89
арттыру, оның жаңаша бағыттағы жолдарын іздестіру қажеттілігі атап
көрсетілген болатын. Ана тілін - баланың жеке басын дамытудағы басты құрал
ретінде пайдаланудың тиімді жолдарын іздестіру кезек күттірмейтін мәселе деп
қарастырады. Балабақша мен отбасының қарым-қатынасы, педагогикалық
ынтымақтастық, баланы мектепке дайындау мәселесі және педагог кадрларды
даярлау мен қайта даярлауға да басым көңіл бөлу қажеттілігі айтылған.
Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңарту тұжырымдамасының ғылыми-
әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі мектепке дейінгі ұйымдар
мамандарының арасында туындайтын мәселелерді шешуге негіз болатыны және
педагогикалық саладағы жаңалықтарды әрі қуаттап, әрі таратып отыруға,
эксперименттік жұмыстарды, авторлық жұмыстарды жетілдіруге, мектепке
дейінгі ғылым мен тәжірибедегі шығармашылық ізденістердің жүзеге
асырылуына негіз болады. Мектепке дейінгі кезеңде білім беру мазмұнын
жаңарту негізінде: білім мазмұнының әрбір жас ерекшелігіне сәйкес болуы;
баланың конституциялық құқығының қорғалуы; болашақ қоғам азаматы
ретіндегі баланың денсаулығын сақтау және өмірін қорғау; гуманистік
сипаттағы білім беру; әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарау; білім беру жүйесі
деңгейлерінің бала дамуының ерекшелігі мен мектепке дайындығына
бейімділігі болуын қадағалау мәселелерін тиімді шешудің жаңа мүмкіндіктері
қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: