Рахмет самалы



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата29.01.2017
өлшемі2,36 Mb.
#2966
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Ақылдың  шегі  белгілі.  Ақылдың  шегі  жетпейтін 
сырлар әлеміне тек қана көңіл жолымен жетуге болады. 
Расында Хазіреті Ибраһим бұл жайды Құран Кәрімде:
«Мен  Әлемдердің  Раббысына  тізе  бүгіп  берілдім!» 
(Бақара,131)
 аятымен баяндайды.
Хазіреті  Имам  Ғазали,  бұл  жәйітке  байланысты  өз 
ақуалын былай баяндайды:
«Ақылды  үзілетіндей  дәрежеге  кердім,  сонда  оның 
шегі  барын  және  өз-өзімен  ешбір  шексіздікке  жете 
алмайтынын  көрдім.  Есімді  білмейтіндей  бір  есалаң 
жағдайға  түстім.  Аллаhтың  Елшісінің  рухани  нұрына 
бөлендім.  Әр  нәрсе  белгілі  болды.  Құпияны  түсініп, 
құтылдым...»
Тағы да Ибраһим (аләйһиссәләм):
«Мен Раббыма кетіп бара жатырмын. Ол маған тура 
жолды көрсетеді» - деген. 
(Саффат сүресі  99-аят)
Хазіреті  Мәулана  да,  ақыл  күшінің  шекті  екенін 
былай баяндайды:
«Ауру  ақылмен  дәрігерге  барады.  Одан  кейін 
дәрігердің айтқанын ойланбастан қабылдайды.»
Қорыта  айтсақ  Пайғамбарлардың  сырларын  толық 
түсінуге  ақылдың  күші  жетпейді.  Яғни  ақыл  оның 
жанында дәрменсіз.
Рахмет Пайғамбарының
өмірінде нәзіктік, рахым және 
қамқорлық
Бірталай  сахабаның  нақылдарында  баяндалғанын-
дай, Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
адамзаттың  ең  жақсы  мінездісі  және  ең  нәзік  мәміле 
жасайтыны  еді.  Жүзінен  әрдайым  жарық  пен  нұр 
төгіліп, жайдары болып жүретін. 

- 81 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) жүрегі өте жұмсақ, сезімтал еді. Бір күні жерге 
түкірген адамды көргенде, мүбәрәк жүзі дереу қызарып, 
сол  жерде  тұрып  қалады.  Сахабалар  жүгіріп  барып 
түкіріктің  үстін  жабады.  Аллаhтың  Елшісі  содан  соң 
ғана өзінің жүрісін жалғастырады.
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
киім-кешектің  таза  болуы  мұсылманның  Аллаhтың 
берген  жоғары  дәрежесіне  сай  келетіндігін  айтып,  ақ 
түсті  киім  киюді  және  өліктерді  де  ақпен  кебіндеуді 
үгіттеген.  Өйткені,  мұның  өте  таза,  әдемі  және  қадірлі 
болатынын  айтқан.  Киімнің  түзетіліп  киілуін  әмір 
еткен, киім-кешекте масқаралықты ұнатпаған. Хазіреті 
Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  шаш  пен 
сақалдың үрпиіп, шаталасып тұрғанын да құптамайтын. 
Бір  күні  Аллаhтың  Елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) мешітте болғанда, алдынан сақал-шашы үрпиіп, 
шаталасқан  бір  адам  шыға  келді.  Хазіреті  Пайғамбар 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қолымен оған шашы мен 
сақалын  түзетуін  ишарат  етті.  Ол  адам  Пайғамбардың 
бұйрығын  орындағаннан  кейін,  Аллаhтың  Елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Міне  осы  түріңіз,  кейбіреулеріңіздің  шайтанға 
ұқсаған  үсті-басы  кір  түрінен  әлдеқайда  жақсы  емес 
пе?»(Әлиул-Қари, Мирқат, VIII, 261) -деген.
Тағы бір күні Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) үсті басы кір адамды көргенде таң қалып:
«Неге бұл адам шашын жуып, тарамайды?»-деген.
Ол  рухының  нәзіктігі  мен  тереңдігінің  себебінен 
салақтықты жек көретін.
Тағы  бір  жолы  үсті-басы  үрпиген  бір  адам  алдына 
келгенде:

- 82 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Мал-мүлкің  бар  ма?  Қал-жағдайың  қалай?»-деп 
сұраған.  Ол  кісі  тұрмысының  жақсы  екенін  айтқанда, 
оған:
«Олай  болса,  Аллаhтың  саған  берген  мал-мүлкі 
үстіңнен көрінсін!»
(Нәсай, Зинет, 54; Ахмет бин Хәнбал, IV, 137)
 
-деп, ескерту жасаған.
Басқа бір хадистерінде:
«Аллаh  берген  игіліктерінің  белгісін  құлдарының 
үстінен  көргенді  ұнатады...»
(Ахмет  бин  Хәнбал,  ІІ,  182)
  -деп 
айтқан.
Бұл  оқиғалар  Исламда  жүрек  тазалығы  мен  сыртқы 
әсемдіктің бір-бірінің толықтырушысы екенін өте жақсы 
көрсетеді.
Жаңа әрі әдемі киім киген мұсылманның мақтанбай, 
дандайсымай, бұл игіліктердің Аллаhтан келгенін түсіне 
отырып,  Хазіреті  Пайғамбарға  (саллаллаһу  аләйһи 
уә  сәлләм)  ұқсап  дұға  етуі  керек.  Аллаhтың  Елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жаңа бір киім кигенде:
«Ешбір  күш  және  қуатым  болмаған  әлімде  де  мұны 
маған  кидірген  Аллаhқа  мадақ  болсын!  Раббым!  Сенен 
бұл  киімнің  және  ол  қолданылатын  қайырлы  істің 
берекелі болуын сұраймын. Бұл киімнің және ол қолда-
нылатын  жаман  істің  зиянынан  сақтау  үшін  саған 
сыйынамын!..»
(Әбу  Дәуіт,  Либас,  1;  Тирмизи,  Либас,  29)
  -  деп 
дұға етіп, әр нәрсенің Хақ Тағаланың ризашылығының 
жолында қолданылуын қалап, армандаған.
Сонымен  бірге,  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  басқаларға  мақтану  мақсатымен, 
өркөкіректікпен,  дандайсып  киінгендердің  қиямет 
күні масқаралық киімін киетінін айтып, үмбетіне тозақ 
отынан сақтануды ескерткен.
Абдуллаh  Ибн  Амрдан  (радиаллаһу  анһу)  мынандай 
әңгіме қалған:

- 83 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
әдет-ғұрыпта қалыптасып қалған бір де бір тұрпайы, 
жаман  сөзді  аузына  алмайтын  және  былай  деп 
айтатын:
«Бұл дүниеде өте қарапайым және маңызсыз сияқты 
көрінген сыпайылық, есеп күні өте маңызды болады».
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
хабештік Біләлді «қара қатынның ұлы»,-деп, кекеткен 
Әбу Зәрр әл-Ғыфариге:
«-Ей,  Әбу  Зәрр!  Шындығында  сен  әлі  жаһилие 
(қараңғы кезең) әдетінен арыла алмаған адам екенсің!»
 
(Бұхари, Иман, 22)
 -деп айтқан еді.
Аллаhтың Елшісінің бұл ескертуінен кейін Әбу Зәрр 
(радиаллаһу анһу) басын табалдырыққа қойып:
«-Ей,  Біләл!  Аяғыңмен  мойнымды  басып  өтпейінше 
басымды  көтермеймін!..»-деп,  әдепсіздігінің  кешірілуі 
үшін осылай істеген.
Аллаhтың  Елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
сыпайылығы  сондай,  қонақтарын  өзі  қызмет  етіп 
күтетін.
Балалық шағында да сыпайылығына нұқсан келтіріп 
кемітетіндей ешбір адаммен талас-тартысы болмаған.
Пақыр,  жетім,  ешкімі  жоқ  адамдарға  рахымы  және 
жақындығымен танылатын.
(Бұхари, Нафақат, 1; Мүслим, Зүһд, 
41-42)
Енес (радиаллаһу анһу) былай айтады:
«Хазіреті  Пайғамбарға  он  жыл  кызмет  еттім,  іс-
әрекетінен  бір  кемшілік  көргенім  жоқ,  бір  де  бір  рет 
маған:  «Мынаны  неге  былай  істемедің!ң-  деп  айтқан 
емес». 
(Әбу Дәуіт, Әдеп, 1)
 
Рахымы  соғыс  тұтқындарына  дейін  түсіп,  оларға 
жақсы мәміле етілуін бұйырған.

- 84 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  алейһи  уә  сәлләм) 
балаларды  катты  жақсы  көріп,  олармен  ойнап,  
қалжыңдасатын.  Хазіреті  Айшадан  (радиаллаһу  анһә) 
қалған әңгімеде былай айтылады:
«Бір  күні  Хазіреті  Пайғамбарға  (саллаллаһу  аләйһи 
уә сәлләм) бір бәдәуи (ауылдық араб) келіп:
«Ей  Аллаhтың  Елшісі!  Сіз  балаларыңызды  сүйесіз 
бе?  Біз  балаларымызды  сүйіп,  сипамаймызң-дегенде, 
Мырзамыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған:
«Аллаh  сенің  көңіліңнен  мейірім  мен  рахымды 
суырып алған болса, мен не істей аламын!»
(Бухари, Әдеп, 
22)
 -деп жауап қайтарды».
Бұл  оқиға  Исламдағы  балаларға  деген  рахым  мен 
мейірімді қандай жақсы көрсетеді.
Ол  бір  тізесіне  Усаме  бин  Зәйдті,  біреуіне  неме-
ресі  Хасанды  (радиаллаһу  анһу)  отырғызып,  оларды 
бауырына басып:
«Аллаhым! Бұларға рахмет пен бақыт бер. Өйткені мен 
бұлардың  қайырлы  және  бақытты  болуын  тілеймін...» 
(Бухари, Әдеп, 18; Муслим, Фәзәйл, 64) 
-деп айтуы және балаларды 
қарғауға  тиым  салғаны,  Оның  сүйіспеншілігінің, 
рахымының және мейірімінің өте жақсы бір белгісі.
Баласы жылағанда шешесінің қиналмауы және дереу 
оған  қарауы  үшін  намазын  қысқартуына  рұқсат  етуі, 
талай түндер көздерінен жас ағып үмбетіне дұға еткені, 
адам  баласының  тозаққа  түсіп  кетпеуі  үшін  бүткіл 
өмірін пида еткені, Оның рахымының ең терең және ең 
сезімді бір белгісі.

- 85 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Рахмет Пайғамбарының кедейлерге 
деген сыпайылығы
«Мал-мүлік  жағындағы  кемшіліктері  себебінен 
жабырқаулы»  көңілдерін  көтеру  үшін  кедейлерге  өте 
мейірбан еді. Абдуллаһ ибн Амр былай нақыл еткен:
«Бір  күні  Аллаhтың  Елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) мешітке кіргенде, пақырлар бір шетте отырған 
еді. Олардың көңілдерін көтеру үшін қастарына отырып 
сұхбаттасты да, былай айтты:
«Пақыр  мұхажирлерге  сүйінші!  Олар  жәннәт 
бақшаларына  байлардан  40  жыл  бұрын  кіреді.  Кедей-
лердің  мал-мүлкі  болмағандықтан  есептері  тезірек 
бітеді». 
(Ұқсас нақылдарды қараңыз Тірмізи, Зүhд, 37, Дәрими, Риқақ, 
118)
Қияметте дүние (мал-мүлік) жауапкершілігінен есеп 
берілетіні  жөнінде  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) жиі-жиі:
«Уа Раббым! Маған пақыр адам ретінде өмір сүргізе 
гөр,  маған  пақыр  адамның  өмірін  нәсіп  ете  гөр,  мені 
пақырлармен  бірге  тірілте  гөр!» 
(Тирмизи,  Зүһд,  37;  Ибн 
Мәжә, Зүһд, 7)
 деген сияқты дұға оқитын.
Пайғамбарлардың  бәріне  жәннәтқа  кіретіндігіне 
қарасты  Аллаh  тарапынан  кепілдік  берілгенімен, 
олар  да  өздеріне  сыйланған  игіліктер  үшін  және 
дінді  таратудағы  істеген  жұмыстары  жөнінде  есепке 
тартылады. Ағраф сүресінің 6-аятында пайғамбарларға 
да сұрақ қойылатыны былай білдіріледі:
«Әлбетте  өздеріне  пайғамбар  жіберілгендерді  де, 
жіберілген  пайғамбарларды  да  міндетті  түрде  сұраққа 
тартамыз!»
Шынында да Сүлеймен (аләйһиссәләм) өзіне байлық 
пен  сұлтандық  берілгені  үшін  есеп  беруі  ұзақ  уақытқа 

- 86 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
созылады  және  сол  себепті  жәннәтқа  ең  соңғы  кіретін 
пайғамбар деп білінеді.
Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  сахабаларының  ішінде  бай  адамдар  да  болған. 
Олар  мал-мүліктерін  әрі  жандарын  Аллаh  жолына 
жұмсауымен  Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  мадағына  жеткен.  Сонымен  бірге 
оларды Хақ Тағала: «Аллаh мүминдердің малдары мен 
жандарын өздеріне берілетін жәннәтпен сатып алды...» 
(Тәубе сүресі 111-аят) 
- делінген аятымен қуантқан.
Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) ең жақын досы болған, Құран Кәрімде «екеудің 
екіншісі»  деп  аталған  және  Құрайыш  елінің  ең  күшті 
саудагері, әрі байларының біреуі болғанына қарамастан 
өте  жай  және  қарапайым  өмір  сүрген  Хазіреті  Әбу 
Бәкір (радиаллаһу анһу) осылардың біреуі еді. Хазіреті 
Айшаның  баяндауы  бойынша:  Ол  қайтыс  болғанда  не 
бір  тиын,  не  бір  теңге  қалдырмаған.  Мирасы  жалғыз 
түйе мен қылыш жасайтын бір құл ғана еді. Бұл құлдың 
өзін «өлгеннен кейін Хазіреті Омарға берілуін» қызына 
өсиет еткен еді. Ол дүниесі мен малын өте өнімді түрде 
қолданып, қолында барының бәрін Аллаhтың Елшісінің 
қызметіне  дайын  ұстаған,  әсіресе  Исламның  жаңадан 
тарала бастаған ең алғашқы және ең қиын жылдарында 
азап  көрген  мұсылман  құлдарды  сатып  алып  оларға 
азаттық сыйлап, түрлі азаптардан құтқарған.
Оның байлық иесі болуы зүhдіне кедергі жасамаған. 
Керісінше,  малын  керекті  жерде  және  орынымен 
жұмсап,  байлықпен  бірге  зүhдтің  өмірде  қалай  іске 
асырылатынын  ең  анық  түрде  көрсеткендердің  біреуі 
болған.  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм):
«Әбу  Бәкірден  басқа  әркімнің  бір  рет  те  болса 
жақсылығы  тигенде  қалай  да  болса  жақсылығының 

- 87 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қайырымын берген едік. Бірақ бізге берген оның сондай 
жақсылығы  бар,  мұның  қарсылығын  қиямет  күні 
Аллаh  Тағала  береді.  Ешкімнің  малы  Әбу  Бәкірдің 
малындай  маған  пайдасы  тиген  емес.  Біреумен  дос 
болатындай  болсам,  қалайда  болса  Әбу  Бәкірмен  дос 
болар  едім...»
(Тирмизи,  Мәнақиб,  15) 
-деп,  оны  және  малын 
сыйлаған.
Шүкірлі,  қарапайым,  жомарт  байлар  мен  сабырлы 
қастерлі  пақырлар,  адамдық  абырой  бойынша  және 
Аллаhтың  ризалығының  алдында  бір  деңгейде. 
Жомарттық  пен  мейірімділік  адам  баласын  дүние 
пәлелерінен қорғап, ақырет бақытына жеткізетініндей, 
сабырлық  көрсетіп  өмірдің  жанға  батқан  ащысына 
шыдағандарды да ақыретте сүйіншілер күтуде.
Осы киелі хадис, өмірдің түрлі кезеңдерінде көңілдің 
кәмілдікке  жетуі  үшін  біз  орындауға  мәжбүр  болған, 
шүкірлік  пен  сабыр  ерекшеліктерінің  орындалуын 
қандай жақсы түсіндіреді:
«Мен, расында бүкіл ісі қайырдан құралған мүминге 
қайран  қалам!..  Бұл  жағдай  мүминнен  басқа  ешкімде 
жоқ. Қолына бір нығмет түссе шүкір етеді, бұл ол үшін 
қайыр болады. Бір пәлеге ұшыраса сабыр етеді, бұл да ол 
үшін қайыр болады». 
(Мүслим, Зүһд, 64)
 
Бір  күні,  Аллаhтың  Елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) Мырзамыз Мәдинада болған кезде аяқтарында 
киетін  нәрселері  жоқ,  аштық  пен  ыстықтан  терілері 
сүйектеріне  жабысқан  жарлы  ел  келеді.  Мұны  көрген 
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
қайғыға  шомып,  түсі  өзгерді.  Біләл  (Радиаллаһу 
анһу)ға  азан  шақыртып  қадірлі  сахабаларын  жинады. 
Содан  кейін  бұл  пақырларға  жәрдем  беріліп,  мол 
қайырымдылық көрсетілді. 
(Мүслим)
 
Қоғамның  экономикалық  құрылымында  жағдайы 
төмендердің  (пақырлар),  орта  жағдайлылардың  және 

- 88 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
байлардың  болуы  қажет.  Көркем  аяттарда,  Киелі 
Хадистерде  және  Хақ  Тағаланың  тура  жол  көрсетуші 
ретінде  жіберген  Пайғамбарлардың  өмірінде  бұл 
топтардың Ислами өлшеулер бойынша қалай өмір сүру 
керектігі  көрсетілген.  «Фуқара-и  Сабирин  уа  ағниа-и 
шакирин» (сабырлы пақырлар және шүкірлі байлар) өте 
көп мақталған екі топ болып табылады.
Мақсат - Аллаhтың берген нығметтерін қайтадан Оның 
жолында жұмсау, берілмеген нығметтер қарсысында да 
«сабри жемил» яғни, күшті сабыр көрсету болса керек. 
Абдурахман  бин  Ауф,  Хазіреті  Әбу  Бәкір  және  сол 
сияқтылар шүкір еткен байлардан, Әбу Зәрр әл-Ғыфари, 
Әбуд-Дерда мен сол сияқтылар сабыр еткен пақырлардан 
еді. Бұл екі топтың да өмірдегі тұрмыстары бір-біріне өте 
жақын,  затқа  деген  көзқарастары  «Мүлік  Аллаhтыкі» 
ережесі еді.
Сондықтан Ислам, шариғатқа қарсы келмейтін, тура 
жолдан  адастырмайтын  пақырлық  және  байлықты 
қорламай,  екі  жағдайды  да  дұрыс  орындағандарды 
жәннәтпен қызықтырып, қуантқан.
Аллаh  Тағала  адам  баласына  әлсіздердің  құрметіне 
және  олардың  дұғасының  берекесі  арқылы  жәрдем 
етіп,  ырыздық  береді.  Шынында  Хазіреті  Пайғамбар 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да:
«Аллаh,  бұл  үмбетке  әлсіздердің  дұғаларының, 
намаздарының және ықыластарының себебімен жәрдем 
етеді» 
(Нәсай, Жиһад, 43)
 -деген.
Сондықтан, Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) соғыстарды пақыр мұсылмандардың дұғасымен 
бастатып, берекесінен жеңіс күтетін. Суффе қауымының 
мұқтаждық көрген жайларына қарап:
«…Егер, Аллаhтың қасында сендер үшін дайындалған 
нығметтерді  білсеңдер  ғой,  мұқтаждықтарыңның 

- 89 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
көбеюін  қалар  едіңдер!..» 
(Тирмизи,  Зүһд,  39)
  -деп  айтып, 
олардың  хал-жағдайларын  мақтап,  пақырларға  берген 
мәннің шексіздігін көрсететін.
Тағы  да  Оның  бәлкім,  мұсылмандардың  сол  кездегі 
экономикалық тұрмыстарын байқап:
«Баспана болар үй, жейтін бір нан, адамның ұятты 
жерлерін жабатын киім әрі ішетін судан басқаға адам 
баласының хақысы жоқ» 
(Тирмизи, Зүһд, 30; Ахмет бин Хәнбал, 
І,  62)
  -деп  айтуы,  «hауз  кәусардан»  (жәннатта  ішілетін 
кәусар  суының  көлшігі)  ең  алғаш  ішетін  адамдардың 
мұхажирлердің  кедейлері  болғанын  айтуы  (Қараңыз 
Тирмизи,  Қиямет,  15)  және  Аллаhтың  пәк,  пақыр 
мүмин  құлдарын  сүйетінін  айтуы  да,  пақырлық  және 
мұқтаждық  жағдайларындағы  сабыр  мен  тәуекелдің 
қадірін білдіретін сөздер деп есептеледі.
Тағы да айтады:
«Іштеріңде  сақал-шашы  үрпиіп,  алба-жұлба  болып 
жүрген  қаншама  адам  бар,  олар  қолдарын  жайып 
Аллаhқа  ант  етсе,  Аллаh  олардың  анттарын  бос 
қалдырмайды  және  анттарында  hанис  қылмайды 
(яғни,  осындай  адамдар  Аллаh  Тағаланың  алдында 
«Наз қауымы» деп білінеді. Аллаhтан бір нәрсенің пайда 
болуын, іске асуын, күшті бір жалбарыну және үмітпен 
сұраса  және  оны  халықтың  алдында  антпен  айтса, 
Аллаh Тағала оларды қарабет қылмайды (ұялтпайды), 
анттары  нәтижесіз  қалмайды.)  Бера  бин  Мәлік  те 
сондай адамның біреуі»
(Тирмизи, Мәнақиб, 54)
 
Әнастың бауыры Бераның не бір жейтін заты, не бір 
жататын  орны  болмаған  еді.  Өлместей  аз  азықпен  өмір 
сүретін  еді.  Міне,  осындай  адамдар,  яғни  пақырлықты 
сабырмен  және  тәуекелмен  қарсы  алғандар,  ант  етсе, 
Аллаhтың  оларды  өтірікші  қылмайтынын  Пайғамбар 
өз  аузынан  айтып  кеткен.  Шынында  Бера  (радиаллаһу 

- 90 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
анһу)  Хазіреті  Омар  кезінде  Ислами  соғыстардың 
бірінде,  мұсылмандардың  саны  өте  аз  болып  қиналып 
қалғаны себепті қолбасшы жоғарыда келтірілген хадисті 
білетіндіктен табандылықпен ант етуін сұрағанда:
«Уаллаhи  (Аллаh  атына)  ертең  жеңіс  нәсіп  болады. 
Әрі Уаллаhи мен де шәйіт боламын!» - деп ант етті.
Шынында  да  келесі  күні  жеңіс  нәсіп  болды  және 
Хазіреті  Бера  да  әуестікпен  армандаған  шәйіттік 
мәртебесіне  жетіп,  сүйінішпен  Рахманның 
(аса  қамқор) 
рахметіне  қауышты.  Осымен  жаңа  бір  Мұхаммеди 
мұғжиза жүзеге асты.
Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  өмірі  керемет  ғибратты,  туралық,  дұрыстық, 
әділдік, мейірімділік және әдептілік көріністеріне толы. 
Жұбайы Айшаға (радиаллаһү анһә):
«Ей,  Айша!  Пақырларды  сүй!  Оларды  өзіңе  жақын 
ұста. Аллаh Жәллә Желәлуhу да сені қиямет күні өзіне 
жақын қылсын!..»
«Ей,  Айша!  Ешқашан  мұқтаж  біреуді  есігіңнен  бос 
қайтарма, жарты құрмамен болса да өзіңді тозақ отынан 
сақта»
 (Тирмизи, Зүһд, 37)
 -деп ақыл айтқан.
Ислам  дамушы  бір  жүйе,  арна.  Бірақ  Ислам,  бір 
мемлекеттік  ұйымның  өзінен  бұрынғы  тура  және  бо-
лымды  мәмілелерінен  бас  тартпайды,  жақсы  жерлерін 
дамытады,  болымсыз  теріс  жақтарын  жөндеп  жақсар-
туға  тырысады.  Ол  дүниеге  әкелген  негізгі  дәстүрлері-
мен ертеден жалғасып келе жатқан болымды дәстүрлерді 
сақтап  қалуды  қиын  мәселе  деп  көрмейді.  Сол  себепті 
жақсартылуға  мұқтаж  болған  бір  ұйымды  жоюдың 
орнына тірілтуді артық көреді.
Ислам  жаңадан  келтірген  дәстүрлерді  өзіне  және 
идеясына  толық  сенетін  қоғам  қайраткерлері  де 
қабылдайтын  тәсілмен  қоғамдық  тәртіпті  шайқай-

- 91 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
тын  тым  жылдам  өзгерістер  жасамай,  ұзақ  уақытқа 
жайып, көпшіліктің «жаңалықтарды сіңдіру қабілетін» 
қинамай, ықтимал болған кері әсер беретін амалдардың 
алдын алады. Бұл тәсілдің ең бейнелі мысалы - Исламның 
құлдық жүйесін жақсартуы. Ислам зұлым жүйе күйіне 
келген құлдықты тек қана аты қалатындай, бірте-бірте 
оның жойылуын қамтитын бірталай өкімдер шығарған. 
(Мысалы:  «парыз  оразаны  (рамазан  айында  ұсталатын 
отыз  күндік  ораза)  әдейі  бұзған  адам  бір  құл  азат  етуі 
керек»-деген сияқты)
Тек  қана  аты  болғанына  және  уақытша  қолда-
нылуына  қарап:  «Ислам  құлдықты  қолдайды»-  деген 
түсінік  надандық  немесе  араздықтан  басқа  нәрсе  емес. 
Өйткені  құлдарға  қарасты  жаңа,  Ислами  ережелер 
оларды  бүгінгі  тәуелсіз  деп  саналатын  «жаңа  кезеңнің 
өндірісіндегі  жұмысшылардан»  да  еркін  деңгейге 
шығу  бақытына  жеткізген  еді.  Ислам  түрлі  қылмыс-
қателердің  кешірілуі  үшін  құл  азат  ету  тәсілінің 
арқасында  құлды  иесі  үшін  пайдаланатын  зат  ретінде 
қолданылудан  құтқарды.  Осыменен  құлдың  еркін 
адамдардан  көп  айырмашылығы  қалмайды.  Шынында 
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
құлға  кигеніңнен  кигізу,  жегеніңнен  жегізу  сияқты 
жүктемелерге ең алғаш жауапкер болып, бұл діннің ең 
кәміл  орындаушысы  болған.  Бір  зұлым  жүйе  болған 
құлдық  Ислами  мейірімділік  пен  қайырымдылықтың 
берекесімен  «хаққ  ғибад»  яғни  «құл  ақысы»  қамымен 
бұл заманда маңыздылығын жоғалтқан.
Расында  Ол  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  соғыс 
тұтқындарына  тәлім-тәрбиесін  бергізіп  әрі  оларды 
азат  етіп,  үйлендірулерін  иелеріне  насихаттайтын. 
Құлдарына  жаман,  тұрпайы  мінез  көрсеткендердің 
жәннәтқа кіре алмайтындықтарын айтатын.

- 92 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Ислам  негізгі  көзқарасы  бойынша  ең  әуелі 
қылмыстың шығу себебін біліп, осы қылмыстың екінші 
рет  қайталанбауы  үшін  шаралар  қолданып,  қылмыс-
керді  түзетуге  тырысады.  Ислам  заңында  жаза  -  әке-
шешесінің  баласын  жазалауы  сияқты.  Негізгі  мақсат 
оны қоғамдық өмірден шеттету емес, қауымға жаңадан 
лайықты мүше болатындай жағдайға жеткізу.
Аббад ибн Шурахбил есімді пақыр адам аш болған соң 
біреудің құрма бағына кіреді де, бірнеше құрманы жеп, 
біразын  қалтасына  салып  алады.  Сол  кезде  бақшаның 
иесі  оны  ұстап  алып,  сабайды.  Жанына  батып  кеткен 
соң Аббад Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм)  барып,  бақшаның  иесіне  деген  наразылығын 
білдіреді.  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) бақшаның иесін шақырып алып:
«Білмейсің  бе,  ол  надан  адам!  Не  істегенін  білмеуі 
мүмкін. (Сен оны үгіттедің бе?) Және де ол аш болатын, 
сен  оның  қарнын  тойғызуың  керек  еді!» 
(Нәсай,  Әдәбул-
Қаза 21; Әбу Дәуіт, Жиһад 58) 
 -деп ескерту жасағаннан кейін 
бақшаның иесі істеген ісіне өкініп Аббадқа біраз құрма 
және оған қосып бір қап бидай береді.
Пайғамбарымыздың бұл ісі, ұрыны қорғау емес, бұл 
қылмыстың  пайда  болуына  себепші  болған  қоғамдағы 
кемшіліктердің  орнын  толтырып,  түзету  әрекеті. 
Негізінде  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  осындай  бір  қылмысты  қызы  Фатима  істесе  де 
қолын кесетінін айтып ескерткен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет