«Ғылыми қазына» Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет4/25
Дата29.01.2017
өлшемі2,28 Mb.
#2952
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
                                    ІІ ТАРАУ

  ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  

   ДЕРБЕСТІГІ ҮШІН КҮРЕС ЖОЛЫНДА

Орталық  Азиядағы  экономикалық  апат  пен  сұрапыл 

ашаршылықтың  басты  себебі  –  өлкенің  саяси  бодандық 

жағдайында  жатқан  еді.  Нақты  саяси-экономикалық 

егемендікке  қол  жеткізбей  өлкені  өркендету  мүмкін 

емес  болатын.  Ашаршылықпен  күрес  барысында  Тұрар 

Рысқұлов  бастаған  түркі-мұсылман  қайраткерлерінің  бұл 

ащы шындыққа көздері айқын жетеді. Ол үшін ең алдымен 

мемлекеттік басқару тетіктеріне қол жеткізу басты міндетке 

айналды. Бұл уақытта Түркістанның мемлекет басшылары 

арасында жергілікті халықтардың өкілдері өте аз болатын, 

оған  біріншіден,  жергілікті  кадрлардың  большевиктік 

революцияны  тосырқай,  сенімсіздікпен  қабылдауы 

мен  саяси  тәжірибесіздігі  себеп  болса,  екіншіден,  орыс 

большевиктерінің шовинистік саясаты кедергі болды.

1919 жылы наурызда Ташкент қаласында өткен Түркістан 

кеңестерінің VII  съезі  мен  РКП  (б)  өлкелік  комитетінің  ІІ 

конференциясында  Т.Рысқұлов  беделді  саяси  қайраткер 

ретінде  танылып,  Түрікатком  төрағасының  орынбасары 

болып  сайланады.  Т.Рысқұлов  –  республиканың  жоғарғы 

басшылығына қол жеткізген жергілікті халықтар өкілдерінің 

ішінде алғашқылардың бірі еді. 

VII  съезде  республиканың  саяси-экономикалық  жағдайы, 

ұлтаралық қарым-қатынас мәселесі бойынша шиеленіскен 

пікірталас  орын  алады.  Ұлт  мәселесіне  қатысты  сөзінде 

П.А. Кобозев былай дейді: «автономияның мәні тұрғысында 

алғанда  мұнда  тұрғындардың  95  пайызы  мұсылмандар, 

бірақ  үкімет  орындарындағы  көпшілік  орыстар  болып 

табылады»

221


.  «Орыстар  арасында,  –  дейді  Т.  Рысқұлов, 

–  мұсылман  бұқарасы  мен  мұсылман  қайраткерлеріне 



72

деген  негізсіз  сенімсіздік  жайлаған.    Мұсылман  бұқарасы 

мен  мұсылман  қайраткерлеріне  деген  сенімсіздік  –  бұл 

кең  етек  алған  ауру.  Егер  бізге,  мұсылман  еңбекшілерінің 

басшыларына  сенім  білдірген  болса,  онда  жәбірлеу  мен 

мазақтауларға, сенімсіздікке орын болмауға тиіс. Біз ортақ 

мүддеге, дос, жаңа құрылысқа көшкіміз келеді, сондықтан 

сенімсіздік болуы мүмкін емес. Жұмыс істесек барлығымыз 

бірге істеуіміз керек, бірақ біреулердің бағынышты, құлдық 

жағдайында, ал екіншілерінің қожа мен бастық жағдайында 

болмауы тиіс»

222


ТКП  ІІ  конференциясы  ұлтаралық  қарым-қатынас 

мәселесін 

реттеу 


мақсатында 

және 


«партияның 

мұсылман  бөлігіндегі  партия  жұмысына  басшылық 

пен  ұйымдастыруды»

223


  жақсарту  үшін  ТКП  Орталық 

Комитеті  жанынан  Мұсылман  Бюросын  құру  туралы 

шешім қабылдады. Мұсбюро төрағасы болып Т. Рысқұлов 

сайланады

224

.

Өлкелік партия комитеті 1919 жылы 6 сәуірде Мұсбюро 



туралы  ережені  бекітті.  «Мұсылман  Бюросы,  –  делінген 

ережеде, – өлкедегі РКП (б) мұсылман ұйымдарының белсенді, 

жоғарғы  басқару  органы  болып  табылады,  ол  партияның 

орталық  органының  барлық  құқығын  және  өлкелік  пария 

комитетінің алдында есеп беріп, оның қолдауына сүйенетін 

үкімет  мекемесі  құқығын  пайдаланады»

225

.  Мәжілісте 



Т.Рысқұлов  Мұсбюроның  алдында  тұрған  міндеттердің 

орасан зор екенін атап көрсетті. «Өлкелік партия комитеті,  – 

дейді Т. Рысқұлов, – осы уақытқа дейін мұсылман бұқарасы 

арасындағы  жұмыстан  қол  үзіп,  бұл  бағытта  ештеңе 

атқармады.  Мұсылман  Бюросы  мұсылман  бұқарасы  үшін 

өлкелік  партия  комитетінің  барлық  жұмыстарын  атқаруға 

тиіс»

226


Республиканың  барлық  облыстары,  уездері  мен 

қалаларында Мұсбюроның жергілікті ұйымдары құрылды. 


 73

Мұсбюроға өз конференцияларын шақырып отыру құқығы 

берілді

227


Т.Рысқұлов  1919  жылы  22  сәуірде  РКП  (б)  Орталық 

Комитеті  мен  Шығыс  халықтарының  коммунистік 

ұйымдарының 

Орталық 

Бюросына 

жіберген 

радиограммасында  Мұсылман  Бюросының  жүргізер 

саясатына  тоқтала  келіп,  былай  деп  жазды:  «Мұсбюро 

Түркістанда кеңес өкіметінің экономикалық құрылысы мен 

өлке халықтарының 95 пайызын құрайтын мұсылмандардың 

ғасырлар  бойы  қалыптасқан  өмір  салтын  қайта  құруға 

көмектеседі»

228


Мұсылмандар 

арасынан 

мамандар 

даярлау 

мақсатымен  Мұсбюро  жанынан  Ұйымдастыру-үгіт 

курсы  ұйымдастырылды.  Курс  бағдарламасы  бойынша 

тыңдаушылардың  мынандай  бағыттарда  білім  алып, 

мамандануы көзделді: конституция негіздері; экономикалық 

өмірдің  негіздері;  кооперация;  кәсіподақ  қозғалысы; 

мемлекеттік  басқарудың  түрлері;  ұлт  мәселесі;  орыс 

тілі;  түркі  тілдері;  іс  жүргізу  мен  есеп-қисап;  география; 

түркістантану; армия және әскери құрылыс және т.б.

229


. Курс 

бағдарламасы қоғамдық-саяси және экономикалық өмірдің 

көптеген  қырларын  қамтыған.  Материалдық  жағынан 

курс  тыңдаушылары  қызыл  әскерлермен  теңестірілді. 

Тыңдаушылардың  отбасылары  қызыл  әскер  отбасылары 

сияқты  Әлеуметтік  қамсыздандыру  комиссариатының 

есебінен  қамсыздандырылды

230


.  Аталған  курс  Орталық 

Азияда  мемлекеттік  өмірдің  түрліше  салалары  бойынша 

білікті  мамандар  даярлауға  зор  ықпал  етті.  Курсты 

бітірушілер  қабілеті  мен  біліміне  қарай  кеңес,  партия 

қызметіне, үкімет мекемелері мен комиссариаттарға, армия 

бөлімдеріне жіберілді. Олардың арасынан кейінірек ірі қоғам 

қайраткерлері, ғылыми қызметкерлер, әскери мамандар өсіп 

жетілді. Т. Рысқұлов  Мұсбюро құрамынан редакция-баспа, 

мәдени-ағарту  және  әскери  бөлімдер  ашты.  Әскери  бөлім 


74

армия  бөлімдерінде  құрылған  мұсылман  коммунистері 

ұйымдарының қызметіне басшылық жасады

231


Мұсбюро  республикасының  экономикалық  өміріне 

де  белсене  араласа  бастайды.  Өлкелік  партия  қызметінің 

1919  жылы  28  маусымда  Түрікатком,  Халық  Комиссарлар 

Кеңесі  мен  Ташкент  қалалық  кеңесінің  атқару  комитеті  

төралқаларының 

коммунистік 

фракцияларымен 

бірлесіп  өткізген  мәжілісі  республикадағы  алым-

салық  пен  мануфактураны  бөлу  принциптерін  белгілеу 

мәселесін  талқылады.  Бұл  мәселе  бойынша  Азық-түлік 

комиссариатының  баяндамасы  тыңдалды.  Баяндамашы 

республикада мануфактураның өте аз мөлшері қалғанын, әрі 

оның тек әскери ұйымдардың қажетін өтеуге әзер жететінін 

айтып ақтала бастайды. 

Т.Рысқұлов  мануфактура  мәселесін  шешу    үшін  оған 

қатысты  барлық  мәселені  жинақтап  талқылауды  ұсынды. 

Республикада экономикалық жағдайдың нашарлап кеткенін, 

мануфактураны бөлуде толып жатқан заңсыздықтарға жол 

берілгенін  сынады.  Т.  Рысқұлов  мануфактура  облыстық, 

уездік,  болыстық  атқару  комитеттеріне  түсетінін,  ал  олар 

ең  алдымен  өз  мүшелері  мен  қызметкерлерін  қамтамасыз 

етуге  ұмтылатынын,  парақорлық  байланыстар  арқылы 

мануфактураның  ауқатты  адамдар  қолына  ілініп,  кедей-

кепшіктің  бұдан  құр  қалатынын  ашып  атап  көрсетеді

232


Мануфактура  қарапайым  халықтан  алым-салық  ретінде 

алынады,  бірақ  бұл  жүйеде  есеп-қисап  деген  болмаған. 

Т.Рысқұлов бұл істе тәртіп орнату үшін мануфактураны тек 

әскери бөлімге ғана нақты мөлшермен бөліп, қалған бөлігін 

нанға  айырбастау  үшін  пайдалану  қажеттігін  ұсынады

233



«Экономикалық  саясатты,  –  дейді  Т.  Рысқұлов,  –  бүгінгі 



күнге дейін жүргізіп келген әдіспен жалғастыруға болмайды. 

Түздік халықтың еңбекшілерін қолөнер өнеркәсібіне тарту 

керек,  бірақ  бұл  оларды  біріктіріп,  қолөнер  өндірісін 

дамытуға  жол  көрсеткенде  ғана  мүмкін  болатын  нәрсе. 



 75

Тек  осы  жолмен  ғана  елдің  экономикалық  өмірі  қалпына 

келуі  мүмкін,  ал  мұсылман  еңбекшілерін  қатынастырмай 

экономикалық  саясатты  жүргізу  мүмкін  емес,  бұл  Халық 

шаруашылығы Орталық Кеңесі ескеретін мәселе. Жергілікті 

жерлерде ХШОК өз міндетінен басқа нәрсенің барлығымен 

айналысады,  әрі  осылайша  саудагерлік  туғызады.  Егер 

ХШОК  мен  Азық-түлік  директориясы  экономикалық 

саясатты  алып  жүре  алмаса,  онда  бізге  апатты  жағдай 

тудырмау үшін істі өз қолымызға алуға тура келеді»

234



Т.Рысқұловтың  төрағалық  етуімен  1919  жылы  24-25 



шілдеде  өткен  Түрікатком,  Халкомкеңес,  Революциялық-

әскери  кеңес,  Ташкент  қалалық  кеңесінің  атқару  комитеті 

мен  ескі  Ташкент  қалалық  атқару  комитеттерінің 

бірлескен  мәжілісі  «Түркістан  Республикасындағы 

экономикалық  саясат  туралы»  мәселені  талқылады. 

Мәжілісте  республиканың  Жер  шаруашылығы  мен  Азық-

түлік халық комиссариатының және Халық шаруашылығы 

Оралық  Кеңесінің  жұмысы  қаралып,  бұл  ұйымдардың 

басшыларынан өз қызметтері туралы есеп беру талап етілді. 

Баяндамалардың өте үстіртін, істің байыбына бармай, шикі 

күйінде  жасалуына  байланысты  Т.Рысқұлов  қосымша 

пікірталас  ұйымдастырады.  Аталған  комиссариаттардың 

қызметі қатаң сынға алынды. «Белгілі бір саясатты іске асыру 

үшін дейді, – Т. Рысқұлов, – алдымен ұйымға ие болу керек. 

ХШОК-ның құрылымы далиып кеткен, бірақ оның жергілікті 

жерлермен  байланысы  жоққа  тән.  ХШОК  республиканың 

барлық  экономикалық  өмірін  байланыстырушы  ұйым  ретінде 

жергілікті жерлермен байланыс орнатпаған. Осыдан барып 

таусылмайтын  жоспарлар  мен  «аспандағы  саясат»  келіп 

шыққан»


235

.  Орталық  мекемелердің  билігі  мен  құрылымы 

айқын  белгіленбеуіне  байланысты  оның  ұйымдары  өз  ара 

бәсекелесіп, берекесіз өндіріспен айналысады. 

Бұдан  әрі  Т.Рысқұлов  ХШОК-тың  жұмысын  жақсарту 

үшін қандай шараларды іске асыру қажеттілігіне тоқталады. 



76

Республикада  қанша  өндіріс  орны  бар,  оның  қаншасы 

мемлекеттік  өндіріс  орын  болып  табылады,  қаншасы 

толық,  не  жартылай  қуатпен  жұмыс  істейді?  Түркістан 

тұрғындарының  ұлттық  ерекшелігі  мен  ұлттық  құрамына 

негізделген  өндіріс  орындарын  дамытуға  күш  салу  қажет. 

Қолөнер,  жібек  пілләсін  өндіру,  ауыл  шаруашылығы  мен 

мал  шаруашылығы  өнімдерін  өңдейтін  жеңіл  өнеркәсіп 

орындарының  жұмысын  жандандыру  маңызды,  өйткені 

республика  тұрғындарының  орасан  көп  бөлігі  осы  салада 

еңбектенеді. Экономикалық ұйымдардың қызметі, дейді Т. 

Рысқұлов, артта қалған, қараңғы «мұсылман еңбекшілерін 

экономикалық  жағынан  біріктіруге»

236


  бағытталынуы 

тиіс.  Мемлекет  тарапынан  несие  беру  арқылы  жергілікті 

еңбекшілерді  қатынастыра  отырып  бүкіл  республиканы 

қамтитын  кооперативтер  жүйесін  ұйымдастыру  қажет,  ол 

өз  кезегінде  күнделікті  тұтыну  тауарларының  өндірілуін 

тездете шешкен болар еді

237



Т.Рысқұлов  нақты  мысалдарға  сүйеніп  Азық-түлік 



директориясы  мен  Азық-түлік  халық  комиссариатының 

қызметтеріндегі өрескел қателерді сынады. Бұл ұйымдардың 

бүкіл қызметі шовинистік саясатпен шырмалған, азық-түлікті 

бөлу ұлттық белгілеріне қарай жүргізіледі. Бұл ұйымдардың 

уездерде бөлімшелері жоқ, бары оның билігін мойындамайды. 

Халықтың  саны  туралы  нақты  деректердің  болмауы  бұл 

ұйымдардың қызметінде астыртын саудагершілікті өршітіп 

жіберген. Республика тұрғындарына қажетті азық-түліктің 

нақты  мөлшерін  анықтап,  бұл  ұйымдардың  жұмысын 

реттеп отыру үшін азық-түлікті бөлетін кооперативтер мен 

одақтар ұйымдастыру қажет. Негізінен орыс кулактары мен 

жергілікті халықтың арасындағы ауқатты адамдарға қарсы 

бағытталған астық монополиясы саясатын енгізу керек. Ал,  

қарапайым  халықтан  азық-түлікті  бұрынғы  тәртіппен  «не 

салық арқылы, не тонап  алатын  саясатқа тыйым салынуы 

тиіс»


238

.  Тұрғындар  өздерінде  бар  астықты  белгіленген 



 77

баға  бойынша  мемлекетке  сату  құқығына  ие  болу  керек. 

«Шаруаларды  белгіленген  мөлшерден  артық  тапсыруға 

міндеттейміз»

239

, – дейді Т. Рысқұлов. 



Мәжілісте  Т.Рысқұлов  республика  шаруашылығын 

қалпына  келтіріп,  өркендету  үшін  сыртқы  экономикалық 

байланыстардың  аса  маңыздылығына  ерекше  тоқталып 

өтті.  Бізге,  дейді  ол,  жоғарыда  аталған  шаралармен  қатар 

«Ауғанстан,  Персия,  Бұқара,  Қытай  және  т.б.  көршілес 

мемлекеттермен тығыз байланыс орнату қажет. Бұл төтенше 

маңызы  бар  экономикалық  міндет  және  оны  ХШОК  бұл 

мемлекеттермен  экономикалық  байланыс  орнату  арқылы 

шешуі керек»

240


Бұдан  әрі  Т.Рысқұлов  тағы  бір  экономикалық  ұйым 

–  Жер  шаруашылығы  халық  комиссариатының  қызметін 

талқыға  салды.  Ауыл  шаруашылығы  кооперативтері 

мен  бірлестіктерін  құруға  орасан  зор  мөлшерде  қаражат 

жұмсалғанына  қарамастан,  бұл  шаралардың  нәтижесі 

жоққа тән еді. «Мұнда, – дейді Т. Рысқұлов, – мемлекеттік 

егістік  туралы  мақтанышпен  айтады,  бірақ  оны  Жер 

шаруашылығы  комиссариаты  емес,  Аштықпен  күресетін 

Орталық  Комиссия  ұйымдастырғанын  ұмытып  кетеді»

241



Жер-су  мекемелерінде  ұрлық  пен  парақорлық  жайылған. 



Сондықтан да, бүгін баяндама жасаған үш комиссариаттың 

басшыларына  Т.Рысқұлов  «артық  кеңселік  қойыртпақ  пен 

түрліше  түкке  алғысыз  жоспарлар  жасаумен  айналысуды 

қойып»


242

,  нақты  іспен  шұғылдануға  міндеттеді.  Ал, 

аталған ұйымдардың қызметін ширату үшін Т. Рысқұловтың 

ұсынысы бойынша ХШОК жанынан экономикалық саясатты 

үйлестіруші  Өндіріс  комиссариаты  ұйымдастырылатын 

болып қаулы алынды.

Т. Рысқұловтың Азық-түлік директориясын қатаң сынға 

алуы өте орынды болатын. Жергілікті жерлерден Азық-түлік 

директориясының жүргізіп отырған шовинистік саясатына 

қарсы шағымданған хаттар Мұсбюро мен Т. Рысқұловтың 



78

атына  толассыз  түсіп  жатты.  Мысалы,  1919  жылы  12 

шілдеде  өткен  ескі  Ташкент  аудандық  кеңесінің  атқару 

комитетінің  мәжілісінде  Азық-түлік  директориясының 

азық-түлікті  тарту  бөлімінің  сорақы  іс-әрекеті  сыналды. 

Бұл  бөлім  сапалы  азық-түлікті  алдымен  қаланың  орыс 

тұрғындарына таратқан, ал қалғанының өзін тұрғындардың 

ұлттық  белгілерін  есепке  ала  отырып  түрліше  мөлшерде 

бөліп  берген.  Сондай-ақ,  бар  азық-түлікті  халықтың 

басым көпшілігін құраған мұсылмандарға емес, орыстарға 

үлестірген.  Өсімдік  майы  орыстар  үшін  жан  басына  3 

фунттан, ал мұсылмандар үшін 0,5 фунттан таратылған

243



Қалалық  атқару  комитетінің  республикасының  жоғарғы 



басшылығына жасаған шағымдарынан нәтиже шықпағаннан 

соң, олар көмек сұрап Мұсбюроға шағымданады. 

Бұл фактілер, бір жағынан, үкіметтің жергілікті халықтың 

жағдайымен  есептеспейтінін,  әлі  де  отарлық  санадан 

арыла  алмағанын  көрсете,  екінші  жағынан,  Мұсбюроның 

жергілікті халықтардың мұң-мұқтажын, құқығын қорғаушы 

ұйым  ретінде  қалың  халық  бұқарасының  көз  алдында 

саяси  беделінің  өсіп  келе  жатқанын  дәлелдейтін  еді.  Т. 

Рысқұловтың жігерлі қызметінің нәтижесінде Мұсбюроның 

саяси  беделінің  толассыз  өсіп  отырғанын  республика 

басшылығы  да  еріксіз  мойындай  бастайды.  Мысалы, 

Өлкелік партия комитетінің 1919 жылы шілдеде жергілікті 

партия  ұйымдарына  таратқан  хатында  былай  деп  атап 

көрсетілген: «мұсылман еңбекшілерінің мүддесіне қатысты 

кез  келген  мәселеде  Мұсбюро  бірден-бір  беделді  ұйым 

болып саналады және бұл мәселе бойынша оның пікірімен 

жергілікті партия комитеттері де, сондай-ақ кеңес өкіметінің 

мекемелері де санасуы керек»

244

.

Өлкелік партия комитетінің 1919 жылы 23 маусымдағы 



мәжілісінде Т. Рысқұловтың ұсынысы бойынша мұсылман 

зиялыларын  мемлекеттік  басқару  мекемелеріне  қызметке 

тарту  мәселесі  қаралады.  Мұсылман  зиялылары  арасынан 


 79

жоғары,  орта  және  төмен  білімі  бар  адамдарды  арнайы 

қызметке  шақыру  көзделді.  Аталған  адамдардың  өлкелік 

Мұсылман  Бюросына  келіп  тіркелуін  талап  еткен  арнайы 

бұйрық  шығаруды  Түрікаткомда  талқылау  Т.  Рысқұловқа 

жүктелді


245

1919  жылы  23  шілдеде  Түрікатком  төралқасы 



Т.Рысқұлов  даярлаған  өзінің  №  213-ші  бұйрығымен 

республиканың  барлық  жергілікті  кеңес  ұйымдарына 

орталықта да, жергілікті жерлерде де мұсылман өкілдерінен 

интеллектуалды  маман  қызметкерлер  даярлап,  оларды 

партия  және  кеңес  мекемелеріндегі  қызметке  жоспарлы 

түрде  қатынастыру  үшін  мұсылман  бұқарасы  арасындағы 

орыс  мектептерін  бітірген  барлық  жоғары,  орта  және 

төменгі  дәрежелі  білімі  бар  азаматтар  мен  мұсылманша 

жоғары және орта білімі бар азаматтардың және қоғамдық 

өмірдің  түрліше  салаларында  еңбек  етіп  жүрген  басқа  да 

интеллектуалды  мамандардың  тізімін  екі  аптаның  ішінде 

жасап, тапсыру міндетін жүктеді

246



1919 жылы қыркүйек айында Ташкент қаласында болып 



жатқан ТКП ІV съезі мен Түркістан кеңестерінің VІІІ съезі 

Мұсбюроның  үлкен  жеңісімен  аяқталды.  Съездерде  ұлт 

мәселесі  бойынша  көзқарастары  ымыраға  келмейтін  екі 

саяси ағымның, яғни өздерін «ескі коммунистер» атандырған 

орыс  большевиктерінің  шовинистік  пиғылдағы  тобы  мен 

Т.  Рысқұлов  бастаған  мұсылман  коммунистер  тобының 

арасында  ауыр  саяси  жағдай  қалыптасты.  Съездерде 

Түрікатком  төрағасы  А.Казаков,  Халық  Комиссарлар 

Кеңесінің  төрағасы  К.Сорокин,  Түрікатком  төрағасының 

орынбасары  К.Успенский  бастаған  шовинистік  топ 

Т.Рысқұловтың басшылығымен зор саяси беделге ие болған 

Мұсбюроны биліктен ығыстыруға жанталаса әрекеттенді

247



Бірақ олардың әрекетінен нәтиже шыққан жоқ. Кеңестердің 



VІІІ съезінің 1919 жылы 29 жылы қыркүйектегі қорытынды 

мәжілісінде  Түрікаткомның  жаңа  құрамы  сайланды. 



80

А.Казаков  пен  К.Успенский  шовинистік  пиғылдары 

үшін  орындарынан  алынып,  жаңа  төрағалық  қызметке 

И.Апин  сайланды

248

.  Т.Рысқұлов  Түрікатком  төрағасының 



бірінші  орынбасары  және  Түркістан  Республикасының 

Экономикалық Кеңесінің төрағасы болып бекітілді

249

.

ТКП ІV съезі мен кеңестердің VІІІ съезіндегі саяси жеңіс 



Мұсбюро қайраткерлеріне өз істеріне деген сенім ұялатып, 

күш-жігер  берді.  Мұсбюро  Орталық  Азиядағы  ең  беделді 

саяси ұйымға айналып, мұсылман халықтарға қатысты кез 

келген істе оның пікірі тыңдалатын болды. 

Т.Рысқұлов  мемлекеттік  басқару  мекемелерінде 

жергілікті халықтардың үлес салмағын арттыру үшін бұдан 

әрі де табанды күресті жалғастыра берді

250


, бірақ бұл оңайға 

түспеді.  Мысалы,  С.Асфендияровтың  кандидатурасын 

талқылау  барысында  қаншама  қажыр  жұмсауға  тура 

келді.  Денсаулық  сақтау  халық  комиссариатын  басқаруға 

С.Асфендияровтың  білімі  де,  қабілеті  де  сай  келіп 

отырғанына  қарамай-ақ,  орыс  коммунистері  бұл  орынға 

жергілікті  халық  өкілінің  өтіп  кетпеуі  үшін  жанталаса 

қарсылық  көрсетеді.  1919  жылы  16  қазанда  Өлкелік 

партия  комитетінің  мәжілісінде  осы  мәселе  бойынша 

туындаған өткір пікірталаста Т. Рысқұловтың: «Мұсылман 

Бюросы  Денсаулық  сақтау  халық  комиссарлығына 

жолдас  Асфендияровтың  кандидатурасын  ұсынады,  бұған 

Түрікатком  өз  келісімін  берді.  Денсаулық  сақтау  халық 

комиссары  мұсылман  болуы  керек,  тек  сондай  адам  ғана 

жергілікті    халық  үшін   көп  нәрсе  істей алады»

251


, – деп табанды 

талап етуімен мәжіліс: «Денсаулық сақтау халық комиссары 

болып  С.Асфендияровтың  кандидатурасы  бекітілсін»

252


,  – 

деген  қаулы  қабылданды.  Ал,  18  қазанда  Түрікаткомның 

С.Асфендияровты Түркістан Республикасының Денсаулық 

сақтау  халық  комиссары  етіп  бекіткен  арнайы  бұйрығы 

жарияланды.  Мұсбюроның  1919  жылғы  20  қазандағы 

мәжілісінде  Т.Рысқұлов  Б.Шагабудиновты  Түркістан 



 81

әскерлерінің  бас  қолбасшысының  көмекшісі  қызметіне 

ұсынады

253


.  Түрікатком  атына  Мұсбюроның  осы  шешімін 

аяқсыз  қалдырмай,  бекіту  туралы  өтініш  жіберілді

254



Түрікатком  төралқасы  22  қазанда  Мұсбюроның  өтінішін 



қанағаттандырып,  Б.Шагабудиновты  аталған  қызметке 

тағайындайды

255

.

Т.Рысқұлов  республикада  іске  асырылып  жатқан 



экономикалық  саясаттың  барысына  жіті  назар  аударып, 

бұл  саясаттың  жергілікті  халықтардың  мүддесіне  орай 

жүргізілуі үшін ықпал жасап отырды. 1919 жылдың күзде 

республикасының экономикалық жағдайы аса ауыр болатын. 

Түрікатком  басшылары  И.Апин  мен  Т.Рысқұловтың 

қалыптасқан  жағдайға  жан-жақты  талдау  жасап  халыққа 

таратқан  үндеуінде,  дүние  жүзілік  империалистік  соғыс 

және  одан  бергі  дүрбелең  саяси  оқиғалардың  салдары 

республикасының  экономикалық  жағдайына  орасан  зор 

шығын  әкелгені,  ал  қазір  республикасының:  «қаржы-

экономикалық жағдайы өте ауыр халге жетіп, бүкіл халық 

шаруашылығының  негізгі  шайқалғаны»

256

  атап  көрсетілді. 



Саяси  және  революциялық  күрес,  армия  құру  ісі  мен 

кадр  даярлау  мәселесі  барынша  қиындап  бара  жатыр, 

бұған  негізгі  себеп  республиканың  қаржы  жағдайының 

дағдарысқа  ұшырауы  болып  табылады.  Нақты  ақшамен 

қамтамасыз етіп отырған Орталықпен байланыстың болмауы 

республикада  ақша  айналымын  толығымен  күйретті.  Бір 

жақты  дамыған  экономикасы  бар  және  ешкіммен  сауда 

жасауға мүмкіндігі жоқ республикада қолда бар тауар мен 

азық-түлік  қоры  таусылып,  орнына  жалпы  мемлекеттік 

ақша  мен  республикалық  несие  билеттерінің  мол  қоры 

пайда болды. Тауар мен ақша айналымының болмауы, дейді 

үндеуде,  мол  ақша  қорының:  «жеке  адамдардың  қолында 

мақсатсыз сақталып отыруына жеткізді, ал бұл уақытта ақша 

станогы оны үсті-үстіне басып шығаруда»

257

. Сондықтан да, 



Түрікатком  халықтан  өз  қолдарында  бар  барлық  ақшаны 

82

халық банкіне өткізуді сұрайды және бұл жағдайдың жеке 

адамның  мүддесіне  кесір  келтірмейтінін,  керек  кезінде 

қайта  алу  мүмкіндігінің  сақталатындығы  ескертілді.  Бұл 

саясат  мемлекеттік  ақша  айналымын  жандандырып,  басы 

артық  ақшаның  рыноктан  алынуына  және  жаңа  ақша 

сомаларының басылмауына септігін тигізді.

1919 жылы күзде республикасының ішкі саяси жағдайы 

тіпті асқына түсті. ТКП мен Түрікаткомның, комиссариаттар 

мен түрліше үкімет мекемелерінің құрамындағы еуропалық 

және  жергілікті  қызметкерлердің  ортасында  идеялық-

ұйымдық  бірлік  болмады.  Ымыраға  келе  алмаған  екі 

саяси  топтың  арасындағы  шиеленіс  негізінен  ұлт  саясаты 

төңірегінде  өрістеді.  Мұсылман  интеллигенциясының 

көш  басында  Т.  Рысқұлов  пен  Мұсбюро  тұрды. 

Мұсбюроның  қолдауымен  қалыптасқан  саяси  жағдайға 

ықпал ету үшін жүргізілген саясат Т. Рысқұловтың есіміне 

байланысты  «рысқұловшылдық»  деген  айдарға  ие  болды. 

«Рысқұловшылдық,  –  дейді  В.  Куйбышев,  –  бұл  кеңес 

өкіметінің  Түркістанда  жүргізген  ұлт  саясатына  қарсы 

салмақ. Олардың негізгі талабы – Түркістанда тұрып жатқан 

барлық ұлттарға теңдей қатынас орнату. Бұл талап орнаған 

саясатқа  қайшы  келді  де,  партия  ішінде  өткір  алауыздық 

туғызды. Кеңестердің VIII съезінен соң «рысқұловшылдық» 

бұл  күрестен  жеңімпаз  болып  шықты»

258


.  Т.  Рысқұлов 

бастаған  мұсылман  зиялылары  өздерінің  алдарына  

«еуропалық отаршылдардың езгісінен құтылу және ұлттың 

өзін-өзі билеуіне жету»

259

 мақсатын қойды. Республиканың 



өз  ішіндегі  саяси  күресте  жеңіп  шыққан  Мұсбюро  келесі 

кедергіге,  яғни  Кремльдің  Түркістанда  саяси  миссиясын 

жүзеге  асыру  жүктелген,  Мәскеуден  Түркістанға  арнайы 

жіберілген эмиссарлық орган – Түріккомиссияға килікті.

Кремль  Орталық  Азиядағы  саяси  оқиғалар  барысына 

бақылау  жасап  отырды.  Түркістанның  саяси  өмірінде 

үлкен  өзгерістердің,  яғни  бір  жағына,  жергілікті  орыс 


 83

большевиктерінің биліктен ығыстырылып, екінші жағынан, 

жергілікті  мұсылман  қайраткерлерінің  өсе  түскен  саяси 

беделдері арқылы біртіндеп мемлекеттік басқару жүйесінің 

шешуші тұтқаларына ие бола бастағанын Кремль басшылары 

мұндай өзгерістерден қатты қауіптенеді. Орталық Азияның 

саяси  тізгінінен  айырылып  қалудан  сескенді.  Ұлттардың 

өзін  өзі  билеуі  туралы  ұранның  астарында  ұлы  орыстық, 

шовинистік  саясат  бой  көрсетіп  келе  жатты.  БОАК  пен 

РКФСР  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  Түркістан  ісі 

бойынша құрған комиссиясы – Түріккомиссия осы саясатты 

іске асыруға міндетті болатын. Түріккомиссия 1919 жылы 

8 қазанда В.И. Ленин қол қойған қаулыға сәйкес құрылып, 

оның құрамына: Ш.З. Элиава (төрағасы), М.В. Фрунзе, В.В. 

Куйбышев,  Ф.И.  Голощекин  және  Я.Э.  Рудзутак  сынды 

мүшелер кірді

260

. Түріккомиссияға жүктелген міндеттердің 



ең  бастысы  –  Орталық  Азияға  коммунизм  принциптерін 

енгізу болатын. 1919 жылы 4 қарашада Түріккомиссияның 

М.В.  Фрунзеден  басқа  мүшелері  Ташкентке  келеді  де, 

республикасының  саяси  өміріне  белсене  араласа  бастады. 

Қысқа  уақыттың  ішінде-ақ,  Түріккомиссия  Түркістан 

майданының  қолдауына  сүйене  отырып  республикадағы 

саяси-мемлекеттік билікті өз қолдарына жинап алды. Ендігі 

жерде  Түріккомиссиясыз  бірде-бір  мәселе  шешілмейтін 

болды.  Түріккомиссия  өлкенің  тарихи,  қоғамдық,  саяси-

әлеуметтік, экономикалық, мәдени-тұрмыстық жағдайымен 

есептеспей, ішкі Ресейде іске асырылып жатқан коммунистік 

шараларды  мұнда  да  күштеп  енгізуге,  жергілікті  халықты 

таптық жеңіліске түсіріп, тап аралық күресті тұтандыруға, 

бірақ ұлт бостандығы, ұлттың өзін-өзі билеуі мәселесінде 

бірде-бір қадам жасамауға тырысты. 

1919  жылғы  22  қараша  –  3  желтоқсан  аралығында 

Мәскеуде  өткен  Шығыс  халықтары  коммунистік 

ұйымдарының  ІІ  Бүкілресейлік  съезінде  татар  халқының 

көрнекті  саяси  қайраткері  М.Х.  Сұлтан-Ғалиев  Шығыс 


84

халықтарына  қатысты  РКП  (б)  Орталық  Комитетінің 

осындай  солақай  саясатын  сынай  келіп  былай  деп  ашына 

атап  көрсетті:  «Біз  Шығысқа  коммунизм  ала  бармауымыз 

керек.  Егер  біз  Шығысқа  коммунизммен  барсақ,  онда 

Шығыс бізді кері итеріп тастайды, өйткені Шығыста бізге 

үйреткен коммунизмнің үлгісіне орын жоқ»

261


. Бұл Орталық 

Азияның жергілікті коммунистерінің ойымен астарлас пікір 

болатын. 

Түріккомиссияның шақыруымен Ресейден партия-кеңес 

қызметкерлері ағылып келе бастады. Мысалы, 1919 жылы 

қараша  айында  Түріккомиссиямен  ілесіп  Ташкентке  117 

партия-кеңес қызметкері келген болса, ал желтоқсан айында 

150  адам  шақырылды

262

.  Барлық  келген  қызметкерлерге 



республиканың түрліше мекемелеріндегі басшылық орындар 

босатылып  берілді.  Бұлардың  басым  көпшілігі  бұрын  бұл 

өлкеде болмаған, оның тарихымен, тілімен таныстығы жоқ, 

бұйрықты орындаушы кеңсе қызметкерлері еді. Бұл онсыз 

да қайшылықты жағдайды одан әрі асқындыра түсті. 

Түріккомиссияның  шовинистік  саясатына  Мұсбюро 

қайраткерлері  жалпытүркілік  идеямен  жауап  берді. 

Мұсбюро Республикасында өмір сүріп жатқан халықтарды 

түркі идеясына біріктіру, осы арқылы республиканы түркі 

халықтарының республикасына айналдыру, не республиканы 

мекендеуші  түркі  тілдес  халықтардың  жеке-жеке  ұлттық 

республикаларын құра отырып, оларды түркі халықтарының 

конфедерациясына біріктіру идеясы көтерілді. Екі бағытта 

да  қаурыт  жұмыс  өрістетілді.  Мұсбюроның  талап  етуімен 

1919  жылы  қараша  айында  республикасының  Ұлт  істері 

жөніндегі халық комиссариатының құрылымындағы өзбек, 

түрікмен,  қазақ,  қырғыз  және  т.б.  мұсылман  бөлімдері 

жойылып, орнына біртұтас түркі бөлімі ұйымдастырылды

263



1919  жылы  25  қарашада  өткен  Өлкелік  партия 



комитетінің  пленарлық  мәжілісінде  Т.Рысқұлов  көшпелі 

қазақ халқы туралы арнайы баяндама жасады. Баяндамада 



 85

Т. Рысқұлов Мұсбюроның екінші тактикалық бағытын іске 

асырудың жолдарын аса сақтықпен атап көрсетеді, бұл жеке 

түркі халықтарын өзінің ұлттық республикасына біріктіру 

идеясы  болатын,  бірақ  одан  кейінгі  шара,  яғни  түркі 

конфедерациясы туралы идея әлі де жасырын қалдырылды. 

Таяу күндерде шақырылуы тиіс жалпы қазақ съезі туралы 

қысқаша  түсініктеме  бере  келіп,  Т.  Рысқұлов  былай 

дейді:  «Түркістандық  қазақтардың  Қазақ  Республикасына 

бірігуі  туралы  мәселе  қаралды,  өйткені  Орталық  бұл 

республика туралы декрет жариялады. Шақырылған съезд 

жалпыхалықтық  сипатта  өтеді,  таптарға  бөлу  болмайды, 

өйткені  көшпелі  қазақ  тұрғындары  арасында  бұл  жіктеліс 

қазірше  байқалмай  отыр.  Түркістандық  қазақтардың 

Қазақ Республикасына бірігуі туралы мәселе өлкелік түркі 

ұйымдарының  мәжілісінде  талқыланып,  қанағаттанарлық 

тұрғыда шешілді. Бұл мәселеде, біріншіден, қазақ халқының 

өткен тарихи кезеңі, екіншіден, барлық қазақтардың мәдени 

байланыстылығы еске алынды. Қазақтардың Түркістанның 

отырықшы  халқымен  экономикалық  байланыстарына 

сілтеме  жасаған  қарсы  пікірлер  де  болды,  бірақ  бұл 

байланыс үзуге болмайтындай дәрежеде күшті емес. Біздің 

міндетіміз  ұлттардың  өзін-өзі  билеуіне  қолғабыс  көрсету 

деп ойлаймын. Тек ұлттың өзі ғана өз жағдайын жақсарту 

үшін барлық шараларды белгілеуге және қазір орын алып 

отырған жантүршігерлік қырылуды тоқтатуға қабілетті»

264



Қазақ жерлерін біріктіру мәселесі бойынша 1919 жылы 



қарашада Т. Рысқұлов Орынборға хат жолдайды. Далалық 

қырғыз  (қазақ)  өлкесінің  Революциялық-әскери  кеңесінің 

мүшесі  Ә.  Жангелдин  Т.  Рысқұловтың  атына  жолдаған 

жауап  жеделхатында:  «Сіздің  хатыңызды  алдым,  өлкені 

біріктіру мақсатында шаралар атқарылатын болды»

265


, – деп 

хабарлаған. 

Т.Рысқұлов  Ташкент  қаласында  шығатын  «Известия» 

газетінің  1919  жылғы  25  желтоқсандағы  санындағы 



86

«Жалпықазақ съезінің ашылуына орай» атты мақаласында 

бұл мәселеге тағы да оралып, Түркістан құрамындағы қазақ 

тұрғындары  мекендейтін  Сырдария  облысын  (Әмудария 

бөлімшесін  қоса),  Жызақ  уезінің  бір  бөлігін  және  Жетісу 

облысын  түгелімнен  Қазақстанның  құрамына  қосуды 

жақтайды, бірақ біріккен  қазақ жерлерінің астанасы ретінде 

Ташкент қаласын белгілеуді үзілді-кесілді талап етеді

266



Сонымен,  біз  Т.Рысқұловтың  саясатынан  екі  



мақсаттағы  іс-әрекетті  көреміз,  олардың  алғашқысы, 

ұлт  өкілдері  мекендейтін  аймақтарды  біріктіру  арқылы 

ұлт  республикаларын  құру  бағыты  болса,  ал  екіншісі 

Түркістанның  жергілікті  түркі  халықтарын  ұлттық 

белгілеріне қарамай-ақ біртұтас түркі мемлекетіне біріктіру 

бағыты. Қазақстанның астанасы ретінде Түркістан өлкесінің 

орталығында орналасқан Ташкент қаласының ұсынылуы да 

осы екінші мақсатқа бағындырылған іс-әрекет болатын.

Түріккомиссия  Мұсбюро  көтерген  «Тұтас  Түркістан» 

идеясынан  қатты  қауіптенді.  Өлкелік  партия  комитетінің 

1919  жылғы  18  қарашадағы  мәжілісінде  Түріккомиссия 

Мұсбюроны  таратып  жіберуге  әрекеттенеді.  Т.  Рысқұлов 

Мұсбюроның  жергілікті  мұсылман  халқының  құқығын 

қорғаушы бірден-бір ұйым екенін, Мұсбюроның таратылуы 

үшін осы ұйымдардың барлығының өкілдері қатынасатын 

арнайы  мәжіліс  қажет  болатынын  айтып  қарсы  шықты

267



«Түркістанда кеңес өкіметінің өмір сүріп отырғанына 2 жыл 



болды,  –  дейді  Т.  Рысқұлов,  -  бірақ  бұл  өкімет  мұсылман 

еңбекшілеріне  қатысты  не  бітірді,  бұл  өкімет  тарапынан 

(мұсылмандарға)  қандай  қатынас  болды,  мен  бұл  туралы 

айтылуы  тиіс  деп  санаймын.  Біз  бұл  мәселе  бойынша 

өзіміздің  (партиялық)  бағдарламамыздың  бірде-бір  бабын 

орындамадық,  іс  жүзінде  ештеңені  жүзеге  асырмадық»

268



Мұсылман  бұқарасы  тонау  мен  жәбірлеу  объектісі  болып 



қала  берді,  ал  орыс  большевиктері  соңғы  партия  съезінде 

өздерінің шовинистік пиғылдарын айқын көрсетті. «Әрине, 



 87

мұндай  жағдайдан  соң  тіпті  мен  сияқты  идеяға  берілген 

коммунистің  өзінде  орыс  коммунистеріне  сенімсіздік 

пайда болған болса, онда мұсылман еңбекшілерінің қалған 

бөлігі  туралы  не  айтуға  болады»

269


,  –  дейді  Т.  Рысқұлов. 

Мұсбюроның мұсылман бұқарасының мүддесін қорғаушы 

ұйым  ретінде  бұдан  әрі  де  өмір  сүруі  қажет.  Себебі, 

Мұсбюрода жұрт өз ана тілінде сөйлеп, іс қағаздары түркі 

тілдерінде  жүргізіледі  және  мұнда  Түркістан  халқының 

ұлттық  және  тұрмыстық  жағдайларының  ерекшелігі 

басшылыққа алынады. Сондықтан да, орын алып отырған 

кемшіліктер  жойылмайынша  Мұсбюроны  тарату  дұрыс 

емес, өйткені Мұсбюро мұсылман қауымы алдында бірден-

бір беделге ие болып отырған ұйым

270

.

1919 жылы желтоқсан айында республикасының ішкі саяси 



жағдайы қатты асқына түсті. Мұсбюро ТКП құрамындағы 

мұсылман мүшелерін біріктірген секция дәрежесінен бірте-

бірте мемлекеттік құрылымға айнала бастады. Мұсбюроның 

өсе түскен саяси беделінен шошынған шовинистік топтар 

арандатушылық  әрекеттерге  көшті.  Олар  Мұсбюроның 

Т.Рысқұловтың ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында 

осындай  дәрежеге  көтеріліп  отырғанын  жақсы  білетін 

еді  және  сондықтан  да  негізгі  арандатушылық  іс-әрекет 

Т.Рысқұловтың саяси беделін түсіру мақсатына бағытталды. 

Өлкелік  партия  комитетінің  мен  Түркістан  майданы 

Революциялық-әскери  кеңесінің  шовинистік  пиғылдағы 

басшылары  Түріккомиссия  мүшелерімен  ымыраласа 

отырып,  Төтенше  Коммисиясы  (ТуркЧека)  мен  Ерекше 

бөлімнің  агенттерінің  жалған  мәліметтеріне  сүйеніп 

Т.Рысқұловтың үстінен қылмысты іс қозғауға әрекеттенген 

құпия қаулы қабылдайды. 

Құпия қаулы қабылдаған мәжіліске бірде-бір мұсылман 

өкілі  шақырылмады,  бірақ  Мұсбюро  олардың  пиғылын 

тез  арада  әшкере  етеді.  1919  жылы  30  желтоқсанда 

Мұсбюроның, 

Ташкент 

қалалық 


мұсбюросының, 

88

аудандық  мұсбюроның,  ескі  Ташкент  қалалық  партия 

комитетінің, уездік партия комитетінің және т.б. мұсылман 

коммунистерінің  Ташкенттегі  татар  әскери  бригадасының 

басшыларымен  қосылып  өткізген  мәжілісі,  Мұсбюро 

төрағасы  және  Түрікатком  төрағасының  орынбасары 

Т.Рысқұловтың  үстінен  құпия  түрде  ұйымдастырылған 

қаулы  мен  оның  жасырын  түрде  сотқа  берілуі  туралы 

істі  талқылады

271


.  Шовинистік  топтардың  іс-әрекеттері 

мұсылман  қайраткерлерінің  ашу-ызасын  туғызды.  Барлық 

мәселені  талқылай  келе  қабылданған  мәжіліс  қаулысында 

былай деп атап көрсетілді: 

–  Рысқұловқа  қарсы  ашылған  іс  сырттай  бір  адамның 

ісі  сияқты  көрінгенімен,  оның  шын  мәнінде  өте  терең 

тамыры бар. Бұл тамыр Түркістанда өмір сүріп отырған екі 

саяси  ағымның,  бір  жағынан,  өз  құқықтары  үшін  күресіп 

жатқан  мұсылман  бұқарасының  және  екінші  жағынан, 

әскери күшке сүйеніп қысым көрсету арқылы, мемлекеттік 

экономикалық  органдарын  өз  қолдарына  ұстау  арқылы, 

транспортты ұстап тұру арқылы, төтенше органдардың тап 

күресін сылтауратып, түрліше арандатушылық іс-әрекеттер 

жасауы  арқылы  және  мұсылман  еңбекшілері  арасынан 

шыққан саяси қайраткерлерге күйе жағу арқылы өздерінің 

бұрынғы  үстемдігін  қайткен  күнде  де  сақтап  қалуға 

тырысып отырған орыс шовинистерінің арасындағы күрес 

қайшылығында  жатыр.  Шовинистік  топтың  орталығы  – 

Төтенше комиссия (ТуркЧЕКА). Бұл комиссия арандатушы 

пиғылдағы өздерінің жансыздары арқылы Ерекше бөлімді 

«өте  сенімді»  материалдармен  қамтамасыз  етіп  отырады, 

ал  Ерекше  бөлім  бұл  материалдардың  мәніне  бармай-ақ, 

қуанғанынан жазалау жұмыстарына жең түре кіріседі. Ал, Т. 

Рысқұлов болса қазіргі таңда өзінің тең құқықта өмір сүруі 

үшін  күресіп  жатқан  жергілікті  халықтардың  жетекшісі 

болып табылады

272



 89

Келешекте 

мұсылман 

қайраткерлерін 

осындай 

арандатушылықтардан  сақтандыру  мақсатында  және 

«орыс  жұмысшы  табының  шынайы  өкілдерінен  тұтас  бір 

халықтың  өмір  сүруге  құқығы  бар  ма»

273

  деп  сұрау  үшін 



бірлескен  мәжіліс  ТКП,  Түрікатком  және  Түріккомиссия 

алдына мынандай талаптар қояды: 

–  Түрікатком  төралқасынан  Т.Рысқұловты  барлық 

жауапты  қызметінен  алып  тастау  туралы  құпия  қаулының 

көшірмесінің  Мұсбюроға  берілуін  және  қаулының 

Түрікатком  пленумысыз  қабылдану  себебін  түсіндіруін 

талап ету;

–  Мәселені  тексеру  үшін  Түріккомиссия,  ТКП  мен 

Мұсбюро өкілдерінен арнайы комиссия тағайындау;

–  Т.Рысқұловты  Мұсбюро  мен  Түрікаткомның 

рұқсатынсыз  сотқа  беру  туралы  (осы  арқылы  оның 

есіміне  кір  келтіру  мақсатында)  әрекеттенген  Түркістан 

майданының  Ерекше  бөлімінің  тыңшыларын  заңсыз  іс-

әрекеттері үшін жауапқа тарту;

–  Ерекше  бөлімнің  бастығын  Мұсбюро  ұсынған 

кандидатпен тез арада алмастыру;

– Төтенше комиссияның құрамын тез арада қайта сайлау;

–  Жергілікті  төтенше  комиссиялар  мен  ерекше 

бөлімдердің  барлық  басшыларын,  не  орынбасарларын 

мұсылман өкілдерінен тағайындау;

–  Үкімет  мекемелерінің  кез  келген  шешімін  мұсылман 

өкілдерінің келісімі берілген жерде ғана заңды деп санау;

–  Мұсбюро  мен  жергілікті  мұсбюро  бөлімдерінің 

келісімінсіз сайланбалы орындардағы мұсылман өкілдерін 

заңсыз тұтқындауға тыйым салу

274


;

Мұсбюро  егер  осы  талаптар  орындалмаған  жағдайда 

мұсылман  қайраткерлеріне  барлық  жұмысты  еуропалық 

қызметкерлерге  қалдырып,  мемлекеттік  мекемелердегі 

қызметтерін тастап шығу туралы бұйрық беретінін, өйткені 

қалыптасқан  жағдайда  мұсылман  өкілдері  үкіметтің  іс-



90

әрекеті үшін жауапкершілікті өз мойнына ала алмайтынын 

ескертті.

Т. Рысқұловқа қарсы ұйымдастырылған арандатушылық 

іс-әрекеттер толық күйреді. Бұл Т. Рысқұлов пен Мұсюроның 

ірі саяси жеңісі болатын. 

Еуропалық 

және 


мұсылман 

коммунистерінің 

арақатынасының  уақыт  өткен  сайын  шиеленісе  түсуі 

Т.Рысқұловты  осы  арақатынастың  принципті  мәселелері 

бойынша еуропалық және мұсылман коммунистерінің саяси 

көзқарастарын  нақты  айқындап  алу  керек  деген  шешімге 

итермеледі.  Негізгі  қайшылық  ұлт  мәселесі  төңірегіндегі 

қалыптасқан  еді,  ал  бұл  мәселе  шешілмеген  жерде 

бірлескен  іс-қимыл  жасауға  деген  ниет  тұйыққа  тіреліп 

отыратын. Т. Рысқұловтың ұсынысымен ұйымдастырылған 

Түріккомиссия, ТКП, Түрікатком төралқасы, Мұсбюро және 

шет  ел  коммунистерінің  Орталық  Комитетінің  мүшелері 

қатысқан  1920  жылғы  қаңтардың  басындағы  бірлескен 

мәжілісте  республикада  қалыптасқан  саяси  жағдайы 

талқыланды. Мәжілісте Т. Рысқұлов ұлт мәселе бойынша өзі 

әзірлеген тезистерді жариялайды. Т. Рысқұлов РКП(б)-ның 

ұлт мәселесіне қатысты бағдарламасында тұжырымдалған 

негізгі  қағидаларға  сүйеніп,  мынадай  қорытындылар 

жасаған: 

-  Түркістан  мұсылмандарының  өздерінің  өмір  салты 

мен этнографиялық белгілері жағынан алғанда Шығыстың 

басқа мұсылмандарынан ешқандай айырмашылығы жоқ;

- Патша өкіметінің отарлау саясаты, салық пен тәркілеу 

арқылы  коммунизм  орнатпақ  болған  большевиктік  саясат 

мұсылман бұқарасының үстем ұлт өкілдеріне, тіпті олардың 

еңбекшілеріне деген сенімсіздігін жоя алмады;

-  Коммунистік  партия  біртұтас,  бірақ  бұл  партияның 

қандай  елде,  қандай  ұлт  ортасында  жұмыс  жасайтынына 

қарап оның іс-әрекет тәсілдері түрліше болуы мүмкін;


 91

-  Отарланған,  езілген  Түркістан  мұсылмандарының 

арасында фабрика-зауыт пролетариаты жоқ, сондықтан да 

белгілі бір дәрежеде қалыптасып үлгерген капиталистік тап 

жоқ десе де болады, міне бұл жағдай мұсылмандардың бір 

бөлігінің  (яғни  еңбекшілерінің)  екінші  бөлігінің  үстінен 

жүргізілетін пролетариаттық диктатурасының қажеттілігіне 

күмән туғызады;

-  Осындай  объективті  жағдайдың  әсерінен  мұсылман 

коммунистерінде  мынадай  екі  түрлі  көзқарастың: 

біріншіден,  біртұтас  Коммунистік  партия  мүшесінің 

көзқарасы,  екіншіден,  мұсылман  еңбекшілері  өкілінің 

көзқарасы болуы табиғи нәрсе;

-  Түркістанда  саяси  билік  басына  келген  үкімет  пен 

партияның  осы  жағдайларды  ескермей  қабылдаған 

шешімдері  мен  қаулылары  тұрғындардың  тек  еуропалық 

бөлігін  ғана  қамтыды  да,  негізгі  көпшілік  –  мұсылман 

бұқарасы назардан тыс қалды

275

.

Т. Рысқұлов қалыптасқан жағдайда істі бұдан әрі қарай 



қалай ұйымдастыру қажеттігі туралы да өз пікірін білдіреді:

-  егер  езілген  ұлт  еңбекшілері  кеңес  өкіметінің 

платформасында  тұрған  болса,  онда  олардың  мемлекеттік 

өмірдің  саяси,  экономикалық  салаларында  өздеріне  тән 

ұлттық ерекшеліктерімен көрінуіне кедергі келтірілмесін;

-  мұсылман  еңбекшілерінің  мүддесін  қорғап  отырған 

Мұсбюро  мұсылмандар  мен  еуропалықтардың  саяси-

әлеуметтік және экономикалық жағдайлары теңелгенше өз 

қызметін атқаруға тиіс

276


.

Түріккомиссия  бұл  талаптармен  есептеспей,  Орталық 

Азияның  саяси-экономикалық  тізгінің  өз  қолынан 

шығармауға тырысты

277

. Түріккомиссия Түрікаткомды, яғни 



республикадағы ең жоғары сайланбалы заң шығарушы және 

атқарушы органды өзіне бағынуды талап етті

278

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет