Монография Астана, 2010. 250 бет


Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудың қазіргі жағдайы



Pdf көрінісі
бет27/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

 
Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудың қазіргі жағдайы 
 
Қазақстандағы  мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесіне  мазмұндық  және 
ұйымдастыру жағынан да бірқатар өзгерістер енгізілуде. Мектепке дейінгі білім 
беруде отбасы мен қоғамдық сұраныстарға сәйкес баланың жас ерекшелігі мен 
дара  қабілеттілігін  ескере  отырып  мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесі  кең 
ауқымды  қызмет  көрсетеді.  Балалармен  жұмыс  істеудің  приоритетті 
бағыттарын  ұстанған  балабақшалар  ұйымдары  даму  үстінде,  мектепке  дейінгі 
ұйымдардың  жаңа  моделі  тәжірбиеге  енгізіле  бастады.  (шағын  балабақша, 
қысқа мерзімдегі шағын орталықтар, жеке меншік балабақшалар т.б), сондай-ақ, 
«мектеп-балабақшалардың»  көптеп  ашылуы  оқыту  мен  тәрбие  мазмұнын 
жаңартуды  және  оның  сабақтастығын  қалыптастыруды,  балалармен  олардың 
ата-аналарына  психологиялық  қызмет  көрсетуде  жақсы  жағдай  туғызылуда. 
Педагогикалық  қарым-қатынас  стиліде  жаңартылуда.  Атап  айтқанда:  қатал 
талап  қоюға  шектеу  жасалып,  оқыту  формалары  өзгеріп,  жаңа  инновациялық 
технологиялар  қолданыла  бастады.  Бірнеше  балама  бағдарламалар,  авторлық 
оқу-әдістемелік құралдар, оқу жоспарлары мен оқыту құралдары жылдан жылға 
жетілдіріліп,  байытылуда.  Білім  беру  тәжірибесінде  қалыптасқан  ахуалды 
талдау  қоғамның  өзгерген  әлуметтік  экономикалық  тапсырысына,  әрі  ғылым 
мен  ғылыми  техникалық  үдерістің  қазіргі  даму  деңгейіне  сәйкес  келетін, 
сондай-ақ  ұлттық  және  әлемдік  рухани-мәдени  құндылықтарды  ұштастыра 
отырып,  орта  білім  беру  жүйесін  қайта  құру  қажет  деген  қорытынды  жасауға 
ерік  береді.  Біріншіден,  үзіліссіз  білім  беру  саласының  алғашқы  сатысы 
мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесін  қайта  құру  қажеттілігін,  екіншіден, 
мектепке дейінгі ұйымдардың дамуы мен қалыптасуында тарихи жинақтаған оң 
өзгерістердің  бәрінде  кәдеге  асыруды  қамтамасыз  ететін  ғылыми-әдіснамалық 
тұжырымдамаларды,  жаңа  тұжырымдамалық  идеялар  мен  парадигмаларды 
талап етеді. 
    Мектепке  дейінгі  саты  үзіліссіз  орта  білім  беру  мен  тәрбиелеу  жүйесінде 
оның әзірлік кезеңі ретінде кіреді. Мектепке дейінгі сатыда тәрбие жұмысының 
ең  бастысы  –  баланы  жалпы  және  жан  –  жақты  дамыту  болып  табылады. 


 
93 
Баланы дамытудың негізгі тірегі білім мазмұнына тікелей байланысты болмақ. 
Бүгінгі  таңда  білім  мазмұнын  жаңартудың  көкейкестілігінің  өзі  –  мектепке 
дейінгі білім беру жүйесінде көптеген түйіні шешілмеген төмендегідей қарама - 
қайшылықтар қордаланып қалуында.  
–  қоғамды жаңғырту және демократияландыру үдерісінде әр ұлттың өзіне тән 
рухани  өмірінің  қайта  саралануы  мен  өткеннің  мәдени–тарихи  мұрасын  қайта 
өркендету мәселесінің білім мазмұнында толық ашылып берілмеуі; 
–  мектепке  дейінгі  кезеңдегі  білім  мазмұнының  жүйелілігін  және 
сабақтастығын қамтамасыз етудің білім беру сатыларында сақталмауы; 
–  білім  мазмұнын  жаңартуға  арналған  төл  туынды,  авторлық  және  балама 
бағдарламалар мен оның оқу–әдістемелік кешендерін заман талабына сай қайта 
дайындау қажеттілігі; 
–  білім  мазмұнын  жаңартуда  тәрбиеші  педагогтардың  шығармашылық 
ізденістері мен кәсіби шеберлігі және белсенділіктерінің төмендігі; 
–  білім  мазмұнын  жаңартуға  арналған  оқу–әдістемелік  кешендерінің  жас 
ерекшеліктеріне сай дайындалмауы және аздығы; 
– балалардың денсаулығын нығайтуға және жағымды эмоционалдық көңіл - күй 
туындатылу деңгейінің жеткіліксіздігі; (үш жастан он жасқа дейінгі аралықта ол 
өте төменгі деңгейде); 
– мектепке дейінгі жастағы балалардың үлкендерге сенімді қарым  – қатынасы, 
қоршаған ортаға ашық қарауы, өзін-өзі жағымды сезінуінің бұзылуы;  
–  мектепке  дейінгі  жастағы  баланың  денсаулығының  дұрыс  болмауы,   
танымдық  қызығушылығы,  шығармашылық  әлеуеті  бастауыш  сыныптарда 
жалғаспай қалу тенденциясы байқалады;  
–  баланың ынта – ықыласын арттыру мен жеке дара қабілеттерінің ескерілмеуі; 
– балаға жеке тұлға ретінде қарау білім беру үдерісі барысында үнемі ескеріле 
бермеуі; 
–  білім  беру  бағытындағы  білім,  білік,  дағдылар  өмірлік  дағды  ретінде 
қалыптастырылмауы; 
– ата-аналар мен педагогтар баланың өздігінен саналы түрде білім беру жүйесін 
таңдауына мүмкіндік бермеуі; 
– балабақшаларда жас топтарында балалар санының шектен тыс көп болуы  
оқу–тәрбие  үдерісін  ұйымдастыруда  кедергі  келтіріп,  білім  мазмұнын 
қабылдауда қиындықтар туғызуда; 
– арнайы мамандардың жеткіліксіздігі; 
– 
білім мазмұнының жеке пәндік мазмұндарға бөлшектенуі баланың тұтас 
тәжірибе жинақтауына кедергі келтіретіндігі;  
    Осы  олқылықтардың  орнын  толықтыру  мақсатында  мектепке  дейінгі 
ұйымдарда  білім  мазмұнын  жаңартудың  қажеттілігі  туындап,  оны  арнайы 
зерделеуге  ден  қойдық.  Бүгінігі  таңда  жалпы  білім  мазмұны  азаматтық 
қоғамның  жаһандану  бағытына  сай  ақпараттандыруды  қамтамасыз  ету 
деңгейіне  және  демократиялық  қоғамдағы  жеке  тұлғаны  қалыптастырудың 
талаптарынан  кейін  қалуда.  Білім  беру  саласындағы  реформалар  үдерісіне 
ілесудің төмендігі байқалады. Білім мазмұнын әр кезеңдерде модернизациялау 
барысында жаңа жеке пәндердің ендірілуіне сәйкес оқу сағаттарының санының 


 
94 
артуы,  апталық  жүктеменің  көбейтілуі  балалардың  денсаулығына  кері  әсер 
етуде.  
    Мектепке  дейінгі  кезеңде  білім  мазмұнын  жаңарту  мәселесі  білім  беру 
жүйесінің  әрбір  сатысында  соның  ішінде  мектепке  дейінгі тәрбиеде  әлі  толық 
өз шешімін тапқан жоқ. Ішінара әртарапты пікірлермен шектеліп жүйелі, бірізді 
зерттеу  нысанасына  алынбай  отыр.  Білім  мазмұнының  пәнаралық,  пәнішілік 
және  әрбір  сатыдағы  сабақтастығының  айқындалуы    бүгінгі  таңда  кезек 
күттірмейтін 
мәселе. 
Сабақтастық 
– 
ғалымдардың 
анықтауында 
(В.Н.Просвиркин)  балабақша  мен  бастауыш  мектептегі  оқу-тәрбие  үдерісінің 
барлық  әдістемелік  компоненттерінің  үйлесімділігі  және  әрбір  сатыдағы  оқу 
пәндерінің  бөлімдерінің  өзара  байланысы  сондай-ақ,  дұрыс  қарым  –  қатынас 
сақталуы деп тұжырым жасайды. Бұл тұжырымды жүзеге асырудың жолдарына 
тоқталатын болсақ, балабақша мен бастауыш сатының сабақтастығы біріншіден: 
аталған  сатыдағы  білім  берудің  өзіндік  мақсаттарының  айқындалуын,  білім 
мазмұнының бірыңғай жүйелі құрылуын, баланың тиімді дамуы  арқылы білім 
берудің келесі сатысына көшуінің қамтамасыз етілуін қарастырады. Екіншіден: 
білім  беру  жүйесінің  әрбір  әдістемелік  компоненттерінің  байланысы  мен 
үйлесімділігінің  болуын қамтамасыз ету қажет (мақсаты, міндеттері, мазмұны, 
әдіс-тәсілдері,  құралдары,  ұйымдастыру  түрлері).  Сабақтастық  сақталу  үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет