Монография Астана, 2010. 250 бет


«Қатынас»  білім  беру.  Мақсаты



Pdf көрінісі
бет33/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

«Қатынас»  білім  беру.  Мақсаты:  ана  тілінің  базалық  құндылықтарын 
меңгерген,  мемлекеттік  және  басқа  да  тілдерде  мәдени  әлеуметтік  өзара 
қатынасқа  дайын,  айналадағылармен  вербальды  және  вербальды  емес  
құралдармен  жұмыс  істеуге  қабілетті  мектеп  жасына  дейінгі  көптілді  тұлғаны 
тәрбиелеу 
Сәбилік  шақ  (туғаннан  3  жасқа  дейін).  «Қатынас»  білім  беру  мазмұны 
коммуникативтік-тілдік құзыреттілікті  дамытуды көздейді, соның ішінде: 
-  сөйлеу тілі даму деңгейінің жас кезеңінің талаптарына сәйкестігі; 
-  қарым - қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын игеруі; 
-  сөздік қорының тез және белсенді толуы; 
-  дұрыс грамматикалық құрылымды сөйлеу тілін меңгеруі; 
-  жалпы  сөйлеу  икемділігін  көрсетуі  (сөйлеу  кезіндегі  тыныс  алу, 
темп, сөйлеу ырғағы, мақамы).  
Мектепке дейінгі кіші жас ( 3-5 жас). «Қатынас» білім беру коммуникативтік-
тілдік құзыреттілікті дамытуды көздейді, соның ішінде: 
-  байланыстырып сөйлеуі; 
-  шығармашылық  сөйлеу  әрекетінің  қарапайым  дағдыларының  іске 
асыруы; 
-  сөйлеу тілінде дыбысты жеткілікті қабылдауының деңгейі; 
-  дыбысты дұрыс айтуы.  
Мектепке дейінгі үлкен жас (5-6 жас). «Қатынас» білім беру коммуникативтік-
тілдік құзыреттілікті дамытуды көздейді, соның ішінде: 

байланыстырып сөйлеудің деңгейінің жас кезеңіне сәйкестігі; 

мазмұнды диалог пен монолог құрастыра білуі; 


 
104 

сөйлеу шығармашылығын көрсетуі;  

сөйлеу әрекетіне тән қабілетінің дамуы; 

сауат ашуға және ауызша оқи білуге дайындығы. 
«Таным»  білім  беру.  Мақсаты:  танымдық  әрекеттің  дағдыларын  игерген, 
әлемнің тұтас бейнесін түсінуге және ақпаратты өмірлік маңызды мәселелерді 
шешуде қолдануға қабілетті тұлға қалыптастыру. 
Сәбилік  шақ  (туаннан  3  жасқа  дейін).  «Таным»  білім  беру:  сенсорлы-
танымдық құзыреттілікті қалыптастыруды көзейді, соның ішінде; 
 
қоршаған ортадағы заттарды белсенді тануға ұмтылуы; 
 
заттың қызметі мен оны қолдану арасында байланыс орната білуі; 
 
табиғат құбылыстарының байланысы туралы түсінігінің болуы; 
 
өсімдіктер мен жануарларды күтудің қарапайым дағдыларын меңгеруі;  
 
сенсорлық 
эталондардың 
жүйесі 
(спектрдің 
негізгі 
түстері, 
геометриялық фигуралар) туралы қарапайым ұғымдардың қалыптасуы; 
 
заттарды  сенсорлық  белгілерін  (форма,  түс,  көлем)  қарай  топтау 
қабілеті. 
Ұсынылған  базалық  білім  мазмұны  бағыттарына  сәйкес  мектепке  дейінгі 
ұйымдар мамандары тәрбиелеу мен білім берудің әдіснамалық және әдістемелік 
негіздерін  меңгеруі,  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  тәрбиенің  мазмұны  мен, 
нысандарын, әдістерін және құралдарын жетік меңгеруі тиіс.    
Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  білім  мазмұнын  жаңартуда  нәтижеге  жетудің 
төмендегідей  әлеуметтік  –  экономикалық  шарттарын  анықтап  алу  қажеттігі 
туындады: 
- білім мазмұнын жаңарту қоғамның, әлеуметтік ортаның сұраныстарын    
  қанағаттандыратын болуы; 
-  білім мазмұнын таңдауда еркіндік, дербестік құқығының берілуі; 

мекепке  дейінгі  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  арқылы  әлемдік 
білім беру кеңістігіне кіру мүмкіндігі; 

білім  беру  мазмұнын  жаңартуға  арналған  оқу-әдістемелік 
еңбектердің дайындалуы; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет