Рахмет самалы



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата29.01.2017
өлшемі2,36 Mb.
#2966
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қарамастан,  бірінші  орынға  Хазіреті  Пайғамбарды 
қоюға мәжбүр болған.
Негізінде  адамның  қасиеті,  ерекшелігі  -  Оны 
дұшпандары 
да 
қабылдап, 
мойындауға 
мәжбүр 
болатындай  болса  керек.  Міне  Хазіреті  Пайғамбардың 
ерекшелігі және ісі мен ой-пікірлеріндегі тұрақтылығы 
өзіне сенбегендер тарапынан да қабылданып отыр.
Өйткені,  Хазіреті  Мұхаммедтің  (саллаллаһу  аләйһи 
уә сәлләм) өзгеше сиреті әр түрлі істердің әрқайсысына 
бөлек-бөлек  жауап  беретін  мінез-құлық  кәмілдігін 
өзінде жинаған. Түрлі жағдайларға түскен адамдардың 
өмірінің  барлық  кезеңдерінде  оларға  жол  көрсетуші 
және  ұстаз  болатын  өмірбаян  -  жалғыз  Оның  сиреті. 
Ол жер жүзіндегі бүкіл адамдардың тәрбиесінің негізгі 
мәні. Ол нұр іздегендердің жолына нұр шашады. Оның 
hидайеті - тура жол іздеген әрбір адамға жарық беретін 
және  адастырмайтын  бір  сәуле.  Бүкіл  адамзаттың 
тәрбиешісі, үйретушісі тек қана Ол.
Оның  тәлім-тәрбие  алқасы  (сабағы)  адамзат 
тарихындағы барлық кезеңдерінен әр тайпаны жинаған 
бір  мектеп  сияқты  еді.  Барлық  ұлттар,  тілдерінің, 
түстерінің,  және  даму  дәрежесінің  айырмашылығына 
қарамастан  осы  алқада  қосылып  жатыр  еді.  Ешбір 
адамды  осы  жерге  алуға  ешқандай  тыйым  салынған 
емес.  Осы  жер  жалғыз-ақ  бір  қауымға  тиесілі  емес, 
адамзатты  тек  қана  адамзат  баласы  болғандықтан 
қолға алып зерттейтін ғылым және парасат зертханасы 
(лаборатория) сияқты еді. Әлсіз бен күштінің бір-бірінен 
айырмашылығы жоқ еді ...
Хазіреті  Пайғамбар  Мырзамыздың  ізінен  жүріп, 
Оған  бағынғандарға  қарасаңыз  іштерінде  Хабешістан 
патшасы  Нежаши,  Меанның  ұлысы  Феруе,  Хымиердің 
бастығы ЗүлкиләФирузи Дейлеми, Иемен ұлыларының 
біреуі Меракебуд, Умман әкімдерінен Убейд және Жафар 
сияқты таңдаулы адамдардың болғанын көресіздер.

- 42 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Тағы  назар  аударсаңыздар  бұл  патша  және 
бастықтардың  қасынан  Біләл,  Иасир,  Сухейб,  Хаббаб, 
Аммәр,  Әбу  Фукайха  сияқты  ешкімі  жоқ  құлдар  мен 
әлсіздерді  және  Сумәйя,  Лүбейне,  Зиннире,  Нехдиие, 
Yммү  Әбіс  сияқты  жәриелер  мен  иесіз  әйелдерді  таба 
аласыздар.
Оның  ұлы  сахабаларының  ішінде  зерек  адамдар, 
жарық  пікірді  және  табанды  көзқарастылар,  сонымен 
қатар  ең  нәзік  істерге  лайықты,  дүниенің  сырларын 
білетін,  мемлекеттерді  тәжірибелікпен  және  лайықты 
түрде басқаратын кісілер де бар болған.
Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
бағынғандар  қалаларды  басқарды.  Аймақтарға  әкім 
болды.  Адамдар  олардың  арқасында  бақытты  болды. 
Әділет  ләззаттарының  дәмін  татып  көрді.  Халыққа 
сәлеметті  және  тыныштықты  жайды.  Адамдарды  бір-
бірімен бауырмалдықпен өмір сүргізді.
1789  жылғы  Ұлы  Француз  төңкөрісінің  негізгі 
пікірлерін дайындағандардың біреуі - философ Лафает
атақты  «Адам  хақтары  баяндамасы»  жарияланбай 
тұрып, бүкіл заң жүйелерін зерттеген, Ислам заңының 
өзгешелігін, үстемдігін көріп:
«Ей,  Мұхаммед!  Сенің  әділетті  орындау,  іске  асыру 
жөніндегі жеткен жетістіктеріңе әлі ешкім жете алмады» 
- деп тебірене айтқан екен.
Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сыртқы 
ортадағы  берген  тәрбиесі  және  ішкі  жан  дүниесінің 
әсері  күшті  бір  дәрідей,  жартылай  жабайы,  көбі 
адамгершіліктен хабарсыз надан бір қауымды, адамзат 
тарихының  аңсаған  -  «cахаба»  сипатымен  елестетуге 
де  мүмкін  еместей  мәртебеге  жеткізді.  Оларды  бір 
діннің, бір тудың, бір заңның, бір мәдениеттің және бір 
басшылықтың астына біріктірді.

- 43 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Надан,  жабайы,  қанышер  адамдарды  мәдениетті, 
қылмыскер  және  рухы  кембағал  мінезділерді  мүттақи, 
яғни  Аллаhқа  деген  махаббатпен  және  Одан  қорқумен 
өмір сүрген өте таза адамдар дәрежесіне жеткізді.
Ғасырлар  бойы  назар  аударарлықтай  бір  де  бір  адам 
шығара  алмаған  қауым,  Оның  тәрбиесі  және  нұрымен 
безенген өте көп адам шығарды. Және ол адамдар тасыған 
нұрларын  бір-бір  иман,  ғылым  және  парасат  шырағы 
етіп  дүниенің  төрт  бұрышына  алып  барды.  Шөлге 
түскен  нұр  мәңгілікті  қанатына  алып  бүкіл  адамзатқа 
таратылды.  «Леуләке  Леуләке»*  сыры  көрініс  тапты. 
Әлемнің жаратылу мақсаты жүзеге асты.
Ол қысқа уақыттың ішінде дүниеде ешбір патша жете 
алмаған  жетістіктерге  жетіп,  асқақ  арманды  тәрбиеші 
болып, адамдардың көңілін көтерген кезінде де, аяғының 
астына жайылған кең дүниенің нығметтерінің ешбіреуіне 
көңіл  аудармай,  бұрынғыдай  қарапайымдылықпен, 
жарлы  түрде  кірпіштен  қаланған  кішкентай  үйінде 
өмір  сүре  берді.  Құрма  жапырақтарымен  толтырылған 
төсекте  ұйықтады.  Қарапайым  киімдер  киінді.  Жарлы 
адамнан да төмен өмір сүрді. Кейде, жеп-ішетін ешнәрсе 
таба алмаған кезде де, Раббысына шүкір етіп, аштығын 
басу  үшін  қарнына  тас  байлаған  күндері  де  болды. 
Істеген және істейтін бүткіл күнәлары кешірілген әлде 
де,  шүкіршілікпен  түндерін  аяқтары  ісігенге  дейін 
намаз  оқумен  өткізіп,  Аллаhқа  жалынуын  жалғастыра 
берді.  Ғаріптерге  медет(көмек)  берді.  Жетімдердің, 
жалғыздардың  жұбатушысы  болды.  Ол  ұлылығына 
қарамастан  ең  әлсіз  адамдардың  ісімен  өзі  айналысып, 
тіпті  оларға  кең  рақымымен  және  мейірімімен  өте  көп 
көмектескен.
* «Ләуләкә ләуләкә ләмә халәқтул әфләк»: мағынасы, сен болмасаң 
осы  әлемді жаратпас едім

- 44 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Адамдардың  көзіне  ең  күшті,  қуатты  көрінген 
Меккенің алынуы күні қорқыныш пен толқудан өзінен-
өзі дірілдеп, тісі тісіне тимей сақылдап:
-  Ей,  Аллаhтың  Елшісі!  Маған  Исламды  үйретіңіз 
-  деген  жерлесіне,  өзінің  өмірінің  мүмкіншілігі  нашар 
шақтарынан  осы  бір  мысалды  келтіріп,  тынышталуын 
сұрайды:
-  Тыныштал  бауырым.  Мен  бір  патша  немесе 
сұлтан  емеспін.  (Құрметті  анасының  атын  айтып) 
Құрайыш  руынан  шыққан,  күнде  кепкен  ет  жейтін 
сенің ескі көршіңнің жетімімін! - деп, адам түсінігі жете 
алмайтын қарапайымдылықтың тамаша үлгісін тарихқа 
сыйлаған.
Тағы да, сол күндері кәрі әкесін арқалап алдына алып 
келіп,  оған  иманды  үйретуін  сұраған  «Yңгір  жолдасы» 
Хазіреті Әбу Бәкірге:
-  Ей,  Әбу  Бәкір!  Қарт  әкеңді  неге  осы  жерге  дейін 
әкеліп шаршаттың? Біз осы кісінің қасына бара алмас 
па едік? - деп сұрап, қарсылық беруімен өз ерекшелігін 
көрсеткен.
Бүкіл 
мемлекеттер 
өз 
қалауларымен 
Оның 
қамқорлығына  кірді.  Арабстанның  о  жағы  мен  бұ 
жағына  әкім  болды.  Қалағанын  істеуге  мүмкіншілігі 
болды.  Ол  сонда  да  қарапайымдылығын  тастамады. 
Өзінің  ешбір  нәрсенің  иесі  емес  екенін,  барлығының 
да  Аллаhтың  құдіретті  қолында  екенін  айтатын.  Кезі 
келгенде,  қолында  көп  байлық  болды.  Қазыналар 
тиелген  түйелер  керуендерімен  Мәдина  Мунәууәраға 
(Нұрланған  Мәдина)  байлық,  мүлік  ағылды.  Ол 
бұлардың  бәрін  қажет  болғандарға  таратып,  бұрынғы 
жай қарапайым өмірін жалғастыра берді. Ол:
«Ұхуд  тауындай  алтыным  болса  (қарызымнан 
басқа)  үш  күннен  көп  ұстамас  едім»  (
Бухари,  Тәмәнна  2; 
Муслим, Зәкәт 31) 
 - деп айтқан еді.

- 45 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Бірталай  күндер  өтіп,  үйінде  тамақ  пісіру  үшін  от 
жағылмаған еді де Пайғамбар ұзақ уақыт аш жатып еді. 
Бір  күні  Хазіреті  Омар,  Хазіреті  Пайғамбарымыздың 
қасиетті  үйіне  келеді.  Бөлменің  ішін  көзбен  шалып 
шығады. Yйдің ішінде көзге ілінетін ештеңе көрінбеді. 
Құрма  жапырақтарынан  өрілген  бір  көпшік  бар  екен. 
Хазіреті  Пайғамбар  (Саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
соған сүйенгеннен, кепкен жастық Оның мүбәрәк тәніне 
батып  із  қалдырған  екен.  Бұрышта  бір  уыстай  арпа 
жатыр, оның қасында шегеге ілулі тұрған ескі су қабы 
бар.  Міне,  бары  осы-ақ!..  Арабстан  түбегіндегілердің 
барлығы  Хазіреті  Пайғамбарға  мойынсұнған  бұл  кезде 
Оның  дүние-мүлкі  тек  қана  осы  заттар  еді.  Хазіреті 
Омар  бұларды  көріп  ішін  тартады  да,  өзін  ұстай  алмай 
көздеріне  жас  келеді.    Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм):
- Неге жылайсың, Ей, Омар? - деп сұрайды.
Ол да:
- Неге жыламайын, Ей, Аллаhтың Елшісі! Рим және 
Парсы патшалары дүние нығметтерінің ішінде жүзеді. 
Ал  Аллаhтың  Пайғамбары  кепкен  жамбасшаның 
үстінде өмір сүреді, - дейді.
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
Хазіреті Омардың көңілін аулап, көтереді де:
-  Ей,  Омар!  Кисра  және  Кайсар  қамсыз  дүние 
нығметтерінен  ләззат  ала  берсін!  Бізге  ақырет 
нығметтері жетеді! - деп айтады.
Тағы осы жағдайға ұқсас бір оқиғада:
«Дүние маған не керек! Мен және дүниенің мысалы, 
жаздың ыстық күнінде бір ағаштың астында ұйықтап 
алып, өз жолына кететін жолаушы адамдай» 
(Тирмизи, 
Зуһд 44; Ибн Мәжә, Зуһд 3)
 - деп айтқаны, Аллаһтың Елшісінің 
жаратылысының кәмілдігін дәлелдейді.

- 46 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Оның  өмірі  бай  мен  кедей,  күшті  және  күшсіз 
үмбетінің барлығына үлгі-өнеге.
Қайтыс  болған  кезінде  не  бір  дирхем,  не  бір  динар 
ақшасы,  не  бір  құлы  немесе  бір  қойы  болмаған.  Одан 
тек  қана  бір  қашар,  бір  қылыш  және  мұсылмандарға 
бағыштаған  Фәдәк  бақшасының  топырағы  қалған  еді. 
Яғни,  мұрагерлеріне  ешбір  нәрсе  қалдырмаған.  Әуелі, 
мұсылмандар  бүкіл  зекетін  оларға  беріп  қояды  деп 
қауіптеніп,  өз  ұрпағынан  қалғандардың  зекет  алуына 
мүлдем тыйым салған.
Осы оқиғалардың бәрі, 1400 жыл бұрынғы жаһилиет 
делінген  қараңғы  кезеңде*  дүниеге  келген  бұл  умми 
адамның, бүгінгі және келешектегі кезеңдерде бір де бір 
адам баласының Оған еліктеп және Оған лайықты түрде 
әрекет жасай алмайтындай шын көсем болғандығының 
ең анық мысалы.
Байлық  пен  сәулетке,  патшалық  пен  атаққа,  рахат 
пен  молшылыққа  мүлдем  мән  берген  емес.  Тәухид** 
күресінің  тебіренісі  жанында,  дүниенің  бүкіл  байлығы 
және салтанаты Оның көзіне бір шөп іспеттес болды.
Хазіреті  Айшаның  айтқан  әңгімесі  бойынша:  өзін 
көруге  келген  Ансардан  бір  әйел  Аллаһтың  Елшісінің 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  төсегінің  бүктелген 
көрпеден құралғанын көргенде үйіне жүгіріп барып, іші 
жүнмен толтырылған төсек алып келеді. Бірақ, Хазіреті 
Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  төсегінің 
ауысқанын көріп, жақтырмай, Хазіреті Айшаға:
«Ей  Айша!  Төсекті  қайтарып  бер.  Аллаh  атымен 
ант  етемін,  егер  сұрасам  Аллаh  алтын  мен  күміс 
тауларын  менің  қасыма  үйіп,  қызметіме  берер  еді...» 
(Ахмед ибн Ханбәл, Китабуз Зуһд 30
) - деп айтады.
* Хазіреті Пайғамбар (Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пайғамбар 
болып жіберілуден бұрыңғы кезең жаһилие кезеңі деп аталады
** Аллаһты бірлеу және оның дінін үстем қылу

- 47 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Бұл  оқиғадан  Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  дүниеге  мүлдем  мән  бермегенін 
көреміз.
Оның 
бұл 
ерекшелігімен 
қатар, 
ең 
жақсы 
сипаттарының  біреуі  -  үмбетіне  деген  ғажайып 
махаббаты.  Бұл  мәселе  көркем  аятта  қандай  жақсы 
баяндалады:
«Расында 
сендерге 
іштеріңнен 
ардақты 
бір 
Пайғамбар келді. Оған сендердің қиналғандарың ауыр 
тиеді.  Сендерге  өте  ынтық,  мүминдер  үшін  жүрегі  өте 
жұмсақ, ерекше мейірімді!..» 
(Тәубе сүресі 128-аят)
Аллаһтың  Елшісінің  мүбәрәк  кісілігі,  айсбергтің  су 
үстіндегі  бөлімі  сияқты,  тек  қана  адамдық  түсінікпен 
сезіліп білінетін көріністермен адамдық мәмілелердің** 
ешбір адам жете алмайтын шоқысында тұрады. Өйткені, 
Аллаh  Тағала  Ол  мүбәрәк  құлын,  бүкіл  адамзатқа 
бір  «Усуәи  Һасәнә»,  яғни  ең  мүкәммел  бір  үлгі-өнеге 
қылып  жаратқан.  Сондықтан  Оны  қоғамдағы  әлсіздер 
мен  жарлы-жақыбайлардың  ең  төменгі  сатысы  болған 
«тұлдыр  жетімдіктен»  бастатып,  өмірдің  барлық 
кезеңдерінен  өткізіп  құдірет  пен  билік  жағындағы 
ең  жоғарғы  саты,  яғни  Пайғамбарлық  пен  ел 
басшылығына  дейін  көтерген.  Сондықтан,  адамзаттық 
жүйенің  әр  түрлі  деңгейінде  болғандар  өздері  үшін 
ең  мүкәммәл  іс-әрекеттерді,  Одан  өнеге  ала  отырып, 
өзінің шама-шарқына қарап жүзеге асыруға тырысады. 
Бұл  жағдайды  өте  жақсы  аңғарған  түрік  ұлтында, 
Оның  есімімен  аталған  адамдар  бар.  Бұл  мүбәрәк 
адамның есімін ұлылыққа балағандықтан Түрік халқы 
әскерлерге  берген  «Мехмеджік»  атымен  әр  мүмин* 
және  муваххид**  адамнан  Оның  кішкентай  көрінісін 
* Мұсылманның Аллаһқа сенімінің сипаты
* Мұсылманның Аллаһты бірлегенінің сипаты

- 48 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
көруді ойлаған. Немесе осындай бір сипаттармен өзінің 
жағдайының  тұрғысынан  кішкентай  бір  «Мехмед» 
болуға  ынталандырған.  Қазақ  халқы  да  Дінмұхаммед, 
Мұхамеджан,  Мұхамедқали  сияқты  есімдерді  Хазіреті 
Пайғамбарымыздың құрметіне, сол адам кішкене болса 
да  Хазіреті  Пайғамбарымызға  ұқсасын  деген  үмітпен 
қойған.  Бұл  үмітті  Дінмұхаммед  Ахмет  ұлы  Қонаев, 
Мұхамеджан Қаратаев сынды ағаларымыз ақтағандай.
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
Мырзамыз  адамзатқа  жол  көрсетуші  болу  мақсатымен 
өмір  сүрген  философтар  мен  басқа  да  адамдар  сияқты 
адам  баласы  ие  болуға  тиісті  ерекшеліктерді  бірте-
бірте  толықтырмай,  өмірін  бірден  құдайы  тағдыр 
және  күшейтумен  толықтырылған  кәміл  кісілікпен 
бастаған.  Ол  балалық  кезінде  де  жүріс-тұрысындағы 
кәмілдіктерімен 
келешекте 
жүктелетін 
міндетке 
лайықтылығын көрсеткен.
Ал  ақылдары  уаhимен  тәрбиеленбеген  философтар, 
осындай  жалпы  бір  міндеттері  болмағандығынан 
олардың  мінез-құлық,  әлеуметтік  татулық  және 
тыныштық  мәселелерін  ортаға  шығарған  дұрыс  немесе 
теріс  пікірлері  көбінде  кітаптарда  жазылған  күйінде 
қалып  қалған.  Жүзеге  асырылғандарының  да  өмірі 
өте  қысқа  болған.  Басқаша  айтқанда  философтардың 
адамгершіліктегі  кәмелет  үшін  айтқан  ережелері  не  өз 
өмірлерінде, не басқа адамдардың өмірінде іске аспаған. 
Ал  мінез-құлықтағы  әрекет  үшін,  іс  жүзіндегі  өлшеу 
болған Пайғамбардың іс-әрекеттері адамзат үшін ең кәміл 
үлгі өнегелер тізбегі болып табылады. Мысалы: философ 
Нисе  «Супер  хуман»  яғни  кәміл  адам  ой-пікірлерімен 
талай беттік көзқарасын баяндаған. Бірақ, бұл кәміл адам 
түсінігін өмірдегі іс-әрекеттерімен күшейте алмаған. Ол 
тек қана бір ой, көзқарас болып қалған. Ал Ислам мінез-
құлығында  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи 
уә  сәлләм)  бүкіл  адами  іс-әрекеттерінде  кәмелеттің 

- 49 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
шыңында  болған  әрекеттерімен,  бүкіл  адамзатқа  осы 
күндерге  дейін  жол  көрсетуші  болған  және  қиямет-
қайымға дейін де бола береді.
Ал  Арестотель  мінез-құлық  философиясының  бір 
топ  заңдары  мен  ерекшеліктерінің  тегін  қалағанына 
қарамастан, құдайы уаhидан алыс болғандығынан оның 
философиясына сеніп, іске асырып, бақытты болған бір 
де бір адамды көре алмаймыз. Өйткені философтардың 
жүректері ағармаған, нәпсілерін жеңе алмаған, пікірі мен 
істері уаhидың айрықша жәрдеміменен пысырылмаған. 
Сол  себептен  жасаған  жүйелері  де  ғылыми  кеңестер 
кеңселерінен  немесе  кітап  жолдарынан  сыртқа  шыға 
алмаған.
Ал Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Мырзамыз  елшілік  міндетін  бастаудан  бұрын  өзін 
халыққа  сүйдірген  және  адамгершілігімен  халықтың 
өзін  «Сен  әл-Әмин  және  әс-Садықсың»  (сенімді  және 
адалсың)  деп  айтатындай  бір  кәмілдік  ұсынған.  Және 
Ол  дінді  таратып,  жаюды  бұл  сипаттар  берілгеннен 
кейін  бастаған.  Халық  Оның  жақсы  мінез-құлығын, 
қайырымдылығын, адалдығын Пайғамбар болмай тұрып 
білген және Оны ұнатып, сүйген еді.
Оған  «әл-Әмин»  (сенімді)  лақабын  берген  қауымы 
Қағба  жөнделіп  жатқанда  «Хәжәр  әсуәдті»  (қара  тас) 
орнына  қою  мәселесіне  келісе  алмаған  кезде,  Оның 
төрелігіне қарсылықсыз разы болған.
Рахмет пайғамбарының пиретінің мүшриктер 
тарапынан қабылдануы
Пайғамбарға  бір  сәт  те  тыныштық  бермеген  қатыгез 
дұшпаны Әбу Жаһилдің:
-  Ей  Мұхаммед!  Мен  саған  сен  өтірікшісің 
демеймін. Бірақ, осы алып келген (дінге) шақыруыңды 

- 50 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қабылдамаймын…», - деп айтқаны Хазіреті Пайғамбар-
дың 
(саллаллаһу 
аләйһи 
уә 
сәлләм) 
жаһилие 
(қараңғылық,  надандық)  Арабтарын  да  сондай  бір 
дәрежеде өзіне сендіргенін көрсетеді.
Ең  азғын  деген  дұшпандары  да  Хазіреті  Пайғамбар-
дың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  хақ  болғанын 
түйсігімен  қабылдағанымен,  нәпсі-ниеттерінің  бұзық-
тығынан қабылдамаған.
Расында Көркем аятта былай деп айтылған:
«Шынында  білеміз,  күмәнсіз,  олардың  айтқандары 
сені  кейітеді.  Олар  сені  өтірікші  санап  отырған 
жоқ.  Бірақ,  ол  залымдар  ашықтан  ашық  Аллаhтың 
айтқанына қарсы келеді». 
(Әнғам сүресі 33-аят)
628  жылы  Парсыларды  жеңген  Византия  патшасы 
Хераклейс,  соғыстан  қайтып  келе  жатып  Сирияға 
тоқтаған кезінде Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи 
уә  сәлләм)ның  өзін  Исламға  түсуге  шақырған  хаты 
келеді.  Бұл  хатқа  ашуланбай,  көңіл  аударып,  әсіресе 
бұл шақырудың мазмұнын білуді қалаған
Византия  патшасы  бұл  мәселе  жөнінде  жақсырақ 
білу  үшін,  Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  жерлестерінің  біреуін  қасына  алып 
келуін  бұйырады.  Сол  кезде  Хазіреті  Пайғамбардың 
(саллаллаһу 
аләйһи 
уә 
сәлләм) 
ең 
қатыгез 
дұшпандарының біреуі болған Әбу Суфиян да меккелік 
саудагерлердің басшысы болып Сирияға келген еді. Бұл 
кез Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
мен  Құрайыш  руының  мүшриктері  (Аллаhқа  серік 
қосқандар)  арасында  келісім-шарт  болған  Хижраттың 
алтыншы жылы болатын. Хераклейстың адамдары олар-
ды  тауып,  патшаның  алдына  апарады.  Хераклейс  өз 
адамдарымен  Илияда  яғни  Бәйтул-Мақдисте*  еді.  Дәл 
сол  кезде  қасында  болған  Римдік  сыйлы  адамдармен 
* Иерусалимдегі жер аты

- 51 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
бірге  Хераклус  оларды  қабылдап,  тілмәш  келтіртеді. 
Хераклус тілмаш арқылы:
«-Пайғамбар  делінген  адамға  ең  жақын  туыс  болып 
келетін қайсысың?»-деп сұрайды.
Әбу Суфян:
«-Ең жақыны менмін»-дейді.
Хераклус Оған қарап:
«-Оны  жолдастарымен  қасыма  жақындатыңдар, 
онымен  сөйлесіп  жатқанда  жолдастары  да  қасында 
тұрсын»,-деді,  содан  кейін  тілмашқа  былай  деп 
бұйырды:
«-Мұның  жолдастарына  айт,  мен  хаттың  иесі  тура-
лы  бұл  адамға  сұрақ  қоямын,  өтірік  айтып  жатса  олар 
«өтірік айтып жатыр» - деп айтсын.»
Шынында:  «Құдай  ұрсын,  егер  өтірік  айтатынымды 
жолдастарым басқаларға өсек қылады деп ұялмасам, Ол 
туралы өтірік айтар едім», - деген Әбу Суфян, араларында 
болған сөзді былай әңгімелейді:
Бұдан  кейін  Хераклустің  маған  қойған  бірінші 
сұрағы:
«- Іштеріңде оның ата-тегі қандай?»
Мен:
«- Оның ата-тегі өте жоғары!» - деп айттым, одан кейін 
арамыздағы сұрақ-жауап былай өрбіді:
- Сіздерде бұл сөздерді одан бұрын айтқан біреу болды 
ма?
- Жоқ болмады ...
- Жеті атасында сұлтан болғаны бар ма?
- Болмаған!
-  Оған  бағынғандар  халықтың  ішіндегі  жоғарғы 
дәрежелілер ме, әлде астыңғы қабаттағы кедейлері ме?

- 52 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
- Астыңғы қабатындағы кедейлері.
-  Оған  бағынып  мойынсұнғандардың  саны  көбейіп 
бара ма, азайып бара ма?
- Көбейіп барады.
- Іштерінде Оның дініне кіріп алып артынан ұнатпай 
діннен безгендері бар ма?
- Жоқ!
- Осы пайымдауға дейін Оны өтірікші деп айыптап па 
едіңіздер ?
- Жоқ!
- Уәдесінде тұрмаған кезі болды ма?
-  Жоқ!  Ол  берген  уәдесінде  тұрады,  бірақ  қазір  біз 
Онымен біраз уақытқа келісім шарт жасадық. Бұл кезде 
не істейтінін білмейміз.
  (Кейіннен  Әбу  Суфян:  «Оны  жамандау  үшін  араға 
қосатын осыдан басқа сөз таппадым!» - дейді.)
Онымен соғыстыңдар ма?
- Ия.
- Бұл соғыстар қалай аяқталды?
-  Кейде  Ол  бізді  жеңетін,  кей  кездері  біз  Оны 
жеңетінбіз!
- Ол сендерге нені әмір етіп жатыр?
- Біздерге: «Тек қана Аллаhқа ғибадат етіңдер, еш-
бір нәрсені Оған серік қоспаңдар, аталарың құлшылық 
етіп  табынған  бұттарды  тастаңдар»  -  деп  айтады. 
Намазды,  дұрыс  жолмен  жүруді,  пәк  және  намысты 
болуды, туысқандармен қарым-қатынасты үзбеуді әмір 
етіп жатыр.
Бұдан кейін Хераклус маған былай деді:
«Оның  ата  тегін  сұрағанда,  іштерінде  өте  текті 
адамдардың  болғанын  айттың.  Пайғамбарлар  да 

- 53 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
шынында  осылай  қауымның  тектілерінің  ішінен  жібе-
ріледі.
Іштеріңде  Одан  бұрын  сондай  пайымдауда  болған 
басқалар болған-болмағанын сұрағанда, жоқ дедің. Одан 
бұрын  бұл  пайымдауда  болған  біреуі  болса,  онда  «оны 
өзіне үлгі қылып алды» - дер едім.
Жеті атасында сұлтан болғаны бар ма екен дегенімде, 
жоқ екенін айттың. Егер аталарында сұлтан болған біреу 
болса, онда «атасының мүлкін қайтарып алуға тырысып 
жатыр», - дер едім.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет