанынан құрылып
жатқан Мәдени-ағарту қорының қаражаты бірінші кезекте
Түркістанға бөлінеді; д) Түркістан баспасы Орта Азия
мемлекеттік баспасы болып қайта құрылып, оның жарты
шығынын федерация, жартысын Орталық Азияның үш
республикасы өзара бөліседі
570
. Одан әрі Т. Рысқұлов
мақтаның сатылу бағасы мен мақта шаруашылығы бойынша
құрылған Федерациялық басқарманы Түркістан өкілінің
басқаруы мәселелерінде талас болып жатқанын хабарлайды.
1923 жылы 26 тамыз – 20 қазан арасындағы Мәскеу
қаласында Бүкілресейлік ауыл шаруашылығы көрмесі өтеді.
Көрмеде Орта Азия павильоны да жұмыс істеді. 26 тамызда
павильонның ашылу рәсіміне орай салтанатты мәжіліс
ұйымдастырылды. Орта Азия павильонының жұмысын
Орта Азия Көрмелер комитетінің төрағасы профессор Димо
басқарды. Орта Азия павильонының маңызы туралы Т.
Рысқұлов пен Г.В. Чичерин сөз сөйлейді
571
.
1923 жылы 27-28 тамызда Т. Рысқұлов бастаған
Түркістан делегациясы Я.Э. Рудзутак комиссиясымен
бірігіп республиканың экономикасы туралы мәселелерді
талқылайды. Т.Рысқұловтың 28 тамызда Мәскеуден
Ташкентке Түрікатком, ХКК-і және ТКП Орталық
Комитетіне жіберген жедел хатында бұл талқылау
барысында мынадай мәселелердің шешілгені хабарланған,
яғни: 1924 жылғы наурызға дейін Түркістанға 3 млн.
сом алтын ақша көлеміндегі ауыл шаруашылығы несиесі
беріледі; Түркістанның мемлекеттік бюджеті федерациялық
бюджеттің 5 пайызын құрайтын болады; федерациялық
ұйымдар сауда мәселесін Түркістанның сауда ұйымдарымен
келісе отырып шешеді; Қытаймен мал саудасын өрістету
үшін шекара мәселесі реттеледі; Мәскеуде Түркістанның
224
қатынасуымен Мақта серіктестігі орталық басқармасы
құрылады; Түркістанда жүзеге асырылып жатқан жерге
қоныстандыру шараларының шығынын анықтап, толық
төлеу КСРО Қаржы комиссариатына тапсырылды; бірқатар
өнеркәсіп орындарын Орталықтан Түркістанға көшіру
мәселесі шешілді; Федерация Боз су электр станциясын
салу үшін 300 000 мың сом алтын ақша босатады; Жетісу
темір жолын салу мәселесі талқыланды; Түркістанға
бөлінетін бюджеттің көлемін 5 пайыздан 7 пайызға өсіру
туралы ұсыныс БОАК төралқасының талқысына жіберілді;
Түркістанның шаруашылық жоспарын федерацияның
біртұтас шаруашылық жоспарына біріктіру мәселесі БОАК-
тың төралқасына жіберілді және тағы басқа
572
.
Т. Рысқұлов делегациясы Я.Э. Рудзутак комиссиясымен
бірігіп өткізген екі мәжілісте Түркістан үшін үлкен маңызы
бар сан алуан мәселелерді талқылап, шешім қабылдаған.
Бұл мәселелердің толық және республика үшін аса тиімді
тұрғыда шешілуіне Т. Рысқұловтың ұйымдастырушылық
қабілеті, іскерлігі, табандылығы мен саяси беделі шешуші
ықпал еткені талас тудырмайды.
Өнеркәсіп – Түркістан халық шаруашылығында қосалқы
маңыз атқарған сала болатын. Сонда да болса, Т. Рысқұлов
үкіметі өнеркәсіпті дамытуға көп көңіл бөлді. Республика
өнеркәсібін қалпына келтіру ісінде Халық Комиссарлар
Кеңесінің жанында жұмыс істеген Экономикалық кеңестің
зор маңызы болды. Түркістан Экономикалық кеңесінің
жандануына ТЭК-нің 1922 жылы 26-30 қараша аралығында
Ташкент қаласында өткен II съезінің айрықша рөлі
болды. Съезде облыстық экономикалық кеңестердің есебі
тыңдалып, өнеркәсіпті дамыту мәселелері талқыланды.
Орталық Азия республикаларын экономикалық жағынан
біріктіру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. РКФСР-дің
өнеркәсіпті аудандарымен байланысты күшейту үшін
Мәскеудегі Түркістанның тұрақты өкілдігі жанынан ТЭК-
нің бөлімшесін ашу туралы шешім қабылданды
573
.
225
Халық Комиссарлар Кеңесінің 1923 жылы ақпанда
қабылдаған № 42-ші қаулысына сәйкес ТЭК-нің жанынан
«Мемлекеттік қорды жүзеге асыратын және есепке алатын
комиссия» құрылды. Комиссияға мемлекеттік мүлікті,
ақшалай және заттай қорларды есепке алу, мемлекеттік
қорды мемлекеттік және кооперативтік ұйымдар арқылы
жүзеге асыру, мемлекеттік мекемелердің қоймаларын
тексеру және т.б. міндеттер жүктелді
574
. Түрікатком мен
Халық Комиссарлар Кеңесінің 1923 жылғы 24 наурыздағы
№ 47-ші қаулысында сәйкес Түркістан Экономикалық
кеңесінің жанынан Өнеркәсіп пен сауданы реттейтін
комитет құрылады.
1923 жылы 12 қаңтарда Түрікаткомның кіші залында
өндірістік конференция ұйымдастырылды. Конференцияда
қираған өнеркәсіпті қалпына келтіру мәселелері кең түрде
талқыланады
575
.
Т.Рысқұлов үкіметінің орасан зор күш-жігерінің
арқасында шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыру
принципіне келтірілген мемлекеттік өнеркәсіп орындары
мен шаруашылық ұйымдары нақты белгіленген прогрессивті
салық жүйесінің арқасында өндірісті жылдамдатып
қалпына келтіріп, одан әрі өркендету процесіне тартылды.
Өнеркәсіп орындары өздеріндегі шикізатты, құрал-
жабдықты, қаражатты үнемдеп, тек тиімді бағыттар мен
істерге ғана жұмсау және ұлғайып кеткен басқару аппаратын
қысқарту арқылы өндірістің тұрақтануына және бірте-бірте
шығынсыз алға жылжуына қол жеткізді. Мысалы, 1922
жылы Түркістанда өнеркәсіп пен сауда айналымы 59 млн.
сом болса, ал 1923 жылы бұл көрсеткіш 133 млн. сомға
ұлғайды
576
. Кейбір зерттеушілер айналым мөлшері 1923
жылы 293 млн. сомға жетіп, 5 есе өскенін баяндайды
577
.
Халық шаруашылығының Орталық Кеңесінің жұмысы да
жанданды
578
.
226
Ташкентте металл өңдеу зауыты мен тоқыма фабрикасы,
Ферғанада жібек фабрикасы, Ашхабадта шыны зауыты
салынды. 1920 жылы Ташкентте 419 өнеркәсіп орны
болса, 1923 жылы оның саны 1519-ға жеткен. Қаладағы
сауда ұйымдарының саны 1845-ке дейін өскен. 1924
жылдың басына қарай Орталық Азияда 520 шақырым
темір жол салынды немесе қайта жөндеуден өткізілді
579
.
Бұл деректер үлкен қиындықтарға, ұйымдастырушылық
үлгілердің тұрақсыздығы, оны қайта-қайта өзгертіп отыруға
мәжбүрлік, ақша рыногының тұрақсыздығы, айналым
қорының жетіспеушілігі, өнеркәсіпті жаңа технологиямен
жарақтандыру мәселелері, рынок жағдайының күн ілгері
болжап болмайтын ауытқуларына қарамай-ақ, өнеркәсіпті
қалпына келтіріп, дамыту саясатының табысты жүргізілгенін
дәлелдейді.
1922-1923 жылдары Түркістанның көмір және мұнай
өнеркәсібі қалпына келтіріліп, біркелкі ырғақпен жұмыс
істей бастады. Саланың ұйымдық мәселелерін шешу,
техникалық жарақтандыру, кәсіпорындардың жұмысын
қалыпты жүйеге келтіру, жөндеу жұмыстарың жүргізу
және т.б. мәселелерді ұйымдастыруға тура келді. 1923
жылы 12 қаңтарда КСРО Қорғаныс Кеңесінің қаулысымен
Түркістанның көмір және мұнай өнеркәсібін қалпына
келтіріп, өркендету үшін федерациялық қордан пайызсыз
125 мың алтын несиеге берілді
580
. Түркістанға көп
мөлшерде металл, металл өнімдері, ағаш және т.б. бөлінді
581
.
1923 жылы мұнай өндірісі 60 пайызға өсті
582
. «Санто»
өндіріс орнында 1923 жылы орталық электр станциясы
қайта жарақтандырылып, жаңадан 47 мұнай бұрғысы
орнатылды
583
. 1923-1924 жылдары мұнай бірлестігінде 621
мың пұт мұнай өндірілді
584
.
1923-1924 жылдары республикада ұн өндіру 60 пайызға,
шарап өндіру 70 пайызға, ал қант өндіру 90 пайызға
артты
585
.
227
1923 жылы маусымда әзірленген типтік келісім үлгісі
бойынша Түркістан базарларында арендаға берудің жаңа
тәртібі белгіленді
586
.
1922 жылдың соңынан бастап жеке меншік капиталға
негізделген серіктестіктер, атап айтқанда, «Интифан»,
«Түркістан», «Экспорт-импорт», «Уч-баш», «Посредник»,
«Экспедитор», «Идеал», «Караван» және т.б. құрылып,
жұмыс істей бастады.
Экономиканы өркендетудің бір жолы – республикадағы
қолөнер және ұсақ тауарлы шаруашылықтарды дамыту
болатын. Жеке, үйлестірілмеген қолөнер өнеркәсібін
кооперативтік ұйымдарға, бірлестіктерге біріктіру қажет
еді. Үкімет тарапынан атқарылған шаралардың негізінде
1922 жылдың соңында республикада 1331 ұсақ тауарлы
артельдер ұйымдастырылып, олардың құрамына 38 840
қолөнерші жұмыс істеді
587
.
1922 жылы 16 қазанда ескі Ташкент қалалық атқару
комитетінің залында қолөнерші-былғаршылар өндірістік
одағы мүшелерінің жалпы жиналысы болып өтеді. Жиналысқа
одаққа мүше 1000-ға жуық қолөнерші-былғаршылар мен
оларға жақын мамандықтың жұмысшылары, одаққа кірмеген
жекелеген етікшілер, барлығы 2,5 мың адам қатынасады.
Жиналыста Т. Рысқұлов: «Жаңа экономикалық саясат,
халық шаруашылығын өркендету ісіндегі кеңес өкіметінің
міндеттері және бұл өркендетудегі қолөнершілердің
рөлі туралы» баяндама жасады. Лық толған аудитория
Т. Рысқұловтың баяндамаларын аса ыждаһаттылықпен
тыңдап, баяндама бойынша бір ауыздан қарар қабылдады:
«Қолөнерші-былғаршылар одағының жалпы жиналысы
жолдас Рысқұловтың кеңес үкіметінің жаңа экономикалық
саясат туралы баяндамасын тыңдап, былай деп қаулы етеді:
1) кеңес өкіметінің республиканың халық шаруашылығын
өркендетуге арналған экономикалық саясатын жаңа
үлгіде жүргізу бағыты – дер кезінде қабылданған және
228
дұрыс бағыт деп саналсын; 2) жалпы жиналыс жолдас
Рысқұловтың өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының
дамуын тежеп отырған басмашылықты жою қажеттігі
туралы пікірімен толық келісе отырып, өлкедегі барлық
қолөнершілер арасында Түркістан еңбекшілерінің жарасы
– басмашылықты жою мақсатында кең түрде үгіт жүргізу
қажет деп санайды; 3) жолдас Рысқұловтың қолөнерші-
былғаршылар одағына мемлекеттік ұйымдар тарапынан іс
жүзінде көмектесуі мәселесіне ықпал жасауды өтінеді; 4)
жалпы жиналыс өлке өнеркәсібін дамыту үшін өз тарапынан
мүмкін болған көмектің бәрін жасауды қасиетті іс деп
санайды»
588
.
Т.Рысқұлов 1923 жылы жазда Әуе флотына көмектесу
туралы комиссия ұйымдастырған апталықтың жиналысына
қатынасып, сөз сөйледі
589
. 1923 жыл – Орталық Азияда әуе
флотының құрылған жылы болды.
229
Достарыңызбен бөлісу: |