«Ғылыми қазына» Қазақстан республикасы білім жәНЕ


IІІ ТАРАУ.  ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ӨКІЛЕТТІ ӨКІЛІ



Pdf көрінісі
бет6/25
Дата29.01.2017
өлшемі2,28 Mb.
#2952
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
IІІ ТАРАУ

ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ӨКІЛЕТТІ ӨКІЛІ

1920  жылы  жазда  Мұсбюро  қайраткерлері  саясаттан 

ығыстырылып

376


,  Кремльдің  шешімімен  Т.Рысқұлов 

Орталық  Азияның  өкілі  ретінде  Мәскеуге  қызметке 

ауыстырылды. 

Түріккомиссияның  басшылығымен  1920  жылы  күзде 

айларында өткен ТКП V съезі Түркістанда ұлттық теңдік, 

егемендік, әлеуметтік әділеттілік туралы идеялардың қатты 

жеңіліс тапқанын көрсетті. Бұл идеялардың салтанат құруы 

үшін  жан  аямай  күрескен  Т.Рысқұлов  бастаған  топтың 

барлық  мүшесі  саяси  сенімсіз  адамдар  ретінде  қуғын-

сүргінге  ұшыратылды,  тіпті  олардың  туған-туысқандары 

да  түрліше  жазаларға  тартылды.  Түріккомиссияның 

нұсқауымен  Городецкий  деген  тергеуші  Т.Рысқұловтың 

үйіне тінту жүргізеді

377


.

Азамат  соғысының  негізгі  шайқастары  аяқталып, 

Батыстың ірі капиталистік елдерінде болатын социалистік 

революцияларға  деген  сенім  біртіндеп  сөне  бастаған  бұл 

уақытта  РКП (б) Орталық Комитеті Батыстың капиталистік 

елдерінің  отары  болып  отырған  Шығыс  елдеріндегі  ұлт-

азаттық  қозғалыстарына  көңіл  бөліп,  үміт  арта  бастаған 

еді.  1920  жылы  жазда  Мәскеуде  аяқталған  Коминтерінің 

ІІ  конгресі  Шығыс  халықтарының  І  съезін  1920  жылы 

қыркүйек  айында  Баку  қаласында  өткізу  туралы  шешім 

шығарады

378


.

Шығыс 


халықтарының 

І 

съезіне 



Түркістан 

делегациясының  құрамында  Т.Рысқұлов  та  қатынасады. 

«Тұтас Түркістан» концепциясы үшін Орталық Азияда қызмет 

ету  құқығынан  айырылған  Т.Рысқұловтың  идеяларынан 

қорыққан  Түріккомиссия  мүшесі  В.В.  Куйбышев  Шығыс 


134

халықтарының  І  съезін  ұйымдастырушылардың  бірі 

Е.Д.Стасоваға былай деп хат жазады: 

«Менің және жалпы Түріккомиссияның Сізде мынандай 

өтініші бар. Шығыс халықтарының съезіне Түрікаткомның 

бұрынғы төрағасы жолдас Рысқұлов кетіп барады, ол өзінің 

құлатылғаны  үшін  бізге  кінә  артуға  әрекеттенуі  мүмкін. 

Кезінде  өте  маңызды  рөл  атқарған,  ал  соңғы  кезде  кеңес 

өкіметі  мен  еңбекшілер  арасындағы  түйінге  айналған 

мұсылман  интеллигенциясының  қамалын  қирату  бізге  өте 

қиынға  түсті.  Мұсылман  партиялық  интеллигенциясының 

осы  бөлігінің  басында  Рысқұлов  тұрды.  Рысқұлов  сирек 

кездесетін тұлға. Бірақ қазір ол өзінің ақыл-ойымен біздің 

Шығыстығы саясатымыз үшін өте қауіпті. Сондықтан  да, 

оның  Орталық  Комитет  қарамағына  баруын  қажет  деп 

санаймыз»

379

.

Т.Рысқұлов  Баку  қаласына  Түркістан  делегациясы 



үшін  арнайы  жабдықталған  пойызбен  аттанады.  Пойыз 

Орта  Азия  темір  жолымен  Закаспий  облысын  (қазіргі 

Түркіменстан  жерін)  көктей  өтіп,  делегация  мүшелерін 

Каспий  жағалауына  жеткізеді.  Делегация  Каспий  арқылы 

кемемен өтіп, Баку қаласына жетеді. 

РКП (б) Орталық Комитетімен келісе алмай жау жағына 

өткен башқұрт халқының ірі саяси қайраткері А.З. Уәлиди 

1969 жылы Стамбулда жарияланған естелігінде 1920 жылы 

29 тамызда Ашхабад қаласының батысындағы шағын Бами 

бекетінде өзінің Бакуге кетіп бара жатқан Т. Рысқұловпен 

құпия  жағдайда  кездескені  туралы  жазады

380


.  А.З.  Уәлиди 

осы  келісім  бойынша  съезд  уақытында  Баку  қаласында 

Т.Рысқұловпен құпия кездесіп тұрғандарын мәлімдейді

381


.  

1920  жылы  5  қыркүйекте  Т.  Рысқұлов  РКФСР  Ұлт 

істері жөніндегі халық комиссариатының коллегия мүшесі 

М.Павловичтың  (Вельтман)  баяндамасын  талқылауға 

байланысты сөз сөйледі

382


.

 135

  Шығыс  халықтарының  І  съезінде  Т.Рысқұловтың 

беделі  жоғары  болды,  яғни  2  мыңнан  аса  делегаттардың 

басым  көпшілігі  коммунистер  және  коммунистік 

бағытты  жақтаушылар  болса,  Т.Рысқұлов  коммунистік 

фракциясының  жұмысына  жетекшілік  етіп

383

,  артынан 



төрағалықты  Мәскеуден  кешігіп  келген  Г.Е.Зиновьевке 

тапсырады. 

Шығыс  халықтарының  І  съезі  өтіп  жатқан  уақытта 

Т.Рысқұловтың ұйымдастыруымен Кавказ, Түркістан, Сібір, 

Моңғолия, Тибет, Персия және Үндістан делегацияларының 

өкілдері  өзара  бас  қосып  Кеңестік  Ресейдің  Шығыс 

халықтарына  қатысты  жүргізіп  отырған  саясатын  сынға 

алады.  Бұл  саясаттың  бар  қыр-сырын  талқыға  салғаннан 

кейін олар өз пікірлерін білдіріп В.И. Ленинге хат жазады. 

Хат  тезис  түрінде  жазылған,  хаттың  соңында  аталған 

делегациялардың  23  мүшесінің  қолы  бар,  ал  Түркістан 

атынан қол қойған адам – Т. Рысқұлов. Хатпен В.И. Ленин 

тікелей танысып шыққан. 

В.И.  Ленинге  ұсынылған  хат  бірнеше  тармақшаларға 

жіктеліп  жазылған.  Хаттың  1  тармағында  былай  деп 

атап  көрсетілген:  «Орталықтың  соңғы  уақытта  Шығыс 

аймақтарына  қатысты  жүргізген  саясаты  түп-тамырымен 

өзгертілсін  және  Шығыс  халықтарына  бұдан  әлде  қайда 

кең түрде автономиялы құқықтар берілсін, өйткені алғашқы 

кезде  Шығыс  халықтарына  берілген  «автономиялар»  өз 

мақсатына  жеткен  жоқ  және  түздік  еңбекшілер  мемлекет 

құрылысына мүлдем тартылмады»

384



Шығыс  халықтарының  І  съезінде  Коминтерінің 



Шығыстағы іс-әрекетін  жүйелеп отыру үшін «Шығыстағы 

насихат  және  іс-қимыл  кеңесі»  құрылды.  Бұл  кеңестің 

жұмыс  орталығы  ретінде  үш  қала:  Баку,  Ташкент  және 

Иркутск  белгіленді.  Осы  үш  қаладағы  орталықтарға 

Шығыстағы  барлық  елдердің  географиялық  жағынан 

үш  аймаққа  топтасқан  бөліктеріндегі  іс-әрекетті  басқару 



136

жүктеледі:  Баку  орталығына:  Алдыңғы  Азия  мен  Кавказ  

елдері  (Түркия,  Аравия,  Сирия,  Египет,  Армения,  Грузия, 

Әзірбайжан,  Дағыстан);    Ташкент  орталығына:  Түркістан, 

Бұқара,  Хиуа,  Қазақстан,  Башқұртстан,  Татарстан, 

Үндістан,  Ауғанстан,  Алтай;  Иркутск  орталығына:  Қиыр 

Шығыс  елдері  -  Қытай,  Корея,  Моңғолия,  Маньчжурия, 

Сібір  және  Жапония  бекітіліп  берілді.  «Шығыстағы 

насихат және іс-қимыл кеңесінің» құрамына 48 мүше, атап 

айтқанда:  С.М.Киров,  Г.К.  Оржоникидзе,  Е.Д.Стасова, 

Н.Н. Нариманов, Т. Рысқұлов, Т. Жанұзақов, М. Павлович, 

Исмаил  Хакки,  Гайдархан,  Ф.Махарадзе,  Д.Қорқымасов 

және т.б. сайланды

385


«Шығыстағы  насихат  және  іс-қимыл  кеңесіне» 

Шығыс  халықтарының  тілдерінде  үгіт-насихат  жүргізу, 

еңбекшілерді  мәдени  өмірге  араластыру,  сауаттандыру, 

баспасөз  ұйымдастыру,  кітап  бастыруды  жолға  қою,  түрлі 

салаларда  маман  кадрлар  даярлау,  Шығыс  халықтарының 

арасынан  білікті  саяси  қайраткерлер  өсіру  үшін  қоғамдық  

ғылымдар  университетін  ашу  сияқты    аса  маңызды 

міндеттер жүктелді. Кеңестің кеңейтілген мәжілісі үш айда 

бір рет  шақырылып отыратын болып белгіленді. Кеңестік 

құрамынан іріктелініп 7 адам кеңес төралқасына кіргізілді, 

ал  Коминтерінің  Атқару  Комитетінің  ұсынысымен  тағы  2 

кісі енгізілді. Кеңестің барлық қызметі Коминтерінің Атқару 

Коминтерінің  басшылығымен  іске  асырылатын  болып 

белгіленді

386


.  Кеңестік  төралқасы  жасынан:  үгіт-насихат, 

ұйымдастыру, ақпарат-мәлімет бөлімдері ұйымдастырылып, 

тұрақты секретариат жұмыс істей бастады

387


.

«Шығыстағы  насихат  және  іс-қимыл  кеңесі»  съезден 

кейін-ақ  қызу  ұйымдастыру  жұмыстарын  өрістетті,  аса 

қысқа мерзімнің ішінде «Шығыс халықтары» атты арнайы 

саяси журнал шығара бастады. Журнал орыс, түрік, парсы 

және  араб  тілдерінде  басылды.  Бұл  журналдың  қызметіне 



 137

Т.Рысқұлов  белсенді  түрде  араласып,  оның  көптеген 

мәселелер бойынша құнды мақалалар жариялап отырды

388


.

Баку  қаласында  жүріп  Т.  Рысқұлов  Орталық  Азиядағы 

болып  жатқан  саяси  процестерді  жіті  бақылап  отырады. 

1920 жылы 10 қыркүйекте Т. Рысқұлов Түріккомиссияның 

жаңа төрағасы Г.Я.Сокольниковке хат жазады

389


. Т.Рысқұлов 

Түріккомиссия төрағасын Шығыс халықтарының І съезінің 

шешімдерімен таныстырады. Т. Рысқұлов Г.Я.Сокольниковке 

Бакуде қабылданған қаулының бір бабында Түркістандағы 

көп  өкіметтілікті  жойып,  саяси  жағдайды  тұрақтандыру 

үшін құрамы 7 адамнан тұратын Түркістан революциялық 

комитетін құру, оның 4 мүшесін Орталық өкілдерінен, ал 3 

мүшесін  жергілікті    қызметкерлерінен  тағайындау  туралы 

ұсыныс  болғанын  хабарлайды.  Түрікревкомға  РКП  (б) 

Орталық  Комитетінің  маусым  айында  Түркістан  бойынша 

қабылдаған қаулысын іске асыру міндетін жүктеу қажет екенін 

жеткізеді. Одан әрі Т.Рысқұлов отставкаға кеткен мұсылман 

қайраткерлерінің  Түріккомиссияның  ескі  құрамымен  не 

үшін  күрес  жүргізгендерін  баяндаған.  Түріккомиссиямен 

жүргізілген  күресте  мұсылман  қайраткерлері  ұлт  мәселесі 

бойынша  принципті  позиция  ұстанғанын,  сондықтан  да, 

мәселенің дұрыс шешілуі үшін уақытша отставкаға кеткен 

мұсылман қайраткерлерін қызметке қайтару – тығырықтан 

шығатын  ең  дұрыс  жол  болатынын  тағы  да  қайталайды. 

Егер,  дейді  Т.  Рысқұлов,  Түріккомиссия  Түркістандағы 

ұлт  мәселесіне  көңіл  бөліп,  оппозициядағы  мұсылман 

қайраткерлерінің позициясын қолдаған жағдайда өздерінің 

Түркістанға  оралып,  ортақ  мақсат  жолында  ынтымақтаса 

жұмыс істеуге даяр екендерін мәлімдейді

390

.

1920 жылы 12 қырқүйекте Бакуде жасырынып жүрген А.З. 



Уәлиди В.И. Лениннің, И.В. Сталиннің және Л.Д.Троцкийдің 

атына  РКП(б)-нің  мұсылман  халықтарына  қатысты  саясаты 

туралы хат жолдайды

391


. Хатының көшірмесін А.З. Уәлиди Т. 

Рысқұлов пен А. Байтұрсыновқа жіберген.



138

1920  жылы  23  қыркүйекте  Түрікбюро  мүшелері 

Г.Я.Сокольников,  Я.Х.  Петерс  және  Л.М.  Каганович  РКП 

(б)


 

Орталық  Комитеті  мен  Н.Н.  Крестинскийге  жолдаған 

жеделхаттарында  Т.Рысқұловтың  Түркістанға  қайта 

оралғысы  келетінін  мәлімдеп,  бірақ  оның  Түркістанға 

оралуына тосқауыл қою қажет екенін қатты өтініп сұраған

392


1920  жылы  13-14  қазанда  В.И.  Ленин,  И.В.  Сталин, 

Н.Н.Крестинский, 

Ф.Э.Дзержинский, 

Н.И.Бухарин 

қатынасқан РКП (б)

 

Орталық Комитетінің Саяси Бюросының 



мәжілісінде Баку қаласында өткен Шығыс халықтарының І 

съезінің  жұмысы  қаралды.  РКП  (б)

 

Орталық  Комитетінің 



Саяси  Бюросы В.И.  Ленин  даярлаған  «Шығыс халықтары 

мекендеген  жерлерде  РКП(б)-нің  міндеттері  туралы» 

қаулы  жобасын  талқылады.  Мәжіліске  Баку  съезінің  27 

делегаты қатынасты. Делегаттардың ұсыныстары мен сын-

ескертпелерін басшылыққа алып жазылған В.И. Лениннің 

қаулы жобасы қабылданады

393



РКП 



(б)

 

Орталық 



Комитеті 

Саяси 


Бюросы 

қаулысының  қабылдауына  Баку  съезінде  Т.  Рысқұловтың 

ұйымдастыруымен 

құрылған 

фракциялық 

топтың 


мәжілісінде қабылданып, В.И. Лениннің атына жіберілген 

қаулының зор ықпалы болды. 

Түріккомиссия мен Түрікбюро сынды өзінің эмиссарлық 

органдарының  Т.Рысқұловты  Түркістанға  қайтартпау 

туралы  үздіксіз  жасаған  өтініштерін  ескере  келе  РКП  (б)

 

Орталық Комитетінің Саяси Бюросы 1920 жылы 14 қазанда 



Т.Рысқұловты  Мәскеуде  қалдырып,  РКФСР  Ұлт  істері 

жөніндегі  халық  комиссары  И.В.  Сталиннің  орынбасары 

етіп тағайындау туралы шешім шығарады

394


Т.Рысқұлов  1920  жылы  15  желтоқсанда  «Жизнь 

национальностей» газетінде «Коминтерн және Шығыстағы 

жұмыстар» атты көлемді мақаласын жариялайды. Мақаланы 

«Шығыстағы  насихат  және  іс-қимыл  кеңесінің»  мүшесі 

ретінде  жазған.  Шығыстың  саяси-әлеуметтік  жағдайына 



 139

тоқтала  келіп  Т.  Рысқұлов  «Шығыстағы  насихат  және  іс-

қимыл кеңесінің» жұмысына үйлесімдік беру үшін көптеген 

ұсыныстар жасайды. Шығыстағы насихат пен іс-қимылды 

өрістетуге білікті мамандар керектігін, ол маман даярлайтын 

жоғарғы  оқу  орындарын  ашу  қажеттігін  атап  көрсетеді. 

Мәскеу  қаласында  Шығыс  жастары  үшін    Әлеуметтік 

ғылымдар университетін ұйымдастыруды ұсынды

395

.

1920 жылдың желтоқсан айының соңғы – 1921 жылдың 



қаңтар  айының  алғашқы  күндерінде  Мәскеуде  Түркі 

халықтары  коммунистерінің  І  кеңесі  болып  өтті.  Кеңесте 

баяндама  жасаған  И.В.  Сталин  «түркі  коммунизмінің» 

ерекшеліктерін,  оның  әлсіздігі  мен  саяси  жағынан 

тәжірибесіздігін  сынайды

396


.  Осы  себептер,  дейді 

И.В.Сталин:  «жас  түркі  коммунизмі  жөнінде  партияның 

Орталық  Комитетінің  біршама  жұмсақ  саясат  жүргізуіне 

себеп болды»

397

. РКП (б)



 

Орталық Комитетінің Татарстанға, 

Башқұртстанға,  Қазақстанға,  әсіресе  Түркістанға  қатысты 

саясатының қаншалықты дәрежеде жұмсақ саясат болғаны 

баршасына белгілі болатын. Түріккомиссия мен Түрікбюро 

сынды  эмиссарлық  органдар  түркі  республикаларға 

жөнелтіп  жатқаны,  ал  еуропалық  аймақтарға  мұндай 

эмиссарлық  органдарды  қалаған  уақытында  жөнелте 

алмасы,  ол  халықтарды  өз  орталарынан  шыққан  саяси 

қайраткерлер  басқарып  отырғаны  құпия  емес  еді.  Түркі 

халықтары коммунистерінің І кеңесінің саяси маңызы төмен 

болды, ол кеңес түркі халықтарының алдында тұрған саяси-

әлеуметтік, экономикалық, әскери және мәдени мәселелердің 

бірде-біріне нақты жауап бере алмады. Т. Рысқұлов аталған 

кеңеске қатысқан жоқ, дұрысы қатыстырылмады.

РКП  (б)  Орталық  Комитетінің  Саяси  Бюросының 

1920  жылы  14  қазанда  Т.Рысқұловты  РКФСР  Ұлт  істері 

жөніндегі  халық  комиссары  И.В.  Сталиннің  орынбасары 

етіп тағайындау туралы қаулы – уақыт ұту үшін жасалған 

алдамшы  саясат  болатын.  Шын  мәнінде  большевик 



140

көсемдері  оппозициялық  ниеттегі  Түркістан  өкілінің 

РКФСР-дағы ұлт істерін басқарып отырған комиссариатта 

басшылық  қызметке  келуін  қаламай,  қаулы  екі  жылдай 

уақыт сөз бұйдаға салынып, іске асырылмады

398


.

Саяси Бюроның қаулысына сәйкес Ұлт істері жөніндегі 

халық  комиссарының  орынбасары  міндетін  атқаруға 

кіріспек болған Т. Рысқұловты И.В. Сталин комиссариаттың 

орталық  аппаратына  қабылдамай,  1920  жылы  қазан-

желтоқсан  айларында  қызметсіз  және  жалақысыз  жүруге 

мәжбүр етеді.  Түрікшіл қайраткерді Мәскеу сынды саяси 

орталықтан  алыс  ұстау  үшін  И.В.  Сталин  1921  жылы  6 

қаңтарда  Әзірбайжан  Республикасы  Халық  Комиссарлар 

Кеңесінің  төрағасы  Н.  Наримановқа  жазған  хатында  оны 

іскер де қабілетті басшы деп мақтай отырып, РКФСР Ұлт 

істері  жөніндегі  комиссариатының  өкілетті  өкілі  ретінде 

Бакуге жіберілетіндігі туралы хабарлайды

399


Т.  Рысқұлов  Баку  қаласында  өтіп  жатқан  Әзірбайжан 

Коммунистік  партиясының  ІІІ  съезіне  делегат  болып 

қатынасып,  1921  жылы  18  ақпанда  РКФСР  Ұлт  істері 

жөніндегі  халық  комиссариатының  өкілетті  өкілі  ретінде 

ұлт  мәселесі  бойынша  сөз  сөйлейді

400

.  Съезд  1921  жылы 



наурыз  айында  Мәскеу  қаласына  шақырылған  РКП 

(б)  Х  съезінде  жасалатын  Әзірбайжан  Коммунистік 

партиясының  есепті  баяндамасы  талқылады.  РКП  (б)  Х 

съезінің күн тәртібіне ең басты мәселе ретінде ұлт мәселесі 

енгізілген болатын. Сондықтан да, Т. Рысқұлов Х съезінің 

күн  тәртібіне  ең  басты  мәселе  ретінде  ұлт  мәселесінің 

енгізілгендігі  уақыт  талабына  сай  келетін  дұрыс  саяси 

шешім  болғандығын  қуаттайды.    РКП  (б)

  

Х  съезіндегі  ең 



басты мәселенің бірі, дейді Т. Рысқұлов, бұл ұлт мәселесі. 

Съездің  қарауында  тұрған  ұлт  мәселесі,  негізінен  алғанда 

Шығыс  мәселесі  болып  табылады,  сондықтан  да  бұл 

мәселенің съезде талқыланатын дүниежүзілік мәні бар басқа 

да мәселелерден кемдігі жоқ. Егер біз РКП (б) VIIІ съезінде 


 141

ұлт мәселесін тек таза теориялық тұрғыдан ғана талқылаған 

болсақ, таяуда ғана өткен Коминтерінің ІІ конгресінде бұл 

мәселенің  тек  отарлар  туралы  қырына  ғана  көңіл  бөліп, 

негізгі бағдарламаларды талқылаумен айналыстық, ал РКП 

(б)


 

Х съезі ұлт мәселесінің практикалық мәселелерін шешуі 

тиіс. «Қазір партияның алдында тұрған әрбір мәселеге тек 

ресейлік    көзқарас  тұрғысынан  ғана  қарамау  керек»

401

,  – 


дейді Т. Рысқұлов. 

Барлық  мәселеге  тек  ресейлік  көзқарас  тұрғысынан 

қарудың  негізсіздігін  баяндай  келе,  Т.Рысқұлов  іске  ең 

алдымен  дүниежүзілік  экономикалық  қауымдастықтың 

мүддесі тұрғысынан келіп, Шығыс мәселесін, Шығыстағы 

ұлт  мәселесінің  шешілу  жолдарын  осы  дүниежүзілік 

экономикалық  қауымдастықтың  мүддесіне  байланыстыра 

қарастыруды  ұсынады.  Т.Рысқұлов  «барлық  іске  тек 

ресейлік  көзқарас»‚  «ресейлік  мүдде»  тұрғысынан  келіп, 

дүние  жүзілік  проблеманы,  дүние  жүзілік  экономикалық 

жағдайды  есепке  алмаудың  қателігін  атап  көрсетеді,  яғни 

Ресей  алдында  тұрған  экономикалық  проблемаларды 

дүние  жүзілік  экономикадан  жеке  бөліп  алып  шешуге 

болмайтындығын  баяндайды.  «Техниканың,  қатынас 

жолдарының  орасан  зор  көлемде  дамуының  нәтижесінде, 

жер шарының барлық бөлігінде өзара тауар айналымының 

өрістеуі  мен  толассыз  отарлық  басып  алушылықтың 

нәтижесінде  капитализм  дүние  жүзілік  шаруашылыққа 

айналып  отыр,  барлық  елдер,  жер  шарының  барлық 

артта  қалған  бөліктері  осы  механизмге,  дүние  жүзілік 

шаруашылыққа тартылды. Осы шаруашылықтан белгілі бір 

ірі экономикалық топтың бөлініп кетуі барлық жүйені, оның 

тепе-теңдігін бүлдіреді»

402


, – дейді Т. Рысқұлов. 

Одан  әрі,  Т.  Рысқұлов  осы  қалыптасып  қалған  дүние 

жүзілік  капиталистік  экономикалық  шаруашылықтағы 

отар  және  жартылай  отар  елдердің  маңызын  баяндайды. 

Сондықтан да, дейді ол, Коминтерінің ІІ конгресі белгілеп 


142

бергендей, осы бұрынғы және қазіргі отар және жартылай 

отар  елдердің  маңызын  үнемі  есте  ұстап,  сол  елдердегі 

халықтардың ұлт-азаттық қозғалыстарына барынша қолдау 

көрсету қажет. Дүние жүзіндегі отар және  жартылай отар 

елдердің басым бөлігі Шығыста жатқандықтан да, Шығыс 

мәселесі – ең маңызды мәселенің бірі, бұл мәселеге  РКП (б)

 

 



барынша жіті мағына беруі қажет. 

Т. Рысқұлов РКП (б)-ның Шығыс елдеріндегі іс-әрекеті 

мен  саясатын  нақты  белгілеп,  Шығыс  елдерінің  басым 

көпшілігінің  аграрлы  елдер  болуына  байланысты  онда 

таза  «социалистік  революцияларды»  іске  асыру  мүмкін 

емес  екеніне,  ондағы  қозғалыс  –  әлеуметтік  сипаты 

жағынан  шаруалардың  қозғалысы  болатынына  назар 

аударады.  Шығыста  жұмысшы  қозғалысы  емес,  шаруалар 

қозғалысымен  ұласқан  ұлт-азаттық  қозғалыстар  болып 

жатыр және бұл қозғалыстарды сол ұлттардың әлеуметтік 

жағынан  үстем  таптары  мен  ұсақ  буржуазиялық  топтары 

басқарып отыр. Сондықтан да, «бұл қозғалысты әлеуметтік 

қозғалысқа айналдырып, еңбекшілер бұқарасы шын мәнінде 

өкіметті  өз  қолына  алуы  үшін  партия  тарапынан  көмек 

көрсетілуі тиіс»

403


. РКП (б), дейді Т. Рысқұлов, Шығысқа тек 

революциялық ұрандармен ғана бармауы қажет, ең алдымен 

нақты практикалық шаралармен, нақты іспен баруы тиіс

404


.

Өз  сөзінде  Т  Рысқұлов  Шығыс  халықтарына  қатысты 

экономикалық  саясат  туралы  да  ойларын  ортаға  салады. 

«Біз,  –  дейді  Т.  Рысқұлов,  –  экономикалық  жағдайды 

түздіктердің  тұрмыс  жағдайын  түсінген  жерде  ғана 

жақсарта  аламыз.  Түздіктердің  тұрмыс  жағдайы  мүлдем 

басқа,  ол  еуропалықтардың  жағдайынан  көп  жағынан 

ерекшеленеді.  Мұнда  мақта  шаруашылығы  мәселесі 

бойынша, мақтаны өңдеу әдісі мен өнеркәсіптің басқа түрі 

бойынша, жер шаруашылығы, астық шаруашылығында біз 

Шығыстың  өзіне  тән  ерекшеліктерін  көреміз,  сондықтан 

да, бұл ерекшелікпен санасу қажет. Егер біз осы ғасырлар 



 143

бойы  қалыптасқан  ерекшеліктерді  мүлдем  ескермей,  оны 

ығыстырып,  мақтаны  еуропалықтарша  өсіргіміз  келеді 

деп  мәлімдейтін  болсақ,  онда  ол  қате  болады»

405

.  Одан 


әрі  Т.  Рысқұлов  жалпы  экономика  туралы,  республикалар 

арасындағы  экономикалық  байланыстарды  реттеу  жайлы, 

Орталық  пен  республикалардың  өзара  көмегі  хақында 

маңызды ойларын білдірді.

Сөзінің соңғы бөлігін Т. Рысқұлов РКФСР құрамындағы 

республикаларда  (әсіресе,  Шығыс  республикаларында) 

мәдени-ағарту шараларын іске асыру мәселесіне арнайды. 

Мәдени-ағарту шаралары кеңес өкіметінің ең басты міндеті 

екенін, халықтың қалың бұқарасын сауаттандырып, мәдени 

жағынан  көтермелемей  кеңес  өкіметінің  табысқа  жете 

алмасын  атап  көрсетеді.  «Қашан  біз  халық  бұқарасын 

сауаттандырғанымызша, оған өзінің мүддесін түсіну қиын 

болып қала береді, сондықтан да, ең алғашқы соққыны оқу 

ағарту майданында беруіміз қажет. Ал, оны қалай беруіміз 

керек? Біріншіден, мектеп ісін дұрыс ұйымдастыру арқылы. 

Материалдық  қамтамасыз  етуді  дұрыс  ұйымдастыру 

арқылы. Сосын тіл мәселесін реттеу арқылы. Түздік шаруа 

бұқарасы оқу-ағарту саласында да, саясатта да алға қарай 

тек өзінің ана тілі арқылы ғана анағұрлым тез, анағұрлым 

жылдам  қадам  жасай  алады.  Егер  біз  тілдің  осындай 

маңызын  ысырап  қоятын  болсақ,  немесе  оған  екінші 

дәрежелі  маңыз  берер  болсақ,  онда  біздің  мақсатымыз 

орындалмайды.  Біз  бұл  мәселеде  көптеген  қателікті  көріп 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет