біреу ғана болғанымен, әрқайсысының шөмелесі әрбасқа болып
шығуы сөзсіз. Тіл де суретшінің қылқаламы іспеттес кез келген құ-
былысты, қоршаған ортаны суретші көзінен, санасынан өткізбей,
кескіндей алмайды.
Әлемніңтілдегі бейнесі сол тілде сөйлейтін халықтыңұжымдык,
шығармашылығынан туындайды. Әрбір жаңа ұрпак, ана тілі арқылы
ұлттық мінез-құлық, дүниетаным, мораль және т.б. құралған мәде-
ниеттіңтолык, жиынтығын ойына сіңіреді.
Сонымен, тіл әлем мен мәдениетті бейнелеп қана қоймай, сол
тіл өкілін тұлға ретінде қалыптастырады. Ол мәдениеттің айнасы әрі
құралы, бейнелеуші ретінде енжар (пассив) қалыптастырушы ретін-
де белсенді қызмет атқарады.
Тілдің бұл цызметтері қарым-қатынас, коммуникация үдерісін-
де жүзеге асады. Тіл қызметтерін бір-бірінен ажыратып көрсету
шартты нәрсе, эвристикалық тәсіл. Кітаптың осы бөлімінің «Тіл мә-
дениетайнасы ретінде», «Тіл мәдениет құралы ретінде» деп аталуы
да шартты, шынайы жағдай, атап айтқанда, тілдің аталған рөлдері
мен қызметтерінің өзара қатынасы бұрмаланып көрсетілді.
Бұл әрекетімізден ақталу үшін кез келген нысанға, қүбылысқа
жан-жақты, терең ғылыми-зерттеу жүргізуде оған күш-қысым жаса-
лып, өзгеріске ушырайтынын тағы бір рет естеріңізге сала кетейін.
Сондықтан кез келген ғалым - зерттеу нысанын өлтіретін, өңдейтін,
құрамдас бөліктерге бөлетін, көлемін, күйін, құрамын өзгертетін
күш көрсетуші. Алайда мұның бәрі ғылымның, өркениеттің дамуы
үшін, адамзат болашағы үшін деген игі мақсатпен істелінеді.
Ғылыми, әдіснамалык, шегінісімізден кейін зерттеу жұмысымыз-
дағы белгілі бір шарттылықты айқындап алғандықтан, тілдің қор-
шаған ортаныңайнасы ретіндегі рөлін қарастыруға қайта оралайыц.
Достарыңызбен бөлісу: