ры келгенін еш жасырмастан
Lithuanian, Georgian, Armenian деген
сөздерді сызып тастап, орнына Russian дел жазып еді, бұл Литва,
Грузия, Армениядан келген делегация мушелерінің қатты наразы-
лықтарын туғызды. Британ шекарашылары «Картада Литва, Грузия,
Армения деген ел жоқ» дел қарсы шыққандардың аузына құм құй-
ған, алайда ол кезде картада
Russia деген ел де жоқ болатын. Егер
шекарашылар сауалнамаға
soviet дел ел атауын көрсеткенде, аза-
маттык, мәселесі көтеріліп, қақтығыс шиеленісе түсетін еді. Алайда
олар бір этникалық ұлтты екіншісіне ауыстыра салды.
Қазір әлем картасында Ресей деген ел болғандықтан,
nationality
деген жолды толтыру бұрынғыдай дау-дамай тудырмайды, десек
те мәдени турғыдан жайсыздық, келіспеушілік туғызатыны жасы-
рын емес.
Адрес сөзі де үлкен мәдени мәселелердіңтуындауына себеп бо-
луда. Бұл сөз - орыс тіліне француз тілінен енген кірме сөз
(adresse),
еуропа тілдерінің барлығында дерлік кездеседі. Бұл сөздің әр тіл-
дегі мағынасы, стильдік коннотациясы, тіпті коллокациялык, байла-
нысы да бірдей. Алайда жақында шетелдік фирмаға жұмысқа тұ-
руға келген бір қурбым қарапайым сауалнаманы толтыра алмады.
Сауалнаманың аты, тегі, мекенжайы деген жолдарын толтырып
келе жатқан
ол кенеттен қаласы, елі дегентармақтарын көріп: «Қай-
дағы қала? Қайдағы ел? Мен жаңа ғана мекенжайымды көрсеттім
ғой», - деп сасып қалады. Ағылшын тіліндегі
address сөзінің мағы-
насы орыс тіліне қарағанда тар болғандықтан, «мәдениеттер қақ-
тығысы» туындап, коммуникация жүзеге аспай қалды. Ағылшын
тілінде бул сөз баспананың орналасқан жерін: көшесін, үй нөмірін,
пәтер нөмірін білдірсе, орыс тілінде мекенжай еуропалық дәстүрге
кері тәртіппен жалпыдан жекеге қарай көрсетіледі: елі, қаласы, кө-
шесі, үй нөмірі, пәтер нөмірі. Мекенжайын орысша ойлап толтыр-
ған қурбым елі мен туратын қаласын көрсетіп қойғандықтан, абды-
рап қалған еді.
Енді әр айдың күндерін (дата) көрсетуге келейік. Бір қараған-
да күрделі ештеңе жок, сияқты. Сөздің де қажеті жоқ, санмен көр-
сетсең де жеткілікті, кей жағдайда ғана айды көрсету үшін сөзді
қолдануға болады. Бірак, осы бір аса «қарапайым» жағдайда да
мәдениеттердің өзгешелігіне орай, мәдениетаралық коммуника
ция қиындай түседі. Америкалық мәдениетте ай саны күн санынан
бұрын жазылады. Сол себепті, мәселен шетелдік фотоаппаратыңыз
фотосуретіңізде күнді 03.18.97 немесе 10.30.98 деп көрсетсе, бұл
қалай деп абдырамаңыз, фотоаппаратыңыздың жұмысы қалыпты
жағдайда. Тек бірінші ретте ол 18 наурыз 1997 жылды, екіншісінде
30 к,азан 1998 жылды көрсетіп тур. Буны уғу-оңай. Қиындық қатар
келетін екі санда 12-ге дейінгі сан болғанда туындайды: 05.06.99.
Біздің жағдайда немесе еуропалық мәдениет бойынша бұл 5 мау-
сым, ал америкалыц мәдениетке сәйкес 6 мамыр да болуы мүмкін.
Әрине, өзге мәдениетті қабылдай салу оңай емес. Қай-цайсымыз-
дың да «дурыстап көрсетсе қайтеді екен», яғни біздің мәдениетке
сай, біздегі талап бойынша деп ойлайтынымыз анық.
Достарыңызбен бөлісу: