"ХИКМЕТ"
баспа үйі
аңғаруындағы адам баласының әлсіздігін де ойлап,
есепке алу керек. Мұндай жағдайдың тарихта атақты
мысалы бар.
Хазіреті Мәулананың шәкірті Гуржу Хатунның
би болған күйеуі, Қайсери қаласына тағайындалады.
Гуржу Хатун, Селжұқ қағанатының атақты суретшісі
және оюшысы Айнуд Дәуләні жасырын түрде суретін
сызып әкелу үшін Хазіреті Мәуләнаға жібереді. Суретші
аңғалдықпен Хазіреттің алдына барып жағдайды
түсіндіреді. Ол да күлімдеп:
«-Саған әмір етілгенді қалағаныңша орында!» -
дейді.
Суретші Оның суретін сала бастайды. Бірақ
нәтижесінде алдындағы бет-бейненің салған сурет-
пен байланыссыз басқа бір нәрсеге айналғанын көріп
қайтадан сала бастайды. Осыменен Хазіреті Мәуләна-
ның суреті сызыларда 20 рет бет-бейнесінің өзгергеніне
куә болады. Әлсіздігін біліп, өз мақсатынан айнуға
мәжбүр болып, Хазіреті Мәуләнаның қолына жабысады.
Өйткені өнері, өзі салған сызықтарының ішінде жоғалып
кеткен.
(Осы суреттер әлі күнге дейін Түркияның Коня қаласындағы
Мәулананың мавзолейінде сақтаулы тұр)
Бұл оқиға суретшіні оятады; таңдану мен үрейден
төбе шашы тік тұрған ол терең ойларға батады да әнфүси
(қиял-ғажайып, зауықтар) бір әлемнің саяхатшысы
болады. Мұндай халде тұрған суретші өзіне-өзі:
«Бір діннің әулиесі осындай болса, кім біледі
Пайғамбары қандай болады?» –дейді де, көңілдегі
өзгеше бір терезеден Аллаhтың Елшісіның қиялына
шомып кетеді.
Жазылған шемайл-и шерифелер (Пайғамбардың
қасиетті келбеті, дене бітімі туралы жазылған сөздер)
Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
- 120 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ақиқатының қанша пайызын баяндай алады? Шәмайл-и
шәрифені әркім көңіліндегі махаббаттың қуатына қарай
және сөздердің шекті мазмұны ішінде ғана суреттейтіні
анық.
Біз де әлсіздігімізге қарамастан нақылдардан
көңілімізге түскен шықтардың мөлшеріндей Хилие
шәрифені әдеттегідей нақыл етуді қаладық…
Мүбәрәк шәмайл-и шәрифелері
(Мүбәрәк киелі түрі) сыртқы бітімі
Бірталай нақылдарда қорытынды былай баяндалған:
Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) орташа
бойлыдан сәл ұзындау еді. Жаратылысы төтенше тепе-
тең болып өте лайықты денесі бар еді.
Кеудесі кең, екі иығының арасы ашық еді. Жауыры-
нының ортасында Пайғамбарлық мөрі бар болатын.
Сүйектері мен буындары ірі еді.
Тәні гүлдей қызғылт-ақ, нұрлы әрі жарқыраған
жібектен де жұмсақ еді. Мүбәрәк денесі әрдайым таза,
исі көңілді шаттандыратын еді. Әтір жақса да жақпаса
да тәні мен терінің, ең жұпар иісті әтірлерден де артық
бір әсемдігі бар еді. Бір адам Онымен қол ұстасса, күні
бойы Оның әсем исінен мәз-майрам болатын. Гүл иісін
Одан алғандай еді. Мүбәрәк қолымен баланың басынан
сипаса, сол бала жұпар иісімен басқа балалардан өзгеше
болып тұратын.
Терлегенде тәні шық түскен гүл жапырақтарына
ұқсайтын еді.
Сақалы қалың болатын, оны бір тұтамнан артық
ұзартпайтын. Қайтыс болғанында шашында және
сақалында жиырмадай ақ тал бар еді.
Қастары жаңа туған айдай болып, екі қасының арасы
ашық, бір-бірінен алыстау еді.
- 121 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Екі қасының арасында бір тамыр бар еді және ол
тамыр Хақ үшін ашуланғанда білеуленіп шыға келетін.
Тістері маржандай болатын, және әрдайым мисуак
(Құрамында тісті бұзылудан сақтайтын химиялық элементтер бар тіс
тазалауға арналған ағаш)
қолданатын әрі басқаларға жиі
қолданылуын ұсынатын.
Кірпіктері ұзын және қара еді. Көздері үлкенірек,
қарашығы қап-қара, ағы аппақ еді. Көздерінде құдірет
қолымен ежелден жағылғандай сүрме
(Ұсақ қиыршық тастан
тұратын әйелдердің көзіне жағатын бояуларға ұқсас зат, бірақ әсемдік
үшін жағылмайды, көздің көру қабілетін күшейтетін ерекшелігі бар)
бар
еді.
Рухының айрықша кәмілдігі сияқты дене құрылы-
сының бітімі де теңдессіз еді.
Бет-бейнесі толған айдай жарқырайтын еді. Хазіреті
Айша (радиаллаһу анһә) айтады:
«Пайғамбардың келбеті нұр шашатыны соншама,
түнгі қараңғыда жіпті оның жарығында сабақтайтын
едім».
Екі жауырынының ортасында Пайғамбарлығының
белгісі ретінде құдайы бір нышан (мөр) бар еді. Көптеген
сахабалар, осы нышанды сүюді армандап өмір сүрген.
Қайтыс болғанда бұл мөрдің жоғалып кетуі, бұл әлемнен
өткенін бекіткендей болды.
(Тирмизи)
Дене құрылысы нұрдан болғандықтан қайтыс
болғанда ешбір өзгеріске түспеген. Хазіреті Әбу Бәкір
(радиаллаһу анһу) мұңды, қайғылы, көзі мен көңілі
босаған бір түрде «Жаратылыс Нұрына» назар аударып:
«Өлімің өміріңдей көркем, Ей, Аллаhтың Елшісі !»-
деп, мүбәрәк маңдайын сүйген.
- 122 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Көркем мінезі және
мәмілесінің бірнешесі
Мүбәрәк жүзі, жүздердің ең келбеттісі және ең тазасы
еді. Еврей ғалымы Абдуллаһ Ибн Сәләм хижрет кезінде
қызығушылықпен Аллаhтың Елшісін көруді қалайды.
Мүбәрәк жүзін көргенде:
«Бұл бет өтірік айтпайды!»-деп, мұсылман болады.
Әбу Рәмсенің ұлы да былай айтқан:
«Хазіреті Пайғамбар маған көрсетілді. Мен Ол нұрлы
мүбәрәкті көргенде: «Бұл ұлы кісі, Аллаhтың Нәбиі және Хақ
Пайғамбары», - дедім».
Өйткені Ондағы келбеттілік, айбын, нұр және әсемдіктің
керемет дәрежеде болғаны сондай Аллаh
екендігіне тиісті басқа бір мұғжизаның, дәлелдің және
құжаттың қажеті болмаған.
Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір нәрсені
ұнатпаса ол дереу өңінен білінетін еді. Ал бір нәрсені ұнатса
ол да білінетін.
Тұңғыш жаратылған нұр, Оның нұры. Таза денесін-
де тыңдық және күшті ар мен табандылық бәрі бір жерде
болатын. Беті ашылмаған қыздан да әдепті еді.
Көңіл дүниесінің тереңдігін тілмен айтып жеткізу мүмкін
емес.
Жүзі аппақ нұрдай, әңгімесі тоқталмай аға беретін,
әрекеттері әсем, тілінде қызылтілділік, сөздерінде шешендік,
баяндауында төтенше бір көркемділік бар еді.
Артық сөз айтпайтын. Әр сөйлеуі даналық сөздері мен
үгіт еді. Аузына ешқашан өсек не пайдасыз әңгіме алмаған.
Әркіммен ақылы және түйсігіне қарай сөйлесетін.
Сыпайы және кішіпейіл еді. Тарқылдап күлмейтін,
әрқашан жайдары болып жүретін.
- 123 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Оны кенеттен көріп қалған адам «көңіл қорқынышынан»
қалтырап қалар еді. Онымен сұхбаттасып дос болған адам
Оған шын жүректен ғашық болып, сүйер еді.
Зиялы адамдарға да түсініктеріне қарап құрмет көрсететін.
Әhли Бәйтіне (Пайғамбардың жанұясы) және сахабаларға
жақсы мәміле көрсететіндей басқа адамдармен де нәзіктікпен
және ілтипатпен қарым-қатынас жасайтын.
Қызметкерлерінің көңілін көтеріңкі қылып ұстайтын.
Оларға өзінің кигенін кигізіп, жегенін жегізетін. Жомарт,
жарылқаушы, мейірімді, қайырымды еді. Кезі келгенде батыл
кезі келгенде жұмсақ мінезді болатын.
Берген уәдесіне берік және сөзінде шыншыл еді. Мінез-
құлық, ақыл және парасат жағынан барлық адамзаттан үстем
әрі барлық мақтауға лайық еді.
Қысқаша айтсақ суреті әдемі, сиреті (жаратылысы) кәміл,
теңдесі жоқ адам еді.
Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қажет болған
кезде ғана сөйлейтін, көбінесе тыныш, әрдайым мұңды,
үздіксіз терең ойлармен жүретін. Бір сөзді бастағанда,
толығымен, бірталай мағынаны бірнеше сөзге жинап айтатын
еді. Сөздері керегінен көп те, аз да емес, анық еді. Мінез-құлқы
өте жұмсақ болуымен қатар, өте берік және айбатты еді.
Ашуланғанда орнынан түрегелмейтін. Хаққа қарсы келу
хақтың басылуынан басқа нәрселерге ашуланбайтын еді.
Ешкім сезбейтіндей бір хақ басылғанда да ашуланып, хақты
орнына келтіргенше ашуы басылмайтын. Тек қана хақты
орнына келтіргеннен кейін ашуы тарқап, тынышталатын еді.
Өзі үшін мүлдем ашуланған емес. Өзін қорғау үшін ешкіммен
таласпайтын.
Ол ешкімнің үйіне иесі рұқсат бермейінше кірмейтін. Өзі
үйіне келгенде үйде өткізетін уақытын Аллаhқа ғибадат етуге,
жанұясына көңіл бөлуге және өзіне деп үшке айыратын еді. Өзі
үшін деген уақытты да қарапайым, үстем адамдардың бәріне
- 124 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
арнап, олардың ешқайсысын мақрұм қалдырмайтын.
Барлығының көңілін көтеріп, өзіне баурап алатын.
Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
әрбір әрекетін және қимылын зікір ете жүріп істеген.
Белгілі бір жерде отырудың әдет болып қалыптасып
қалуын болдырмау үшін әр келгенінде мешіттің әрбір
жерінде отыратын. «Жерлер» және орындар (қызмет
орындары) қасиетті деген көзқарас қалыптастыратын
және мәжілістерде тәкәппарлыққа жол ашатын іс-
әрекеттердің алдын алу үшін:
«Бір орынның абыройы, сол жердің өзінде емес, онда
отырғанның абыройымен пайда болады» - деп айтқан.
Мәжіліске кіргенде бос болған жерге отырып,
әркімнің де осылай істеуін қалайтын.
Кім де кім Одан бір қажетін көру үшін бір нәрсе
сұраса, сұраған нәрсесі маңызды не маңызсыз болса
да оны бермей тыныштық таба алмайтын еді. Сұраға-
нын беру мүмкін болмаса, мұқтаж адамның көңілін
жылы сөзбен көтеретін еді. Ол әркімнің қайғы-қамына
ортақтасатын. Адамдар қандай дәреже және мәртебеде
болса да, бай мен кедей, ғалым мен надан Оның қасында
тек қана адам болғандықтан бірдей мәміле көретін еді.
Бүкіл мәжілістері сыпайылық, ілім, ар-ұят, сабыр,
тәуекелдік және аманат сияқты ерекшеліктер үстем
болған жерлер еді.
Айыбы мен кемшіліктері үшін ешкімді кекетпейтін.
Ескерту керек болған кездің өзінде де алдындағы
кісіні ренжітпейтіндей нәзік ишаратпен орындайтын.
Ешкімнің білінбеген айыбы және кемшіліктерінің
артында жүріп бақыламайтын және осындай жағдай-
лардың тексеріл-уіне де тиым салған. Негізінде, басқалар
туралы жаман ой және тексеру Құдайы әмірлермен
тиылған.
- 125 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Істелгенде сауап болатын іс-әрекеттерден басқа
мәселелер туралы сөйлемейтін. Сұхбат мәжілістері
рухани рахат ішінде өтетін. Ол сөйлеп жатқанда
төңірегіндегілер арбалғандай жан-тәнімен тыңдайтын
еді. Хазіреті Омар (Радиаллаһу анһу)нің айтуы бойынша
сондай кезде бастарына бір құс қонса, сағаттар бойы
ұшпай отырар еді. Одан сахабасына дарыған әдеп және
ардың күшті бір дәрежеде екені сондай, көбінесе Оған
сұрақ қоюға батылдары жетпей, шөлден бір бәдеуй
(ауылда өмір сүретін Араб) келіп Пайғамбарға сұрақ
қойса, сұхбатқа дәнекер болса екен деп, Оның нұры мен
рухани байлығынан пайдалансақ деп тілейтін.
Теңдессіз Батылдығы мен Ерлігі
Одан күшті, үлкен қаhарманды елестету мүмкін
емес.
Қорқыныш және үрей Онда болмаған. Төтенше
жағдайларда сабыр және табандылық көрсететін,
қорқып, асығып ыңғайсыз әрекет жасамайтын.
Өзін өлтіргелі келген Мекке кәпірлерінің арасынан
«Ясин» сүресінің төмендегі осы екі аятын оқып алып,
қорықпай өтіп кеткен:
«Біз олардың мойындарына иектетіп отырып
(Малдың
мойнына кигізіліп басын бұрдырпай ұстап тұратын құрал)
байладық.
Сондықтан олардың бастары иілмейді. (яғни бас иіп
иманға келмейді) Олардың алдында да артында да
бөгет (қалқан) қойдық, көздерін көлегейлеп тастадық.
Сондықтан да олар ешнәрсе көре алмайды».
Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу) айтады:
«Бәдір соғысының ең сұрапыл кезеңдерінде, кейбір
сәттерде біздер Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) арт жағына өтіп алып қорғанатын едік.
- 126 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Бәрімізден ең мықтысы, ең батылы Ол еді. Дұшпанға ең
жақын жерде Ол соғысқан еді».
Ол Иғлайы кәлимәтуллаh (Аллаhтың сөзін үстем
қылу) үшін әрдайым соғысқа сахабаларының ең алдында
кірісетін еді. Хұнейн соғысында шайқастың алғашқы
сәттерінде Ислам әскерлері бытырай қаша бастағанда,
Ол табандылығынан таймай дұшпанның ортасына
кіріп кеткен. Мінген атын алға айдап, сахабаларының
намысын қамшылап, батылдықтарын күшейткен.
Ақыры Аллаhтың жәрдемімен жеңіске жеткен.
Ол былай айтатын еді:
«Құдіреті және еркімен өмір сүргізген Аллаhқа ант
етемін. Аллаh жолында шәйіт болып тірілу және тағы
да шәйіт болып тірілуді армандаймын...»
Осы жерде қолданылған сөздердің шекті мүмкін-
діктерімен баяндауға тырысқанымыз бұл ұлы жараты-
лыстағы ерекшеліктер, Оның түйсігімізге түскен
шықтары. Уасыл-ы Илаллаh бола білудің сыры -
Аллаhтың кітабына және «Жаратылыс Нұрының»
сүннет-и сәниесіне яғни, ұлы мінез-құлық және іс-
әрекеттеріне ықыласпен жақындай білу, Аллаhтың және
Елшісінің сүйгендеріне деген махаббат, оларға қарсы
нәрселерді жек көру. Екеуінің айырмашылығы, а’ла-и
‘иллиийн мен әсфәл-и сәфилин (
Жоғары шығушылар (жұмақ)
мен төменнің тұрғындары (тозақ)
) арасындағы айырмашылықтай
шексіз. Аллаhтың Елшісінің көзқарасына жақындаудың
негізгі шарты, Оған деген махаббат және Оған қарама-
қайшыларды жек көру.
- 127 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ДАСТАНИ МАХАББАТТЫҢ КӨҢІЛДІ
КҮЙДІРЕТІН ӨЛЕҢДЕРІ
Мұхаммеди ақиқатқа жақындай білу, ақылмен
емес, махаббат және ғашықтықпен мүмкін болады. Оған
бағынудың мәртебесін, рахатын және ләззатын тату
үшін Оған үмбет болуды тілеген пайғамбарлар да болған.
Оның нұрлы жамалы, ғашықтарының назарында бүкіл
жаратылғандарды көлеңкеде қалдырған, көңілдер Оның
азғантай бір тілегіне:
«Әкем, шешем саған пида (құрбан) болсын, Ей
Аллаhтың Пайғамбары» - деп жауап берген.
Ол туылған Рәбиул Әууәл айының аспаны,
мүминдерге мейірім және кешірім күндері болып
ашылған.
Аллаhтың Пайғамбары (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм), өзіне ғашық болатын адамдар қияметке дейін
үздіксіз жалғаса беретінін киелі хадистерінде былай
көрсетеді:
«Менен соң, үмбетімнен мені бір рет қана көру үшін
үй ішін және мал-мүлкін пида етуге дайын болатындай
қаншама адамдар келеді!..»
Раббымыз, біз - әлсіздерге бұл киелі хадистің
мазмұнына сәйкес өмір берсін! Әмин!..
Тегі христиан болып, Мұхаммеди ақиқатты біліп,
түсінудің рахатына жеткеннен кейін, көзінен жас парлап,
көңілі күйгендей Пайғамбар ғашығы болған және Яман
Дәдә атымен аталған бертін кездердің көңілшек ақыны
төмендегі өлеңінде қандай әдемі айтады:
Сусыз қалсам, күйіп тұрған шөлдерде жан берсем
қайғы шекпеймін.
- 128 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Жанартаулар жанады көкірегімде, дарияларда
тұрсам да сөнбеймін.
Алаулар жауса аспаннан, оларды ұстасам да
сезбеймін.
Жамалыңмен көңілімді бас менің, жандым Уа
Расулаллаh
Қандай бақыт саған деген махаббаттан көз жұмып,
жолыңда жан беру!
Нәсіп болмай ма Сұлтаным үйіңнің табалдыры-
ғында жан беру?
Жұмыларда көздерім жеңіл болар қайғырудан жан
беру.
Жамалыңмен көңілімді бас менің, жандым Уа
Расулаллаh
Мойын идім, байқұспын, бұл дерттің сенде шарасы.
Ернім күйді алаудан, аяғым жүреді ізіңмен.
Қашан
тілесең
ілтипатыңмен
сыйла
бұл
КЫТМИРді (
Көне тарих бойынша Аллаһқа иман келтіргендері үшін
мемлекет-терінен қуылған он шақты жас жігітке серік болғандықтан
жәннатқа кіреді деп білінетін иттің аты
).
Жамалыңмен көңілімді бас менің, жандым Уа
Расулаллаh
Аллаhтың Пайғамбары (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) тереңдігін тілмен жеткізу мүмкін болмайтындай
бір дәрежеде өзін сахабаларына сүйдірген еді. Осындай
махаббат тек қана құдайы махаббаттың арқасында және
көңіл нұрымен пайда болады. Бұдан басқа жолмен пайда
болуы мүмкін емес.
Күйеуін, інісін және әкесін Ұхуд соғысында жоғалт-
қан, үш шәйіттің иесі болған Динарулдық
(Ру аты)
әйелдің
Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) деген
махаббаты қандай керемет! Оны жұбату үшін барған
сахабадан:
- 129 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тірі ме,
сау ма?»- деп, қайталап сұрай берді. Содан кейін:
«Маған Оны көрсетіңдер!» - деді. Аллаhтың
Пайғамбарын көргенде:
«-Саған, шүкір Уа Раббым!.. Егер, Оны тірі көре
алмасам, өмірде ешбір нәрсе мені жұбата алмайтын
еді»- деп айтты.
Бұл махаббат толқындарын киелі хадисте де өте
анық көре аламыз. Қадірменді сахабалар Хазіреті
Пайғамбардан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадис
нақыл етерде білмей, қате айтып қалып, ол қателікті
Пайғамбарға телу үрейімен тізелері дірілдеп, беттері
сарғаятын. Мысалы, Абдуллах Ибн Мәсғұдті «Қаале
Расулуллаh»- «Аллаhтың Елшісі айтты» - деп
хадисті бастағанда ғажайып бір түрге еніп, қалтырап
кететін. Және бірталай сахаба адамның «ұмытып қалу»
сияқты кемшіліктерін есінде ұстап, сөзді Аллаhтың
Пайғамбарына жалғастырғанда (телігенде): «Осылай
не осы сияқты, осыған жақын, осы түрде айтты» деген
сияқты сөздерді көп айтатын.
Өйткені Ол - өте ұлы Пайғамбар, сондықтан үстінде
құтпа оқыған (үгіт берген) құрма ағашының дөңбегі де
Одан айырылудан қайғырып жылаған. Сусыз қалған
үмбетіне құдайдың құдіретімен саусақтарынан су
ағызған. Дәрет алған суынан артылғанды ішкен аурулар
жазылған. Дастарханында болғандар тамақтарының
зікірін естіген. Одан естелік болып қалған шашы мен
сақалының мүбәрәк талдары, мешіттердің мінбелерінде
сақталып, «киелі сақал» атымен ғасырлар бойы үмбетіне
рахмет болды.
Қияметте махшардың имамы Ол,
Күнәкарлардың шапағатшысы Ол,
Yмбеті үшін «үмбетім, үмбетім» - деп жүрегі сыздаған
Ол (Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)...
- 130 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Лиуәүл-hамд
(Шүкіршілік туы)
туы Соның қолында...
Бүкіл Пайғамбарлар Соның көлеңкесінде ...
Жәннәттың есігін ашатын алғашқы қол, Соның
қолы...
Шәйх Ғаліп бұл жағдайды қандай жақсы өлеңге
қосады:
Құтпан оқылады мәңгілік әлемінің мінбелерінде
Өкімің орындалады жаза күндеріндегі сотта
Келуің әнмен қарсы алынады Құдайдың ғарышында
Киелі есімдерің айтылады жер мен көкте
Сен Ахмед, Маhмұд және Мұхаммедсің мырзам
Аллаhтан бізге күшейтіліп жіберілген Сұлтансың
Мырзам.
Соңы қиямет-қайымға дейін жалғаса беретін
ғашық болғандардың топтары, Оның махаббаты және
толқуымен ағыла береді. Дүние мен ақырет бақыты әрі
сәлеметі Оған деген махаббат байлығының арқасында
ғана мүмкін болады.
Рухани даму махаббатпен болады. Бірақ биік бір тауға
ұқсайтын бұл мәселенің ар жағында таудың биіктігі
қандай болса тереңдігі сондай «шыңырау» бар. Ол жек
көру. Екеуі де бір жерде. Бір нәрсені жек көріп, соған
қарсы нәрселерді сүюдің орнына сүйгенімізге қарсы
нәрселерді жек көру - біздің жауапкершілігіміз. Өйткені
махаббат алғы орында және оң қанатты құрайды. Ал жек
көру кейінгі орында әрі сол қанатта. Міне, мұсылманмын
деген кісі осы екі қанатпен ұшу керек.
Сүйілген немесе жек көрілген адамдардың денесінің
құрамында ешқандай айырмашылық жоқ. Бірақ біреуі
нұрдан, біреуі қарамайдың қақ ортасынан болғандықтан
айырмашылығы шексіз.
«Жаратылыс Нұрына» деген махаббатымыз және
оған қарама-қарсы болғандарға деген жек көруіміз бұл
мәселенің белгісі.
- 131 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Бұрынғы замандарда мөрлерге қанатты сөз жаздыру
(қақтыру) әдет болатын. Безм-й әлем Уалидә Сұлтан (бір
патшаның шешесі) деген кісі, Аллаh Тағала бұл әлемді
Мұхаммеди нұрға деген махаббатының арқасында
жаратқанын баяндау үшін, мөріне төмендегі сөздерді
жаздырған:
«Махаббаттан Мұхаммед болды пайда,
Мұхаммедсіз махаббаттан не пайда ?
Дүниеге келуімен ақиқатқа жетті Безм-и әлем...»
Бертін
кездердің
атақты
ғұламасы
Хазіреті
М.Әсад Ербили, Пайғамбарға деген махаббатының
көңіл күйдіретін жалынында жанғанын қандай әдемі
баяндайды:
Tecell
â-yı cemâlіnden habîbіm nev-bahâr âteş!
G
ül âteş, bülbül âteş, sünbül âteş, hâk ü hâr âteş!
(Сүйіктім, сен әсемділігіңмен көрініп ортаға
шыққандығыңнан саған ғашық болған көктем алау, гүл
алау, бұлбұл алау, бәйшешек алау, топырақ та, тікен де
алау!..)
Şuâ’-ı âfіtâbındır yakan bіl-cümle uşşâkı;
Dіl
âteş, sîne âteş, hem dü çeşm-і eşk-bâr âteş!
(Ғашықтардың бәрін күйдірген мүбәрәк жүзіңнің
күндей жарқыраған нұры. Сондықтан көңіл алау, жүрек
алау, махаббаттан жылаған осы екі көз алау.)
Ne m
ümkün bunca âteşle şehîd-і ışkı gasl etmek?
Cesed
âteş, kefen âteş, hem âb-ı hoş-güvâr âteş
(Осынша алаумен махаббат шәйіттерін жуу мүмкін
бе? Сүйек алау, кебін алау, шәйітті жуатын «тәтті су» да
алау!..)
Ал Фузули ақын, атақты «Су арнауында» бұл күйді
былай өлеңге қосады:
- 132 -
Достарыңызбен бөлісу: |