Рахмет самалы


Әбу  Жәhилдің  ұлы  Икриме



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата29.01.2017
өлшемі2,36 Mb.
#2966
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

Әбу  Жәhилдің  ұлы  Икриме  белгілі  Ислам  дұшпаны 
еді. Меккенің алынуынан кейін Иеменге қашып кеткен. 
Мұсылман  болған  әйелі  оны  Хазіреті  Пайғамбардың 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  алдына  алып  барады. 
Аллаhтың  Елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
Икримені қуанышпен қарсы алып:
«Ей,  көшпен  (атқа  мінер),  қош  келдің!»  -  деп, 
мұсылмандарға  істеген  зұлымдықты  бетіне  баспай-ақ 
оны кешірді.
Хабир  ибн  Әсед  те  Ислам  дұшпандарының  біреуі 
еді.  Меккеден  Мәдинаға  хижрат  кезінде  Хазіреті 

- 106 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  қызы 
Зейнепті (радиаллаһү анһә) әдейілеп түйеден құлатқан. 
Аяғы  ауыр  Зейнеп  баласын  түсіріп  алып,  өте  қатты 
жараланған  еді.  Хабир  бин  Есед  осы  сияқты  бірталай 
қылмыс  істеген.  Меккенің  алынуынан  кейін  қашуға 
тырысады,  бірақ  жолын  таба  алмайды.  Содан  кейін 
иман етіп Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) алдына келеді. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  оны  істеген  зұлымдықтарына 
қарамастан кешіреді...
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
жиі-жиі:
«Аллаhым, үмбетімді кешіре гөр, өйткені олар білмей 
жатыр!» 
(Ибн  Мәже,  Мәнасик,  56;  Ахмет  бин  Хәнбал,  IV,  14)
  -деп 
дұға ететін.
Хамаме  есімді  бір  адам  мұсылман  болады  да, 
Меккелік  кәпірлермен  істейтін  сауда-саттық  байла-
нысын үзеді. Бұдан сасып қалған Меккеліктер Хазіреті 
Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)ға  өтініш 
жасайды.  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  да  Хамамеге  хат  жазып  саудасын  жалғастыра 
беруін  сұрайды.  Алайда  ол  кәпірлер  үш  жыл  бойы 
мұсылмандарды  аштықпен  қинап,  азап  шеккізген  еді. 
Аллаhтың Елшісі оларды да кешірді. Кейіннен бұл ұлы 
ерекшелікті  көрген  Меккеліктердің  бәрі  мұсылман 
болды.
Тағы бір күні Аллаhтың Елшісін өлтіруге сексен адам 
келіп, бәрі де ұсталған. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) оларды да кешірген.
Хайбарда  бір  әйел  Аллаhтың  Елшісінің  тамағына  у 
қосқан  еді.  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
тамақтан  ауыз  тиіп,  мұны  біліп  қойғанда  Еврей  әйел  у 
қосқанын  мойындады.  Бірақ  Пайғамбар  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) осы әйелді де кешірді. Өйткені Құран 
Кәрімде:

- 107 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«(Ей  Пайғамбарым!)  Сен  кешірімділік  жолын  ұста; 
лайықты болғанды әмір ет; надандарға назар аударма!» 
(Ағраф, 199)
 - деп бұйырылған.
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
Құранда  баяндалған  мінез-құлықтың  жанды  үлгісі 
еді.  Өзіне  қарсы  істелген  қылмыс-қателердің  бәрін 
ойламастан  шын  жүректен  кешіретін.  Бірақ,  қоғамға 
қарсы  істелген  қылмыстарды  хақты  ұстап  көтергенге 
дейін және хақ иесінің 
(Іс-әрекеті әділ бірақ ақысын жегізген адам)
 
ақысын алғанға дейін Оны ешкім тоқтата алмайтын.
Ең  сүйікті  сахабаларының  біреуі  Yсәме  (радиаллаһу 
анһу) бір атақты отбасының ұрлық жасаған қызы үшін 
дәнекер болып кешірім сұраған еді, Хазіреті Пайғамбар 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  қайғыдан  түсі  бұзылды 
да, қаттырақ:
«Бұл ұрлықты қызым Фатима істесе де, оның қолын 
шабар едім!..» 
(Бұхари, Хұдуд, 12) 
 -деп айтты.
Рахмет Пайғамбарының
жомарттығы
Ибн Аббас (радиаллаһу анһу), Хазіреті Пайғамбардың 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  жомарттығы  туралы 
былай айтады:
«Пайғамбар  (Саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
адамдардың  ең  жомарты  еді.  Жомарттығы  оразада 
тіпті  арта  түсетін.  Өмір  бойы  Ол,  бір  нәрсе  сұраған 
адамға жоқ деп айтқан емес!»
(Бұхари, Бәдул уаһи, 5-6; Нәсай, 
Сиям, 2)
 
Пайғамбардың  мінезінің  біреуі  сұрағанда  қайтар-
мау, ешқандай мүмкіндік болмаса да жылы шыраймен, 
ыстық  сөзімен  көңілін  аулауға  тырысу  еді.  Аллаhтың 
Елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  туралы  мына 
мысал қандай керемет:

- 108 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Кішкентай  бір  бала,  пайғамбардың  алдына  кіріп, 
анасының  бір  көйлек  сұрап  жатқанын  айтады.  Сол 
кезде  Пайғамбардың  өз  үстіндегі  көйлегінен  басқасы 
жоқ еді. Сондықтан ол баладан басқа бір уақытта келуін 
сұрады.  Бала  кетіп  қалып,  біраз  уақыттан  кейін  қайта 
келді де, анасының Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  үстіндегі  көйлегін  сұрап  жатқанын 
айтты.  Сонда  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи 
уә сәлләм) өз бөлмесіне кіріп, үстіндегі көйлегін шешіп, 
балаға берді.
Сол уақытта Біләл (радиаллаһу анһу) азан шақырып 
жатыр  еді.  Аллаhтың  Елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  үстіне  киетін  бір  нәрсе  таба  алмағандықтан 
жамағатқа  қатыса  алмады.  Бірнеше  сахаба  алаңдап 
Пайғамбардың  бөлмесіне  барды  да,  Оның  көйлексіз 
отырғанының  үстінен  түсті». 
(Тәфсир  Хазин,  Хазіреті 
Жәбирден)
 
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
өзін  бір  садақа  таратушы  қызметкер  деп  сипаттап,  осы 
таратудың  «Барлықтың  Иесі»  болған  Аллаhтан  екенін 
айтатын. Бірде Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи 
уә  сәлләм)  бір  адам  келген  еді.  Аллаhтың  Елшісіне 
қарасты ешкілерді көрді де, бір ешкі сұрады. Аллаhтың 
Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ешкілердің бәрін 
оған берді. Сол адам еліне қайтқанда таң қалғанын жа-
сыра алмай:
«Мұхаммед 
пақырлықтан 
қорықпайтындай 
жомарт!» - деді.
Тағы 
біреуі 
келіп, 
Хазіреті 
Пайғамбардан 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  бір  нәрсе  сұрады. 
Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
оған  беретін  еш  нәрсесі  жоқ  болғандықтан  сол  адамға 
біреуден  қарыз  алуға  кеңес  берді  және  өзінің  де  сол 
қарызды төлейтініне уәде етті.

- 109 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Атасы  Ибраһим  (аләйһиссәләм)  сияқты  ешбір 
тамақты  қонақсыз,  жалғыз  өзі  ішпейтін  еді.  Қайтыс 
болғандардың  қарызын  төлететін  немесе  өзі  төлейтін, 
қарызы  төленбей  жаназа  намазын  оқымайтын  еді.  Бір 
Киелі Хадисте:
«Жомарт  адам  Аллаhқа,  жәннәтқа  және  адамдарға 
жақын,  тозақ  отынан  алыс  болады...  Ал  сараң  адам 
жәннәтқа  және  адамдарға  алыс,  тозақ  отына  жақын 
болады!» 
(Тирмизи, Бирр, 40)
 -деген.
Басқа бір Киелі Хадисте:
«Шын  мүминде  осы  екі  сипат  мүлдем  болмайды: 
сараңдық пен жаман мінез!..» 
(Тирмизи, Бирр, 41)
 -деген.
Өз  есесіне  түскен  соғыс  олжасын  елге  таратып 
болмайынша  тынышталмайтын.  Хазіреті  Пайғамбар 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қайтыс болғанда Айшаға 
(радиаллаһу  анһә)  арпадан  пісірілген  бір  нан  мирас 
болып қалған еді. Айша (радиаллаһу анһә) бұл нанның 
берекелігін баяндап:
«Сол нанмен ұзақ уақыт қажетімді көрдім!..» - деп 
айтқан.
Рахмет Пайғамбарындағы жақындық,
шындық және адалдық
Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) күнә, 
сауап, әмір* және тыйымдарды** білмейтін адамдардың 
жағдайына  өте  қатты  қайғыратын.  Есіктен  есікке 
барып Аллаhтың дінін таратып жеткізерде, кей кездері 
есіктер  бетіне  жабылатын.  Сонда  ол,  өзіне  істелген  бұл 
тұрпайылыққа  емес,  олардың  бейқамдығына  және 
надандығына қайғыратын.
Сондай адамдарға:

- 110 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Істеген ісім үшін сіздерден бір ақы сұрамаймын!» 
(Сад, 
86)
  -деп  айтып,  тек  қана  Аллаhтың  ризалығы,  мақсаты 
болғанын айтатын.
Шындық  пен  адалдық  жағынан  ешкім  Хазіреті 
Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) деңгейіне 
жете алмаған. Өзі жетім еді. Ағасы Әбу Тәліптің қасында 
саудамен  айналыса  бастаған.  Дұрыстығы  және  сауда-
саттықтағы  әділеттілігімен  талай  адамдарға  танылған, 
сыйлы және беделді болып «әл-Әмин» (сенімді) сипатына 
жеткен. Оны кедей де бай да «әмин» сипатымен еске алып 
айтатын еді. Меккенің абыройлы (атақты) адамдарының 
бірі  болған  Хазіреті  Хадиша  (радиаллаһу  анһә)  Оның 
адалдығына сүйсініп, өзімен үйленуді ұсынған. Хадиша 
анамыз  Аллаhтың  Елшісінің  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) өмір бойғы ең күшті сүйеніші болған. Уаhидың 
келуінің  алғашқы  реттерінде  таңданған  Хазіреті 
Пайғамбарға  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  әрдайым 
күш берген, әрі қауіпті сәттерде жұбатқан.
Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  тап-таза 
өмір сүрген. Сондықтан Пайғамбарлығын нәпсісінен аса 
алмауы  себебімен  қабылдамағандар,  Оны  ұжданмен  де 
болса қабылдауға мәжбүр болған.
Исламның  дүниеге  келуінен  бүгінге  дейін  өткен  14 
ғасырдан бері, Оның істерінің дұрыстығын ұжданымен 
де  болса  қабылдамаған  ешкім  жоқ.  Ислам  дұшпаны 
Еврейлер  де  араларында  келісе  алмаған  кездерінде 
Оған  келетін.  Аллаhтың  Елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  да  олардың  даулы  мәселелерін  шешіп  беретін 
еді.  Пайғамбар  еврейлер  мен  христиандарға  қарсы  да 
әділ мәміле жасаған.
Хазіреті Әлиге (радиаллаһу анһу) әділет жайлы:
«Келісе  алмаған  екі  жақты  тыңдамай  шешім 
жасама!  Тура  шешімге  тек  қана  екі  жақты  да 

- 111 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
тыңдағаннан кейін бара аласың!..»
 (Ахмет бин Хәнбал, І, 90) 
 
-деп ақыл айтқан.
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
Меккеден  хижрат  ететін  кезінде,  әшекейлік  бұйым-
дар  мен  асыл  тастар  сияқты  қолындағы  аманаттарды 
иелеріне  қайтару  үшін  Хазіреті  Әлиге  тапсырып,  оны 
өзіне  уәкіл  қылған.  Дұшпандары  да  Оның  адалдығына 
қайран қалатын.
Рахмет Пайғамбарының
инабаттылығы
Сахабалардың 
айтуынша 
Хазіреті 
Пайғамбар 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  орамал  жамылған  жас 
қыздан  да  инабатты  еді.  Ешқашан  көтеріңкі  дауыспен 
сөйлемеген  еді.  Адамдардың  қасынан  ақырын  және 
күлімдеп  өтетін  еді.  Бір  адамнан  ұнамсыз,  тұрпайы 
сөз  естісе  де  оның  бетіне  бір  нәрсе  айтпайтын.  Беттегі 
өзгерістер  ішкі  жан-дүниенің  көрінісі  болғандықтан 
төңірегіндегілер,  сөздерінде  және  әрекеттерінде  өте 
абайлы  болатын.  Ар-ұяттың  күштілігінен  тарқылдап 
күлген  емес  еді,  тек  қана  күлімдейтін.  Киелі 
Хадистерінде:
«Ар-ұят Иманнан деп есептеледі. Және де инабатты 
адам жәннәтқа барады, ал арсыздық көңілдің қатты-
лығынан, көңілі қатты адам тозақта болады!..»
(Бұхари, 
Имам, 16)
 -деп айтқан.
Басқа бір Киелі Хадисте:
«Инабат және иман бір жерде болады, біреуі жоғалса 
екіншісі де кетеді!»
(Суюти, әл-Жамиус-Сағир, І, 53)
 -деп айтып, 
инабаттылықтың  маңыздылығына  назар  аудартқан. 
Және:
«Тұрпайы 
сөз 
ұяттан 
басқа 
еш 
нәрсе 
әкелмейді!  Инабаттылық  пен  әдеп  кірген  жерін 
әсемдетеді!..»
(Мүслим, Бирр, 78, Әбу Дәуіт, Жиһад, І)
 -деген.

- 112 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Шын  инабатқа  дүниеге  деген  махаббатты  жүректен 
шығаруға  дәнекер  болған  «өлімді  еске  алу  арқылы» 
жетеді.  Сондықтан  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  сахабаларына  әрдайым  Аллаhтан 
шынайы түрде ұялып, инабатты болуларын әмір еткен. 
Бір  ретінде  олардың  Раббыларына  үздіксіз  инабатпен 
хамд  еткендері  туралы  сөздерін  тыңдаған  Пайғамбар 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм),  шынайы  инабаттың 
денедегі бүкіл мүшелерді харамнан сақтау, өлімді естен 
шығармау екендігін баяндап берді. Одан кейін, ақыретті 
армандаған  адамның  дүние-мүлікке  деген  махаббатты 
тастауы керектігін де айтып, тек қана солай істегендердің 
Аллаhтан толығымен (дәл орынымен) ұяла білетіндерін 
айтты.
(Тирмизи, Сифатул Қияма 24)
 
Рахмет Пайғамбарының адамдардың 
жақсылығын қалауындағы сергектігі
Хазіреті  Мұхаммед  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
адамдардың тартқан қайғыларына қам жеумен қоймай, 
олардың  табысқа  жетулері  үшін  де  сергек  еді.  Құран 
Кәрімде Оның бұл ерекшелігі былай айтылады:
«Ант  болсын!  Сендерге  іштеріңнен  ардақты  бір 
Пайғамбар  келді  де,  қиналғандарың  Оған  ауыр  тиеді. 
Сендерге өте ынтық, мүминдерге өте мейірімді, оларға 
хайыр тілейді». 
(Тәубе сүресі 128-аят)
Бұл аятта Аллаh Тағала Пайғамбарын өзіне (Аллаһқа) 
ғана тән «Рауф» 
(Өте мейірімді)
 және «Раhим» 
(Аллаһ Тағаланың 
мұсылмандарға ақыретте көрсететін мейірімі) 
есімдерімен сыйлап 
таныстырып жатыр.
Ол  әрдайым  адамдардың  табысқа  жетуін  тілейтін. 
Және  егер  олардың,  өзінің  ерекшеліктері  мен  жақсы-
лықтары  турасында  амалдар  істегенін  көрсе,  қуанып 
тынышталатын.

- 113 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Аллаhтың  Елшісінің  бұл  кәмелді  мінез-құлқы 
қабілеті  мен  дәрежесіне  қарай  сахабаларға  дарыған. 
Хазіреті Осман (радиаллаһу анһу) Хұдәйбияда Хазіреті 
Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  тарапынан 
елші  болып  Меккеге  жіберілген  еді.  Хазіреті  Осман 
кәпірлерге  Пайғамбар  және  сахабалардың  Қағбаны 
тауаф 
(Қажылардың  Қағбаны  жеті  рет  айналуы,  қажылықта 
орындалуға тиісті ғибадаттардың біреуі)
 ету ниетімен келгендерін 
айтқанда, олар тек қана Османға (радиаллаһу анһу) ғана 
рұқсат еткен. Бірақ Осман (радиаллаһу анһу):
«Аллаhтың  Пайғамбары  тауап  етпейінше  мен  де 
етпеймін!  Хазіреті  Пайғамбар  қабылданбаған  жерде 
мен де жоқпын!»-деп бұл ұсыныстарынан бас тартқан.
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
сол  кезде  Хұдәйбияда  сахабаларынан  биат  (ант,  уәде) 
қабылдап  жатыр  еді.  Хазіреті  Осман  сол  жерде  болма-
ғандықтан  Аллаhтың  Елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) оның орнына екі қолын үсті-үстіне қойып:
«Аллаhым, бұл бейат. Осман үшін! Күмәнсіз Ол, сенің 
және Пайғамбарыңның қызметінде» - деп айтты.
Ол  басқа  басшылар  сияқты  тек  қана  бір  жақсылық 
тілеушісі емес, үмбетіне бүкіл күшімен сүйеніш болған 
жол көрсетуші еді.
Бір сахаба Хазіреті Пайғамбардан (саллаллаһу аләйһи 
уә  сәлләм)  ақуалының  жақсы  немесе  жаман  болғанын 
қалай  білетінін  сұрады.  Аллаhтың  Елшісі  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) оған:
«Ақыретке  қарасты  істердің  біреуін  қалағанда 
оны  орындау  саған  оңайға  түсіп  жатса  және  дүниеге 
қарасты істердің біреуін қалағанда оны орындау саған 
қиынға  соқса,  шынында  сен  жақсы  ақуалдасың.  Егер 
ақырет  істерінің  біреуін  қалағаныңда  оны  орындау 
саған  қиын  келіп  жатса  және  дүние  істерінің  біреуін 

- 114 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қалағаныңда оны орындау саған жеңіл болса жаман бір 
ақуалдасың»-деп айтты.
Ол  ісімен,  сөзімен  және  мінезді  өмір  сүруімен  бүкіл 
адамзатты  бөлеген  бір  рахмет  еді,  жол  көрсетуші  еді. 
Һидайет  делінген  тура  жолда  әр  түрлі  машақат  пен 
азаптың ең ауыры оның мойнында еді. Ол өзіне жүктелген 
құдайы  міндетті  ең  кәмелді  бір  түрде  орындады.  Бұл 
мәселеде  өте  сабырлы  және  қайратты  болатын,  бірақ 
кейде  өзін  күйретпеуі  үшін  құдайы  ескертулер  де 
болатын еді.
Адамдардың  сәлеметі  үшін  Хазіреті  Пайғамбар 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  көрсеткен  бұл  ұлы 
ерекшелік Құран Кәрімде осы аятпен баяндалады:
«(Пайғамбарым!)  Олар  иман  етпей  жатыр  деп  өзіңді 
күйрете жаздайсың!» 
(Шұғара сүресі 3-аят)
Осы көркем аят Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  рахымы  мен  мейірімінің  көрінісі 
ретінде  «дүниеде  өмір  сүрген  әрбір  адамның  Аллаhқа 
нануын  және  олардың  тозақ  отының  азабынан  құт-
қарылуын» армандағанын дәлелдейді.
Әбу  Жәһилдің  Пайғамбарға  тиіскенін  естіген  Хазі-
реті  Хамза  рушыл  бір  оймен  ашуланып  Әбу  Жәһилді 
садағымен  ұрып  жіберген  еді.  Кейін  Пайғамбарға 
бұрылып алып:
«Мұхаммед тыныш бол! Өйткені Әбу Жәһилден өшіңді 
алдым!»-деген  сөздеріне  Аллаhтың  Елшісі  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм):
«Менің  өш  алумен  ісім,  байланысым  жоқ,  бірақ  сен 
мұсылман  болсаң,  сонда  тынышталамын!»  -  деді. 
Хазіреті  Хамза  бұл  сөздердегі  тереңдікті  аңғарып, 
мұсылман болды.
Оның көрнекті қимыл-әрекеттері мен сәулетті мінезі, 
әдеттегі пенделік бір ой және өш алу сезімдерінен алыс 
болғанындай өз нәпсісі үшін де арманы жоқ еді.

- 115 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Аллаhтың  Елшісінің  өмірінде  ешқашан  өзі  үшін  өш 
алмағанын көреміз.
Бір Киелі Хадисте былай айтылады:
«Мен  сендердің  қателеріңді  беттеріңе  баспай, 
үндемей-ақ тәрбиелеп жатырмын».
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
мырзамыз  ешбір  сахабаның  қатесін  бетіне  тіке 
айтпаған.
«Маған  не  болып  қалды,  сендерді  бұндай  ғып  көріп 
жатқаным не екен?»-деп, өзін қате көріп жатқан болып 
көрсететін.  Насихаттап  жатқан  кезінде  де  сөйлесіп 
жатқан  адамының  мұңаймауы  және  ренжімеуі  үшін 
қолынан келгенінше нәзік әрекет көрсеткен Ол – «даңқы 
ұлы Пайғамбар» бір мейірім ескерткіші еді.
Бұл  ерекшеліктер  Оның  халі  мен  әрекеттерінде, 
сөйлеулерінде  де  көрінетін  еді.  Міне  сәулетті  мінез 
иесінің бір сөйлеуі:
«Ей,  иман  еткендер!  Аллаh  сендерді  қауіпсіздік 
және  амандықта  болдырсын!  Сендерді  күзетсін!  Сен-
дерді жамандықтан сақтасын! Сендерді ұлы мәртебеге 
шығарсын!  Сендерге  жол  көрсетсін!  Сендерді  өз 
қауіпсіздігінде  ұстасын!  Сендерді  әр  түрлі  бақытсыз-
дықтан  және  діндеріңді  сендер  үшін  сақтап,  қорға-
сын!»
Әлемге 
рахмет 
болып 
жіберілген 
Пайғамбар 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), Аллаhтың «Ғафур» және 
«Раhим»  сипаттарының  көрінісіне  жетіп,  Исламды 
қабылдамағандар үшін де өте қатты қайғырып олардың 
тозаққа  түспеуі  үшін  дұға  ететін.  Сол  себепті  тағы  да 
құдайы ескерту болды:
«Демек бұл сөзге (Құранға) нанбаса (және сол себептен 
жойылып кетеді деп) олар үшін қайғырып өзіңді күйрете 
жаздайсың!..» 
(Кәhф сүресі 6-аят)

- 116 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Пайғамбардың 
нұрынан 
барлық 
мұсылманнан 
көбірек нәсіп алған және мейірімділік шыңына жеткен 
Хазіреті Әбу Бәкір (Радиаллаһу анһу):
«Уа  Раббым!  Қиямет  күні  менің  денемді  тозақта 
менен басқасына жер қалмайтындай қылып үлкейт!» 
- деп, дұға еткен.
Оның  гүл  иісті  сұхбаттарында  болған  қадірлі 
сахабалар  махаббатпен  және  толқумен  алған  ілімді, 
нұрды,  ерекшелікті  және  рухани  өмірге  қарасты  мә-
селелерді  алыс  жерлерге  дейін  жеткізіп,  бүкіл  дүниеге 
таратқаны  Пайғамбар  оларға  үйреткен  «Жаратушыдан 
себеп  жаратылғандарға  мархамат»  түсінігінің  ең  анық 
мысалы болса керек.
Әркім  Оның  игілігі  мен  жомарттығынан  есесіне 
тигенін  алған.  Оның  жақсылығы  мен  махаббаты 
тасығанда  барлық  егіндіктерді  суға  тойдыратын  бір 
өзен  сияқты  еді.  Оның  қасынан  ешкім  аш,  сусыз  және 
назардан тыс қайтпайтын еді.
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
бірталай мұғжизаларына қосымша адамзаттың кісілігін, 
адамгершілігін  құрастырып  мәдениетке  көркемділік 
пен  абырой  беретін  сипаттар  сыйлаған  еді.  Осындай, 
мәдениеттің бай болуына дәнекер болатын көркем сөздер, 
әсем  мәмілелер  және  үлгі  болатын  істерден  тұратын 
сипаттардың  бәрі  Хазіреті  Мұхаммедтің  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) үлгі мәмілесі, сөздері және істерімен 
жүзеге асырылған.
Адамзаттың кісілігінде (мінезінде) пайда болған бұл 
керемет  өзгеріс,  Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  тәлім-тәрбиесінің  арқасында  болған 
теңдесі жоқ мұғжизасы болып табылады.
Оның тек қана Арабстан жарты аралымен шектелмей 
талай ғасырлар мен жерлерде бүкіл шекараны асқанын 

- 117 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
көреміз.  Көзқарасы,  сезуі  материалдық  дамудың 
алдында кетіп барады. Оның кәмілдігі ғасырларды тіпті 
мыңжылдықтарды  да  асып,  бүкіл  дамуларды,  табыс-
тарды және адамзат тарихын ішіне алады.
Өмірінің ащы және тәтті кезеңдері ешқандай қатесіз 
және  кемшіліксіз  өткен  осындай  адамның  тарихта 
екінші бір мысалын табу мүмкін емес.
Адамзат  тарихынан  епті  және  үстем  адамдарды 
қоғамдық  өмірдің  жекелеген  салаларынан  ғана  көруге 
болады.  Ал  Хазіреті  Пайғамбар  -  бүкіл  үстемдіктер  бір 
кісіде жиналған жалғыз үлгі болып табылады.
Құрметті оқырман,
Біз осы жерге дейін баяндап түсіндіргенімізбен адам 
түсінігінің биік шыңында болған бір кісі туралы не айтсақ 
та, Оның негізгі ақиқатынан өте алыста қалғанымызды 
білеміз.  Оны  толық  түсіндіру  талабынан  әдеппен 
бас  тартамыз.  Бәлкім  бұл  мәселедегі  әлсіздігімізді 
көрсететін  сөздерімізбен  біз,  ниетті  және  қайратты 
болу  абыройынан  басқа  нәрсені  талап  етпейміз.  Ол 
өзіне көрсетілетін махаббаттағы күштілік пен шындық 
мөлшерінше түсініле білетін бір шексіз, мәңгі әлем.
Аллаh, сол әлемнің аспанында қанат қағуды бәрімізге 
нәсіп етсін !..
Әмин !

- 118 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ХИЛИЕ-И ШӘРИФЕ (киелі жаратылыс)
Хілие  сөздікте  әшекей,  келбет  және  рухтағы 
әсемдік  мағынасына  келеді.  Терминологияда  болса 
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
Мырзамыздың,  адамзат  сөзінің  мүмкіндігі  жеткенше 
сөздермен сызылған суреті деп табылады.
Хазіреті  Фатима  (радиаллаһу  анһә)  Пайғамбар 
(Саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  Мырзамыздың  қайтыс 
болатынынан қысқа бір уақыт бұрын:
«-Ей,  Аллаhтың  Елшісі!  Сенің  келбетіңді  бұдан 
кейін  көре  алмаймын!»  -  деп  жылағанда,  Пайғамбар   
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  Хазіреті  Әлиді 
шақырып:
«-Ей  Әли,  хілиемді  жаз,  сипатымды  көру  мені  көру 
сияқты!» - деп бұйырған.
Наhифи былай айтады:
«Шынында бір адам, қасиетті хілиені көшіріп жазып 
алса және оған көп қараса, Аллаh Тағала оны аурулардан, 
қиыншылықтардан  және  мезгілсіз  өлімнен  сақтайды. 
Егер,  бір  сапарға  алып  барса  ол  сапарында  Аллаhтың 
қорғауында болады».
Бірталай  Ислам  авторы  қасиетті  хілиенің  сансыз 
ерекшеліктері туралы ойларын жазған еді. Әсіресе Хазі-
реті  Пайғамбарды  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  түсте 
көру  үшін  хілиені  жаттау  әдеті  бірталай  мұсылман 
мемлекеттерінде әлі күнге дейін жалғасып келе жатыр.
Сонымен қатар Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) «нурун ала нур» (нұр үстіне нұр) болған мүбәрәк 
келбетін  сөзбен  айтып  жеткізуге  сөздер  жеткіліксіз 
болғанындай,  Оның  ақиқатын  тамаша  және  толық 

- 119 -

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет