Рахмет самалы


Бұл  пайымдаудан  бұрын  Оның  өтірік  айтқанын



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата29.01.2017
өлшемі2,36 Mb.
#2966
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Бұл  пайымдаудан  бұрын  Оның  өтірік  айтқанын 
көрген-көрмегендеріңді  сұрағанымда,  жоқ  дедің.  Адам 
баласына  өтірік  айтпаған  адамның,  Аллаh  туралы  да 
өтірік айтпайтынын мен білемін.
Оған  бағынғандар  халықтың  ішіндегі  жоғарғы 
дәрежелілер  ме,  әлде  астыңғы  қабаттағы  кедейлері  ме 
екенін  сұрағанда,  төменгі  дәрежелі  кедейлері  екенін 
айттың.  Расында  ең  алғашында  Пайғамбарларға 
бағынғандар осындай адамдар.
Оған  бағынғандардың  санының  көбейіп  не  азайып 
бара  жатқанын  сұрағанда,  көбейіп  бара  жатқанын 
айттың.  Хақ  діндердің  ерекшелігі  –  тәблиғ  кәмелетке 
жеткенше  (қиямет-қайымға  дейін)  бағынғандар  көбейе 
береді.
Іштерінде  Оның  дініне  кіріп  алып  артынан  ұнатпай 
діннен  шығып  кеткендері  бар  ма  екенін  сұрағанда, 
жоқ  екенін  айттың.  Иман  арқылы  пайда  болған  көңіл 
ашылуы да жүрекке кіріп орнықса осылай болады.
Уәдесінде 
тұрмаған 
кезі 
болған-болмағанын 
сұрағанымда, 
ондай 
кезі 
болмағанын 
айттың. 
Пайғамбарлар да осылай уәделерінде тұрады.
Сендерге нені әмір етіп жатқанын сұрағанда, жалғыз-
ақ  Аллаhқа  құлшылық  етіп,  Оған  ешбір  нәрсені  серік 

- 54 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қылып  қоспауды  әмір  еткенін,  бұттарға  табынғаннан 
сақтандырғанын,  одан  басқа  намазды,  дұрыс  жолмен 
жүруді, пәк және намысты болуды әмір еткенін айттың.
Егер  осы  айтқандарың  рас  болса,  Ол  адам  осы 
аяғымның  астындағы  жерлерге  де  өте  таяу  уақытта 
ие  болады.  Шындығында  мен  бұл  Пайғамбардың 
шығатынын білуші едім, бірақ, сендердің араларыңнан 
шығады  деп  ойламаппын.  Шіркін  оған  бара  алсам, 
өзімен кездесу үшін әр түрлі қиындықтарға шыдар едім. 
Қасында болсам аяқтарын жуар едім».
Бұдан  соң  Хераклуйс  Дихия  (елші)  арқылы  Бусра 
қаласының  әкіміне  жіберіліп  өзіне  келген  Хазіреті 
Пайғамбардың  хатын  алдыртты.  Хатты  әкелген  адам 
оны Хераклейске бергеннен кейін қайтадан оқыды.
Хатта былай деп жазылған екен:
« Бисмиллаhир-рахманир-рахим,
Аллаhтың Құлы және Елшісі Мұхаммедтен Римдік-
тердің басшысы Хераклуске!
Тура жолға түскендерге сәлем болсын!
Мен  сені  Исламға  кіруге  шақырамын.  Исламды 
қабылдасаң,  сәлеметке  жетесің  әрі  Аллаh  та  саған 
сауабыңды  екі  есе  қылып  береді!  Егер  қабылдамасаң, 
(елің болған) дихандардың кінәсі сенің мойныңда».
Хатының соңында төмендегі аят жазылған екен:
«Ей, кітап иесі болған қауым! Сіздер мен біздердің 
арамыздағы  ортақ(бірдей)  бір  сөзге  келіңдер. 
Жалғыз-ақ  Аллаhқа  табынайық.  Оған  ешбір  нәрсені 
серік қоспайық. Және Аллаhты тастап бір-бірімізге 
тәңір деп табынбайық!
Егер Олар бет бұрса, дәл сол кезде: «Куә болыңдар, 
шексіз біз мұсылмандарданбыз,- деңдер!» 
(Әли Имран,64)
Әбу Суфян әңгімесін былай деп жалғастырады:

- 55 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Хераклиус 
сөйлесіп 
болғаннан 
кейін 
және 
хатын  оқып  біткеннен  кейін  оның  айналасындағы 
(Пайғамбардың  Хераклейсті  өз  дініне  шақырғанына 
намыстанған)  поптар  мен  шонжарлардың  арасында 
айқай-шу  басталып,  дауыстар  көтерілді,  мұның  үстіне 
бізді сыртқа шығарды. Жолдастарыма:
«Ибн Әби Кебшенің* ісі әбден үлкейді. Қараңдаршы 
Бәни  Асфар  Мәлики  (Хераклиус)  де  Одан  қорқып 
жатыр!»  -  деп  айттым.  Міне  сол  күннен  бері  Оның 
жақында табысқа жететіндігіне деген сенімімді ешқашан 
жоғалтпадым. Ақырында Аллаh маған да Исламды нәсіп 
етті». 
(Бұхари, Китабул-жиһад, баб 102)
Рим патшасы Хераклейстің осы сұхпат кезінде сұрап 
білген  Исламға    ынсапты  көзқарасы  болуы,  тек  қана 
өзінің ерекшеліктерінен деп ойлаймыз.
Әрине,  негізі  хақ  бір  дін  болған  және  уахданиет 
ережесіне сүйенетін сенім жүйесін қамтитын Християн-
дықтағы бұзылу, ол кездерде енді бел алып келе жатыр 
еді.  Шамамен  екі  ғасырға  созылып  келе  жатқан, 
тарихта  «иконалар  ұрысы»  деген  атпен  қалған  талас-
тартыстар  енді  ғана  аяқталып,  шіркеулер  суреттермен 
және  ескерткіштермен  тола  бастаған.  Християндық 
уахданиеттен  ұзақтап  «еқанәм-и  селасе»  делінген 
үш  тәңірі  (Әке,  ұл  және  әулие  рух)  жүйесіне  шексіз 
бағынған.  Бір  хақ  діннің  осылай  жоғалуының  табиғи 
және дәстүрлі қажеттілігінен Ислам «хақ сенушіліктің» 
жаңартылуы үшін жіберілген еді. Бұл жағдайда әлі ескі 
уахданиет  сенімін  сақтап  қалғандардың  болғаны  да 
тарихи ақиқат. Шынында да, кәпірлердің ауыр қысым 
көрсеткендеріне  шыдай  алмай  Суданға  хижрат  еткен 
сахабалармен сөйлескен ел басшысы - Нәжаши патша да, 
* Аллаһтың Елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) лақаптарының 
бірі

- 56 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
осылай ынсапты бір мәміле көрсеткен. Тіпті қолындағы 
таяқпен жерді сызып:
«Сендердің  бұл  түсіндіргендеріңіз  бен  менің  сенімім 
арасында  осы  сызықтай  да  айырмашылық  жоқ»  -  деп 
айтқан.
Өйткені  ол  да,  Христиандықтың  уахданиет  сенімін 
сақтап қалған «Ариос» мазхабынан еді.
Хераклейстың  да  осындай  сенімі  болуы  мүмкін. 
Бірақ,  иман  келтіргеніне  қарасты  тарихи  дәлел  жоқ. 
Иманның бір нәсіп мәселесі болғаны осыменен тағы бір 
рет анықталады.
Басқа  жағынан  Хераклиуске  қатысты  бұл  мәселе, 
Пайғамбардың 
(саллаллаһу 
аләйһи 
уә 
сәлләм) 
Пайғамбарлығын 
қабылдамағандардың 
да 
Оның 
дұрыстығын  және  адамгершіліктегі  кәмілдігін  қабыл-
дағанын  көрсетеді.  Ол  Мәдинаға  хижрат  еткенде 
кәпірлердің  өзіне  аманат  етіп  қалдырған  заттарын 
иелеріне  тапсыру  үшін  Хазіреті  Әлиді  Меккеде  уәкіл 
етіп қалдырған.
Ақын Кемал Едіп Күркчүоғлұ, мұнда саналған және 
саналмаған  барлық  жақсылықтарды  өзінде  жинаған 
Аллаhтың  Елшісінің  сүннетінен  алыс  қалған  ғапыл 
мұсылмандарды мына өлең жолдарымен қандай жақсы 
ескертеді:
«Илтипатыңнан алыс калғандар әттең-ай;
Екі дүниеде жетеді ғапылға зиян көріп!..»
Раббымыз  біздерді  «Оған  деген  махаббатпен  бай-
ланған лайықты үмбет» қылсын. Өйткені Ол ешкім жете 
алмайтын бір мейірімділік пен рахымның шыңы !..
Шынында да Пайғамбар олардың hидаяты (тура жол) 
үшін  бар  күшімен  талпынған,  адамдардың  оған  тас 
лақтыруына және қорлауына қарамастан оларға қайыр-
дұға еткен Хазіреті Пайғамбарға Зейд инб Харисенің:

- 57 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Ей Аллаhтың Елшісі, олар осы ауыр зұлымды сізге 
лайық көреді. Сіз әлі олар үшін дұға етіп жатырсыз ба ?» 
- деген сұрағына, Оның:
«Басқа не істей аламын, мен азап үшін емес, рахмет 
болу  үшін  жіберілдім...»  -  деп,  олардың  тура  жолға 
түсуіне дұға етуі, Оның жоғарғы дәрежедегі пидакерлік, 
опакерлік,  ақ  қөңілділік,  рахым  және  мейірімнің  көз 
жеткісіз шыңында екендігіне куә болмай ма?
Нәтижесінде,  еш  күдіксіз  Кришна  мен  Будданы 
«Аллаh»,  Исаны  (аләйһиссәләм)  «Аллаhтың  ұлы»  деп 
сипаттағандар, еш қысылмай-ақ Перғауын мен Намрұт-
ты  тәңір  деп  қабылдағандар,  хайуандар  мен  отқа,  су 
мен  ауа  сияқты  табиғат  күштеріне  де  табынған  кейбір 
бейшаралар, осындай ғажайып кісіні ұнатып, тәңір деп 
қабылдар еді.
Бірақ Ол өзін:
«Мен  де  сіздер  сияқты  бір  адаммын...  Маған  тек  қана 
уаhи келеді!..» 
(Кеhф сүресі 110-аят)
, - деп жариялаған.
Ол  иман  еткенде  айтылатын  куәлік  сөйлеміндегі 
пайғамбарлықты  қабылдап  бекіту  бөлімінің  басына 
әрқашан  «абдуһу»,  яғни  Аллаhтың  құлы  сөзін  қосып, 
үмбетінің  өткен  қауымдарда  болған  азғындыққа  түсіп 
кетпеулерін қамтамасыз етуді қалаған.
Аллаhтың  Елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм), 
әрдайым  Аллаhтың  қасында  дәрменсіз  екендігін  білетін 
еді. Бұл жайлы:
«Ешкім  де  (мен  де)  амалы  және  ғибадаты  арқылы 
жәннәтқа кіре алмайды», -деп айтқанда, Оған таң қалып:
«Сен де ме Ей Аллаhтың Елшісі?», - дегендерге:
«Ия  мен  де!  Егер  Раббымның  қайырымды
лығы 
жәрдемге  келмесе!..  (Өйткені  Оның  мейірімі,  кешірім-
ділігі,  жақсылығы  (фазлы)  мені  орамағанша,  мен  де 

- 58 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жәннәтқа  кіре  алмаймын.  Істеген  амалым,  мені  де 
құтқара  алмайды!)»,  -  деп  жауап  қайтарады. 
(Бұхари, 
Риқақ,  18;  Мүслим,  Мұнафиқун,  71-72;  Ибн  Мәжә,  Зуһд  20;  Дарими, 
Риқақ 24; Ахмәд ибн Ханбәл, 2/235)
 
Бүкіл әлемдегі адамдар мен жындар ұқсасын шығара 
алмайтын  бұл  Құран  -  Аллаhтың  құлдарына  үлкен  бір 
жақсылығы және сыйлығы.
Бұл тәблиғ қандай керемет және ғибратты, дұрыстық 
пен туралықты әкелген бір нәзіктік. Құран және сүннет 
ақиқатын  аңғара  білу,  тек  қана  Хазіреті  Мұхаммед 
(Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)нің үлгі-өнегесіне, мінез-
құлқына  және  көңіл  тереңдігіне  жақындаумен  ғана 
мүмкін болады.
Оның  негізгі  сипатын  түсіндіру  ешбір  адамның 
қолынан  келмеді.  Оның  жоғары  мінез-құлқы  және 
жаратылысы  толығымен  аңғарыла  алмады.  Ғалымдар, 
ойшылдар,  көңілдердің  сұлтаны  болған  әулиелер  және 
Жәбірейіл Оның жолында, ізінде жүруді атақ, есігінде 
қайыршы болудың өзін дәулет деп біледі.
Әлемнің Мырзасынан басқа бүкіл пайғамбарлардың 
міндеттері  белгілі  бір  уақытпен  және  жерлермен 
шектелген. Осы себепті,  бай, кәміл түрдегі әмірлер өлеңі 
олардан  бізге  дейін  жетпеген.  Ал  Хазіреті  Пайғамбар 
(Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жіберілген кезден бастап 
қиямет-қайымға дейін барлық замандар мен бүткіл жер 
жүзін жақсартуға, тура жолға шақырып, салуға міндетті 
болғандықтан,  Оның  бүкіл  мәмілесі  кішігірім  және 
жасырын  мәселелерге  дейін  шын  нақылдар  арқылы 
бізге жетіп, қиямет-қайымға дейін үзілмейтін өміршең 
тізбекте  болу  бақытына  ие  болған.  Бұның  себебі,  Оған 
арналған «ақырзаманның» бүкіл адамдарына Оның бір 
«үсуе-й һасене», яғни кәміл бір үлгі-өнеге болуын қамта-
масыз ету туралы құдайы қалаудың болуы.

- 59 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Сол  себептен  Хақ  Тағала,  Құран  Кәрімде  ешбір 
Пайғамбардың  үстіне  ант  етпесе  де,  Аллаhтың  Елшісі 
(Саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)нің  өмірі  үстіне  «Ле 
амруке» - деп ант етеді. Шейх Ғаліп бұл ерекшеліктерді 
өлең жолдарымен қандай жақсы суреттейді:
Sultan-ı rusül 
şah-ı mümeccedsіn Efendіm
Bіçarelere devlet-і sermedsіn Efendіm
Dіvan-ı іlahіde ser-amedsіn Efendіm
Men
şür-і «le-amruk»le müeyyedsіn Efendіm
(Сұлтанысың  пайғамбарлардың,  атағың  өте  жоғары 
патшасың мырзам!
Бейшараларға мәңгі дәулет пен дәрменсің мырзам!
Махшардың  үрейлі  күндерінде,  үмбетіңнің  қасын-
дағы қамқоршысысың мырзам!
Аллаhтың  «Сенің  өміріңе  ант  болсын»,  -  деп  берген 
антымен күшейтілген Пайғамбарсың мырзам!)
Sen Ahmedü Mahmüd u Muhammed’sіn Efendіm
Hakk’dan bıze sultan-ı müeyyedsіn Efendіm
(Сен Ахмед-и Махмұд-ү Мұхаммедсің мырзам.
Хақтың бізге берген Сұлтанысың мырзам.)
Расул-и  Әкрам  (
Расул-Елші,  пайғамбар;  Әкрем-керемет; 
Расул  Екрем  -  пайғамбарлардың  ішіндегі  үстемі  деген  мағынада

(Саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  мырзамыздың,  басқа 
Пайғамбарларда  болмаған  ерекшеліктерінің  біреуі: 
Құран  Кәрімде  олар:  «Ей  Адам,  Ей  Нұх,  Ей  Ибраһим, 
Ей Мұса, Ей Дәуіт, Ей Иса, Ей Зәкәрия, Ей Яхия» деген 
сияқты шақыру сөздерімен, яғни өз есімдерімен аталған 
ал  Хазіреті  Пайғамбар  (Саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
бірде-бір рет есімімен шақырылмай: «Ей Нәби, Ей Расул, 
Ей  Мүземміл,  Ей  Мүддессір»  деген  сияқты  ерекше 
сипаттармен аталған. Осымен, Аллаhтың Пайғамбарына 
көрсетілетін  құрмет  және  сақталатын  әдеп  өлшемдері 
беріліп отыр.

- 60 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Ол  үшін  дұға  етіп,  сәлеметте  болуын  тілеуді  әсте 
ұмытпа!  Ең  қорқынышты  күніңде  Оның  дәнекерлігіне 
және шапағатына мұқтаж боласың!

- 61 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
РАХМЕТ ПАЙҒАМБАРЫНЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕН МЫСАЛДАР
Әлемдегі  барлық  адамзаттың  әрі  пайғамбарлардың 
ішінде  өмірі  ұсақ-түйегіне  дейін  толығымен  жазылып, 
белгіленіп  қойылған  теқ  қана  Хазіреті  Мұхаммед 
Мұстафа  (cаллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм).  Оның  бүкіл 
істері, сөздері және сезімдері әрбір сәтіне дейін белгіленіп 
адамзат тарихына алтын әріптермен жазылған.
Өмірі  қиямет-қайымға  дейін  дүниеге  келетін 
адамзатқа  үлгі-өнеге.  Құран  Кәрімнің  Қалам  сүресінде 
Ол туралы:
«Күмәнсіз  Сен  ұлы  бір  мінез-құлықтың  иесісің!»  - 
деп баяндалған.
Ол  Құранды  тек  қана  сөзімен  үйреткен  бір  мұғалім 
емес,  бір  жағынан  Құранды  өміріне  енгізген  жанды 
өнеге еді.
Жәбірден (радиаллаһу анһу) қалған нақылда, Хазіреті 
Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Аллаh  мені  жақсы  мінез-құлықты  толықтыру 
үшін  жіберді»  (
(Муатта,  904,  Бейхаки,  әс-Сүнәнул-Кубра,  Х,  192)
  ) 
- деп айтады.
Еврей  ғалымы  Абдуллаh  ибн  Селам,  Хазіреті 
Пайғамбарды  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  ең  алғаш 
рет  көргенде,  Оның  бет-бейнесіндегі  нұры  және  терең 
мағыналылығы өзін баурап алды. Таң қалып:
«Мұндай  өңнің  иесі  өтірікші  бола  алмайды»,  -  деп, 
иман келтірді.

- 62 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Мейірімді Пайғамбарымыздың Тақуалығы 
және Нәпсісін Ағартуы
Бұрын  баяндағанымыздай  Пайғамбар  (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  бүкіл  адамзатқа  Құдайдың  бір 
сыйлығы ретіндегі кәміл бір үлгі. Әркімнің, өз бақыты 
үшін шама-шарқына қарай оған еліктеп, ізімен жүруге 
мәжбүр  болғандығы  анық.  Пайғамбардың  (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  бүткіл  өмірі  Ислам  дінін  лайықты 
түрде  жүзеге  асыру  үшін  бірден  бір  үлгі.  Бірақ  шын 
мәніндегі Пайғамбармыздың ақиқат жолынан нәсіп ала 
білу үшін назар аударатын бірнеше мәселелер бар:
1. 
Кейбір 
іс-әрекеттерді 
пайғамбарлар 
ғана, 
Құдайдан  берілген  өзгеше  бір  күш-қуаттың  арқасында 
орындайды.  Басқа  адамдар  бұл  істерді  орындауға  күш 
жеткізе  алмайды.  Негізінде,  Пайғамбар  (Саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  осындай  ерекше  жағдайлар  туралы 
жан-жағындағыларға  ескерткен.  Мысалы,  күн  сайын 
аяқтары  ісігенге  дейін  түндерді  намаз  оқумен  өткізу, 
ауыз ашпай бірнеше күн ораза ұстау және т.б. сияқты.
2.  Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  кейбір  іс-әрекеттері  өзіне  ғана  тән  болған 
бірталай  сырлар  мен  ерекшеліктер  арқылы  пайда 
болған. Мәселен, төрттен көп әйел алу (мәлімет алу үшін 
12-13 беттерге қараңыз), өзі, жанұясы және ұрпағы үшін 
зекет,  қайыр-садақа  қабылдауды  қияметке  дейін  тиып 
тастауы сияқты.
Оған  еліктеушілер  мен  ізімен  жүрушілердің  осы 
істерді орындауы немесе орындауға ниет етуі қолайсыз 
болады! Өйткені, мұндай ерекшеліктер Оған ғана тән...
Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
тән  ерекшеліктерден  пайда  болған  жағдайлар,  осы 
айтылғандармен ғана шектелмейді. «Біз - Пайғамбарлар 

- 63 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
мирас қалдырмаймыз!» - деп, несі бар, несі жоқ барлық 
мүлкін тірі кезінде таратуы сияқты мирас мәселелеріндегі 
ісі  де  басқаларға  үлгі  болмауы  керек.  Сол  сияқты 
Хазіреті Пайғамбардың (Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
«Әл-Фақру  Фахри»  -  деп,  кедейлігімен  мақтанғаны 
көпке мәлім бір ақиқат. Бұл Оның өзіндік ерекшелігіне 
байланысты жағдай, сондықтан бұл мәселені кедейлікті 
мақтап,  қызықтыру  емес,  керісінше  «берген  қол  алған 
қолдан  үстем  болады»  деген  Пайғамбардың  сөздеріне 
сәйкес  біреуге  бере  алатындай  жағдайға  адал  жолмен 
жетуге қызықтыру деп түсінуге болады.
Сол  себепті,  кедейлік  туралы  өкімдер  қызықтыру 
мақсатымен  емес,  Құдайдың  басқа  жазған  тағдырына 
разы болу, тәуекелшілдік және мойынсынуды дәріптеу 
мақсатымен айтылған.
3.  Зүhд  (дүние-мүлікке  қызықпау)  және  тақуалық 
жолымен  өмір  сүру  рухани  бай  ерекшеліктермен  және 
өзіндік қиындықтары болғанымен Хазіреті Пайғамбарға 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жақындыққа жеткізеді. 
Қауымның  әрбір  мүшесіне  «қайтсең  де  осындай  өмір 
сүр»  деген  зорлық  жоқ.  Өйткені,  бұл  әр  адамның  күш-
қуаты  мен  дарынына  байланысты  жағдай.  Сол  себепті, 
дүние  нығметтеріне  мән  бермеуді  насихаттайтын  зүһд 
және тақуалық себебімен қоғамдық өмір күштеріне зиян 
келеді, ұлттар соның арқасында өз дұшпандарынан кейін 
қалып қалады және құрып кетеді деп қауіптенбеу керек. 
Шариғат  шарттарының  мазмұнындағы  адамдарға  әмір 
етілген  динамизм  мен  өмірге  деген  ұмтылыс  осындай 
бір  қиын  жағдайларға  түсуден  сақтайды.  Бұдан  басқа, 
шариғат  өкімдері  дамуды  күнмен  өлшеп,  «кімнің  екі 
күні  бірдей  болса  ол  зиянда»  -  деп  қойған  шарты  мен 
дүние  нығметтеріне  ілтипат  етпеу,  тіпті  мүлдем  көңіл 
аудармаудың  арасында  қайшылық  жоқ.  Сондықтан 
дүниеге  қарамау,  мән  бермеу  негізінде  іс-әрекет  пен 

- 64 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
сыртқы жағдайдан емес, көңіл мен зейіннің арқасында 
болады.
Шынында Хазіреті Меулана (Құддисе Сирруһ) (
Аллаһ 
аруағын мүбәрәк қылсын
) былай дейді:
«Дүниеге  қызығу,  Аллаhтан  ғапыл  болу!  Дүние  - 
ақша, әйел, киім-кешек емеc! Мұны біл!..»
Бұл  көзқарас  бойынша,  көңіл  дүниеқұмарлықпен 
жауланбаса,  жұмсағанда  ысырап  қылмау  шартымен, 
көп  мал-мүліктің  иесі  болу  зүhд  және  тақуалыққа 
қайшы  емес.  Ал  дүниеқұмарлығы  көңілін  жаулаған 
және  сол  себепті  бұт  болу  жолында  болған  өте  аз  мал-
мүліктің  зүhдке  және  тақуалыққа  қарсы  екені  өте 
анық  аңғарылатын  ақиқат.  Пайғамбар  Сүлеймен 
(Аләйһиссәләм),  Пайғамбар  асхабынан  Хазіреті  Әбу 
Бәкір,  Хазіреті  Осман,  Хазіреті  Талха  және  Хазіреті 
Абдуррахман  ибн  Ауф  (радиаллаһу  анхум)  сияқты  бай 
болған адамдар бұған жақсы мысал болады.
Сонымен  қатар  кейбір  зүhд  және  тақуалық  көрініс-
тері  мән  бермеуден  емес,  мүмкіншілік  болмағаннан 
(кедейліктен)  болуы  мүмкін.  Бұл  жерде,  жағдайының 
жоқтығы  себебімен  қарсы  келмей,  Аллаh  Тағаланың 
берген  тағдырына  көңілден  разы  болу  бұл  мәселенің 
негізін  құрағанымен,  мұны  тура  мағынасында  ғана 
түсінбей,  бар  болса  да  жоққа  санап  өмір  сүру  тақуа-
лықтың  дұрыс  түсінілмегендігінен  болады.  Мысалы, 
Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
кейбір  күндері,  шарасы  болмаған  аштық  кездерінде 
мүбәрәк  қарнына  тас  байлағаны  сияқты  оқиғалар,  бұл 
мәселенің жақсы түсінілуіне мүмкіндік береді. Тахдис-
и нығметтің (Аллаhтың берген нығметтерін тілмен айту, 
сыртқа  көрсетіп  шүкір  ету)  әсіресе  көп  қайыр-садақа 
беру жолымен орындалуының зүhд және тақуалыққа өте 
сәйкес  келетініне  қарамастан,  мүмкіндігі  бола  тұрып, 
оны  жасыру  және  сараңдықты  тақуалық  деп  көрсету 

- 65 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
сияқты адамның өзін немесе басқаларды алдауы мүлдем 
дұрыс емес!
Бұл  өлшемдердің  көзқарасымен  зерттелген  кезде, 
Оның адамзаттың ең мүттәқисі 
(Аллаһтан көп қорыққан және 
Оған өте жақын болған құл)
 болғаны көрінеді. Ол тақуалығынан 
кедейлер сияқты өмір сүрген. Айша (радиаллаһу анһә):
«Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
өмір  бойы  арпадан  пісірілген  нанның  өзін  екі  күннің 
бірінде тоя жей алмаған»
(Бұхари, Әйман, 22; Ибн Мәжә, Әтыме, 
48)
 - деп айтқан.
Сонымен  қатар  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  адал  азық-түлікті,  зүhд  атына  бола 
өзі үшін арам қылуға тиым салған. Ол адал болған азық-
түлікті  ішіп-жейтін.  Бірақ  ешқашан  тамақты  адал  деп 
таппаса, қарыны ашып тұрса да жемейтін еді. Тіпті бір 
рет алдында кекірген бір адамға :
«Кекіргенді  қой!  Өйткені  дүниеде  көп  тойғандар, 
қиямет  күнінде  ең  ұзақ  уақыт  аш  қалатындар 
болады!»
(Тирмизи, Сифатул-Қымиаме, 37)
 - деп айтқан.
Ал басқа бір хадистерінде:
«Ешкім  асқазанындай  қауіпті  қапты  қатты 
толтырмаған. Алайда адамға аяқта тұруға жететіндей 
бірнеше  жұтым  жетеді.  Сөзсіз  көп  жеуі  керек  болса, 
асқазандарының  үштен  біреуін  жеуге,  үштен  біреуін 
ішуге,  ал  үштен  біреуін  дем  алуға  (ауамен)  бөлуі 
керек...»
(Тирмизи, Зүһд, 47; Ибн Мәже, Әтыме, 50)
 -деп бұйырып, 
тамақ жеудің орташа өлшемін көрсетіп кеткен.
Осының бәрі адам баласының ашкөздігін тізгіндеуге 
қарасты төтенше бір шаралар тізбегі.
Аллаhтың  Елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
зүhдті:
«Дүниеде заhидтік (дүние-мүлікке мән бермеушілік) 
адалды  арам  қылу,  немесе  мал-мүлікті  тастап  кету 
емес...

- 66 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Керісінше  дүниеде  заhидтік,  тек  қана  Аллаhтың 
қолында болғанға өз қолында болғанынан гөрі көп сенуің, 
басыңа  бір  пәле  жолыққанда  оның  сауабынан  және 
кейін болатын жақсылықтан шексіз үміткер болуың»
 
(Тирмизи, Зүһд, 29) 
 - деп, қандай жақсы анықтаған.
Зүhд  -  дүниеге  қатысты  асыры  талап  және  ашкөз-
дікті  кетіру,  уақытша  және  алдамшы  дүние  ләззат-
тарына  алданбау,  дүниені  жүрекке  кіргізбеу,  Аллаh 
және  Елшісінен  басқаға  мән  бермеу,  құлшылықтан 
алып  қойған  және  ақыретте  пайдасы  тимейтін  нәрсе-
лерді  тастау  мағыналарына  келіп,  сәулетті  бір  өмірмен 
көңілдің  әрі  дененің  тыныштығын  қамтамасыз  ететін 
жағдай.  Керісінше  дүние-байлыққа  көп  мән  беру  әрі 
жүректі, әрі тәнді қажытатын қайғы мен азап толы бір 
пәлекет.  Шынында  да  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм):
«Дүние-байлығына мән бермеу, жүрек пен денені (рух 
пен тән) рахатқа бөлейді, ал дүниеге қызығу қам мен 
қайғыны көбейтеді...»
(Ахмед бин Хәнбәл, Китабуз-Зүһд, 24 бет)
 - 
деген.
Басқа бір Киелі Хадисінде:
«Дүниеде  заhид  бол,  Аллаh  сені  сүйсін;  басқаның 
мүлкіне  қызықпа,  адамдар  сені  сүйсін  !..»
(Ибн  Мәжә, 
Зүһд, 1)
 - деп айтқан.
Бұл  Киелі  Хадистерден  дүниенің  қауіп-қатерлеріне 
қарсы  үгіттелген  шаралардың  басында  зүhд  тұраты-
нын  түсінуге  болады.  Расында  Хазіреті  Пайғамбар 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  азық-түлік  табылмаған 
кездерінде ораза тұтқан еді.
Киелі Хадисте:
«Не ақтың қараға, немесе бір ұлттың басқа бір ұлтқа 
үстемдігі жоқ. Yстемдік тек қана тақуада...»
(Ахмет бин 
Хәнбәл, V, 158 
- деп айтып, әрдайым зүhд және тақуалықты 
үгіттеген.

- 67 -

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет