талқылайтын мәселелерінің қатарына кіргізуді талап етеді.
«Менің тоқталып өткім келіп тұрған үшінші мәселе, – дейді
Т. Рысқұлов, – әскери мәселе. Ол бұл съездің күн тәртібінде
тұрған жоқ, бірақ міндетті түрде енгізілуі тиіс». «Біз, – дейді
Т. Рысқұлов, – Ферғанада басмашылықтың өшіріп бара
жатқанын, отаршыл кулактардың жойылмағанын, байлардың
бұрынғыша салтанатты жағдайды тұрып жатқанын көріп
отырмыз, өйткені олардың аяқтары нық тұр. Меніңше, егер
біз қазақ кедейлерін өз жағымызға тартқымыз келсе, онда
біз оны тек экономикалық жағынан ғана ұйымдастырып
қоймауымыз керек, сонымен бірге оларға кулактардың
зорлық-зомбылығынан өз бетінше қорғанудың мүмкіндігін
де беруіміз керек. Оны қаруландырып, өз қолында күш бар
екендігі туралы сендіруіміз керек, сонда ғана ол байлар
мен орыс кулактарына қарсы тұра алады. Түздік халықтың
ортасынан әскери бөлімдер ұйымдастыру қажет. Өзінің
ортасынан шыққан, өзіне қорған болатын әскери күштің бар
екенін қазақтардың білуі аса маңызды»
428
.
1922 жылы көктемде РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық
комиссариатының орталық аппаратына оралған Т. Рысқұлов
коллегия мүшесі ретінде қызметіне кіріседі. Комиссариаттың
құрамында Ұлттар кеңесі мен Кіші коллегия жұмыс
істеді. БОАК-тың 1920 жылы 20 мамырдағы РКФСР Ұлт
155
істері жөніндегі халық комиссариатын қайта құру туралы
шешімі мен осы комиссариаттың сол жылғы 9 маусымдағы
шешімдеріне сәйкес 1921 жылы 21 сәуірде РКФСР Ұлт
істері жөніндегі халық комиссариатының құрамында
Ұлттар кеңесі құрылып, оның ережесі бекітілген болатын
429
.
Т. Рысқұлов комисариаттың Кіші коллегиясының мүшесі
ретінде Ұлттар кеңесінің барлық мәжілістеріне міндетті
түрде қатынасып отырған.
Т.Рысқұлов 1922 жылы 2 мамырда Ұлттар кеңесінің
мәжілісіне қатынасады. Мәжіліске Т. Рысқұловпен
қатар Кіші коллегияның Гусейнов, Карклин, Сұлтан-
Ғалиев, Ибрагимов Павлович, Манатов сынды мүшелері
қатынасады. Мәжілісте аса маңызды екі мәселе: біріншісі,
РКФСР-ды экономикалық аудандарға бөлу туралы комиссия
даярлаған жоба (баяндамашы Ш.А. Манатов) және екіншісі,
«отарлық съезд» деп аталатын съезді ұйымдастыру туралы
(баяндамашы М.Х. Сұлтан-Ғалиев) мәселе талқыланады.
Мәжілісті негізінен екінші мәселе талқыланып, үлкен
пікірталас өрістеді. Баяндамашы М.Х. Сұлтан-Ғалиев
«отарлау съезін» ұйымдастыру туралы идеяның ең алдымен
РСФСР Жер шаруашылығы халық комиссариатында туғанын
атап көрсетеді. Осы мақсатта құрылған ұйымдастыру
комиссиясы съезге алғашында маман профессорлардан
тұратын 136 адамды, артынан қосымша 42 адамды
шақыруды жоспарлаған. М.Х. Сұлтан-Ғалиев ұлт өкілдерін
де қатынастыру туралы мәселе көтереді. Съездің негізгі
мақсаты ұлт аймақтарының өндіргіш күштерін дамыту
болуы тиіс екенін, сондықтан да, съездің атауын «Жер
шаруашылығы халық комиссариатының өндіргіш күштерді
дамыту съезі» деп өзгертуді ұсынады.
Т.Рысқұлов асығыс ұйымдастырылғалы отырған
осындай съезінің қажеттілігіне күмән білдіреді. Съезді
ұйымдастырмас бұрын, дейді ол, алдымен РКФСР-дің
барлық ұлт аймақтарында жер мәселенің қаншалықты
156
дәрежеде шешілгенін зерттеп алу керек, егер бұл мәселе
әлі шешілмеген болса, оның себептерін білу қажет. Бұл
мәселелер анықталмай тұрып, ондай съезд ұйымдастыру –
асығыс іс. Ұлт аймақтарында келімсек қоныс аударушылар
мен жергілікті халықтардың экономикалық арақатынасы
реттелмей тұрып, ол аймақтарға қоныс аудару жұмыстарын
жүргізу қауіпті іс. Мен, дейді Т. Рысқұлов: «съездің күн
тәртібіне негізінен жолдас Ибрагимов ұсынған мәселелердің
кіргізілуін» талап етем, яғни бүгінгі саясатты белгілеу үшін
патша өкіметінің ұлт аймақтарын отарлау саясатының
зардаптары мен тұрғындардың арақатынасын зерттеп алу
керек»
430
.
Мәжіліс төрағасы Т. Рысқұлов, құрамына Ибрагимов,
Ковалев, Манатов, Исеев кіретін комиссия тағайындайды.
Комиссияға 10 күн мерзім ішінде «РКФСР-дің ұлт
аймақтарының өндіргіш күштерін дамыту съезінің»
бағдарламасы мен күн тәртібін белгілеп, өтетін мезгілін
анықтау тапсырылады.
Т. Рысқұлов 1922 жылы 5 мамырда комиссариат
коллегиясының келесі мәжілісіне қатынасады. Мәжілісте
Петроград қалалық ұлт істері бөлімі мен Петроградтағы
Шығыстың тірі тілдері институтының жұмысы, Шығыс
еңбекшілерінің Коммунистік университетін қаржыландыру,
Хиуа мен Бұқарада Шығыс еңбекшілерінің Коммунистік
университетінің бөлімшелерін ашу, Шығыстану институтына
Халық Комиссарлар Кеңесінің азық-түлік нормасын
тағайындау, Ресей Ғылым Академиясы жанынан құрылған
Ресей халқының ұлттық құрамын зерттеу комиссиясымен
байланыс орнату және т.б. мәселелер талқыланады
431
.
Ұлттар Кеңесінің 1922 жылы 6 мамырда (жалғасы 7
мамырда) өткен мәжілісінде Т. Рысқұлов Болдыревтың
БОАК-тың сессиясының талқылауына ұсынылған жаңа
заң кодекстерінің ұлт аймақтарында қолданылуы мәселесі
бойынша жасаған баяндамасын талқылауға қатынасады.
157
Мәжіліс баяндаманың басты тұжырымдарымен келісіп, жаңа
заң кодексінің Мемлекеттік прокуратура туралы ережесіне
енгізілетін қосымшалар мен түзетулерді әзірлейтін
комиссияның құрамына Т. Рысқұлов пен Гавриловты қосу
туралы қаулы қабылдайды. Комиссияға төрт күн мерзім
ішінде жаңа заң кодексін ұлт аймақтарында қалай жүргізуге
әдістерін белгілеу тапсырылады
432
.
Мәжілісте одан әрі РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық
комиссариатының құрылымы туралы мәселе талқыланады.
Ұлттар кеңесі мен Кіші коллегияның жұмыстары қаралды.
Ұлттар кеңесі комиссариаттың ең негізгі, принципті
мәселелеріне басшылық жасайтын орган болуына
байланысты оның мәжілістерін айына бір рет өткізіп тұру
туралы шешілді. Ұлттар кеңесінің құрамына РКФСР Ұлт
істері жөніндегі халық комиссары, ол бір мезгілде Ұлттар
кеңесінің төрағасы болып табылады, оның орынбасары,
коллегия мүшелері, комиссариаттың ұлт бөлімдері мен
ұлттық азшылық бөлімдерінің меңгерушілері кіргізілді.
Егер ұлт республикалары мен облыстарының басшылары
қатыса алмаған жағдайда, олардың орынбасарлары
мәжіліске шешуші дауыспен қатыса алатын болып шешілді.
Кіші коллегияның құрамына 7 адам кіргізілді, олар – халық
комиссары, орынбасары және бес мүше. Халық комиссары
мен оның орынбасарынан басқа мүшелерді Ұлттар кеңесі
ұсынып, бекітетіндегі туралы шешім қабылданды.
Т. Рысқұлов 1922 жылы 8 мамырда комиссариаттың
коллегия мүшелері – Карклин, Гусейнов, Павлович,
Манатов және ұлттық өкілдіктер мен бөлім бастықтары
– Исеев, Мазудре, Ганеев, Плич – қатынасқан кезекті
мәжілісіне қатынасады. Мәжілісте: 1). Еврей бөлімінің
өкілін сарапшы ретінде Генуя конференциясына іс сапарға
жіберу мәселесін келісу; 2). Ойрат автономиялы облысы
туралы ережені БОАК төралқасы бекіткенге дейін Ойрат
автономиялы облысының уақытша өкілдігін ашу мәселесін
158
кейінге қалдыру мәселесі; 3). З.Х. Гареевті Башқұрт
өкілдігінің төрағалығына бекіту туралы; 4). РКФСР мен
Германияның неміс мәдени-шаруашылық қоғамдарының
өзара байланысын орнату үшін Ұлттық азшылық бөлімінің
Неміс бөлімшесінің өкілін Берлин қаласына аттандырудың
тиімді-тиімсіздігі туралы; 5). РКФСР Ұлт істері жөніндегі
халық комиссариатының 1922 жылы 26 қаңтарда «Үлкен
Башкирияны» құру туралы қаулысын тезірек іске асыру
мәселесі бойынша И.В. Сталинмен келіссөз жүргізуді М.Д.
Гусейновке тапсыру мәселесі; 6). Перм губерниясының бір
бөлігін Коми (Зырян) автономиялық облысына беру мәселесі
туралы И.В. Сталинмен келіссөз жүргізуді М.Д. Гусейновке
тапсыру; 7). Түркістан өкілдігін қайта құру мәселесін
кейінге қалдыру; 8). Ресей Ғылым Академиясының Ресей
халқының ұлттық құрамын зерттеу комиссиясымен
байланыс орнату және оған қаржылай көмек беру; 9). Қиыр
Солтүстік аймақтың тұрғындарын ауыл шаруашылық
құралдарымен және тұқыммен қамтамасыз ету мәселесі; 10).
Комиссариаттың Карелия еңбек колониясындағы өкілінің
баяндамасын кейінге қалдыру мәселелері талқыланып,
шешім қабылданады
433
.
1922 жылы көктемде Түркістан, Бұқара мен Хорезмдегі
саяси-әлеуметтік жағдай аса ауырлап кеткен болатын.
Мәскеудің Түркістанда жұмыс істеп жатқан эмиссарлық
органдары – Түріккомиссия мен Түрікбюроның мұсылман
өлкесіне «коммунизмді күштеп енгізу» саясаты аса ауыр
зардаптарға алып келді. Сондықтан да, РКП (б) Орталық
Комитеті саяси-әскери билікті Түркістан майданы
басшыларының қолына шоғырландыруға тырысады. Оның
үстіне 1922 жылы көктемде Орта Азия аймағы – қарулы
қақтығыс жалғасып жатқан жалғыз аймақ болғандықтан да,
Кремль Орталық Азия аймағында әскери жағдай енгізуге
даярлануда еді.
159
Кремль Түркістандағы өз эмиссарларына да сенбейтін
жағдайға түседі. 1922 жылы мамырда РКП (б) Орталық
Комитеті Түрікбюроны Орта Азия Бюросы етіп қайта құрады.
Орталық Азия республикаларында қалыптасқан саяси ахуал
туралы өзіне сенімді адамның пікіріне мұқтаж болған И.В.
Сталин 1922 жылы мамырда досы Г.К. Орджоникидзені іс
сапарға жұмсайды.
Орталық Азия республикаларының жағдайымен
танысқан Г.К. Орджоникидзе И.В. Сталинге шифрлы
мағлұматтар жібереді
434
. 1922 жылы 14 мамырда Г.К.
Орджоникидзеге жолдаған жауап жеделхатында И.В. Сталин
Орталық Азия республикаларында жүргізілер саясат туралы
кеңес береді. Тұрардың Түркістанға ауысқысы келетінінен
хабардар И.В. Сталин жеделхатында былай деп жазады:
«түркістандық коммунистерді еркелете берудің қажеті жоқ,
олар ондай құрметке лайық емес, соңғы екі жыл олардың
барлығы жиылып жалғыз Рысқұловқа татымайтындығын
айқын көрсетті, мен оның қайта оралуына қарсы емеспін»
435
.
1922 жылы 18 мамырда В.И. Ленин, Л.Д. Троцкий, Г.Е.
Зиновьев, И.В. Сталин, Л.Б. Каменев, М.П. Томский, А.И.
Рыков, В.М. Молотов, Г.Я. Сокольников, М.И. Калинин,
А.Д. Цюрупа қатынасқан РКП (б) Орталық Комитетінің
Саяси Бюросының мәжілісінде И.В. Сталиннің Түркістан
мен Бұқара істері бойынша баяндамасы талқыланады.
И.В. Сталиннің мәжіліс талқылауына ұсынған мәселелердің
арасында Т. Рысқұловты Түркістанға қайтару мәселесі де
бар еді, бірақ Тұрардың науқастанып қалуына байланысты
РКП (б) Орталық Комитетінің Саяси Бюросы бұл мәселені
кейінге қалдырады
436
.
Т. Рысқұловтың қатынасуымен 1922 жылы 17 шілдеде
өткен коллегия мәжілісі: 1). Шығыстану институтының
қызметін тексеру үшін арнайы комиссия тағайындау; 2).
Комиссариаттың Іс басқармасына автобазаның шаруашылық
есепке өтетіндігі туралы ұжымдық келісім-шарт жасауды
160
ұсыну; 3). Комиссариатты қаржыландыру мәселесін шешу
үшін комиссия тағайындау; 4). Автономиялы республикалар
мен облыстардың өздерінің экономикалық жағдайы
туралы мәліметтерді «РКФСР-дің ұлт аймақтарының
өндіргіш күштерін дамыту съезін» ұйымдастыру
комиссиясына жіберуін қамтамасыз ету; 5). Автономиялы
республикалардың
конституцияларын
даярлайтын
комиссияның қызметі туралы; 6). Комиссариаттың балық
шаруашылығын дамыту туралы жобасын талқылау;
7).Түріктанушылардың Бүкілресейлік І съезін шақыру
мәселесінде Ғылым академиясы мен Халыққа білім беру
комиссариатына қолғабыс көрсету және т.б. мәселелерді
талқылайды
437
.
Т.Рысқұлов қатынасқан комиссариаттың кезекті, яғни
1922 жылы 21 шілдедегі мәжілісінде: Комиссариатты
қаржыландыру мәселесін шешу үшін комиссия тағайындау;
Қалмақ автономиялы облысының әкімшілік мекемелерін
Астрахань
қаласынан
Элиста
қаласына
көшіру;
Қуаңшылық жайлаған аудандардан Түркістан АКСР-
іне қоныс аударған 100 мың босқындарды орналастыру
үшін Аштарға көмектесушілердің Орталық Комитетіне
қолғабыс жасау; Автономиялы республикалар мен
облыстарға 1922 жылға дейін шығарылған барлық ақша
түрлерінің айналымнан алынатындығы туралы мәлімдеме
даярлау сияқты мәселелер талқыланады
438
. Мәлімдеме
мәтінін даярлап, онымен федерация құрамындағы барлық
автономиялы республикалар мен облыстардың басшыларын
таныстыру жұмыстары коллегия мүшелері Т. Рысқұлов пен
М.Д.Гусейновқа тапсырылады
439
.
Комиссариаттың 1922 жылы 25 шілде өткен мәжілісінде
маңызды мәселелер қарастырылады, атап айтқанда: Шығыс
халықтарының Коммунистік университетінде Башқұрт
АКСР-інің өкілдеріне берілген орынды көбейту туралы;
1921 жылғы қуаңшылықтан зардап шеккен аймақтардың
161
халық шаруашылығын қалпына келтіру мәселесі бойынша
Аштарға көмектесу Орталық Комитетінде атқарылып
жатқан шараларды тексеру; Ашаршылыққа ұшыраған
аймақтар деп жарияланған автономиялы республикалар
мен облыстардың өкілдіктеріне халық шаруашылығын
қалпына келтіру туралы өз ұсыныстарын әзірлеуі және
т.б. мәселелер талқыланды. Коллегия мүшесі Т. Рысқұлов
мәжілісте талқыланып жатқан барлық мәселелер бойынша
өз ұсыныстарын білдіріп отырады.
1922 жылы 17 шілдеде өткен коллегия мәжілісінде
Мәскеу қаласындағы Шығыстану институтының қызметін
тексеру үшін комиссия тағайындау туралы қаулы қабылдаған
болатын. Тамыз айының басында комиссариат коллегиясы
аталған ғылыми мекеменің қызметін тексеру үшін арнай
комиссия құрып, оның басшылығын Т. Рысқұловқа жүктейді.
Т.Рысқұлов комиссиясы тамыз айының алғашқы он
күндігінде Мәскеу Шығыстану институтының қызметін
толық тексеруден өткізеді. Тексеру қорытындысы бойынша
Т.Рысқұлов коллегия мәжілісі үшін үлкен көлемде баяндама
(қаулы жобасын) даярлайды. Т.Рысқұловтың баяндамасының
(қаулы жобасының) түпнұсқасы қолжазба күйінде мұрағат
қорында сақталынып қалған
440
.
Мәскеу Шығыстану институтының қызметі туралы
тексеру қорытындысын Т. Рысқұлов екі үлкен бөлімге жіктеп
берген, яғни баяндаманың алғашқы бөлігінде Шығыстану
институтының жалпы жағдайы мен институттың оқу
бөлімінің қызметі талданса, ал екінші бөлімді қаржы-
шаруашылық ахуалы мен институт ұжымында қалыптасқан
топшылдық құбылыстарды ашуға арнаған.
Шығыстану институтының қызметі, дейді Т.Рысқұлов,
екі кезеңге жіктеледі, яғни институтта жаңа басқарма
құрылғанға дейінгі кезең және ол құрылғаннан кейінгі кезең.
Институттың Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының
құзырына дейінгі кезеңдегі қызметі мен ондағы оқу ісі
162
жүйелі жазылмаған ереже мен педагогикалық кеңеске
бағынып келген. Оқытушылар басшылардың өз қалауы
бойынша алына беретін болған. Педагогикалық кеңес
құрамынан педагогикалық комитет тағайындалып, ол
директор және институт комиссарымен бірге жалпы
басшылық жасап келген. Аталған қызметкерлердің жиі-жиі
ауыса беруі салдарынан ғылыми жұмыстар мен оқу ісінің
берекесі кеткен.
Шығыстану институты Ұлт істері жөніндегі халық
комиссариатына тікелей бағындырылып, жаңа ереженің
қабылдауына байланысты институт басқармасы жаңа
оқытушылармен толықтырылып, директордың құзыры
кеңейтілген.
Т. Рысқұлов одан әрі тексеру барысында институттың
оқу бағдарламасында теориялық және практикалық
маңызы аз, қайнауы жетпеген пәндердің көп болғандығы
туралы жазады. Комиссия институттың оқу ісінен, қаржы
операцияларынан көптеген шикілік табады. Мәскеу
Шығыстану институтының жағдайын жеңілдету үшін
сапасыз оқытушылардың бір бөлігін қысқарту және тағы
бір бөлігін Петроградтағы Шығыстану институтына
ауыстыру туралы ұсыныс жасайды. Жұмысшылар мен
шаруалардың балаларын ғылымға тарту үшін институт
жанынан Жұмысшы факультетін ұйымдастыру қажеттігін
атап көрсетеді. Сондай-ақ, институттағы оқу процесін
жандандыру үшін Шығыстану Ассоциациясын институтпен
тығыз қарым-қатынас жасауға шақырады, ал коллегия
мүшесі, белгілі шығыстанушы-ғалым М.П. Павловичке
институтта аптасына бір рет қоғамдық пәннен дәріс оқуды
ұсынады. Шығыстану институтында қаржы мәселесі де
аса былығып кеткендігі анықталады. Институт ғимараты
ешқандай сын көтермейтін жағдайда болған.
Сонымен, Т.Рысқұлов бастаған комиссия Мәскеу
Шығыстану институтын толық тексеруден өткізіп, орын
163
алып отырған көптеген олқылықтар мен заңсыздықтардың
бетін ашады.
Т. Рысқұлов тексеру қорытындысын коллегияның 1922
жылы 9 тамыздағы мәжілісінің талқылауына ұсынады,
бірақ артынан кейбір мәселерді қосымша анықтау үшін
талқылауды бір-екі күнге кейінге қалдыруды өтінген
441
.
1922 жылы 10 тамызда Т. Рысқұлов коллегияның
кезекті мәжілісіне қатынасады. Мәжілісте комиссариат
қызметкерлеріне тамыз айының жалақысын беру туралы
жалғыз мәселе ғана талқыланған
442
.
Т. Рысқұлов комиссариат коллегиясының 1922 жылы 11
тамыздағы мәжілісінде Мәскеу Шығыстану институтының
қызметі туралы арнайы баяндама жасайды. Мәжіліске
Коллегия мүшелері – О.Я. Карклин, М.Д. Гусейнов, Ұлттық
кеңес мүшелері – У. Танышев (қазақ өкілдігі), М.В. Шевле
(чуваш өкілдігі), Насунов (қалмақ өкілдігі), В.А. Гартвиг
(неміс өкілдігі), сондай-ақ, А.Т. Гисматуллин, Е. Мазуров
(Шығыстану институты), Я.Е.Брезановский (іс басқармасы),
Г.К.Клингер, Б.Л.Абуков (Бүкілресейлік Шығыстану
Ассоциациясы) қатынасады.
Баяндама мәжілісте қызу талқыланған соң, коллегия
Т.Рысқұлов комиссиясының қорытындыларына жоғары
баға беріп, Шығыстану институты бойынша арнайы қаулы
қабылдайды: институт басқармасының коллегияға бір ай
ішінде оқу жоспарын тапсыруы; ұжымның өзара қарым-
қатынасын реттеу; әкімшілік-шаруашылық істер бойынша
комиссия көрсеткен кемшіліктерді жою; институттан
жағымсыз істерімен әйгілі болған профессор Поповты кетіру
және т.б. Институтының басы артық штатын қысқартып,
ғылым мен оқу процесінде қабілетсіздік танытқан
адамдарды тазалау үшін жаңа комиссия тағайындалады,
оның құрамына коллегиядан – Т. Рысқұлов, Шығыстану
институтының басқармасынан – Грутовский, студенттер
қауымдастығынан – Ширман кіргізілді
443
.
164
Т.Рысқұловтың баяндамасынан кейін мәжілісте
Шығыстану институтына биылғы Қабылдау комиссиясын
тағайындау мәселесі бойынша институт өкілі Е. Мазуров
сөз сөйлейді. Коллегия бес адамнан тұратын Қабылдау
комиссиясын құрады, оның құрамына: РКФСР Ұлт
істері жөніндегі халық комиссариатының коллегиясынан,
студенттер қауымынан, институт басқармасынан бір-бірден
және оқытушылар құрамынан екі адам кірді.
1922-1923 оқу жылында Мәскеу Шығыстану
институтына студенттер қабылдайтын мемлекеттік
Қабылдау комиссиясының төрағасы болып Т. Рысқұлов
тағайындалады. Мәжіліс төтенше жағдайлар үшін Т.
Рысқұловқа кандидат етіп М.Ю. Брундуковты бекітеді
444
.
Т. Рысқұлов 1922 жылы 16 тамызда РКФСР Ұлт істері
жөніндегі халық комиссариатының Ұлттар кеңесінің
мәжілісіне
қатынасады.
Мәжілісте
талқыланатын
мәселелердің маңыздылығына байланысты Кремльден
РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.
Сталин арнайы келіп қатынасады. Ресми түрде халық
комиссары болғанымен И.В. Сталин комиссариаттың 1917-
1923 жылдардағы мәжілістеріне тек 20 рет қана тікелей
қатынасқан екен. Мәжілістің күн тәртібіне: 1). Ұлттар
кеңесінің мәжілісіне егер автономиялы республикалар
мен облыстардың өкілетті өкілдері қатыса алмаған
жағдайда олардың орынбасарларына шешуші дауыспен
қатынасу құқығын беру туралы; 2). Комиссариаттың Кіші
коллегиясының құрамы туралы; 3). Кіші коллегияға РКФСР
Ұлт істері жөніндегі халық комисариаты жанындағы
автономиялы республикалар мен облыстардың өкілетті
өкілдіктері туралы ережені даярлау құқығын беру туралы;
4). РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комисариаты
жанындағы Жер мәселелері бойынша Федералды комитет
туралы жобаны Кіші коллегияға беру жайында РКФСР Жер
шаруашылығы халық комиссариатымен келісім жүргізу
165
туралы; 5). Кіші коллегияға Халық ағарту ісі бойынша
Федералды комитет туралы жобаны даярлау және оны РКФСР
Халық ағарту халық комиссариатымен келісу мәселесі;
6). РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комисариатының
1923 жылға арналған сметасын талқылау мәселесін Кіші
коллегияға беру туралы мәселелер енгізілді
445
.
Мәжілісте талқыланған мәселелердің ең бастысы
– Кіші коллегияның құрамын қайта сайлау мәселесі
болатын. М.Д.Гусейновтың осы мәселе бойынша жасаған
баяндамасын талқылау шиеленіскен пікірталасқа ұласады.
И.В. Сталин комиссариат қызметінің тым
ауқымдылығына байланысты екі орынбасардың болуын,
бірінші орынбасар – әкімшілік-шаруашылық істермен, ал
екінші орынбасар – саяси-мәдени істермен шұғылдануы
керек екенін айта келіп, орынбасарлыққа өз тарапынан
М.Д.Гусейновтың, Г.И. Бройдоның, М.П. Павловичтің және
Ш.Н. Ибрагимовтың кандидатураларын ұсынатындығын
атап көрсетеді.
М.Х. Сұлтан-Ғалиев пен Токачев И.В. Сталиннің
ұсынысына қарсы шығып, орынбасардың жалғыз болғанын
жақтайды.
О.Я. Карклин екі орынбасардың болуын жақтап, Г.И.
Бройдоны ұсынады.
Ш.А.
Манатов
әкімшілік-шаруашылық
істерді
Г.И. Бройдоға, саяси-мәдени істерді М.Д. Гусейновқа,
университеттермен жұмысты Т. Рысқұловқа жүктеуді
ұсынады.
Орынбасарлық қызметке сайланатын кандидаттар
дауысқа түскен кезде қорытынды мынадай болған:
Т. Рысқұлов (бірауыздан сайланған)
Г.И. Бройдо (13 дауыс жақтап, 3 дауыс қарсы)
М.Х. Сұлтан-Ғалиев (көпшілігі жақтап дауыс берген)
М. Исеев (14 дауыс жақтап, 1 дауыс қарсы, 1 дауыс қалыс
қалған)
166
О.Ю. Плич (14 дауыс жақтап, 1 дауыс қарсы, 1 дауыс
қалыс қалған)
Г.К. Клингер (12 дауыс жақтап, 4 дауыс қарсы)
Иванов (11 дауыс жақтап, 3 дауыс қарсы, 2 дауыс қалыс
қалған)
Ш.А. Манатов (7 дауыс жақтап, 3 дауыс қарсы, 6 дауыс
қалыс қалған)
М.П. Павлович (7 дауыс жақтап, 8 дауыс қарсы, 1 дауыс
қалыс қалған)
Ш. Ибрагимов (4 дауыс жақтап, 10 дауыс қарсы, 2 дауыс
қалыс қалған)
446
Дауыс берген 16 адамның барлығы Т. Рысқұловты
бірауыздан жақтап шыққан, мұндай қолдауға И.В. Сталин
ұсынған кандидаттар да, бұған дейін орынбасар болып
келген М.Х. Сұлтан-Ғалиев та ие бола алмады.
Бұл жағдай бізге екі мәселені ұғындырады, біріншіден,
И.В. Сталин Т. Рысқұловтың өз орынбасары болуын
қаламаған, өйткені ол ұсынған кандидаттардың арасында
жоқ; екіншіден, комиссариатта Т. Рысқұловтың саяси беделі
өте жоғары болды, өйткені дауысқа түскен кандидаттар
арасынан тек Т. Рысқұловтың ғана бірауыздан қолдауға ие
болуы соны дәлелдейді.
И.В. Сталин Т.Рысқұлов сияқты, М.Х. Сұлтан-
Ғалиевті де ұнатпады. Коллегия мүшелерінің көпшілігі
И.В.Сталиннің өзінің бұрынғы орынбасары М.Х. Сұлтан-
Ғалиевті қуғындауына қарсы болып, дауыс беру кезінде оны
қайта өткізіп жіберуге тырысқандарымен де, комиссардың
тапсыруымен дауыс бергендер оны құлатып тынды. Бірақ
коллегия мүшелерінің көпшілігі бұрыннан істеп келе жатқан
орынбасар М.Х. Сұлтан-Ғалиевті өз қызметінде қалдыру
керектігі туралы РКП (б) Орталық Комитетінен өтіну
керек деген тілек білдірген
447
. Бұл әрекет И.В. Сталиннің
М.Х.Сұлтан-Ғалиевті қуғындауының басы болды.
167
Дауыс бойынша басымдылыққа ие болмаса да,
И.В.Сталиннің қолдануына ие болған, Орталық Азияда
шовинистік пиғылы үшін атағы жайылған Г.И. Бройдо
бірінші орынбасар болып, ал жүз пайыз дауыс жинаған
Т.Рысқұлов екінші орынбасар болып бекітіледі.
Т.Рысқұловқа комиссариаттың саяси және мәдени
ағартушылық жұмыстарымен қатар, РКФСР-дағы жоғарғы
оқу орындарымен жұмыс жүргізу тапсырылды.
Мәжілісте РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық
комисариатының Кіші коллегиясы мына құрамда
қайта
бекітіледі:
Т.Рысқұлов,
М.Х.Сұлтан-Ғалиев,
М.Исеев, Ш.Н.Ибрагимов, М.П. Павлович, Г.К.Клингер,
Ш.А.Манатов, О.Ю. Плич. Кіші коллегияның осы құрамын
бекіту туралы ұсыныс БОАК төралқасына жіберіледі.
Т. Рысқұлов 1922 жылы 18 тамызда коллегия мәжілісіне
қатынасады. Мәжілісте барлығы 16 мәселе қарастырылған,
олардың ішінде: комиссариаттың Ұлттық азшылық бөліміне
кеңес өткізудің жоспарын жасауды тапсыру, «РКФСР
халықтарының энциклопедиясын» шығару, жаңадан
этнографиялық бөлім ашу, саны аз ұлттар ортасында мәдени-
ағарту істерін ұйымдастыру үшін арнайы комиссия құру, 1923
жылдың сметасын даярлау, автономиялы республикалар
мен облыстардың өкілетті өкілдіктерін 1923 жылдың 1
қазанынан бастап өз үкіметтерінің қаржыландыруына беру,
Шеркес (Адыгей) автономиялы облысының атын Адыгей
(Шеркес) автономиялы облысы деп өзгерту туралы БОАК-
тан өтіну, Қалмақ автономиялы облысында кең тараған оба
ауруына қарсы күрес жүргізіп жатқан төтенше комиссияны
қаржыландыру мәселесі, Мәскеу қаласының Трубников
көшесіндегі № 19 үйдің пәтерлерін Шығыс еңбекшілерінің
Коммунистік университетінің қарамағына беру және т.б.
маңызды мәселелер болды.
Мәжіліс күн тәртібінің 7-ші бабы бойынша, яғни
Қуаңшылыққа ұшыраған аймақтардың тұрғындарына жұмыс
168
малын тарату комиссиясының қызметі туралы Т. Рысқұлов
баяндама жасайды. Мәжіліс қаулысында комиссияның
өз жұмысын ойдағыдай атқарып жатқаны туралы атап
көрсетілген және Т.Рысқұловқа коллегияның келесі
мәжілісінде комиссияның қызметі туралы толық баяндама
жасау өтінілген
448
.
Қуаңшылыққа ұшыраған аймақтардың тұрғындарына
жұмыс малын тарату комиссиясының қызметі туралы Т.
Рысқұловтың кейінге қалдырылған баяндамасы 1922 жылы
25 тамызда өткен коллегия мәжілісінде талқылауы тиіс
болатын, бірақ Т. Рысқұлов мәжілісте аталған комиссия
жұмысының әлі толық аяқталмағандығына байланысты
оның қызметін талқылауды тағы да кейінге қалдыруды
өтінеді
449
.
Мәжілісте, сонымен қатар, комиссариат жанындағы Жер
мәселелері бойынша Федералды комитет туралы ереженің
жобасы туралы О. Карклиннің баяндамасы талқыланады.
Аталған ереже жобасын даярлау үшін жетекшісі Т.Рысқұлов,
құрамына Г.И. Бройдо, Ш.А. Манатов, Г.К.Клингер
кіргізілген арнайы комиссия тағайындалады. Комиссияға
коллегияның келесі мәжілісіне дейін Жер мәселелері
бойынша Федералды комитет туралы ереже жобасын даярлау
және комитетті ұйымдастыру шараларына басшылық жасау
тапсырылады
450
.
Коллегияның жоғарыда аталған, яғни 1922 жылғы
18 тамыздағы мәжілісінде Т.Рысқұлов Петроградтағы
Шығыстың тірі тілдерінің Орталық институты мен Мәскеу
Шығыстану институты туралы қатарынан төрт баяндама
жасайды. Т.Рысқұлов өзі даярлаған Петроградтағы
Шығыстың тірі тілдерінің Орталық институты туралы
ереже жобасын мәжіліс талқысына ұсынады
451
. Мәжіліс
қаулысында 16-шы және 24-ші тармақшаларына ғана
аздаған өзгерістердің енгізіліп, ереже жобасының толық
қабылданғаны туралы жазылған.
169
1922 жылы 14 тамызда Петроградтағы Шығыстың
тірі тілдерінің Орталық институтының ректоры, белгілі
шығыстанушы ғалым А.Н. Самойлович РКФСР Ұлт істері
жөніндегі халық комиссариатының коллегия мүшесі Т.
Рысқұловқа хат жазып, студенттерге берілетін азық-түлік
мөлшерін бөлу туралы құрылатын Орталық комиссияның
құрамына Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының
бір өкілін (А.Н.Самойлович өз тарапынан бұл орынға
Мазуровты ұсынған), институт басқармасынан Воробьевты
және студенттер қоғамынан Казакевичті бекітуді өтінеді
452
.
А.Н. Самойловичтің өтінішімен танысқан соң Т. Рысқұлов
мәселені 1922 жылғы 18 тамызда коллегия мәжілісінің
талқысына салады. Мәжіліс А.Н.Самойловичтің өтінішін
қанағаттандырып, құрамына ол ұсынған кісілер кірген
комиссияны бекітеді
453
.
А.Н. Самойлович 1922 жылы 14 тамызда Т. Рысқұловқа
жолдаған екінші хатында Шығыстың тірі тілдерінің
Орталық институтының Қабылдау комиссиясын жасақтауға
рұқсат сұрайды
454
. Т.Рысқұлов мәжілісте Петроградтағы
Шығыстың тірі тілдерінің Орталық институтының
Қабылдау комиссиясына РКФСР Ұлт істері жөніндегі
халық комиссариатының өкілін енгізу туралы ұсыныс
жасайды. Коллегия аталған комиссияға өз өкілі етіп А.Т.
Гисматуллинді енгізеді
455
.
Мәжілісте
Т.Рысқұлов
Шығыстану
институты
жанынан құрамына РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық
комиссариатының өкілі (комиссия төрағасы ретінде),
институт басқармасының өкілі, бастауыш партия ұйымының
өкілі және студенттер қоғамының өкілі енетін Стипендиялық
комиссия тағайындау туралы баяндама жасайды. Алайда,
Мазуров институтта ондай комиссияның құрылып, жұмыс
істеп жатқандығы туралы мәлімдеме жасаған соң, коллегия
мәжілісі Т. Рысқұловқа ол комиссиясының құрамын қайта
жасақтап, қызметінің қорытындысын бекітуді ұсынады
456
.
170
1922 жылы 25 тамызда өткен коллегия мәжілісінде
Т.Рысқұлов федерация құрамындағы автономиялы
республикалар мен облыстар үшін РКФСР Ұлт істері
жөніндегі халық комиссариатына берілген Мәскеу
Шығыстану институты мен Петроградтағы Шығыстың
тірі тілдерінің Орталық институтындағы студенттер
вакансияларын аталған субъектілер арасында бөлу мәселесі
бойынша баяндама жасайды. Студенттер вакансияларын
бөлудің жобасын Т. Рысқұлов пен А.Т. Гисматуллин даярлаған
болатын. Коллегия олардың жобаларын толық бекітеді, тек
комиссариаттың Ұлттық азшылық бөлімі үшін Мәскеу
Шығыстану институтынан 10 орын, ал Петроградтағы
Шығыстың тірі тілдерінің Орталық институтынан 5 орын
беру туралы қаулы шығарады
457
. Сондай-ақ, мәжілісте
Т. Рысқұловтың ұсынысы бойынша Петроградтағы
Шығыстың тірі тілдерінің Орталық институтына келесі
қысқа отын даярлау үшін РКФСР Ұлт істері жөніндегі
халық комиссариатының қорынан қарызға 1,5 млрд. рубль
бөлу туралы РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің алдына
мәселе қою жайлы шешім шығарылады
458
.
1922 жылы тамыз айының соңғы күндері мен қыркүйек
айының алғашқы күндері РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық
комиссариатының Ұлттар кеңесі мен Кіші коллегиясының
мүшелері үкімет қаулысымен қысқа мерзімді демалысқа
шыққан болуы мүмкін, өйткені 1922 жылдың 25 тамызы
мен 6 қыркүйек арасында комиссариатта ешқандай мәжіліс
өтпеген.
Ұлттар кеңесі мен Кіші коллегия мүшелері 1922 жылы
қыркүйектің басында қысқа мерзімді демалыстан оралған
соң РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссарының
орынбасарлары Г.И.Бройдо мен Т.Рысқұловтың басшылы-
ғымен қайтадан қызу жұмысқа кіріседі.
Т.Рысқұлов РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық
комиссарының орынбасары ретінде Ұлттар кеңесі мен Кіші
171
коллегияның 1922 жылы қыркүйек айының 6-ы мен 26-ы
аралығында өткен жеті мәжілісіне қатынасқан.
1922 жылы 6 қыркүйекте өткен Кіші коллегия мәжілісінде
көптеген маңызды мәселелер талқыланады, атап айтқанда:
1) а). Комиссариат жанындағы Түркістан АКСР-інің өкілетті
өкілдігінің республиканың пошта-телеграф комиссариатын
сақтау туралы БОАК-қа жолдаған өтінішін талқылау;
б).РКФСР Пошта-телеграф халық комиссариатымен
келісе отырып Түркістан АКСР-інің Пошта-телеграф
халық комиссарын Түрікаткомның тағайындауы туралы;
в).Түркістан АКСР-інің Пошта-телеграф халық комиссариатын
қаржыландырудың тәртібі туралы; 2) БОАК-тың 1922
жылғы 17 тамыздағы Башқұрт АКСР-інің шекарасын
кеңейту туралы қаулысын қайта қарау; 3) Коллегия
мүшесі Г.К. Клингерді Марий және Чуваш автономиялы
облыстарын біріктіру мәселесі бойынша құрылған БОАК
комиссиясына қосу туралы; 4) Қырым АКСР-і Орталық
Атқару Комитетінің К.Е. Сорокинді комиссариат жанындағы
Қырым АКСР-інің өкілетті өкілі етіп тағайындау туралы
өтініші; 5) Татар АКСР-інің БОАК-тың Варзиат курортың,
Ижевск минералды суын және Шейхалинск совхозын Вот
автономиялы облысына беру туралы қаулысын орындамай
отырғаны жайлы; 6) Кіші коллегия мүшелері арасында
міндеттерді өзара бөлісу туралы
459
және т.б.
Т. Рысқұлов мәжілісте талқыланған үшінші мәселе, яғни
Г.К. Клингерді Марий және Чуваш автономиялы облыстарын
біріктіру мәселесі бойынша құрылған БОАК комиссиясына
қосу туралы баяндама жасаған. 1922 жылы 5 қыркүйекте
БОАК-тың Марий және Чуваш автономиялы облыстарын
біріктіру бойынша құрылған комиссиясы өзінің сол жылы
9 тамызда өткізген мәжілісінің хаттамасын Т. Рысқұловқа
жіберген еді
460
. Марий және Чуваш автономиялы облыстары
атқару комитеттерінің өзара бірігу туралы ұсыныстарымен
және БОАК комиссиясының қорытындысымен танысқан
172
соң Т. Рысқұлов бұл мәселені коллегия мәжілісінің күн
тәртібіне енгіздіріп, бұрын белгіленген М.Д. Гусейновтың
орнына коллегия мүшесі Г.К. Клингерді аталған комиссия
құрамына қосу және шешімді комиссия төрағасы Сапроновқа
хабарлау туралы қаулы шығартады
461
.
Мәжілісте талқыланған алтыншы, яғни Кіші коллегия
мүшелері арасында міндеттерді өзара бөлісу туралы мәселе
бойынша Г.И. Бройдо баяндама жасайды. Бұл мәселе
бойынша қызу талқылау өткізіліп, коллегия мүшелерінің
нақты қай салаға жауап беретіндігі белгіленді:
– Халық комиссарының бірінші орынбасары Г.И.
Бройдоға несиелерді тарату, комиссариат аппаратына
жетекшілік жасау, Шығыс еңбекшілерінің Коммунистік
университетінің ректоры қызметін атқару, комиссариат
жанындағы Кавказ-Дағыстан, Тау, Кабардин-Балқар,
Қарашай-Шеркес, Адыгей, Қырым республикаларының
өкілетті өкілдіктері мен Ұлттық азшылық бөлімінің
қызметін үйлестіріп, Грузия, Армения, Әзірбайжан сияқты
тәуелсіз кеңес республикаларымен жұмыс жасау, сондай-
ақ РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің Үлкен Кеңесінің
мүшесі және құрылғалы жатқан Федеральдық Сауда-
өндіріс комитетінің төрағасы қызметін қоса атқару міндеті
жүктелді
462
;
– Халық комиссарының екінші орынбасары Т.
Рысқұловқа комиссариат жанындағы Түркістан, Қазақ,
Башқұрт республикаларының өкілетті өкілдіктерінің
қызметін үйлестіріп, Хорезм, Бұқара сияқты тәуелсіз кеңес
республикаларымен жұмыс жасау, Шығыс халықтарының
Орталық баспасы коллегиясының төрағасы, Халық ағарту
ісі бойынша Федеральдық комитет төрағасы қызметін
атқару, содай-ақ Шығыс еңбекшілерінің Коммунистік
университетінде дәріс оқу, Мәскеу мен Петроград
қалаларында орналасқан барлық институттарға басшылық
жасау, РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің Кіші
173
Кеңесінде Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты атынан
баяндамалар жасау міндеті тапсырылды
463
;
– Коллегия мүшесі Г.К. Клингерге комиссариат
жанындағы Корелия, Зырян (Коми) республикаларының
өкілетті өкілдіктерінің қызметін үйлестіріп, Ұлттық
азшылық бөлімінің латыш, литва, поляк, еврей, эстон және
фин бөлімшелерімен жұмыс істеу міндеті тапсырылды
464
;
– Коллегия мүшесі М.Х. Сұлтан-Ғалиевке комиссариат
жанындағы Татар, Марий, Чуваш, Вот, Неміс, Қалмақ
республикаларының өкілетті өкілдіктерінің қызметін
үйлестіріп, Жер мәселесі бойынша Федеральдық комитет
төрағасы қызметін атқару және БОАК төралқасында
баяндама жасау міндеті жүктелді
465
;
– Коллегия мүшесі М.П. Павловичке комиссариат
жанындағы
Бурят-Моңғол,
Якут-Саха,
Ойрат
республикаларының өкілетті өкілдіктерінің қызметін
үйлестіріп, Қиыр Шығыс Республикасымен жұмыс
жүргізу, сондай-ақ Бүкілресейлік Шығыстанушылар
Ассоциациясына төрағалық жасап, комиссариаттың
Баспасөз және Ақпарат бөліміне басшылық ету міндеті
жүктелді
466
.
Жалпы мәжіліс аяқталған соң Г.И. Бройдо, Т. Рысқұлов,
М.П. Павлович, Г.К. Клингер және хатшы Я.Е. Брезановский
қатынасқан жабық мәжіліс ұйымдастырылады. Жабық
мәжіліс халық комиссарының бірінші орынбасары
Г.И. Бройдоның РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық
комиссариатының
саяси,
ұйымдастыру-әкімшілік
мәселелердегі кезекті міндеттері туралы баяндамасын
талқылайды:
І. Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының кезекті
міндеттері:
1). Саяси мәселелер бойынша:
а). Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының
174
жергілікті жерлердегі қызметін күшейту, ол үшін даярлығы
жоғары өкілдер табу және комиссариат бөлімдерін қайта
құру;
б). Орталық және жергілікті шаруашылық органдар
арасында қалыптасқан қарым-қатынастар негізінде
бөлімдердің өзара байланысын күшейту;
в). Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының өкілетті
өкілдіктерінің жергілікті партия ұйымдарымен байланысын
орнату;
г). Партия бағытымен республикаларға, облыстарға,
еңбек колонияларына, түрлі ұлт өкілдері мекендейтін
губернияларға жіберіліп жатқан жауапты қызметкерлердің
міндетті түрде Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатында
тиісті нұсқаушылар алуы туралы РКП (б) Орталық
Комитетімен байланыс орнату;
е). Кезекті партия және кеңес съездерін пайдалана отырып
жылына бір рет көпұлтты аймақ жағдайында қаулылар мен
нұсқаулардың қалай іске асырылып жатқандығы туралы
мәселені талқылау үшін тиісті партия ұйымдарының
хатшыларының, ұлттық бөлім меңгерушілерінің, өкілетті
өкілдердің және тағы басқалардың есеп беру мәжілістерін
ұйымдастыру;
з). «Ұлттар өмірі» («Жизнь национальностей»)
газетін саяси басшылық жасайтын және республикалар,
облыстар мен көпұлтты губерниялардағы түрлі саладағы
(шаруашылық, білім беру, кәсіподақ ұйымдарындағы
партиялық жұмыстар) істердің есебін басатын органға, ал
«Жаңа Шығыс» (Новый Восток) журналын этнографиялық
және тағы басқа материалдар басатын басылымға айналдыру;
и). Бүкілресейлік Шығыстанушылар Ассоциациясы
мен «Жаңа Шығыс» (Новый Восток) журналының ғылыми
бағытын күшейту;
к). Орталық және жергілікті баспасөзде ұлт мәселесінің
өзекті проблемаларын үзбей насихаттап, Ұлт істері жөніндегі
175
халық комиссариаты атқарып жатқан істер туралы ақпарат
тарату және аймақтардағы ұлтаралық қарым-қатынас
мәселесін назарда ұстау;
л). РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының
мемлекеттік құрылыстың түрлі салаларына белсенді түрде
қатынасуын қамтамасыз еткен Халық Комиссарлар Кеңесі
мен БОАК қаулыларының жүйелі орындалуына қол жеткізу.
ІІ. Ұйымдастыру мәселесі бойынша:
а). РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының
Ұлттар кеңесінің, Кіші коллегиясының және өкілдіктердің
өзара тығыз қарым-қатынасын орнату. Коллегия барлық
өкілдіктердің жұмысын бағыттап отыруы тиіс, ал Ұлттар
кеңесі бүкіл комиссариаттың жұмысын ұйымдастыру қажет;
б). Жекелей алғанда: 1). Ұлттар кеңесінің мәжілістерінің
тұрақты шақырылуын қамтамасыз ету; 2). Ұлттар кеңесінің
мәжілісінде жалпы мәселелерді талқылау, сондай-ақ
аймақтар мен өкілдіктердің, комиссариат уәкілдерінің,
ұлттық азшылық бөлімшелерінің, комиссариатқа қарайтын
мекемелердің (Шығыстанушылар Ассоциациясының,
университеттердің, институттардың, Шығыс халықтарының
Орталық баспасының, редакциялардың және т.б.) есепті
баяндамаларын тыңдау;
в). Осындай тәсілдермен жекелеген өкілдіктердің
қызметтерін үйлестіру;
г). Республикалар мен облыстардың өкілетті өкілдіктері
мен комиссариаттарының жекелеген уәкілдерінің Ұлттар
кеңесі мен Кіші коллегияны айналып өтуіне жол бермеу;
д).Ұлттар кеңесі мен Кіші коллегияға есеп бергісі
келмейтін өкілдерін алмастыру туралы республикалар мен
облыстардың атқару комитеттерінің алдында мәселе қою;
е).Федеральдық комитеттердің шешімдерінің орын-
далуын Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының
жергілікті мекемелері арқылы қадағалау;
ж). РКФСР-дағы экономикалық саясатты ұлттық
саясатпен үйлестіру үшін Федеральдық Экономикалық
176
комитетпен, Мемлекеттік Жоспарлау комитетімен, Еңбек
және Қорғаныс Кеңесімен, шаруашылық саласындағы
халық комиссариаттарымен тығыз байланыс орнату;
з). Ұлттар кеңесінің жекелеген комиссариаттардың
ұлттық саясатқа қайшы келетін шешімдерін жоя алатын
құқыққа ие болуы;
и). Кейбір Федеральдық комитеттердің атқарып отырған
қызметтерін Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты-ақ
табыспен атқара алар еді, мысалы Шығыс халықтарының
Орталық баспасы, Шығыс еңбекшілерінің Коммунистік
университеті және т.б. мекемелер сияқты;
к). Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты ұлт
республикалары мен облыстарының сметаларын жасау
мен жалпы мемлекеттік бюджетті анықтау кезінде РКФСР
Қаржы халық комиссариатының жұмысына қызу араласуы
қажет.
ІІІ. Әкімшілік істер бойынша:
а). Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты
қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттыру және қазіргі
қызметкерлер арасында тазалау жүргізу;
б). Әр бөлім бойынша белгіленген істерді нақты атқара
алатындай штат қалдыру;
в). Өкілдіктерді жергілікті бюджеттің қаржыландыруына
беру арқылы Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты
жергілікті бюджеттердің бір бөлігіне ие болуы тиіс;
г). Бұл Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатына ұлт
саясатын іске асыруға тікелей қатысы бар федеральдық
және жергілікті мекемелерді тәуелсіз және тұрақты
қаржыландырып отыруға үлкен септігін тигізер еді (мысалы,
Шығыс халықтарының Орталық баспасын және т.б.)
467
.
1922 жылы 8 қыркүйекте Т.Рысқұлов коллегия
мүшелері – Г.И.Бройдо, Г.К.Клингер, М.П.Павлович, хатшы
Я.Е.Брезановский және А.И.Мордовов, В.А.Стрелков және
А.Г.Ганеевтермен бірге коллегияның кезекті мәжілісіне
177
қатынасады. Мәжілісте мынадай жеті мәселе талқыланған:
1). Якут АКСР-інің 1922-1923 жылдардағы сметасын
мақұлдап, оны Ұлттар кеңесінің бекітуіне ұсыну; 2).
Башқұрт АКСР-інің («Большая Башкирия» жобасы)
шекарасы туралы мәселе; 3). Еңбек және Қорғаныс Кеңесі
жанындағы Якутия өкілінің Сібір ревкомының Якут АКСР-
інен Сыртқы сауда халық комиссариатының қарамағына
бағалы аң терілерін жіберуге тиым салу туралы 1922 жылғы
17 тамыздағы шешімін тоқтату өтінішін қолдау; 4). Ижевск
минералды су көзін Вот автономиялы облысына беру туралы
Денсаулық сақтау халық комиссариатының пікірін тыңдау;
5). Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты жанындағы
өкілдіктердің штаттары мен сметаларын құру үшін арнайы
комиссия жасақтау; 6). Комиссариат жанындағы Жер
мәселесі бойынша Федеральдық комитет пен Аймақтардың
өндіргіш күштерін дамыту ғылыми-зерттеу институтының
байланысын жақсарту; 7). Қызыл Армияның Бас шабы
Академиясынан түркі халықтары тыңдаушыларының
шығарылу себептерін анықтау
468
.
Мәжілісте қаралған екінші, яғни Башқұрт АКСР-
інің шекарасы туралы мәселе аса шиеленіскен мәселе
еді. Құрылғанына біраз уақыт болса да Башқұрт АКСР-
інің көрші ұлт республикалары мен Ресей облыстары
арасындағы шекарасы нақты анықталынбай, жергілікті
жерде де, федерация орталығында да үлкен шиеленіс
тудырып отырған. БОАК-тың 1922 жылғы 14 маусымда
қабылдаған «Башқұрт Автономиялы Кеңестік Социалистік
Республикасының шекарасын кеңейту» атты қаулысымен
бұл мәселе өз шешімін тапқандай болған
469
. Бірақ БОАК
1922 жылғы 17 тамызда Башқұрт АКСР-інің шекарасын
кеңейту туралы бұрынғы қаулысын қайта қарап, Ялан
кантоның Челябинск губерниясына қосу туралы шешім
шығарады. БОАК 1922 жылғы 25 тамызда өз қаулысын
тағы да қуаттайды. БОАК-тың бұл шешімі Башқұртстанда
178
тағы да үлкен саяси дау туғызады. Ялан кантонының V
кеңестер съезінің делегаттары БОАК-тың шешіміне қарсы
болып, аталған кантонды Башқұртстан құрамында қалдыру
туралы БОАК төралқасына, РКФСР Ішкі істер халық
комиссариатына және РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық
комиссариатына мәлімдеме тапсырады.
«Ялан мәселесі» РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық
комиссариатында да бірнеше рет талқыға салынады. 1922
жылғы 2 тамыздағы мәжілісінде коллегия Башқұрт АКСР-
інің Ялан кантонын Челябинск губерниясына қосу туралы
әрекеттердің қателігін атап көрсеткен болатын
470
. 1922
жылғы 6 тамызда коллегия аталған мәселеге тағы да оралып,
Башқұрт АКСР-інің шекарасын кеңейту туралы құрылған
комиссияға мәселемен нақты айналысуды тапсырған еді
471
.
Мәселенің күрделеніп бара жатуына байланысты РКФСР
Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының коллегиясы
құрамына коллегия мүшелері Т. Рысқұлов пен Г.К. Клингер
және Башқұрт АКСР-інің өкілі А.А. Биишев кірген жаңа
комиссия тағайындайды. 1922 жылы 8 қыркүйек күні
таңертең комиссия «башқұрт мәселесі» бойынша А.А.
Биишевтің баяндамасын талқылайды. А.А. Биишев Башқұрт
АКСР-інің шекарасын БОАК-тың 1922 жылғы 14 маусымда
қабылдаған «Башқұрт Автономиялы Кеңестік Социалистік
Республикасының шекарасын кеңейту» атты қаулысында
заңдастырылған межеде қалдырып, шекараға өзгерістер
енгізу туралы кейінгі қаулыларының күшін жоюды талап
етеді. Мәжіліс хаттамасына А.А. Биишевтың жеке пікірі
тіркелген
472
. Мәселені талқылау барысында Т. Рысқұлов
А.А. Биишевтың пікіріне ұқсас ойда болып, «Үлкен
Башқұртстан» мәселесі бойынша өзінің жеке ойларын жазып
береді. Т. Рысқұловтың да жеке пікірі мәжіліс хаттамасына
тіркелген
473
. Комиссия «Үлкен Башқұртстан» мәселесі
бойынша БОАК-қа жіберілетін мынадай қаулы қабылдаған:
«2). РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының
179
коллегиясы атынан БОАК төралқасына Үлкен Башқұртстан
туралы БОАК-тың 1922 жылғы 25 тамызда қабылдаған
қаулысына мынадай өзгерістер енгізу туралы өтініш
жіберілсін: Ялан кантоны толығымен және Тамбян-Катой
кантонының мына болыстары, атап айтқанда, Авзян-
Петров, Байсақал, Белорецкий, Вознесенский, Инзер, Катай,
Кагин, Ломовск, Мулладак, Поляков, Терлян, Тангатар,
Ухян, Усман-Галиев, Ахун, Кубеляк-Телеб, Тептер-Учалы,
Тамьян-Тангауыр болыстары Башқұртстанның құрамында
қалсын»
474
. Комиссия өз қорытындысын сол күні түсте
коллегия мәжілісінің талқысына ұсынады.
Коллегия мәжілісінде Т. Рысқұлов Башқұрт АКСР-
інің шекарасын айқындау комиссиясының қорытындысы
бойынша баяндама жасап, БОАК-тың 1922 жылғы 25
тамыздағы қаулысына өзгеріс енгізу және Ялан мен Тамбян-
Катой кантондарын Башқұртстанның құрамында қалдыру
туралы ұсыныс түсіреді
475
.
Ұлттар кеңесінің 1922 жылы 11 қыркүйектегі мәжілісі
Кіші коллегияның бірқатар қаулылары мен шешімдерін,
атап айтқанда, коллегияның алдағы міндеттері туралы
1922 жылы 6 қыркүйекте өткен жабық мәжіліс қаулысын,
комиссариат жанындағы Жер мәселесі бойынша
Федеральдық комитет туралы ережені, коллегияның 1922
жылы 8 қыркүйекте белгілеген Якут АКСР-інің 1922-
1923 жылдардағы сметасын, Петроградтағы Шығыстың
тірі тілдерінің Орталық институтының басқарма кеңесінің
құрамына Ұлттар кеңесінің 5 мүшесін енгізу және Шығыс
еңбекшілерінің Коммунистік университеті жанынан
жұмысшы факультетін ашу туралы қаулыларды бекітеді
476
.
Т.Рысқұлов қыркүйек айының екінші жартысында
федерацияның жоғарғы оқу орындарында жаңа оқу жылының
басталатындығына орай студенттер мәселесімен тығыз
айналысады. 1922 жылы 11 қыркүйекте коллегия Мәскеу мен
Петроград Шығыстану институттарының стипендиясын
180
бөлу мәселесі талқылайды
477
. Мәжілісте Т. Рысқұлов
өзінің Мәскеу Шығыстану институтының Қабылдау
комиссиясының төрағасы екенін пайдалана отырып, оқуға
түркі-мұсылман жастарының көптеп қабылдануына күш
салады. Оқу-білімнен артта қалған аймақтардың бірі ретінде
– Орталық Азия жастарын жеңілдетілген шарттармен
алғашқы кезекте қабылдаудың және оларға мүмкіндігінше
көбірек орын бөлудің маңыздылығын дәлелдеп сөйлейді. Т.
Рысқұлов коллегия мүшелерін өз пікіріне көндіріп, 1922-
1923 оқу жылында Мәскеу мен Петроград Шығыстану
институттарынан Түркістан жастары үшін 16 орын алуға қол
жеткізеді. Мәжілістен кейін Т. Рысқұлов Ташкент қаласына
шұғыл жеделхат жолдап, республика басшыларынан тез
арада талантты түркі жастарын Мәскеу мен Петроградқа
аттандыруды талап еткен: «Сіздерге Мәскеу Шығыстану
институтына он екі орын (12), ал Петроград институтына
төрт (4) орын берілді. Азды-көпті даярлығы бар жергілікті
жастарды тез арада аттандырыңыздар. РКФСР Ұлт істері
жөніндегі халық комиссарының орынбасары Т. Рысқұлов.
11.IX.1922 г.»
478
. Осылайша, Т. Рысқұловтың күш салуымен
1922-1923 оқу жылында Мәскеу Шығыстану институтына
қабылданған 250 студенттің 12-і түркістандықтар болды.
1922 жылы Т. Рысқұлов небәрі 28 жаста еді, ал Тұрардың
көмегімен оқуға түскен түркістандықтардың да жастары
осы шамалас болатын. 1916 жылы Ташкент педагогикалық
институтына түсіп, жоқшылық пен аласапыран заманның
кесірінен оны аяқтай алмай, тек институттың екі курсын
тәмамдады деген бір жапырақ анықтама қағазға ғана қол
жеткізген Тұрардың билікте жүрген кейінгі жылдары кез
келген университетке түсіп, диплом алуына мүмкіндігі
мол болатын. Бірақ Тұрар дипломсыз-ақ тума талантының
арқасында туған халқына қалай қызмет жасауға
болатындығын көрсетті. Тұрардың көмегімен оқып келген
181
жүздеген жастар қазақ жұртының сауатын ашып, елді өнер
мен білімге сүйреді.
1922 жылы 13 қыркүйекте Т. Рысқұлов коллегия
мүшелері Г.И. Бройдо, Г.К. Клингер, М.П. Павлович және
хатшы Я.Е. Брезановскийлермен бірге коллегияның кезекті
мәжілісін өткізеді. Мәжілісте: 1). Түркістан АКСР-інің кеңес
мектептерінде сабақтан тыс мезгілдерде дін сабақтарын
өткізуге уақытша рұқсат беру (баяндамашы Т. Рысқұлов); 2).
РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты жанынан
Шығыс халықтарының Орталық баспасын ұйымдастырып,
басқармасын тағайындау және баспаның ережесін,
штатын, сметасын белгілеп, БОАК-қа ұсынылатын қаулы
жобасын даярлау үшін арнайы комиссия құру (баяндамашы
Т. Рысқұлов); 3). Шығыс еңбекшілерінің Коммунистік
университеті жанынан Жұмысшы факультетін ұйымдастыру
және факультет туралы ережені, оның штаты мен сметасын
белгілеп, БОАК-қа ұсынылатын қаулы жобасын даярлау
үшін арнайы комиссия құру (баяндамашы Т. Рысқұлов);
4). Комиссариат жанындағы Башқұрт АКСР-інің өкілетті
өкілдігінің қызметі талқылау; 5). М.Х. Сұлтан-Ғалиевтің
еңбек демалысына кету туралы өтінішін қабылдамау; 6).
Хасаут ауылын Қарашай-Шеркес автономиялы облысына
қосу мерзімін 1923 жылдың қаңтар айына шегеру; 7).
Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысындағы босқын мұсылман
балаларына көмек ұйымдастыру (баяндамашы Т. Рысқұлов);
8). Таяу Шығыс мәселесі бойынша шығып келген бюллетень
орнына брошюралар шығару және коллегия мүшесі М.П.
Павловичке комиссариаттың барлық баспасөзін қайта
құрудың жоспарын даярлауды тапсыру; 9). Ашаршылыққа
ұшырағандарға көмектесетін Орталық Комитетке мал сатып
алуы үшін Қалмақ автономиялы облысына 10 млн. рубль
бөлу туралы өтініш жолдау; 10). Петроградтағы Шығыстың
тірі тілдерінің Орталық институтының басқарма кеңесіне
комиссариаттан 5 мүше тағайындау; 11). Мәскеу Шығыстану
182
институтының 250 студентіне арнап жеке жатақхана ашу
(баяндамашы Т. Рысқұлов)
479
және т.б.
Сонымен, Т. Рысқұлов мәжілісте бес мәселе бойынша
баяндама жасайды. Түркістан АКСР-інің жергілікті тілдерде
оқытатын кеңес мектептерінде сабақтан тыс мезгілде дін
сабақтарын өткізуге уақытша рұқсат беру мәселесі бойынша
жасаған алғашқы баяндамасында Т. Рысқұлов Түркістан
АКСР-інің Халық ағарту комиссариатынан осындай ұсыныс
түскендігін, бірақ ұсыныстың кеңес өкіметінің халыққа білім
беру саясатына түбегейлі қайшы келетінін, конституция
бойынша мектептің шіркеуден ажыратылғандығын,
сондықтан да кеңес мектептері ең алдымен азаматтың білім
беру ісімен айналысу тиіс екендігін, ал діни сенім мен ар-
ождан мәселесі кәмелеттік жасқа толған азаматтардың
өз қалауындағы ерікті мәселе екендігін атап көрсетеді.
Сондай-ақ, Т.Рысқұлов Түркістанда вакуфтық жерлердің
қайтарылып берілгенін, ал кеңес мектептерін материалдық
жағынан сүйемелдеу үшін оларды совхоздарға бекітіп
беру керектігін мәлімдейді. Коллегия Т.Рысқұловтың
ұсыныстарын толық қолдаған
480
.
РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты
жанынан Шығыс халықтарының Орталық баспасын
ұйымдастыру, басқармасын тағайындау және баспаның
ережесін, штатын, сметасын белгілеп, БОАК-қа ұсынылатын
қаулы жобасын даярлау үшін арнайы комиссия құру мәселесі
бойынша жасаған баяндамасында Т. Рысқұлов федерация
құрамындағы ұлт республикалары мен облыстарынан
түсіп жатқан ұсыныстарды ескере отырып, Шығыс
республикаларының баспа саласындағы мұқтажын шешу
үшін Мәскеу қаласында арнайы баспа ұйымдастырудың
қажеттілігін жан-жақты дәлелдейді. Коллегия Т. Рысқұлов
баяндамасының негізінде мынадай қаулы қабылдайды:
«а) РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты
жанынан Шығыс халықтарының Орталық баспасы
183
ұйымдастырылсын, оған Мәскеудегі Шығыс тілдеріндегі
барлық баспаларды орталықтандыру міндеті жүктелсін;
б) Шығыс халықтарының Орталық баспасының
Басқармасы: төрағасы жолдас Рысқұлов, орынбасары
жолдас Сұлтан-Ғалиев және мүшелері Бройдо, Павлович,
Манатов, Гисматуллин құрамында бекітілсін;
в) Жолдас Рысқұловқа баспаның ережесін, штатын,
сметасын белгілеп, БОАК-қа ұсынылатын қаулы жобасын
даярлау үшін арнайы комиссия құру тапсырылсын»
481
.
Т.Рысқұлов Шығыс халықтарының Орталық баспасын
ұйымдастыру мәселесін қызу қолға алады. Мәскеу
қаласындағы Шығыс тілдеріндегі барлық баспалардың
басшыларын комисариатқа шақырып алып, олармен ортақ
баспа құру туралы кеңес өткізеді. Арнайы комиссия құрып
Шығыс халықтарының Орталық баспасының ережесін,
штаты мен сметасын, сондай-ақ БОАК-қа ұсынылатын
қаулы жобасын жасайды
482
.
Т.Рысқұловтың
үшінші
баяндамасы
Шығыс
еңбекшілерінің Коммунистік университеті жанынан
Жұмысшы факультетін ұйымдастыру және факультет туралы
ережені, оның штаты мен сметасын белгілеп, БОАК-қа
ұсынылатын қаулы жобасын даярлау үшін арнайы комиссия
құру мәселесіне арналған. Коллегия Т. Рысқұловтың
Шығыс еңбекшілерінің Коммунистік университеті жанынан
Жұмысшы факультетін ұйымдастыру қажеттігі туралы
ұсынысын қолдап, қаулы жобасын даярлайтын комиссияны
құруды Т. Рысқұловтың өзіне тапсырады
483
.
Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысындағы босқын
мұсылман балаларына көмек ұйымдастыру мәселесі
бойынша жасаған төртінші баяндамасында Т.Рысқұлов
комиссия мүшелерін Ішкі Ресей мен Сібір мұсылмандарының
Орталық Діни басқармасының Аштарға көмектесу
комиссиясының өзіне жолдаған хатымен
484
таныстырады.
Хатта Діни басқармасының Аштарға көмектесу комиссиясы
184
Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысындағы босқын мұсылман
балаларының аса ауыр жағдайы туралы мәліметтер
келтіріп, Т. Рысқұловтан бұл іске шұғыл араласып, тез
арада арнайы көмек ұйымдастыруды сұрайды. Сондықтан
да, Т. Рысқұлов мәселені жедел түрде коллегия мәжілісінің
талқылауына шығарған болатын. Коллегия Мәскеу қаласы
мен Мәскеу облысындағы босқын мұсылман балаларына
көмек ұйымдастыру үшін құрамына Түркістан, Татар,
Башқұрт және Қазақ АКСР-нің өкілетті өкілдері, Ішкі
Ресей мен Сібір мұсылмандарының Орталық Діни
басқармасының Аштарға көмектесу комиссиясының өкілі,
РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының
өкілі А.Т. Гисматуллин кірген арнайы комиссия жасақтау
туралы қаулы қабылдайды. Комиссия төрағасы болып А.Г.
Ганеев бекітіледі. Комиссияға Мәскеу қаласы мен Мәскеу
облысындағы босқын мұсылман балаларына арнап балалар
үйін ашу міндеті жүктеледі
485
.
Мәжілісте
Т.Рысқұлов
Мәскеу
Шығыстану
институтының 250 студентіне арнап жеке жатақхана ашу
мәселесі бойынша тағы да Т. Рысқұлов баяндама жасайды.
Коллегия Мәскеу қаласында осындай жатақхана ашу туралы
шешім шығарады
486
.
Т. Рысқұлов 1922 жылы 19 қыркүйекте Кіші коллегияның
келесі мәжілісіне қатынасады. Мәжілісте Т. Рысқұлов өзі
жетекшілік жасаған комиссия даярлап бітірген Шығыс
халықтарының Орталық баспасын ұйымдастыру туралы
БОАК қабылдайтын қаулы жобасын талқылап, оны
комиссариаттың Ұлттар кеңесінің мақұлдауына жіберу
мәселесі бойынша баяндама жасайды. Мәжілісте сонымен
қатар мынадай мәселелер талқыланған: автономиялы
республикалар мен облыстар өкілдіктерінің уақытша штаттық
кестесін бекіту туралы; 1922 жылы 16 қаңтарда қабылданған
БОАК-тың «Кабардин-Балқар біріккен автономиялы
облысын құру туралы» атты қаулысына өзгерістер енгізу
185
мәселесін кейінге қалдыру; діни бірлестіктер ұйымдастыру
және храмдардың қаржыландыру тәртібі туралы ережені
бекіту; Башқұрт АКСР-інің өкілетті өкілдігінің қызметін
талқылауды кейінге қалдыру; Якут АКСР-інің жағдайы
туралы; Кубань-Қара теңіз атқару комитетінде аз ұлттар
бөлімін ашу; Ішкі Ресей мен Сібір мұсылмандарының
Орталық Діни басқармасының кейбір аймақ басшыларының
мұсылмандардың өз қаржысына салынған мешіттерді жабу
әрекеттеріне тиым салу, жеке діни мектептерде исламды
насихаттауға тиым салу әрекеттерін болдырмау туралы
шағымы; Қалмақ автономиялы облысының жағдайы:
оның шекарасын белгілеу үшін комиссия құру, астанасын
Астрахань қаласынан Элиста қаласына көшіру, қалмақ
тілінде радиостанция ашу мәселесі; Араб әліпбиіне реформа
жасау комиссиясының құрамын өзгерту және т.б. мәселелер
талқыланды
487
.
Шығыс халықтарының Орталық баспасын ұйымдастыру
мәселесі бойынша Т. Рысқұлов Ұлттар кеңесінің 1922 жылы
20 қыркүйектегі мәжілісінде тағы да баяндама жасайды.
Ұлттар кеңесі Т. Рысқұлов комиссиясы даярлаған қаулы
жобасын қызу талқылаған соң өзгеріссіз қабылдап, оны
БОАК-тың қабылдауына жолдау туралы шешім шығарады
488
.
Мәжілісте сондай-ақ комиссариат жанындағы автономиялы
республикалар мен облыстардың өкілетті өкілдіктерін
жалпы федеральдық қаржыландыруға көшіру туралы БОАК
төралқасына жолданатын өтініш талқыланады.
1922 жылғы 26 қыркүйекте Т. Рысқұлов РКФСР Ұлт
істері жөніндегі халық комиссариатындағы өзінің ең соңғы
мәжілісіне қатынасады. Мәжілісте Т. Рысқұлов тағы да бес
бірдей мәселе бойынша баяндама жасайды:
– РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты
жанындағы Халық ағарту ісі бойынша Федеральдық комитет
туралы БОАК қаулысының жобасын қабылдап, оны Ұлттар
кеңесіне жіберу мәселесі бойынша жасаған баяндамасында Т.
186
Рысқұлов РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты
жанында РКФСР Халық ағарту халық комиссариатына
тікелей бағынбайтын және аталған комиссариаттың ұлт
аймақтарындағы саясатын қадағалап отыратын Халық ағарту
ісі бойынша Федеральдық комитеттің тұрақты жұмыс істеуі
қажет екенін дәлелдеп шығады және өзі жетекшілік еткен
арнайы комиссия даярлаған БОАК қаулысы жобасының
міндетті түрде қабылдануы тиіс екенін атап көрсетеді.
Коллегия Т. Рысқұлов жобасын аздаған өзгеріспен қабылдау
туралы шешім шығарады
489
.
– Шығыс еңбекшілерінің Коммунистік университеті
жанынан Жұмысшы факультетін ұйымдастыру туралы
БОАК қаулысының жобасын қабылдау мәселесі бойынша
жасаған баяндамасында Т. Рысқұлов осындай арнайы
факультет ашудың маңызы мен қажеттілігін жан-жақты
негіздейді. Коллегия Т. Рысқұлов жобасын аздаған
өзгеріспен қабылдап, БОАК төралқасына жолдау туралы
шешім шығарады
490
.
– Шығыс халықтарының Орталық баспасы құрамындағы
Түрік-әзербайжан секциясының редакциялық коллегиясын
бекіту мәселесі бойынша жасаған баяндамасында Т.
Рысқұлов секцияның қызметін дұрыс жолға қою үшін білікті
мамандардың аса қажет екенін атап көрсетеді және редакция
коллегиясына Невширанов, А.Т. Гисматуллин, Шахтинский
және Г.Давлетчин сияқты мамандарды кіргізуді ұсынады.
Комиссариат коллегиясы Т. Рысқұлов ұсынған кісілерді
толық қолдайды.
– Шығыс халықтарының Орталық баспасының орналасар
мекен-жайы туралы жасаған баяндамасында Т. Рысқұлов өзі
басқарған арнайы комиссияның баспаны орналастыру үшін
жарамды деген бірнеше ғимаратты аралап көргендерін, дәл
қазір «Собачья площадка» аталатын алаңдағы № 10 үйді
лайықты санап отырғандарын хабарлайды. Коллегия Т.
Рысқұловтың ұсынысын қолдап, аталған ғимаратты күрделі
187
жөндеуден өткізгеннен кейін Шығыс халықтарының
Орталық баспасына беру туралы қаулы қабылдайды
491
.
– Мәскеу қаласында Шығыс еңбекшілерінің үйін
ұйымдастыру үшін арнайы ғимарат бөлу мәселесі бойынша
жасаған баяндамасында Т. Рысқұлов Мәскеу қаласында
пәтер мен қонақ үй мәселесінің аса шиеленісті жағдайына
байланысты астанаға Шығыс республикаларынан арнайы
сапармен келетін делегацияларды, жекелеген адамдарды,
студенттерді
қабылдап,
уақытша
орналастырудың
қиындығын айта келе, тез арада РКФСР Ұлт істері жөніндегі
халық комиссариатына қарайтын арнайы жатақхана немесе
қонақ үй ашудың қажеттігін атап көрсетеді. Коллегия
Т.Рысқұловтың ұсынысымен келісіп, Мәскеу қаласында
Шығыс еңбекшілерінің үйін ұйымдастыру туралы қаулы
қабылдайды
492
.
Коллегия мәжілісі одан әрі Мәскеу Шығыстану
институтында қалыптасқан ахуалды талқылап, Т. Рысқұлов
пен М.Н. Павловичке аталған ұжымды қайта тексеру,
институт ректоры Е. Мазуровты орнынан алып, оны РКП
(б) Орталық Комитетінің қарамағына жіберу туралы қаулы
шығарады.
Коллегияның 1922 жылғы 26 қыркүйектегі мәжілісі
РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатында
Т. Рысқұлов қатынасқан соңғы мәжіліс болды. РПК (б)
Орталық Комитетінің шешімімен қайтадан Түркістанға
қызметке ауысатындығына байланысты Т. Рысқұлов
РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатындағы
барлық істерін тапсырады. Т. Рысқұлов аталған комиссариат
құрамында Орталық Азияның өкілі ретінде 1920 жылдың
14 қазанынан 1922 жылдың 26 қыркүйегіне дейін жұмыс
істеді. РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатында
жүріп Т. Рысқұлов Орталық Азия экономикасына қатысты
аса маңызды мәселелерді шешуге ат салысты.
188
Достарыңызбен бөлісу: |