Монография Астана, 2010. 250 бет


Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет26/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері: 
Қазақстан  әлемнің  бәсекеге  ең  қабілетті  елу  елдің  қатарына  ену 
стартегиясы  мен  әлеуметтік-экономикалық  жаңартудың  жаңа  кезеңі  білім беру 
жүйесін  одан  әрі  дамыту  қажеттігін  анықтайды.  Бұл  үздіксіз  білім  беру 
жүйесінің  алғашқы  деңгейі  ретінде  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  білім  беруге 
өзгермелі  өмірге  табысты  бейімделуге  қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру 
мен  дамытуға  жағдай  жасайды.  Алдыңғы  қатарлы  ғалымдардың  көпжылдық 
зерттеулері  адам  интеллектісінің,  тұлғалық,  әлеуметтік  және  эмоционалдық 
дамуында  мектепке  дейінгі  жас  кезеңінің  маңызды  болып  табылатындығын 
дәлелдеп  берді.  Осыған  орай,  тәрбиеші-педагогтардың  білім  мазмұнын 
жаңартудың  педагогикалық,  әдістемелік  негіздері  туралы  жүйелі  түсініктерін 
қалыптастыру,  қазіргі  кезең  талаптарына  сәйкес  шығармашылықпен  еңбек  ету, 
кәсіби шеберліктерін шыңдап отыруға баса назар аудару қажеттілігі туындайды. 
Бұл  біздің  зерттеуіміздің  мақсатын  төмендегідей  айқындауға  негіз  болды. 
Тұжырымдаманың  педагогикалық  мақсаты:  білім  мазмұнын  жаңартуда  жеке 
тұлғаның  мүмкіндіктерін  ескеру  және  әлеуметтік  педагогикалық  нәтижелерге 
қол  жеткізу.  Ол  әрбір  тәрбиеленушінің  деңгейін,  қызығушылығы  мен  талап 
тілектерін,  білім  алуды  жалғастыруын  және  баланың  мектепке  дайындығын 
қамтамасыз  етуде  жаңа  білім  мазмұнын  қалыптастыру.  Әлеуметтік  мақсаты: 
білім  мазмұнын  жаңарту  Қазақстан  республикасының  әлеуметтік  дамуының 
маңызды мәселелерін шешуге және рухани, қоғамның мәдени дамуына жағдай 
жасауға,  баланың жеке басының дамуына, әлеуметтік және өмірлік дағдыларды 


 
90 
қалыптастыруды  қамтамасыз  етуде,  әлеуметтік  теңсіздікке  қарамастан 
қоғамның барлық мүшелері білім алу мүмкіндіктеріне ие болу;  
   Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудың басты мақсаттарын негізге ала 
отырып, оны жүзеге асыруда алға қойған міндеттеріміз: 
-  баланың  денсаулығын  сақтау  және  қорғау,  дене  дамуын  жетілдіру 
жұмыстарының  мазмұнын  қайта  қарау,  білім  мазмұнын  жаңарту  бағытында: 
сауықтыру-шынықтыру  шараларын,  дене  тәрбиесі  сабақтарын,  ертеңгілік 
гимнастика,  ойын-жаттығулар  мен  спорттық  ойындарды,  жалпы  санитарлық 
нормалардың  сақталуын  қадағалау,  балаларды  салауатты  өмір  салтын 
қалыптастыру құндылықтарына тарту;  
- баланың психикалық таным прцестерінің дамуын ескере отырып (сөйлеу, есте 
сақтау,  зейін,  ойлау,  ерік,  қиял  т.б)  тілдік  қарым-қатынас  мәдениетін 
қалыптастыру,  байланыстырып  сөйлеуге  үйрету,  сөздік  қорын  молайту,  тілін 
дамыту, интеллектуалдық дайындығын қамтамасыз ету; 
-  балалардың  ақыл-ойын  дамыту,  қарапайым  математикалық  түсініктер 
қалыптастыру,  көрнекі  бейнелі  ойлауын,  дүниетанымдық  көзқарастарын 
қалыптастыруға  баса  назар  аудару,  әр  баланың  эмоционалдық  көңіл-күйін 
қамтамасыз ету; 
-  эстетикалық  сезімді  ояту,  көркемдік  талғамын  қалыптастыру,  еңбекке 
тәрбиелеу, өз елінің өнерін сүйюге, көркемөнер туындыларын қабылдай білуге, 
музыка,  бейнелеу  өнері,  сәндік-қолданбалы  өнер  туындыларының  айшықты 
мәнерін сезінуге тәрбиелеу;  
-  мектепке  дейінгі  кезеңде  баланың  әлеуметтік  ортаға  бейімделуіне  жағдай 
жасау,  өзін  қоршаған  ортаға,  адамдарға,  құрбыластарына,  өзіне  деген  қарым-
қатынас мәдениетін қалыптастыру; 
-  өз  ойын  еркін  жеткізуге,  ынталылыққа,  қызығушылыққа,  қоршаған  ортамен 
таныстыру  арқылы  дүниетанымдық  көзқарасын,  шығармашылық  қабілетін 
дамыту, құрастыру, ойын әрекеті негізінде дербестікке тәрбиелеу;  
-  білім  мазмұнын  жаңартуға  арналған  жаңа  оқу  -  әдістемелік  құралдармен 
қамтамасыз ету; 
-  тәрбиеші-педагог  маманадарды  даярлау,  қайта  даярлау  және  олардың  жаңа 
білім мазмұнын қалыптастырудың құралдары мен тиімді жолдарын меңгеруіне 
жағдай жасау; 
-  меңгерілетін  білім  мазмұнының  біртіндеп  күрделенуіне  және  келесі  сатыда 
сабақтастық сақталуына баса назар аудару.  
    Жоғарыда  аталған  міндеттерге  тұжырымдаманың  негізгі  идеясы  алынды. 
Аталған білім саласына сәйкес білім мазмұнын жаңарту мәселесі төмендегідей 
тірек түсініктерге негізделді: 
мектепке дейінгі білім – ерте және мектепке дейінгі жаста балалар үшін үздіксіз 
білім  беру  жүйесінің  бірінші  деңгейі,  ол  мектепке  дейінгі  білім 
бағдарламаларының  сабақтастықта  өзара  әрекеттесу  жиынын  құрайды,  олар 
мектепке  дейінгі  ұйымдар  желісінде,  балалар  үйіндегі  мектепке  дейінгі 
топтарда  және  жетім  балалар,  ата–анасының  қарауынсыз  қалған  балалар  үшін 
мектеп  интернаттарда,  балалар  үйінде,  мектепалды  сыныптарында,  мектептен 
тыс ұйымдардағы мектепке дейінгі топтарда жүзеге асырудың жолдары; 


 
91 
мектепке  дейінгі  ұйым  –  білім    беру  ұйымы,  отбасының  балаларды  күту 
сұраныстары  мен  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мақсатында  құрылған. 
Балалардың  жалпы  мәдени,  ұлттық  құндылықтар  негізінде  үйлесімді  дамуын, 
орта жалпы білім берудің бастапқы сатысына балаларды даярлау, ата –аналарға 
өзінің еңбегі мен оқуын ары қарай жалғастыру үшін  қажетті жағдай жасайды. 
Мектепке дейінгі ұйым мектепке дейінгі жастағы бір жастан алты жасқа дейінгі 
балаларды  тәрбиелеу  оқытуды  жүзеге  асырады,  олардың  дене  бітімін  және 
психикалық денсаулығын қорғайды, шынықтырады. 
«білім беру мазмұны – жеке адамның біліктілігі мен жан - жақты дамуын 
қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі 
бойынша білімдер жүйесі»(кешені) 
білім  мазмұны  -  әлеуметтік  мәдени  феномен  ретіндегі  әлеуметтік  тәжірибенің 
бірлескен көрнісі, яғни кешенді жүйе. Осы білім мазмұны арқылы мәдениеттегі 
ұласымдылық және қоғамның әлеуметтік дамуы жүзеге асырылады. 
мектепке дейінгі білім мазмұны – жас ерекшелігіне сәйкес берілетін білім, білік, 
дағдылар  жиынтығы  және  ол  арқылы  бала    мектепке  дайындалып,  мектептегі 
білім мазмұнындағы сабақтастық сақталып, қоғамның әлеуметтік дамуы жүзеге 
асырылады. 
білім  мазмұнының  сабақтастығы  –  даму  үдерісіндегі  жаңа  мен  ескі 
арасындағы  обьективті  қажетті  байланыс;  тек  жаңаға  даярлану  емес, 
сонымен  бірге  мақсатты  ескіні  сақтау  және  дамыту,  даму  үдерісінің  негізі 
ретінде  ескі мен  жаңаның  арасындағы байланыс. Сабақтастық  –  уақыт  және 
кеңестікте жүзеге асатын үздіксіз даму шарты; 
мектепке дейінгі білім беретін жалпы бағдарлама  мектепке дейінгі тәрбие 
мен оқыту мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжат; 
Балабақша–мектепке дейінгі жастағы балаларға жұртшылық тәрбие беретін 
ұйым. 
Білім  беру  ортасы  –  білім  беру  ұйымының  өз  іс-әрекетінде  тиімді  құрал 
таңдауда  көзге  түсетін,  осы  міндеттерді  шешуге  көмектесетін,  бұл  ортаның 
балаларды  жекелік,  әлеуметтік  және  интеллектуалдық  дамуына  әсер  етуі 
арқылы  мазмұнын  бағалайтын  және  нақты  міндеттердің  шешімін  анықтайтын 
ұйымның ішкі тіршілігінің біртұтас сапалы сипаттамасы. 
Кіріктіру  –  жеке  дифференциялық  бөліктердің  және  қызмет  жүйесі 
байланысының  біріктіру  жағдайын  білдіретін,  сондай-ақ  осындай  жағдайға 
әкелетін түсінік. 
Құзыреттілік – адамның қоғамдағы тіршілік тәртібін және нормасын барабар 
орындауға  және  өз  көзқарасын  анықтауға,  пайда  болған  танымдық 
проблемаларды өз бетімен шешуге қажетті даму деңгейі. 
Мектепалды даярлық – 5-6 жастағы баланың мектепке даярлық бағдарламасын 
жүзеге  асыру  шеңберіндегі  мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесінің  міндетті 
бөлігі. 
Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  жалпы  білім  беретін  базалық 
бағдарламасы  –  мектепке  дейінгі  тәрбие  беретін  ұйымдардың,  мектепалды 
сыныптардың  тәрбиешіленулерінің  жас  және  жеке  психофизиологиялық 


 
92 
ерекшеліктеріне  сәйкес  білім  беру  мазмұнының  міндетті  минимумын 
анықтайтын нормативтік құжат. 
Үздіксіз білім беру – барлық жүйе компоненттерінің (мақсаты, міндеті, мазмұны, 
әдістері,  құралы,  тәрбиелеу  мен  оқытуды  ұйымдастыру  формасы)  бала 
дамуында  білім  берудің  әр  сатысының  байланысын  қамтамасыз  етуі,  бірлігі 
және келешегі.  
Тұжырымдама – сол немесе басқа да құбылыс барысын түсіну көзқарас жүйесі, 
бірыңғай,  түпкі  ойды  анықтайтын,  қандай  да  болмасын  шығармадағы  немесе 
ғылыми жұмыстағы бастапқы пікір. 
    Тұжырымдамада  ұсынылған  тірек  ұғымдары  мектепке  дейінгі  білім  беру 
мазмұнын  жаңартудың  қазіргі  кезеңдегі  жағдайына  сипатама  жасауда  және 
көкейкестілігін айқындауда негізге алынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет